Жерге орналастыру
Мазмұны.
Кіріспе.
I Жалпы бөлім.
1.1 Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны.
1.2 Жерге орналастыруды жүргізу.
1.3 Жерге орналастыру процесі.
1.4 Шаруашылық аралық жерге орналастыру.
II Негізгі бөлім.
2.1 Шаруа (фермер) қожалығы.
2.2 Шаруа (фермер) қожалығын құру.
2.3 Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығы.
2.4 Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру нормалары.
2.5 Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер.
2.5.1 Климаты.
2.5.2 Өсімдігі.
2.5.3 Топырағы.
III Жобалық шешімдер.
3.1 Шаруа (фермер) қожалығының жер телімінің есебі.
IV Қоршаған орта мен еңбекті қорғау бөлімі.
V Қорытынды.
Қолданылған әдебиет
Қосымша

Нарықтық баға құру енгізіліп жатқан себепті ауыл шаруашылық азық-түлікке бағалардың нормативтік деңгейін әлемдік (биржалық) бағалар деңгейінде алған жөн. Бұл жағдай осы курстық жобада ескерілген. Жерлерді бағалау аудандары (ЖБА) топырақтар топтары бойынша орта нормативтік өнімділік егіс көлемдердің қалыптасқан құрылымын, өсірілетін дақылдардың үлестік салмағын ескереді немесе негізгі дақыл бойынша есептелінеді. Ауыл шаруашлық алқаптардың жерлерінің құнын бағалауда топырақтық-геоботаникалық зерттеу материалдары пайдаланылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемлекет және жеке меншіте бола алады және екеуі де заң жүзінде бірдей қорғалады. Елімізде жеке меншік институын енгізу республикадағы жер қатынастарына кәдімгідей өзгерістер әкелді. Кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан жерге бірыңғай мемлекеттік меншіктерден бас тарту заңды түрде рәсімделген. Осыған байланысты жерге мемлекеттік меншіктің мазмұны, маңызы, міндеті өзгерді. Қазақстанда жерге мемлекеттік меншіктің бір деңгейлік жүйесі сақталып отыр.
Берілген курстық жобаның тақырыбы ― ОҚО Түлкібас ауданы, «Шабыт» шаруа қожалығының ауылшаруашылық алқаптарының құнын бағалау.
Курстық жұмыстың мақсаты ― жерді бағалаудың мәліметтерін, әсіресе нарықтық қатынастарға көшу барысында кеңінен пайдалану, берілген бастапқы мәліметтер бойынша шаруа қожалығындағы ауылшаруашылық алқаптарының құнын бағалауда – ауылшаруашылығы өнімдері бағасының нормативтік деңгейін, жердің нормативтік бағасының есебін, табиғи мал азықтық алқаптарының нормативтік бағасын есептеу.
Курстық жобаның міндеті ― ауыл шаруашылығында пайдаланатын жайылым және шабындық түрлерінің өсімдік ресурстары мал шаруашылық өнімін өндіру үшін мал азықтық құндылығы жағынан бағалау.
Жайылым және шабындық адам үшін мал шаруашылығының даму қоры болып келеді. Курстық жобада қазіргі үақытта қолданылатын жыртылатын жерлерді және табығи мал азықтық алқаптардың нормативтік өнімділігін есептеу әдістемесінің негізі қарастырылған.
«Ауыл шаруашылық алқаптарының құнын бағалау» тақырыбында курстық жобаны орындау үшін шаруа қожалығы жер алқабының ауыл шаруашылық өнімдері бағасының нормативтік деңгейін, жерді бағалау аудандар шамасында жер қыртысының топтары бойынша орташа нормативтік өнімділіктің есебін, жердің нормативтік бағасының есебі, табиғи азық алқаптарының нормативтік бағасын есептейді.

Қолданылған әдебиеттер:
1. «Жерге орналастыру жұмыстарын жоспарлау, болжау және үйымдастыру» пәні бойынша 050903 - «Жсрге орналастыру жэне кадастр» мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешен. - Қалыбеков Т.Қ.,Абдыгалиева С.С., Абдуллаева А.Б. — Алматы 2006.
2. «Жер кадастр жұмыстарын ұйымдастыру» пәні бойынша 050903 -«Жерге орналастыру және кадастр» мамандығына арналған оқу-әдістемслік кешен. - Қалыбеков Т.Қ., Абдыгалиева С.С. - Алматы 2006.
3. «Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері», Гендельман М.А., Қрықбаев Ж.Қ., Астана 2004.
4. Земельный кодекс Республики Казахстан.«Юрист», Алматы.2003.
5. Балезин В.П. «Правовой режим населенных пунктов».Издательство Московского университета, 1972.
6. Жакиров Ю.Г. «Охрана права землепользователя», Москва. 1974.
7. Ерофеев Б.В. «Правовой режим земель городов», Москва. 1976.
8. Сегединов А.А., Кабакова СИ. «Экономное использование земли при строительстве».Изд. Экономика и строительство, Москва. 1976.
9. Инструкция по составлению проектов планировки и застройки городов.Изд. Законодательство о капитальном строительстве.Ж.,1978.

1. Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны.
2. Жерге орналастыруды жүргізу.
3. Жерге орналастыру процесі.
1.4 Шаруашылық аралық жерге орналастыру.
II Негізгі бөлім.
2.1 Шаруа (фермер) қожалығы.
2.2 Шаруа (фермер) қожалығын құру.
2.3 Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығы.
2.4 Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру нормалары.
2.5 Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер.
2.5.1 Климаты.
2.5.2 Өсімдігі.
2.5.3 Топырағы.
III Жобалық шешімдер.
3.1 Шаруа (фермер) қожалығының жер телімінің есебі.
IV Қоршаған орта мен еңбекті қорғау бөлімі.
V Қорытынды.
Қолданылған әдебиет
Қосымша
Кіріспе.
Нарықтық баға құру енгізіліп жатқан себепті ауыл шаруашылық азық-түлікке
бағалардың нормативтік деңгейін әлемдік (биржалық) бағалар деңгейінде алған
жөн. Бұл жағдай осы курстық жобада ескерілген. Жерлерді бағалау аудандары
(ЖБА) топырақтар топтары бойынша орта нормативтік өнімділік егіс
көлемдердің қалыптасқан құрылымын, өсірілетін дақылдардың үлестік салмағын
ескереді немесе негізгі дақыл бойынша есептелінеді. Ауыл шаруашлық
алқаптардың жерлерінің құнын бағалауда топырақтық-геоботаникалық зерттеу
материалдары пайдаланылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемлекет және жеке
меншіте бола алады және екеуі де заң жүзінде бірдей қорғалады. Елімізде
жеке меншік институын енгізу республикадағы жер қатынастарына кәдімгідей
өзгерістер әкелді. Кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан жерге бірыңғай
мемлекеттік меншіктерден бас тарту заңды түрде рәсімделген. Осыған
байланысты жерге мемлекеттік меншіктің мазмұны, маңызы, міндеті өзгерді.
Қазақстанда жерге мемлекеттік меншіктің бір деңгейлік жүйесі сақталып отыр.
Берілген курстық жобаның тақырыбы ― ОҚО Түлкібас ауданы, Шабыт шаруа
қожалығының ауылшаруашылық алқаптарының құнын бағалау.
Курстық жұмыстың мақсаты ― жерді бағалаудың мәліметтерін, әсіресе
нарықтық қатынастарға көшу барысында кеңінен пайдалану, берілген бастапқы
мәліметтер бойынша шаруа қожалығындағы ауылшаруашылық алқаптарының құнын
бағалауда – ауылшаруашылығы өнімдері бағасының нормативтік деңгейін, жердің
нормативтік бағасының есебін, табиғи мал азықтық алқаптарының нормативтік
бағасын есептеу.
Курстық жобаның міндеті ― ауыл шаруашылығында пайдаланатын жайылым және
шабындық түрлерінің өсімдік ресурстары мал шаруашылық өнімін өндіру үшін
мал азықтық құндылығы жағынан бағалау.
Жайылым және шабындық адам үшін мал шаруашылығының даму қоры болып
келеді. Курстық жобада қазіргі үақытта қолданылатын жыртылатын жерлерді
және табығи мал азықтық алқаптардың нормативтік өнімділігін есептеу
әдістемесінің негізі қарастырылған.
Ауыл шаруашылық алқаптарының құнын бағалау тақырыбында курстық жобаны
орындау үшін шаруа қожалығы жер алқабының ауыл шаруашылық өнімдері
бағасының нормативтік деңгейін, жерді бағалау аудандар шамасында жер
қыртысының топтары бойынша орташа нормативтік өнімділіктің есебін, жердің
нормативтік бағасының есебі, табиғи азық алқаптарының нормативтік бағасын
есептейді.
Бағалауда жылжымайтын мүліктің құқықтық жағы міндетті түрде ескерілді.
Бағалау бағалау қызметін жүзеге асырудың негіздемелері мен шарттарына,
бағалаушы мен тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттеріне сүйенеді.
Бағалау мүлікті сақтандыру мен салық салуда, несие алу үшін кепілдікке
қоюға аса қажет.
I Жалпы бөлім.
1.1 Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен
қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының
сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жүйесi болып табылады.
Жерге орналастыру меншiк нысанына тиесiлiлiгiне және оларда шаруашылық
жүргiзу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргiзiледi.
Жерге орналастыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде белгiленген,
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қаралған және
бекiтiлген жердiң нысаналы мақсаты, жердi пайдалану мен оны қорғау режимi,
шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерiнiң шекарасы, жердiң сапасы мен
мөлшерi туралы деректер және басқа да деректер жер құқығы қатынастары
субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Жерге орналастыру: ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде жерге
орналастырудың, жердi аймақтарға бөлудiң республикалық, облыстық және
аймақтық схемаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту
және қорғау бағдарламаларын әзiрлеудi; қолданыстағы жер пайдалануды
қалыптастыру және ретке келтiру жөнiндегi шаруашылықаралық жерге
орналастыру жобаларын жасауды, белгiлi бiр жерде жер учаскелерiн бөлiп беру
мен шекарасын белгiлеудi; белгiлi бiр жерде елдi мекендердiң шекарасын
(шегiн) анықтау мен белгiлеудi, олардың жер-шаруашылық орналастыру
жобаларын жасауды; белгiлi бiр жерде әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың,
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жердi пайдалану мен қорғаудың
ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеудi; жерге
орналастыру, бүлiнген жердi жаңғырту мен жаңа жердi игеру жобаларын, сондай-
ақ жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзiрлеудi;
жердi түгендеу iсiн жүргiзудi, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай
жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жердi анықтауды;
топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу,
геоботаникалық және басқа да зерттеу мен iздестiру жұмыстарын жүргiзудi;
жер ресурстарының жай-күйi мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен
атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етедi.
1.2 Жерге орналастыруды жүргізу.
Жерге орналастыру облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті
атқарушы органдарының шешімі бойынша не мүдделі жер учаскелерінің меншік
иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі.
Жер учаскелерiнiң мүдделi меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың
бастамасы бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыру олардың тиісті жергілікті
атқарушы органға беретiн өтiнiштерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Жерге орналастыру жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзуге белгiленген тәртiппен лицензия алған
заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртiбi мен технологиясы жер
ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн нормативтiк
құқықтық актiлермен белгiленедi, олар жерге орналастыру жұмыстарын
орындаушылардың барлығы үшiн мiндеттi.
Белгiленген тәртiппен келiсiлген жерге орналастыру құжаттамасын:
Шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын және жердi ұтымды
пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға байланысты
олардың өз есебiнен әзiрленетiн және жүзеге асырылатын жобаларды - жер
учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті
органдарымен келiсiм бойынша жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер
пайдаланушылар, басқа да тапсырыс берушiлер;
Жер учаскелерiнiң шекарасын қалыптастыруға, оларды белгiлi бiр жерде
белгiлеуге, жер учаскесiнiң жоспарын дайындауға байланысты жерге
орналастыру құжаттамасын, сондай-ақ жерге орналастыру жөнiндегi, жер
ресурстарының жай-күйi мен пайдаланылуының арнайы тақырыптық карталарын
жасау жөнiндегi топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың,
топырақты зерттеу, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және
iздестiру жұмыстарының материалдарын - жер учаскесі орналасқан жердегі
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары бекiтедi.
Жерге орналастыру құжаттамасына өзгерiстер осы құжаттаманы бекiткен
органның рұқсатымен ғана енгiзiледi.
Жерге орналастыру жобасын орындау: жобаны жер бетiне көшiрудi; жобаның
барлық элементтерiн игерудi, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын
ресiмдеудi және берудi қамтиды.
1.3 Жерге орналастыру процесі.
Жерге орналастыру процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:
- жерге орналастыру iсiн жүргiзудi бастау;
- дайындық жұмыстары;
- жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен
жобаларын әзiрлеу;
- жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келiсу және бекiту;
- жерге орналастыру жобасын орындау.
Жерге орналастыруды жүргiзу бойынша тапсырыс берушi, жерге орналастыру
құжаттамасын әзiрлеушi, жерге орналастыруды жүргiзу кезiнде құқықтары мен
заңды мүдделерi көзделуi мүмкiн үшiншi тұлғалар, сондай-ақ жерге
орналастыру құжаттамасы келiсiлетiн және оны бекiтетiн мемлекеттiк органдар
мен басқа да тұлғалар жерге орналастыру процесiне қатысушылар болып
табылады.
Жерге орналастыру процесiне қатысушылардың:
1) жерге орналастыруды жүргiзу жөнiндегi тапсырыс берушiнiң:
- жеке өзi немесе өкiлi арқылы жерге орналастыру процесiнiң барлық
сатысында қатысуға;
- жерге орналастыру iсiнiң материалдарымен танысуға;
- өз ұсыныстарын қарауға енгiзуге;
- жерге орналастыру процесiнде туындаған келiспеушiлiктердi шешуге
қатысуға құқығы бар;
2) әзiрлеушiнiң (жобалау және iздестiру жұмыстарымен айналысатын, сондай-
ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды
тұлғаның):
- мемлекеттiк органдардан жерге орналастыру жөнiнде қажеттi ақпарат
алуға;
- тапсырыс берушiлермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға;
- жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру барысына қандай да бiр ерекше
рұқсатсыз бақылау жасауға, жергiлiктi атқарушы органдарды оның нәтижелерi
туралы хабардар етуге және жердi пайдалану мен қорғау iс-тәжiрибесiн
жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
- жерге орналастырудың ескiрген схемалары мен жобаларын жетiлдiру немесе
қайта өңдеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
3) жерге орналастыру кезiнде құқықтары мен заңды мүдделерi көзделуi
мүмкін үшінші тұлғалардың:
- жерге орналастыру мәселелерi талқыланғанда қатысуға және жерге
орналастырудың барысы мен нәтижелерi туралы өз мүдделерiн көздейтiн ақпарат
алуға;
- жерге орналастыру процесiнде өздерiнiң мүдделерiн қозғайтын заңсыз
әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға құқығы
бар.
Жерге орналастыру процесiне қатысушылардың мiндеттерi:
1) жерге орналастыру процесiнiң барлық қатысушылары:
- Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға;
- жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк
органдар талаптарын орындауға;
- жерге орналастыру процесiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер
пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндетті;
2) жобалау құжаттамасы келiсiлетiн және оны бекiтетiн атқарушы органдар
оны бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi;
3) жерге орналастыруды жүргiзу жөнiнде тапсырыс берушi:
- жерге орналастыруды жүргiзу мақсатын, мiндеттерiн, мазмұнын, ерекше
жағдайлары мен мерзiмдерiн анықтауға;
- қажеттi материалдар мен құжаттарды беруге;
- жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға;
- орындалған жұмыстарды бiр ай iшiнде қабылдауға немесе дәлелдi түрде
бас тартуға мiндеттi;
4) жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеушi:
- барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдiстемелiк
нұсқауларға, сондай-ақ шартқа сәйкес орындауға;
- зерттеу, iздестiру және өзге де жұмыстар топырақтың құнарлы қабатын
бүлдiре отырып жүргiзiлген жер учаскелерiнiң жай-күйiн бастапқы қалпына
келтiруге;
- жерге орналастыру құжаттамасында көзделген iс-шаралардың дұрыстығы,
сапасы мен экологиялық қауiпсiздiгi үшiн жауап беруге мiндеттi.

- Ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын мекемелерге жер бөлу жобалары.
Мысалы шаруа қожалықтарына жер бөлу, шаруа қожалықтарының жер
пайдалану жобаларын құру. Ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын
кооперативтердің жер пайдаларын құру, жер учаскелері, ірі акционерлік
қоғамдардың және басқа агро құрылымдардың жер пайдалануларын құру
жобалары.
- Ауыл шаруашылыққа жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлу жобасы, өндіріс,
байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын
қажетіліктерге жер бөлу жобалары, Гидроэлектр станцияларға жер бөлу
жобасы, табиғи қорғалатын аймақтарға денсаулық сақтау, сауықтыру
рекрециондық қажеттіліктерге жер бөлуді жобалау тау-кен
кәсіпорындарына жер бөлуді жобалау. Елді-мекен және әкімшілік
территориялардың шекараларын белгілеу жобалары.
Шаруашылық жерді орналастыру.
- Шаруашылық қожалықтарының жерлеріне, ішкі территориялық орналастыру
жобасы.
- Таулы жерлердегі шаруашылықтарды ішкі территориялық орналастыру
жобасы.
- Жер пайдаланулардың кемістіктеріне жою жобаларын құру.
- Суарылатын жерлердің территориясын орналастыру жобасы.
Жерге орналастыруды жобалаудың принциптері.
- Жобалық ұсыныстардың жобасы экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
- Жерді сырапты пайдаланудан және қолайсыз табиғи жағдайлардан қорғау.
- Жобалық мақсат, міндеттердің кешенді түрде жүзеге асырылуы.
- Аймақтық ерекшеліктердің ескерілуі, жерге орналастыру жобалаудың
принциптері, оның алдына қойылған мақсаты, міндеттерінің түріне сай
туындайды.
Жалпы алғанда жобаларды, мынадай бір қатар қағидаларды ескере отырып
жүргізу қажет.
- Жер тек меншік және мемлекеттік меншікте екенін ескеру.
- Халық шаруашылығының барлық салаларының мұқтаждықтарын ескере отырып,
ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін сақтау.
- Меншік иелерінің (жер пайдаланушыларды) үнемі жетілдіре отырып,
олардың тұрақтылық қамтамасыз ету.
- Табиғи экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайлар мен жердің
кеңістік қасиеттерін мұқият ескеріп отыру.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру дегеніміз – жерді халық шаруалығы
салаларының арасында немесе бір сала ішінде болуды ұйымдастыру, әр түрлі
шаруашылықтық құрылымдардың жер пайдалануларын құру және қайтадан құру
арқылы әкімшіліктік территориялық ерекше режимдегі территориялардың және
арнайы жер қорларының шекараларын белгілеу арқылы жерді тиімді пайдалануды
және қорғауды қамтамасыз ету үшін жүргізілетін қоғамдық-экономикалық,
заңдылық, техникалық және экологиялық шаралар жүйесі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру объектілері республикалық барлық
халық шаруашылық кешенінің жеке салаларының немесе региондардың (аймақтық).
Әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасына байланысты жер
пайдаланушылар және жер иелері арасында бөлінетін немесе қайтадан бөлінетін
территория.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстары жерге орналастыру
жұмыстарының бір түрі ретінде, екі түр тармағыеа бөлінеді.
Ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын субъектілердің жер пайдалануларын
құру.
Ауыл шаруашылыққа жатпайтын жер пайдалануларын орналастыру.
- Мемлекеттік органдардың шешімі, жерге орналастыру органдарының ықыласы
және мүдделі министерствалар, ведомствалар жер иелері мен жер
пайдаланушылардың өтініштеріне байланысты орындалады.
Қазақстанда жерге орналастыру жұмыстары жер ресурстары және жерге
орналастыру ғылыми өндірістік орталығы және оның филиалдары немесе жерге
орналастыру жұмыстарын орындауға лицензиясы бар ұымдар жүргізеді.
Шаруа (фермер) қожалығы туралы.
Осы заң Қазақстан республикасында шаруа (фермер) қожалықтарын құрудың
және олардың жұмыс істеуінің құқықтық ұйымдық және экономикалық негіздерін
белгілейді.
2.1 Шаруа (фермер) қожалығы.
Адамдардың жеке кәсіпкерлікті жұзеге асыруы ауыл шаруашылыққа арналған
жерлерді. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді өнімін өндіру мен, сондай-ақ
осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық еңбек
бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп аталады.
Шаруа (фермер) қожалығының мүшелері ортақ шаруашылықты бірлесіп
жүргізетін жұбайлар, балалар асырап алынған, балалар (қыздар), ата-аналар
және басқа да жақын туыстар болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызмет бірлескен, ортақ меншік басына негізделген отбасылық
кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы.
Өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы.
Бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізделген, жалпы үлестік
меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалағы.
18 жасқа толған Қазақстан Республикасы іс-әрекетке қабілетті кез-келген
азамат шаруа (фермер) қожалағаның басшысы бола алады.
Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ұйымдар мен, азаматтар мен және
мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста, оның мүдделерін білдіреді және
заңмен тиім салынбаған азаматтық құқықтық мәмілелерді жүзеге асырады.
Ауырған немесе ұзақ уақыт орнында болмаған жағдайда шаруа (фермер)
қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерінің біріне өз қызметін атқаруға
уәкілеттік бере алады.
Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ауысқан жағдайда оның мүшелері
қожалықты тіркеген органға бір туралы, ортақ өтініш беріп хабарлайды. Құқық
мұрагері атына жер туралы заңдарға сәйкес жер пайдалану құқығына
мемлекеттік акт беріледі.
2.2 Шаруа (фермер) қожалығын құру.
Шаруа (фермер) қожалығы ерікті негізде құрылады және жер пайдалану
құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап құрылады деп
есептеледі.
Шаруа (фермер) қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының
теғ құқықты өндірістік бірлігі болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің меншігінде жер учаскелері екпелер,
шаруашылыққа арналған және өзгеде қора-қопсылар мелиорациялық және жұмысқа
жегілетін мал құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзгеде тезника мен
жабдықтар, көлік құралдары, керек жарақтар және қожалық үшін оның
мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқада мүлік болады.
Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің мүліктік қатынастарды азаматтық және
жер туралы заңдардың тиісті нормалары мен реттеледі.
Шаруа (фермер) қожалығын мүшелерінің мүлкін мұраға алу және олардың жер
пайдалану құқығы.
Шаруа (фермер) қожалығының мүлкімен жер пайдалану құқығы заң немесе
өсетхат бойынша, азаматтық заңдарда көзделген тәртіппен жүргізуді
жалғастыратын мұрагерлер мұраға алынған мүлікке және жер пайдалану құқығын
мұраға алған кезде, мемлекеттік баж төлеуден басталады.

Шаруа (фермер) қожалығына жер учаскесін беру.
Шаруа (фермер) қожалығының жүргізуге тілек білдірген азаматтарға жер
учаскелері тұрақты немесе уақытша тегін жер пайдалану құқығын ұсынылады.
(беріледі).
Жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар және ауыл шаруашылығы ұйымдарының
құрамынан шыққан азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін, осы
ұйымдардың жерінен жер учаскелері беріледі. Олардың кадастрлық бағасы
шаруашылық бойынша орташа деңгейде болуі тиіс.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған және ауылда
(селода) пайдаланып ауылшаруашылық алқаптарынан заңдарда белгіленген
тәртіппен және шарттарда:
Ақысыз берудің белгіленген нормаларынан тыс жер берілген жағдайда жер
учаскелері берілуі мүмкін.

Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының азаматтарына тұрақты пайдалануға мынадай мөлшерде: ауыл
шаруашылығы ұйымдарының (кәсіпорындарының) жерлерінен – осы ұйым бойынша
отбасының жер (шартты жер) үлесі мөлшерінде.
Арнайы жер қорындағы жерлерден отбасының қожалық ұйымдастыруға тілек
еткен еңбекке қабілетті әрбір мүшесіне орташа аудандық, жер (шартты жер)
үлесі мөлшерінде ақысыз беріледі.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін тұрақты пайдалануда болуы мүмкін
жер учаскесінің шекті (ең үлкен) мөлшерін жергілікті жағдайлар мен
ерекшеліктерге байланысты облыстық атқарушы орган белгілейді.
Осы учаскелердің шекті мөлшеріне дейін азаматтарға пайдалануға ақысыз
берілетін нормадан тыс қосымша жер учаскелерін тұрғын үйі бар азаматтардың
ауылдағы жер учаскесі меншік құқығында сақталады. Ол шаруа (фермер)
қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері, арнайы жер қоры мен запастағы жерден
беріледі.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері, елді мекндердің
жері ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлер құрамынан да берілуі мүмкін.
Жерді бөлуге жатпайтын ауыл шаруашылығы ұйымдарынан шыққан азаматтар
шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін арнаулы жер қорының жер құрамынан жер
учаскесін бірінші кезекте алуға құқылы.
Арнаулы жер қорының елді мекендердің және запастағы жер учаскесін алудың
басым құқығын арнаулы шаруашылық білімі мен біліктілігі бар ауыл
шаруашылығында практикалық жумыс тәжірибесі бар және сол ауданда, қалада,
ауылда (селода), поселкеде тұратын азаматтар пайдаланады.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін уақытша жер пайдалануға:
Орман қоры жерлері мен запастағы жерлердегі орман шаруашылығы мұқтаждары
үшін олардың ақы төлеп алуы мүмкін.
Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін алғысы келетін
азаматтар жерді пайдалануға беру құқығы бар, жергілікті атқарушы органға
жер пайдалану құқығын беру туралы өтініш жасайды.
Жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар азаматтар жергілікті атқарушы органға
және өздер құрамынан бөлініп шығатын ауыл шаруашылығы ұйымына өтініш
жасайды.
Өтініште сұрап отырған жер учаскесінің тұрған жері, шаруа (фермер)
қожалығының құрамы, жер (шартты жер) үлесінің саны, олардың жалпы көлемі,
балл-гектармен бағалануы көрсетіледі.
Аталған шаруашылықтың басшысы мен мүшелері шаруа (фермер) қожалығын
жүргізу үшін жер пайдалану құқығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz