Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы



Кіріспе
1.1. Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары
1.2. Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен
түрлері.

2.1.Тәрбие жұмысын жоспарлау. Тәрбие жұмысын жобалау процесіндегі педагогикалық және оқушылар ұжымының өзара әрекетінің әдістемесі
2.2. Оқушылардың ата.аналарымен педагогикалық өзара іс.әрекет технологиясы
Қорытынды
1. Глоссарий
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Бастауыш мектептегі тәрбие – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынастарындағы ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, өз салт-дәстүрін құрмет тұтуға баулу.
Бүгін де өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті елдер қатарынан көрініп келе жатқан біз үшін білім беру мен қатар тәрбиелеу өте қажет.
Қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесі мен мәдениеті талай халықтардың өкілдерін таң қалдырғаны тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы саяхатшылар мен зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдік этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, ұлттық наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді өмір сүргеніне қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен бейнелеу өнерінің, ауыз әдебиеті және музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таң қаларлық үлгілері туралы таңдай қаға айтып, баяндайды. Білімнің негізі – бастауышта десек, тәлім –тәрбиені қатар жүргізу өзекті мәселе.
Курстық жұмыстың мақсаты: халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастырып, жеке тұлғаны тәр¬бие¬леу.
Курстық жұмыстың міндеттері:

 Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары
 Бастауыш мектептегі тәрбие жүйелері және олардың дамуы;
 Сынып жетекшісінің іс-әрекетінің қызметі мен бағыттары;
 Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын ұйымдастыру
 әдістемесі;

4. Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектеп
5. Курстық жұмыстың зерттеу базасы - мектеп
6. Зерттеу гипотезасы
Егер бастауыш мектептегі мұғалімнің тәрбие жұмысын зерттеп, бір негіздемеге келтірсек, онда тәжірибелік әрекетте оқушылармен қарым-қатынасқа түсу қиындық туғызбайды.
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – А., 1991.
2. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгер- шілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. – Алматы, 1985.
3. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. – А., 1991.
4. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жол- дары. – А., Өнер. 1972.
5. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. // Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан, 1994.
6. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. – А., 1992.
7. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. – Шымкент, 1994.
8. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: «Дарын», 2004.
9. Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. – Алматы, 1997.
10. Әбілова З. Этнопедагогика, – А., 1997.
11. Бабаев С., Оңалбек Ж. Жалпы педагогика. Оқулық. Алматы, Заң әдебиеті, 2005.
12. Бахтиярова Г. Педагогикалық пәндерді оқытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану. Алматы 1999ж.
13. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кей- бір мәселелері. – А., 1985.
14. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі. – А., 1977.
15. Керімов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. – иА., 1990.
16. Макаренко А. Ата-аналар кітабы. – А., 1985.
17. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Авторы: Сейіт Кенжеахметұлы. Алматы 2006ж.
18. «Қазақстан мектебі» журналы. №6, 2005 жыл.
19. «Қазақстан мектебі» журналы. №3, 2007 жыл.
20. «Қазақстан мектебі» журналы. №4, 2008 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Педагогика пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы

Ғылыми аппарат

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Бастауыш мектептегі тәрбие - қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынастарындағы ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, өз салт-дәстүрін құрмет тұтуға баулу.
Бүгін де өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті елдер қатарынан көрініп келе жатқан біз үшін білім беру мен қатар тәрбиелеу өте қажет.
Қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесі мен мәдениеті талай халықтардың өкілдерін таң қалдырғаны тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы саяхатшылар мен зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдік этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, ұлттық наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді өмір сүргеніне қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен бейнелеу өнерінің, ауыз әдебиеті және музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таң қаларлық үлгілері туралы таңдай қаға айтып, баяндайды. Білімнің негізі - бастауышта десек, тәлім - тәрбиені қатар жүргізу өзекті мәселе.
Курстық жұмыстың мақсаты: халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастырып, жеке тұлғаны тәр - бие - леу.
Курстық жұмыстың міндеттері:

Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары
Бастауыш мектептегі тәрбие жүйелері және олардың дамуы;
Сынып жетекшісінің іс-әрекетінің қызметі мен бағыттары;
Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын ұйымдастыру
әдістемесі;

4. Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектеп
5. Курстық жұмыстың зерттеу базасы - мектеп
6. Зерттеу гипотезасы
Егер бастауыш мектептегі мұғалімнің тәрбие жұмысын зерттеп, бір негіздемеге келтірсек, онда тәжірибелік әрекетте оқушылармен қарым-қатынасқа түсу қиындық туғызбайды.

Кіріспе

Мектептегі әр мұғалім балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен қатар оларды тәрбиелейді. Яғни, мектептегі барлық педагогикалық қызметкерлер тәрбиелеу қызметін атқарады. Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет: Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Теория ұғымы грек тілінде зерттеймін деген түсінікті береді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні, мақсаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі.
Тәрбие- күрделі әрі ұзақ процес.Тәрбие педагогикалық әрекетте
Мәдени құбылыс ;
Педагогикалық ықпал ету ;
Балалардың әрекетін ұйымдастыру ;
Қарым ұатынас құралы ретінде жан-жақты қарастырылады.
Тәрбие теориясы - тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері, ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды.
Тәрбие методикасы немесе әдістемесі - тәрбие процесін оның мақсат-міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы болып есептелінеді.
Тәрбие мақсаты дегеніміз не ?
Мақсат - бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс қимылды бағыттап, реттеп отырады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді. [3;17]
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады.
Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді дейді халқымыз. Жерге отырғызылған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп , жапырағы жайқалып , саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез - құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу-халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту.
Тәрбие -біз кімдерді тәрбиелейміз , солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие бізге мәлім адамгершілік әдет ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі Л.Н. Толстой.
Тәрбие кең мағынасында бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс В.А. Сухомлинский .
Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.Ал, енді адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі М.Жұмабаев.
Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре біліуге, өзін қоршаған ортамен қарым қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбие процесі деп қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл ойын, сана сезімін, ерік жігерін, мінез құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз. [5;25]
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс.Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарыи отырады. Ал, қоғам дегеніміз адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.
Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ер жеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса,ейінгі уақытта ол өзін өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Тәрбие әдістері тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады.Тәрбие әдістеріне берілген әр түрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда :
Жеке басқа ықпал ету құралы;
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;
Тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;
Тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз.
Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету, жағымды мінез құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.
Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз .
Г.И. Шукинаның Педагогика оқулығында тәрбие әдістерін:
Жеке адамның санасын қалыптастыру ;
Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру , іс әрекетті ұйымдастыру ;
Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру деп жіктесе, В.А. Сластенин бойынша оған қосымша:
Мінез құлық , іс әрекетке бақылау жасау , өзін өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне өзі баға беру әдістері деп те қарастырады.
Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев , Н.Г. Гончарев , Ф.Ф. Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру , жаттығу , мадақтау және жазалау деп қарастырады.
Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме , әңгімелесу , лекция , пікірталас , өнеге жатады.
Әңгімеде тақырыптың мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақтылы фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет.
Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын , қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қорытындылар жасапу қажеттігі туындайды.
Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда лекция тәсілі де қолданылады. [8;4]
Тәрбие әдістерінің келесі бір түрі пікірталас тәсілі.Ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес , керісінше қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы , дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді.
Ереже ұсынғанша өнеге ұсын демекші сендіру әдістерін қолданғанда балаға шектен тыс мораль айтудан аулақ болған жөн. Оның санасы мен мінез құлқын қалыптастыруда өзін қоршаған ортаның ықпалы зор. Бұл орайда өнеге жеке бастың үлгісі негізінде тәрбиелеудің маңызы ерекше.
Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру, іс әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісі.Бұл топтағы әдістерге талап қою, жаттықтыру, тәжірибелік жағдай туғызу, тапсырма беру жатады.
Мінез құлық пен іс-әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістері.
Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары.
Кез келген тәрбие әдістерін таңдау:
Нақтылы сынып жағдайына;
Баланың жас және дара ерекшелігіне;
Оқушылар ұжымының қалыптасу дәрежесіне;
Тәрбиешілердің педагогикалық әдетімен балаларды қаншалықты жақсы білуі және білім дәрежесіне;
Бала әрекетінің сапасына байланысты болып келеді
Сондықтан да тәрбиешілер тарапынан әдістерді таңдау және оларды қолдануда аса жауапкершілікті қажет етеді.
1. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтері:
Кіріктіруші;
Реттеуші;
Дамытушы;
Кіріктіруші қызметі бұрын бөлек-салақ, стихиялы сипаттағы келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп біріктіруге қол жеткізеді. Реттеуші қызметі педагогикалық үрдістерді реттеугу, оларды басқаруға бағытталады. Дамытушы қызметі бір шетінен оның қызмет етуін оңтайландырудағы екінші жағында дамуында, жаңаруында, жетілдіруіндегі жуйе динамикасын қамтамасыз етеді. Соңғы жылдардағы педагогикалық бақылаулар мектептің тәрбиелік жүйесінің өміріміздің объективті шындығы туғызған жаңа қызметтері бар екенін корсетуге мүмкіндік берді. Олар:
Қорғау;
Түзету;
Теңестіру;
Кез-келген мектептің тәрбиелік жүйесі ең алдымен педагогикалық ұжым ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтиды. Егер жоқ болса онда жүйе де жоқ. Өкінішке орай жаңадан құрылған жүйелердің авторлары, оны қалай жасайтынын айтады да, ал оны не үшін жасайтыны туралы ештеме демейді. Мақсаттар жүйенің сипатын анықтайды және жүзеге асырады. Автормен бірге жүйені педагогтар, оқушылар, ата- аналар, мәдени мекемелер, құқықтық басқа да мектеп өміріне қатысты тұлғалар құрады. Сондықтан осы адамдардың барлығы да жүйені тудырушылар болып есептеледі, олар мектептің тәрбиелік ұжымымен қоян-қолтық бірлесіп әрекет еткенде ғана тәрбиелік жүйенің өзегіне айналады.
Қазіргі жағдайда ғалымдар тәрбие үрдісінің тиімділігін көтеруді тәрбиелік жүйе құрумен байланыстырады, сонымен бірге онда шешуші рөл директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына беріледі.Тәрбие жүйесін басқару, дамыту, қалыптастыру теориясы оның тиімді екеніне көз жеткізуде.
Біріншіден, жүйелі амалды пайдаланғанда тәрбиелік әрекет субъектілерінің ықпалының кіріктірілуі, педагогикалық үрдіс құрауыштарының өзара байланысы бекиді. Бұл маңызды, себебі, оқушы тұлғасының толық дамуын тек тұтас тәрбиелік үрдіс қана қамтамасыз ете алады.
Екіншіден, мектеп ұжымы игерген әлеуметтік және табиғи ортаны қамтыған тәрбиелік жүйені құру, тұлғаға деген тәрбиелік ықпал мүмкіндігінің ауқымын кеңейтеді.
Үшіншіден, тәрбиелік жуйе құру әр жақты дамыған толыққанды тұлға тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның күшін және уақытын үнемдейді. Әрекет пен қарым - қатынасты құру тұлғағ ықпал ететін барлық дәстүрлік амалдардың тиімділігін арттырып, шығын аз талап етіледі. Өйткені жаңа жағдайда немесе үйренбеген қалыпта жұмыс істегеннен гөрі дәстүрлі амалмен әрекет ету жеңілдеу болады. Сондықтан жүйе құру барысында белгелі бір дәстүрдің қалыптасуына жете мән беру керек.Олар жүйеге орнықтылық беріп, ғұмырын ұзартады. [2;10]
Төртіншіден, тәрбиелік жүйеде оқушы, мұғалім, ата- ана тұлғасы өзін-өзі іске асыруы және өзіне-өзі сенім артуы үшін арнайы жағдай туғызылады әрі моделденеді. Бұл олардың шығармышылық және басты қабілеттерінің анықталуына және өсуіне зор ықпал етеді. Сондай-ақ ұжымда гуманистік іскерлік қарым - қатынастар орнауына жоол ашады. Педагогикалық жүйені және мектептің тәрбиелік жүйесін өзгерту, жетілдірудің бірден-бір шарты ретінде ұжыммен бірге қабылданған мектептің даму тұжырымдамасы есептеледі. Педагогикалық жүйе секілді тәрбиелік жүйенің де басқарылатынын, оны басқару функцияларының алуан түрлі екенін есте сақтауымыз керек. Демек, бүгінгі таңда білім беру мекемелері әрекетінің сапасын арттырып, деңгейін көтеру мақсатында тәрбиелік жүйе құру қажет және аса маңызды әрі пайдалы.

1.1. Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары

Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті- оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Мектеп құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып- сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым- қатынасытың алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.
Олай болса, оқушылар ұжымы деп- ортақ әлуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу болмайды. Бұлар бір- бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді. [9;17]
Саналы тәртіп - мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат- өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.
Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет- білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз- оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыруда ғы білімі мен қабілеті.
Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтпастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.
Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар- ұжымның ұйытқысы. [11;6]
Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.
Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге , өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын айқындайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.
Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор.Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін- өзі тәрбиелеуі маңызды. Өзін- өзі тәрбиелеу - баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.
Оқушылардың өзін - өзі басқаруы - олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін-өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процес.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы-қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:
оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;
дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;
сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;
ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп, және қоғамдық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы.
Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін- өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:
өзіміз шараны ойластырамыз;
өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз;
өзіміз қорытынды жасаймыз қағидаларын жатқызуға болады.
А. С. Макаренконың көзқарасынша Өзін - өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес. Олай болса, өзін- өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.
Өзін- өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:
Сынып жағдайында өзін - өзі басқару оқу, еңбек, көпшілік- мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды. [13;25]
Мектеп оқушыларының өзін - өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін - өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін- өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады. Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында Парламент түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөнінідегі орынбасары жетекшілік етеді.
Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комисссиялардың бағытына байланысты шамамен- 7 оқушы), кеңесші мұғалімдер- 5, ата- аналар- 2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді.
Мектеп және оқушылар өмірін басқарудың мұндай жүйесі қоғамды демократия жолмен басқарудың негізін қалайды, соған сәйкес оқушыларды тәрбиелейді.
Бүгінде оқушылардың өзін - өзі басқаруды дамытуда белсенділерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араластыруына, әрбір оқушының әлеуметтану процесіне қатысуына жағдай туғызу керек. Әрине, негізгісі оларды осындай етіп міндетті түрде тәрбиелеу керек.
Оқушылар ұжымындағы өзін - өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады:
Әрекеттің мақсатын анықтау.
Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау) .
Басқару мәселесін қою (идея ұсыну).
Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе бір нұсқасын таңдау).
Шешімді қабылдау( жобаны бағалау).
Шешімді жүзеге асыру (әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).
Ұжым болып нәтижесін қорытындылау (өздерінің мүмкіншілігін бағалау).
Өзін - өзі басқару процесінің қозғаушы күші- ондағы мотивтің болуы. Сондықтан, өзін- өзі басқарудың жоғарыда әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылы ықпал етуі тиіс.
Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат- оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан- жақты қалыптасуын және күш- жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстың мәні- оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін- өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.
Жеке оқушымен жұмыс барысында мұғалімдермен оған қатысты асқан сезімділікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты, ілтипаттылықты, ықыластықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін мынадай жағдайларды ескеруі тиіс:
Бала жанын жақсы түсіну. Яғни, оның сезімін, көңіл- күйін , ықыласын, тілегін, қажеттілігін. Себебі, бала үшін барлық мәселе маңызды.
Баланың таңдау еркіндігін қолдау. Сынып жетекшісі белгілі бір әрекеттің нәтижесіне қол жеткізуде тек өзімнің айтқаным ғана болады деген көзқараста емес, баланың көзқарасымен санасып, оның таңдау еркін қолдап отыруы тиіс.
Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы атқаратын қызметі- баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу.
Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл бағытта баланың өте күрделі, қиын- қыстау жағдайында тұрақты қолдау көрсетуді қажет етеді: көп балалы және табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, оралман отбасына т.с.с.
Іс - әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Ол- адамның түрлі қасиеттеріне, мақсатын мен міндеті, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.
Олай болса, балалардың және жас жеткіншектердің дамуында маңызды фактор- құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым- қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады,әлуметтік мінез- құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын- тұлғаны дамытудың
маңызды факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7- 18 деп қарастырылған.
Жастар қозғалысына назар аударсақ, ол- дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Қайсы бір қозғалысы болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді. [19;33]
Қазіргі кездегі балалар қозғалысы жаңа жағдайға байланысты принциптік тұрғыдан өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда ерікті, өзін- өзі басқаратын қоғамдық негізде жұмыс істеуде. Әрине, бұл тұрғысында мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанымен де, өз әрекеттері барысында олар әлеуметтік жеке мәртебеге ие болуда. Соған сәйкес, балалар мен жас жеткіншектердің өз қалауы бойынша ұйымдастырылып жатқан бірлестіктерінің мақсаттары- олардың өмір сүріп отырған қоғамның азаматы болып қалыптасуына жағдай тудыру, ол үшін олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.
Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткінщектер қозғалысын 20 ғасырдың бастапқы кезеңінде скауттер деген атпен тұңғыш рет дүниеге келеді. Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Баден- Поуэелл болды.
Скаутизм ағылшын тілінде SCOT , яғни барлаушы деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізгі мақсат- балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.
Ал 19 мамыр 1922 жылы КСРО-да пионерлер ұйымы құрылды. Оның алдына қойған мақсаты- жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу болды.
Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қажет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға- олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады. Олар 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеп келеді. Олардың қызметі негізінен 3 бағыты қамтиды:
Дамытушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік, шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді.
Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.
Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудырыды көздейді.

1.2. Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен
түрлері.

Сынып жетекшісінің бірінші міндеті жұмыс мазмұнына байланысты. Бір мақсатқа ұмтылған, ынтымақты оқушылар коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі бөлім болып табылады. Коллективті топтастыру жұмысы актив арқылы, түрлі комиссияларды, штабтарды құру арқылы және коллективті түрде, жұмылып атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Оқушыларды топтастыра отырып, сынып жетекшісі оқу-тәрбие міндеттерін шешуге жақсы жағдай жасайды. Сынып жетекшісі тек өзінің беделімен ғана емес сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдарымен де оқушыларға ықпал жасайды.
Балалар коллективін құру мен топтастыру - мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер коллектив құрылса кез келген тәрбие міндеттерін шешу әлде қайда жеңіл болады. Оқушылар коллективін тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері әр оқушының жеке басын қалыптастырады. Сынып жетекшісі оқушылардың өз әрекеттілігі мен инициативасына сүйенеді. Тәрбиеші беделі қаншама жоғары болса да, ол әрбір дұрыс ұйыммдастырылған коллективтің ықпалын ауыстыра алмайды. Табысты тәрбие жұмысынсыз коллективті топтастыру мүмкін емес. Тек коллектив арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке, көзқарастарына ықпал етеді. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан коллективтің әсерімен оқушылар саяси, адамгершілік және мәдени жағынан өседі. [20;9]
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналардың барлық жұртшылықты қатыстырады.
Мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып жетекшінің ата-аналармен байланысының басты формасы сыныптың ата-аналар жиналысы. Жиналысты көптеген мәселелер қаралады, мысалы, күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі - педагогикалардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: Оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Сынып жетекшінің ата-аналармен ынтымақтастығының тағы бір формасы - педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру. Педагогикада жан-жақты үйлесімді дамыған, адамды тек коллективте ғана тәрбиелеуге болады дейді. Баланың жеке басы тек коллективте ғана соншалықты толық және жан-жақты дами алады. Коллектив баланың өзіндік
ерекшелігін жойып жібермейтіндігі, қайта тәрбиенің сапасына, оның мазмұнына ықпал жасайды.

Ұжым - тәрбие жұмысының ең баты формасы дұрыс тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі, мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылады. Ұжымдағы тәрбиенің негізгі принциптерінің бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік қатынастарды бейнелейді.
Тәрбиенің теориялық жеке адамның қалыптасуы, ең алдымен, ол қызметте және басқа адамдармен араласу процесіндегі қатынастарға байланысты дегенді басшылыққа алады. Мектептегі алғашқы ұжымның негізгі түрі - сынып ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, сыныптан тыс үйірмелер, спорт коллективтері. [6;12]
Бастауыш ұжымның ерекшелігі - ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас. Жалпы мектептік ұжымда оқушылардың тікелей қарым-қатынаста болуы әрқашан мүмкін бола бермейді. Кейде олар бір-бірін білмейді де. Педагогикалық ұжымның мектеп оқушыларына тәрбие ықпалы, оқушының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы сынып жетекшісі арқылы жүргізіледі. Бұл ықпалдың тиімділігі көбіне сыныптың топтасқандығына, онда ұжымдық қызметті ұйымдастыруға байланысты. Оқу жылының басынан сынып жетекшісі сынып өміріне араласып, оның белсенді мүшесіне айналуы, әсіресе ұжымды құруды алғашқы көздерінде оқушылармен бірге көбірек болуы қажет. Сонда ғана ол сыныптың жұмысына жақсы бағыт беріп, оны басқара алады, ал оқушылар оны ең жақын адамы санайтын болады.
Ұжымды ұйымдастыру жұмыстарын оқушыларын жасып, дамуы мен тәрбиелік дәрежесін есепке алып, олардың белсенділігін және осы сынып үшін тән бірқатар басқа жағдайларды ескере отырып жүргізу керек. Тек осы жағдайда ғана оқушыларды мақсатты ұжымға топтастыруға, оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға болады.
Ұжымдық істі ұйымдастыруда (оқу ісін тиімді ұйымдастыру, өнімді еңбекпен қоғамдық жұмысқа қатыстыру, түрлі қоғамдық тапсырмалар, ұжымдық ойын-сауықтарды ұйымдастыру т.б.):
- белсенділер тобын айқындау және тәрбиелеу;
- оқушылар алдына қызықты перспективалар қою;
- сыныпта жағымды дәстүрлерді қалыптастыру;
- оқушыларға қойылатын талаптардың бірлігі жүзеге асырылады.
Білімнің жоғары дәрежесі - оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың ең маңызды көрсеткіші. Сынып жетекшісі оқушылардың білім сапасын көтеруге қамқорлық көрсетеді, оқушылардың оқуға деген
ынтасын арттырып нашар оқуда бермеуге әрекет жасайды. Сынып жетекшісінің жұмысы туралы методикалық нұсқау мектеп оқушыларының таным ынтасын, мүмкіндіктерін дамыту, әр оқушының психологиялық ерекшелікерін ескере отырып, мамандықты таңдату, балалардың денсаулығын қорғауға қамқорлық сынып жетекшісінің маңызды қызметі ретінде анықталған. Ал соның ішінде аталған міндетті жүзеге асыру тек педагогикалық ұжымның ғана емес, сонымен қатар сынып жетекшілерінің де күш-жігеріне негізделуі тиіс. Білімге деген құштарлықты және сүйіспеншілікті оятуда, оқу сапасын арттыруды қамтамасыз етуде сынып жетекшісі көп нәрсе істей алады. Оның күнделікті назары, талабы және барысын бақылауды - үлгерімді арттырудың маңыздың шарты.
- Оқу процесінде саналы жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Білімнің сапасы көбінесе оқуға деген ниетке, оқуға деген ниетке, оқуға көзқарасқа, ынта талпынысқа, шыдамдылыққа, зейін қоюшылыққа, белсенділікке, инициативаға, дербестікке, білуге құмарлыққа байланысты. Осы қасиеттерді қалыптастыру, оқу еңбегінің қоғамдық мәнін түсіндіру сынып жетекшісінің жұмысында үлкен орын алуға тиісті. Ол оқушыларда білімді қажетсіну сезімін тудыруға, білімді практикада қолдана білу шеберлігін қалыптастыруға, оқудың болашағын ашып беруге тырысады. [7;25]
- Сабақта үлгермеушілікті туғызатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Тәрбиенің оқу процесінен ерекшелігі
Құзыреттілік теориясы
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Пәндер