Үндестік заңы туралы мәлімет


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

1. Үндестік заңы туралы мәлімет

2. Буын үндестігі және оның түрлері

3. Қазақ тіліндегі буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

4. Дыбыс үндестігі

5. Дыбыс үндестігінің түрлері

Үндесім (үндестік) заңы -буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән.

Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбір сөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіп жалғанады. Сөздің бастан-аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады.

Үндестік заңының екі түрі бар: 1) буын үндестігі ; 2) дыбыс үндестігі .

Буын үндестігі - түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+ лар , үйрек+ ті, құдірет+ ті , кітап+ қа , т. б. Буын құрауға негіз болатын дауысты дыбыстар болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм - грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:

-мен, бен, пен - бала мен , жұлдыз бен , жолдас пен ;

-қор, -паз, -қой - еңбек қор , өнер паз , әуес қой ;

-тал, -дар, -тай - өсім тал , кіріп тар , шеше тай ;

-хана - ем хана , дәрі хана ;

-нікі, -дікі, -тікі - Майра нікі , атам дікі , Мақсат тікі ;

-кер, -гер, -кеш - айтыс кер , қалам гер, арба кеш;

-кес, -күнем - дау кес , пайда күнем ;

-ов(а), -ев(а), -ин(а) - Әуез ов(а ), Серікба ев(а), Майл ин(а) ;

бей - бей тарап, бей уақыт, бей таныс.

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер : салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік , қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т. б. ;

біріккен сөздер : Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан , итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз , т. б. ;

тіркес сөздер : келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі , т. б.

Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің ү. Буын не сөздің үндесім әуезі сол буын не сөз құрамындағы дыбыстардың жасалымы өзара үйлескен, естілімі өзара үндескен тіркесін құрайды. Дыбыс үндестігі
Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ыкпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.
Қазақ тілінде дыбыс үндестігінін үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.

ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз.
а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады.
Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес) .
ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады.
Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес) .
б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Қоныспек Қонысбек
Тыныспек Тынысбек
тас пер тас бер

в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Жанағорған Жаңакорған
кім гелді? кім келді?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі дыбыстарының Ахмет Байтұрсыновқа дейін зерттелуі
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Қазақ тілі фонетикасы
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Ықпал түрлерін оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
Төлеу сөз
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІН ОҚЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz