Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негізінде ақша қаражаттарының бөліну механизмін жүргізілу тәртібін зерттеп, оларды жақсарту ұсыныстарын жасақтау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады. Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 17 қаңтар 2014 жылғы «Қазақстан жолы-2050. Бір-мақсат, бір-мүдде, бір-болашақ» атты халыққа Жолдауындағы «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» деп аталатын бесінші бөлімнің «Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру» атты үшінші міндетінде мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелер мен алға қойылған міндеттерді атап өтті. «Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті. Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс. Әлбетте, бұл - рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, бірақ, ең алдымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен “Самұрық” мемхолдингіне қойылатын талаптар.
Біздің энергетика мен мұнай-химия салаларын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың табыстылығын арттыру. Әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттық энергия маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс. Біріншіден, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай-химия өндірістерін құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы қажет.
Біз мұнай мен газ секторында қосылған құны жоғары және ілеспе әрі аралас өндірістерді дамытуға тиіспіз», - деп елбасы жолодауында нақтылап көрсеткендей, мұнай химия саласын дамыту ең алдымен осы секторларда қызмет атқаратын компаниялардың даму саясатымен тығыз байланысты.
Кәсіпорынның ел экономикасы мүддесіне тиімді қызмет атқару үшін алдымен бәсекелестік шарттарында және тұрақсыз қоршаған орта жағдайына кәсіпорынның тез бейімделіп, замана талабына сай тауар өндіріп, сұранысты қанағаттандырып, қалыпты қызметінен ауытқымауы маңызды[1] .
Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Кәсіпорыннның қызметінің табысқа жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту және оларды тиімді мақсаттарда бөлінуіне байланысты. Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады.
Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар - бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет [2, бб. 49-50] .
Ақша қаражатының негізін, бөліну механизімін, оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген.
Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы [3, б. 79] .
Дипломдық жұмыс мақсаты - қарастырылған кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негізінде ақша қаражаттарының бөліну механизмін жүргізілу тәртібін зерттеп, оларды жақсарту ұсыныстарын жасақтау.
Зерттеу объектісі - «ҚазМұнайГаз» АҚ ақша қаражаттарының қозғалу процесі. Зерттеу пәні - кәсіпорынның ақша қаражаттарының бөліну механизмі.
Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
-кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
-ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
-зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, пайданалылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде, ақша қаражаттары түсінігіне қатысты теориялық сұрақтар, кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының маңызы мен атқаратын қызметі, олардың бөліну механизмі, есептеу әдістері, ақша ағымын басқару және болжауға қатысты мәселелер қарастырылды.
Екінші бөлімде, нақты кәсіпорынның қаржы - шаруашылық жағдайын, ақша қаражаттарының қозғалысын талдау, ақша қаражаттарының айналымын бағалау, олардың қозғалысының негізгі көрсеткіштері талданды.
Үшінші бөлімде, ақша қаражаттарын тиімді пайдалану және оларды бөлу механизмін жақсарту жолдары мен оңтайландыру әдістері қарастырылған.
Дипломдық жұмыста ақша қаражаттарының қозғалысы, оларды басқару аясындағы отандық және шетел әдебиеттері мен әдістемелері, сондай-ақ кезең бойынша кәсіпорынның бухгалтерлік құжаттары пайдаланылды.
1ҰЙЫМНЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Ақша қаражаттарының шығу тарихы, мәні және түрлері
Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың екіншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі - ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты.
Ақша қаражаттары біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 - 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6-8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6-8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.
Біздің заманымыздың 704-766жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл - тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6-8 ғасырлар аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған. Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және Орта Азияда сауданың күшті дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды. Соның ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында; ал 12 ғасырдың 2-жартысы - 13 ғасырдың басында Отырарда шыққан Мухаммед ибн Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді.
Монғол жаугершілігінің алғашқы кезінде (1220-1250) Қазақ жерінде жалпы сауда қатынасы құлдырап кетті. Соның салдарынан ақша қатынасы да тоқтады. Ақыры монғол билеушілерінің бас пайдасы үшін, халықтан купчур салық жинап, хан қазынасын толтыру үшін 1251 жылғы Құрылтай шешімімен алтын динарлар шығарыла бастады. Бұл теңгелердің құрамында алтын 50 - 60% ғана болды. Алтын мөлшерінің көп болмауы оның құнын сол кездегі нақты сауда тауарының құнымен жақындастыру еді. Салмағы мол алтын ақшалармен қымбат тауарларды мол мөлшерде сатып алса, салмағы аз, майда алтын ақшалармен ұсақ тауарларды сатып алатын етіп ақшаны айналымға түсіріп тұрған. Ұсақ саудаға арналған сыртына күміс жалатқан мыс теңгелердің салмағы 6-8ғғ. болды. Бетінде «Мөнгү хани» (хан теңгесі) деген жазуы болды. Бұл ақша 13 жыл бойы үзбей шығарылды. Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарына осы Отырар ақшасы мол тарады. Сол заманда Отырар ақшасымен деңгейлес Ақмалықта шығарылған теңгелер де ғалымдардың назарын аударып отыр.
1271ж. Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 г, тазалығы 78-81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. Бұл күміс ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірлеп, 1271 жылдан 14 ғасырдың басқы кезеңіне дейін айналымда болды. 1321ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды.
Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы 8 г. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді.
Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек хан, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Жетісу - Түркістаннан Еділ жағалауына дейін кең тарады. Бұдан кейін 1428ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында кеңінен белгілі болды.
16 ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Ясының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы - 17 ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 ж. Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды.
Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша - қаражаттары, сондай-ақ фирма әрекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық қорларды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.
Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар - бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет[4, б. 270] .
Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.
Өндірістік - коммерциялық цикл - ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады.
Пайда алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады[5, б. 238] .
Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, девиденттерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді.
Отандық және шетел әдебиеттерінде бұл ұғым (түсінік) түрліше түсіндіріледі. Американдық ғалым Л. А. Бернстайнның айтуы бойынша «ақша қаражаттарының ағымы терминінің тікелей мағынасы жоқ». Кәсіпорындарда келіп түсетін ақша қаражаттары (яғни, ақшалай түсімдер) және шығатын ақша қаражаттары (ақшалай төлемдер) болады. Сондай-ақ бұл ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы түрлі қызмет салаларына байланысты болуы мүмкін - өндірістік, қаржылық немесе инвестициялық. Аталған қызметтердің әрқайсысына тиесілі ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын анықтауға болады. Бұл айырмашылықтарды ақша қаражаттарының таза түсімі немесе таза шығысы деп қарастырған жөн. Осыған байланысты ақша қаражаттарының таза түсімі берілген кезең бойынша ақша қаражаттары қалдықтарының өсуіне негізделеді, ал таза шығыс есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдықтарының кемуімен байланысты болады. Көптеген авторлар, ақша ағымын түсіндіргенде, шаруашылық қызмет негізінде қалыптасатын ақша қаражаттарын айтады.
Өзге американдық ғалым Дж. К. Ван Хорнның айтуы бойынша «фирманың ақша қаражаттарының қозғалысы үздіксіз процесс болып табылады». Фирма активі - ақша қаражаттарының таза қолданысы, ал пассив - таза көздері. Ақша қаражаттарының көлемі уақыт бойынша сату көлемінен, дебиторлық берешек инкассациясына, капиталды шығындарға және қаржыландыруға байланысты өзгереді[6, б. 240] .
Германиядағы ғалымдардың түсіндірмесінде бұл термин «Cash-Flow» (қолма-қол қаражаттар ағымы) деп қолданылады. Олардың айтуы бойынша, «Cash-Flow» жылдық шығынның, амортизациялық аударымның және зейнетақы қорына салымдардың сомасына тең. «Cash-Flow» арқылы кәсіпорын өзінің бүгінгі және болашақтағы капиталға сұраныстан анықтай алады.
Ресейде «ақша ағымдары» түсінігі маңызды мәнге ие. Мұны, 1995 жылы бухгалтерлік есеп беру құрамына енген қосымша № 4 «ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» атты есеп беру түрінің енуі түсіндіреді. Бұл қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолдану және тартудағы мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.
Көптеген ғалымдар ақша қаражаттары ағымы астарында белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынға келіп түсетін және төленген ақша қаражаттары арасындағы айырмашылықты түсінеді: олар оны пайдамен салыстырады. Пайда - кәсіпорынның тиімді қызметін көрсететін және оның жұмысының үздіксіздігінің көзі болып табылады.
Ақша қаражаттарының пайдадан айырмашылығы: түсім - берілген кезеңдегі өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен есепті кіріс. Бұл ақшалай және ақшалай емес түрде болады.
Кәсіпорын және корпорация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпорацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару - қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.
Кәсіпорындағы жүйелік есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Ақша қаражаттары ағымын басқарудың негізгі бағыты - кіріс көлемінің баланстылығы және ақша қаражаты төлемі негізінде корпорация немесе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін келесі үш көрсеткіш маңызды:
-тауарды (өнім, қызмет көрсету) сатудан түскен түсім;
-пайда;
-ақша қаражаттарының ағымы.
Осы көрсеткіштердің шекті көлемі және жыл ішіндегі өзгеру динамикасы белгілі уақыт аралығындағы (жыл, тоқсан, ай) оның жұмысының нәтижелілігін көрсетеді. Алайда, төлемсіздік шарттарында, кәсіпорынның түрлі қызметтерінен түсетін ақша қаражаттарының ағымы маңызды орынға ие. Төлемдер бойынша ақша қаражатының түсімі артық болған жағдайда кәсіпорын ағымдағы және болашақ даму үшін бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Яғни бұл артықшылықтар, кәсіпорынның бос ақша қаражаттарын қосымша пайда табу мақсатында, өзге де кірісті бизнес аясына немесе қызмет түріне салудан көрінеді. Сондай-ақ, қажетті сомадағы тұрақты ақша қаражаттарының бар болуы ағымдық төлем қабілеттілікті қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады[7, б. 245] :
-Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім - бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі;
-Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық;
-Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша девиденттер мен пайыздардан және өзгелерден;
-Ақша ағымдарының шығысы - ағымдық операциялық және инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде, эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен девиденттер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады;
-Ақша қаражаттарының таза кірісі - ақша қаражаттары бойынша барлық түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Соңғы есептік кезеңдегі кәсіпорын балансындағы ақша қаражаттар қалдығының өсуі немесе кемуі, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда актив пен пассив құнындағы өзгерістерден тәуелді. Баланс активіндегі кез-келген мүлік бабының құнының өсуі - коммерциялық банктер шотындағы ақша қаражаттарының азаю факторы болып табылады. Керісінше, баланс пассивіндегі қаржыландырудың меншікті немесе тартылған көздерінің өсуі ақша қаражаттары қалдығының өсу себебі болып табылады.
Мұндай саясат нәтижесі болып:
-банктегі шоттарда және кассада қажетті ақша қаражаттарының болуы;
-кәсіпорынның жыл бойы несиеқабілеттілігін, төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін баланстың актив пен пассив құрылымын қалыптастыру.
Ақша ағымдары дегеніміз - бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі [8, б. 246] .
Алынған пайда сомасы және келіп түскен ақша ағымының көлемі арасындағы айырмашылық келесідей: пайда, кәсіпорынмен белгілі бір уақытта (жыл, тоқсан) алынған таза кірісті түсіндіреді. Ол анық келіп түскен ақша қаражатымен сәйкес келмейді. Оны ақша қаражаттары келіп түскеннен соң емес, сату процесі аяқталған соң мойындайды. Бұл кәсіпорынның есеп саясатында белгіленген. Пайда есебін жүргізгенде, өндіріске кеткен шығындарды сатылған кезінен бастап емес, оны өткізу кезінде мойындайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, есеп кезеңі бойынша кәсіпорынға келіп түскен пайда мен ақша қаражаттарының бірдей еместігін ажырата білген жөн. Пайда авансталған құнның өскендігін көрсетеді, бұл кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көрсетеді. Алайда, пайда көлемінің өсіміне баға факторлары, есеп саясаты тәрізді өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ пайданың болуы кәсіпорында бос ақша қаражаттарының бар екендігін білдірмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz