Ғалым Құдайберген Жұбановтың тіл біліміндегі орны, әдістемелік еңбектері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ғалым Құдайберген Жұбановтың тіл біліміндегі орны,
әдістемелік еңбектері
Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І Құдайберген Куанұлы Жұбанов-ағартушы, педагог, ғалым
1. 1 Қ. Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы
ізденістері . . . 5
1. 2 Профессор Қ. Жұбанов - қазақ тіл білімі тарихындағы ұлттық
дидактик . . . 9
ІІ Қ. Жұбановтың Еңбектеріндегі әдістемелік негіздір
2. 1 Сатылы, салыстыру және көрнекілік принциптері . . . 20
2. 2 "Дамыта оқыту принципі" және оны халықтық психологияға сай
қолдану . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
ҒЫЛЫМИ АППАРАТ
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Білім беру мен оқудың теориялық негіздері, сондай-ақ ақыл-ой тәрбиесін игерудегі әдістемелік негіздерді айқындау. Ағартушы, ғалым, педагог Қ. Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы ерекшеліктері мен оқыту принциптерін айқындау, тиімділігін ашу. .
Зерттеу нысаны
Қ Жұбанов еңбектері
Зерттеу пәні
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қ. Жұбановтың зерттеулеріндегі әдістемелік негіздерді зерделеп, олардың мәні мен маңызын ашып көрсету. Бұл ретте көздеген мақсатқа жету үшін мына төмендегі міндеттерді орындау шарт:
- Әдістемені қолдану барысында оның танымдық, әлеуметтік қызыметтері мен маңызын, қолданыс аясын айқындау, білм сапасына қатысты ұлттық мүдде түсінігін анықтау;
- Қ. Жұбановтың зерттеулерінде - оқытудың ғылымилылығын, оқытудағы саналылық пен белсенділік, оқушылардың ерекшеліктеріне, жасына сәйкес оқуды ұйымдастыру, оқудың көрнектілігін, тәрбиелілігін бір-біріне тығыз байланыста жүйеде қарастыруын атап көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Құдайберген Куанұлы Жұбанов-ағартушы, педагог, ғалым ретінде тану;
- Қ. Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы ізденістерін зерделе;
- Профессор Қ. Жұбанов - қазақ тіл білімі тарихындағы ұлттық дидактик екенін дәлелдеу;
- Қ. Жұбановтың Еңбектеріндегі әдістемелік негіздір ашу;
- Сатылы, салыстыру және көрнекілік принциптерін талдау;
"Дамыта оқыту принципі" және оны халықтық психологияға сай қолдану жолдарын қарастыру;
Зерттеу жұмысының болжамы
Егер Құдайберген Жұбановты ағартушы, педагог, ғалым ретінде қарастырып, оны қазақ тіл білімі тарихындағы ұлттық дидактик, әдістемінің негізін салушылардың бірі ретінде қарастырып, еңбектерін талдасақ білім беру жүйесінде ұлттық танымды сақтай отырып білім сапасын көтеруге үлес қоса аламыз.
Зерттеу әдістері
- Баяндау әдісі
- Түйінді мәселеге көңіл аудара түсіндіру әдісі
- Салыстыру әдісі
- Сөзбен суреттеп көрсету
- Көрнекілік әдісі
- Еңбек процесімен байланыстыру
- Пәнаралық байланыс
- Проблема қоя оқыту
- Жүйелі ойға төсілдіру
- Өмірмен байланыстыру әдісі
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ
Қоғамның материалдық, рухани байлығымен бірге ғылым да, өнер де жетіліп, бір ұрпақтың еңбек процесіндегі тәжірибесі екінші ұрпаққа мирас ретінде ауысып отыруы заңды құбылыс. Әрбір жаңа ұрпақ аға ұрпақ тапқан жинақтаған тәжірибелерге кенеліп, оны өз өміріне пайдалана отырып ілгері жетілдіру арқылы өркендетеді. Сондай дамудың нәтижесінде білім беру жүйесі дамиды.
Педагогикалық тұрғыдын келгенде дидактика оқыту мен білім берудің тероялық заңдылықтарын айқындайды. Оқу пәні ретінде білім берумен оқытудың ортақ заңдылықтарын зертттеп, жүйелік жолдарын, теориялық негіздерін белгілейді. Басқаша айтқанда, дидактика - оқыту процесі мен ілімді игеруді ұйымдастырудың заңдылықтары туралы ғылым. Шәкірттік жолын біледі. Сондай-ақ шәкірт бойындағы күш-қуатын, қабілет мүмкіншілігін тиісті бағыт-бағдарда жұмсай білудің, таным-түсінігін жетілдірудің жол-жосығын, әдіс-тәсілін дидактикадан табады.
І ҚҰДАЙБЕРГЕН КУАНҰЛЫ ЖҰБАНОВ-АҒАРТУШЫ, ПЕДАГОГ, ҒАЛЫМ
1. 1 Қ. Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы
ізденістері
Қазақ тіл білімінің тұңғыш профссоры, қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалаған түрколог, шығыс пен батыс тілдерін бірдей меңгерген полиглот-лингвист, ағартушы, қоғам қайраткері Құбайберген Қуанұлы Жұбанов. Қ. Жұбанов «құйрықты жұлдыз» секілді жарық көрініп, өмірден ағып өте шыққан адам.
Қ. Жұбановтың қазақ тілі мен отандық түркология ғылымына қосқан үлесін айта келіп, академик Ә. Қайдаров оны тіл білімінің теориялық негізін салушы деп бағалайды. Қ. Жұбановты А. Байтұрсыновпен салыстыра келіп: «айырмашылық олар өмір сүрген уақытта; ағарту ісі мен тіл біліміне қосқан үлесі мен шешпек, шешілмек проблемаларында; әр ғалымның өзіне ғана тән, қайталанбас тамаша ерекшеліктерінде!» - деген болар едім. - Мәселен А. Байтұрсыновтың жоғары білімі болмаса да, тіл табиғатын терең түсіну арқылы халық ағартуға қажетті мәнді де маңызды еңбектермен танылған ғұлама. Ал Құдайберегн Жұбанов болса, сол кездегі европаша жан-жақты терең білім алған, бүкіл отандық түркологияның екеуін де қазақ тілінің іргетасын қалаушылар деп айтуға проволымыз. Бірақ Қ. Жұбанов - басқалардан ерекше - қазақ тіл білімінің ғылыми негізін қалаушы деп аталуға тиісті», - дейді [13] .
Қ. Жұбановтың өз кезінде жазған еңбектері, шешкен түйінді мәселелері, атқарған қызыметі қаншама мол болса, бермегі, атқармағаны одан да мол еді. Амал, қанша тағдырдың тәлкегіне кездесіп, ол мезгілсіз опат болды. Қиянат көрген жалғыз оның өз басы ғана емес, еңбектері де: 1937-1938 жылдары оның барлық жарық көрген, баспаларға даярлап берген еңбектері мен үйіндегі қолжазбалары тәркіленіп, жұртшылық назарынан тасада қалды. Сол еңбектердің бүгінгі дәуірге жеткендері - оннаң бір бөлігі деуге болады. Ал жетпегендері - отқа жағылды ма, қиянатшыл жандардың меншігіне айналды ма? Ол жағы әзірге беймағұлым. Ғалым ақталғаннан кейін табылған еңбектерін жиыстырып, Қазақ Ғылым академиясының Тіл білім институты 1966 жылы бір томдық жинағын шығарған. Сол жинақты оқып ғалымның көзін көрген, алдынан тәлім алған шәкірті, белгілі әдебиетші, ғалым М. Қаратаев былай тебіренеді: «Чувство радости и боли испытываешь, когда просматриваешь эту книгу, увидешую свет через 30 лет после, того, как не стало ее автора. Радуешься тому, что большой труд большого ученого сохранен для поколения читателей. Горько сознавать, что немалая его часть утеряна, и видмо, необратимо, - дейді ол осы мақаласында. - …Многое из того, что успел создать Х. Жубанов, и что было известно тогда нам, не дошло до этих дней. А знали мы, разумеется, далеко не все. Можно только предположить, как много потерино. Но и то, что уцелело, что собрано в книге представляет большую ценность и является знаменательным событием в культурной жизни республикаи»
Құдайберген Жұбанов тек қана ғалым емес, үлкен ағартушы-педогог болған. Ол өзінің қоғамдық қызметін мұғалімдіктен, ағартушылықтан бастаған. Қазақ халқының мәдени-рухани тарихында XX ғасырдың 20-жылдарының бас кезі үшін ағартушылықтың зор әлеуметтік мәні болғаны аян.
Қ. Жұбановтың ағартушылық қызметіндегі бір қасиеті - ол тек оқыту ісімен ғана болып қоймай, сол оқытуды жетілдіру, жақсарту, нұсқау жағына да баса көңіл аударады. Бұған уездік, губерниялық, республикалық оқу бөлімдерндегі инспекторлық міндеті ғана емес, оның ауылдық мұғалімдерге ауызша да, хат арқылы да кеңес-консультациялар беруі, кейін тіпті «Әдіс бірліктері мен әдіс үйірмелерінде оқу жылының II жартысында талқыланатын әдіс-программа мәселелері» деген сияқты нақтылы жол-жоба жазуы куә.
Ағартушылық саласындағы Қ. Жұбановтың әлеуметтік-тарихи мәні бар үлкен еңбегі - оның мектепке арналған (V-VII кластарға) қазақ тілі бағдарламасын жасап, оқулықтар жазуы. Бұлардың құндылығы содан -олар қазақ тілінің жаңа оқулығы мен бағдарламасы болды.
Тілдің мектепке арналған бағдарламасы дегеніміз - бір жағынан, әдеби тіл нормасын белгілейтін құжат. Мұнда әсіресе фонетика, синтаксис салалары тұңғыш рет ғылыми негізде талданып ұсынылады. Әрине, қазақ мектептерімізде қолданылып жүрген бағдарламалар - басқа авторлардың (Қ. Жұбановтан кейін) жасағандары. Қ. Жұбанов бағдарламасындағы терминдер мен материалдардың жүйеленуі бұл күнде басқаша. Бірақ құрылымы, материалдарды ұсыну тәртібі жағынан соңғы бағдарламалар да тұңғыш варианттың ізімен жасалғандғы байқау қиын емес.
Қ. Жұбанов мектепке арналған қазақ тілі грамматикасының толық курсы жазған (V және VI-VII кластар үшін), бірақ оның 1-бөлімі (V сынып үшін) кітап болып шыққан да, екіншісі жарық көрмей кеткен. Басылып шығып, мектептерде қолданылатын оқулықтың құндылығы сол - мұңда қазақ тілі салаларының (синтаксис, морфология, фонетика) әрқайсысы ғылыми негізде тәртіптеліп, әлдеқайда кеңірек сөз боды. Әсіресе дыбыс, буын, үндестік заңы сияқты фонетика мәселелері тиянақты, жан-жақты түрде баяндайды.
Қ. Жұбановтын ағартушылық қызыметі оның нағыз ғалым, профессор болған кезінде де толықталған жоқ: ол Ағарту Халық Комиссариаты жанындағы Оқу-методика секторының меңгерушісі болып қоса қызымет атқарып жүрді. Бұл жүргенде де оқулық-бағдарламаларды өзі ғана жазып қоймай, басқаларға жаздыруды ұйымдастырып, оларға консультация-кеңес беріп, мұғалімдердің білімін жетілдіру курыстарына, семинарларына сабақ беріп, көп еңбек еткен.
Қ. Жұбановтың профессорлық - ұстаздық қызметін айрықша атауға болады. Әріптестерінің, шәкірттерінің көз көрген замандастарының айтқан, жазған есетілктеріне қарағанда, оның абзал жанды үлкен азамат, абыройлы ұстаз болғанын байқаймыз. Оқығаны да, сол оқығанынан тоқығаны да мейлінше мол, бірнеше тілді, әсіресе орыс, қазақ тілдерін бірдей меңгерген, ғылымның алуан саласынан хабардар қарапайым Қ. Жұбанов өзінің біліммімен де, жүріс-тұрысымен де сан адамның ақылшы тәрбиешісі, ұстазы болған. Тіл ғылымы дүниесіне 1934-1935 жылдары қалам тарта бастаған Сәрсен Аманжолов, Хажым Басымов, Сейіл Жиенбаев сияқты сол кездегі жастарды қателіктерін көрсете отырып баулығаны көрінеді [14] .
Қ. Жұбановтың қаламынан туған дүниенің бірқатары өз кезінде жарыққа шығып үлгерді, ал бірсыпырасы, оның ішінде аса бір құндылары да, баспа бетін көрмей, мүлдем жоғалып кетті. Енді біраз жазбалары мелекеттік архивтерде сақталып қалғаны анықталып отыр. Өз тұсында, 30-жылдарда, Қ. Жұбанов жазғанданынан жеке кітап, кітапша болып шыққандары, сол кездегі «Ауыл мұғалімі», «Политехникалық мектеп», «Әдебиет майданы» сияқты журналдарда басылғандары, жинақтарға енгізілген мақалалары, Терминком бюллетеньдерінде жарияланған материялдары мүмкіндігінше жиналып алынды, газет беттерінде жарық көрген мақалаларының да едәуір қолға түсті. Қ. Жұбановтың әр жерде өзінің айтуы бойынша және кітапша мұқабаларындағы баспа жарнамаларында көрсетілуінне қарап, оның қаламынан төмендеген еңбектердің шыққанын, бірақ олардың басылуға дайын тұрған жерінен (баспалар мен редакцияларда) жоғалып кеткенін білуге болады. Олар мыналар: «Мағынасыз сөздердің мағыналары» атты тұңғыш мақаласы (о баста баяндама тексті) екі рет жоғалған. Алғашқыда 1930 жылы басуға жіберілген жерінен Қазақстанды зерттеу қоғамы дегеннің қағаздарының арасына түсіп кетіп жоғалады. Кейін есте қалғандары бойынша автор оны «Қазақтардың малға айтатын одағайлары» деген атпен қайта жазып, екінші рет баспаға ұсынғанда, 1937-38 жылдары тағы жоғалып кетеді. 1936-1937 жылдары Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөнінен зерттеулер» деген жалпы атпен 10 түрлі жұмысы (10 кітапшасы) шығуға тиісті екен. Солардың тек екеуі ғана («Из истории порядка слов в казахском предложении», «Заметки о вспомогательных глаголах») шығып үлгерген де, қалған сегізі қалып қойып, сол бетінде жойылған. Олар: «О частях речи в казахском языке», «Двойные слова синонимического типа». «Возникновение фонематического различия глухих и звонких». «Подражательные слова, как особые формы словообразования», «Скотоводческие междометия казахов», «Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов», «К природе и генезису залоговых форм в казахском языке», «Структура местоимений в казахском языке»1.
Сондай-ақ ғылыми грамматика курсының I томы «Фонетика» деген кітабы жарық көрмей жоғалып кеткен. І936-37 жылдары Қ. Жұбановтың қатысумен «Қазақ тілінің академия сөздігінің» I бөлімі «А - азу» дегенге шейін
жасалып, А. Самойлович пен Қ. Жұбановтың редакторлығымен баспаға дайындалған екен, ол да жарық көрмеді. Ішінде Қ. Жұбановтың екі мақаласы бар «Қазақ тіл білімі мәселелері» деген жинақ баспаға дайындалған екен, ол да жоқ. 20-жылдарда Құдайберген «Сегіз бен Мақпал» атты пьеса жазған екен, ол да қолға түспеді. 1932 жылы Шакар мен Таразы қыздың айтысын жазып алған екен, оның да қайда екені беймағлұм. Және де біз білмейтін тағы да көптеген тезистері, материалдары, сүйкей салған жазбалары, жазысқан хаттары болуы мүмкін. Осылардың барлығын әрі қарай тынбастан іздестіру, табу міндетіміз де, борышымыз да. Іздестірсе әр нәрсе шығып қалатынын байқадық. Әкесінің мұрасын архивтерден, жеке мекемелер мен адамдардан іздеп табуда балалары Ақырап пен Есет Жұбановтардың, інісі акад. Ахмет Жұбановтың көп қызмет еткенін айтпасқа болмайды. Сондай-ақ қарт мұғалім Жанғазы Жолаев жақсы материал тапсырды, ол - Қ. Жұбановтың өзіне жазған хаты, педагог ғалым Шамғали Сарыбаев тапсырған материал - Қ. Жұбанов лекцияларының конспектісі - бағалы екенін айту керек. Сол сияқты әрі қарай бәріміз ат салыссақ, оған осы кітапшаны оқығандар қатынасса, әлі де біраз материал жиналар деп үміттенеміз.
Еңді Қ. Жұбановтың ғылыми мұрасына тоқталайық. Ғұлама ғалымның қаламына ілінген мәселелер тақырыбы жағынан мынадай салаларды қамтитды.
1) Фонетика;
2) Қазақ тілі грамматикасы (морфология мен синтаксис) ;
3) Жалпы тіл білімінің кейбір мәселелері;
4) Қазақтың ұлттық әдеби тілінің дамуы мен тарихы;
5) Қазақ жазуы, орфографиясы, терминологиясы;
6) Оқулық, бағдарлама, әдістеме;
7) Мәдениет пен өнер мәселелері.
Осылардың әрқайсысына қысқаша талдау жасалық.
Қ. Жұбановтың еңбектеріне және өмірбаянын жазушылардың айтуына қарағанда, оның тіл ғылымының бір саласы ф о н е т и к а н ы ден қоя зерттеуге кіріскені байқалады. «Материалы к научной грамматике казахского языка, I том, фонетика» деген монографиясы жазылып бітіп, 1937-38 жылдарда баспадан шығуға тиісті екен, бірақ шықпай, қолымызға қолжазбасы да тимей сол күйінде жоғалып кеткенін жоғарыда айттық. Қ. Жұбанов еңбектерін жақсы білетін акад. I. Кеңесбаев «көлемі 20 баспа табақтай бұл кітапты автордың фонетика саласындағы ұзақ уақыт зерттеген еңбегі болатын» дейді. Соған қарағанда Қ. Жұбанов фонетика нендей ғылым дегеннен бастап, онда зерттелетін категорияларды жүйелі түрде башайлап талдаған.
Әзірге біздің алдымызда фонетика мәселелерін сөз ететін оның 3-4-ақ жұмысы жатыр. Олар фонетиканың өзі емес, соның кіріспесі тәрізді. Бұл «К постановке исследовання истории фонетики казахского языка» (машинкамен 19 бет), «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар, Қазақ тілінің фонетикасы» (журналдың 16 беті), «Буын жігін қалай табуға болады» (машинкамен 15 бет) . Бірінші мақала «Труды Казахского института национальной культуры» деген 1935 жылы шыққан жинақта жарияланған.
Мұнда автор лингвистикалық зерттеу жұмысын жүргізудегі өзінің бұрынғы зерттеушілерден ерекшеленетін әдістерін баяндайды. Бірінші ерекшелігі - қазақ фонетикасы тарихын зерттеу объектісі етіп жазба ескерткіштер емес, осы күнгі тілдің өзін алатындығы. Өйткені, дейді автор, қай тілдің болмасын осы заманғы қалпының өзінде көптеген тарихи қалдықтар бар. Олар грамматика саласынан да, семантикадан да, сондай-ақ фонетикалық элементтерден де табылады. Семантикалық реликт (қалдық) ретінде осы мақаласында қазақтың «безгегім ұстады», «күн көру» орыстың «лихорадит», немістің es regnet (дождит) деген тіркестерін келтіреді. Бұл ойын автор келесі бір еңбегінде синтаксистен мысал келтіріп тағы дәлелдейді. Осы күнгі «күн ұзаққа», «Күнсұлу», «Айсұлу», «адам тағы» сияқты тіркестердегі сөздердің орын тәртібінен өте көне дәуірлердегі синтаксистік амалдардың сырын ашып, оларды да тіл тарихын көрсететін объектілер деп табады.
Автордың зерттеу әдісіндегі екінші ерекшелігі - тіл құбылыстарын бір-бірімен органикалық бірлікте қарайтындығы, яғни фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, семантикалық құбылыстар даму процесінде біріне-бірі байланысты болатындығын, біреуінде болған өзгеріс екіншісіне ықпал етіп, «тіркесті реакция» жасайтындығын айтады. Бұған осы мақалада мынадай мысал келтіреді. Өте көне замандарда тілде «р» мен «з» дыбыстары фонема ретінде ажырамаған кезі болған, сол кезде көр сөзі мен көз сөзі, сондай-ақ семір, семіз сөздері бірдей қолданылып, затты да, оның қимылын да, яғни әрі есім, әрі етістікті білдірген. Келе-келе, етістікті есімнен ажырату қажеттігі туған кезде, тіл бұған сөз тудырудың басқа да тәсілдерімен қатар, дыбыс алмасу құбылысын пайдаланған: көз- ді есімге, көр -ді етістікке бекіткен. Сөйтіп, дыбыстық ерекшелік сөз жасауға қатысып, лексикалық қорды байытқан. Бұл өзгерістің салдарынан екі түбір - бірі есім, бірі етістік пайда болып, морфологиялық жаңалық туған. Әрі қарай р, з дыбыстары лексикалық және морфологиялық жаңа элемент жасайтын қасиетке ие болғандықтан, енді өздері фонемалық (дыбыстық) мән алып, фонетикалық категорияға айналған, - дейді.
Міне, осындай «тіркесті реакцияны» іздеуді және оны осы күнгі тірі тілдердегі құбылыстардан іздеуді тіл тарихын палеонтологиялық әдіспен зерттеу деп, оны өз сөзімен айтқанда, «индоевропа компаративизміне» қарама-қарсы қояды. Бұл пікірін автор «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар» деген екінші еңбегінде де білдіреді. Мұнда «Тіл дыбыстарының табиғатын қалай танып келдік, қалай тануға тиіспіз» деген 2-лекциясында лингвистикадағы индоевропалық әдіске қарсылығын ашық айтып, ол әдіс фонетиканы зерттеу саласында мынадай теріс ұғымдар тудырды дейді:
1) Тіл дыбыстарын өзгермейтін, мәңгі құбылыс етіп ұғындырды; 2) Дыбыс жүйесін тілдің басқа жүйелерінен бөліп оңашалап тексерді; 3) Дыбыстың қоғамдық, тілдік жағын есептемей, жаратылыстық (физиологиялық) жағын тексеруге ауып кетті. Осының нәтижесінде, яғни тілдегі ең негізгі фактор жаратылыстық жағы дегендіктен, индоевропа ғылымы тілдерді жаратылысынан озық, тумысынан қалық тілдер деп бөліп, отар елдердің тілдерін қор санап, империализмнің сойылын соғып отыр деп түйеді автор.
Әрине, 30-жылдарда бел ала бастаған «Тіл туралы жаңа ілімді» коммунистік идеяға көңілі адал, ғылымға шын берілген Қ. Жұбанов марксизм-ленинизмге негізделген бірден-бір дұрыс методологиялық жаңа бағыт деп қарсы алды. Бұл жалғыз Жұбанов емес, сол кездегі көптеген ірі лингвистердің өздерінің ғылым жолындағы бір кезеңі болатын. Осылай түсінген ғалым «Жаңа ілімді» де, оны жасаушы Н. Я. Маррды да, ол ілімнің сан қилы әдістерін де (әсіресе палеонтология әдісін) өзіне тән шабытпен қолдап, соны үгіттегені аян. Осы ретте «Жаңа ілімге» қайшы келетін өзге лингвистикалық ағымдар мен бағыттардың бұрыс-терісін көрсетіп сынауды да өзіне міндет етеді.
Жұбановтың фонетиканы зерттеуге байланысты индоевропа тіл ғылымы адресіне айтылған жоғарғы көзқарастарын осылайша түсіне отырып, мұндағы оның пікірлері мен таза талдауларының дұрыстығын жоққа шығаруға болмайтын тәрізді. Қазірде құлағымызға тосаңдау естіліп, тосырқай қабылдайтын «жаңа ілім», «палеонтологиялық анализ» дегендерді атағаны болмаса, дыбыс деген не, оның табиғаты қандай, даму тарихы қалай өрбіген, оны қалайша зерттеу керек деген мәселелерді Қ. Жұбанов дұрыс бастап, дұрыс баяндауға кіріскенін аңғарамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz