Қонақ үй қызметтері
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қонақ үйдегі санитария.гигиеналық талаптар.
2. Ғимараттарды тазалауға қолданылатын арнайы материалдар мен механикалар.
3. Қонақ үйдегі ауқымды тазалық жұмысы
4. Қонақ үйге қойылатын тазалық талаптары.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер.

Қонақ үй қызметі, мақсаты және жалпы қонақ үй мәні сол жергілікті санитарлы-гигиеналық, яғни тазалық деңгейінің жоғары болуын талап етеді. Себебі бұл заңды құбылыс.
Тазалық жұмыстары өткізілетін уақытты негізінен қонақ үй басшылығы немесе жергілікті әкімшілік белгілейді. Қонақ үйдің тазалығын сыртқы территорияның құрамына мыналар жатады. Қонақ үй ғимараты орналасқан көшеге тиесілі жаяу жүргінші жолы. Қонақ үй орналасқан көшенің қонақ үй ғимараты мен ауласына тиесілі өткел жолды толық тазалау. Ал егер ол жер қалалық әкімшілік тарапынан механикалық-транспорттың көмегімен тазаланатын болса, жол жағасында орналасқан бағана тастарға дейін тазалау керек. Сыртқы территорияда атқарылатын тазалық жұмысының түрі жыл мезгіліне байланысты.
Қонақ үй адамның қысқа мерзім ішіндегі әрдайым ауысып, келіп-кетіп тұратын мекені, орны. Сондықтан қазіргі заманда қонақ үйдің жайлы болуы, оның таза болуынан басталады. Қай деңгейдегі қонақ үй болмасын, ол әрдайым таза болу керек. Ал оған қарасты территория да таза, жағажайлы болуы тиіс. Ол үшін қонақ үй қызметкерінің бөлмелері де, қызмет орны да және қонақ үйге тиесілі территорияда күнделікті тазалық жұмысын жүргізуі тиіс. Сонымен қонақ үй шаруашылығы тазалық жұмысын қалай атқару керектігін білу өте маңызды.
Қонақ үйде тұрғын номерлерді тазалаудағы басты орынды ағымдағы ауқымды тазалық алады. Күнделікті тазалықты тазалаушы арнайы формада жасайды. «Шахматты лист» негізінде ол бос және бос емес номерлерді анықтап, босай салысымен төсеніштер мен шашықтарды ауыстыруға кіріседі.

1. Гостиничный и туристический бизнес. Издательство «ЭКМОС». Москва 1998 г.
2. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. Москва: Аспект Пресс, 1995г.
3. ГОСТР-50645-94. Туристско-экскурсионное обслуживание. Классификация гостиниц.
4. Колчанов Г.И. Интерьер современных гостиниц. Москва: Строиздат, 1971г.
5. Котлер Ф., Боуэн Д., Мейкенз Д. Маркетинг. Гостеприимство и туризм: Учебник для ВУЗОВ. М: ЮНИТИ, 1998г.
6. Лэзэреску Ч. Постройка отелей7 М: Строиздат 1976г.
7. Ольхова А.П. Гостиницы. М: Стоиздат 1983г.
8. Основа туристской деятельности: Учебник для учащихся туристских лицеев и колледжей. М: Российский международный институт туризма, 1992г.
9. Туризм и гостиничное хозяйство: Учебник / Под редакции Чудновского А.Д. М: Издательство ЭКМОС, 2000г.
10. Уокер Д. Введение в гостеприимство: Учебник / Пер. с англ. М: ЮНИТИ, 1998г
11. Семенов А. Қонақ үй шаруашылығы. М: 1995ж.
12. Ходорков Л.Ф. Мировое гостиничное хозяйство. М: ВКШ по иностранному туризма. 1991г.
13. Азар В.И. Экономика организация туризма М: Профиздат, 1983г.
14. Менеджмент туризма. Учебник / Под редакций проф. В.А. Квартальнова. М: РМАТ, 1996г.
15. Тысяча один совет на все случай жизни: сборник/сост. Бухова Т.С. М: физкультура и спорт 1994г.
16. Румянцев және т.б. Жалпы тазалық. М:1985 ж.

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қонақ үйдегі санитария-гигиеналық талаптар.
2. Ғимараттарды тазалауға қолданылатын арнайы материалдар мен
механикалар.
3. Қонақ үйдегі ауқымды тазалық жұмысы
4. Қонақ үйге қойылатын тазалық талаптары.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер.
Қонақ үйдегі санитария-гигиеналық талаптар.
Қонақ үй қызметі, мақсаты және жалпы қонақ үй мәні сол жергілікті
санитарлы-гигиеналық, яғни тазалық деңгейінің жоғары болуын талап етеді.
Себебі бұл заңды құбылыс.
Тазалық жұмыстары өткізілетін уақытты негізінен қонақ үй басшылығы
немесе жергілікті әкімшілік белгілейді. Қонақ үйдің тазалығын сыртқы
территорияның құрамына мыналар жатады. Қонақ үй ғимараты орналасқан көшеге
тиесілі жаяу жүргінші жолы. Қонақ үй орналасқан көшенің қонақ үй ғимараты
мен ауласына тиесілі өткел жолды толық тазалау. Ал егер ол жер қалалық
әкімшілік тарапынан механикалық-транспорттың көмегімен тазаланатын болса,
жол жағасында орналасқан бағана тастарға дейін тазалау керек. Сыртқы
территорияда атқарылатын тазалық жұмысының түрі жыл мезгіліне байланысты.
Қонақ үй адамның қысқа мерзім ішіндегі әрдайым ауысып, келіп-кетіп
тұратын мекені, орны. Сондықтан қазіргі заманда қонақ үйдің жайлы болуы,
оның таза болуынан басталады. Қай деңгейдегі қонақ үй болмасын, ол әрдайым
таза болу керек. Ал оған қарасты территория да таза, жағажайлы болуы тиіс.
Ол үшін қонақ үй қызметкерінің бөлмелері де, қызмет орны да және қонақ үйге
тиесілі территорияда күнделікті тазалық жұмысын жүргізуі тиіс. Сонымен
қонақ үй шаруашылығы тазалық жұмысын қалай атқару керектігін білу өте
маңызды.
Қонақ үйде тұрғын номерлерді тазалаудағы басты орынды ағымдағы ауқымды
тазалық алады. Күнделікті тазалықты тазалаушы арнайы формада жасайды.
Шахматты лист негізінде ол бос және бос емес номерлерді анықтап, босай
салысымен төсеніштер мен шашықтарды ауыстыруға кіріседі.
Дәретхана жуынатын жерді тазалау реті ең алдымен айнаны шыныдан
жасалған сүрені жуынатын жерге қажетті құралдарды, сабын салғыш тағы басқа
жуынатын жерді, ваннаны, қабырғаны, дәретхананы және еденді тазалауы керек.
Қонақ үйдегі тазалық тексеруі ай сайын қонақ үй тазалық комиссиялары
тарапынан жүргізіледі, ал әр ширек квартал сайын СЭС қызметкерлері
тарапынан жүргізіледі.
Қонақ үй, туристік базалар, кемпингтер және тағы басқа туристік
ұйымдар территориясын күн сайын тазалау қажет. Тазалау уақытында жолдар,
аллеялар сыпырылып, газондардың үстінен төбеден түскен жапырақтарды түсіру
керек. Урнаның ішіне жиналған қорықтарды алып кету қажет.
Рационалды тәулік тәртібі денеге және ауыз қуысына күтімі, жыныстық
гигиена зиянды әдеттерден бас тартуы – жеке гигиенасы болып саналады.
Жеке гигиенаның талабын орындау тек индивидуалды емес, сонымен қатар
әлеуметтік мағынасы да зор.
Территория тазалығы.
Кез келген қонақ үйдегі тазалық оның сыртқы көрінісімен,
тартымдылығымен, тазалығынан басталады. Қонақ үйдің сыртқы көрінісі деп,
бас ғимаратпен, ауладағы жасыл желектің, қосымша құрылыстың, пасаттардың
тазалығымен ретке келтіретін, тиісті белгілермен анықтаманың орнатылуын
ауладағы қызмет көрсетілетін алаңдардағы автокөлік тұрақтарындағы ұстахана
мен қойма сияқты тағы басқа ғимараттардағы тазалықтың сақталуын айтамыз.
Қысқы мезгілде қонақ үй орналасқан магистральді басты жолдағы
қарды күрейді. Көктемде қонақ үй территориясындағы, тратуардағы, көшедегі
қалып кеткен қар мен мұзды тазалап, жол жағасындағы су ағатын арықтарды
тазалап, қонақ үй ауласы және территориясы ретке келтіріледі.
Жазда аула тазаланып, қонақ үй территориясын, тратуарларды, көшені
тазалап, жуып, су сеуіп тұрады. Қоқыстың дер кезінде алынуын қадағалайды.
Су себілгеннен кейін немесе жаңбырдан соң, суды арнайы су жиналатын
құдықтарға айдап, оның бетіндегі темір қақпақтарды тазалап тұрады.
Күзде жаңбыр суы ағатын арықтар жасалынып, күрелетін қарды жинайтын
арнайы орындар дайындалады. Жасыл – желек қонақ үй шаруашылығындағы
атқаратын санитарлы – гигиеналық қызметі ерекше. Олар шаң тозаңның
көтерілуіне қатты шуылдың болуына кедергі келтіреді, ауаны тазартады.
Сондай-ақ қонақ үй ауласына әсемдік сән береді, адам денсаулығына оң әсер
етеді. Қонақ үй территориясындағы жасыл желектің қауіпсіздігі мен күтіміне
қонақ үй басшылығы жауапты. Ауладағы жасыл желектің сәнді көрінуі егілген
ағаш, бұта және гүл түрлері мен әртүрлігімен және дұрыс таңдалуына
байланысты. Қонақ үй территориясы кең болса, қонақ үй ғимаратының алдына 20
метрдей қашықтықта жасыл желек ағаштардың ортасына демалыс алаңдарын
орнатады. Соңғы уақытта қонақ үй маңын көк шалғынмен көркемдеу әдетке
айналды.
Вистебюль
Вистебюль тазалығы өте күрделі жұмыс. Себебі вистебюль арқылы күндіз-
түні қонақ үй кіріп шыққан адамдар жүреді. Вистебюль тазалығын тазалаушылар
немесе жуушылар атқарады. Олар түнгі және күндізгі уақытта жұмыс істейді.
Күндізгі уақытта күл салғыштағы қоқыс тазалығы, жиһаздағы шаң сүртіледі,
шаң сорғышпен еденді, еденге төселген кілемдерді, жұмсақ жиһазды тазалайды.
Егер еден мрамор сияқты қымбат тастардан (гранит, мәрмәр) төселсе, оны жылы
сумен, сабын ұнтағын араластырып жуып, сосын еденді құрғатып, сүртіп
шығады.
Нөмерлерді, бөлмелерді тазалау
Қонақ үй тазалауда нөмерлерді күнделікті тазалау жұмысы ерекше орын
алады. Күнделікті тазалық жұмыстарын жүргізетін тазалаушылар арнайы киімін
киіп, тазалауы керек. Алдымен олар сияқты (шахматный лист) тізім арқылы,
бос брондалған бөлмелермен орындарды, сол күннің ішінде босатылатын,
нөмерлерді анықтайды. Сосын босағаннан кейін ол бөлмедегі төсек төсеніштері
мен сүлгіні ауыстырады.
Ауқымды тазалық жұмысы
Нөмерді ауқымды тазалау әрдайым белгіленген реттік бойынша іске
асады. Ауқымды тазалық жұмысына қабырғадағы шаңды тазарту, ауа тазартқыш
қақпаларды тазарту, кілем және басқа едендегі төсенішті шаңсорғышпен
тазалау, төсек пен жастық матрасты тазалап жаңарту, есік терезелерді сүрту,
қабырғаны, еденді жуу және номерлердегі жиһаздарды тазалау жатады.
Бұл негіздер күндік жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуына қажетті. Жұмысты
бос немесе бронь жасалған номерлерден бастау керек, себебі қонақ кез келген
уақытта келіп қалуы мүмкін. Қонақ келгенге дейін номерлерді тазалап,
дайындап қою керек. Егер номерлер кешкі немесе түнгі мерзімге тазаланған
болса, таңертең тазалаушы тазалықтың сапасын тексертіп, шаңдарды сүртіп,
әжетханадағы қажетті заттарды түгендеп шығады.
Тұрғын номерлерді тазалауда белгілі бір уақытты пайдалана отырып,
немесе қонақтың рұқсатымен ғана тазалайды. Номерде қонақ жоқ болған
жағдайда тазалаушы номер есігін ішінен жауып алуға болмайды. Көптеген қонақ
үйлерде номерлерді тазалауда есіктері жартылай ашық қалдырылады. Номерді
тазалау негізінен ауасын тазартудан басталады. Егер қонақ шығардан алдын
чемоданын ашық қалдырып және киімдерін диван үстінде немесе стол үстінде
қалдырған болса, оларды жинап чемоданға салудың қажеті жоқ, себебі оларды
тек тұрғын адам ғана істеуі мүмкін. Қонақ үй тұрғынының жеке киімдері
арнайы кір жуатын бөлімдерде жуылады, оларды тазалаушы номерлерде жууға
болмайды. Тазалық кезінде столдар мен диван , кресло, яғни жиһаздардың
орнын ауыстырып қоюға болмайды.
Қонақ үй тұрғыны кетерден алдын нөмерді тазалаушыға тапсыруға, ал
тазалаушы қабылдап алуы қажет. Қабылдай ала отырып тазалаушы төсек орнын
ақтарып, ұмыт қалдырылған заттары болса тез мезетте әкімшілікке хабарлау
керек. Осы мақсатта шкафтың суырмаларын ашып қалып кеткен заттар болса,
қонақ қонақ үйден шығып кетпес бұрын беріледі.
Қонақ үйдің номерлеріндегі заттардың бүтін және түгел екендігіне көз
жеткізген тазалаушы жоғарыда көрсетілгендей тазалау жұмысын бастайды.
Дәретхана жуынатын жерді тазалау
Дәретханадағы жуынатын жерді тазалауды бастамастан бұрын жұмысшы
үстіне резиналық алжапқышпен қолғап киіп алуы керек және дезинфекциялайтын
құралдарды қолдану қажет.
Жуынатын душты тазалау
Душтағы ағаш еденді, қабырғаларын сабын сумен жуып, сосын хлор
араласқан суды дезинфекциялау мақсатында қоладанады. Оны дайындау жолы 1 кг
хлор ұнтағын 10 литрлік шелекке салып, оған 10 литр салқын су құяды. Сосын
оны араластырып, хлор толық еріп су түссізденгенше 1 күн уақытқа тұндырып
қояды. Сосын оны ауызы жабылатын шыны шөлмекке құйып, шөлмектің сыртына
қоспаның жасалған күні жазылған қағаз жапсырылады. Себебі қоспаның сақтау
мерзімі 3 күн. Тазалау кезінде 10 литр суға 0,5 литрін қосып, 0,5 хлор
ерітіндісі бар қоспа пайда болады.
Холл және корридорлар
Қонақ үй холдарын тазалауда жұмсақ жиһаз бен кілемнің шаңын тазалап
терезенің алдын радиатрларды сүртеді. Қабырғаға ілінген әртүрлі суреттерді
зиянын келтірместен мұқият тазалау керек. Едендерге төселген кілемдерді
шаңсорғышпен тазалап жинағанда пүктемеу керек. Түгі бұзылмас үшін
кілемдерді дөңгелектеп орайды. Қабырғадағы қызмет бөлмелері әр қабатта
тазалаушылардың еден жуушылардың арнайы қызмет бөлмелері болады. Ол жерде
қонақ үй қызметкерлері демалып, өздерінің артықша киімдерін сақтайды.
Тазалаушылардың бөлмелерінде үтіктейтін тақта болуы керек. Себебі кейде
жұмыс барысында төсеніш заттарды, сүлгіні үтіктеп тұруға келеді.
Тазалаушылардың бөлмелерінде, номерлерден шыққан кір заттарды сақтайтын
арнайы жер болады. Кір заттарды сол жерден жуылатын жерге алып кетеді.
Егер қонақ үйдегі тұрғындар инфекциялық ауруға шалдығатын болса,
тұрғындардың номерін қалалық санитарлы эпидемиялогиялық станция
қызметкерлері дезинфекциялайды. Сонымен қатар көрпе, жастық сияқты төсеніш
заттарды арнаулы тазалауға алып кетеді. Номерде толық дезинфекциялық
жұмыстар жүргізгеннен кейін тазалаушы келіп, номерді тазалайды. Қонақ үй
қызметкерлері қонақ үй ғимараттарында жәндік, тышқан сияқты кеміруші
жандардың бөлмелерін қадағалайды. Жәндік немесе кемірушілер пайда болған
жағдайда тазалаушылар қабат меңгерушілеріне хабар беріп, олар қалалық СЭС
қызметкерлерін шақырады. СЭС қызметкерлері дезинфекция жұмыстарын
жүргізеді. Қонақ үйдегі дератизация жұмыстарын белгілі бір уақытта
жүргізгені дұрыс. Кемірушілермен күрестің бірнеше тәсілдері бар.
Бірінші химиялық, яғни уландырғыш газ сияқты заттарды қолдану;
Екінші механикалық, арнайы ау немесе кемірушілерді ұстайтын
қақпандарды қолдану;
Үшінші биологиялық, яғни кемірушілерге қарсы табиғи жолмен күресу
(ит, мысық, құсты қолдану) және арнайы кемірушілерді жоятын, бірақ адам
және үй жануарларына зарарын тигізбейтін микробтарды қолдану. Қонақ үй
қызметкерлері шыбын, маса, сона сияқты жәндіктермен күрес жүргізгенде ғана
өз күштеріне сенуге болады. Қалған жағдайларда мамандарды шақыру керек.
Ғимараттарды тазалауға қолданылатын арнайы материалдар мен
механикалар.
Тазалаудың күрделі жұмыстарын жеңілдететін арнайы химиялық заттар,
механизмдер және арнайы техникалық құралдар бар. Әр қабатта арнайы төсеніш
заттарын таситын арба бар. Онымен таза заттарды алып келіп, таратып, кір
төсеніштерді алып кетеді. Ондай арбаға 15-20 төсеніш заттары мен сүлгі
бумасы яғни комплект сияды.
Ғимаратты тазалауға ең қажетті зат, ол шаңсорғышпен жұмыс істейтін
қызметкерлер техника қауіпсіздігін білуі қажет. Тазалық соңында сорғышты
тазалап келесі күнге дайындап қойған дұрыс. Сондай-ақ жалпы ғимраттағы шаң
тозаңды тазалау үшін, орталықтандырған шаңсорғыш жүйесі қолданылады.
Қонақ үйдің тазалығын қадағалау және қызметкерлердің жеке гигиенасы
Тексеру барысында жалпы ғимараттардың жиһаз, төсек орны, кілем және
тағы басқа тазалығы, жуынатын жерімен дәретхананың тазалығы,
дезинфекцияланғандығы тексеріледі. Сонымен қатар қонақ үй қызметіне де
тазалық талаптары қойылады. Олар кемінде жылына 1 рет дәрігерлік тексеруден
өтіп тұруы керек. Олардың көпшілігі адамдармен жұмыс істегендіктен өте
таза, тартымды таралған болуы керек. Әйелдердің сән үлгісі жұмыс істеуге
ыңғайлы болғаны жөн.
Қонақ үйге қойылатын тазалық талаптары.
Турист қонақ үйде күндік уақытын көбінесе пәтерде өткізуі мүмкін. Сол
үшін номерге жақсы жағдай жасау ең қажетті мәселе. Жағдайы жоқ үйдің адам
организміне қолайсыз жағдай алып келеді. Сол үшін қонақ үйдегі бөлмеге
мынадай талаптар қойылады.
1. Адамның физиологиялық қажеттіліктерімен қанағат жасау (тыныш ұйқы).
Жеке тазалық, тамақтану, дене шынықтыру.
2. Мәдени қызмет және қарым-қатынас (демалу, көңіл көтеру, таныстар мен
жақын достар қарым-қатынасы).
3. Балдар оқыту және тәрбиелеу (жанұялық және көпшілік).
4. Үй шаруашылығын жүргізу (тамақ дайындау, үй жинау, кір жуу және тағы
басқа).
5. Профессионалдық қызметті, өзін-өзі оқытуды, қызығушылық істерін жүзеге
асыру.
Кең, жылы, құрғақ жиһазды дұрыс қойылған бөлмелер жеткілікті жарық
жүргізілген және шудан сақталған бөлмелер қолайлы жағдай жасайды.
Керісінше – ылғал, жарық нашар түссе, артық шу, бөлменің іші дұрыс
қойылмау адамның көңілкүйіне әсер етеді.
Номерде адамның тым артық көбеюі ауаның химиялық құрамы нашарлап,
ылғалдық көтеріліп, сасық заттар жиналады (адамның денесінен, киімінен
бөлінетін органикалық қышқылдар). Мұндай ауа орталық нерв жүйесі арқылы
демалу ритміне әсерін тигізіп әлсіретеді. Адамның қатты ыстық бөлмеде көп
болуы, бас ауруы, тәбеті бұзылады. Табиғи жарық және ультракүлгін сәулелер
бөлмелерде жетіспесе нерв жүйесі бұзылады. Организмнің қорғалу күштері
нашарлайды. Номерге шудың әсері тисе көңіл күйі бұзылады. Бас ауруды,
шаршағыштықты, наразылықты қоздырады.
Номерлердің микроклиматы температурадан, ылғалдықтан, ауа қысымынан
тұрады. Бөлмедегі микроклимат факторлары организмге үлкен әсер береді.
Физикалық дамуға, денсаулық нығаюына дұрыс мүмкіндік туғызады. Адам өзін
номерде жақсы сезіну үшін жылулық комфорт болуы керек. Жылуды бір қалыпты
нормаға сай ұстау керек.
Жылу орталық және жергілікті болады. Біріншісі жергілікті жылытуда
жану өнімдері ауаға толығымен шығу керек. Жылу ауаны түтінмен, улы
газдармен былғамау керек. Бөлменің температурасы 18-20°С болуы керек.
Орталық және жергілікті жылытуда мынандай талаптар қажет етеді.
1. Кательнидегі жұмысшыларға арнайы бөлмелер жасау (душ, гордиробный,
әжетхана, ішетін су, аптечка).
2. Жанармай сақтау орны жан-жағы бетондалған, асфальттанған болуы керек.
3. Номердегі жарық дуалдан, төбеден, ауналадағы беті кең заттардан,
жайылған сәулелерден пайда болады. Бұл жарық және бір тегіс жайылады.
Жарық жеткіліксіз болса, көз тез шаршайды. Жұмыс қабілеттілігі
төмендейді. Жарық түсуі терезенің орналасуына байланысты.
Номерлерде табиғи жарыққа жасанды жарық қосады. Жалпы жарық 3 түрлі
шыраққа бөлінеді.
1. Тура жарық шырағы. Төменге 90% сәулелерді жібереді.
Көлеңкелері көп болады. Бұл шырақтың түрі көпшілік орындарға
қолайсыз.
2. Шағылысқан сәулелер шырағы 90%-н төбеге жіберіледі. Сәулелері
төбеге, дуалға жайылып, төменге жарықты бір тегіс түсіреді.
Көзге өте жағымды.
3. Біркелкі жайылған сәулелер жарығы. Жан-жаққа сәулесін бір
тегіс жібереді. Домалақ ашық түсті шырақ. Ғимараттарда
қолданылады.
Тамақтанудың гигиеналық негіздері және талаптары.
Тамақтану гигиенасы азықтың сапасын және адамның тамақтанудағы
мағынасын зерттейді. Сондай-ақ халықтың денсаулығын жақсарту және сақтауға
бағытталған тамақтанудың рационалдық тәртіптерін жете зерттейді.
Тамақтану гигиена саласында санитарлық қадағалау, ескерту және
күнделікті санитарлық қадағалау іс-әрекеттерін жүзеге асырады: тамақтану
кәсіпорындарының соғылуына және нұсқауларына белгіленген гигиеналық
талаптарды ұстануда бақылау, құрал-жабдықтарды бақылау және де тамақ
өнімдерінің жаңа түрлерінің технологиялық өңдеуін бақылау.
Санитарлық бақылау тамақтану өнімдерін іске асырудағы,
тасымалдаудағы, сақтаудағы, өндірудегі санитарлы – гигиеналық талаптардың
нормаларын әртүрлі формада бақылау, өндіріс орындарының санитарлық жағдайын
жұмысшылардың жеке гигиенасын ұстануын және де олардың әрдайым медициналық
тексеруден өтіп тұруын қамтиды.
Тамақтану гигиенасы денсаулық көрсеткіштерімен аурулардың байланысын
оқиды, алиментарлық аурулардың профилактикасымен және зерттеу жұмыстарымен
айналысады. Тамақтану гигиенасы мағынасы өте кең жұмыстары – азықтағы
таксиндік қосындылардан уланбауды ескерту шаралары.
Алиментарлық дистрафия – ол ұзақ уақыт жеткіліксіз тамақтануы жалпы
ағзаның әлсіреуінен және бұзылуынан пайда болатын ауру. Рациондағы
белоктардың жетіспеушілігінен пайда болатын ауру немесе ауыр еңбекпен
инфекциялық аурудан, эмоционалдық стрестен.
Адам ағзасының өмір қызметі энергияның үздіксіз жұмсалуы. Энергия
жұмсалуы демалыспен еңбекті қамтиды. Энергия жұмсалғаннан кейін бұрынғы
қалпына қайта келтіруді талап етеді. Ағза қажетті энергияны – көмірсудан,
майдан, ақуыздан алады.
Энергияның негізгі көзі көмірсутегі 70-75% қажетті энергияны береді.
Ал ақуыз бен майлар 25-30%.
Тамақтанудағы тәулік рационды құрғанда – тамақты әртүрлі түрде тамақ
қабылдауы ағзаны толық қамтамасыз еткені.
Дайындалған рацион керекті калориямен ие болу және ауыстырылып дәм
талаптарын қанағаттандыру керек. Тамақтандыру кәсіпорынның бөлмелері
санитарлы- гигиеналық, өртке қарсы және технологиялық талаптарды,
қауіпсіздікпен комфорттық жағдайды температура мен ауа ылғалдылығын
қанағаттандыру керек.
Асханада жағымсыз иістерді болдырмау және әжетхана соқтырмау қажет.
Тағамға қолданылатын азықтың сертификаты болады. Сертификат зиянды
заттардан микробиологиялық кірленуінің жоқтығын көрсетеді. Ал сертификат
жоқ болған жағдайда азықты лабораториялық анализден өткізеді.
Асбасшылар мен даяшыларды конкурстық негізде жұмысқа алады. Бес жылда
1 рет аттестациядан өтеді. Үш жылда кемінде 1 рет арнайы жоспар мен
квалификациясын көтереді.
Формалық киімдері жиі-жиі жуылуды және тазалауды қажет етеді. Ал
керекті жағдайда ремонтқа беріледі. Формалық киімдерді тіккенге санитарлы –
гигиеналық талаптарға сай маталарды қолданады.
Барлық тамақтандыру кәсіпорындарының бөлмелері мына топтардан тұрады:
- өндіріс;
- сауда;
- қойма;
- техникалық.
Гигиеналық дегеніміз – адам организміне қоршаған орта факторларының
әсер тигізуін зерттейтін ғылым.
Адам денсаулығын сақтауға кепілдеме және норматив негізін дамытатын
ғылым. Гигиена комуналдық тамақтандыру, еңбек, балалар және жас өспірім
болып бөлінеді.
Комуналдық гигиена қонақ үйлерде санитарлық талаптарға сай тазалық
ұйымдастыру. Тамақтану гигиенасы тамақтың сапасын және адам өміріндегі
тамақтанудың мағынасын зерттейтін, денсаулықты сақтайтын және жақсартатын
гигиенаның сапасы.
Еңбек гигиенасы өндірісте адамның жұмысқа қабілеттілігін көтеретін
шара. Өндірісте кәсіптік ауруларды ескертеді.
Балалар және жас-өспірімдер гигиенасы өсіп жатқан организмге, қоршаған
орта және оқу процесінің әсерін зерттейтін гигиенасының бөлімі. Гигиенада
түрлі зерттеу методтары қолданылады.
Санитарлық сипаттама физиологиялық, статистикалық тағы басқа
сипаттамалар.
Санитария дегеніміз – адам өміріне гигиеналық талаптарды практикалық
түрде жүзеге асыруы, гигиеналық талаптарды практикаға енгізді. Әртүрлі
талаптарда жүзеге асырады. Гигиеналық заңдарға және эпидемологиялық шаралар
жүргізілді.
Санитария латынша sanitarios - денсаулық сақтауға мүмкіндік беру
деген мағынаны білдіреді. Sanitos – денсаулық.
Практикалық шаралардың жиынтығы тамақтану, еңбек және күнделікті
өмірдің гигиеналық жағдайға бағытталғаны.
Ауа және климат гигиенасы.
Қоршаған орта деп – табиғат және антропогендік объектілер мен
құбылыстар арасындағы жалпы система. Қоршаған ортада адам тұрмысы, демалуы
және еңбегі өтіп жатады. Қоршаған орта түсінігіне әлеуметтік табиғи және
жасанды жасалған физикалық факторлары жатады. Ауа, су, топырақ, тағам
өнімдерінің құрамына кіретін химиялық элементтері немесе қосындылар. Табиғи
жаратылыстары химиялық зат кислород, водород, микро, макроэлементтері
биологиялық қажеттілігі болып саналады. Химиялық заттар биосферада өзгерсе
ауа, су топырақ, өсімдіктер құрамы және адам оргнизмі де өзгереді. Ауа
қысымы және ылғалдылығы температура атмосфералық қысым, күн радиациясы
физикалық факторларға жатады. Физикалық фактор адам фотогендік
микроорганизмдер, грибоктар.
Биологиялық фактор жұқпалы аурулар мен аллергиялық тамақтың улануы мен
және тағы бақа негізгі себептері болады.
Гигиеналық нормаларды өңдегенде организмнен қоршаған орта
арақатынасының заңдылығын зерттейді. Адамға табиғи фактордың әерінен
негативтік және жағымды шектерін анықтайды.
Қоршаған орта факторының гигиеналық нормалау мен орта адам деп қарым-
қатынастың адам ауруларының алдын-ала профилактика жасау негізделеді.
Пляж және туристік объектілердің территориядағы гигиенасы
Жаздыгүні орталық аллеялар, жолдар сумен жуылады, қыста қардан, мұздан
тазаланып құм себіледі. Негізгі территориялық уборканы туристер ұйқыдан
тұрғанша азанғы уақытта тазаланады.
Территория жинауда кіші механикалық құралдары және жинау механикалары
қолданылады (арбалар, шөп қырққыш, өзі жабылатын сабақтар және тағы басқа)
жинау құралдары арнайы бөлмелерде сақталады.
Негізгі жинау территорияда кемінде (гинеральная уборка) жылына екі рет
өткізіледі. (көктем, күз мезгілдерінде). Қоқырсық көп жатып қалған
жерлерді, шыбын үймелеген жерлерді тазалау қажет. Көктем уақытында қыстан
қалған қоқырсықтарды тазалайды. Негізгі жинаумен қатар (ай сайын) таңдау
бойынша 2-3 %-дық хлорофоз ерітіндісімен тазаланады. Бұл жұмысты туристік
мекеменің басқарушысы және райондық профилактикалық дезинфекция бөлімімен
келісім жүргізіледі.
Жыл сайын туристік мекемелерге территорияны көгерту жұмыстары
жүргізіледі (тал егу, бұталы өсімдіктер және гүлдер егу). Территориядағы
өсімдіктерді суғарғанда судың нормасын есепке алған жөн. Бір суғарғанда
(ағаштарды – 4 литр\м2 құрайды, ал газон мен гүлдерді суғарғанда 4-6
литр\м2 құрайды). Тратуар мен жолдарды жуғанда судың нормасы 0,4-0,5
литр\м2 (егерде шлангамен болса) механикалық суғарғанда 0,3-0,4 литр\м2.
- шомылатын жерлер және пляждар мынадай талаптарға жауап береді:
порттық ғимараттар және кемежай аймағынан (причаль) 500метр ары
орналасады;
- жағалаулар былшық болмауы керек. Жаңбырдан кейін жер тез кебуі
керек. Жағалалаулар құмды, шөпті болған жөн;
- пляждарды лай және тұнбалы жерлерде орналастыруға болмайды;
- жақын жерлерде су құбырларынан шыққан қалдық су жиыны болмау
керек;
- пляж территориясы арқылы жолдар жүргізуге және көліктер
кіргізуге рұқсат етілмейді;
- пляж территориялары шұңқырсыз, тегіс, таза болуы қажет.
Судың тереңдігі мынадай болуы керек.
а) Балалар үшін тереңдігі мынадай болуы керек – 70 см-ден 1,3 метрге
дейін.
ә) Жүзе алмайтындарға 1,5 метрден артық емес.
б) Жүзе алатындарға 1,5 метрден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz