Өсімдік майларын өңдеуші кәсіпорындардың міндеттерін жан-жақты сараптай отырып, олардың өнімдерінің бәсекелік қабілеттерін арттыру тетіктерін негіздеу және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау


Кіріспе
Әлемдік өсімдік майлары өндірісіндегі ғылыми-техникалық өзгерістер, тұтынупіылардың тамақ мәзіріндегі тұтыну талғамдары мен тамақ өнеркәсібі саласындағы өсімдік майларын тұтынушы кәсіпорындардың жаңа талаптары олардың осы ерекшелікгерін ескеруді, мүмкіндігінше талаптарын қанағаттандыруды және әрдайым өзгеріске дайын болуын қалайды.
Еліміздегі ендірістік көсіпорындар әлемдік өзгерістерден тысқары қалмауы керек. Өзінің өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыруға мүдделі кез келген кәсіпорын жаңа заман қажеттіліктерін, шетелдік ұқсас өнім шығарушы кәсіпорындардың тауарлық стратегияларын, өнім өткізу әдістеріи жөне оны қолдану мүмкіндіктерін, түтынушылардың талғамын анықтау жолдарын басты назарда ұстағаны абзал.
Осы орайда өсімдік, өсімдік майларыөнімдердің бәсекелік қабілетін артыру бойынша негіздеудің маңызы да жетіле түспек. Бұл ерекшеліктер зерттеу сараптаулар мен талдауларды, тиімді және маңызды факторларды, аталған тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен пайымдаулырды ғылыми тақырыбының өзектілігін айқындайды және оның ғылыми-тәжірибелік құндылығын арттырады.
Курстық жұмыстың мақсаты өсімдік майларын өңдеуші кәсіпорындардың міндеттерін жан-жақты сараптай отырып, олардың өнімдерінің бәсекелік қабілеттерін арттыру тетіктерін негіздеу және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:
- өнімнің бәсеке қабілетіне қатысты анықтамаларды зерттеу әне олардың мазмұнын ашу;
- нарық жағдайында бәсекелік қабілетке ықпал ететін факторларды анықтау және олардың әсер ету деңгейін бағамдау;
- өнімнің бәсекелік қабілетін тұтынушылық көзқарас негізінде бағалау әдістемесін дайындау;
- бәсекеге қабілеті өнімді қалыптастырудың маңызды тетіктерін айқындау;
- ҚР өсімдік майлары нарығының дамуын экономикалық бағалау және май өңдеуші кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерін өзара салыстырмалы түрде талдау;
- Ішкі нарықтағы отандық және шетелдік өсімдік майлары өнімдерінің бәсекелік қабілет деңгейлерін бағалау;
- өнімнің сапалық қасиеттерін жақсарту, кәсіпорынның баға саясатын, маркетингтік жүйесін жетілдіру және өндірісті мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша өсімдік майлары өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру бағыттарын және олардың шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеу обьектісіне Қазақстан Республикасындағы өсімдік майларын өңдеуші кәсіпорындар жатады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізіне отандық және шетелдік ғалым-экономистердің бәсекелік қабілетті арттыру аясындағы ақыл-ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканы реттеу мен өркендетуге бағытталған заңдары мен нормативтік -құқықтық құжаттары зертелді және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистикалық агентігінеің және жергілікті Статистика басқармасының мәліметтері өсімдік майларын өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың есептік мәліметтері, өсімдік майарын өңдеумен айналысатын кәсіпорынындардың есептік мәліметтері, тұтынушылардың анкеталық сұрау нәтижесінде алынған ақпараттар, май өңдеуші кәсіпорын дүкендерінің және көтерме-блшек сауда орындарының мәліметтері пайдаланылды. Курстық жұмыста экономика-статистикалық және жалпы ғылими зерттеу әдістері: салыстыру, маркетингтік талдау, сараптамалық бағалау, топтау және басқа да түрлері қолданылды.
1 Экономикалық өсудің факторы ретінде бәсекелік теорияның негіздері
1. 1 Өнімнің бәсекеге қабілеттігі туралы түсінік
Өнімнің бәсекеге қабілетігі туралы көптеген ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген еді. Отандық ғалымдардың пікірінше, өнімнің бәсекеге қабілетігі бұл - өнімнің бәсекеліс өндірушілердің ұқсас өнімдермен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттермен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оны қажетілікті өтеу құндылығымен ерекшеленеді.
Өнімнің бәсекеге қабілетігі бірнеше маңызды қасиеттерге ие. Олар:
1. Бәсеке қабілетік салыстырмалы шама, яғни ұқсас өнімдермен салыстыру немесе теңестіру арқылы анықталады;
2. Ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді. Өнімнің өмірлік және де басқада жағдайларға белгілі бір деңгейде тәелділік қалыптасады;
3. Әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір өнімнің бәсеке қабілетігіне өзінше әсер етеді. Сондықтан да ол құбылмалы немесе ауыспалы сипатқа ие болады;
4. Бәсекеге қабілетілік нақты өнімнің белгілі бір түріне нарықта ғылыми-техникалық прогресстің даму деңгейіне байланысты болады.
Тауарлардың бәсекеге жарамдылығының көрсеткіштері.
Нарыктық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің үйлесу өндіруші мен тұтынушының мұдделерінің сақталуы нег ізінде тауарлар жэне тұтынушылар талабының сипатамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сайкестігін бәсекенің жарамдылыгы деп атайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік берегін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипатамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажын толық сәйкес келетін тауарды сатып алады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылыық оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар - бәсекелестер ерекшеленеді.
Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына қысқша тоқталайық.
Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі - бұл тауарды түтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай фромуламен анықталады;
Қ = Б, + Шт (1)
Мұндағы, Қ, . - тұтыну бағасы Б, - сатылу бағасы
Ш т - бұл онімді түтынушылардың шығындары (онын барлық нормативтік мерзім ішіндегі
қызметі)
Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бөсекелес тауарға карағанда жоғарылау болатын болса.
Үшінші тәсіл. Бүл тәсіл техникалық деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негізделген.
Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай техникалык, солай экономикалың параметрге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техниқалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қанағаттандыратынды таңдайды.
Қорыта айтқанда, біздің республикада өткізіліп жатққан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылық жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпінін және деңгейін арттыруға еріксіз түрде көндіруге болады.
1. 2 Өнімнің бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар.
Өнімнің бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар обьективті, субьективті, эндрогенді және экзогенді болып бөлінеді.
Обьективті факторлар - өндірушіге тікелей (сапа деңгейі немесе жарнама) сатылған өнімге қызмет көрсету жанама түрде байланысты болады.
Субьективті факторлар - өндірушілерге байланысыз, яғни психологиялық және жеке тұлғалық факторлар жатады. Мысалы: тұтынушылардың ұстанымы, салты тағыда сол сияқтылар.
Экзогенді факторлар - әлемдік фактордың мемлекеттік тауарлар нарығынның қажетіліктерін және тауарға деген сұранысты анықтайды.
Эндрогенді факторлар- өндіріс кәсіпорының мүмкіндіктерін сипатайды және өнімнің техникалық-экономикалық деңгейіне ықпал етеді.
Сапалық факторларға қазіргі қолданыстағы стандарттар, нормалар аңықтайтын өнімнің сапа көрсеткіштері, өнімнің қауіпсіздігі, ұзақ мерзімді сақталуы тағы да сол сияқтылары жатады. Бұл жерде өнім сапасын басқару жүйесіннің дамуын былайша түсіндіреді.
Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда cапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын (шикізаттар материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары , өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және се-бептерін белгілеу кіреді.
Өнім мен кәсіпорының бәсекеге қабілетігі ұқсас болғанымен, мағыналары жағыннан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері келесілер:
1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір қысқа уақыт аралығында анықталса кәсіпорынның қабілеттілігі салыстырмалы түрде ұзақ болады.
2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі тұтынушының әсеріне тікелей байланысты, ал бәсекенің тиімділігі кәсіпорының иесінің өзі анықтап қажет болған жағдайда өндірістік өткізу қызметіне стратегияларды енгізе алады.
3. Кәсіпорын бірнеше өнім шығару өндіріске байланыссыз, өндірістің басқа түрлерімен айналасуы мүмкін (қаржылық, делдалдық және т. б. ) . Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігі барлық өнімнің қабілетілігіне және қызмет түріне байланысты.
4. Өнімнің бәсекелік қабілетігін кәсіпорының бәсекеге қабілетілігі анықтайды. Өнімнің бәсекеге қабілетігін баға төмендету арқылы қамтамасыз етуі мүмкін, алайда осы өнімді өндіруге кеткен шығын толық жабылмай табыс таппау мүмкін. Мұндай жағдайда қаржылық бәсекелік қабілетті төмендейді.
1. 3. Өнімнің бәсекеге қабілеттігін бағалау
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау бүгінгі күні өндіруші үшін де, түтынушы үшін де маңызды. Өйткені шығарылған өнімдерінің өткізу нарғында бөсекелес өнімдерден артықшылығын немесе кемшілігін анықтау, сол арқылы өндірістік стратегиясын белгілеу өндірушіге; сатып алатын өнімінің осы тектес өнімдерден қүндылығын айкындау, сол өнімнің мейлінше тиімділігін бағалау түтынушыға қажет.
Өнімнің бәсекелік қабілетті оның құрамындагы заттармен, сапасымен, берікгігімен, адам өміріне қауіпсіздігімен және сол сияқты көптеген жағдайлармен бағаланады. Өндіруші өз өнімінің бәсекелік қабілетін бағалағанда түтынушы тарапынан қойылатын талаптарды ескеруі қажет. Бәсекеге қабілеттігі өнімге белгілі қасиетгер сай болады. Өндіруші тұтынушылар талабына қоса өткізілетін нарықтағы бәсекенің үстемдігін де ескеруі шарт. Бұған қоса, өз өнімінің сапасы белгіленген стандарттар мен нормаларга сәйкестігін бақылауы керек.
Бүгінгі таңда өнімнің бәсекелік қабілеттін бағалаудың көптеген әдістері мен оларды жүргізу жолдары қалыптасқан. Жалпы, өнімнің бәсекелік қабілетін анықтау әдістерінен әр сала өнімдерін бірдей тиімділікпен анықтайтын әмбебап үлгісін жасау өте киын. Себебі әр сала өнімдерінің өзіндік дайындалу ерекшеліктері бар, соған сәйкес олардың қүндылықтары да өзгешеленеді.
Курстық жұмыстың талдауына негіз болып отырған өсімдік майлары тамақ өнімдеріне жатады, ол өз кезегінде адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау ең алдымен оның сапалық құрамына тәуелді. Бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылыгы оның бәсекелік қабілетінің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауга негізделеді. Ішкі нарықтағы өсімдік майлары өнімдерінің бәсекелік ортасы, сондай-ақ сыртқы тасымалдаушылардың бәсекелік ортаға әсері өндірушілерді баға саясатын дүрыс жүргізуге итермелейді.
Кесте 1 - Сапа көрсеткіштерінің салыстырмалы маңыздылық коэффиценттерін анықтау.
Сапа көрсеткіштері
Сараптаудың балдық бағасы
Өнделу деңгейі
10
9
10
8
8
10
7
9
9
Дәмі
7
8
8
8
9
6
8
7
7
Көпіршіктенуі
8
7
6
7
8
8
9
7
7
Иісі
6
7
5
8
8
5
8
6
7
Тусі
6
5
6
5
4
6
5
5
4
Сіңімділігі
5
5
4
4
3
6
3
6
4
Сақталу мерзімі
5
4
4
3
6
3
3
4
5
Нәтижесіңце алынған мәліметтер үш көрсеткіш бойынша (ТД, СД және баға) үлгілі өнім мен бағаланған өнімді салыстырып, олардың бәсекелік қабілет деңгейін анықтауға ықпал етеді. Бұл жерде ескерте кететін бір жайт, аталған әдіс тек екі өнімнің ғана бір-бірімен салыстыру арқылы олардың бәсекелік қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
Ұсынылатын әдістің негізі өнімнің жоғарыда аталған үш жақты құндылығын (бағасы, сапасы, тартымдылығы) қатар ескеруге бағытталған. Бұл әдістің көмегімен өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың сипаты мына формуламен бейнеленеді:
БҚ = С / Б х Т (2)
мүндағы БҚ - өнімнің бәсекелік қабілет деңгейі;
С - өнімнің сапалық қасиеттерінің деңгейі, балдық жүйемен;
Б - өнімнің нарықтық бағасы;
Т - өнімнің тартымдылық қасиеттері, баддық жүйе бойынша.
Елімізде тұтынылатын өсімдік майларының сапалық көрсеткіші жағынан әлі де болса шетелдік өнімдерге сұраныстың басым екендігі байқалады. Бағаланған өнімдердің арасынан украиналық "Олейна" майы сапалық көрсеткіштерінің деңгейі бойынша тұтынушылар тарапынан ең жоғары балды (9, 64) иемденді. Екінші және үшінші орындарға "ІdеаІ" (9, 26) және "Опа" (9, 01) сауда белгісшдегі майлар шықты. Көпшілікке бүрыннан таныс болып қалған бүл майлар өздерінің сапалық қасиеттері жағынан да тұтынушылар тарапынан үлкен сүранысқа ие.
Өңделу деңгейлері, иісі және көпіршіктену қасиеттері бойынша "Доня" және "Майя" майлары түтынушылар тарапынан төмен балмен бағаланып, сапалық деңгейлері бойынша 10 және 11 орындарды бөлісті.
Кесте 2 - Тартымдылық көрсеткіштерінің салыстырмалы маңыздылық коэффициенттерін анықтау
Сараптаудың балдық бағасы
Орташа балл
Маңыздылық коэффициенті
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
10
10
9
10
9
9
10
8
9
9
белгісінің беделі және
өтімділігі
9
8
7
8
7
7
8
9
7
8
5
6
5
5
4
6
5
7
6
5
5
6
4
4
5
6
5
4
4
5
Қазіргі кезде өсімдік майларын тұтынушы өндіріс орындары тарапынан да иіссіздендірілген және түссіздендірілген майларға сүраныс артуда. Сондықтан отандық май өндіруші кәсіпорындар тарапынан өнімнің өңделу деңгейін тереңдету технологиясын жетілдіруге немесе оны өндіріске енгізуге байланысты шаралар тобын қарастырған жөн
2 ЖШС «МАРТ» «Алтын» сауда белгісімен мысалында өнімнің бәсекеге қабілеттігін талдау
2. 1 Қазақстандағы өсімдік майларының нарығы және олардың даму мүмкіндіктері
Өсімдік майларының өнімдері тамақ өнеркәсібінің басқа да салаларының өндірістерінде кеңінен пайдаланылады. өндірушілердің өнімдерінен тұрады. Өсімдік май мен қатты майлар адамның тамақтану рационында маңызды орын алған, әлі де маңызды орын алуда. Тамақтануда өсімдік май мен қатты майлардың орнын анықтау өте қиын. Бидайдан және түрлі майлардан алынған өнімнің адамның тәулік бойындағы жинаған энергияның 90% қамтамасыз етеді.
Өсімдік майлары өзінің дайындау сипатымен халық шаруашылығының басқа салаларынан ерекшеленеді, Қазақстан Рес-публикасының георафиялық ерекшелігіне сай елімізде негізінен күнбағыс, мақта, жүгері және мақсары майлары өндіріледі. Соңғы кездері соя майын өндіру қолға алына бастады. Еліміздің әр аймағында өсімдік майларынын 309 жуық ірілі-ұсақты өндіріс орындары орналасқан. Майлы дақылдар өндіруші ауыл шаруашылығы үйымдары осы кәсіпорындардың негізгі жабдықтаушылары болып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы өсімдік майларының нарығы
негізінен шетелдерден әкелінген және отандық тауар өндірушілердің өнімдерінен тұрады. Алыс және жақын шет мемлекеттерден әкелініп жатқан өсімдік майлары өнімдері отандық тауар өндірушілердің непзп бәсекелестеріне айналды. Бүған қоса, ішкі өнім өндірушілер Қазақстан нарығында бәсекелік ортаның жоғарылауына ықпал етуде. Отандық өсімдік майларының негізгі өндірушілеріне қазіргі кезде келесі зауыттар жатады:-Накоста" ААҚ ("Шедевр" сауда белгісімен), бүл қоғам "Ал-маты маргарин зауыты" ААҚ„ "Қарағанды маргарин зауыты ААҚ,, Өскемен қаласындағы "Май" АҚ кәсіпорындарын бақылайды;
-Шымкентмай" ААҚ,, "Доня"сауда белгісімен;
-"Март" ЖШС, "Алтын" сауда белгісімен;
-"Арай" ЖШС, Түркістан қаласы;
-"Яссы" ААҚ,, Оңтүстік Қазақстан облысы.
Қазастандық май өңдеуші кәсіпорындардың жиынтық өндіру көлемі ішкі нарық қажеттілігінің 25-30% жуық мөлшерін құрайды.
Өсімдік майларының өнімдері адам ағзасына қажетті маңызды тағам түрі. Майдың құрамындағы минералдар, майлы қышқылдар, витаминдер мен басқа да қүнды элементтер адам организміндегі қызметтердің дұрыс атқарылуына өз септігін тигізеді. Майлы дақылдардан алынған өнімдер адамның тәуліктік энергиялық қуатының 90% жуығын қамтамасыз етеді.
Өсімдік майларының өнімдері тамақ өнеркәсібінің басқа да салаларының өндірістерінде кеңінен пайдаланылады. Мәселен, маргарин өнімдері, асханалық майлар, майонез өнімдері, көкөніс, балық консервілері өсімдік майларын қажет етеді.
Майлы дақылдардың тағамдық сапаға жарамсыз бөліктерінен техникалық мақсаттарға қажетті майлар шығарады. Олар: сабын, жуғыш заттар, олиф, лак, бояғыш майлар, кос-метикалық өнімдер шығаруға қолданылады.
Көптеген мәліметтер бойынша тұрғындардың тұтынуына өндірілген майлардың 50% жуығы, 42% тамақ өнеркісібінің өңдеуші салаларында, 8% техни-калық мақсаттарға пайдаланыла-ды.
Елімізде өсімдік майларының негізі өндіруші аймақтары болып Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы саналады. Бұл аймақ өсімдік майларын өндіру көлемі республика бойынша 2002 жылы 32320 тн қүрады, бүл деңгей 1995 жылмен салыстырғанда 25, 6% төмен. Күнбағыс майы елімізде кеңінен өндіріледі. Бұл май түріне сұраныстың көптігі және шикізат қоры-ның молдығы өсімдік майларының басқа түрлеріне қарағанда өндіріс көлемін жоғарлатуға септігін тигізді. 1995 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2002 жылы күнбағыс майын республика бойынша өндіру шамасы 32, 4% артып отыр.
Кесте 3 - Қазақстан Республикасы аумағындағы өсімдік майларының өндірісі.
Аталуы
Өсімдік майлары, тн
Өсу қарқыны, %
Күнбағыс майы, тн
Өсімдік майы, %
Мақта майы, %
Өсу қарқыны, %
Өсімдік майларының басқа да түрлері, тн
Өсу қарқыны, %
Елімізде өсімдік майлары тұтыну деңгейі әлі де болса биологиялық қажетті шамадан (13, 5 кг) төмен. Тек соңғы кездері май өндіру саласының түрақтылығы мен импорт көлемінің өсуіне байланысты бұл көрсеткіш біршама жоғарлап келеді.
Қазақстан аумағындағы өсімдік майларының нарығын сипаттай келе, мемлекетіміздің азық -түлік қауіпсіздіпн қамтамасыз ету, соның ішінде өсімдік майларының нарығында ішкі мүмкіндіктерді айқындау және дамыту қажеттілігі бар екендігін байқаймыз. Осы мәселені шешуде май өндеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылыгы үйымдарынан майлы дақылдарды сатып алатын нақгы бағаны белгілеу арқылы оларды ынталандыру тетігія іске
асырған дұрыс деп санаймыз Олар шикізат алуға жеңілдетілген несиелер беру (бүл тетіктің ауыл шаруашылығындағы үйымдарға да оң ықпалы бар, өйткені несиелер майлы дақылдарды егуге, өсіруге, жинауға жүмсалады), өндірістік негізгі қүралдарды жаңартқан кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін беру, лизингтік қорларды құру, маусым кезінде шикізат тасымалына жеңілдетілген темір жол тарифтерін енгізу сияқты қолдаулармен жүзеге асуы мүмкін.
Соңғы кездері әлемдік нарыққа "аралас" майларды шығару өзектілігі туындауда. Бұл "аралас" майдың ерекшелігі- ол бірнеше майдың қоспасынан түрады және оған жағымды дәм беретін табиғи қоспалар сарым-сақ, пияз, көкшөп, бұрыш дәмдері қосылады. Мұндай майлар өзінің дәмдік қасиеттерімен және татымдылығымен басқа майлардан ерекшеленеді. Осы орайда мақсары, жүгері және мақта майларының сүранысын қалыптастыруда және олардың бәсекелік қабілетін арттыруда аталған "аралас" майлар өндіру технологиясын жолға қойған жөн сияқты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz