Жұмыспен қамту жол картасы – 2020


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ - 2020 . . . 6
1. 1 жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің «Жұмыспен қамту орталығы» . . . 23
1. 2. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы . . . 28
2. Тірек ауылдарды кешенді дамыту . . . 34
Қорытынды. 44
Кіріспе
Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді қойды. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстарының әлеуетін дамытудың және іске асырудың маңызды шарты, қоғам игілігін өсірудің және өмір сүру сапасын арттырудың негізгі құралы. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі артуда. Соңғы 12 жыл ішінде жұмыс істейтін тұрғындардың саны 6 698, 8 мың адамнан 8 507, 2 мың адамға көбейіп, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12, 8 %-дан 2012 жылдың соңына 5, 3 %-ға төмендеді. Жол картасы (2009 - 2010 жылдар) шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу мен іске асыру әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиын жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады. Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингілеу, табысы аз, жұмыссыз мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсендi шараларына тарту тетіктерін қамтиды. Экономиканың Дүниежүзілік дағдарысы әлеуметтік-еңбек қатынасы саласында айтарлықтай өзгеріс тудырды. Бұл еңбек нарығындағы жағдайға тікелей әсер етеді. Біздің облысымызда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелген жұмыссыздар саны 2015 жылғы 1 ақпанда 8796 адамды, ал 2015 жылғы 1 маусымда бұл сан өсіп 8972 адамды құрады. Шығыс Қазақстан облысында жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 6, 2%, жалпыреспубликалық 6, 4% құрады. 2015 жылғы маусым айының аяғында жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар органдарының көмегімен 20038 адам жұмыспен қамтылған. 15918 жұмыс орындары құрылды. Қазіргі таңда облыста еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін көптеген істер атқарылуда: 2015 жылғы мәліметтерді болжау және қауіпсіздік деңгейін анықтайтын «Жол картасы» әзірленген, қауіпсіздік тобына түсуі мүмкін категориялардың (жұмыссыздар, өндірістің қысқартылуына байланысты жұмыстан босаған жұмысшылар, жұмысқа орналасуды қажет ететін мектеп және техникалық колледж түлектері, жұмысқа қабілетті жастағы жұмыссыз оралмандар, барлығы 1375 адам) деректер қоры құрылды, бос орындар жәрмеңкесі, «Әлеуметтік жұмыс орындар» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары өткізіледі. Сондай-ақ, «Жол картасы» аясында кадрларды дайындау және қайта дайындау мобильді орталықтар құрылған. Бұл ауыспалы кезеңде мамандығы жоқ (жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған санының 83%) адамдар келесі жұмыс мамандықтары бойынша білім алу мүмкіндіктері бар: газбен пісіруші, тракторшы, хатшы-референт, жүргізуші, аспазшы, төбе жабушы, кафельші, сылақшы-майлаушылар. Ал бұл үлкен іс. Бүгінгі күні кәсіби оқыту, қайта оқытудан және біліктілікті жоғарлатудан 2113 жұмыссыз өтті. Бұл көрсеткіш 100, 06% орындалды. Бүгінгі таңда аса назар еңбек нарығында бейімделмеген, және де қиын экономикалық жағдайда абыржыған, өзіне деген сенімді жоғалтқан тұлғаларға бөлінген. Осы тұлғалар үшін Жұмыс іздеу технологиясымен танысу тренингтері мен курстарын өткізу бойынша жұмыс іздеу клубтары қызметі іске қосылған. Жұмыссыз санының көтерілуін болдырмау мақсатында «Жол картасы» аясында 3 әлеуметтік жоба бекітілген, оның іске асу барысында 225 жұмыс орны құрылатын болады және денсаулықсақтау желісі бойынша, мұнда бағдарламаның әкімшісі болып облыстық денсаулықсақтау басқармасы болып келеді, сондай-ақ 251 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін № 1 және № 2 ауруханалар бойынша жобалар қарастырылған. Әлеуметтік жобалар бойынша барлығы 476 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі уақытта облыс орталықтарында, сондай-ақ аудандарда «Жол картасын» іске асырудың негізгі бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көгалдандыру, аумақты көркейту және санитарлық тазарту, сумен және жылумен қамту объектілерін жөндеу, аудандық маңызы бар жолдарды, аулаларды, көшелерді, тратуарларды, әлеуметтік маңызы бар ғимараттарды жөндеу (ауруханалар, мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері) бойынша жұмыстар басталған. Жол картасын іске асыруға қатысу мүмкіндігі туралы халықты ақпараттандыру үшін БҚО бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асуда. Барлық баспа және электрондық БАҚ жол картасын іске асыруға жұмыссыздарды тарту жөнінде ақпарат орналасқан. «Қалкен ТД» және «Қазақстан-Өскемен» телеарналарында, «жарнамалық даңғылдарда» және «жүгірме жолдарда» хабарландырулар жарияланған, радионүктелері бар автобекеттерде, теміржол бекетінде, қала базарларында және ірі сауда орталықтарында ақпарат дауыс созайтқыштар арқылы дыбыстандырылады. Қоғамдық қатынау пункттерінде (ҚҚП) жұмыс берушілердің мекенжайлары және телефондары көрсетілген бос орындар туралы хабарландырулар орналасқан. Өндірістік сараман үш бөлімнен турады. Бірінші бөлімінде «Жұмыспен қамту» бағдарламасының мақсаты, міндеттері және нысаналы индикаторлары жалпы сипаттама беріледі, ал екінші бөлімде «Жұмыспен қамту 2020 » жол картасының үш бағытты көрсетілген. Үшінші бөлімде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы және сонгы 2 жылдың есебі талданады.
1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ - 2020
үш бағытта жұмыс жасайды:
Бірінші бағыт:
Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Бірінші бағыт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары қалалар мен ауылдық елді мекендерде, саяжай кенттерінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмыс орындарын шұғыл құруға және жұмыссыздық деңгейін бақылауға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымдық жобалар мынадай басымдықтар бойынша іске асырылатын болады:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерінің объектілері) ;
2) әлеуметтік-мәдени объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілері, оның ішінде республикалық меншік объектілері) ;
3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, плотиналар, бөгеттер мен көпірлер) ;
4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-амбулаторлық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілерінің проблемаларын шешетін объектілерге баса назар аударылады) ;
5) елді мекендерді абаттандыру (көшелердi жарықтандыру және көгалдандыру, иесi жоқ объектiлердi бұзу, қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңшаларын көрiктендiру) . Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде аталған бағыттың барлық бес басымдығы бойынша, қалаларда бірінші, екінші және үшінші басымдық бойынша іске асырылады. Саяжай кенттерінде коммуналдық меншіктегі объектілер бойынша бірінші, екінші және үшінші басымдықтар іске асырылады. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде тірек ауылдық елді мекендерге басымдық беріледі. Республикалық бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер арасында қаражат республикалық меншіктегі әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге бөлінеді. Жобаларды іске асыруға арналған қаражат ВАК-тың ұсынымы негізінде, бірақ бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 5 %-ынан аспайтын мөлшерде бөлінеді. Өңірлер арасында қаражат мынадай тәртіппен бөлінеді:
1) 80 % - халықтың санына барабар түрде;
2) 20% - алдыңғы жылғы:
Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру; жұмыссыздар санын қысқарту; өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың санын қысқарту; табысы аз халықтың (атаулы әлеуметтік көмек алушылар) санын қысқарту бойынша жұмыс нәтижесіне байланысты бөлінеді. Республикалық меншіктегі объектілерді қоспағанда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жергілікті атқарушы органдардың тарапынан кемінде 10 % қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады. Инфрақұрылымдық жобаларды іріктеуді және қаражат бөлуді жергілікті атқарушы органдар дербес жүзеге асырады. Бөлінген қаражаттың кемінде 70 %-ы жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ауылдық жерлерге жіберіледі. Жаңа инфрақұрылымдық жобалар бойынша іріктеу бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімімен өңірлерді дамыту жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыру үшін сол ауданда (қалада) тұратын Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша құрылтайшы болып айқындалған жұмыс берушіге жібереді. Астана және Алматы қалалары үшін уақытша тіркелімді пайдалануға болады.
Іске асыру тетігі:
1) теңгерімінде республикалық меншіктегі әлеуметтік-мәдени объектілері бар орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бөлiнген жалпы қаржыландыру лимиттерiн негізге алып, Бағдарлама шеңберiнде iске асыру үшiн инфрақұрылымдық жобаларды: ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетiн (жоғары немесе орташа) ; мемлекеттiк сараптамадан өткен объектiлердi салуға, реконструкциялауға, күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуын; инфрақұрылымдық жобалар шеңберiнде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеудi жүзеге асыру жоспарланып отырған ақаулар ведомосының, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемiнiң шығыстар сметасының болуын;
2) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi iске асыру ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілетін техникалық құжаттаманы және инфрақұрылымдық жобаларды таңдау негiздемесiн қоса отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне қарау үшiн ұсынады;
3) жобаларды қарау барысында республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жобалардың техникалық құжаттамада ұсынылған бағыттардың басымдықтарына, құрылатын жұмыс орындарының санына сәйкестiгiн тексередi. Жоба Бағдарлама операторымен жұмыс орындарын құру бөлігінде келісілгеннен кейін тиiстi қорытынды дайындайды;
4) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң iске асырылуы көзделген инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
5) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде, оның ішінде республикалық меншіктегі объектілерге әлеуметтік-мәдениет объектілерінің құрылысы кезінде кемінде 30%, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша кемінде 50% инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын ауданда тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыс орындарын ұсынуды қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған жағдайда, аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда сырттан тартуға жол беріледі.
6) инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысуды қалайтын және оған мүмкiндiгi бар Бағдарламаның әлеуеттi қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен жүгінеді және қажеттi құжаттарды ұсынады;
7) халықты жұмыспен қамту орталығы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере отырып, өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешiм қабылдайды;
8) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады;
9) халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыларды iске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшiн жiбередi;
10) әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды. Бағдарламаға қатысушылар мен Бағдарлама шеңберiнде инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысатын жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады;
11) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлері өз құзыреттері шегінде Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргiзедi. Осы бағыт шеңберiнде нысаналы даму трансферттерiн аудару тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Екінші бағыт:
Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту. Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді. Екінші бағытта мынадай құрамдас бөліктер бар:
1) ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау;
2) тірек ауылдарды кешенді дамыту.
Жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау аталған құрамдас бөлікті іске асыру олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағыныстылық аумағындағы кенттерде жүзеге асырылады. Қатысуға құқығы бар адамдар үшін мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:
1) жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту және бизнес-жоспарын дайындауға жәрдемдесу;
2) микрокредиттер беру;
3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу жөнінде сервистік қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) көрсету;
4) жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу. сондай-ақ Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу және кредит ресурстарын беру, оларға осы бағыт шеңберiнде бөлiнген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу, қатысу тәртібі Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидасында айқындалады. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және сервистік қызметтер көрсету. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және сервистік қызметтер көрсету республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздерін оқыту тегін жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтамасыз ететін ұйым тұрғылықты жерінен тысқары жерде орналасқан жағдайда Бағдарламаға қатысушыларға жол жүруге және тұруға материалдық көмек төленеді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқитын Бағдарламаға қатысушыларға бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдем көрсетіледі. Сервистік қызметтерді кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жүргізген ұйым консультациялар жүргізу арқылы көрсетеді. Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды жүргізу және сервистік қызметтер көрсету үшін ұйымды айқындау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Микрокредит беру шарттары:
1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0, 01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі;
2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты - жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;
3) кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берiлмейдi;
4) кредит беру мерзiмi - 5 жылдан аспайды;
5) кредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;
6) соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;
7) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен оның кредит берудi ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып, белгіленеді;
8) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi мөлшерлемені өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;
9) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісе отырып белгіленеді. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шарттары. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және немесе салуға мемлекеттік сараптама жүргізу және ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберiнде қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізуді көздейді. Жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және немесе салуды және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттар немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және бизнес-ұсыныстар негізінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және немесе салу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған ілеспе технологиялық жабдықтарды сатып алу жөніндегі уәкілетті органды айқындайды. Бұл ретте, инфрақұрылым объектілерін салу немесе реконструкциялау және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе технологиялық жабдықтардың құны жобалау-сметалық құжаттаманың құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай айқындалады және берілетін кредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына 3 млн теңгеден аспауға тиіс. Жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда - инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн. Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе технологиялық жабдық қабылдау-беру актісі арқылы Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте кредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы ілеспе технологиялық жабдықты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді және растайды. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі:
1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;
2) аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары: жергілікті бюджет қаражаты есебінен Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеуді қамтамасыз етеді және облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша оны бекітеді; Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңірлік комиссиялар айқындаған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басымды бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады;
3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды;
4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге кредит берудiң белгiленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi. Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін.
5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады. Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда кредиттік шарт тікелей соңғы тұтынушымен жасалады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:
1) Бағдарламаның екiншi бағытының бірінші құрамдас бөлігіне қатысуға ниет бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарттар жасайды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz