Негізгі мектепте тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Тарау Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесінің зерттелуі

1.1. Синтаксисті оқыту мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Сөйлем мүшелерін оқытудағы әдістеме мен әдіс ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау Тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жаңа әдіс.тәсілдері

2.1. Тұрлаусыз мүшелерді оқытуда қолданылатын жаңа әдіс.тәсілдер
2.2.Тұрлаусыз мүшелерді оқытуда көрнекі, техникалық және
электрондық құралдарды пайдалану

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер аз емес. Солардың бірі – тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жолдарын айқындап көрсету.
Сөйлем мүшелері синтаксистің күрделі мәселелерінің бірі. Синтаксистік талдау жасауда негізгі рөлді атқаратын – сөйлем мүшелері, оның ішінде тұрлаусыз мүшелер. Сондықтан да «тұрлаусыз сөйлем мүшелерін оқытуда бүгінгі күні қандай әдіс-тәсілдер қолданылып жүр? Олар оқытуда тиімді ме?» деген сұрақтар өзінен өзі туындайтыны сөзсіз. Демек, осы мәселелерді шешу барысында, тұрлаусыз сөйлем мүшелерін оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін анықтау – тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде өзіндік орны бар тұрлаусыз сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын жаңа ідіс-тісілдер айқындау жұмысымыздың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
• Синтаксисті оқыту мәселесін қарастыру;
• Сөйлем мүшелерін оқытудағы әдістеме мен әдістерді саралау;
• Тұрлаусыз мүшелерді оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну;
• Тұрлаусыз мүшелерді оқытуда көрнекі, техникалық және
электрондық құралдарды пайдалану жолдары.
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, талдау жасау әдістері қолданылды.
1. Құрманова Н.Ж. Сын есімді оқыту барысында тіл дамыту әдістемесі. Ақтөбе, 1999.
2. Байтұрсынов А. Шығармалар. Алматы: Жазушы, 1989.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1966.
4. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000.
5. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. Алматы, 2001.
6. Құрманбаева Г., Дүйсебаева С. Дарыту, дамыту, интеграция. Алматы, 1998.
7. Қараев Ж.А. Педагогическая технология обучения. Алматы, 1999.
8. Өмірбаева К.О. Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер. Ақтөбе, 2001.
9. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Мұрагер, 2005.
10. Құлмағамбетова Б., Исанова А., т.б. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Білім, 2000.
11. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы: Ана тілі, 1991.
12. Досмырзаева А. Техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі іс-тәжірибелерден // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1995, № 2, 35-беттер.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі


Курстық жұмыс

Тақырыбы: Негізгі мектепте тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдері
Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Тарау Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесінің зерттелуі

1.1. Синтаксисті оқыту мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Сөйлем мүшелерін оқытудағы әдістеме мен әдіс ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау Тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

2.1. Тұрлаусыз мүшелерді оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер
2.2.Тұрлаусыз мүшелерді оқытуда көрнекі, техникалық және
электрондық құралдарды пайдалану

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер аз емес. Солардың бірі - тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жолдарын айқындап көрсету.
Сөйлем мүшелері синтаксистің күрделі мәселелерінің бірі. Синтаксистік талдау жасауда негізгі рөлді атқаратын - сөйлем мүшелері, оның ішінде тұрлаусыз мүшелер. Сондықтан да тұрлаусыз сөйлем мүшелерін оқытуда бүгінгі күні қандай әдіс-тәсілдер қолданылып жүр? Олар оқытуда тиімді ме? деген сұрақтар өзінен өзі туындайтыны сөзсіз. Демек, осы мәселелерді шешу барысында, тұрлаусыз сөйлем мүшелерін оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін анықтау - тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде өзіндік орны бар тұрлаусыз сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын жаңа ідіс-тісілдер айқындау жұмысымыздың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
Синтаксисті оқыту мәселесін қарастыру;
Сөйлем мүшелерін оқытудағы әдістеме мен әдістерді саралау;
Тұрлаусыз мүшелерді оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну;
Тұрлаусыз мүшелерді оқытуда көрнекі, техникалық және
электрондық құралдарды пайдалану жолдары.
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, талдау жасау әдістері қолданылды.

І Тарау Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесінің зерттелуі

1.1. Синтаксисті оқыту мәселесі

Қазақ тілінің синтаксис саласында дамыта оқыту мәселесі тілдік қатынасқа байланысты ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы іске асады. Осыған орай сөйлесім әрекетінің 5 түрі бар:
1. Оқылым. 2. Жазылым. 3. Тыңдалым. 4. Айтылым. 5. Тілдесім.
Ғалым Ф.Оразбаева өз еңбегінде: Жазылым термині жазу деген мағынаны емес жаза білу, ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді дейді [1].
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы грамматикалық таңбалардың тізбегі мен мағыналық жүйесі арқылы, яғни жазылым әрекеті арқылы іске асады. Адам өз ойын біреуге жеткізу үшін жазуды үйренеді.
Қазақ тілінің синтаксис саласынан жазылым әрекеті арқылы дамыта оқыту мынадай жазба жұмыстары арқылы іске асады: 1. Жаттығу жұмыстары. 2. Шағын мәтіндер. 3. Жүйелі жазба жұмыстары. 4. Бақылау жұмыстары. 5. Диктант. 6. Жазбаша ойын түрлері. 7. Іс қағаздары. Қазақ тілін үйретуде бұл жазба жұмыстарының барлық түрі арнайы зерттеуді қажет етеді.
Синтаксис саласын оқытуда кейде анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: Аяқталған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз деген анықтама берілген. Бұл - сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал басқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де меңгереді. Олар сөйлемдегі баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе оқыған көркем шығармаларынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.
Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе сөз тіркестерін тапқызады. Кей балалардың өздері ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады.
Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белілерін санап көруді ұсынады.
Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді.
Тіл білімінің синтаксис саласын өткен кезде оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:
Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.
Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.
Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.
Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.
Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Әсіресе, балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделеді.
Творчестволық жаттығулар көбірек болуы қажет.
Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитико-синтетикалық болғаны жөн: яғни грамматикалық талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығара білу.
Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Синтаксис бойынша жүргізілетін жаттығулардың ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда оқушылар бұрын оқылғандарына тоқталады, сөйлемдегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда оқушылар сөйлем мүшелерін талдай отырып, олардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, сұраулар қояды.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан морфологиялық, синтаксистік немесе аралас талдау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.
Сонымен, қорыта келсек синтаксисті оқытуда оқушыларға сөйлем мүшелерін меңгерту маңызды орын алады. Ал бұл мәселені сөз ету үшін сөйлем мүшелерін оқытудың дұрыс әдістемесін ұсыну қажет. Оқушыға сөйлем мүшелері жүйелі оқытылған жағдайда ғана ол синтаксистік талдауды сауатты жасай алады. Келесі тарауда сөйлем мүшелерін оқытудың педагогикалық негізі туралы сөз еттік.

1.2. Сөйлем мүшелерін оқытудағы әдістеме мен әдіс

Әдістеме ғылымы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Оқыту әдістемесі - оқытудың мазмұнын, мақсатын, міндетін, әдісін, сондай-ақ үйрету амалдары мен тәрбиені зерттейді. Ал әдіс білім алу мақсатындағы оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің өзара байланысын қарастырады. Әрбір әдісте өзіндік лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық тұжырымдама бар. Әдіс - оқытуға арналған бағыт, яғни ол сөйлеу әрекетін тудыратын оқыту стратегиясы. Әдіс - оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің амалы.
Соның ішінде біз тоқталғалы отырған сала - сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемесі мен әдісі. Сөйлем мүшелерін оқыту мазмұны оқу материалдарын сұрыптау, іріктеу, ұйымдастыру, жаттығу түрлері арқылы, ал оқу үдерісінің мазмұны дағды мен біліктілікті қалыптастырудағы оқушы мен оқытушының байланысы арқылы анықталады. Әдіс түсінігі белгілі бір міндетті жүзеге асыру жолындағы шындықты теориялық және практикалық жолмен шешудегі амалдар мен тәсілдердің жиынтығы дейді А.Н.Щукин, ал Сейіл Жиенбаев: ...мұғалім сабақты біреудің көрсетіп бергенін айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Әдістеме рецепт те емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба, - деп әдістеменің көптеген проблемаларына тоқталды, ол қазір де мәнін жойған жоқ. Мұғалімдерге ұсынылатын әдіс,тәсілдер ретінде дәріс сабағы, әңгіме, жаттығу орындау, тест және т.б.
Сөйлем мүшелерін оқыту кезінде мұғалім мынадай негізгі кешенді әдістерді ұтымды пайдаланғаны жөн: оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдісі, үйретудегі мотивацияны тудыру әдісі және үйретудің тиімділігін арттыратын бақылау әдісі. Бұл әдістер негізінде оқыту ұстанымдары қарастырылады. Мысалы, ана тілін есепке алу, коммуникативтік бағыт, сапалылық, сөйлеу жағдаяттық, ауызекі сөйлеу алға шығады, жинақтау, әдістемелік ұстаным, тілдік, лингвистикалық материалдарды іріктеу, сабақта оқу материалдарын өлшеммен беру, бекіту.
Сонымен бірге тілді оқыту әдісі - жаңа материалды түсіндіру, үйрету, меңгеруді ұйымдастыру мен бақылау; білім беру әдісі - оқушының үйрену процесіндегі танымдық және практикалық әрекетінде қолдану; яғни оқыту әдісі екі жүйеде: үйрету әдісі мен білім беру әдісінің негізінде практикада жүзеге асады.
Үйрету әдісі: көрсету, түсіндіру, ойландыру, жаттығуды ұйымдастыру, бағалау; ал білім беру әдісі: танысу, ұғыну, машықтану, өзі түзету, өзіне баға беру.
Көрсету әдісі бойынша оқытушы оқу материалдарын (дыбыс, сөз, сөйлем, мәтіндерді) таныстыру кезеңінде қолданады. Көрсету әдісін қолданғанда әр түрлі әдістемелік амалдар қолданылады. Мысалы, аудиовизуалды оқыту әдістемесі арқылы көөріп-байқау қолданылады.
Таныстыру әдісі таныс емес материалды меңгеруде қолданылады. Оқушы оқытушының материалды таныстыру кезеңінде әр түрлі амалдарды қолданады. Мысалы, түсіну және есінде сақтауы үшін суреттерді, техникалық құралдарды пайдаланады.
Түсіндіру әдісі бойынша оқытушы жаңа материалдарды түсіндіруде оқушының сапаға жететіндей деңгейінде басшылық жасайды. Материалды талдап, дәлелдеп, оқушының сапалы түрде ұғынуына әрекет жасайды. Түсіндіру кезінде қажжетіне қарай таныстыру, салыстыру тәсілдері мен көрнекілік, суреттер қолданылады.
Ойландыру әдісі бойынша оқушы тарапынан ойлау әрекетіне қатысты кешенді амалдарды біріктіреді (анализ, синтез, салыстыру, біріктіру), сонымен бірге таныс емес материалдарды меңгеруге бағытталады, тапсырмалар орындалады, нәтижесінде түсінік, ұғым, жаңа білім қалыптасады. Сабақта оқушының өзінше оойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасатуға үйрету өте маңызды. Мысалы, жалғау түрін меңгеру, жаттығу орындау, мақал-мәтелдің мағынасын түсіну т,б. Сұрақ-жауап әдісінің ойландыруда маңызы зор.
Жаттықтыру әдісі - оқытушының оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы іс-әрекеті. Оқушы үйренген сөздік қорын ұтымды пайдаланып, оны сөйлеуде қолдануға жаттығады. Ол ұзақ жаттығудан өтеді. Жаттығулардың түрлі типтері ұсынылады (мысалы, арнайы жаттықтыратын және шығармашылық жаттығулар).
Тілдік жаттығулар ережеге, грамматикаға, дыбыстауға, интонацияға құрылады, ал сөйлеу жаттығулары, монолог, сұхбат, мазмұндама және шығарма түрінде орындалады.
Сөйлем мүшелерін оқыту барысында грамматикалық ертегілер жаздырып үйрету де тиімді әдістердің бірі болып саналады. Мұғалім алдымен оқушыларға бір грамматикалық ертегіні оқып береді де, соның негізінде жаңа ертегі ойлап табуға итермелейді. Мысалы, төмендегіше ертегіні үлгі ретінде ұсынуға болады:
Бес ауылдың айтысы
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Бастауыш деген бір ауыл болады. Бұл өте үлкен ауыл екен. Осы ауылға Баяндауыш, Анықтауыш, Пысықтауыш, Толықтауыш деген ауылдар көшіп келіп қосылады. Бұлар бір ауылға сыйыспайды. Бастауыш тұрған жер тарлық етеді. Бір күні олардың басшылары жиналып кеңеседі. Бірінші сөзді Бастауыш бастайды:
- Мен өз ауылыммен тып-тыныш отырғанда, сендер келдіңдер. Бұл не сұмдық! Сендер келгендеріңмен қоймай, енді бізді өз ауылымыздан қумақсыңдар, - дейді.
Әрі қарай олардың арасында ұрыс-керіс басталады.
Баяндауыш:
- Мен сенің ісіңді, қимылыңды, жай-күйіңді білдіріп, ойыңды аяқтаймын. Менсіз сенің бір тиындық құның жоқ, - дейді.
Сонда Толықтауыш:
- Мен бәріңнің істеген істеріңді толықтырамын. Мен болмасам, сендердің жұмыстарың толық бітпейді, шала болып қалады, - дейді.
Ал Анықтауыш:
- Мен сендердің бәріңнен ілгерімін. Өйткені мен сендерді анықтап, айқындап тұрамын.
Пысықтауыш:
- Ал мен болсам, сендердің қайда екендеріңді, не үшін өмір сүретіндеріңді білдіремін. Менсіз сендер жоғалып кетесіздер.
Осындай талас-тартыспен біраз уақыт өткен соң, Кім сұрағы былай дейді:
- Бұларың не? Тыныш! Мен мынадай шешімге келдім: Баяндауыш біздің істерімізді аяқтаса, Толықтауыш ол істерді түгендесіп, толықтырса, Анықтауыш бізді айқындап тұрса, Пысықтауыш мекенімізді, мезгілімізді білдірсе, ешкімнен кем болмаймыз. Достасып, бір-бірімізге көмектесейік, - депті.
Содан бері олар тату-тәтті өмір сүріп келеді екен.
Грамматикалық ертегі жазу оқушыдан сөйлем мүшелері туралы толық білімді қажет етеді. Демек, ертегі жаза отырып, оқушы сөйлем мүшелері туралы тақырыпты кеңінен игереді, ой-өрісін кеңейтеді.
Сөйлем мүшелерін оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен, жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім жаттығу жұмыстарын жүргізіп отырғаны дұрыс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені, ғалым С.Рахметованың айтуынша: оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді [11, 105].
Жаңғырған мектеп жағдайында оқушылардың теориялық және практикалық білімін тереңдету мақсатында қазақ тілі бойынша синтаксис саласынан тестілермен емтихан алынады. Тест тапсырмалары дегеніміз - білімді тексеру тапсырмалары деген сөз. Тест тапсырмалары дегеніміз - стандарттық білім беру негізіндегі берілетін тапсырмалар жүйесі. Тест тапсырушының алған білімі бойынша қалыптасқан дағдысы мен біліктілік деңгейін байқау. Бақылау түрлеріне қарай тест тапсырмалары ағымдағы, кезекті, аралық, жинақтық және бақылаушы деп бөлінеді.
Жауап варианттары құрылымы мен безендіру амалына қарай: тыңдау және еркін жауаптар түрінде беріледі. Ал сипатына қарай бұл жауап варианттары альтернативті, көп вариантты таңдау мүмкіндігіне қарай бөлінеді.
Тапсырмалар мазмұнына қарай күрделі және жылдам орындалатын дәрежеде беріледі.
Тестік бақылауды жүргізу а) дербес және ә) топтық түрде өтеді. Тестік тапсырмаларды бақылау а) ауызша және жазбаша ә) құжаттық және б) пәндік в) техникалық құралдар арқылы және компьютер арқылы орындайды.
Тест тапсырмалары - тестік бірлікті құрушы тестің бөлшегі. Тест тапсырмалары өте көп беріледі. Тест тапсырмалары ашық және жабық форма түрінде орындалады. Емтиханға берілетін тест тапсырмаларының барлығы орындалуы және есепке алынуы қажет. Тест тапсырмалары адамдардың танымын, логикасын, білімін анықтауға құрылған сөйлеу іс-әрекеті түрлерін қамтитын оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу дағдысы мен біліктілігін айқындауға құрылуы міндетті [9, 133].
Сондай-ақ, берілген теориялық білімді бақылап, оны жетілдіріп отыру үшін тест тапсырмаларының да берері зор.
Тест тапсырмаларының құрылысы:
Тест тапсырмаларын орындауға арналған нұсқау (инструкция).
Мәтін, тақырып.
Жеке дара тапсырмалардан тұрады.
Емтихан алушының міндеті - тест орындаушының білімін бағалау және оның білімін толық анықтау. Оның басты міндеті кең ұғымдағы логикаға құрылған интервью жүргізуші рөліне ену. Ол, біріншіден, алғашқы кезеңдегі білім диагностикасын анықтаушы; екіншіден, тест тапсырушының бұл берілген курстан толық білімі бар ма, әлде тағы да қосымша көмек керек пе? Дегенді анықтаушы, үшіншіден, тест тапсырмалары арқылы берілген білімді анықтаушы, төртіншіден, болашақта неге, қандай мәселеге көңіл бөлуді айқындайды. Тест алу:
Тест алушының тест тапсырушыны тексеру үшін білімі терең болуы керек. Оның түрлі әдістер мен амалдарды білуі аса маңызды.
Тест тапсырушының тиісті тестік құжатты дұрыс толтыруы үшін білімін тексеру критериін жақсы білуі керек.
Тестік тапсырмалар:
Ауызша тест сөйлеу компетенциясын тексеруге құрылады. Бұл тексеру тест тапсырушымен бетпе-бет әңгімелесу. Яғни әртүрлі тақырыпта, әртүрлі ситуацияда әңгімеге тартып, білімін анықтау. Тест алу кезінде күтпеген жерден сұрақ қою әдісін меңгеру аса қажет. Ол сұрақ тест тапсырушының білімін қосымша анықтауға көмек береді.
Тест тапсырушы кез-келген тақырыпқа жауап бере алатындай дайындықта болу керек. Тест тапсырушының білімін тексеру бес түрлі мазмұнда тексеріледі:
Сөйлеудің дұрыстығы: ақпаратты дәл, нақты беру.Сөз байлығы, танымы.
Тақырып мазмұны: тақырыпты толық баяндау және ашу.
Мәтін түрі: тақырыптың негізгі идеясын білу.
Іс-әрекет: сұрақ қоя білу, жауап беруге үйрену, баяндау, пікірін дәлелдеу, ақпаратты білу.
Контекст: бұл кез келген сұрақты қамтитын ситуациялық тапсырмалар, күнделікті өмірдегі, тіршіліктегі тұрмыстық лексиканы білуден бастап, ресми, бейресми ситуацияда білімін көрсету.
Тест алудың негізгі мақсаты - ұсынылған оқу материалдары негізінде жеткілікті мөлшерде әлеуметтік, қарапайым - тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби лексика бойынша игерілген коминикативтік құзыретін анықтау және қарым-қатынастағы білімін жеткізе білу мүмкіншілігін тексеру.
Бұл тестілер комуникативтік тапсырмалардың барлығын, яғни тілдік және сөйлеу бірліктерін қамту қажет.
Тестік тапсырмалар коммуникативтік біліктілікті байқау үшін сөйлеу әрекеттері (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) түрлеріне құрылған тапсырмаларды сол сияқты жазбаша және ауызша қатынасқа түсу, тактикалық қатынасқа түсу (телефон қоңырауы, өтініш немесе қарсы болу) сияқты дағдысын тексеру міндетін орындайды.
Сөйлеу әрекеті түрлеріне құрылған тестік тапсырмалар, мысалы: оқуда мәтінді оқу, оны түсіну және негізгі ақпаратты анықтаумен қатысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту
12 жылдық білім беру бағдарламасы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Мәселелік оқыту технологиясы
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету
Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері
Сөйлемнің тқрлаусыз мүшелері
Пәндер