Adobe PageМaker туралы жалпы мағлұматтар



1 PageМaker бағдарламасының қызметі
2 Баспа жұмысының компьютерлік технологиялары
3 Графикалық бейнелердің пішімдері
Дәрістің тезисі: Adobe PageМaker баспаға дейінгі дайындық саласында еңбегі сіңіп кең танымал қолданылатын компьютерлік беттеу жүйесін құрайды. PageМaker көмегімен іс жүзінде дайын мәтіндік және графикалық материалды, сондай-ақ бағдарламаның өз мүмкіндіктерін пайдаланып кез келген қиындықтағы қалыптарды (макеттерді) құруға болады. World Wide Web және басқа да тораптарда таратуға арналған. Бағдарлама мүмкіндіктерінің кең спектрі суретші-графиктерге және баспашыларға уақытты шығындамай кішкентай жарнама парақтарынан бастап, үлкен плакаттармен аяқталатын жоғары сапалы өнімдерді құруға мүмкіндік береді.
Бір беттік шаблондарды өзгерту арқылы беттер жиынтығының қалыптауын тез өзгертуге болады. Бір құжатта суреттемелі журналдарды шығаруда аса маңызды емес, бірнеше беттік шаблондарды беттерді әр түрлі етіп түрлендіруде қолдануға болады.
PageМaker трекинг және кернинг сияқты мәтіндердің атрибуттарын үлкен дәлдікпен беру мүмкіндігін береді, разрядкамен және қысылған шрифтермен басуға себебін тигізеді.
Баспа жұмысының компьютерлік технологиялары.
Баспа басылымын дайындау – кешенді үрдіс, ол өзіне келесі кезеңдерді қосады: мәтіндерді теру, редакторлеу және түзету, суреттемелер дайындау, барлық басылымның дизайнін жасау. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ақпараттық және бағдарламалық қолдау деңгейінің болуы қажет.
Қолдаудың ақпараттық деңгейі:
а) Ақпаратты енгізу құрлығылары (ДК пернетақтасы, сканер, сандық фотокамера, дайын бейнелер көздері);
б) Ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғылары (компьютер, қатқыл дисктер, иілгіш дисктер, оптикалық жинақтауыштар);
в) Ақпаратты шығару құрылғылары (монитор, принтер, фототеруші автомат).
Қолдаудың бағдарламалық деңгейі:
а) Бейнелерді өңдеу технологиясы
б) Полиграфия дизайнінің технологиясы
в) Меншікті стол үстілік баспа жүйесінің технологиясы

Қолданбалы бағдарламаны қамсыздандыру
Глоссарий (анықтама, сөздік);

Табуляция – мәтіннің туралануын жүзеге асыратын сызғыштағы белгі.
Фрейм – мәтіндерді немесе графиктерді орналастыруға арналған әр түрлі
пішіндегі объектілер.
Шаблон – ұқсас құжаттың әрбір бетін жеке құрмас үшін қолданылатын бет.
Маска – бұл объектінің көмегімен бейненіңбөлігін жасыруға болады.
Модульдік тор – мәтін мен графиканы туралаудың шекаралары мен сызықтарын
көрсететін бағыттаушы қосымша сызықтар. Интерлиньяж – жолдардың арасындағы
қашықтық.
Трекинг – пайдаланылған кегльге байланысты мәтін массивінде символаралық
қашықтықтарды автоматты түзету тәсілі.

Дәріс -1. Adobe PageМaker туралы жалпы мағлұматтар
Дәрістің мақсаты: Қолданбалы бағдарламалық жасақтама түрлерін,
бағдарламаларын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 PageМaker бағдарламасының қызметі
2 Баспа жұмысының компьютерлік технологиялары
3 Графикалық бейнелердің пішімдері

Дәрістің тезисі: Adobe PageМaker баспаға дейінгі дайындық саласында еңбегі
сіңіп кең танымал қолданылатын компьютерлік беттеу жүйесін құрайды.
PageМaker көмегімен іс жүзінде дайын мәтіндік және графикалық материалды,
сондай-ақ бағдарламаның өз мүмкіндіктерін пайдаланып кез келген қиындықтағы
қалыптарды (макеттерді) құруға болады. World Wide Web және басқа да
тораптарда таратуға арналған. Бағдарлама мүмкіндіктерінің кең спектрі
суретші-графиктерге және баспашыларға уақытты шығындамай кішкентай жарнама
парақтарынан бастап, үлкен плакаттармен аяқталатын жоғары сапалы өнімдерді
құруға мүмкіндік береді.
Бір беттік шаблондарды өзгерту арқылы беттер жиынтығының қалыптауын тез
өзгертуге болады. Бір құжатта суреттемелі журналдарды шығаруда аса маңызды
емес, бірнеше беттік шаблондарды беттерді әр түрлі етіп түрлендіруде
қолдануға болады.
PageМaker трекинг және кернинг сияқты мәтіндердің атрибуттарын үлкен
дәлдікпен беру мүмкіндігін береді, разрядкамен және қысылған шрифтермен
басуға себебін тигізеді.
Баспа жұмысының компьютерлік технологиялары.
Баспа басылымын дайындау – кешенді үрдіс, ол өзіне келесі кезеңдерді
қосады: мәтіндерді теру, редакторлеу және түзету, суреттемелер дайындау,
барлық басылымның дизайнін жасау. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін
ақпараттық және бағдарламалық қолдау деңгейінің болуы қажет.
Қолдаудың ақпараттық деңгейі:
а) Ақпаратты енгізу құрлығылары (ДК пернетақтасы, сканер, сандық
фотокамера, дайын бейнелер көздері);
б) Ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғылары (компьютер, қатқыл дисктер,
иілгіш дисктер, оптикалық жинақтауыштар);
в) Ақпаратты шығару құрылғылары (монитор, принтер, фототеруші автомат).
Қолдаудың бағдарламалық деңгейі:
а) Бейнелерді өңдеу технологиясы
б) Полиграфия дизайнінің технологиясы
в) Меншікті стол үстілік баспа жүйесінің технологиясы

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
1. Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыруға арналған талаптар.
2. Word және PageMaker бағдарламаларының айрықша функциялары.
3. PageMaker-дегі шрифтер.

Негізгі әдебиеттер 1,3,
Қосымша әдебиеттер9,10,12.

Дәріс -2. PageMaker интерфейсі
Дәрістің мақсаты: CorelDraw бағдарламасының интерфейсін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 PageMaker бағдарламасының терезесі
2 Тақталар
3 Түстер

Дәрістің тезисі: Терезенің тақырыбы. Бұл редактор терезесінің жоғарғы
(үстіңгі) жолы. Мұнда терезенің түрін басқарушы 3 батырма орналасқан. Олар
Windows-тың барлық қосымшалары үшін стандартты.
Меню жолы. терезе тақырыбынан төмен қарай Мәзір жолы орналасқан. Ол
бағдарламаның негізгі мәзірлерінің аттарынан құралады: Файл,
Редактирование, Макет, Текст, Элемент, Сервис, Просмотр, Окно, Помощь.
Жанама мәзір. Мұнда дәл осы сәтте орындауға мүмкін болатын командаларды ған
көруге болады. Сіз қай жерде: объектіде, бетте немесе монтаждық столда
шерткеніңізге байланысты жанама мәзірде әр түрлі командалар болады.
Құжат терезесі. PageMaker терезесіндегі сияқты құжат терезесінде де тақырып
жолы бар. Сондай-ақ мұнда терезенің түрін басқаратын өз батырмалары бар.
Бір мезгілде бірнеше құжаттарды құрып немесе ашасыз. Сіз оларды экранда
бірнеше терезе орналастыра аласыз. Оларды каскад түрінде бірінен кейін
бірін немесе бір-бірінің (плитканың) жанына орналастырасыз.
Монтаждық стол. Монтаждық стол – қолмен беттеу кезінде қолданылатын
Монтаждық столдың аналогі. Көру (Просмотр) мәзірінен Монтаждық үстел
(Монтажный стол) командасын орындаңдар. Сары фондағы ақ төртбұрыш – осы
монтаждық стол. Мұнда құжаттың беттерін орналастыруға мүмкін болады.
Айналдыру жолақтары. Айналдыру жолақтары терезенің оң жақ және төменгі
бөліктерінің маңында орналсқан. Олар бейнені немесе терезедегі құжатты
айналдыруға мүмкіндік береді, егер олар өлшемі бойынша терезеден үлкен
болса.
Координаттық сызықтар. Координаттар сызығы терезенің үстінде және оның сол
жағында орналсқан. Сіз бетте тышқанның көрсеткішін қозғалтқанда оның
көлеңкесі екі жақ сызғыш болса сырғитынын көресіз, ол сізге оның дәл
орналасуын білуге мүмкіндік береді.
Координаттар басы. Координаттар басы екі жақ сызғышта да болған нүктеде
орналасады. Сызғыштардың қиылысуындағы сол жақ бұрышында нөлдің батырмасы
көрінеді. Ол пунктирленген сызықтармен қиылысқан шаршы сияқты көрінеді.
Нөлді кез келген жағдайда жылжыту үшін осы пиктограммада шертіп және
көрсеткішін жаңа орынға сүйре.
КөруНөлді бекіту (ПросмотрЗакрепить ноль) командасын орныдау арқылы оны
тұйықтауға болады.
Іс жүзінде графикалық объектілер және мәтіндермен жұмыстар тақталарға
біріктірілген түстердің көмегімен іске асырылады. Қажетті тақталар сіз
қандай да бір жаңа операцияны бастар кезде экранда автоматты түрде пайда
болады. Келешекте сіз оның титул жолының кез келген батырмасына шертіп
жаппайынша түс экранда қала береді. Егер экранда қажетті түс болмаса, оны
Терезе (Окно) мәзірінің көмегімен шақыруға болады.
Құралдар тақтасы. Құралдар тақтасы бұл жұмыс күші. Құралдардың көмегімен
сіз мәтінді енгізесіз және түзетесіз, сурет салып, графикалық объектілерді
түзетесіз, оларды әр түрлі деңгейде ұлғайтасыз және терезеде орналастыра
аласыз. Құралды таңдау үшін онда шерту керек. тақтаны шығару және алып
тастау үшін Терезе – Құралдарды көрсету немесе Құралдарды жасыру (Окно
Показать инструменты немесе Спрятать инструменты) көмегімен орындауға
болады.
Басқарушы палитра. Басқарушы палитра сіз істеген жұмысқа байланысты:
мәтінмен немесе графикамен, әр түрлі көрінеді.
Мәтінмен жұмыс істеу кезінде оны екі жағдайдың арасында қосуға болады:
біріншісінде ол символдардың атрибутын көрсетеді, ал екіншісінде – абзацтың
атрибутын. Оны қосу үшін палитраның сол жақ бөлігіндегі арнайы батырмалар
қызмет атқарады. Графикамен жұмыс кезінде басқарушы палитра объектіні бетте
үлкен дәлдікпен орналастыруға, оның өлшемдерін өзгертуге және
трансформациялауға, бұруға көмектеседі.
Ол экранда Окно мәзірінің көмегімен орнатылады.
Түстік палитра. Түстік палитра экранға ТерезеТүстерді көрсету
(ОкноПоказать цвета) командасымен шақырылады. Түстер палитрасы көмегімен
мәтіннің, фонның, құралдар палитрасының көмегімен құрылған суреттің түсін
беруге болады, сондай-ақ жаңасын құруға және бар түстерді түзетуге болады.
Беттік шаблондар палитрасы. Бұл палитраны экранға шығару үшін
ТерезеБеттерді көрсету (ОкноПоказать страницы) – шаблоны командасын
орындаңыз. оның көмегімен шаблонда құруға және құжатың беттерін олардың
сыртқы түрін анықтау үшін шаблондар беруге болады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
1. Стильдер палитрасы.
2. Қабаттар палитрасы.
3. Кітапханалар палитрасы.

Негізгі әдебиеттер 1,3,
Қосымша әдебиеттер9,10,12.

Дәріс - 3 Беттерді беттеу
Дәрістің мақсаты: Мәтінді баспаға орналастыру тәсілдерін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Фреймдер
2 Мәтіндік блоктармен жұмыс
3 Жаңа құжат құру

Дәрістің тезисі: Жаңа құжат бастау үшін Файл Новый командасын орындаңдар
немесе CTRL+N басыңдар. Экранда Параметры страницы диалогтік терезесі пайда
болады, оның көмегімен құжетті орнатуларды орындауға болады:
а) Өлшем – А4 форматын таңдаңдар
б) Беттің кітаптық бағдарын таңда
в) Екі жақты баспаны қос
г) Бұруды көрсету
д) Беттер саны (Число страниц) алаңында 5-ті енгіз
е) ОК батырмасын бас. Диалогтік терезе жабылады және PageMaker жаңа
құжаттың терезесін ашып оның 1-ші бетін монтаждық столда орналастырады.
ж) ФайлСохранить как ... командасын орындау арқылы құжатты сақта.
Мәтінді PageMaker баспаға қосу үшін бірнеше тәсілдермен қолдануға болады:
мәтінді тікелей PageMaker-де теріп алып, алмасу буферінің көмегімен
мәтіндік процессордан көшіру немесе мәтіндік файлды импорттау. Олардың
қайсысын таңдау нақты есепке байланысты, бірақ негізгі болып мәтіндік
процессорлардың немесе редакторлардың бірінде басылған мәтіндік файлды
импорттау болып табылады.
Кіріктірілген мәтіндік редактор режимінде мәтіндер теру. PageMaker-да
мәтінді басу және форматтау үшін 2 режимді: қалыптау режимін және мәтіндік
режимді қолдануға болады. Мәтіндік режимде терілетін немесе түзетілетін
мәтін арнайы терезеде біркелкі өлшемде берілген гарнитурамен бейнеленеді,
абзац немесе сөз үшін қандай гарнитура немесе өлшем таңдалғаннан
байланыссыз. Бұл енгізуге қарамастан мәтінде өзгерістерді жасау керек,
өйткені ол мәтіннің безендірілуі емес, оның мазмұнына икемделуі керек.
Мәтіндік режимде экранды бояу әлдеқайда тез жүреді, өйткені онда графикалық
объектілер және мәтіннің шынайы пішіні бейнеленбейді, сондай-ақ мәтінді
ауыстыру жеңілдейді.
Редакторлеу мен түзетуді берілген режимде орындау ыңғайлы, өйткені
Орфография, Найти, Заменить командалары тек осы режимде ғана мүмкіндігі
бар.
Алмасу буферін қолдану. Егер терілген мәтін болса (мысалы, Microsoft Word
құжаты) оны ТүзетуКөшіру (ПравкаКопировать) командасымен көшірмесін алуға
болады. PageMaker-ге көшіп Текст құралын таңдап және жұмыс аймағының кез
келген жеірнде шертеміз, содан соң РедактированиеВклеить командасын
орындаймыз.
Поместить командасын қолдану. Берілген бұл тәсіл PageMaker-де мәтінді
орналастыруда негізі тәсіл болып табылады. Ол дегеніміз басылымның баспаға
дейінгі дайындығымен бірнеше адам айналысады, олардың әрқайсысы өзінің
міндеттерін атқарады: Қалыптаушыға мәтін терушімен алдын ала басылған
корректорлармен оқылған және керекті түзетулермен мәтіндік файл ретінде
түседі. Сондықтан беттеушіге басылымға барлық мәтіндік файлды орналастыруға
ыңғайлы, бұдан кейін ол оны орналастыру жұмысын бастайды. Мәтіндік файлды
импорттау үшін ФайлОрналастыру (ФайлПоместить) командасын қолдану керек.
Орналастыру (Поместить) командасының диалогтік терезесінде кейбір қосымша
орнатуларды беруге болады. Поместить терезесінде параметрлерді алу қандай
объектіні: мәтінді, кестені, деректер қорын немесе бейнені импорттау
көзделетініне байланысты, сондай-ақ ФайлОрналастыру (ФайлПоместить)
командасын таңдағанда объект немесе фрейм ерекшеленуіне байланысты.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
Модульдік тор. Бағыттауыштар
Беттік шаблондар
Бағаналарды құру

Негізгі әдебиеттер 1,3,
Қосымша әдебиеттер9,10,12.

Дәріс–4. Символдар мен абзацтарды пішімдеу
Дәрістің мақсаты: PageМaker бағдарламасында символдар мен абзацтарды
пішімдеуді қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Атрибуттарды беру тәсілдері
2 Символдардың атрибуттары
3 Абзацтарды пішімдеу

Дәрістің тезисі: Символдардың атрибуттарын өзгертудің үш тәсілі бар: Мәтін
мәзірі, басқарушы палитра және МәтінШрифт (ТекстШрифт) мәзірінің Шрифт
параметрлері (Параметры шрифта) диалогтік терезесі.
1 – қолдану батырмасы, атрибуттың енгізілген сандық мәнін ерекшеленген
мәтінге қолдану
2 – жоғарғы батырма палитраны символдық режимге, төменгісі – абзацтық
режимге ауыстырады
3 – шрифтің гарнитурасы
4 – шрифтің начертаниесін таңдау бастырмасы
5 – шрифтің кеглі (өлшемі)
6 – интерлиньяж (жоларалық қашықтық)
7 – трекинг
8 – символдарды көлденең масштабтау
9 – кернинг (2 нақты символдардың ара қашықтығы)
10 – базалық сызыққа қатысты символды жылжыту, жол үсті және жол асты
символдарын енгізу кезінде қолданылады.
8 сурет Символдық режимдегі басқарушы палитра
Шрифт параметрлері (Параметры шрифта) диалогтік терезесі. Егер сізге
символдардың бірнеше атрибуттарын бірден өзгерту керек болса, оны Шрифт
параметрлері (Параметры шрифта) диалогтік терезесінің көмегімен жасаған
ыңғайлы. Терезені шаыру үшін МәтінШрифт (ТекстШрифт) командасын орында
немесе Ctrl+T (Т – латын әрпі) пернелерін басыңыз. Онда символдардың барлық
атрибуттарын беруге болады, соның ішінде басқарушы палитра немесе мәзірдің
көмегімен бере алмайтын: символдардың түсі мен дақтары, базалық сызыққа
қатысты жол үсті және жол асты символдарды жылжыту, капителийлердің өлшемі.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
1. Шрифт параметрлері диалогтік терезесі
2. Абзац параметрлері диалогтік терезесі.

Негізгі әдебиеттер 1,3,
Қосымша әдебиеттер9,10,12.

Дәріс–5. Графикалық объектілер. Объектілермен жұмыс
Дәрістің мақсаты: PageMaker көмегімен графикалық объектілерді құру
тәсілдерін уйрену.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 PageMaker көмегімен графикалық объектілерді құру
2 Басқарушы палитраны қолдану
3 Графикалық объектілермен жұмыс

Дәрістің тезисі: PageMaker жұмыс істей алатын объектілер үш типке
бөлінеді: мәтіндік блоктар, импортталған графикалық объектілер және тікелей
PageMaker –де құрылған объектілер. Бағдарламаның жұмыс аймағы екі негізгі
бөліктерге бөлінеді – басу аймағы және монтаждық стол. Объектілер басу
аймағының негізінде де және монтаждық столда да орналасуы мүмкін, бірақ
баспаға басу аймағының шегінде орналасқандары ғана шығарылады.
PageMaker объектілермен көптеген амаладар орындауға мүмкіндік береді.
Сіз олардың орындарын ауыстыру, өлшемдерін өзгерту, сондай-ақ өзгеру
(трансформация) амалдарын: айналдыру, қию және айналық шағылысу және т.с.с
орындай аласыз.
Объектілерді ерекшелеу. Объектімен қандай да бір амал орындау үшін
оны Көрсеткіш (Стрелка) құралын таңдау арқылы ерекшелеу қажет. Бірнеше
объектіні ерекшелеу үшін Shift пернесін басып тұрыңыз. Бір немесе бірнеше
объектілерді ерекшелеудің тағы бір түрі – жақтау көмегімен ерекшелеу.
Объектілерді көшіру және кірістіру. Объектілерді көшірудің бірнеше
тәсілдері бар. Олардың ішіндегі ең ыңғайлысы – олардың көшірмесін экранның
шегінде орналастыру. Ол үшін объектіні ерекшелеп Ctrl+Alt пернесін басып
ұстап тұрып көшірмесін жаңа орынға көшіріңіз. Алдымен тышқанның батырмасын,
содан кейін пернелерді босатыңыз. Егер сіз бірнеше көшірме құратын болсаңыз
бұл пернелерді мүлдем жіберіп босатыңыз, өйткені тура сол ерекшеленіп
тұрғандықтан әркез жаңа көшірмені көшірмей-ақ қоюға болады.
Ол үшін қажетті объектіні немесе объектілерді ерекшелеп ТүзетуКөшіру
(РедактированиеСкопировать) командасын орындаңыз, содан кейін
(ТүзетуЖабыстыру) РедактированиеВклеить командасымен көшірмені кішкентай
шегініспен сол орынға кірістіреміз.
Бетте белгіленген ретте бірнеше көшірмелерді кірістіруге болады. Ол
үшін Түзету (Редактирование) мәзірінен бірнеше рет Жабыстыру (Вклеить)
диалогтік терезесі қолданылады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
Қабаттарды қолдану
Графика мен мәтінді біріктіріп орналастыру
Суреттемелерді қосу

Негізгі әдебиеттер 1,3,
Қосымша әдебиеттер9,10,12.

Дәріс: 6. Толықтырулар
Дәрістің мақсаты: PageMaker бағдарламасына тұрғызылған толықтыруларды
студенттерге таныстыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Жолақтарды түсіру
2 Кітапша құру тәртібі
3 Кестелермен жұмыс істеудің қосымша тәсілдері

Дәрістің тезисі: PageMaker бағдарламасына тұрғызылған толықтырулар
оның мүмкіндіктерінің шеңберін мәнді өзгертеді.
Бағдарламадағы орнатылған толықтырулардың тізімін сіз Сервис
мәзірінің Қосымшалар бағынышты мәзірінен табасыз, ол – модульдік тор,
сырғымалы колонтитулдар, жолақтарды түсіру және т.с.с.
Жолақтарды түсіру. Басылымдарды құру олардың беттерін қажетті ретте,
типографияда тираждауға дайын түрде орналастырумен аяқталады.
Бұл толықтыру әрбір парақта түпнұсқаның белгіленген ретпен
орналасатын басылымның көшірмесін құрады. Баспаға шығарылу және одан
кейінгі процестер– бүктеу, кітапшалау және қию орындалған кезде
тізбектелген беттері бар кітап шығатындай етіп беттерді орналастыру
таңдалады.
Беттерді түсіру қосымшасын белсенді еткеннен кейін
СервисТолықтыруларЖолақтарды түсіру (СервисДополненияСпуск полос)
мәзірінің командасымен диалогтік терезе ашылады. Бірінші кезекте Макет
өрісінде түсетін макеттің типін таңдау қажет. Келесі нұсқалар болуы мүмкін:

- 2, 3, және 4 – жолақты буклет – бүкпемен қосылған көп бетті
басылым. Бұл жағдайда шығатын басылымның 2, 3 немесе 4-ші тізбекті
беттерінің әрбір тобы бір баспа бетінде құрастырылады.
- Кітап - әрқайсысына кітапшалау орындалатын басып шығарылған
басылым беттері дәптерге жинақталады.
- Кітапшалау – бұл нұсқаға екі жағынан да басылып шығарылған беттер
жарты-жартыдан бүктеліп және бүктеу сызығынан тігілген беттердің
орналасуы сәйкес келеді. Бұл кезде бірінші бет соңғы бет сияқты
сол басылған бетте орналасады, екінші алдыңғысы соңғысы сияқты сол
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәрістер курсы
Adobe pagemaker бағдарлмасының ерекшелігі
Баспа өнiмдерiн дайындауда қолданылатын программалар
Графиктік редакторлар
WEB беттері және онда қолданбалы программаларды оқытуды ұйымдастыру
Дербес компьютердің ақпараттық қамтамасыздандыруы
Paint растрлық графикалық редакторы
Полиграфиядағы дизайн элективтік курсын оқытудың әдістемелік негіздері
Фреймдер мен пішімдер қолдану (өндірістік тәжірибе бойынша есеп)
Компьютерлік графика жайлы
Пәндер