Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Қазақтың ата.заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы:
құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Конституциядағы көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері мен құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.4 Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж Қазақстан Республикасы Конституциясы: мазмұны, мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
2.1Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Конституциялық құқықтың құқық жүйесіндегі орны, оның қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .212.3 Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.
Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Құқықтық мемлекеттің қарастыруда мәнін оның негізгі жағын бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы –– адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнақтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы –– мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшн құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көріеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:
 билік заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
 заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығаруы, өзгертілінуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
 мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
 қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
 азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
1. Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.
2. Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.
3. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.
4. 1995 ж. ҚР Конституциясы.
5. Ашитов Б.З. ҚР құқық негіздері. Алматы: 2003ж.
6. Баянов Е. ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы: 2003ж.
7. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері. Алматы: 2004ж.
8. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы, - Алматы, “Жеті жарғы”, 1998. –124-126 беттер.
9. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері, - Алматы, 2004. –28-29 беттер.
10. Баянов Е. ҚР мемлекеті мен құқықтық негіздері, - Алматы, -164-180 беттер.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Қазақтың ата-
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 6
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы:
құрылымы мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .7
3. Конституциядағы көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтарының
міндеттері мен құқықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 13
1.4 Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж Қазақстан Республикасы
Конституциясы: мазмұны,
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
2.1Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің жетекші
саларының
бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 18
2.2 Конституциялық құқықтың құқық жүйесіндегі орны, оның қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .212.3 Конституциялық құқық
ғылым саласы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің
негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар
бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени
орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз
қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері,
атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман
қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел
болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық
сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз
осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап,
ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында
ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде
жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз
отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да
ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына
мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-
ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз
халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс
жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық
заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң
әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы
жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.
Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз
Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Құқықтық мемлекеттің қарастыруда мәнін оның негізгі жағын бөліп
қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы –– адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық
ынталандыру режимін орнақтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы –– мемлекеттік билікті құқықпен
байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшн құқықтық шектеу
режимін орнықтырудан көріеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:
■ билік заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық,
атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
■ заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық
тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен
жоққа шығаруы, өзгертілінуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
■ мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
■ қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
■ азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды
орындауына бақылау жүргізілуі.

1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты,
ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру
жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам
өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан
тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен
тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен
нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық
мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси
саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті
республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың
теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа
жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.
Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше
ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ
диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру,
олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық
байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді
демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам
өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан
Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция
қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі,
республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады.
Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады.
Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын
күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды
ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық
келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың
лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады [1].

1.1 Қазақтың ата-заңы
Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы
Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз
Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық
талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі
Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы –
Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық
тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде
басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл
мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және
бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады.
“Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген
мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты
бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты
жазылған.
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп
жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы,
атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті
біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып,
әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің
ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси
қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады.
Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің
әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан
республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп,
заңмен қорғалады.
Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік
атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы
қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда
ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты
екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан [2].

1.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы: құрылымы мен мазмұны

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Адам қоғамының заңсыз өмір
сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын
құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны
қанша болуы керектігін ещкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған
демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың
бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың
негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының
қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын
Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін
қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді. (Бақұлов С.)
Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды.
Мемлекет түрлері көп болса да, олардың конституцияда мемлекеттік құрылым
түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация), мемлекетті басқарудың
(монархия әлде республика) формалары анықталады, мемлекеттің жоғары
органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен
міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде
Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Өзге
нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп
қабылданады. Сондықтан оның басқа нормативтік актілерде кездеспейтін өзіне
тән белгілері болады.
Конституция (лат. constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық және
мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың
түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін
айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы. Конституцияның мәні мемлекеттің
негізгі заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен
және құзіреттілігімен айқындалады.
“Конституция” деген сөздің латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”,
“заң” деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір
актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы
қабылданып, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы
болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен
Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден
мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
• Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
• Құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
• Ең жоғарғы заңдылық күші бар;
• Оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
• Тұрақтылығы.
Конституцияны жасауға саясатшылардың, философтардың,
әлеуметтанушылардың, құқықтанушылардың, мәдениеттанушылардың,
тарихшылардың, экономистердің, өзге де мамандық иелерінің және қарапайым
халықтың бірнеше ұрпағы қатысады. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға
созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік даналықтың жинақталған нышанының
көрінісі ретіндегі Конституцияны қабылдау аса зор жаупкершілікті қажет
етеді. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын Негізгі заң болғандықтан,
Конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі де өте қатаң және ондай әрекет жиі
қайталана бермейді. Батыстың классикалық демократиялы кейбір елдері
жүздеген жылдар бойы конституцияларын өзгертпей, орнықты өмір сүріп келеді.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық
актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға
жататындар:
1. Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының
Конституциялары.
Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін,
дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін
қалады. 1993 жылғы Конституцияның қабылдануы және оның мәні. 1991 жылы
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң
қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі
елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – Конституциясын қабылдау
қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан
Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда,
мемлекеттің халыққа қызмет ететін жаңа билік органдарын құруда,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындауда және оларды кеңейтуде
үлкен рөл атқарды. Бұрынғы Қазақ КСР-інің аумағы тәуелсіз аумақ деп
танылды. Ол бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстан
Республикасының азаматтары ұлтына, тегіне, атқаратын қызметіне, тұратын
мекеніне және басқа да әлеуметтік жағдайларына қарамастан, тең құқықтар мен
бостандықтарға ие. Конституцияда Қазақстан мемлекетінің құрылысы, биліктің
заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну ұстанымдары
айқындалды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы өтпелі кезеңнің
негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.
Бұл кезде Жоғарғы Кеңестің өкілеттігі Президент пен Үкімет билігінен күшті
болуынан туындаған мемлекетті басқару жүйесі туралы мәселе шиеленісіп
тұрды. Ақыры, Президенттің өкілеттігін кеңейту арқылы ел экономикасын
реформалауды жеделдету қажеттігін жақтаған бағыт үстемдік алды. Нәтиже
елдің Негізгі заңын түбегейлі қайта қарауға алып кеді [3].
1995 жылғы Конституция. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық
референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда
мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар
ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың
конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен
мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың
құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат – Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданған
Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдарды тұжырымдап,
бір арнаға келтірді.
Халық – конституциялық-құқықтық қатынастар субъектісі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық ұлттық топтарды түгел
қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі. Халық
әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді, сонысымен қоғамда бейбітшілікті
сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына
қарай алаламайды, түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жақтап шықпайды,
өзін халықтың белгілі бір ғана тобының заң шығарушылық актісі деп
танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкілхалықтық деп
таниды. Мұның мәні: мемлекет халықтың бір тобының есесінен оның екінші бір
тобына артықшылық бермейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына олардың
әлеуметтік жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс. Қазақстан
Республикасының Конституциясы түрлі әлеуметтік топтардың құқықтарына шек
қоймай, тұтас халықты конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі деп
таниды.
Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп
Саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп
Жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзінен-ақ байқалады:
“Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде
мемлекеттік құра отырып, өзімізді еркіндік және татулық мұраттарына
берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік
қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ
ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің
егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”, –
делінген. Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен
қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады. Республиканың
бүкіл аумағына тікелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция –
мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге
болады.
Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында “халық” деген ұғымға қазақ
ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді.
Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының ұйытқысы
болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық немесе
мәдени артықшылықтар берілмейді [4].
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп cанауға болмайды.
Өйткені, ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның байырғы
тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік мәртебесі
болмаса, онда ол тілі қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар
еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы халық деп танылуы
оның мазмұндық мәнін ашып береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы: “Біз... Қазақстан халқы... осы Конституцияны
қабылдаймыз” деген сөздермен басталады. Қазақстан халқы оны референдумда
қабылдады.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдаған бірден-бір субъекті
болғандығынан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Халық мемлекеттік
биліктің қайнары болуымен де дербестіктің шын мәніндегі кепі лі. Қазақстан
халқы мемлекетті осы Конституция арқылы құрды, оның басқару және құрылу
нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылысының негіздерін, адам мен
азаматтың мәртебесін анықтады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Былайша айтқанда, халық
Конституцияны қабылдап қана қоймайды, ол Конституцияға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Референдум өткізу жөнінде
шешімді Президент қабылдайды. Егер Президент Конституцияға өзгертулер мен
түзетулер енгізу мәселесін Парламенттің қарауына беру туралы шешім
қабылдаса, онда референдум өткізілмейді. 1998 жылы Конституцияға өзгертулер
мен түзетулер енгізу осылай жүзеге асты.
Конституцияның құрылымы мен мазмұны.
Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады.
“Жалпы ережелер деп аталған І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси
сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік
басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси
алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан
Республикасы Конституциясында *Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы –
халық” деп жарияланған.
Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және
азаматтыққа байланысты ережелер “Адам және азамат” деп аталған ІІ бөлімде
жинақталып берілген. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша заң мен
сот алдында жұрттың бәрі бірдей; азаматтардың өмір сүруге, жеке бас
бостандығына, еркін қоныс аударуына, саяси бірлесуге, еңбек етуге, меншік
иесі болуына, денсаулығын сақтауға, ұждан бостандығына, білім алуға т.б.
құқығы бар. Адамды қорлауға болмайды, ары қорғалады. Сонымен қоса, азамат
өзіне тиісті конституциялық міндеттерін де абыроймен атқаруға тиісті.
ІІІ бөлімде Президенттің, ІV бөлімде Парламенттің, V бөлімде Үкімет
құрамдарының жасақталуы, сайлану және тағайындалуы мерзімдері мен заңдары,
өкілеттіктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің
бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында
атқаратын жұмыстары, ішкі-сыртқы саясатты айқындап жүргізуі т.б.
баяндалған.
VI бөлімде Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары,
VII бөлімде соттар мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметінің
мазмұны мен реттілігі туралы айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару ережелері VIII бөлімде тұжырымдалған. Соңғы IX бөлімде
қорытынды және өтпелі ережелер берілген.
Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, ал
екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік
биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі
халықтың мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық
элементтерімен: аумағымен, жоғарғы өкімет билігімен, азаматтығымен, дербес
заң шығарушылық қызметімен, т.б. қоса баянды етеді. Конституция
мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен
өзара қарым-қатынастарының негіздерін қалайды. Ол қоғамдық құрылыстың
экономикалық, ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін де анықтайды.
Мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық
ережелерін, идеяларын пайдаланады. Қоғамның құрамдас бөліктері де
(бірлестіктер, ұйымдар) өз қызметтерін Конституцияға негіздеп құруға тиіс.
Жекелеген заңдар белгілі бір қоғамдық институттардың – саяси партиялардың,
діни, мәдени бірлестіктердің т.б. құрылуы мен қызметтерінің бағыттарын
айқындайды. Өздерінің мақсаттары мен әрекеттері арқылы конституциялық
құрылысты зорлықпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға бағытталған
қоғамдық ұйымдардың құрылуына және әрекет етуіне тыйым салатын
Конституцияның норматив- тік ережелері тура және тікелей іске асырылады.
Сондықтан құқық қорғау органдары Конституция нормаларының бұзылу жағдайына
қатысты шаралар қолданғанда, Конституцияның өзін тікелей басшылыққа алады.
Конституцияның жоғары заңдық күші. Қазақстан Республикасы
Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні – мемлекеттік органдар
қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмейтін
болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да –
жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға,
барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы
керек.
Конституцияда оның ережелері, нормалары тікелей қолданылады деген
нұсқау бар. Мұның мәні - әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын
қорғау үшін мемлекеттік органдарға, әсіресе сотқа өтініш білдіргенде,
Конституцияны, оның нормаларын пайдалануға құқықты.
Қазақстан Президенттік Республика. Қазақстан Республикасының
Президенті – мемлекеттің басшысы, елдің жоғары лауазымды тұлғасы.
Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға
болғандықтан, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша
айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында ала ауыздық
болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының
арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын
заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау
үшін кері қайтарады [5].

1.3 Конституциядағы көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтарының
міндеттері мен құқықтары
Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995
жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған
Конституцияда анық тұжырымдалған.
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз
мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып,
тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу,
құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің
жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке
басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға
және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы”
деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік
берілген.
Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке
меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік
жасалған.
Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына
қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын
қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.
39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы,
өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол
сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен
зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде
де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған.
Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың
кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді.
Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы
бекітіледі (21,25 бап.), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін
кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте
еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы,
экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз
жасауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның
өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр
адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға,
жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.
Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында
тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция
бойынша міндетті деп табылған.
Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі
мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің
борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың
қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде
бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін
орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі [6].

1.4 Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж Қазақстан Республикасы
Конституциясы: мазмұны, мәні. Қазақстан Республикасы конституциялық
құрылысы
   Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және
қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы
өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу
негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің
бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі Президенттің қызмет орнын белгілеу
туралы Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу
кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген
өзгерістердің қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне
айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттң қызмет орны республикада жүргізіліп
жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету,
конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10
желтоқсанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы
қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл
құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша
анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап
қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың
принциптері мен идеяларын қабылдады.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы
Конституцияны қабылдаумен байланысты.Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның
Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға
сәйкес келтіру-заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі
бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот
Конституциялық кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот
жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі
жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және
жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.
ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:
1. Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы-бірыңғай ерекше заңдық
қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің
құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің
субъектілерін, оны жузеге асыру механизмі анықтайды, мемлекет қорғайтын
адам мен азамат құқығын бекітеді.
2. Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы конституциялық
құрлысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы.
Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатысты жоғарғы заңдық
күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы
келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен
байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен
сәйкестендіріледі.
3. Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық
процессін анықтайды-әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын,
олардың атауын, заңдық күшін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құру жолдары
Құқықтық мемлекет жайлы мәлімет
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің арақатынасы
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Республикадағы демократияның құқықтық сипаттамасы
Азаматтық қоғамның құрылымы
Демократияның заманауи теориялары
Пәндер