Қылмыстық іс бойынша өндірісті жокка шығаратын мән-жайлар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қылмыстық іс бойынша өндірісті жокка шығаратын мән-жайлар

Анықтау, тергеу органдары, прокурор және сот қылмыстық ізге түсуді боддырмайтын мән-жайлар аныкталған кезден бастап кылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабына сәйкес қылмыстық. іс қозғаудан бас тартуы, ал қозғалған істі тоқтатуы тиіс. Қылмыстық істі қозғауға болмайтын ал қозғалған істің токта-тылуы тиіс жағдайлар:

  1. қылмыс оқиғасының болмауы. Қылмыс оқиғасының болмауы деп қылмыс ретінде карастырылып отырған жинақталған немесе ұсынылған материалдарда қоғамға кауіпті іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) болмауы түсініледі;
  2. әрекетте қылмыс кұрамының болмауы. Бұл жағдай мынадай кезде орын алады. Айталық белгілі окиға (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) шынында да орын алған бірак кандайда болмасын кылмыс құрамын жасайтын белгі жоқ. Мысалы, адамның іс-әрекетіндегі әкімшілік немесе жағымсыз әрекет көрініп ақ түр. Немесе ол формальді түрде қылмыс құрамының белгілеріне ие, алайда маңыздылығының томенділіге сәйкес қоғамға қауіптілігін білдірмейді, сондықтан қылмыс деп танылмайды және де басқа да бірқатар негіздемелері бар;
  1. егер ол жасаған әрекеті үшін жаза қолдануды жойса, ол рақымшылық ету актісінің салдары. Қазақстан Республикасы Парламенті жариялаған рақымшылық актісі қылмыстық істі козғаудан бас тартуға немесе тоқтатуға негіз болып табылады, егер онда Қылмыстық кодексінің күдікті не айыпты қылмыстық іске тартылған баптар көрсетілген болса;
  2. мерзімінің ескеруіне байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделгендей қылмыстық іс қозғауға жатпайтын ал қозғалғандары қысқартуға кететін жағдайларда мерзімінің ескіруіне байланысты тәртіп бойынша айыпты адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады;
  3. жәбірленушінің шағымының болмауы. Жәбірленуші кылмыстық іс бойынша ауыр емес шығынға ұшырап, қылмысты адам туралы шағым бермесе, яғни жәбірленушінін жеке іс бойынша шағымы болмаған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл орайда атап өтуіміз керек, прокурор шағымы болмаса да өз мүддесін, құқығын қорғауға дәрменсіз немесе өз қүкығын қорғау жөнінде өзге де қабілетсіз адамға тәуелді адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғауға құқылы (КР ҚІЖК 32-бап 2-бөлігі) ;
  4. жеке айыптаушынын - Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстыр туралы істен бас тартуы. Жеке іс бойынша сот арыз қабыддаған сәттен бастап бұл арызды берген адам Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 390-бабының 5-бөлігіне сәйкес жеке айыптаушы болып табылады. Қылмыстық іс жеке айыптаушының сотталушыны кінәлаудан бас тарту жағдайы сот шешімі бойынша тоқтатылады;
  5. өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың занды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсу мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабына сәйкес ешкім де қайталап қылмыстық жазаға тартыла алмайды. Бұл жағдайда сот үкімінің біреуі белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталуы кажет.
  6. Белгілі бір айыптау қорытындысы бойынша қылмыстық ізге түсу органының кылмысты ізге түсуден бас тартуы туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты. Негізі, бір кылмыстык істің ондірісі бойынша қайтадан қылмыстық істі козғаудын қажет еместігіне байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту тәрізді, бір және сол іске байланысты Бұдан бұрын сот ісі болғандықтан қайтадан іс қозғаудың қажеттігі жоқ екендігінде.

9) Қылмыстық іс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты. Қазакстан Республикасы Қылмыстьщ кодексінің 16-бабына сәйкес
есілі-кіресілі шығасылы жағдайда қылмыс жасаған адам жауаптылыкка тартылмайды.

Адамның есі кіресілі-шығасылы екендігі анықталған кезден бастап тергеуші қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға немесе қозғалған істі токтатуға құқылы. Сонымен қатар есі кіресілі-шығасылы деңгейі өзінің не басқа адамдардың оміріне немесе денсаулығына қауіпті болған не өзінің не басқа адамның мүлкіне зиян келтіретіндей болса, оған алдын ала тергеу барысында оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Есі кіресілі-шығасылыққа қатысты алдын ала тергеу өндірісі оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында емес (қа-растылып отырған 37-баптың 9-тармағының күшімен қылмыс-тық және басқа жауаптылық алынып тасталады), оған сот шешімі негізінде психикалық наукдстығынан мәжбүрлеп емдеуді қолдануды көздейді. Сот өз шешімінде адамды есі кіресілі-шығасылы деп тани отырып, оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатады.

  1. әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жаска толмаған адамға қатысты. Жалпы тәртіп бойынша адам 16 жасқа толғаннан бастап жазаға тартылады. Қылмыстық кодекстің 15-бабының 2-бөлігінде көзделгендей кейбір жеке қылмыстары үшін жасы толмаған адам үшін 14 жастан бастап жауаптылық басталады. Адамның 14 жасқа толған күні ол туылған күннен кейінгі тәуліктен бастап есептеледі;
  2. іс бойынша іс жүргізу кайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда қайтыс болған адамға катысты. Күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының кайтыс болуы, қылмыс құрамының элементтерінің бірі ретіндегі субъектінің жоқ болубелгілері бойынша қозғалған істің тоқтатылуына негіз болып табылады.

Заңда қайтыс болған адамға қатысты істер үнемі тоқтатыла бермейтіндігі көрсетілген. Ерекше жағдайларда қайтыс болған адамды ақтау қажеттігіне байланысты іс жалғаса береді. Немесе баска адамға қатысты жаңадан пайда болған мән-жайларға байланысты істі қайтадан қозғайды (ҚР ҚІЖК 471-бап) . Бұл реттегі әңгіме қылмыстық істің заңсыз қозғалып, негізсіз үкім шығарылғандығы туралы және оны ақтау жөніндегі мәселе жайлы болып отыр.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көзделген негіздер бойынша қылмыс оқиғасының болмауы дәлелденген немесе қылмыс күрамының болмауы тәрізді оның болмауы дәледденбеген, косымша айғақтар жинаудың барлық мүмкіндігі таусылған жағдайда қылмыстық істің тоқтатылатындығын атап көрсету қажет.

Сол тәрізді күдікті адам жәбірленушіге өзі қорғауын мақса-тымен залал келтірген жағдайда (ҚР ҚК 32-бап), қылмыскерді тұтқындау кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 33-бап немесе еш мүмкіндігі жоқ өте қажеттілік туындаған кездерде (ҚР ҚК 34-бап) оның іс әрекетінде қылмыс құрамының болмауына сәйкес қылмыстық іс қысқартылуға жатады.

Күдікті адамның қылмыстық әрекетін және қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын бұндай жағдайлар қылмыстық заң бойынша заңды деп танылады.

Кінәлі деп танылған адам өзін кінәлі деп есептемеген жағ-дайда оның акталуы негізінде істі токтатуға қарсылық білдіруге құқығы бар. Бұндай жағдайда іс бойынша еңдіріс жалғастырылады. Сотталушыны белгілі бір дәлелдемелерге сәйкес айыптау үкімінің қаулысымен жазадан босатылуымен немесе күдікті не айыпталушыға тағылатын дәлелді айғақтардың болмауынан ақтау үкімінің шығарылуымен аяқталады.

Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту ісін жүргізу тәртібі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы
Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме ұғымы
Дәлелдеу және дәлелдеме: түсінігі және белгілері
Қылмыстық істерді біріктіру
Қылмыстық жауаптылықтан босататын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту негіздері
Жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот шешімдерін қайта қарау
Аса қажеттіліктің түсінігі
Дәлелдемелердің қайнар көздері
Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы
Қылмыстық процесте қылмыстық істерді алдын ала тергеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz