ҚР сот билігінің басқа да мемлекет өкілдерімен өзара байланыс жасау мәселелері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Ө. Әбзейтов

ҚР сот билігінің басқа да мемлекет өкілдерімен өзара байланыс жасау мәселелері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Түркістан 2014

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және

криминология кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а. М. С. Молдалиев

10. 03. 2014ж. Хаттама № 9.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҚР сот билігінің басқа да мемлекет өкілдерімен өзара байланыс жасау мәселелері

5В030100 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Орындаған: Ө. Әбзейтов

Ғылыми жетекшісі,

п. ғ. к., доцент м. а. М. C. Молдалиев

Түркістан 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1 Демократиялық мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы сот билігі
3:
КІРІСПЕ: 1. 1 Сот билігі: сот тәуелсіздігі ұғымдарының қалыптасу негіздері
3: 6
КІРІСПЕ: 1. 2 Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесі және оның құрылымы
3: 10
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 2 Қ азақстан Республикасы сот билігінің тәуелсіздігі және оның басқа мемлекеттік билік тармақтарымен өзара қатынастарының конституциялық негіздері
3:
КІРІСПЕ: 2. 1 Қазақстан Республикасында Президенттің және сот билігінің қызметі бойынша өзара қатынастары
3: 19
КІРІСПЕ: 2. 2 Қазақстан Республикасының сот және заң шығару биліктерінің қызметі бойынша өзара қатынастары
3: 31
КІРІСПЕ: 2. 3 Қазақстан Республикасында сот және атқару биліктері қызметінің өзара қатынастарының негізгі мәселелері
3: 43
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: Қорытынды
3: 57
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 60
КІРІСПЕ:
3:

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгеймен ерекшеленуі тиіс [1] .

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында тарихта және саясатта елеулі өзгерістер болды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттің егемендігі туралы декларациясы 1990 жылы 25 қазанда қабылданды. Артынша бір жылдан кейін, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданып, Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін жария етті. Онда: «Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл өкімет билігіне ие болатындығын және де өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес аяқтап, өзі жүзеге асыратындығы белгіленді. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы халықаралық көлемге шығарылды, өзінің басқа мемлекеттермен қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрды. Бұрынғы Қазақ ССР-ның аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды деп жарияланды. Мемлекеттік өкімет Қазақстан халқының еркін білдіреді. Мемлекеттің өкімет билігінің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну қағидасы тұңғыш рет танылады», - делінді [2] .

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басуды мақсат етуде. Міне сондықтан да, қоғамды экономикалық жағынан Қазақстан Республикасы түбірлі қайта құруды және оны құқықтық реттеуді негізгі мәселелердің бірі деп таныды. Нарықтық жүйеге сәйкестендіру үшін де біз мемлекетіміздің құқық жүйесін қайта құруға мәжбүр болдық. Талаптарға сәйкес құқық базасы мен механизмі құрылды. Қоғамдық меншік түрлері пайда болды. Мемлекетпен танылған «заң мен сот алдында барлық меншік иелері теңдігі қағидасы» жарияланды. Ал оның түпкі мақсаты өркениетті 50 елдің қатарына кіру және азаматтық қоғам құру болып табылды. Ал азаматтық қоғам құруда соттың рөлі өте маңызды.

Халықаралық стандарттарда белгіленген адам мен азаматтардың құқықтарын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолында жаңа заңдар қабылдауда. Осының негізінде республикамызда әлі күнге дейін реформалар жасалуда. Ал реформаның негізгі мәні - сот арқылы адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, республикамызда белгіленген сот жүйесінің негізгі орнын анықтау, мемлекеттік механизмінде көрсетілген заң шығарушы, атқарушы биліктерден тәуелсіз сот жүйесінің күшін жетілдіру болып табылады.

Сот билігін жетілдіру туралы мәселелер қазіргі күні біздің Президентімізден, Парламентімізден, Үкіметімізден қолдау көріп отыр. Еліміздің Президенті айтқандай: «Азаматты Президент емес, әкім де емес немесе министр де емес сот қорғауы тиіс» [3] - деген болатын. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 1-бөлімінде көрсетілгендей: «Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады және оның мақсаты мен міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын . . . қорғау . . . », - деп көрсетілген. Демек бұдан былай сот әрбір азаматтың құқығын қорғайтын билік деп көрсетудің түпкі мәні терең де, ақиқат. Заң тілімен айтқанда, азаматтық кодекстің 9-бабында: «Азаматтық құқықтарды қорғауды сот . . . жүзеге асырады» [4] делінген.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында Республиканың құқықтық саясатының түрлі бағыттары қаралған. Демек онда: судьялардың тәуелсіздігін нығайту, судьяларды, куәгерлерді және жәбірленушілерді қылмыстық қауымдастықтар тарапынан қауіп-қатерден қорғау шаралары, сот шешімдерін атқаруда сот бақылауын қолдануды заңдық тұрғыдан кеңейту, ювенальды соттар құру және т. б. мәселелері бойынша салалық бағдарламалар әзірленіп, қабылданды [5] .

2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі - сот құқығын жетілдіру және биылдан бастап біз алқа билер сотын енгізуіміз қажет екенін айта келе, тұтқындауға құзырлылықты соттарға беру туралы шешім қабылданғанын, біз біртіндеп осы заманғы және ашық тұрпатты сот өндірісіне көшеміз» [6], - деп көрсетті.

2008 жылы да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. Яғни, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандықтардың құқықтарының әділ де тиімді қорғалуын . . . қамтамасыз ету үшін сот жүйесін тереңдете реформалау . . . » қажет екенін көрсетті [7] .

2007 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының заңы [8] және «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің кейбір мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қолданысқа енгізілді. Бұл заңдар қабылданбас бұрын алқабилер институтын құру және оның қызметінің құқықтық негізін дайындау үшін идеологиялық базис жасау бойынша үлкен алдын ала жұмыс жүргізілді. Ең алдыңғы кезекте бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 75бабының 2тармағына [9] енгізілген алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің мүмкін екені туралы конституциялық жаңалық болатын. Ол 2000 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1бабында бекітілді. Онда былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялардан, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқабилері арқылы соттарға ғана тиесiлi» [10] .

Қазақстан Республикасында алқабилер сотының енгізілуі сот реформасының бір бағыты болып табылады, ол сот ісін жүргізудің ашықтығы мен демократиялылығын қамтамасыз етуге, азаматтардың сот билігіне сенімін қалыптастыруы тиіс.

Бүгіндері алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге толық жеттік деп айтуымызға негіз жоқ. Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтарын тиімді қамтамасыз ететін әрі қорғайтын, кемеліне жеткен мінсіз сот органдары жүйесі құрылған деп айта алмаймыз.

Осы жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сот билігін мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде оның мәнін ашуды және зерттеуді жөн көрдік.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - еліміздегі сот жүйесінің қазіргі жағдайына талдау жасай отырып, сот билігінің мемлекеттік билік тармақтарымен өзара қарым-қатынасын қарастыру және Қазақстан Республикасындағы сот жүйесін жетілдіру жөнінде өзіміздің уәждерімізді келтіру.

Осы мақсатқа жету үшін бұл жұмыста мынадай міндеттер алға қойылды:

- Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы сот жүйесінің құқықтық табиғатын зерттеу;

- Сот билігімен билік бөлу тармағындағы басқа биліктермен ара қатынастарын анықтау;

- Алқабилер сотының Қазақстан топырағына енуі. Бұл саладағы тарихи және бүгінгі үлгілер (модельдер) .

1 ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІ

1. 1 Сот билігі: сот тәуелсіздігі ұғымдарының қалыптасу негіздері

Құқықтану ғылымында «сот билігі» деген ұғым салыстырмалы түрде алғанда жаңа категория болып табылады және оны зерттеу жұмыстары да бертінде ғана, 80-ші жылдардың аяғында - 90-шы жылдардың басында қолға алына бастады. Мұны түсіндірер болсақ, кеңестік мемлекетте теориялық тұжырымдама дәрежесіне көтерілген мемлекеттік саясат бойынша, елде бөлінбейтін біртұтас мемлекеттік билік болды. Сондықтан мемлекеттік биліктің дербес бір тармағы ретіндегі сот билігі туралы мәселе мүлдем туындаған емес.

Алдын ала атап өтетіні, біздің зерттеу объектімізден алшақ жатқан және «сот жүйесі» деген түсінікті еш дәрежеде қамтымайтын ұғымдар кейде «сот» деген ұғыммен ұштастырып қарастырылады. Айталық, спорттағы судьялардың өзіндік әлеуметтік орны және «әдеттегі» судьяларға ұқсас міндеті бар - адамдардың жасаған әрекеттерін соттау, олардың арасындағы дауды шешу.

К. Халиков былай деп жазады: «Сот билігінің органы ретінде сот мынадай белгілерімен ерекшеленеді: 1) сот - бұл арнайы орган, құқық қолдану органы, оның көмегімен қоғамдық қатынастар қорғалады және реттеліп отырады; 2) сот - бұл қажетті жағдайларда елеулі мәжбүрлеу шараларын қолдануға мемлекет тарапынан уәкілеттік берілген ерекше орган. Осыған орай заңда: а) судьялардың мұқият іріктелуін, олардың қызметінің ерекше жағдайын және оған (сот құрылымына) арнайы бақылау жасалуын қамтамасыз ететін оны ұйымдастырудың ерекше тәртібі; б) мемлекеттік көзқарас тұрғысында құқықтың және мәжбүрлеу шараларының дұрыс қолданылуын (сот ісін жүргізу) қамтамасыз ететін оның қызметінің іс жүргізушілік тәртібі көзделген [11] .

Осыны ескере отырып, К. Халиков мына төмендегідей анықтаманы тұжырымдап берді: «Сот - бұл ерекше, арнайы ұйымдастырылған билік органы, ол заң бойынша өзінің құзырына жатқызылған істерді іс жүргізушілік тәртіппен қарайды және нақты жағдайларда (қоғамдық дауларда) құқық нормаларын қолданады және қажетті жағдайда мәжбүрлеу шараларын (зорлық) пайдаланады» [11] .

Қайрат Мәми 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялық ережелеріне сүйене отырып, сот билігінің мынадай негізгі белгілерін бөліп көрсетеді:

Бірінші белгісі - бұл билік біртұтас мемлекеттік биліктің Конституция жүзінде бекітілген бір тармағы болып табылады. Осыған орай оны мемлекеттік биліктің бір түрі ретінде айқындау онша дұрыс емес, өйткені көптеген мемлекеттік органдар билік тармақтарының табиғатына сай келе бермейтін қызметті жүзеге асырады (мысалы, Конституциялық кеңес, прокуратура) .

Екінші белгісі - сот билігінің тек қана арнайы мемлекеттік органдарға - Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға жататыны.

Үшінші белгісі - сот билігінің тәуелсіздігі, ол бойынша сот билігі ұйымдық, функционалдық және қаржылық жағынан дербес болуы көзделген, өз кезегінде бұл конституциялық тәртіппен қалыптастырылатын арнайы мемлекеттік органдардың құрылуы түрінде; соттардың алдына өзіндік міндеттер мен мақсаттардың қойылуы және оларға өзіндік құзыреттің берілуі; сондайақ мемлекеттік бюджеттер жеке қаржыландыру жасалатыны түрінде көрініс береді.

Биліктің бұл тармағының тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға: Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынбайтынын білдіреді. Сонымен қатар соттар абсолютті, толығымен тәуелсіз деп айта алмаймыз, өйткені олар Қазақстан Республикасы Конституциясының және басқа да заң актілерінің талаптарына бағынуға тиіс. Соттың заңсыз шешімдерін тек қана сот бұза алады, ал басқа құрылымдарға мұндай құқық берілмеген.

Төртінші белгісі - сот билігінің мемлекет атынан жүзеге асырылуы: үкімдер және соттың басқа да шешімдері Қазақстан Республикасының атынан жарияланады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 76бабы 1тармағы) .

Бесінші белгісі - сот төрелігін, яғни құқықтық даулар мен істерді қараумен байланысты қызметті атқаруы.

Алтыншы белгісі - бұл биліктің республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындаған істер мен дауларға ғана таралатыны. Сот мораль, дін, қызметтік әдептілік нормаларын және т. с. бұзумен байланысты дауларды қарамайды және шешпейді.

Жетінші белгісі - бұл билікке қызметтің ерекше тәртібінің, яғни іс жүргізу тәртібінің (шағым бойынша іс жүргізу, процеске айыптау және қорғау тараптарының қатысуы) тән болуы.

Сегізінші белгісі - бұл биліктің құқық қорғау сипатында болуы, осыған орай оның қызметінде екі аспектіні атап көрсетуге болады: жалпы құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сондайақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау.

Тоғызыншы белгісі - оның шығарған шешімдерінің мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілуі [12] .

Осы айтылғандарды ескере отырып, Қайрат Мәми мынадай тұжырым жасайды: «Сот билігін Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылатын, заң бойынша құқықтық даулар мен істерді шешу және азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында оларға жүктелген басқа да міндеттерді орындау бойынша құзыры бар, ерекше іс жүргізу нысанында әрекет ететін және мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті сипаты бар және мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін шешімдерді шығару құқығын иеленетін соттар арнайы мемлекеттік органдар ретінде мемлекеттің атынан іске асыратын, Конституция жүзінде белгіленген біртұтас мемлекеттік биліктің тәуелсіз бір тармағы ретінде айқындау қажет» [12] .

Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасында сот билігі кімнің де еркінен тәуелсіз және тек қана сот Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің дербес бір тармағы ретінде қарастырылады» [13], - дейді.

Сот билігі ұғымын және оның қызметінің негізгі нысандарын сипаттайтын жоғарыда келтірілген негізгі ереже құқық қорғау органдары курсы бойынша кейін шығарылған көптеген басқа оқу құралдарында қандай да бір нұсқада қайталанады [14] .

Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасының Конституциясында тұжырымдалған мемлекеттік биліктің бөліну қағидасын ескере отырып қана сот билігінің ұғымы мен мәнін тұтас түсінуге болады. Яғни Конституцияның 3бабы 4бөлігі бойынша, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидасына сәйкес Конституция мен заңдардың негізінде жүзеге асырылады… [9] . Бұл қағидаға қарап, тиісті билік өкілеттіктерін жүзеге асыру өздерінің ерекше қызметтерін дербес жүзеге асырып отырған мемлекеттік органдарды оқшаулауды қажет етеді деген тұжырым жасауға болады. Мемлекеттік органдар жағдайында басқаруға басқаша көзқарастың болуы бір органдардың басқа органдардан басым болуына және түптің түбінде биліктің бір жерде шоғырлануына және монополия орнауына әкеледі.

Мемлекеттік билік органдары жүйесінде соттың алатын орнын айқындау оның функциясын анықтау проблемасымен тығыз байланысты. Осы орайда атап өтетіні, бұл функциялар, бір жағынан, жалпы мемлекеттің негізгі функцияларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан, олардың іске асырылуы мемлекеттік билік органдары жүйесіне тепетеңдік жағдайын сақтай отырып, біртұтас және тұрақты болып қалуына мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтсақ, сот органдарының рөлін, маңызы мен өкілеттіктерін зерттеу кезінде жүйе қызметінің жалпы бағдарына сәйкес басқа субъектілермен өзара қатынасы шеңберінде сот органдары жүзеге асыратын сыртқы функцияларды және іске асырылуы нәтижесінде сот жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін және мемлекеттік билік органдарының өзара қатынасында көрінетін ішкі функцияларды да бөліп көрсету қажет.

Сот - мемлекеттік органдар жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, оның функциялары, жалпы алғанда, жүйенің функцияларымен үйлесуге тиіс. Сот билігін әлеуметтікқұқықтық дауларды реттеу жөніндегі айрықша өкілеттік ретінде қарастыра отырып, бұл өкілеттіктің әрқашан да сот жүйесінің өзіндік ұйымдастыруға емес, қайта сыртқа - қоғамдағы әртүрлі субъектілер мен мүдделердің арасындағы қайшылықтарды шешуге, қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруге, азаматтардың арасында бейбітшілік орнатуға және қоғамдық мүдделердің үйлесімін табуға, мемлекеттік органдар жүйесінің тұрақтылығын сақтауға бағытталатынын мойындамасқа болмайды.

Осы айтылғандарды талдай келе, Қазақстан Республикасының сот билігінің мынадай белгілерін (заң жүзінде бекітілген) бөліп көрсетуге болады:

Бірінші белгісі - сот билігі мемлекеттік биліктің бір түрі, оның бір тармағы болып табылады.

Екінші белгісі - Қазақстан Республикасында сот билігін судьялар және заңда белгіленген тәртіппен сот төрелігін атқаруға тартылатын алқабилер тұлғасындағы соттар ғана іске асырады. Басқа ешқандай органдар мен тұлғалар сот төрелігін атқаруды өзіне алуға құқылы емес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот атқарады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделмеген төтенше соттарды құруға жол берілмейді.

Үшінші белгісі - сот билігі дербес және ол заң шығарушы және атқарушы биліктен тәуелсіз қызмет етеді. Соттар сот билігін дербес, кімнің болмасын еркінен тәуелсіз іске асырады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағынады. Демек судьяларға және сот төрелігін атқаруға қатысып отырған алқабилерге заңсыз ықпал етуге, сондайақ соттың қызметіне өзгедей араласуға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.

Төртінші белгісі - Қазақстан Республикасының сот билігінің шығарылған және заңды күшіне енген шешімдері мен үкімдері, сондайақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақыртулары мен басқа да жүгінуі мемлекеттік билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да жеке және заңды тұлғалардың барлығы үшін міндетті болып табылады және мүлтіксіз орындалуға тиіс. Соттың қаулысын орындамау, сол сияқты сотқа басқадай сыйламаушылық білдіру Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауапкершілікке әкеліп соғады.

Бесінші белгісі - бәрінің заң мен сот алдында тең болуы қағидасына орай сот билігі қандай да бір органдарға, процеске қатысушы тұлғаларға, тараптарға олардың мемлекеттік, әлеуметтік қасиетіне, жынысына, нәсіліне, ұлтына немесе саяси көзқарасына, не тегіне, мүліктік және қызметтік жағдайына, дінге көзқарасына, сол сияқты Республика заңдарында көзделмеген басқа да негіздерге орай ешқандай артықшылық бермейді.

Алтыншы белгісі - сот билігі жыл сайын Қазақстан Республикасының жеке көзделген мемлекеттік бюджетінен қаржыландырылады.

Осы айтылғандарды ескере отырып, мына төмендегідей анықтаманы тұжырымдауға болады. Сот билігі дегеніміз - бұл мемлекеттік қызметі негізінде құрылған, мемлекеттің атынан әрекет ететін, заңға сәйкес қоғам өмірінің құқық саласында құқықты қолдануға өкілеттігі бар және осы өкілеттіктерді іске асыру үшін іс жүргізу заңдарына сәйкес қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және тағы басқалай іс жүргізуді жүзеге асыратын арнайы биліктің бір түрі (сот билігі дейміз) болып табылады деп көрсетілді. Бұл органның негізгі мақсаты мен міндеті - адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін әртүрлі қолсұғушылықтан қорғау болып табылады.

1. 2 Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесі және оның құрылымы

Сот жүйесі - мемлекеттің негізін құрайтын, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыруы жолындағы демократиялық даму тетіктерінің бірі болып табылады. Азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа қатынасы және қоғам тарапынан билікке сенім білдіру деңгейі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты. Пәрменді және тәуелсіз сот билігі - мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы үйлесімді өзара байланыстың принципті кепілінің бірі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады.

Осыған байланысты сот жүйесінің жаңа түрін қалыптастыру мен құру, соттарға құқықтық мемлекетке тән өкілеттіктерді толық көлемде беру, олардың жоғары әрі жауапты әлеуметтік рөлін нығайту мемлекеттің негізгі саяси бастамасы болып отыр.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 1бабы (3тармағы) бойынша «Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi», - делінген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Мемлекет механизмінің жалпы сипаты
Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау
«Қазақстан Республикасының билік органдарының қызметі мен түрлері»
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметінің конституциялық ұйымдастыру қағидалары
Мемлекет механизмінің түсінігі
ПРЕЗИДЕНТ ҰҒЫМЫ
Сот билігі және судьялар
Қазақстан Республикасындағы сот билігі жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz