Әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4бет

І ТАРАУ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

1.1.Әдеби шығармаларды оқытуда мұғалімнің рөлі ... ... ... ... ..5.12бет
1.2.Әдеби шығармаларды оқыту барысында таңымдық
қабілеттерін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.17бет

ІІ ТАРАУ КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ

2.1.Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.23бет
2.2.Әдеби шығармаларды оқытуда қолданылатын тиімді әдіс.тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.26бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27.28бет
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 29бет
ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Әдебиетті оқыту әдістемесі - көне ғылымдардың бірі. Әдебиет пен әдебиетті оқыту ғылымы және пәні уақыт идеясымен байып, өзгеріп, түлеп отырады. Әдебиетті ғылым ретінде оқыту әдістемесі оқытудың теориясы мен жалпы принциптерін негіздейтін дидактика, әдебиет тарихы, теориясы, методологиясын қарастыратын әдебиеттану, тарих, тіл, музыка, бейнелеу өнерімен тығыз байланысты. Психологиямен әдебиетті оқыту әдістемесі екі аспектіде тоғасады.
XIX ғасырдың екінші жартысында (Шоқан, Абай), XX ғасырдың басында жасаған қазақтың демократ-ағартушыларының (Шәкәрім, С.Көбеев, Е.Өтетілеуов, С.Торайғыров, АБайтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) ескілік қалдықтармен күресі, жастарды оқуға, өнерге, жаңа өмір орнатуға, мәдениетке үндеудегі еңбектері ерен.
Әдебиеттік оқу, тарихи курс бағдарламалары мен оқулықтарын жасауда С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев т.б. еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай – ақ, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізін қалап, дамытуда Ә.Қоңыратбаев пен А Көшімбаевтың алатын орны да айрықша.
Мектеп реформасының талаптарына орай қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі алдында тұрған актуальды мәселелер көп.
1970 - жылдан мектепте әдебиет тарихы, әдебиет сыны мен теориясының оқытылуы жүйелі жүзеге асырылып келеді. Педагогикалық озат тәжірибе, оның халыққа таралуы, насихатталуы қолға алынып, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіруге байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүре бастады. Бұл істе "Қазақ мектебі", "Қазақтілі мен әдебиеті", "Білім" журналдары, "Қазақстан мұғалімі" газетінің ролі зор.
Қазіргі кезеңде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған ғылыми-методологиялық республикалық конференциялар мен педагогикалық оқулар өткізіліп отырады. Жаңа оқу бағдарламасына көшуге сай өткізілетін курс, семинарлардың маңызы да зор. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін тереңдете оқытатын арнаулы мектептер, гимназия, лицей, атаулы мектептердің ашылып, нәтижелі жұмыс істеп келеді.
Оқыту – екi жақты процесс, сондықтан оның сапасы өткiзiлетiн сабаққа деген оқушылардың көзқарасына, олалдың таным белсендiлiктерiнiң деңгейiне, оқытушы еңбегiнiң дидиктикалық тұрғыдан жетiлдiрiлуiне тiкелей байланысты.Қазiргi жаңа технологияның басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға көмектеседi.
Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Инновациялық технологиядан іздену - қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан – Калик, Ф.Н.Гоноболин, М.В.Кларин, Л.МлФридман, Л.С.Выготский, П.И.Пидкасистый,В.Монахов, Т.И.Шамова, С.Н.Данакин, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, Қ.Қ.Қабдықайыров, Ш.Т.Таубаева, Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев, К.С.Құдайбергенова, Б.Әбдікәрімұлы, Ж.А.Қараев сынды ғалымдардың ізденістері баршылық. Әдебиет сабақтарында көркем шығармаларды оқуда кездесетін ерекшеліктер мен жас ерекшеліктерді ескерудің жолдарын қарастырғанды жөн көрдік.
Әдебиеттер тізімі:
1. А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Мектеп» баспасы Алматы – 1969 ж.
2. Бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995ж.
3. Мұсабеков О. « Пәнаралық байланысты жүзеге асыру».// Қазақстан мектебі, 50 б.
4. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.
5. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.
6. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.
7. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.
8. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
9. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.
10. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990ж.
11. Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003ж.
12. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985ж.
13. Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007ж.
14. Т.Қ.Жұмажанова «Әдебиетті оқыту әдістемесі»
15. Қ.Бітібаева «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
16. А. Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы»

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмысы

Тақырыбы: Әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі

Оқу бөлімі: ... ... ... ... ... ... ...
Мамандық: ... ... ... ... ... ... .. ..
Біліктілік: ... ... ... ... ... ... ... ..
Курс: ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Топ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Орындаған: ... ... ... ... ... ... . ..
Ғылыми жетекші ... ... ... ... .

Алматы, 2016
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4 бет

І ТАРАУ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

1.1. Әдеби шығармаларды оқытуда мұғалімнің рөлі ... ... ... ... ..5-12бет
1.2. Әдеби шығармаларды оқыту барысында таңымдық
қабілеттерін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-17бет

ІІ ТАРАУ КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ

2.1. Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-23бет
2.2. Әдеби шығармаларды оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-26бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27-28бет
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...29бет
ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Ғылыми аппарат
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Көркем шығарманы оқыту - ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой - түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай - ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.
Әдебиет - сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады. Ғылыми тұжырымда әдебиет адамтану құралы, ал әдебиет пәні адам тәрбиелеу құралы.
Зерттеу нысаны
№ жалпы білім беретін мектеп базасы және негізгі орта білім алушы оқушылар.
Зерттеу пәні
Әдебиет оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының мақсаты
Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшелігін ескеру
Зерттеу жұмысының міндеттері
- әдеби шығармаларды оқытуда мұғалімнің рөлін анқытау;
- әдеби шығармаларды оқыту барысында таңымдық қабілеттерін арттыру жолдарын қарастыру;
- әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру жолдары;
-әдеби шығармаларды оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну.
Зерттеудің ғылыми болжамы
Егер көркем шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру жолдарын қарастыратын болсақ, онда оқушының бойындағы оқырмандық қабілеттерін дамута аламыз, оларды оқуға баулуда ешқандай кедергілерге ұшарамаймыз.
Зерттеу әдістері
Зерттеу, жинақтау, жүйелеу.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

Кіріспе
Әдебиетті оқыту әдістемесі - көне ғылымдардың бірі. Әдебиет пен әдебиетті оқыту ғылымы және пәні уақыт идеясымен байып, өзгеріп, түлеп отырады. Әдебиетті ғылым ретінде оқыту әдістемесі оқытудың теориясы мен жалпы принциптерін негіздейтін дидактика, әдебиет тарихы, теориясы, методологиясын қарастыратын әдебиеттану, тарих, тіл, музыка, бейнелеу өнерімен тығыз байланысты. Психологиямен әдебиетті оқыту әдістемесі екі аспектіде тоғасады.
XIX ғасырдың екінші жартысында (Шоқан, Абай), XX ғасырдың басында жасаған қазақтың демократ-ағартушыларының (Шәкәрім, С.Көбеев, Е.Өтетілеуов, С.Торайғыров, АБайтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) ескілік қалдықтармен күресі, жастарды оқуға, өнерге, жаңа өмір орнатуға, мәдениетке үндеудегі еңбектері ерен.
Әдебиеттік оқу, тарихи курс бағдарламалары мен оқулықтарын жасауда С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев т.б. еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай - ақ, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізін қалап, дамытуда Ә.Қоңыратбаев пен А Көшімбаевтың алатын орны да айрықша.
Мектеп реформасының талаптарына орай қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі алдында тұрған актуальды мәселелер көп.
1970 - жылдан мектепте әдебиет тарихы, әдебиет сыны мен теориясының оқытылуы жүйелі жүзеге асырылып келеді. Педагогикалық озат тәжірибе, оның халыққа таралуы, насихатталуы қолға алынып, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіруге байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүре бастады. Бұл істе "Қазақ мектебі", "Қазақтілі мен әдебиеті", "Білім" журналдары, "Қазақстан мұғалімі" газетінің ролі зор.
Қазіргі кезеңде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған ғылыми-методологиялық республикалық конференциялар мен педагогикалық оқулар өткізіліп отырады. Жаңа оқу бағдарламасына көшуге сай өткізілетін курс, семинарлардың маңызы да зор. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін тереңдете оқытатын арнаулы мектептер, гимназия, лицей, атаулы мектептердің ашылып, нәтижелі жұмыс істеп келеді.
Оқыту - екi жақты процесс, сондықтан оның сапасы өткiзiлетiн сабаққа деген оқушылардың көзқарасына, олалдың таным белсендiлiктерiнiң деңгейiне, оқытушы еңбегiнiң дидиктикалық тұрғыдан жетiлдiрiлуiне тiкелей байланысты.Қазiргi жаңа технологияның басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға көмектеседi.
Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Инновациялық технологиядан іздену - қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан - Калик, Ф.Н.Гоноболин, М.В.Кларин, Л.МлФридман, Л.С.Выготский, П.И.Пидкасистый,В.Монахов, Т.И.Шамова, С.Н.Данакин, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, Қ.Қ.Қабдықайыров, Ш.Т.Таубаева, Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев, К.С.Құдайбергенова, Б.Әбдікәрімұлы, Ж.А.Қараев сынды ғалымдардың ізденістері баршылық. Әдебиет сабақтарында көркем шығармаларды оқуда кездесетін ерекшеліктер мен жас ерекшеліктерді ескерудің жолдарын қарастырғанды жөн көрдік.

І ТАРАУ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Әдеби шығармаларды оқытуда мұғалімнің рөлі
Рухани байлық ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салтынан, дүниетанымынан, мухани мұраларынан құралады. Бұл сипаттардың бастау-арналары әдебиетте қаланады. Қазiргi кезде пәндi оқытуда басты назарда ұстайтын мәселелер баршылық. Олардың бастыларын атасақ, бiлiм концепциясы, стандартты бағдарламаларды жаңарту, нақты мақсаттарды айқындау, оларды оқушылардың жеке тұлға ретiнде дамуына бейiмдеу. Әр пәннiң оқытылуы шығармашылық тұлға қалыптастыру мақсатынан туындату керек. Пән арқылы берiлетiн бiлiм оқулық көлемiнде шектелмей, қосымша, ғылыми-танымдық әдебиеттердiң айналасына шоғырландырылып, оқушылардың бiлiм-икемiн тереңдететiн түрде берiлу қажет. Осы ретте қазақстандық әдiскер-ғалымдардың, ұстаздардың iс-тәжiрибелерi кеңiнен қолданыс тауып, тиiмдiлiк тұрғысынан саралана пайдалану керек.
Білім беруді, тәрбие беруді ізгілендіру, сайып келгенде, мектепке де, оның мұғалімі, оқушысына да сеніммен қарау деген сөз. Шәкірт пен ұстаз арасындағы ынтымақтастық, әр ұстаздың шәкіртке өзіне тәуелді, өзінен төмен орындаушы деп қарамауы, оны білім мен тәрбие алудың объектісі ретінде ғана санамауы, ең бастысы, әр шәкіртті егеменді еліміздің болашағы, соның бір азаматы деп тануы деген сөз.
Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай - ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.
Орта мектепте өтілетін пәндер арасында қазақ әдебиетінің алатын орны ерекше.Өйткені, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану - әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі.
Бала жастан көрген-білгенін көкейге түйген шәкірт этикалық құндылықтарға, әсемдік әлеміне, эстетикалық, сұлулық дүниесіне мектеп қабырғасында бастауыш сыныптардан бастап-ақ қызыға назар аударады. Олар оқу бағдарламасының талаптарына сай әдебиет сабағында қазақ және туысқан халықтардың, әлем әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру қажет. Көркем әдебиетті оқуда жас оқырман өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой-тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Сабақ барысында, әдеби шығармаларды ұтымды талдау жұмыстарын жүргізу оқушылардың пәнді оқуға ынтасын арттырады. Мектеп қабырғасында оқытылатын барлық пәннің ішінде әдебиет қана адам көңіл-күйінің кестелі суретін танытады. Әдебиет сабағы жеке тұлғаның рухани әлемін, ойлау қабілетін, сана-сезімін, тілін, шығармашылық қабілетін қалыптастыруда мектептік оқу пәндерінің арасында ерекше орын алады деуге болады. Сондықтан, балаға мектеп кезінен көркем шығарманы оқыту,талдатудың маңызы зор.
Мектеп қабырғасынан бастап кітап оқыған бала болашақта да қызығушылықпен жаңа шыққан туындыларды оқиды. Негізі, оқушының көбірек уақыты болатын кезі ол, әрине, қысқы және жазғы демалыстар болып есептеледі. Осы орайда, пән мұғалімі бала демалысқа кетпей тұрып күнтізбелік жоспардағы тақырыптарға сәйкес оқуға тиісті барша көркем шығарманы оқуға тапсырма беру қажет. Қазақтың халық ауыз әдебиеті үлгілерінің қай-қайсысы болса да балаға өмір танытарлыққызмет атқаратыны белгілі. Осы орайда, Мағжан Жұмабаев Педагогика атты еңбегінде халық ауыз әдебиеті үлгілерінің баланың психологиясына тигізер ықпалына терең мән береді. Айталық, қазақтың бесік жырының баланың есту сезіміне, ертегілердің - ақыл ойына, мінез-құлқына,тілін, қиялын дамытуға тигізетін әсерін дәлелдей білген. Мәселен, ертегінің бала дамуындағы маңызды туралы: Жан тұрмысы өркендеу үшін яғни, ойы арқылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баюы үшін жас балаға ертегі қымбат нәрсе. Мысалы,балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөзің желге айтқанмен бірдей. Ал, өтірікші туралы ертегі айтсаң ол басқа, - дейді.
Ал, Жүсіпбек Аймауытұлы Психология атты еңбегінде қиялды дамытуға ауыз әдебиеті шығармаларының маңыздылығына баса көңілбөлген. Ол қиялдың құрастыру қызметі туралы: Ойдағы нәрселерді құрастырмаймыз, сөйлеуші жануар, алтын балық, алтын алма, сүт, өзен, пері қызы, жалмауыз кемпір жасаймыз. Мұндай құрастырулар көбінесе, ертегілерде, діни кітаптарда кездеседі, - деп пікір білдіреді.
Қазақ балаларының ұлттық болмысын барынша жан-жақты зерделеген психолог-ғалым бала қиялын дамытудағы ертегі кейіпкерлерінің рөліне назар аударады. Әдеби шығармалар балаға мейлінше жақын болғандықтан, сол арқылы бала қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, ұлттықсалт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алады. Мұның өзі баланың жеке дара тұлға ретінде дамуына қажетті көркемдік, ізгілік қасиеттерді бойына жинауда халықтың рухани мұрасының құндылығын қуаттайды. Қай жанрын алсақ та ауыз әдебиетінің тәрбиелік-білімдік мүмкіндігі сан алуан. Демек, ауыз әдебиеті үлгілерін жете талдап жеткізу - пән мұғалімінің парызы.
Шығарманы оқу шәкірттерге күні-бұрын тапсырылатыны белгілі. Өйткені, романды сынып оқушыларының түгелдей тұтас оқу мәселесі бүгінгі күн жағдайында, ақпараттық технологияның дамыған кезеңінде өте күрделі, өзіндік қиындығы бар нәрсе болып отырғаны баршаға мәлім. Әсіресе, Абай жолы секілді аса көлемді шығарманы оқуды тек 10-11 сыныпта ғана қолға алу, әрине, кештік етеді. Негізі, оқырмандық қызығушылықты арттыру жайы - әдебиетті оқыту үрдісіндегі ең өзекті мәселеболып есептеледі.
Шәкірттердің оқырмандық қабылдау қабілетін анықтау әдістері әртүрлі болуы мүмкін, ол оқушылардың жас ерекшеліктері мен қандай көлемдегі, қандай мазмұндағы әдеби шығарма екеніне тікелей байланысты болмақ. Оқушылардың шығармаға ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру мақсатында оның кей тарауларының мазмұнын оқытушының өзі айтуы керек деп ойлаймын. Әсіресе, қызықты эпизодтарын айтса, оқушы қызығып шығарманы міндетті түрде оқитын болады. Кейде мұғалімнің дұрыс ұйымдастырмауынан шығарманы оқымаған, не шала оқыған, не бас жағын оқып кейінгі кітаптарын оқымаған оқушылар кездеседі. Осыны ескере отырып, кіріспе сабақта оқытушы барынша тұжырымды, мейлінше жинақы түрде шығармада қозғалатын дәуір тынысы, сонымен орайлас көтерілген мәселелердің ең бастылары, тұтас тарихы, этнографиясы туралы жан-жақты мәлімет беріп, әрбір кейіпкеріне оқушылардың қатысуы арқылы талдау жасағаны дұрыс.
Көркем шығарманың тілдік ерекшелігін талдаудағы басты мақсат - оқушылардың сөздік қорын байыту. Әдеби тілде сөйлеу үшін ауызекі сөйлеу дағдысы болуы жеткіліксіз, оған қоса оқушыда бай сөздік қор болғаны абзал. Ал, сол сөздік қордың баюы көркем шығарманы оқумен келетіні баршаға белгілі.

1.2. Әдеби шығармаларды оқыту барысында таңымдық
қабілеттерін арттыру

Мектепте тіл-әдебиетті оқытуда ұстаздар алдында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани санасын қалыптастыру, олардың әдебиетке деген құштарлығын ояту, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру, ғылыми ізденістерге жетелеу, ақыл-ойын, сөздік қорын, тілін дамыту міндеті қойылған. Әрине, мұны еліміздің егеменді мемлекет болуымен байланысты халқымыздың тілін, мәдени-рухани қазыналарын жете меңгерген білімді, іскер ұрпақ тәрбиелеу қажеттіліктерінен де туындап отырған уақыт талабы деп түсінген жөн.
Шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына ұстаздың өткізген әрбір сабағы шешуші рөл атқарады.Оқушы білімінің сапалы болуы ұстазының дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттілігіне тікелей байланысты.Оқушы үшін мектепте оқытылатын әрбір пәннің орны ерекше.Ал оқушының пәнге қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті үнемі ізденістермен жаңартып отыру әр ұстаздың міндеті болу керек.
Ал оқыту мен ақыл-ойды дамыту-біртұтас педагогикалық процесс.Оқу-тәрбие жұмысы баланың іс-әрекетін, қабілетін қалыптастырады. Алайда адам тумысында 100 co қабілетті болмайды, жүре келе тәжірибе жинақтаудың, еңбектенудің, ойланудың нәтижесінде қабілеттілікке ие болады. Ғалымдардың зерттеуінше: 3co-талантты,15 co-қабілетті,15co-қабілеті төмен, 67co-қарапайым болып келеді екен.
Сыныптағы бір оқушының өз қатарынан зерек, ұғымтал, үздік атануы, кей баланың оқу материалын баяу, самарқау қабылдауы қабілеттің даму, жетілу сапасының түрліше болуына да байланысты. Әдебиет пәнін меңгертуде ақыл мен ес, байқағыштық және дамыған эстетикалық сергек сезімталдық, мәнерлеп оқу, жатық сөйлеу, ойын тартымды жеткізе білу тәрізді қабілет белгілері мен біліктіліктері жатады. Мәселен музыканы қалаған балада есту қабілетінің, сурет салуға құмар оқушыда көру қабілетінің басым болатындығы мәлім. Сондықтан оқушы бойында иненің жасуындай болса да оқуға ынтасы мен бейімділігі байқала қалған күнде оны дұрыс арнаға салу қажет. Тіл-әдебиет сабақтарында оқушылардың танымдық-белсенділіктерін арттыруда-деңгейлеп-саралап оқыту, проблемалық сұрақтар арқылы дамыта оқыту, оқытуды өмірмен ұштастыру,әр оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау басты әдістердің бірі. Сондықтан да әр сабақтың басты міндеті-білім алушының танымдық құзырлылығын дамыту. Ол үшін мыналарды ескеру қажет:
-Оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру.
-Оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік.
-Оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру;
-Жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру.
Танымдық қабілетті арттырудың жолдары:
-Ақпаратты өмірмен ұштастыру, байланыстыру;
-Мәселелік жағдаятты туғызу;
-Әдеби, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді қолдана білу;
-Салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету.
Жоғары сыныптарда әр пәннің оқушыларға берер танымдық тәрбиесі мол десек, соның ішінде әдебиеті пәндерінде оқушылардың ақыл-ой, танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор. Оқушыларға танымдық тәрбие берудің алғашқы баспалдағы деп оқытудағы саналылық принципін атауға болады, себебі әдебиетті оқыту барысында тәрбиелік міндеттердің де шешілетіні белгілі.
Әдеби шығармаларды меңгерудегі саналылық оқушының дүниетанымдық көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасуында маңызды орын алады. Табиғат құбылыстарының, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің мәнін, заңдылықтарын терең түсінудегі өздігінен өзінің білім дағдылары мен іскерлігін жетілдірудегі оқушының әрбір қадамы оның дүниетанымын кеңейте түседі.Сондықтан өтілгелі отырған тақырыппен сабақтас келетін қызықты оқиғалар, ақын-жазушылар өмірінен қосымша мәліметтер, естеліктер, тарихи-деректі әңгімелерді қызықты етіп әңгімелеу немесе оқушылардың өздерінің олармен танысуына кеңес беріп отыру үнемі қажет. Мұндай жұмыс олардың пәнге деген қызығуын арттырады, әдеби шығармаларды оқу, өмірбаянждары туралы естеліктерді іздене жүріп оқу баланың өмір талабына айналады, сөйтіп оның азаматтық қалыптасуына әсер етеді. Әдеби шығармаларды өту барысында оқушыны творчестволық іскерлікке баулу, әртүрлі құбылыстарды, оқиғаларды, адамдардың пиғыл-әрекеттеріндегі ерекшеліктерді байқай білуге және олар жөнінде қорытынды жасай білуге үйрету танымдық тәрбиенің басты құралы деуге болады. Жоғары сыныптарда оқушылардың көркем туындыны қабылдаулары да жас ерекшелігіне байланысты болады.Бұл жастағылар өздерін еркін сезінеді.Әр баланың өзінің сүйетін жанры, тақырыбы айқындалады. Оқығандарына сынмен қарайды, оны өмірді түсінудің бір құралы деп қарайды, сондықтан одан өз сауалына жауап іздейді., кейде тауып та жатады. Мысалы, 9-сыныптың әдебиеті-тұнып тұрған қазақтың өмірін, салт-дәстүрін, адамгершілік, елжандылық, эстетикалық қадір-қасиеттерді танымдық тұрғысынан тәрбиелеуге арналған тұнық бастау. Бір жыл бойына ауыз әдебиетінің небір шұрайлы түрлерімен сусындаған оқушы Айтыс бөліміне келгенде, өзі де ақынжанды адамға қалай айналғанын сезбей қалады. Біржан мен Сара айтысын өткен кезде дебат сабақтардың ерекшелігі немесе оқушылар ізденісіндегі Жанбота әнінің, Ұрланған шідер, Ләйлім шырақ әндерінің шығу тарихын зерттеулері де сабақтың тағлымдық мәнін аша түседі. 10-сыныптағы тақырыптардың да танымдық тағлымдары өте мол. Шоқанның хаттарыныан оның еліне сүйіспеншілігін, жанашырлығын көріп , балалар соған ұқсағысы келсе, жолсапарлық әңгімелерінің дүниетанымдық әсерлеріне сүйсініп, Шоқан туралы жазылған әдеби шығармаларды тауып алып, шығармалар жинағын құмарта оқиды.

Абайдың әр өлеңі, поэмалары, қара сөздері дүниеге ашылған есікпен тең. Абайдың өлеңдерін тақырыптары бойынша өздері топтау барысында Венн схемасын ұтымдылықпен қолданып, модельдеу арқылы өздері кейде өзі үшін жаңалық та ашып жатады., аудармаларын салыстыра талдау барысында көркем аударманың өзі әртүрлі болатынын, түпнұсқаға жақын немесе еркін аударма болатынын өте жақсы айырып жатады, поэтикалық талдаудан соң оқушылардың өздері де бір саты жоғарылап қалғандай боп қалады.Кейбір оқушылар шығарманы ғана түйіндеп қоймай, соған ұқсас басқа бір оқығанын да қоса әңгімелеп, таным көкжиегінкеңейте түседі. 11-сынып оқушылары үшін танымдық тәрбие негізі дәстүрден тыс сабақтармен байланыста жүргізіледі.Семинар, баспасөз-конференция сабақтары, кейде оқушылардың сабақты өздері жүргізулері оларға қосымша мәліметтер берумен бірге, өмірге басқаша көзқараспен қарауды үйретеді. Сонымен қатар қазақ тілі сабақтарындағы 9-10-сыныптағы ресми құжаттарды жасауға үйренулері де танымдық тәрбие береді деп ойлаймын., себебі әр құжат реквизитінің өз орнында болуын, әр интервалдың дұрыс сақталуын білу елбасының жастар туралы айтқанына сай, ертеңгі ел қамын ойлайтын әр азаматтың ресми құжатты еркін меңгеруіне жағдай жасайды. Әдебиетті оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендіру-білім мазмұнын тереңдетеді, қоғамдық әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп шәкірттің дүниетанымын кеңейтеді, өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді.

ІІ ТАРАУ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ
2.1. Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру жолдары
Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту- білім берудің аса маңызды әрі күрделі жұмыстарының бірі. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап-даралап оқыту оқушылардың бүкіл ой еңбегін, яғни ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарды нәтижелі, жемісті болатындай етіп, ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдердің зерттеулері мен пікірлері бойынша оқушыларды көркем шығармаларды оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.
Кіші жастағыларға 5-7 сыныптағы 10-12-дегі жас өспірімдер;
Ересек жастағыларға 8-9 сыныптағы 13-14-тегі жас өспірімдер;
Үлкен жастағыларға 9-11 сыныптағы 15-17-дегі жастар жатқызылады.
Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы, бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.
Кіші жастағылар- психологиясы, мінез-құлқы, физиологиясы жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге болса да сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын жақсылыққа да, жамандыққа да сенетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер елі қызықтырады, фантастикалық, қиял-ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаулары алғыр. Дегенмен, аланғасарлық, тез қабылдау мен тез ұмыту осы жастағаларда кездеседі. Мектепте көп шулайтындар да тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да 10-12 жастағылар. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қара сөзбен жазылған шығармаларды оқуға ынталы. Әсіресе, оларды соғыс, шпиондар ерекше қызықтырады. Оқыған шығармаларының мазмұнына қарай түрлі эмоциялық көңіл-күйді бастарынан кешіріп, соны ұмыта алмай, дел-салдыққа түсушілік, алаңдаушылық оларда жиі кездеседі. Жалпы осы үш топтағы оқушылар ішінен кітапты көп оқитындар да, ондағы бас кейіпкерлерге, әсіресе, барлаушыларға, батырларға еліктеушілер осы жастағылар. Олар оқып отырған кітаптарына, ондағы оқиғаларға толық сенеді, дегенмен, шіркін неге ол бұлай істеді екен, әттең, олай істегенде деген сияқты өз қиял - ойларына да ерік беріп, толғанып жүреді, бірақ ол толғаныстары уақытша болады, тез ұмытады, себебі келесі кітапты оқығанда, ол басқаша талпынысқа тап болады. Әрине, 10-12 жастағылар оқығандарының барлығын, одан алған әсерлерінң барлығын тез ұмытып кетеді дегеннен аулақпыз. Оқыған дүниелерін, әсерлерін, 2-3 айдан кейін қайта сұрағанда олар басыңқы дауыспен байыпты баяндай бастайды. Кейіпкерлер тағдарана да мойынсұнушылықпен қарауды сезінуге болады. Мұның барлығы яғни , сондай тұрақсыздық -баланың жас ерекшелігі, психологиясынан туып отырған дүниелер М.Мағауиннің Бір атаның балалары шығармасынан 6-сыныпта үзінді берілген. Осы әңгімеде, әсіресе, оқушылардың эмоциясына әсер ететін екі үлкен жағдаят бар:
Бірінші, Ертай мен Нартайдың бір-бірін жібермей, бөлек кеткісі келмегендері (балаларды үй - үйге бөліп жатқанда), сонан соң ата-аналарын іздеп үсіп өлулері. Ертай мен Нартайды бірге асырап алу керек еді. Бөлмеу керек еді, солай болғанда бұлар өлмес еді деп, бабаалр бір ауыздан осындай пікір айтып, шулап жатады. Балалар өліміне келіскісі келмейді. Жазушы болсаң әңгімені қалай аяқтар едің деген сұраққа олар түгелдей қатысып, бір-ақ шешімге келеді. Яғни, тірі қалдыру. Біреу өз қиялына ерік беріп, оларды ауыл адамдары құтқарып қалады десе, екіншілері үлкендер сезіп қап оларды жолға шығармай қояды дегендей, өз аңсауларынан туған солай болса екен деген пікірлерін айтыа жатады. Олар осы кезде сзімге беріліп, балалар өліміне шынында да кім кінәлі екенін ажырата алмай жатады. Әңгіме негізіндегі идеяны да, авторлық шешімді де аңғара алмай жатады.
Оқушылардың осы шығарманы қабылдауларын, шығарма әсерін, оқырмандық дүниетанымын байқау мақсатында оларға шағын шығарма-толғаныс жаздырылды. Жұмысты тексеру барысында барлығы да Ертай мен Нартай өліміне қайғырғандарын жазады, қыздаржылағымыз келді, не жыладық дейді. Ал олардың қайғылы тағдарларына кім кінәлі екенін шып жаза алмаған. Көпшілігі жоғарыда айтып кеттік, бабаалаодың өздерін кінәлайды, асырап алған баларды кінәлайды. Бұдан шығатын қорытынды не? Қорытынды 10-12 жастағы бабаалр көркем шығарма негізінде белгілі бір идея жататынын, ол авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Тіпті оның көркем туынды екенінде де шаруасы жоқ. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің өзі деп қабылдайды. Сонымен осы жастағы балаларды кітап оқуға баулуда, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн.
Кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес беру. Төмендегі үлгіде көмекші нұсқаулық жасап, оны кабинетке іліп қою.
Мына мәселелерге көңіл бөлу:
Кітапты ұқыпты, асықпай-саспай оқы, жыртпай, кірлетпей оқы, бүктеме, белгілеме;
Басты кейіпкерлерін, оқиғаларды ұмытпау үшін дәптеріңе жазып ал;
Оқып отырған көркем шығарма екенін, оны белгілі бір адам жазғанын ұмытпа;
Шығарма не айтпақшы, нені үлгі етпекші, жазушы оны жазуда нені мақсат еткен, соны үнемі ойла. Өзің қандай үлгі алдың? Жолдастарың қандай үлгі алады деп ойлайсың? Әр оқыған кітабыңның тек қызықты оқиғасын, қуанышты, қайғылы жерлерін, не кейіпкердің басынан өткендерін ғана еске сақтамай, ең бастысы, кітап саған ұнады ма, ұнамады ма, соған ой жүгірт. Неге ұнады, нге ұанамады, дәлелдеуге тырыс. Жазушы осы кітапта оқырмандарға не айтпақшы болған, соған үңіл.
Ересек жас өспірімдердің психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшелік бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастайды. Балалық шалалық немесе ұшып-қонып тұрған көңіл, мінезден, байқағандарын, оқығандарын тек сезім жетегінде, байбына бармай, айта салушылық, бірбеттілік, қайтпастылық мінезден арыла бастайды. Бірақ осы жастағы балалардың қай жағынан болсын, әлі қалыптасып болмағанын сынаптай толқып тұрған шақтарын естен шығаруға болмайды. Бұл шақ психолог ғлымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ. Балалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы көпір. Білім беру, тәрбие істерінде де бұл жасқа ынтамен қараған дұрыс. Төменгі, кіші сыныптардағы мен айтам, мен оқимын деген самсаған қолдардың сынып жоғарылаған сайын, сиреп кету себебі не? Немесе оқыған кітаптары туралы даурығып, таласып жатқан балаларды олар өскен сайын неге аз кездестіреміз. Қай жерде, қай мезгілде лепіріп тұрған кемерінен асып-төгіліп тұрған бала көңілінің, ынтасының нәзік қолын үзіп аламыз? Әдеби шығармаларды оқытпас бұрын, оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыоу мақсатындағы жұмыстардан бұрын, осы мәселеге әр ұстаз абай болғаны жөн.
Балаларға әдеби шағарманы жүйелі түрд оқытқызған жөн. Олардың ынтасын, қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілін, жетілдіру, іздестіру керек. Бұл жұмысқа мектеп кітапханасы, бүкіл мұғалімдер қауымы, тәрбиешілер жұмыла кіріскені дұрыс. Тарих, география, тіпті математика пәндерінен де қызықты, әдеби кітаптар беріп оны оқытып отыру, баланың сол пәнге деген ынтасын арттыру үшін аса маңызды. Бірақ мұндай жұмыстар аса сақтықпен істеліну керек. Балалны көп шаршатпау, басы артық тапсырмалар беріп уақытын алмауды ойластырған дұрыс. 13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы бабаларға қарағанда көркем шығармаға басқаша көзқараспен қарай бастайды. Тек оқиғасын қызықтап оқу, соған бар жан тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын шындық өмір деп қабылдау, барлығына күйіну, қуану бұл балаларда да болғанымен, ол басқалай сипат алады. Көркем туындыны оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, әдеби талдауда өз пікірлеріне көп жүгінеді. Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығына бірдей қуана да қайғыра да бермейді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, дұрыс емесғ бұлай болу керек қой деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді. Мысалы, 8-сыныпта М.Әуезовтың Қараш-қараш оқиғасы атты шығармасынан үзінді беріледі. Талдау кезінде оқушылардың көбі Бақтұғұлдын мына іс-әрекетіне келіспейді:
а) Биені ұрлап алып, соны жасыра тұрмай, ұстап қалуы;
ә) Жараспайға барып, айтқанына жүре беруі, ұрлыққа түсуі;
б) Жуандар арасында өзін Жараспайдың ұрлыққа жібермеуін ашып айтпауы;
в) Болысты басқалардан жасырып, өлтірмей, өзінің өлтіргенін білдіріп қоюы.
Оқушылар неге бақтұғұлды осы мәселелерде ұнатпйды? Оның бір себебі, олар оқыған дүниелеріне көз салады, дұрыс па, бұрыс па-ойланады, бұрынғыдай тек сезімге беріле бермейді, талдау жасап, саралап оқиды. Екіншіден, бұрынғы оқыған шығармаларында, көрген киноларында бас кейіпкер жеңіп шығады. Бұған бұрын оқыған шығармалары да кинолары да әсер етуі мүмкін. Бірақ бұған қарап 12-14 жастағылар көркем шығармаларды өз беттерімен толық оқитын оқырмандар деп қарауға болмайды. Көркем туындыны өнердің бір саласы деп қараау, оның тақырыбы, идеясы, көтерген проблемасы, тіл ерекшелігімен қоса, тұтас дүние деп қабылдау оларға әлі де ерте. Осы кезде, әсіресе, оларға мұғалім көмегі, ақыл-кеңесі ерекше қажет. Себебі, осы тұрақсыз жастағылардың ішінен көркем туындыға салқындау қарап, одан бой тарту жиі кездеседі. Оның себептері көп. Бір себебі - бұл жастағыларда кітаптан басқа да қызықтыратын дүниелер пада болады. Біреуі спортқа ден қоюы мүмкін, екіншісі әнге, не басқаға бой ұрады. Мұғалім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Эпикалық шығармаларды оқыту
Драмалық шығармалар
Көркем шығарманы оқыту әдістемесі
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Драмалық шығармаларды оқыту
Балаларға әңгіме айтып беру
Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту
Пәндер