Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. ҚР.ның сыртқы экономикалық қызметі.

1.1.Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы

сауда түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.2 Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі

Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1.3Кедендік тарифтер түрлері және іс.әрекеті ... ... ... .12

II.Кедендік тарифтердің және баждардың қолдану тәжірибесі.

2.1 Қазақстан ДСҰ.на кіру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .16

2.2 Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2.3 Сыртқы саудадағы тарифтік преференциялар және жеңілдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

2.4 Қазақстандағы кедендік тарифтерді қолдану

ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.

III. Қазақстан сыртқы сауда стратегиясы ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе.

ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек.

Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.

Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.

Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір – бірімен өзара байланысты қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп жақты жеке ұлттық реттеулер.



I. ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметі

1.1. Сыртқы сауда қызметінің түсінігі.

Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы сауда саясаты бұл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.

Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.

Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:

- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)
Қолданған әдебиет тізімі



1. Андреещев Р.Ю. «Один шаг вперед, два шага назад», электронды құжат: http://www.ebiblioteka.ru/ sources/ article;

2. Андреещев Р.Ю. «Проблемы торгово-экономических отношений России и Казахстана» Доклад на научной конференции «Актуальные проблемы международных отношений в начале XXI века», ақпан 2001. РФ СІМ Дипломатиялық академия. http:// www.ebiblioteka.ru;

3. Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 2001 ж;

4. Ержанов «Халық аралық экономикалық қатынастар» Алматы 1999 ж;

5. Жуков Е.Ф. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Москва 1999ж;

6. «К вопросу о межрегиональном приграничном сотрудничестве с Казахстаном» Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 2000 ж шілде, www.ebiblioteka.ru;

7. Майдан-Әли Байгісиев «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998 ж;

8. Мамыров Н.Қ «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998ж;

9. «Международная экономика» I том Москва «Международные отношения» 2000 г;

10.Николаенко В. Россия и Казахстан. «Международная жизнь», 1998. №11-12;

11.Ресей-Қазақстан Сауда-экономикалық сабақтастығы. Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 1999 ж қыркүйек, www.ebiblioteka.ru;

12. Сахариев С.С, Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» I том, Алматы 2003 ж;

13. Семенов К.А. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Москва 1998ж;

14. Стюарт Ю. «Соглашение о партнерстве между ЕС и Казахстаном – спустя 5 лет». Мысль – 2005 №2;

15. Саясат журналы «1999 жылдың I жартысындағы Қазақстан Республикасы

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден
баждары мен тарифтері

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...3

I. ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметі.

1.1.Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы

сауда
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.2 Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі

Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.3Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті ... ... ... .12

II.Кедендік тарифтердің және баждардың қолдану тәжірибесі.

2.1 Қазақстан ДСҰ-на кіру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .1 6

2.2 Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық
номенклатурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2.3 Сыртқы саудадағы тарифтік преференциялар және

жеңілдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
3

2.4 Қазақстандағы кедендік тарифтерді қолдану

ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 26.

III. Қазақстан сыртқы сауда стратегиясы ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .29

Кіріспе.

ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес
Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда
болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін
барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін
танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі
дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен
белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз,
өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық
инфрақұрлымын дамыту керек.

Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада
маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы
экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.

Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы,
одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне
жол ашады.

Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы
экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір – бірімен өзара
байланысты қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп
жақты жеке ұлттық реттеулер.

I. ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметі

1.1. Сыртқы сауда қызметінің түсінігі.

Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және
сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы
экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда
саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы
сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар
жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының
көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының
жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы сауда саясаты бұл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден
қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды
құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру
жөніндегі саясатты айтамыз.

Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу
тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын
оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде
бағытталған іс-әрекеті.

Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:

- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат
кіреді)

- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын
реттеу саласындағы саясат.

- Валюталық саясат.

Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,

аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық
теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ)
реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.

- Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың
халықаралық қозғалысы.

Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда
саясатытабылады.

Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік
тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары;
саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық
қатынастар саласын: валюталарды сатып алу – сату операциялары, коммерциялық
және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады.
Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз)
экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу
мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.

Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең
ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының
құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен
сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді
түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының
бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және
өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси
орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы,
сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға,
біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің
қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда
бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан
ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген
сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының
принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж
салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені
белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты
келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу
(Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және
оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал
етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына
мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен
ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек
күттірмейтін мәселелерді.

Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан
экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық
мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын
сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет
етеді.

Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы
экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы
үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда
динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор.

Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды
декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде
белгіленген ақпарат жатады.

Сыртқы саудадағы кеден статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында
Қазақстан Үкіметімен (1995 жылғы 6 шілдедегі Примьер Министрдің №238
қаулысы бойынша) барлық министрліктер мен ведомстваларға, облыс басшыларына
өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет
қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистикасының бірыңғай
әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді.

1.2. Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі

сыртқы сауда саясаты.

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына –
сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың
ролі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дис Сакстың пікірнше: қандай бір ел болмасын, оның
экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік
экономикадан оқшауланың, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай
алған жоқ.

Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізіңде әр түрлі елдердің тауар
өңдірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың
өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми – техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан
құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өңдірісінің мамандануы мен
кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым - қатынасын күшейтеді.
Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Сыртқы саудада фритретерствоны еркін сауда немесе протекционизмді өз
тауар өңдірушілерін қолдау талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың
еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып
кетті.

Фритретерство саясатың ең алғаш А.Смит өзінің Салыстырмалы
артылықшылықтар теориясында анықтаған. Ол: айырбас қандай елге болса да
қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады - деп жазған.

ХХ ғ. екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел
дами бастады. Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер
етті.

1 халықаралық еңбек бөлінісі мен
өндірісті интернационалданудың дамуы;

2 экономикада жаңа салалардың пайда
болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми –
техникалық революция;

3 дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық
корпорациялардың белсенді қызметі;

4 тарифтер мен сауда туралы. Бас
келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

5 көптеген елдердің импортына
кедергілердің жойылып, кедең бағасы төмеңдеп, еркін экономикалық
аймақтардың құрылуы;

6 сауда – экономикалық интеграция
процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы;

7 сыртқы нарыққа бейімделген,
экономикасы бар жаңа индустриалды елдердің пайда болуы т.б.

Соңғы онжылдықтарға сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне
бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда
– экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік
нарықтағы басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 31 тиген болса, өз
кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы
жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауда – саттықта Испания едәуір
жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда
Испания дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының
бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның жаңа индустриалды
елдері - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классифкациясы төрт жүзге жуық
критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс,
инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда,
аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал –
жабдықтар т.б. факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында,
бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде
бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардын болжауы бойынша ХХІ ғ. алғашқы жылдарында бәсекеге ең
қабілетті елдер сипатына АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы
жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай
болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань,
Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын диверцификациялауға шаруашылық қызметіне
жаңа өріс табуға ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай
нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер
ең алдымен жаңа индустриалды елдер өз экспорттарының құрылымын
өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың
экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде
машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1994
жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді:

ХХ ғ. соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-
Тынық мұхит аймағының ролі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі
бойынша 2000 жылы дүниежүзілік сауда көлемінің 40%-і Тынық мұхит
бассейнінде шоғырланады.

Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуі, олардың өзара қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің
үлестерін азайтады.

Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны үлкен үштік: АҚШ – Батыс Еуропа
– Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

1.3. Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті.

Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік
шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және
мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын
ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы. Кеден
тарифтері және баж туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді.

Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – Кеден тарифтері және
баж туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық
қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады.

Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі
мақсаттарда шешілені: реттеуші, сауда-саяси, фиксальды. Оның тиімділігі
көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты.
Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 ж. 20 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Кедендік іс туралы
Қаулысы жатады.

— Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:

1. Кедендік баж

2. Кедендік алымдар

3. Алымдар

4. Алдын ала шешім үшін төлемақы.

— Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп
алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер ҚР-ның кеден
кодексімен айқындалады.

— Қазақстан Республикасының кеден органдары демпинге қарсы, қорғау және
өтемдік баждарды ҚР-ның заңдарында бекітілген тәртіппен алуы шарт.

— Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі ҚР-ның салық заңына
сәйкес айқындалады.

— Жеке тұлғалар тауарларды оңаңтылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік
төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген
жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.

Кедендік төлемдер ставкаларының мынадай түрлері бар:

1. Салық салынатын тауарлардың құнына процентпен есептелінетін –
адваларлық ;

2. Салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде
есептелінетін – ерекшелікті;

3. Кедендік төлемдер ставкаларының аталған екі түрін де
ұштастыратын – құрамдас болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының кедендік төлемдеріне толықтай тоқталып өтетін
болсаң:

1. Кедендік баждар.

Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде
төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының кедендік
тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың
ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейлі және оларресми
жарияланғаннан кейін күнтізбеліп отыз кү өткен соң күшіне енеді.

2. Кедендік алымдар.

Кедендік алымдарға:

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; кедендік ілесіп алып жүру үшін
кедендік алым; тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының
құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.

3. Алымдар Кеден органдары алатын алымдарға: лицензия бергені үшін
алым; кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені
үшін алым жатады.

Осы белгіленген алымдардың бірінші тармағын алымдар мөлшерін ҚР-сы
Үкіметі айқындайды.

4. Алдын ала шешім үшін төлемақы.

Тауарлардың жіктемесіне, шығарылған елін және құнын айқындау әдіснамасына
қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның үкіметі белгіленген
мөлшерде алдын-ала шешім үшін төлемақы алынады.

Күрделі кеден тарифі – айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық
экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған
дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі
нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден
тарифі қосымша демпипке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді
қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз
көтереді. Конго, Венесуэлла, Мали елдерінде күрделі тариф қолданылады.

Кедендік тариф – тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты
жағынан сыртқы сауда процесі нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы – ақша
жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің
шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа
салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді.

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым.

Тауарлармен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік
ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде
кедендік алым алынады.

Тауарларды сақтай үшін кедендік алым.

Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау
қоймаларында тауарларды сақтау үшін ҚР-ның үкіметі белгілеген мөлшерлерде
кедендік алымдар алынады.

Кеден тарифтері – тауарлардың жүйеленген тізіміне төленетін ақының
мөлшерін айқындайтын мөлшерлеме жүйесі.

Тариф – түрлі қызметтер ресми түрде белгілейтін ақы төлеу жүйесі.
Мысалы: көлік тарифі, комуналды қызмет тарифі, кеден тарифтері.

2. Кедендік тарифтердің және баждардың қолдану тәжірибесі.

2.1 Қазақстан Респулбикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына

кіруі ерекшеліктері.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мәселелеріне тоқтамас бұрын, Дүниежүзілік
Сауда Ұйымы дегеніміз не? деген сұраққа жауап берейік.

1994 жылға дейін жұмыс істеген ГАТТ (Генеральное соглашение по тарифам и
торговле) ұйымының нормаларын ескеріп отыратын ДСҰ өз қызметін 1995 ж. 1-
қаңтардан бастады.

ДСҰ жалпы институционалды шектеулерді құруды қарастырады. Жаңа ұйым өз
қызметтерінде жанжалдарды реттеу ережелері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі
Кедендік төлемдер және салықтар.Кедендік төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері
Сырқы экономикалық сауда
Кеден органдарының қызметін реттейтін алғашқы үкіметтік құжаттар
Сыртқы жарнама есебі
Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
Кеден
Жылжымалы импорттық салықтар
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Пәндер