Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
- Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар құрамын қылмыстық-құқықтық талдауПайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың түсінігі . . . 7Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың объектісі . . . 11Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы…. . …. . 15Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың субъектісі . . . 19Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың субъективтік жағы…. . …25Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың алдын алудың жалпы шаралары . . . 31
2 Бұзақылықпен күресудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
2. 1 Бұзақылықтың жалпы ұғымы және қоғамға қауіптілігі . . . 50
2. 2 Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағының сипаты . . . 53
2. 3 Бұзақылықтың субъектісінің құқықтық және әлеуметтік-психологиялық cипаттамасы . . . 57
Қорытынды . . . 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасында 90-жылдардың орта шенінде мемлекеттің әлсіреуі тұсында жіберілген ақтаңдақтардың кесірінен, әсіресе, жекешелендіру кезінде, сол сияқты Кеңестер Одағының ыдырауы салдарынан жұмыс орындарының жаппай жабылуынан жұмысқа жарайтын азаматтардың ауыл-селолардан жұмыс орындары бар қалаларға ағылуы себепті республикада біршама тұрақсыз жағдай қалыптасты. Дәл осы кезең пайдақорлық зорлық қылмыстарының шарықтау шегіне жеткен тұсы болатын. Мысалға, жаппай өрістеген қорқытып алушылық қылмысы тек 1995 жылы республика көлемінде жүргізілген ‘’Құқықтық тәртіп’’ атты шарадан соң ғана саябырсыды. Сондай-ақ, Қазақстанда мемлекеттік институттарды реформалау аяқталды десек те, әлі де халық ішіндегі өзгерістердің болып жатқаны айқын. Мұның өзі де пайдақорлық-зорлық қылмыстары себептерінің өзгермелілігіне алып келеді. Елімізде жұмыссыздар санының өсуі де пайдақорлық-зорлық қылмыстарының өсіміне де өз үлесін қосады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады [1; 3б. ] . Еліміздің өркендеуіне, мемелекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласын ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі. Кез келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Сол сияқты халық менталитетінің өзгеруіне байланысты виктимологиялық аспектілерді зерттеу де бір төбе мәселе.
Заңмен қорғалатын жоғары әлеуметтік құндылықтарға - адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы мен ажырамастылығына негізделген қылмыстық саясатты гуманизациялау стратегиясы қазақстандық қылмыстық құқықта рептессивтік бағытта емес бағытты дамытудың өзектілігін алға тартады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Жаңа мыңжылдық-жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында «заңдарымызды гуманизациялау арқылы олардың сапасын арттыру қажет» деп дөп басып айтты [2; 3б. ] .
Соңғы жылдары елімізде ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын қылмыстардың саны өсе түсуде. Оған басты себеп экономикамыздың төмендеуі, халықгың әлеуметтік жағдайының нашарлауы, жұмыссыздық.
Осы тараудағы көрсетілген қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстармен күресу, алдын алу, саралау мәселелері қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда мемлекетіміздің президенті Н. Ә. Назарбаев 19 сәуір 2000 жылы қылмысқа қарсы күресті күшейту мәселелері жөнінде мемлекетіміздің бірқатар министрлері мен лауазымды адамдары қатысуымен болған кеңесте сөйлеген сөзінде: «Біз тұтастай алғанда базарлар мен жайма базарлардағы қарадүрсін рэкеттің жолын қидық, онда тәртіп ұлғайып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар кәсіпкерлер мен банкирлерден ашық алым талап етпейтін болды. Бірақ бүл ұйымдасқан қылмысты түпкілікті жеңе алдық дегенді тіпті де білдірмейді. Бұл жерде Елбасымыздың ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресуді тиісті органдардың басшылары мен қызметкерлеріне міндеттеп тапсырып отыр. Бұл қылмысты, яғни қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ашылмай қалып отыруының басты себебі. Елбасымыз айтқандай: құқық қорғау органдарында «крышаларының болуы”.
Көп жылдар бойы мемлекетімізде қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар жоқ және болуы мүмкін емес деп есептелінді. Бола қалғанның өзінде социалистік қоғамның басқа қоғамдардың арасында беделін түсіреді деп санады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар барлық мемлекеттерде өте қауіпті қылмыстар ретінде қарастырылды. Осыған байланысты 2000 жылдың сәуір айында 1999-2000 жыддар арасындағы қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар жөнінде Алматы обылысы бойынша алынған статистикалық мәліметтерге қарап көрейік. 1999 жылы және 2000 жылы бір-бірден қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қылмысы тіркелген. Екі жылда да бұл қылмыс Талдықорған қаласында орын алған. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қылмысы тіркелгенімен сол бойы аяқсыз қалдырылған. Бұл жерден біз құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өз қызметтеріне тиянақты қарамайтындығын көруімізге болады.
Қазіргі танда, ұйымдасқан қылмыстылықпен белсенді күрес жүргізіп отырған шақта, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар құрамын теория түрғысынан талдап, жан-жақты сипаттама беру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Зерттеу объектісі. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекіту, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстылықпен күресу - Қазақстан Республикасы бағыт алған құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы негізгі жолдардың бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Бүгінгі күні өзінің мазмұнымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, құқық бұзушылықтардың алдын алуды көздейтін жаңа сапалы заңнама жүйесі қалыптасуда. Қылмыстылықпен күресудің негізгі шарттарының бірі болып - құқық қоғау органдары мен қоғамның бұзақылық, өмірге, денсаулыққа және ар-намысқа қол сұғу сияқты қылмыстардың алдын алуда бірлесуі табылады.
Соттардың бұзақылық туралы қылмыстық істерді және ұсақ бұзақылық туралы материалдарды қарауы кезінде заңдарды дұрыс және біркелкі тиімді қолдану мәселелері әрқашан Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының қарауында болады.
Сот статистикаларының анализі, сот-тергеу тәжірибесі көрсеткендей бұзақылық туралы істерді қарау кезінде құқық қорғау органдары негізінен заңдарды дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді.
Бірақ та сот-тергеу органдары барлық жағдайларда заңдардың талаптары мен Пленумдардың қаулыларында берілетін заңдарды қолданудың түсініктемелерін сақтамайды.
Берілген қоғамға қауіпті қылмыстық істерді қараған кезде құқық қолдану органдары кейбір кездерде тағылған айыптың барлық эпизодтары мен бұзақылық іс - әрекеттердің барлық қатысушыларын тануды зерттеуді толық және жан-жақты қамтамасыз етпейді. Жай бұзақылықты қауіпті бұзақылықтан, бұзақылықты ұрып-соғудан, денсаулыққа жеңіл және орташа ауырлықтағы зиян келтіруден, оскорблениеден және т. б. айыруда қателіктер жібереді.
Айта кететін жай, соңғы кезде бұзақылықпен және қоғамдық тәртіпті бұзатын басқа да қылмыстармен күресу әлсіреп кетті.
Бұзақыларға жеңіл қарау - қоғам мен азаматтарға моральдық және материалдық зиян келтіретін бұл қылмыспен күресуді бағаламаудың нәтижесі екендігі даусыз. Бұзақылықтың тағы бір қауіптілігі, ол қасақана адам өлтіру, ауыр дене жарақаттарын келтіру, зорлау сияқты және тағы да басқа қылмыстармен ұштасуы мүмкін.
Бұзақылықпен күресуді қылмыстық-құқықтық ұйымдастыруда көптеген қателіктер жіберіледі. Бұның бәрі заңды, өйткені менің ойымша Қазақстанда бұл қоғамға қауіпті қылмыспен күресудің қылмыстық-құқықтық мәселелері жеткілікті деңгейде зерттелген жоқ. Республикамызда әлі күнге дейін бұзақылықпен күресудің криминологиялық аспектілеріне арналған бірде бір арнайы жұмыс жазылмаған.
Бұл қоғамға қауіпті қылмыспен күресуде құқықтық шаралардың ішінде тиімді шаралар болып әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар табылады. Қылмыстық-құқықтық шаралардың тиімділігінің маңызды талаптары болып: заңды нақты және дұрыс қолдану, жауаптылықтан құтыла алмауды қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнаманы және құқыққолдану тәжірибесін жетілдіру табылады.
Қоғамдық тәртіптің көшелердегі және қоғамдық орындардағы жағдайына қарап азаматтар аумақтағы жалпы криминогендік жағдайды қабылдайды және құқық қорғау органдарның қызметінің нәтижесін бағалайды.
Еліміздің соттық-тергеу органдарының тәжірибесі бұзақылық пен осы қылмыс құрамына ұқсас қылмыстарға нормаларды қолданған кезде қиындықтар туындайтынын атап өтеді. Бұл қолданыстағы нормаларды құрастырғандағы жетіспеушіліктер, маңызды мәселелерге байланысты ғылыми рекомендациялардың біркелкі еместігімен түсіндіріледі. Тек бұзақылықтың қылмыс құрамы бойынша ғана заңгерлердің он бір түрлі көзқарастары бар.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.
1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар құрамын қылмыстық құқықтық талдау
- Пайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың түсінігі
Криминологиялық ғылым қылмыстылықтың нысаны және оның өзге әлеуметтік құбылыстармен байланысын терең талдауға, қылмыстылықтың және оған ықпал жасайтын, әсіресе қазіргі жағдайдағы, себептеріне түсініктеме беруге, адамдардың әлеуметтік тұрмысына, идеология мен экономикадағы өзгерістерге қарай қылмыстардың алатын сипатына, өрбуіне көз жүгіртуге мүмкіндік береді. .
Тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңінде криминологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенбей, нақты криминогендік ахуалдың заңдылықтары мен үрдісін терең білмей қылмыстық-құқықтық, іс жүргізу, криминалистикалық және пенитенциарлық мәселелерді шешудің мүмкін еместігі көпке аян.
Сонымен қатар, бірқатар ғалымдардың санасы қалыптасқан түсініктен соңғы уақытқа дейін арыла алмағанын атап өткен жөн. Мысалы, криминология курсының бірінші томында былай делінген: “социалистік қоғамда қылмыстың өткен формациясына тән аса қауіпті түрлері: гангстеризм мен рэкет; қылмыстық әлемнің мемлекеттік аппаратпен сыбайластығы; халықтың бүтіндей тобының қылмыстылықпен байып, соған мүдделі болуы; қылмыстық әдіспен билік басына келуге тырысатын саясаткерлер жоқ”. Қылмыстылық социалистік құрылыстың болмысына жат құбылыс деп жазу дағдыға айналған еді.
Криминологияның ерекше бөлімі қылмыстылықтың жекелеген түрлерін әр қилы көрсеткіштерге орай бөліп, жеке бөліп қарастыратыны анық. Соның бір саласы - пайдақорлық-зорлық қылмыстылық. Мұның өзі екі түрлі қылмыстылықтың сабақтасқан тұсынан туындаған. Олар - пайдақорлық қылмыстылық пен зорлық қылмыстылық.
Пайдақорлық - ол алуға, баюға деген құштарлық. Пайдақорлық Қылмыстық заңның жиырма бір бабында келтірілген. Жалпы бөлімде жаза тағайындауға байланысты (мүлікті тәркілеу) айтылып өтсе, тоғыз қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде қарастырылған (135, 139, 198, 225, 271, 307, 314, 315, 380-баптар), ал қалған жағдайларда ауырлатылған қылмыс құрамдарында қарастырылған (96-баптың 2-бөлігі “з” тармағы, 125-баптың 2-бөлігі “з” тармағы, 126-баптың 2-бөлігі “з” тармағы, 127-баптың 2-бөлігі “а” тармағы, 134-баптың 2-бөлігі, 200-баптың 2-бөлігі, 234-баптың 2-бөлігі “и” тармағы, 238-баптың 2-бөлігі “д” тармағы, 324-баптың 2-бөлігі, 351-баптың 2-бөлігі, 352-баптың 2-бөлігі) .
Пайдақорлық қылмыстылық жалпы қылмыстылық санының ішінде экономикасы дамыған мемлекеттерде 90% дейін үлес алса, дамушы елдердің жалпы қылмыстылығының 60% құрайды.
Пайдақорлық қылмыстылық - ол құқыққа қарсы қайтарымсыз пайда табу мақсатымен жасалған қылмыстардың жиынтығы.
Зорлық қылмыстылықтың түбірінде “зорлық” сөзі жатқанмен де қазіргі ұғымымыздағы зорлық қылмыстылықтың негізін зорлық қана емес, күштеу, күш қолдану да құрай алады. Ал орыс тіліндегі “Насильственная преступность” терминінің түбірі “насилие” сөзінің өзін екі мағынада түсінуге болады. Оның бірі - заттың аты ретінде (зат есім) және, екіншісі - әрекет ретінде. Осы айтылған “күш қолдану” (насилие) ұғымының айналасында қылмыстық құқықта сан түрлі пікірлер бар. Бірі оның белгілерін анықтау барысында тым көлемін кеңейтіп жіберсе, келесілері тым тарылтып тастайды. Мысалға, соңғыларының қатарына күш қолдану деп тек қана тәни күшті түсінетіндерді айтуға болады (Л. Д. Гаухман) .
Осындай олқылықтарды айта келіп, Л. В. Сердюк “күш қолданудың” белгілерін ажыратады да оған анықтама береді, яғни “күш қолдану - ол өзге тұлғалардың тарапынан болатын қасақана және заңға қайшы адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асырылатын және оған органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіру не әрекет ету бостандығын шектеуге қабілетті ықпал ету”. Осы соңғы анықтама күш қолданудың қырларын аша алатындықтан, біз де осы ұсынысты қолдаймыз.
Зорлық қылмыстар санына жататын қылмыс құрамдарының шеңбері кең. Олар - ҚК 96-100, 102-110, 112, 113, 120, 121, 123, 125-127, 133, 137, 145, 156, 159, 160, 163, 168, 169, 170, 178, 179, 181, 226, 230, 238, 240, 241, 257, 270, 321, 341, 361, 368, 369-баптар. Ал кейбір қылмыстар толықтай зорлық қылмыстар қатарына жатпағанмен, жартылай болуы мүмкін, яғни ол қылмыстардың жасалу тәсілдерінің ішіне басқа тәсілдермен бірге күш қолдану да кіреді. Мысалға, 151, 153-баптарда көрсетілген қылмыстар. Ал кей уақыттарда сараланған қылмыс құрамдары зорлық қылмыстарының тізімін толықтыруы мүмкін, яғни олардың қарапайым құрамында күш қолдану қарастырылмағанмен, сараланған құрамдарында күш қолдану қарастырылған (125-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 126-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 131-баптың 3-бөлігі, 132-баптың 3-бөлігі, 145-баптың 2-бөлігі, 146-баптың 2-бөлігінің «а» тармағы, 155-баптың 2-бөлігі, 164-баптың 2-бөлігі, 185-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 186-баптың 2- бөлігі, 209-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 226-баптың 2-бөлігінің «б» тармағы, 234-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 238-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 239-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 248-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 250-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 260-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 262-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 275-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 327-б. 2-бөлігі, 330-баптың 2-бөлігі, 358-баптың 2-бөлігінің «б» тармағы, 361-баптың 2-бөлігі) .
Күш қолдану әдісі кейбір қылмыстардың аса сараланған құрамдарының белгісіне жатады. Олар - 185-б. 4-бөлігі, 196-б. 3-бөлігі, 248-баптың 3-бөл. «а» тармағы, 255-баптың 3-бөл. «в» тармағы және 4-бөл. «б» тармағы, 260-баптың 3-бөл. «в» тармағы, 308-баптың 3-бөлігі, 341-баптың 3-бөлігі, 351-баптың 3 және 4-бөліктері, 361-баптың 3-бөлігі.
Ал «қорқыту» әрекеті (угроза) қылмыс құрамдарының қажетті белгісі ретінде мынандай жиырма төрт қылмыс құрамында кездеседі: 102, 112, 113, 120, 121, 123, 151, 153, 172, 179, 181, 200, 226, 230, 233, 238, 240, 257, 270, 321, 341, 347, 361, 368-баптар. Ал саралаушы белгі ретінде төмендегідей картинаны көрсетеді: 120-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 121-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 131-баптың 3-бөлігі, 132-баптың 3-бөлігі, 145-баптың 2-бөлігі, 146-баптың 2-бөлігінің «а» тармағы, 155-баптың 2-бөлігі, 164-баптың 2-бөлігі, 178-баптың 2-бөл. «а» тармағы, 185-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 186-баптың 2- бөлігі, 239-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 248-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 255-баптың 3-бөлігінің «в» тармағы, 260-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 261-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 275-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 327-б. 2-бөлігі, 330-баптың 2-бөлігі, 354-баптың 2- бөлігі, 358-баптың 2-бөлігінің «б» тармағы, ал аса сараланған қылмыс құрамдардың белгісі ретінде 185-баптың 4-бөлігінде, 196-баптың 3-бөлігінде, 233-баптың 3-бөлігінің «а» тармағында, 248-баптың 3-бөлігінің «а» тармағында, 255-баптың 4-бөлігінің «б» тармағында, 260-баптың 3-бөлігінің «в» тармағында, 308-баптың 3-бөлігінде қарастырылған.
Демек, қорыта айтқанда, зорлық қылмыстар: 96-100, 102-110, 112, 113, 120, 121, 123, 125-127, 133, 137, 145, 151, 153, 156, 159, 160, 163, 168, 169, 170, 172, 178, 179, 181, 200, 226, 230, 233, 238, 240, 241, 257, 270, 321, 341, 347, 361, 368, 369-баптарда қарастырылған қылмыстар.
Ал «күш қолдану» немесе «қорқыту» тәсілі қылмыстардың саралаушы белгісі ретінде төмендегі баптарда қарастырылған: 120-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 121-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 125-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 126-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 131-баптың 3-бөлігі, 132-баптың 3-бөлігі, 145-баптың 2-бөлігі, 146-баптың 2-бөлігінің «а» тармағы, 155-баптың 2-бөлігі, 164-баптың 2-бөлігі, 178-баптың 2-бөл. «а» тармағы, 185-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 186-баптың 2- бөлігі, 209-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 226-баптың 2-бөлігінің «б» тармағы, 234-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 238-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 239-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 248-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 250-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 260-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 261-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 262-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 275-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 327-б. 2-бөлігі, 330-баптың 2-бөлігі, 354-баптың 2-бөл., 358-баптың 2-бөлігінің «б» тармағы, 361-баптың 2-бөлігі.
Көрсетілген әдістер аса сараланған қылмыс құрамдарының белгісі ретінде мына баптарда көрсетіледі: 185-баптың 4-бөлігінде, 196-баптың 3-бөлігінде, 233-баптың 3-бөлігінің «а» тармағында, 248-баптың 3-бөлігінің «а» тармағында, 255-баптың 3-бөл. «в» тармағы және 4-бөлігінің «б» тармағында, 260-баптың 3-бөлігінің «в» тармағында, 308-баптың 3-бөлігі, 341-баптың 3-бөлігі, 351-баптың 3 және 4-бөліктері, 361-баптың 3-бөлігі.
Демек, зорлық қылмыстарының қатарына «таза зорлық қылмыстары» деп атауға болатын елу үш қылмыс құрамы, ал «күш қолдану» немесе «күш қолданамын деп қорқыту» саралаушы белгі ретінде жиырма тоғыз қылмыс құрамында, ал аса саралаушы белгі ретінде он екі қылмыс құрамында кездеседі, барлығы - тоқсан төрт қылмыс құрамы (қарапайым, сараланған және аса сараланған түрлерін қоса алғанда) .
Пайдақорлық-зорлық қылмыстылық осы екі түрлі қылмыстылықтың түйіскен жерінен орын алады, өйткені барлық пайдақорлық қылмыстар зорлықпен жасалмайды, сол сияқты зорлықпен жасалатын қылмыстардың барлығы пайда табуды көздей бермейді.
Демек, пайдақорлық-зорлық қылмыстылық материалдық пайда табуды көздеп қасақана және заңға қайшы түрде адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асырылатын және оған органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіру не әрекет ету бостандығын шектеуге қабілетті ықпал ету жолымен жасалатын белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады. Аталған қылмыстылықты құрайтын қылмыстар саны көп емес. Олар - пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру (96-баптың 2-бөлігі “з” тармағы), адам ұрлау (125-баптың 2-бөлігі “з” тармағы), заңсыз бас бостандығынан айыру (126-баптың 2-бөлігі “з” тармағы), заңсыз психиатриялық стационарға орналастыру (127-баптың 2-бөлігі “а” тармағы), Тонау (178-бап), Қарақшылық (179-бап), Қорқытып алушылық (181-бап), Адамды аманатқа алу (234-баптың 2-бөлігі “и” тармағы), Ғимараттарды, үйлерді басып алу (238-баптың 2-бөлігі “д” тармағы) және сол сияқты пайдақорлықпен жасалған бандитизм (237-бап) . Осындай он қылмыс түрі пайдақорлық-зорлық қылмыстарды құрағанмен, біз олардың барлығын зерттеуді мақсат етіп қойған жоқпыз, олардың ішінде төрт қылмыстың (тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық және бандитизм) алдын алудың криминологиялық мәселелерін зерттеуді мақсат етіп қойдық.
- Пайдақорлық - ол алуға, баюға деген құштарлық. Пайдақорлық Қылмыстық заңның жиырма бір бабында келтірілген. Жалпы бөлімде жаза тағайындауға байланысты (мүлікті тәркілеу) айтылып өтсе, тоғыз қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде қарастырылған Пайдақорлық қылмыстылық - құқыққа қарсы қайтарымсыз пайда табу мақсатымен жасалған қылмыстардың жиынтығы. Күш қолдану - өзге тұлғалардың тарапынан болатын қасақана және заңға қайшы адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асырылатын және оған органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіру не әрекет ету бостандығын шектеуге қабілетті ықпал ету.
- Зорлық қылмыстарының қатарына «таза зорлық қылмыстары» деп атауға болатын елу үш қылмыс құрамы, ал «күш қолдану» немесе «күш қолданамын деп қорқыту» саралаушы белгі ретінде жиырма тоғыз қылмыс құрамында, ал аса саралаушы белгі ретінде он екі қылмыс құрамында кездеседі, барлығы - тоқсан төрт қылмыс құрамы (қарапайым, сараланған және аса сараланған түрлерін қоса алғанда) .
- Кейбір қылмыстар толықтай зорлық қылмыстар қатарына жатпағанымен, жартылай болуы мүмкін, яғни ол қылмыстардың жасалу тәсілдерінің ішіне басқа тәсілдермен бірге күш қолдану да кіреді (мысалға, 151, 153-баптар)
- Күш қолдану әдісі кейбір қылмыстардың аса сараланған құрамдарының белгісіне жатады. Олар - 185- баптың 4-бөлігі, 196- баптың 3-бөлігі, 248- баптың 3-бөл. «а» тармағы, 255- баптың 3-бөл. «в» тармағы және 4-бөл. «б» тармағы, 260- баптың 3-бөл. «в» тармағы, 308- баптың 3-бөлігі, 341- баптың 3-бөлігі, 351- баптың 3 және 4-бөліктері, 361- баптың 3-бөлігі.
- Демек, пайдақорлық-зорлық қылмыстылық материалдық пайда табуды көздеп қасақана және заңға қайшы түрде адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асырылатын және оған органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіру не әрекет ету бостандығын шектеуге қабілетті ықпал ету жолымен жасалатын белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады. Аталған қылмыстылықты құрайтын қылмыстар - пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру (96-баптың 2-бөлігі «з” тармағы), адам ұрлау (125-баптың 2-бөлігі «з” тармағы), заңсыз бас бостандығынан айыру (126-баптың 2-бөлігі «з” тармағы), заңсыз психиатриялық стационарға орналастыру (127-баптың 2-бөлігі «а” тармағы), тонау (178-бап), қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), адамды аманатқа алу (234-баптың 2-бөлігі «и” тармағы), ғимараттарды, үйлерді басып алу (238-баптың 2-бөлігі «д” тармағы) және сол сияқты пайдақорлықпен жасалған бандитизм (237-бап) .
1. 2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың объектісі
Қол сұғушылық объектісі қылмыстың маңызды және қажетті элементтерінің бірі болып табылады. Оның қызметтік ролі екі негізгі функциямен аныкталады.
1. Объект қылмысты бағалау, оның когамға қауіптілігін анықтау, қылмыстың әлеуметтік саяси дәрежелігін анықтауда шешуші роль атқарады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz