Драмалық шығармаларды оқыту


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмысыТақырыбы: Драмалық шығармаларды оқыту
Ғылыми аппарат
1. Курстық жұмыстың өзектілігі:
Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері - оқушылардың әдеби тілін жетілдіру, оқырмандық мәдениетін дамыту, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға жол салу. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары, тиімді әдістерін қарастыру.
2. Зерттеудің мақсаты: орта буын сыныптарда оқылатын драмалық шығармалармен танысу, шығарма мәтінін оқып, өзіндік ерекшеліктерін тану;
- Қаламгер шығармашылығымен танысып, мектеп бағдарламасына енгізіліп отырған драмалық шығармаларды анықтау;
- Мектеп бағдарламасына енгізілген драмалық шығармалардың қаламгер шығармашылығындағы орын, маңызын айқындау;
- Драмалық шығарманың көтерген тақырыбы мен идеясын, образдар жүйесін танып, талдау;
3. Зерттеу міндеттері:
- драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктер
- драмалық шығармаларды оқытудың дидактикалық, әдістемелік мақсат-міндеттері
- орта буын сыныптарда драмалық шығармаларды оқыту
жолдары
- практика жүзінде драмалық шығармаларды оқыту жолдарын ұсыну
4. Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектеп
5. Курстық жұмыстың зерттеу базасы - №107 мектеп
6. Зерттеу гипотезасы
Егер драмалық шығармалардың оқытудың тиімді әдістері мен жолдарын ұсынатын болсақ, онда мектеп оқушысының байында әдебиет пен өнерге деген құштарлықтарын оятып, шығарманың мазмұндылығын түсіндіре аламыз.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. 1 Драмалық шығармалардың өзіндік
ерекшеліктері . . . 5
а) драмалық шығармалардың өзіндік ұғымдары;
ә) драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің зерттелуі.
І. 2 Драмалық шығармаларды оқытудың дидактикалық, әдістемелік мақсат-міндеттері . . . 12
ІІ. 1 Орта буын сыныптарда драмалық шығармаларды оқыту
жолдары . . .
ІІ. 2. Д. Исабековтің «Әпке» драмасын оқыту . . .
ІІ. 3. Әдебиеттің тарихи курсын оқитын сыныптарда драмалық
шығармаларды оқыту ерекшеліктері: Ғ. Мүсірепов «Аманкелді . . .
ІІ. 3. Драмалық шығармалар мәтінімен жасалатын жұмыстар
Қорытынды . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері - оқушылардың әдеби тілін жетілдіру, оқырмандық мәдениетін дамыту, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға жол салу. Мұндай мақсаттар әдебиетті оқыту барысында оқушылардың жан-дүниесіне әсер ете алатын әдістерді қолдану нәтижесінде ғана орындалады. Проза, поэзия, драматургия қайсысы болсын ең бастысы туындының көркемдік болмысын оқушыға таныта алатын жақсы әдістер жүйесін қолдану арқылы ғана оқушының дамуы туралы айта аламыз.
Бағдарламада берілген драмалық шығармаларды оқи отырып, оқушылар тарихи-әдеби процестер туралы біліп, әдебиет теориясынан білім алады. Осы арада бағдарламада берілген драмалық туындының оқытылуы құрғақ, формалдық жолмен оқытылып кетпеуін қатаң қадағалау арқылы ғана әдістеменің тиімділігі танылады. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің міндеті - оқушыларға теориялық, тарихи-әдеби білім беру, өнердің бір саласы ретінде драмалық шығармалардың ерекшелігін таныту, адам характерін сомдаудағы мүмкіндіктерін таныту және сол білімді өз бетімен ала алатындай әдістерді үйрету.
Мектеп бағдарламасында берілетін драмалық шығармалардың барлығына ортақ негізгі мәселелерді қатыстыра отырып, әрбір шығарманың өзінің көркемдік - сюжеттік құрылымына байланысты да әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдерді жүйелеуді міндет етіп отырған драматургияны оқыту әдістемесі қазіргі білім берудегі бастан кешіріліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді де молынан бойына сіңіруі тиіс. Сол арқылы ғана драмалық шығармаларды оқытудың сапасы жетіліп, оқушыларға білім беру мен биік идеялды тәрбие беру міндеті жүзеге асырылмақшы.
Эпостық және лирикалық шығармалармен бірге көркем әдебиеттің күрделі бір түп-саласы болған драмада да жалпы әдебиет заңдылықарына бағынады. Сондықтан да драмалық шығармаларды мектепте оқыту принципі де эпос, лириканы оқытудың әдіс-тәсілдерімен сабақтас болып келеді. Бірақ драманы оқытудың өзіндік ерекшеліктері, өзіндік сипаттары бар. Бұл оның жанрлық табиғатына байланысты.
Диплом жұмысының мақсаты - мектепте оқылатын драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін танытып, оқушыны көркем өнердің бір түрі, сахна өнері туралы ұғым түсініктерін қалыптастыру. Мектепте оқылатын драмалық шығармаларды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру.
І. 1. Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктері.
Орта білім беретін мектептерде әдебиет сабағынан берілетін мәтін түрлері әр алуан болып келеді. Эпикалық шығармалар, лирикалық шығармалармен қатар драмалық шығармалар да оқытылады. Драмалық шығармалар да басқа жанрдағы шығармалар сияқты әдебиет заңдылықтарына бағынады. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту принциптері эпикалық, лирикалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдерімен сабақтас келеді. Дегенмен драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері де болады.
Драма - әдебиеттің үлкен бір жанры. Ол өзінің қоғамдағы орны мен жазылу формасы арқылы эпостық және лирикалық шығармалардан дараланады. Драма бір жағынан әдебиет туындысы болса, екінші жағынан ол театр өнеріне негіз болады. Мектепте драмалық шығарманы оқытқанда оның осы екі жақтылығын ескеру керек.
Драма мазмұнына қарай үш түрге бөлінеді: комедия, драма, трагедия. Драмалық шығармаларда автор өмір болмыстарын көркем типтік жағдайларда тартыс үстінде көрсетіп, белгілі бір идеяны ұсынады. Драманың басты нысаны - адам, оның қоғамдағы орны, іс-әрекеті, жеке басының қасиеті, ізгілікке ұмтылуы, күресі. Театр өнерінің дамуына байланысты драмалық шығармалардың түрлері дами түсуде (оперетта, водовиль, либеретто т. б. )
Драма мәтіні тек кейіпкерлердің сөзінен тұрады. Диолог, монолог түрінде жазылады. Драма шығармасы сахнаға ойналғанда “пьеса” немесе “спектакль” деп аталады. Пьеса өз ретінде афишадан, акті, сурет, көріністерден тұрады, уақытпен шектеледі. Мұнда авторлық баяндаулар, суреттеулер болмайды. Кейде автор өз тарапынан оқиғаға, не декорацияға, не кейіпкерлерге қатысты сілтеме түсінік келтіреді. Бұл сілтемелер “ремарка” делінеді және жақшаға алып жазылады.
Драма - қазақ әдебиеттінің кейіндеп дамыған саласы. Сондықтан қазақ әдебиетін оқытуда оның әдістемесі дамымай келеді. Бұған тағы бір себеп мектеп қабырғасында оқытылатын драмалық шығармалардың аздығы және оны оқытудағы теориялық тіректің жоқтығына да байланысты. Орта буын сыныптарда драмалық шығармалардан Д. Исабековтің “Әпке” драмасы оқытылады. ХІ сыныпта Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, М. Әуезовтің “Еңлік - Кебек”, Ш. Мұртаза “Бесеудің хаты” т. б.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша жазылған ғылыми еңбектер мен зерттеулерде драмалық шығармаларды оқыту жайлы көп айтыла бермейді. Аталған шығармалардың сахнаға арналып жазылатын ерекшелігі оны мектепте оқып талдауда белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін. Бірақ қалай дегенде де, бұл туындылар мектепте оқыту мақсаты үшін оны талдау, игерту жолдары мен әдістері де тиімділік жағынан зерттелуі керек.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымында драмалық шығармаларды оқыту жолдарын қарастырған әдіскер-мұғалімдер мен әдіскер ғалымдар санаулы. Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын қарастырып, әдістемелік құрал жазған - Сайлау Дүкенбаев. С. Х. Дүкенбаевтың “Мектепте драмалық шығармаларды оқыту” атты оқу әдістемелік көмекші құралы 1985 жылы “Мектеп” баспасынан жарияланған(1) .
“Драмалық шығармаларды оқыту” тақырыбында кандидаттық дисертация жазылды(2) . (Рыскүл Байділдақызы Бораш, 2006) .
Солай бола тұра драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі әлі де көп қарастыруды, зерттеуді қажет ететін тың тақырып болып есептеледі.
Драмалық шығарманы мектепте талдауда мұғалім алдында бірнеше мәселе тұрады. Бұл мәселелер драманың тақырыбы мен идеясына, сюжеті мен композициясына, кейіпкерлер мен әрекеттерге, тіліне, сахналық қойылымына т. б. қатысты.
Драмалық шығарманы талдау мәтінмен жұмыс істеу арқылы іске асады. Қашан да басты назар драманың тіліне аударылады. Тілдің қолданылу аясы, - адамдардың сөйлесуі - диолог. Диолог - тіл болмысы. Сондықтан оған үңілу шығарманың сырын ашады. Драма тілі кейіпкердің жай ғана сөйлеуі емес, автордың мақсатты түрде саралап салған сөздері болып есептеледі. Демек, драма тілі - көркем тіл. Әлемге әйгілі драматургтер Шекспир, Молер тілі шынайылығымен, дәлдігімен, ойнақылығымен, уытты-өткірлігімен ерекшеленеді. Драмада адамдар тілі іс-әрекеттер арқылы бейнеленеді. Олардың бар болмысы, сөйлеуі, киімі, жүріс-тұрысы, кейпі, мінезі - көруші назарында болды.
Эпикалық тек пен лирикалық тектің жанрларында танылатын кейіпкерлердің болмысынан драмалық кейіпкер болмысы өзгеше. Себебі драмалық кейіпкер нақты іс-әрекетімен жанды қимылда көрінеді. Сахнадағы рөлді сомдаушы актердің бет бейнесінде, іс-әрекетінде, сөйлеуінде жанды кейіпте көрінеді, танылады. Драмалық шығарманы оқып қабылдау мен оны нақты сахналық қойылымда көріп қабылдаудың айырмашылығы болады. Оқушы үшін тиімдісі сахналық қойылымды көріп тамашалау. Себебі мектепте оқылатын драмалық шығармалардың барлығы дерлік сахналанған. Дегенмен сахналық қойылымды көрсету мүмкіндіктері үнемі бола бермейді. Сондықтан драмалық шығарманы оқытқанда ролге бөіп оқыту, мүмкіндігінше, оқушылардың шама-шарқынша сахналату, рөлмен оқыту аса маңызды. Бұл дайындық төменгі сыныптарда қалыптастырылуы керек.
Бастауыш және орта буын сыныптарда оқытылатын шағын ертегі, мысал, әңгімелерге инсинировка жасау, рөлмен оқу, рөлдік ойындар жүргізу т. б. жұмыс түрлері - драмалық шығармаларды танып-білудің алғашқы бастамасы болып есептеледі.
Оқушылардың театрдан, сахнадан көрген түрлі қойылымдары олардың драма табиғатын тани түсуіне көмектеседі. Оқушылардың драмалық туындыларды оқып үйренуін күшейтуде мектептегі драма үйірмесінің тигізер әсері мол.
Бастауыш сыныптарда драмалық шығармалар оқытылмайды, бірақ С. Желдербаева (3) мұнда рөлге бөліп оқытылатын басқа жанрлардағы шығармалардың молдығын атап өтеді. Мәселен, І. Жансүгіровтің бастауыш сынытарда «Шәркей», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б шығармаларын оқытылады. Осы шығармаларды оқыту барысында рөлмен оқыту арқылы, сондай-ақ кейіпкерлердің іс-әрекетін баяндату арқылы оқушыларға кейіпкердің іс-қимылын бақылатуға болады. Ендеше, мұндай қарапайым оқиғалы шығармаларды келешекте драмалық шығармаларды оқытуға дайындық түрінде жүргізуге мүмкіндік мол.
Бастауыш сыныптар мен орта буын сыныптарға оқытылатын мысал жанрындағы шығармалармен инсинировка жаздыру, оқушылардың өздеріне ойнатып көрсету көптеген шығармашылық жұмыстардың тууына жәрдемдеседі. Мәселен, И. А. Крыловтан Абай аударған мысал өлеңдер сюжетінің жеңілдігі мен композициялық құрылымының қарапайымдылығы жағынан төменгі сыныптардың өзіне инсинировка жаздыруға қолайлы шығармалар болып табылады. Бұл ретте “Шегіртке мен құмырсқа”, “Қарға мен түлкі”, “Емен мен шілік”, “Есек пен бұлбұл”, “Піл мен қанден”; А. Байтұрсынұлының “Егіннің бастары”, “Қартайған арыстан”, “Қайыршы мен қыдыр” сияқты мысал өлеңдеріне инсинировка жасатуға болады. Бастауыш сыныптарда инсинировканы қарапайым бір-екі оқиға төңірегінде
жасата отырып, оқушылардың өздеріне сахналық декарация мен рөлдік костюмдердің көмегімен рөлмен ойнатып көру оқушы қызығушылығын тудырады. Драмалық шығармалардың ерекшелігін тануға көмектеседі. Ал орта буын сыныптарда драмалық шығармалардға тартыстың мазмұнын бірнеше түрде өзгерте отырып ойнату, салыстырту драма жанрын терең түсіндіруге мүмкіндік туғызады. Меселен, бір шығарманы бірнеше топқа тапсыра отырып, тартыстың мазмұнына қарай комедия жанрында, трагедия, драма жанрында ойнату, салыстырту аса қызықты да тиімді нәтиже көрсетеді.
Инсцинировка, киносценарий құрастыру оқушылардың көркем мәтінді терең әрі шығармашылық жолмен түсінуіне игі ықпалын тигізеді. Сонымен қатар кино, сахна өнеріне деген қызығушылығын да арттырады. Оны төменгі сыныптарда да, жоғары сыныптарда да орындатуға болады. Сынып ерекшелігіне қарай орындататаны жұмыс мазмұны да түрлі дәрежеде болып келеді. Төменгі сыныптарда мұғалім ондай жұмыстарды қалай орындаудың үлгісін өзі көрсетеді. Кинодан үзінді көрсету, оның құрылымды\ң элементтерін талдату, оқыға желісін саралату аса маңызды. Киносценарий, инсцинировкалар жасату. Сондай-ақ көркем мәтінді ыждаһатпен, оймен оқуға, көркем мәтінді көз алдына келтіріп, бейнелі түрде қабылдауына әсерін тигізіді. Киносценарий құрастыру үшін бір оқиға, бір көріністі ғана таңдап алуға болады. Шағын шығармаларды тұтастай алуға да болады.
Киносценарийлер мына үлгіде жасалады.
Инсцинировкалар негізгі бір оқиға айналасында құрастырылады. Ол үшін оның эпизодтары назарға алынады. Өздері құрастырылған инсцинировкалар мәтіні бойынша оқушылар оны сахнаға әзірлейді. Кейде инсцинировкалы сабақ өтеді. Инсцинировкада кейіркер сөздеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ең маңыздысы шығармада ерекше орын алатындарын теріп алуға болады.
Балалардың театрдан, клубтан көрген түрлі спектакль, қойылымдары олардың драма табиғатын тани түсуіне көмектеседі. Оқушылардың драмалық туындыларды оқып үйренуін күшейтуде мектептегі драма үйірмесінің де тигізер көмегі аз емес. Айталық, мектеп сахнасында И. А. Крыловтың “Құмырсқа мен шегіртке “ мысалына инсценировка жасау- оқушылар үшін қызықты шығармашылық іс әрі танымдық маңызы үлкен нәрсе. Мұндағы рөльдер: құмырсқа, шегіртке және автор. Бұларды көрсету (ойнау) үшін құмырсқа мен шегіртке арнаулы костюм тігіледі, сахнаға декорация жасалады, оқиғаға лайықтап алынған музыка ойналып тұрады. Жеңілтек шегіртке мен еңбекқор құмырсқаның іс-әрекеті балалар үшін әсерлі де тартымды. Бар оқиға автордың тұжырымына, идеясына (Еңбек етпеген - ішіп- жемейді) жауап болады. Міне, осындай жұмыстарда балалар инсценировканың сырт көрінісіне (костюм, ойнау т. б. ) ғана алданып қалмай, солардың бәрі не үшін істеліп, автордың қандай ой-ниетін көрсетуге қызмет етіп тұрғандығын түсінеді, одан рухани әсер алады.
Драмалық шығармаларды оқыту орта буын сыныптарда басталып, жоғары сыныптарда міндетті оқу бағдарламаларына сәйкес жалғастырыла жүргізіледі. Драмалық шығармаларды оқыту мен талдау жұмысы оқу пәніне және оның әдістемелік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Әдістемелік талаптар пәннің ерекшелігі мен оқытылатын шығарма ерекшеліктері негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алғанда драмалық шығарманың басты ерекшеліктерінің бірі - оның диологты әрекетке құрылуы, театр сахнасында көрсетуге дайықталып жазылатындығы.
Драмалық көркем тіл негізінен кейіпкерлер сөзінен тұрады. Оқиға кейіпкерлер сөзімен өрбіп, әрекетке айналып жатады. К. С. Станиславский сахнада “сөйлеу дегеніміз әрекет ету” дейді(4) . Өйткені пьеса кейіпкері өз ойын тек сөйлеумен ғана емес, үндемеу арқылы да аңғарта алады. Іштей сөйлеу, үзіліс жасау, ым, ишара, қимыл - осының бәрі қосыла келе драма ерекшелігін құрайды. Онда дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері де шешуші рөл атқарады. Сондықтан драмалық шығарманы сыныпта дауыстап оқу да талдаудың алғашқы және басты кезеңі болып саналады. Дауыстап оқу драмалық оқиғаны, характерді, олардың арасындағы қақтығысты оқушының көз алдына әкеледі. Онсыз шығарма идеясын ашу, шығармадағы тартысты ұғыну мүмкін емес. Сол себепті драманы өнер туындысы ретінде терең түсіну де қиындық туғызады.
Әдіскер-мұғалім Т. С. Запалованың “Уроки литературы и театр” атты еңбегінде драмалық шығарманы оқудың бірнеше түрін атап көрсетеді (5) :
- Мұғалімнің оқуы;
- Рөлмен оқу;
- Оқушының жекелеген сценаны оқуы.
Автор мұғалім күрделі драмалық шығарманы өзі оқығанда, оқушылар пьесаның идеялық көркемдік бітімін тұтас қабылдайды, ал бұл талдау үшін жеңілдік туғызады дейді. Әйтсе де, бұлардың ішінде рөлмен оқу кең тараған. Зерттеушілір драманы бірден рөлмен оқудың онша тиімділік көрсете бермейтінін айтады. Өйткені рөлмен оқығанда оқушылар назар мен күшті оқу техникасына ғана салады да, пьесаның “үні” көмескі қалады.
Мектеп практикасында автор көрсетіп отырған оқудың үшінші түрі - жеке көріністі оқу сирек кездеседі. Дегенмен оқудың бұл түрінің пайдасы мол. Оқушылар жеке көріністі оқуға даярланған, ондағы характерді, оқиғаны, тартысты түсінуге күш салады. Сондықтан бұл оқушы білімін анықтауға кызмет етеді. Сондай-ақ көріністегі оқиғаның жалпы оқиғамен байланысын, композициялық мәнін бағалау үшін де пайдалы. Рөлмен оқу мәтіннің қысқаша мазмұны анықталып, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, ішкі дүниесі т. б. жағдайлар анықталғаннан кейін жүргізілсе өз нәтижесін береді. Бұл мұғалімнің оқушыларды күні бұрын даярлауының нәтижесінде жүзеге асады.
І. 2. Драмалық шығармаларды оқытудың дидактикалық, әдістемелік мақсат-міндеттері
Драмалық шығармаларды оқытудың дидактикалық мақсат, міндеттерін айқындау осы тектес шығармаларды оқыту жолдарын саналы түрде ұйымдатыруға жол ашады.
Драмалық шығарманы оқыту әдістемесі жайлы әдіскерлердің көбі шығарманың сыныпта оқылғанын құптайды. Әрине шығарманың көлеміне қарай жекелеген бөліктерін оқуға да болады.
Пьесаны сыныпта оқу ұжымдық еңбек болып саналады. Оқушылардың кейіпкерлерді оқу үстінде елестетуі - психологиялық акт. Сондықтан мұғалім елестету актісіне қиял қосқаны тиімді. Драма мәтінінде кейіпкер портреті болмайды. Дәл прозалық шығармалардағыдай кейіпкер портреті болмағанымен, афишада кейіпкердің жасы, ерекшелігі, қызметі, киімі, мінезі т. с. с. сілтемелер беріледі. Сондықтан кейіпкерді елестетідің өзі шығармашылықты, типтік характерлерді білуді қажет етеді. Кейіпкерді елестетет алғаноқушы оның тіл мәнерін де ескере алады.
Сыныпта оқылмас бұрын сол шығарма жайлы шағын кіріспе әңгіме, пікірлесу өткізіледі. Мұғалім пьеса жайлы тұжырымды анықтама беруі керек. Шығарманың тақырыбы, жазылу уақыты, тарихи фоны, құрылысы, әдебиеттегі және тетрдағы орны туралы мәлімет береді. Сол шығрманы қойушы режиссерлер мен кейіпкерді сомдаған сахна шеберлері туралы да дерек берген орынды.
Бастауыш және орта буын сыныптарда шағын ертегі, мысал, әңгімелерге инсценеровка жасау, рөльмен оқу, ойнау т. б. сияқты жұмыстар-драмалық шығарманы танып білудің бастамасы. Ал мектеп практикасында мұндай тәжірибелер жиі кездеседі. Әдебиет мұғалімі осыларға мән беріп, оларды көлемді драмалық шығармаларды оқытуға кірісер алдындағы даярлық жұмыстар ретінде бағалап, ескергені жөн.
Драмалық шығармамен таныстық орта буын сыныптардан басталса, жоғарғы сыныптарда ол міндетті оқу программасына сәйкес одан әрі жалғастырылып, енді оқу мен талдау жұмысы оқу пәніне және оның әдістемелік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Белгілі бір пәнді оқыту әдістемесі сол пәндермен ұқсастық және айырмашылық жақтарымен анықталатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда драмалық шығарманың басты ерекшелегі деп оның диологты әрәкетке құрылуын айту керек.
Көлемі жағынан да драмалық туындылар көбіне шағын әрі өзара шамалас болып келеді.
Мұғалім күрделі драмалық шығарманы өзі оқығанда, оқушылар пьесаның идеялық-көркемдік бітімін тұтас қабылдайды, ал бұл талдау үшін жеңілдік тудырады дейді. Әйтсе де, бұлардың ішінде рольмен оқу кең тараған. Зерттеушілер драманы бірден рольмен оқудың онша тиімді бола бермейтінін айтады. Өйткені рольмен оқығанда оқушылар күшті оқу техникасына ғана салады да, пьесаның «үні» көмескі болып қалады.
Практикада оқудың үшінші түрі - жеке көріністі оқу сирек кездеседі. Сөйтсе де, оқудың бұл түрінің пайдасы көп. Оқушы жеке көріністі оқуға даярланған, ондағы характерлерді, оқиғаны, тартысты түсінуге күш салады. Сондықтан да бұл оқушы білімін анықтауға қызмет етеді. Сондай-ақ көріністегі оқиғаның жалпы оқиғамен байланысын, композициялық мәнін бағалау үшін де пайдалы. Аталмыш еңбекте бұл мәселе дұрыс атап көрсетілген.
Әрине, оқуға алдын-ала арнайы дайындық жүргізілсе, оқылатын мәтіннің қысқаша мазмұны, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, ішкі дүниесі т. б. жағдайлар анықталса, рольмен оқу әрі мәнді, әрі тиімді болатыны рас. Әдетте, мұндай оқу үшін мұғалім күні бұрын 5-6 оқушыны (мәтіндегі кейіпкерлерге орай) арнайы даярлайды.
Бұл арада басын ашып алатын мәселе мынау: қалай болғанда да пьесаны сыныпта міндетті саналу керек: Әрине, сынып - театр сахнасы, оқушылардың рөлмен оқуы театр актерлерінің сахнадағы ойнауы емес. Драманы мектепте оқып үйренуді театрландыру деп ұқпау керек. Екеуі екі басқа дүние. Сыныпта оқуда ым-ишара, қол, бет-ауыз, қимыл әрекеттері т. б. қатыспайды десе де болады.
Оқушылар пьесаны оқығанда текстегі ой мен әрекет логикасын түсініп отырулары қажет. Рөлмен оқушылардың интонациялары тыңдаушыларға әсер ететіндей болуы тиіс. Сыныптағы оқу кейіпкер рөліне енуді көздемейді. Оқушы оқып отырған мәтінмен байланысты кейіпкерлер мен іс-оқиғаға өз қатысын білдіріп отырса жеткілікті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz