Қылмыс сатыларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы


Жоспар

Кiрiспе . . .

I тарау. Қылмыс сатыларының түсiнiгi және

жалпы сипаттамасы . . . 5

II тарау. Қылмыс iстелу сатылары :

1. Аяқталған қылмыстардың түсiнiгi және

жауаптылықтың ерекшелiктерi . . . 20

2. Аяқталмаған қылмыс жасау кезеңдерi :

а) Қылмысқа дайындалу . . . 27

б) Қылмыс iстеуге оқталу . . . 39

в) Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту . . . 50

3. Аяқталмаған қылмыстар үшiн жауаптылықты белгiлеудiң

негiзi және жаза тағайындаудың маңызы . . . 57

Қорытынды . . . 62

Қолданылған әдебиеттер . . . 65

Кiрiспе.

Мемлекетiмiздiң нарықтық экономикалық қатынастарға көшуi, елiмiздiң экономикалық және әлеуметтiк жағдайының дамуы, оның iшiнде жеке меншiктiң қалыптасуы қылмыстылықтың көбеюiне, қылмыстардың жаңа түрлерiнiң пайда болуына әкелдi. Осыған орай, мемлекетiмiздiң алдыңғы орындағы мiндеттердiң бiрi - қылмыстылыққа қарсы күресу.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, "адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi, сонымен қатар заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең" - деп көрсетiлген. Осыған сәйкес, адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз етуде заңдылық принципiн сақтау - мемлекетiмiздiң басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында өзектi де әрi даулы сұрақтардың қатарына жататын мәселелердiң бiрi - аяқталған және аяқталмаған қылмыстар тақырыбы болып табылады.

* Мен бiтiру жұмысымның алдына келесi мақсаттарды қойдым :

* аяқталған және аяқталмаған қылмыстардың түсiнiгiн, құқықтық табиғатын айқын бейнелеп түсiндiру;

* аяқталған және аяқталмаған қылмыстардың iшкi мәнiн ашып, оның белгiлерiн анықтай отырып, оларды осы белгiлерi арқылы ерекшелiктерiн көрсету;

* аяқталған және аяқталмаған қылмыстар жөнiндегi қылмыстық құқық ғылымының, қылмыстық заң жетiстiктерi мен кейбiр кемшiлiктерiн анықтай отырып, олар жөнiндегi заңгер-ғалымдардың көзқарастар мен ұсыныстарын көрсету;

* қылмыс сатыларын дұрыс және дәл анықтау қылмыстық әрекеттi дұрыс саралау сондай-ақ олар үшiн жауаптылық белгiлеудiң маңызын көрсету;

* осылайша, аяқталған және аяқталмаған қылмыстар тақырыбының өзектiлiгiн көрсете отырып, аталған тақырыптың кейбiр даулы мәселелерi бойынша - ой салу.

Қасақана жасалатын қылмыстар өзiнiң дамуы барысында адамның нақты мүдделерiне қол сұғады. Өмiрлiк құндылықтар, тәндiк қол сұқпаушылық, меншiк және бостандық қылмыскердiң ниетiнiң iске асуынан зардап шеккенде қылмыс жасалады деп саналады. Қасақана iстелетiн қылмыс тек бiр сатыдан немесе ұзақ уақытты қамтитын бiрнеше сатыдан өтуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық теориясы қылмыстық ой, ниет пайда болған кейiнгi уақыттан бастап, қылмыстық iс-әрекеттiң дамуының жүзеге асқанға дейiнгi кезеңдi- қылмыстың iстелу сатылары деп атайды. Олар қылмысқа дайындалу, оқталу және аяқталған қылмысты қамтиды. Сондай-ақ, қылмыстық заңда алдыңғы қылмыстық әрекеттi - аяқталмаған қылмыстар деп те көрсетедi. Аяқталмаған қылмыс мәселелерiн зерттегенде, бiздiң көзқарасымыз бойынша, ғылыми талдау жасау үшiн негiзгi бастау ретiнде - аяқталған қылмыс болу керек. Өйткенi, қылмысқа дайындалу, қылмыс iстеуге оқталу және қылмыстан өз еркiмен бас тарту сияқты түсiнiктер аяқталған қылмыстың түсiнiгiнен шығып отыр және аталған түсiнiктердiң белгiлерiн дұрыс түсiну үшiн аяқталған қылмыстың белгiлерi бiзге белгiлi болғандықтан, содан бастауымыз керек. Сондықтан, менiң бiтiру жұмысымда қарастырылатын қылмыстың жасалу сатылары төмендегiдей тiзбектелiп қарастырылады :

1) Аяқталған қылмыс;

2) Қылмысқа дайындалу;

3) Қылмыс iстеуге оқталу;

4) Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту.

Бiтiру жұмысын жазу барысында әр түрлi заңнамалар, нормативтiк-құқықтық актiлер, ғылыми еңбектер, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар, мерзiмдiлiк басылымдар және басқа әдебиеттер қолданылды.

I тарау. Қылмыс сатыларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы.

Өмiрдегi әр түрлi объективтi құбылыстар сияқты қылмыс та мүмкiншiлiктен шын мәнiне дейiн дамиды. Белгiлi бiр әрекет жасағанға дейiн әр адам, соның iшiнде қылмыскер де өз санасында оны ойластырып алады.

Қасақана қылмыс жасағанға дейiн субъект өзiнiң қылмыстық ниеттерiн ойластырып, барлық дәйектердi өлшеп, саралап, сонан кейiн қылмыс жасауға шешiм қабылдайды. Мұндай адамда осы қылмыстың мәнiнiң негiзгi детальдары мен оны жасау құралдарын көз алдына елестетiп, алдын ала болжап, қылмыстық мақсатына жетуге деген психикалық көзқарасы пайда болады. Адамның санасында өтетiн мұндай процестердi ой, ниеттiң қалып- тасуы деп атауға болады.

Мґндай ой, ниеттi" ?алыптасуы таза психикалы? процесс

Бол?анды?тан, ол 3/4шiн адам жазалану?а жатпайды.

Ой, ниеттiң қалыптасуы iс-әрекет болып табылмайды, сондықтан да қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға әкеп соқтыра алмайды. РСФСР-дiң Жоғарға Сотының РСФСР Қылмыстық кодексiн қолдану жөнiндегi 1926 жылғы директивтi хатының редакциясында : "қылмыс жасауға деген жалғыз ғана жалаң ой, жалаң mниет нақты iс-әрекет түрiнде көрiнбесе, қылмыс болып табылмайды және не үшiн әлеуметтiк қорғау шарасы қолданылмайды" - деп көрсетiлген.

Қоғамға қайшы жат ойлары бар адамдар ықпал ету қылмыстық- құқылы сипатындағы шара қолданумен емес, саяси тәрбие жүзеге асырылады.

Ой, ниеттiң, iшкi сезiмнiң тiптi қоғамға жат сипатта болға- нымен де ол нақты қылмыстық iс-әрекетпен көрiнбейiнше жазаланбаушылық -заңдылық қағидаларының бiрi болып табылады. Қылмыстық ой, ниеттiң қалыптасуы адамның қылмыс жасауға деген ойын бiлдiредi, бiрақ ол нақты бiр қылмыстық әрекетке айналмайынша (дайындалу, оқталу, қылмысқа қатысу, аяқталған қылмыс) қылмыстық құқық бойынша жазаланбайды. Жоғарыда айтылЈандарға сай, Н. Ф. Кузнецова қылмыс жасауға деген ой, ниеттiң пайда болуы қылмыстың дамуының бiрiншi сатысы ретiн- де қарастыру керек және қылмыстық ой, ниеттiң қалыптасуы қылмыстық құқық бойынша кейбiр шектеулерге байланысты (егер ол ерекше жағдайларға байланысты жеке қылмыс құрамын құрай- тын болса) жазаланады деген пiкiрлердi ұстанатын кейбiр авторлардың көзқарастарын қате деп көрсетедi1

Ой, ниеттiң пайда болуы қылмыстың дамуының сатысы болып табылмайды және бола алмайды. Қылмыстың даму сатысы дегенiмiз, ол қылмыстық нәтижеге жеткiзетiн баспалдақ, ол аз болсын, көп болсын, бiра? қылмыстың объектiсiне зардап келтiруге ықпал етедi, субъектiнi алдына қойған мақсатына жетуге жақындатады - дейдi, Н. Ф. Кузнецова өзiнiң жоғарыда аталған еңбегiнде. Ал, ой, ниеттiң пайда болуы қылмыстың даму сатысының аталған белгiлерiнiң бiреуiне де жатпайды.

1 Н. Ф. Кузнецова. Отвенственность за приготовление к преступлению и покушение на преступление по советскому уголовному праву. М-1985 г. . 28-29

Қылмыс жасайтындығы жөнiнде айтумен, қылмыс жасауға деген ойының болуымен субъект қылмыс жасауға ешқандай қолайлы жағдай туғыза алмайды. Қылмыстың дамуының сатысы болмайтын ой, ниеттiң пайда болуы қоғамға қауiптi iс-әрекет болып табылмайды. Шын мәнiнде, қалмыс жасалмай тұрып, бiр адамның өзiнiң қылмыс жасауға деген ойының болғанынан қандай қоғамдық қатынасқа зиян келедi? Ешқандай. Қылмыстық ой, ниеттiң пайда болуы құқықпен қорғалатын объектiлерге қауiп төндiрмейдi, сондай-ақ қылмыстық қол сұғушылықты жүзеге асырушылық бола алмайды.

Қылмысқа дайындалу ма, әлде тек қылмыстық ой пайда болды ма деген мәселенi соттың дұрыс анықтауы қылмыстық жауапкершiлiкке тарту мәселесiн шешкенде үлкен маңызға ие.

Кеңестiк қылмыстық құқық оқулықтарында ой, ниеттiң пайда болуы қылмыстық заңда көрсетiлген кей реттерде аяқталған қылмысты құрайды деген пiкiрлер бар. Олардың қатарына олар жеке адамдарға қатысты жасалатын қорқыту (ҚР ҚК-112-бап), сол сияқты мемлекеттiк билiктi күштеп құлату туралы үгiт насихат жүргiзу (немесе ҚР ҚК 170-бабындағы ҚР-ң Конституциялық құрылысын күштеп құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен құлатуға шақыру қылмысы) қылмыстарын жатқызады. Олардың пiкiрiнше, аталған жағдайларда мұндай қылмыстық ой, ниет қылмыстық құқықпен жазаланады2. Басқаша айтқанда бұл оқулықтардың авторлары жоғарыда аталған жағдайларда қылмыстардың жасалу сатысы ретiнде танылады дейдi. Мұндай ойларды қате пiкiр деп есептеймiз.

Аталған мәселеге қатысты Қазақстандық, профессор А. Н. Ағыбаев: "қылмыстық ой, ниеттi табуды қорқыту арқылы жасалатын ауыр қылмыс жасаумен шатастыруға болмайды" - деп дұрыс көрсеткен3.

Жоғарыда сөз болған ой, ниеттiң пайда болуы өзiнiң нәтижесiне сай, осы субъектiнiң қылмыс жасауға деген ниетiнiң бар екендiгi жөнiнде үшiншi тұлғаға жеткiзуiмен ғана сипатталады, - тек қана. Ал қорқыту болса, жәбiрленушiге оның мiнез-құлқын қорқытушының мүддесiне сай өзгертуге психикалық мәжбүрлеу болып табылады. Әрi қарай, ой, ниеттiң пайда болуы заңмен қорғалатын объектiлерге ешқандай да зиян.

келтiрмейдi. Ал қорқыту болса, қоғамға қауiптi iс-әрекет, өйткенi адам өзiне Конституциямен кепiлденген ?1/2?u?тары мен бостандықтарын жүзеге асыра алмайды.

Денеге жарақат келтiруге немесе адамды өлтiруге ой, ниет пайда болғанда, субъект бiр адамды өлтiрудi немесе оның денсау- лығына қандай да бiр жарақат келтiрудi тiлейдi, оның ойы соған бағытталады. Ал қорқытуда мәселе басқаша болады. Мұнда ой, ниеттiң мазмұны басқаша : тұлғаның мiнез-құлқын қорқытушыға керек, тиiмдi басқа жаққа қарай өзгерту. Тiптi егер қорқытушы өзiнiң қорқыту әрекетiн орындап, жүзеге асырған жағдайда да қорқыту адам өлтiру немесе күш қолдану қылмысының сатысы болмайды. Мұндай жағдайда қорқыту мен адам өлтiру қылмыстардың реалды (нақты) жиынтығын құрайды (әрине, егер бұл жағдайда террорлық акт белгiлерi болмаса) . Егер заңмен қорғалатын объектiге қандай да бiр зиян келтiру арқылы тiлегi қорқыту түрiнде көрiнсе, онда мұндай мiнезқұлық жеке қоғамға қауiптiлiк сипатына ие болады, ал мұндағы қорқыту қылмыстық ойға жетудiң құралы болып табы- лады, сондықтан оны заң қылмыс деп таниды. 4

Осы аталғандарға сәйкес, келесiдей тұжырым жасауға болады:

қорқыту қылмысын жасаған кезде шын мәнiнде адамның ой, ниетi үшiн

2 Меншагин В. Д., Вышинская З. А. Советское уголовное право. М-1950. С. 135. ; Советское уголовное право. Часть общая. М-1952 г. С277-278

емес, қоғамға қауiптi iс-әрекет - қорқыту, тiптi, егер қорқы- тушының әрi қарай оны орындауға деген ниетi болмаса да. Адам- ды өлтiремiн немесе оған дене жарақатын келтiремiн деген ой, ниетiнiң пайда болуы қорқыту болып табылмайды. Қорқыту сол сияқты жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың даму сатысы бола алмайды. Егер қате оймен қорқытуды ой, ниеттiң пайда болуы ретiнде, осыған сәйкес жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың даму сатысы ретiнде қарастырсақ, онда қорқытудың объектiсiн адамның өмiрi мен денсаулығы деп тануымыз керек болады.

Қорқыту болашақта жеке тұлғаға қарсы қылмысты жасау үшiн жағдай туғызатындығындай болып көрiнетiнiмен емес, ол өзiне тән зиянды қасиеттерiмен өз алдына қоғам үшiн қауiптi болып табылады. Сондықтан, ҚР ҚК-ң 112-бабында көрсетiлген қорқыту -оның адам өлтiру қылмысының даму сатысы екендi- гiнен емес (олай бола да алмайды) , ол өз алдында қорқытуды iске anu?o сатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерiнiң бар екендi -гiне байланысты, өз алдына қоғамға едәуiр қауiп төндiретiн -дiктен, ол үшiн қылмыстық жауаптылық белгiленiп отыр. Қорқытуды жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың жасалу сатысы ретiнде қате тану тәжирибеде дұрыс сараламауға әкеп соғады. Оған төмендегi жағдай мысал бола алады. А өзiнiң танысы К-мен мас күйiнде жанжалдасып, "менен жақсылық күтпе" -деп қорқытады. Мас адаммен айқайласудың бос әуре екендiгiн түсiн - ген К ас үйден шығып, басқа бөлмеге кiрiп кетедi. Осы кезде А қолына балтаны алып, "өлтiремiн" - деп, К отырған бөлмеге қарай жүгiредi. К бөлменiң есiгiн жауып үлгередi. А есiктi

3А. Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм. А 1998 ж. 132 - бет.

4Коментарий к Уголовному Кодексу РК. А-1999 г. С65.

қағып, бiраз уақыттан кейiн аулаға шығып, балтаны өз ор - нына қояды. Бұл iс бойынша, сот А-ның әрекеттерiн адам өлтiруге оқталу деп саралаған. Бұл жағдайда iс бойынша, қорқыту белгiлi бiр әрекетпен - қылмыстың қаруын iздеумен ұштасып отыр. Соттың мiндетi - қылмыстың қаруын iздеу өлтiру үшiн бе, немесе жеке тұлғаға қарсы басқа қылмыс iстеу үшiн бе, әлде қорқыту әрекетiне шын мәнiндегi сипат беру үшiн қа - ру iзделдi ме екендiгiн дұрыс анықтау болып табылады. Осы мәселелердi дұрыс шешуге байланысты А-ның әрекетi дұрыс сараланады. Ал, сот болса, А балтаны адамды өлтiру үшiн алған деп қате жiберiп отыр. Ал, шын мәнiнде iс материалдары бойын - ша бұл жерде балта К-нi қорқыту үшiн алынған болатын. Қорқыту жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасаудың сатысы бола алмайтынды -ғының тағы да бiр дәлелi ретiнде келесi фактiнi көрсетуге болады. Басқа да аяқталған қылмыстар сияқты қорқыту қылмысына дайындалу және оқталу болады, сондай-ақ оған бiрге қатысу болады5.

Осындай мәселер сияқты, ҚР-ның конституциялық құрылы - сын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтасты -ғының бiрлiгiн күштеп бұзуға жария түрде үндеу, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды осы мақсатқа тарату (ҚР КК-нiң 170- бабы) - қылмыстық ой, ниеттiң пайда болуы болып табылмай- ды, сондай-ақ басқа јылмысты жасау сатысына да жатпайды. Мұндай қылмысты жасау туралы айтқан адам қылмы қорқыту стық жауаптылыққа тартылатын себебi, ол заңда жазалау қатерiмен тиым салынған қоғамға қауiптi, кiнәлi „рекеттi жасайды. Бұл жағдайда

5Кузнецова. Ответственность за приготовление к преступлению и покушение на преступление по советскому уголовному праву. М-1985 г. С. 35.

адамды осы қылмысы үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға, мемлекеттiң конституциялық құрылысына және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстардың басқа да түрiн жасауға ниет болғанын дәлелдеудiң қажетi жоқ. Ал, егер мемлекеттiң конституциялық құрылысына және қауiпсiздiгiне қарсы сипаттағы қылмыс жасауға азғырғандығы дәлелденсе, оның ҚР ҚК, 170-бабында көзделген "ҚР конституция - лық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру" қылмысымен емес, онда ҚР-тiң 168-бабында көрсетiлген "Өкiметтi күшпен басып алу немесе өкiметтi күшпен ұстап тұру қылмысына" немесе ҚР-тiң 169-бабына сай, "Қарулы бүлiк" және т. б. мемлекеттiң конституциялық құрылысына немесе қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстарды жасауға азғыру ретiнде сараланады.

Қылмыстық ой, ниеттiң пайда болуын кей кезде айдап салушылықпен шатастырады (азғыру) . Мысалы, бiр әскери қызмет өткерушi екiншiсiне "ӨБП -де танысың бар емес пе, мен сенiң орныңда болсам, бөлiмдi өз бетiммен тастап кетушi едiм" - дейдi. Осы жерде сырттай қарағанда бөлiмдi тастап кетуге деген ой, ниет пайда болған сияқты, бiрақ бұл жерде осы қылмысты жасауға азғыру болып тұр. Себебi, субъект өзiне бiр қатысушы iздей отырып, басқа тұлғаға ой салу мақсатында, оған өзiнiң сырласушысының қалай қарайтынын бiлу үшiн айта отырып, бұл уақытта қылмыс жасауға айдап салып отыр. Егер аталған тұлғалар қылмыс жасауға келiсiп, олардың еркiнен тыс жағдайларға байланысты қылмыс аяғына дейiн жеткiзiлмесе, олардың әрекеттерi қылмыстың қай сатысында үзiлгенiне байланысты, қылмысқа бiрге қатысқандары үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады. Жоғарыда аталғандар, бiзге, төмендегiдей қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Қылмыстық ой, ниеттiң пайда болуы ешқашан қылмыс жасаудың сатысы бола алмайды және ешқашан мұндай жалаң ой, ниет үшiн қылмыстық жазаға тартылмайды деп толық айта аламыз. Қылмыстық жауапкершiлiк қылмыстық заңда көрсетiлген қоғамға қауiптi iс-әрекеттi жасаған кезде ғана орын алады. Қылмыстың және қылмыс құрамының елгiлерiн қарағанда, бiз қоғамға қауiптi iс-әрекет заңда көрсетiлген қажеттi белгiлердiң барлығы болғандығы жөнiнде, яғни аяқталған, бiткен қылмыс жөнiнде айтамыз. Дегенмен, кей кездерде тек аяқталмаған қылмыстар үшiн ғана емес, сонымен қатар әлi бiтпеген, қоғамға қауiптi iс-әрекет аяқталмаған қылмыс үшiн жауаптылық белгiлеудiң қажеттiлiгi туады. Осыған сәйкес, қылмыстық құқық қылмыстың жасалу сатыларын ажыратады. Сатылар деп - қасақана жасалатын қылмысқа дайындалу, оқталудан бiткенге дейiнгi өтетiн кезеңдерiн айтамыз6.

Осыған ұқсас, неғұрлым толық түрдегi анықтаманы Б. В. Здравомыслов та бердi. Оның пiкiрi бойынша : "Кiнәлiнiң қылмыстық ойларын жүзеге асыру дәрежесiн көрсететiн, жасалған қоғамдық қауiптi әрекеттiң сипатына сәйкес ажыратылатын қасақана қылмыс жасау үшiн дайындалу, оны тiкелей орындаудың арасында өтетiн әртүрлi кезеңдердi - қылмыс жасаудың сатылары" - деп атайды.

Қылмыстық ой, ниеттi жүзеге асыру барысында оның қай кезеңде, қай баспалдақта үзiлгенiне байланысты, бiз қылмыстың жасалу сатыларының қай түрiне жататыны жөнiнде айта аламыз. Жоғарыда көрсетiлген қылмысты жасау сатыларының анықтамаларына сәйкес, олар тек қасақана қылмыстарды жасағанда ғана болады және кiнәлiнiң қылмыстық ой, ниетiн жүзеге асыруының дәрежесiн көрсетедi деп айтуға болады. Қылмыстық ойын жүзеге асырушы адам, өзiнiң iс-әрекетiнiң қоғамға қауiптiлiгiн және оның салдарын саналы түрде

6А. Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм. А 1998 ж. 131 - бет.

түсiнедi, өзiнiң қылмыстық ой, ниетiн ж3/4зеге асыруды тiлейдi. Б1/2дан шы?атын ?орытынды, кез келген ?аса?ана жасалатын қылмыс сатылары тек тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың жасалу сатылары қоғамға қауiптi iс-әрекеттiң қаншалықты жүзеге асқанымен өзара ажыратылады. Адамның қылмыс жасауға қалай дайындалғаны мен оны жүзеге асыруға байланысты, қандай нақты әрекеттер орындалды және оның қылмыстық әрекетi қай сатыда үзiлгенiне байланысты бiз сол немесе басқа саты жөнiнде айта аламыз. Осыған сәйкес, қылмыстың жасалу сатылары өзара объективтi белгi - қылмыстық әрекеттердiң үзiлуi, аяқталғанына байланысты ажыратылады.

Қылмыстық әрекеттердiң аяқталу сәтiне және жасалған iс - әрекеттiң сипатына байланысты бiр топ авторлардың ойлары бойынша қылмыстық құқықта қылмыстың жасалу сатыларының келесi түрлерi бар :

1. Қылмыстық ойдың пайда болуы;

2. Қылмысқа дайындалу;

3. Қылмыс жасауға оқталу;

4. Аяқталған қылмыс;

Ал, екiншiсi бiр топ авторларының көзқарастары бойынша қылмыстың жасалу сатыларының келесi түрлерi бар :

1. Қылмысқа дайындалу;

2. Қылмыс жасауға оқталу;

3. Аяқталған қылмыстар;

Бiрiншi көзқарасты жақтаушылардың ойларына келсек, онда келесiлердi айтуға болады : қылмыстық ой, ниеттiң пайда болуы ең басты белгi - қоғамға қауiптiлiк белгiсiнен айырылған. Қылмыстық құқылық мәнi болмағандықтан ол қылмыстың жасалу сатысы ретiнде таныла алмайды. Қылмыстық ой, ниеттiң жазаланатын кездерi бар деп дәлелдеп отырғандары, ол жоғарыда айтып кеткенiмдей, қылмыс -тың жасалу сатысы емес, заңмен көзделген барлық белгiлерi бар iс - әрекет - жеке қылмысты құрайды.

Шынымен де ой, ниеттiң пайда болуын қылмыстың жасалу сатысы ретiнде тануға болмайды, өйткенi, оның қоғамға қауiптiлiк белгiсi жоқ. Қандай да бiр iс - әрекетпен көрiнбейдi, қылмыстың жасалуына қандай да бiр қолайлы жағдай туғызбайды және оны жүзеге асыру болып табылмайды, қандай да бiр қоғамдық қатынас -тарға қауiп төндiрмейдi. ҚР ҚК-нiң ешбiр баптарына тек жалаң ой, ниет, iшкi сезiм үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатынын көре алмаймыз. Керiсiнше, Конституция бойынша, сөз бен шығармаш - ылық принципi жарияланған. Сондықтан жоғарыда аталғандарға сай, қылмыстық кодекстiң баптарына, сондай-ақ көптеген Ресей және Қазақстан заңгер-ғалымдарының көзқарастарына сүйене отырып, бiздiң ойымызша, ой, ниеттiң пайда болуын жеке саты ретiнде бөлiп қарастыруға негiз жоқ деп есептеймiз .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс жасау сатыларының түрлері
Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу
Қылмысты жасауға дайындалу және оқталу үшін қылмыстық жауаптылық және жазаланушылықтың негіздері
Қылмыстық құқықтағы қылмысты істеу сатылары
Қасақана қылмыс істеу сатыларының қылмыстық құқықтық мәселелері
Қылмыс істеуге дайындалу
Кылмыстық іс жүргізу туралы
ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАУ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ
Қылмыс құрамының түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz