Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пахраддинов Сейитджан

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ӘДІСТЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В050600 - «Экономика» мамандығы

Түркістан 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
4: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экономикалық мәні мен механизмдері . . .
4: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Табиғатты пайдалану және қорғаудың басқару әдістері . . .
4: 16
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Табиғатты пайдалану төлемдері . . .
4: 20
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . .
4: 27
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Қазақстан Республикасының негізгі кәсіпорындарының қоршаған ортаға әсерін талдау . . .
4: 27
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 ҚР қоршаған ортаның ластануын және зияндығын экономикалық бағалау . . .
4: 35
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 ҚР су ресурстары және олардың ластану көздері . . .
4: 41
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 3 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ БАҒЫТТАРЫ . . .
4: 50
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау механизмін қалыптастыру . . .
4: 50
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын жақсарту бағыттары . . .
4: 54
КІРІСПЕ . . .: 3. 3 Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары . . .
4: 59
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 64
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 66

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

ҚР
Қазақстан Республикасы
ҚР: ОҚО
−:
Қазақстан Республикасы: Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР: ТМД
−:
Қазақстан Республикасы: Тәуелсіз мемлекеттер достығы
ҚР: АҚШ
−:
Қазақстан Республикасы: Америка Құрама Штаттары
ҚР: ҒТП
−:
Қазақстан Республикасы: ғылыми-техникалық прогресс
ҚР: ТПЭ
−:
Қазақстан Республикасы: табиғатты пайдалану экономикасы
ҚР: ТР
−:
Қазақстан Республикасы: табиғат ресурстары
ҚР: ЖІӨ
−:
Қазақстан Республикасы: жалпы ішкі өнім
ҚР: ЖҰӨ
−:
Қазақстан Республикасы: жалпы ұлттық өнім
ҚР: ЖШС
−:
Қазақстан Республикасы: жеке шаруа серіктестігі
ҚР: ӨК
−:
Қазақстан Республикасы: өндірістік кооператив
ҚР: АҚ
−:
Қазақстан Республикасы: акционерлік қоғам
ҚР: ААҚ
−:
Қазақстан Республикасы: ашық акционерлік қоғам
ҚР: ЖШС
−:
Қазақстан Республикасы: жеке шаруа серіктестігі
ҚР: ЖШҚ
−:
Қазақстан Республикасы: жеке шаруа қожалығы
ҚР: ГЭС
−:
Қазақстан Республикасы: Гидро электро станциясы
ҚР: ЖЭӨ
−:
Қазақстан Республикасы: Жылу энергиялық орталық
ҚР: ОЭСР
−:
Қазақстан Республикасы:

экономикалық қарымқатынасты және дамуды

ұйымдастыру

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тұрақты экономикалық даму кезінде маңызды рольді тек қана пайда алу емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіз өндірісті басқару маңызды болып табылады. Бұл үшін өндірістердің барлық түрлерін қайта жабдықтауға, алдын ала ескірген және қайта өңдеуді қажет ететін басты қызметтерге айбынды инвестициялар қажет.

Табиғатты пайдалану - бұл басқарудағы ең күрделі объектілердің бірі. Сондықтан да экологиялық процестерді басқару жіне табиғатты пайдалану экономикасын зерттеу маңызды мағынаға ие.

Табиғатты пайдалануды басқарудың мақсаты - нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, шығарылған өнімнің қоршаған ортаға және өндіріс процестерінің зиянды әсерлеріне шек қою, табиғи қорлардың орынды пайдалануын және олардың бұрынғы қалпына келуін қамтамасыз ету. Табиғатты пайдалануды басқару Республика үкіметімен, министрліктермен және ведмоствалармен, жергілікті басқару органдарымен, кәсіпорындар және ұйымдармен жүзеге асырылады.

Табиғатты пайдалануды басқару табиғи орта тепе-теңдігін қамтамасыз етумен, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау, негізгі жоспарларды тиімді пайдалану, ұйымдық-техникалық және экономика-экологиялық іс-шаралардың жүзеге асуын және олардың орындалуын бақылау болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламада қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдаланудың басты міндеті - табиғатты қорғау және тиімді пайдалану табиғатты қорғау қызметінің қазіргі этапында негізгі бағыт болып саналады. Олардың алдында белгілі бір бағытты қолдау табиғи қорлардың молайуын, сақталуын және қоршаған орта жай-күйін жақсарту мақсаты қойылған. Экологиялық қауіпке күрес бұл барлық адамдардың алдына қойылған міндеті және жауапкершілігі ретінде қаралуы тиіс.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қоршаған ортаның зиянсыздығы, қоргаған ортаны қорғау тікелей әсерін нарықтық экономиканың талабына негізделген. Соған байланысты соңғы жылдары табиғи ортаны қорғау, табиғатты пайдалануды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытында көптеген ғылыми ізденістер жарық көруде

Табиғи ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудың экономикалық мәселелерді С. Мұқаұлы, Г. С. Оспанов, А. К. Мейірбеков, Н. С. Мамыров, Е. М. Упушев, М. С. Тонкопий, П. М. Нестеров, А. П. Нестеров, В. Н. Герасимова, А. А. Голуб және басқалар өз үлестерін қосты.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанның қоршаған ортасының жай-күйін жан-жақты бағалау мен зерттеу негізінде қоршаған ортаны қорғаудың жетілдіру бойынша теориялық негіздемелер және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады.

Зерттеуге қойылған мақсатты жүзеге асыру мынандай міндеттерді шешуді көздейді:

  • қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экономикалық мәні мен механизмдерін айқындау;
  • табиғатты пайдалану және қорғаудың басқару әдістері мен төлемдерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын жан-жақты талдау жасау;
  • табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау механизмін қалыптастыруды қарастыру.

Зерттеу пәні болып Қазақстан және оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи орта аспектілері таңдалды.

Зерттеудің нысаны. болып Қазақстан және оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи орта мен табиғи ресурстары зерттеу нысаны болып табылады.

Диссертацияның теориялық және әдістемелік негіздері. болып Қазақстанның табиғи ортасын қорғаудың маңыздылығын терең зерттелуіне үлкен үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдардың зерттемелері, ғылыми конференциялардың материалдары және басқа жарияланымдары болып табылды.

Зерттеу үрдісінде, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері, экономикалық дамудың бағыттары бойынша мемлекеттік бағдарламалар, отандық және шет елдік ақпарат көздері пайдаланылды. Зерттеудің талдамалық базасын Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің ресми статистикалық материалдары, Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің цифрлік мәліметтері, интернет ресурстары құрады.

Дипломдық жұмыста зерттеулердің салыстырмалы, экономикалық-статистикалық, сызбалы талдау, топтастыру қолданылды.

Зерттеудің тәжірибелік мәні. Жұмыстың негізгі түйіндері, ұсыныстары және нәтижелері ұзақ мерзімді басымдықтарға мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын анықтауда қолдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспе бөлімнен, үш тараудан және қортынды бөлімнен тұрады

1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 1. 1 Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экономикалық мәні мен механизмдері

Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, соның нәтижесінде халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту өндірістің еңбек, материапдық және табиғи қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде және болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану мәселесін шешкенде ғана экономиканың даму қарқынын арттыруға болады.

Бұл мәселенің шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты жағдайын сақтап, оның ресурстарын тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Өйткені табиғат өндіріс қорының көзі, әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде өндірістің барлық саласына қатысты. Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынының артуына кері әсер етудө. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай отыр. Екінші жағынан, өндірістің кері әсеріне табиғи ортаны қорғау ісі де күрделене түсті. Сондықтан да табиғат байлығын кешөнді, үнемді пайдалану кезек күттірмей шөшімін табуға тиіс мәселеге айналып отыр. Оған табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтары негізінде, олардың үйлесімділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Табиғатты тиімді пайдалануда әкономика ғылымының маңызы өте зор. Табиғатты қорғау, тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, оған экономикалық ынталандыру, табиғат байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға жүмсалған шығындардың тиімділігін

Хапық санының өсуіне байланысты, халық тұтынатын өнімдерді арттыруға, оған шикізат ретінде табиғат байлығын пайдалану мөлшерін кеңейтуге тура келеді. Сонымен қатар табиғат байлығы қорының шексіз еместігін де ескерген жөн. Әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлықтарының, оның ішінде отын-энергия қорының тапшылығы сезілуде. Түсті металдардың көпшілігі - мыс, қорғасын, мырыш, қымбат бағалы металдар тапшы бола бастады. Олардың әр тоннасын өндіруге бұрынғыға қарағанда анағүрлым көп еңбек жүмсауға тура келеді.

Осындай жағдайда экономикалық даму факторларының: еңбек және табиғат қорының, өндіріс қүралдарының даму себеп-салдарын айқындай білу қажет. Бүл факторлар бір-бірімен диалектикалық байланыста және қарама-қайшылықта болады. Қоғамның экономикалық өсуі өндіріс масштабымен, табиғат байлығың игеру қарқынының артуымен, өндіріс күштерінің дамуымен байланысты. Сонымен қатар өндіріс күштері қоғам мен табиғаттың қоғамдық-экономикалық қатынастары негізінде қүрылады. "Адам жәнө табиғи орта" жүйесінде өндіріс күштерінің, өндіріс қатынастарының даму процестерін терөңірек түсіну қажеттігі жаңа экономикалық ғылым - табиғат пайдалану экономикасының қалыптасуын туғызды. Бұл ғылымның пайда болуы мен дамуын ең алдымен шаруашылық қажеттіліктен деп үғу керек. Ұзақ уақыт экономика және экология ғылымдары жеке-жекө ғылым салалары ретінде дамып келді, олардың өзіне тән ғылым негіздері, әдістері болды. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау мәселелері жүйелі, кешенді экономикалық-экологиялық тұрғыдан қарастыруды қажет етіп отыр. Табиғат байлығын тиімді пайдалану табиғи ортаны қорғай отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін табиғат байлығымен қамтамасыз етуді талап етеді.

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы баеты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық - табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі түрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар.

Табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану әкономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғат қорғау мен пайдалануды үйлестіру қажеттігі күмән тудырмайтын ақиқат. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны қорғаумен ұштастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәсөле болып табылады. Сондықтан табиғат пайдалану экономикасы экология экономикалық байланыстарды қоғамдық өндірістің, табиғат қорғау, оның байлығын үлғаймалы молайтудың экономикалық тиімділігін арттыру үщін саналы түрде басқару деп қарастырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат қорғауды қамти отырып көп мағынада қолданылады.

Табиғат қорғау және пайдалану мәселелері табиғи кешендер бойынша, аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелерін, ресурстарын пайдалану бойынша, жалпы кез келген жағдайда кешенді қарастырылуы керек. В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша биосфера біртұтас зертгелуі керек, өйткені жеке организмдердің дамуы бүкіл биосфераның эволюциялық дамуымен байланысты.

Табиғатты қорғау жүйесін тиімді жүргізу экономиткалық механизмге тікелей байланысты. Қазіргі жағдайда табиғат қорғау қызметіндегі экономикалық құралдың жүйесі мыналарды қамтиды: салық; демеуқаржы және жеңілдік несиені; табиғатты қорғау міндетіндегі тездетілетін амортизациялық қорларды; ластаушы құқықты сату; айыптарды; ластау және қалдықтарды орналастыру үшін төлемдерді.

Табиғатты қорғау қызметіндегі экономикалық ынталандырудың маңызы - табиғатты қорғауды іс жүзінде асыруда кәсіпорындардың тікелей ынталылығын арттыру. Экономикалық ынталандырудың нақтылы шаралары объект деңгейіндегі ықпалы, жеке қызметкерлер деңгейіндегі негізгі ынталандыру:

  • Еңбекақы;
  • Сыйлықтар;
  • Материалдық жауапкершілік шаралары;
  • Кәсіпорындар деңгейінде - баға, табыс, материалдық ынталандыру қоры;

Табиғи ортаны қорғауда экономикалық ынталандырудың қазіргі ықпалдылығы элементтерін табудан бастау қажет.

Қоршаған ортаны қолрғаудағы ынталандырудың жүйесінде баға құрылымы айрықша орын алады. Себебі, табиғатты қорғау қызметіне кеткен шығындар неғұрлым көп болса, соғұрлым өнімдердің өзіндік құны артады, кәсіпорындардың таза пайдасы да азаяды. Сондықтан табиғатты қорғау жұмыстарына кететін шығындарды барынша азайтқан жөн. Ол үшін қоршаған ортаны ластандыруды барынша азйту немесе тіпті болдырмау, олардан алынатын төлемді қысқарту және т. б.

Табиғат пайдалануды басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық-ұйымдастырушылық, экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.

Табиғат пайдалануды басқару аса күрделі процесс, өйткені мұнда табиғи жіне қоғамдық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді жүйелі басқаруды талап етеді.

Басқару әдістерінің жүйесін екіге бөлуге болады: әкімшілік және экономикалық. Кейбір ғалымдар басқарудың үшінші нарықтық жүйесін бөліп қарайды. Нарықтық жүйе негізінен экономикалық жүйеге кіреді. Нарықтық деп басқа белгілеріне қарап бөлуге ешбір негіз жоқ. Басқару әдістерін екі жүйеге бөлудің өзі шартты түрде ғана. Іс жүзінде олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Әкімшілік басқару жүйесі - табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережелерінің, нормаларының орындалуын ұйымдастыру қадағалау негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бір орталықтан басқару, жоспарлау табиғат пайдалану шектеріне басым назар аударылады[1] .

Экономикалық жүйеде шаруашылық еркіндікке мүмкіншіліктер беріледі. Табиғат пайдалану нормаларын, ережелерін орындау экономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік) басқарылады.

Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын әдістердің (тәсілдердің) мынандай түрлерін айтуға болады:

Құқықтық - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, құзыреттерін, құқықтарын белгілеу. Табиғат пайдалану, қорғау туралы әкімшілік актілер қабылдау. Әкімшілік актілер орындалуға міндетті және тікелей әсер етеді.

Техникалық ұйымдастырушылық - табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Сурет 1- Қоршаған ортаны қорғауды басқару негіздері

Ұйымдастырушылық - табиғи ортаны қорғауға табиғатты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау жэәне олардың іске асырылуын ұйымдастыру.

Әлеуметтік-психологиялық - жеке адамдармен, ұйымдармен, қжымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.

Экономикалық әдіс - баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы, несие, т. б экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.

Баға, тариф және төлемдер жүйесі:

  • минералды және басқа ресурстарды тиімді және кешенді қолдануды

қамтамасыз етеді;

- қоршаған орта ұдайы өндірісі және қорғау.

Табиғат пайдалануды басқаруда оптимизация, жүйлеу, сараптау әдістерін кеңінен қолданылады. Табиғат пайдалану саласында қолданылатын техника мен технология, табиғат қорғау бағдарламалары, жоспары, табиғат пайдалану жобалары, шығарылатын өнімдер, іс-әрекеттердің табиғатқа сыйымдылығы, шығарылатын қалдықтар, табиғатқа келтірілетін әсерлер міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді[2] .

Табиғат қорғау және тиімді пайдалану шешімдерін дайындау үшін мемлекеттік есеп беру жүйесінің мәліметтері қолданылады. Табиғат қорғауды басқаруға қажетті мәліметтер, табиғи ортаның мониторингінен алынады. Мониторинг - бақылау жүйесі табиғат кешендерінің барлық түрлері, экоқұрылымдар, аймақтар, табиғи зерзаттар бойынша жүргізіледі. Сондықтан жергілікті аймақтық, ұлттық, бүкіләлемдік мониторинг жүйелері құрылады. Сондай-ақ мониторинг табиғат кешендерін, олардың құрамды бөліктерін қамтиды. Мониторинг табиғат кешендерінің жай-күйі, ондағы тұрақты өзгерістер туралы мәліметтер береді. Осындай мәліметтерге сүйеніп, табиғат сыйымдылығына, ондағы өзгерістерге ғылыми болжамдар жасалады. Олад табиғат қорғау және пайдалану болжамдары мен бағдарламаларының негізі болады.

Табиғат қорғауды, пайдалануды басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына, президент жарлықтарына, үкімет шешімдеріне сәйкес ұйымдастырылады.

Табиғат қорғау саласында басқарудың негізгі принциптерінің бірі қабылданатын шешімдердің іс-әрекеттердің алдын алу сипатында болуы. Өйткені табиғи ортаға келтірілген зиянды жоюдан гөрі оны болдырмау әлдеқайда тиімді. Сондықтан басқарудың ең негізгі әдісі болжамдар, бағдарламалар, жоспарлау және жобалау. Алғаш ұзақ мерзімдік болжамдар, тұжырымдар, бағдарламалар жасалады, содан кейін олардың негізінде ұзақ қысқа мерзімдік жоспарлар бекітіледі. Солармен қоса, ғылыми-техникалық болжамдар, тұжырымдамалар, жоспарлар әзірленеді.

Ұлттық аймақтың, жергілікті табиғат қорғау бағдарламаларында басты стратегиялық бағыттар айқындалады. Олардың қатарында[3] :

  • денсаулыққа, экологияға зардапсыз ортаны сақтау, халықтың әлеуметтік, психологиялық амандығын қорғау;
  • бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық даму үшін табиғатты ұтымды, сарқылтпай пайдалану;
  • табиғаттың қалпына келу және оны пайдалану теңдестігін сақтау;
  • жеке аймақтардың және әлемдік деңгейде биосфералық теңдестіктерді сақтау;
  • табиғатта кездесетін барлық тұқым түрлерін сақтау;

Осы мақсаттарға жету үшін басты міндеттер белгіленеді. Олар:

  • табиғат қорғау шараларын ұдайы жүзеге асыру, табиғат ресурстарын үнемдеу, экологиялық талаптарды қатаң сақтау, өнеркәсіпті кешенді, қалдықсыз және аз қалдықты технологияға көшіру, қалдықтарды ұтымды пайдалану, қалпына келетін табиғат ресурстарын ұлғаймалы ұдайы қалпына келтіру;
  • бірыңғай табиғат қорғау жүйесін құрып, нормалар мен стандарттар жүйесін жетілдіру;
  • өндірісті орналастыруды, табиғат пайдалануды, оның қорын молайтуды экологиялық негізде жүзеге асыру;
  • табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық әдістерін және механизмдерін жетілдіру;
  • табиғи ортаның жай-күйін бақылаудың автоматты жүйесін құру;
  • экологиялық білімдерді жетілдіріп, халықтың, қоғамдық ұйымдардың табиғат қорғау белсенділігін арттыру;
  • халықаралық келісімдер негізінде барлық мемлекеттермен, ұйымдармен бірлесіп табиғат қорғау жұмыстарын дәйекті жүргізу.

Табиғат қорғау және тиімді пайдалануды жоспарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаның теңдестігін сақтау, табиғат ресурстарының үнемделуін, молаюын, тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Табиғатты пайдалануды басқаруда әсіресе әкімшілік жолмен реттеуде нормативтер мен стандарттар ерекше орын алады.

Табиғи ортаның сапалық стандарттары ауа, су бассейндерінің, топырақтың және басқа табиғаттың құрамды бөліктерінің жай-күйін реттейді.

Әдетте табиғи ортаны ластаушылардың әрқайсысында жол берілетін ластаушы заттардың шығарылу шегі белгіленеді. Ластаушы заттардың шоғырлану шамасы осы шектен аспағанда олар адам денсаулығына, экологиялық жүйелерге зиян келтірмейді деп есептейді. Нормативтердің орташа тәуліктік және ең жоғарғы шамасы белгіленеді.

Табиғи ортаға әсер ету стандарттары әрбір өнеркәсіп процестерінен шығарылатын ластаушы заттардың шамасын реттейді. Стандарт бір уақыт аралығында ластаушы заттар санына немесе ластаушы заттардың белгілі мөлшерінің шығарылатын уақытына белгіленуі мүмкін. Табиғи ортаға әсер ету стандарттары жол берілетін ластану шегінің негізінде анықталады. Барлық ластаушылар әсер ететін территорияда ластаушы заттардың жиынтық шоғырлануы жол берілетін шамадан аспауы керек. Әрбір ластаушы көздерге ластаушы заттар шығару шегін белгілегенде территорияның жалпы ластану деңгейі, ластаушы заттардың таралу немесе шоғырлану мүмкінділігі және басқа ластаушылармен қосылатын жиынтық әсері ескеріледі[4] .

Әдетте ластаушы заттардың шоғырлану дәрежесі бақылау пункттерінде өлшенеді. Егер көрсеткіш нормадан артық болса, ластаушыларға норма азайтылып, шоғырлану дәрежесі қайта есептеледі. Керісінше, бақылау көрсеткіші төмен болса, норматив жоғарлатылуы мүмкін. Бұл процестерді төмендегі сызбадан көруге болады:

Технологиялық және тағы басқа объективті себептармен ластаушы заттардың шығарылу нормасын жол берілетін нормаға бірден жеткізу мүмкін болмағанда, аймақтың экологиялық жағдайы көтеретін болса, уақытша келісілген норматив белгіленеді және оны жол берілетін шамаға жеткізу шаралары белгіленеді.

Сурет 2- Ластаушы заттардың жол берілетін шығару нормасын белгілеу

Ластаушы заттар шығару нормативін белгілеу көп сатылы қайталанылатын процесс және аймақтағы барлық ластаушы заттардың табиғи ортаға жиынтық әсері, аймақтың табиғи жағдайы ескеріледі. Бақылау нүктелерінде ластаушы заттардың шоғырлануы жол берілетін шамаға жеткенінше процесс қайталана береді.

Нарықтық экономика жағдайында неше табиғатты қорғау қызметіндегі ең маңызды құралдардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың тоқтап қалуы, қаржының жетіспеуі табиғат қорғау жұмыстарын жүргізуге көп кедергі жасауда. Осыған орай, мемлекет тарапынан несие алып, оны орынды жұмсау және мерзімді қайтару басты міндет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
Экологиялық қылмыстардың өзекті мәселелері
Қоршаған ортаның сапасын басқару пәні бойынша лекциялар жоспары
Қоршаған ортаны қорғау туралы
Экология құқығының дәрістері
Жоба нысаны - қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаға әсерді басқару, бақылау
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz