Меркантилизм және сауда еріктігі теориясы


Меркантилизм және сауда еріктігі теориясы
Меркантилизм - ақшаның, сауданың, мемлекеттің ролі жөніндегі Европа ойшылдары көзқарастарының жиынтығын көрсететін XVI-XVIII ғғ. қалыптасқан еуропалық экономикалық ойдың бағыты.
Рыноктық экономикалық қатынастардың натуралды-шаруашылық байланыстарды ығыстыруы тарихи жағынан ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр арасындағы өтпелі уақытты қамтиды. Бұл кезең экономикалық әдебиеттерде меркантилизм немесе меркантилистік жүйе кезеңі деп аталады.
«Меркантилизм» түсінігі латынның «mercari» (сату) деген сөзін білдіреді. Ағылшынша, французша, «mercantile» - «сауда», ал итальянша «mercante»- «саудагер немесе купец» мағынасын білдіреді.
Бірақ меркантилистік жүйе өте күрделі концепцияны қамтиды. Оның пайда болуы ірі географиялық жаңалықтармен, капиталдың алғашқы қорлануын тездетумен, жаңа шаруашылық субьектілерінің-кәсіпкерлік-меншік, жалдамалы жүмысшылардың дүниеге келуімен тығыз байланысты.
Н. Д. Кондратьевтің бағалауы бойынша, меркатилистік жүйе- «іс-тәжірибе саясатының жүйесі» болды. Ол негізінен халық шаруашылығы қандай болуы керек және үкіметтің оған қандай қатынасы болуы керек деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мұндай бағалау М. Блаугтің меркантилистік дүниетаным көзқарастары принциптерін көрсетуімен тұстас келеді. Олар:
1) алтын мен күміс- байлықтың мәні;
2) елге алтын мен күмісті келтіруге бағытталған сыртқы сауданы реттеу;
3) арзан шикізат импорты арқылы өнеркәсіпті қолдау;
4) импорттық өнеркәсіп товарына протекционистік тариф;
5) экспортты ынталандыру, әсіресе әзір өнімді;
6) жалақының төменгі дәрежесін сақтау мақсатында халық өсуін қолдау;
Бұлардан басқа ортағасырдағы дәстүр мен әдет-ғұрыпқа сүйенген мемлекеттің экономикаға араласуы өзгерді. Меркантилизм тұсында түрлі жарлық пен статуттар шаралары арқылы мемлекеттің шаруашылықты реттеуі мен үйлестіруі жалпы коммерцияландыруды ұлттық саясат деңгейіне көтеруге бағытталды.
Сонымен қатар, олар феодалдық тәртіптің жақтаушылары тәрізді еңбек пен жердің коммерциялануын жібермеді, ал бұлар рыноктық экономика қалыптасуының бастапқы жағдайлары еді. Сондықтан «меркантилистік шаруашылық құрылыста тәуелсіз экономикалық жүйе болған емес» және «білім-ағарту бағытындағы деспоттың абсолюттік өктемдегіне шексіз сену әлі демократиядан алыс еді».
Меркантилистердің рыноктық жүйені дамытуды мемлекеттік қамқорлық арқылы рыноктық емес тәсілдерімен жүргізу- еркін сауда саясатын мүмкін етпейді. Бұл, әсіресе, Францияда 1790 жылға дейін қолөнерлік цехтар мен фоедолдық артықшылықтардың сақталуынан көрінді. Англияда тек 1813-1814 жылдарда ғана қолөнершілер туралы статут жойылды, 1834 жылы Елизаветаның кедейлер туралы заңы өзгерді.
Дей тұрғанмен, меркантилизм кезіндегі мемлекеттік үкіметтің айқын протекционистік саясаты (ақша байлығын көбейту) экспорттың импорттан артық болуына және сыртқы саудада эквиваленттік емес айырбасқа бағытталды. Олар тиімді сауда балансын ( оңды сальдо) жасап, экономикадағы сауда капиталының ролін түбірінен өзгертті. Меркантилизм тұсындаұлттық өнеркәсіпке көпестердің тікелей араласуының арқасында өнеркәсіп коммерциялық негізде дамып, бірте-бірте олардың бақылауына көшті. Бұлай болудың мүмкіндігін К. Поланьи былай түсіндіреді: купец рынокты, мұндағы сұраныстың көлемі мен сапасын білді, сөйтіп ол үй шаруашылығы үшін товарлар әкелді, бірақ қымбат құралдар болмады, сөйтіп купец ештеңеден қорықпайды, әсіресе өндіріс үшін. ХҮІІІ ғасырдың аяғына дейін Батыс Европада өнеркәсіп өндірісі сауданың жай, қосалқы мүшесі болды.
16 ғасырда пайда болып, 18 ғасырдың аяғына дейін дамыды. Меркантилизмді А. Смит (1723 - 90) өзінің “ Халықтар байлығының табиғаты мен себептері ” (1776) атты басты еңбегінде негіздеді. Меркантилизм Батыс Еуропа елдері -Англия, Франция, Испания, Португалия, Италияда дамыды.
Меркантилизмнің көрнекті өкілдері:
- Англияда - У. Стаффорд, Т. Мен, Дж. Стюарт;
- Италияда - А. Серра;
- Францияда - А. де Монкретьен, Ж. Б. Кольер.
Меркантилизм теориясының кейбір нышандарын орыс экономисі, І Петрдің замандасы И. Т. Посошковтың “ Сараңдық пен байлық туралы ” деген еңбегінен де кездестіруге болады.
Меркантилизм ілімін жақтаушылар - меркантилистер - қоғам байлығы мен әл-ауқатының көзі материалдық игіліктер өндірісі емес‚ тауар және ақша айналысы саласы деп есептеді. Олардың пікірінше қоғамның әл-ауқатына сыртқы сауданы реттеу‚ тауарлар әкелімінен әкетілімінің басым болуы және елде ақшалай капиталдың қорлануы жолымен қол жеткізуге болады. Осыдан келіп “ меркантилдік ” деген термин сауда‚ коммерц. деген мағынада қолданыла бастады. Сонымен бірге ол материалдық пайдакүнемдікпен‚ бас пайдасын күйттеушілікпен байланысты ұсақ есепшіл‚ саудагерлік дегенді де білдіреді.
Меркантилизм - өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара отырып еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.
Мерканталистер пікірі бойынша, байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы мүмкін болады және әрбір ұлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты мемлкеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес үш сектордан тұрды: өндіріс сектор, ауыл шаруашылық секторы және шетел отарлары. Саудагерлер эономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды тобы ретінде, ал еңбек - негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылды.
Меркантилистер халықаралық сауда теориясына зор үлес қосты. Олар бірінші болып оның елдің экономикалық өсуіндегі мәнін көрсетіп, экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.
Меркантилистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы төлем балансына сипаттама берді. Меркантилситердің шектеулігі олардың бір ұлт өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің дамуы қолда бар байлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да мүмкін болатын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар ілімі сыртқы саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп ойларына итермеледі.
Фритредерліктің негізіне ағылшын саяси экономиясының классиктері А. Смит пен Д. Рикардо жасаған салыстырмалы шығындар теориясы алынған. Олардан кейінгі Стюарт Милль, Хекшер Олин, Самуэльсон, Леонтьевтің және қазіргі экономикалық білімнің өкілдері жазған еңбектері бұл бағытты талдауды жетілдіруге мүмкіндік берді.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие. ДСҰ басты міндеті - іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
- Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
- Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
- Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
- Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz