Қылмыстық процесс қатысушылары ұғымы



I. Кіріспе
Қылмыстық процесс қатысушылары ұғымы.

II. Негізгі бөлім
Қылмыстық процесске қатысушы тұлғалар мен мемлекеттік органдар ұғымы, олардың іс жүргізу дәрежесі.
Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процесске қатысушылар.
Қылмыстық процесске қатысушы өзге де адамдар.

III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қылмыстық процеске қатысушылар - бұл мемлекеттік органдар және құқықтары мен міндеттерін заң жүзінде белгілеп алған қылмыстық іс жүргізу қызметін жүзеге асыратын және басқа органдармен, сот өндірісіне қатысушылармен құқықтық қатынасқа түсетін тұлғалар. Ғылыми әдебиеттерде қолданылатын «қылмыстық процесс субъектісі» деген термин ҚР ҚІЖК-інде қолданылған «процеске қатысушы» немесе «процесс жағы» деген терминдермен сәйкес келеді. «Субъект» сөзі латынша — белгілі бір нәрсені өндіруге қатысушы дегенді білдіреді.
Процеске қатысушылар классификациясының негізі олардың қорғалатын мүддесінің ерекшелігіне, сипатына, құқық көлеміне және рөліне қарай бөлінуі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі субъектілердің 3-тобын ажыратады:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, сот құрамы, сот төрағасы, прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы мен анықтаушы (жауап алушы).
2) Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар:
— күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші; жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер;
— жасы кәмелетке толмаған айыпталушының, жәбірленушінің өкілдері, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері;
—азаматтық жауапкердің өкілдері.
1. ҚР. Конституциясы
1995 жыл 30 тамыз
2. ҚР. Қылмыстық іс жүргізу Кодексі
1997 жыл 13 желтоқсан
3. ҚР. Қылмыстық Кодексі
4. Б.Қ.Төлеубекова «ҚР. Қылмыстық іс жүргізу құқығы».
Алматы 2000 жыл.
5. Ү.Нұрмашев «ҚР. Қылмыстық іс жүргізу құқығы». Алматы 2008 жыл.
6. Р.К.Якубов «Уголовный процесс». Учебник для ВУЗов. Москва -1998 г.
7. ҚР. Заңы «Қылмыстық процесске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы». 5 шілде 2000 жыл.
8. Б.Қ.Төлеубекова, Қ.Ж.Қарсәләмов, Б.Қ.Шынорбаева, Д.Қ.Бекішев «ҚР. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ». Ерекше бөлім. Сотқа дейінгі сатылар. Алматы «ҚазГЗУ» - 2002 жыл.
9. П.А.Лупинский «Уголовный процесс» Москва «Юристь» - 1995 г.
10. А.С.Кобликов «Учебник Уголовного процесса» Москва 1995 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Қылмыстық процесс қатысушылары ұғымы.

Негізгі бөлім
Қылмыстық процесске қатысушы тұлғалар мен мемлекеттік органдар ұғымы, олардың іс жүргізу дәрежесі.
Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процесске қатысушылар.
Қылмыстық процесске қатысушы өзге де адамдар.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Қылмыстық процесс қатысушылары ұғымы.
Қылмыстық процеске қатысушылар - бұл мемлекеттік органдар және құқықтары мен міндеттерін заң жүзінде белгілеп алған қылмыстық іс жүргізу қызметін жүзеге асыратын және басқа органдармен, сот өндірісіне қатысушылармен құқықтық қатынасқа түсетін тұлғалар. Ғылыми әдебиеттерде қолданылатын қылмыстық процесс субъектісі деген термин ҚР ҚІЖК-інде қолданылған процеске қатысушы немесе процесс жағы деген терминдермен сәйкес келеді. Субъект сөзі латынша —белгілі бір нәрсені өндіруге қатысушы дегенді білдіреді.
Процеске қатысушылар классификациясының негізі олардың қорғалатын мүддесінің ерекшелігіне, сипатына, құқық көлеміне және рөліне қарай бөлінуі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі субъектілердің 3-тобын ажыратады:
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, сот құрамы, сот төрағасы, прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы мен анықтаушы (жауап алушы).
Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар:
күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші; жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер;
жасы кәмелетке толмаған айыпталушының, жәбірленушінің өкілдері, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері;
—азаматтық жауапкердің өкілдері.
Қылмыстық процеске қатысушылардың іс жүргізу құқықтары мен заңды міндеттері:
заңмен қорғалатын өзі білдіріп немесе қорғап отырған жеке мүддесін қылмыстық істе жақтау;
қылмыстық-іс жүргізу қызметіне қатысуға мүмкіндік беретін іс жүргізу құқықтары жүзеге асыру және істің нәтижесіне ықпал ету;
процесс субъектілері мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалардың ерекше актілері ісіне қатысуға жіберіледі немесе тартылады.
3) Қылмыстық процесс міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға процесс барысында жәрдемдесуге қатысатын басқа да тұлғалар (куәгер, эксперт, маман, аудармашы, куә, айғақ адам, хатшы, т.б.).

2.1. Қылмыстық процеске қатысушы тұлғалар мен мемлекеттік органдар ұғымы, олардың іс жүргізу дәрежесі

Сот қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыратын заңды, тәуелсіз, білікті, бейтарап сот билігі органы болып табылады (ҚР ҚІЖК 57-61-баптар).
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық істер бойынша сот әділдігін мыналар жүзеге асырады: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, облыстық және оларға тең соттар, аудандық, қалалық және оларға тең соттар; әскери, әкімшілік және экономикалық соттар. Бірқатар қылмыстық істерді судья жеке қарастырады, өлім жазасы айыбына тағайындалу қаупі төніп тұрған кінәліні айыптау ісі құрамы үш соттан тұратын немесе ант берген заседательдердің қатысуымен болатын соттың бірінші сатыда іс жүргізуі негізінде жүзеге асырылады.
Бірінші сатыдағы соттар ретінде аудандық және оған теңестірілген сот іс жүргізеді. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер аудандық және оған тең соттың соттауына жатады.
Заңда көрсетілген мазмұнға сәйкес, сот —бұл жеке судья, соттың құрамы үш судьядан тұрады немесе ҚР ҚІЖК-інің 544-бабына сәйкес (2007 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген ҚР ҚІЖК 13-бөліміне сәйкес) сот құрамында 2 судья және 9 алқаби болады.
Сот —бұл сот билігіне ие бір ғана мемлекеттік орган. Ол мемлекет атынан қылмыстық істер бойынша үкім шығару ерекше құқығына ие. Сот өз қызметі арқылы мынадай тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді:
нақты істердің соттылыққа жататындығын анықтау;
нақты істерді қарау үшін сот құрамын қалыптастыру;
соттардың қарсылық білдіруі;
істі шешу қызметінен айыптау және қорғау қызметін ажырату.
Өз қызметінде сот анықтау органдары мен алдын ала тергеу органдарының қорытындысына, прокурор пікіріне және жоғары тұрған сот инстанцияларының қорытындысына байланысты (тәуелді) болмайды. Сот бірінші сатыдағы сот ретінде, апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот ретінде әрекет ете алады. Ол әрқашан ешкімге тәуелді болмай-ақ, өзінің ішкі сеніміне сүйене отырып, дәлелдемелерді сараптайды, жеке өз алдына барлық мәселелерді шешу арқылы қылмыстық процесте басқарушы, билік етуші дәрежеге ие бола алады.
Ескерте кету керек, тек сот қана азаматтың конституциялық құқығын шектей алады.
Сондықтан сотқа мынадай шешімдерді қабылдауға құқық берілген:
тұлғаны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп айыптауға және оған жаза тағайындауға құқылы;
тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату туралы;
жазасын өтеуді кейінге қалдыру туралы;
төменгі соттардың қабылдаған шешімін өзгерту немесе жою туралы;
тұлғаға медициналық сипаттағы немесе тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;
қамауға алу, үйде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын таңдау туралы;
қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы;
алдын ала қамауға отырған уақытты есепке алу туралы;
қамауға алынбаған күдіктінің, айыпталушының үй-жайы туралы, яғни сот-медициналық немесе сот-психиатриялық экспертизаға сәйкес өндіруге арналған медициналық және психиатриялық стационар туралы;
іс болған орынды және үй-жайды қарау туралы (ҚР К]ЖК 359-бабы).
Зиянды қайтаруды қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы;
Сотталушының құрметті, әскери, арнаулы немесе басқа да атақтарынан, кластық шенінен, мемлекеттік мақтауларынан айыру туралы шешім қабылдау;
Мәжбүрлеп емдеуді қолдану туралы;
Шартты түрде соттауды сақтау немесе алып тастау туралы;
Анықтау, тергеу немесе сот органдарына келу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін сот депозитіне аударылған күдіктінің, айыпталушының кепілдемесін қайтару немесе қайтармау туралы.
Сот әділдігі судьяның жеке дара әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Ол құрамы үш алқабиден тұратын немесе екі судьядан және 9 алқабиден тұратын сот арқылы шешіледі (ҚР ҚІЖК 58, 544-баптар).
Сот шешімін өзгерту немесе алып тастау тек бірінші сатыдағы апелляциялық және қадағалау соттарының қарсы наразы болуы немесе шағымдануы тәртібіне сәйкес мүмкін бола алады.
Алқабилер (ант берген заседательдер) —КР ҚІЖК-інде белгіленген тәртіпке сәйкес қылмыстық істі қарауда қатысуға шақырылған және ант берген Қазақстан Республикасының азаматы (2006 жылдың 16 ақпанындағы Алқабилер туралы Қазақстан Республикасының Заңы).
Алқабилердің өкілеттілігі мен оның тәуелсіздігіне кепілдігі ҚР ҚІЖК-нің 13-тарауында айқындалған.
Алқабилердің құқықтары: (ҚР ҚІЖК 559-бап):
өзінің ішкі нанымы бойынша істің мән-жайын өз бетінше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға;
процеске қатысушыларға төрағалық етуші арқылы сұрақтар қоюға;
заттай дәлелдемелерді, құжаттарды тексеріп қарауға, жерді және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуіндегі барлық басқа да іс-әрекеттерге қатысуға; сот отырысында жария етілген құжаттардың мазмұнын және іске қатысты мәселелерді түсіндіруді сұрап өтініш жасауға;
сот отырысы кезінде жазбалар жасауға құқылы.
Сотта алқабилердің міндеттерін жүзеге асыру кезінде заңмен белгіленген соттардың тәуелсіздік кепілдігі таратылады.
Прокурор —анықтау, тергеу органдарының қылмыстық істі қарастыру заңдылығын және сот шешімінің заңдылығын, қылмыстық процестің барлық кезеңдеріндегі қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау сияқты өз біліктілігі шегінде қызмет ететін мемлекеттің уәкілетті лауазымды тұлғасы.
Өзінің іс жүргізу уәкілеттілігін атқару барысында прокурор тәуелсіз және тек заңға ғана бағынады (ҚР ҚІЖК 62-бап).
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес прокурордың (ҚР ҚІЖК 190, 192, 197, 198, 289, 317, 396, 457, 458, 460-баптары) сотқа дейінгі өндіріс кезеңінде және сот талқылауы кезінде заңды күші бар (құқылы):
қылмыс туралы хабарлауға рұқсат беру және тіркеу, қабылдау барысындағы заң талаптарының орындалуын тексеру;
ҚР ҚІЖК белгіленген тәртіпке сәйкес қылмыстық істі қозғау, істі тергеуді анықтаушыға, тергеушіге, төменгі прокурорға тапсыру немесе оны өзінің өндірісіне қабылдау;
Алдын ала тергеу өндірісіне қатысу және қажетті жағдайларда жеке өзі бөлек тергеу әрекеттерін жүргізу;
Анықтаушыға, тергеушіге қылмыстық істі қозғау үшін келісімін беру;
Анықтаушыға, тергеушіге сот алдында бұлтартпау шараларын өзгерту немесе алып тастау, таңдау туралы өтініш-ұсыныс жасау келісімін беру немесе сот шешімін негізінде рұқсат етілген өзге іс жүргізу әрекетін жүзеге асыру туралы өтінішіне келісім беру;
Төменгі прокурордың, тергеушінің, анықтаушының қарсылық білдіруіне рұқсат ету;
тергеушіні, анықтаушының тергеу ісін одан әрі жалғастыру қызметінен шеттету, егер олардың алдын ала тергеу ісінде ҚР ҚІЖК талаптары бұзылса;
анықтау органынан кез келген қылмыстық істі алып тастау және оны тергеушіге тапсыру, бір тергеушіден алып екінші тергеушіге қылмыстық істі тапсыру;
алдын ала тергеу органынан қылмыстық істі алып, келесі органға істің тәртібі мен ретін сақтай отырып тапсыру;
төменгі прокурордың, тергеушінін, анықтаушынын заңсыз және негізсіз қаулысын алып тастау, жоққа шығару;
анықтау органына тергеу ісі өндірісін тапсыру, сондай-ақ оған жедел іздестіру шараларын жүргізу туралы нұсқау беру;
тергеушінің, анықтаушының қылмыстық іс бойынша өндірістің тоқтатылуы туралы қаулысын бекіту;
айыптау қорытындысы мен айыптау актісін бекіту және қылмыстық істі сотқа жіберу;
қосымша тергеу өндірісі туралы өзінің нұсқаулары арқылы анықтаушыға, тергеушіге қылмыстық істі қайтару;
қылмыстық іс жөніндегі өндірісті тоқтату;
ҚР ҚІЖК-де қарастырылған басқа да уәкілеттіліктерді жүзеге асыру;
Қылмыстық істі қозғау немесе бұл істі қозғаудан бас тарту;
Қылмыстық істің тергеуде болу жағдайын анықтау;
Сот кезеңінде прокурор қылмыстық істі қарастыру кезіндегі айыптауды ұстайды.
Тергеу бөлімінің бастығы —ішкі істер органындағы тергеу бөлімшелерінің бастығы, ҰҚК және қаржы полициясы (ҚР ҚІЖК 63-бабы). Тергеу бөлімі бастығының іс жүргізу қызметі тергеушінің қызметімен бірдей десе де болады. Бірақ олар бір-бірінен қызметі мен дәрежесіне қарай ажыратылады, тергеушіге қарағанда бастықтың дәрежесі жоғары және ол мынадай уәкілеттілікке ие:
—тергеу өндірісін тергеушіге тапсырады; қылмыстық істерді тергеу өндірісіндегі тергеушінің жұмысына бақылау жүргізеді; алдын ала тергеу мерзімі мен тергеушінің тергеу ісін кезінде қамауға алынған тұлғаның қамауда отыру мерзімін бақылайды; қылмыстық іс бойынша тергеу өндірісінен тергеушінің
қызметін шеттете алады; бір тергеушінің ісін екінші тергеушіге тапсыра алады; аяқталған қылмыстық істерді прокурорға жібереді.
Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық істі қозғауға, оны өз өндірісінде қабылдауға және жеке дара алдын ала тергеу жұмыстарын бастауға құқылы.
Тергеуші —ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының және қаржы полициясының лауазымды тұлғасы. Ол қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілетті (ҚР ҚІЖК 64-бап). Тергеуші тергеу ісіне қатысты барлық мәселелерді жеке өз бетінше қабылдай алады.
Тергеуші құқылы: қылмыстық істі қозғауға; ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге; өз өндірісіндегі барлық тергеу қызметін орындауға; тексеру, тінту және басқа да тергеу істерін жүзеге асыруға; жауап алу үшін немесе эксперт ретінде қорытыңды жасау үшін кез келген тұлғаны шақыруға; іс жүргізуге мәжбүрлейтін шараларды, күдікті мен айыпталушыға қатысты болдырмау шараларын қолдануға; айып тағуға; айыптау қорытындысын жасауға; қылмыстық, істі уақытша тоқтатуға немесе мүлде тоқтатуға; істі сотқа жіберуге құқылы.
Анықтау органы —анықтау ісін және басқа да іс жүргізу әрекеттерін орындауға заңмен уәкілетті мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға (қылмыс туралы мәліметтер мен өтініштерді қабылдау және тіркеу, оларды тексеру, іздеу және болдырмау, қылмысты ашу және сақтандыру, шұғыл тергеу істерін орындау, т.б.).
Анықтау органдары ҚР ҚІЖК-інің 65-бабыңда белгіленген, оларға мыналар жатады:
ішкі істер органдары;
ұлттық қауіпсіздік органдары;
қылмыстық жазаларды орындау және қамауда ұстау тәртібімен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша —әділет органдары;
қаржы полициясы органдары;
контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша —кеден органдары;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызметін ақтарып жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша —әскери полиция органдары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шеқарасы туралы заңдарды бұзу туралы істер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық шельфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша —шеқара бөлімдерінің командирлері;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынышты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері, олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған қылмыстары туралы істер бойынша —әскери полиция органы болмаған жағдайда, әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
9)өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша - Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
10)өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша —өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен бөлімшелері.
Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтары мен міндеттері, сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитаңдарына, геологиялық барлау партияларының осы баптың екінші бөлігінде аталған анықтау органдарынан алыстағы басқа да мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына да, көлік қатынасы болмаған кезеңде жүктеледі.
Анықтау органының бастығы ҚР ҚІЖК 285-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қызметі уәкілеттілігіне ие және кейбір дәрежесіне қарай тергеу бөлімі бастығының уәкілеттілігіне ұқсас келеді.
Осы біліктілікке Бас басқарманың (Департаменттің), басқарманың, бөлімнің, бөлімшенің және анықтау органының өзге де бөлімшелерінің бастықтары ие болады. Анықтау органы бастығының негізгі қызметтері:
қылмыстық белгілері мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу;
ҚР ҚІЖК 130-бабына сәйкес қылмыстық істі дұрыс шешуде мәні бар жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін анықтау немесе тергеу органдарына жіберу;
Шұғыл тергеу істерін (тексеру, қамау, тінту, т.б) жүргізуді қамтамасыз ету;
Прокурор, тергеуші, сот нұсқауларының орындалуын ұйымдастыру;
Анықтаушы қызметінің уақытысында орындалуын, заңдылығын бақылау және ҚР ҚІЖК-нің 66,67-баптарыңда көзделген бірқатар басқа да іс жүргізу қызметін жүзеге асырудағы заңдылығын бақылау.
Анықтаушы —өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам. Анықтаушының біліктілігі мен уәкілеттілігі тергеушінің уәкілеттілігіне ұқсас. Анықтаушы заңға сәйкес анықтау органы бастығының, тергеушінің прокурордың және соттың нұсқауын орындайды.

.2. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін
құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар.
Процеске қатысушылардың құқықтық дәрежесі

Күдікті - қылмыстық іс жасағаны туралы күмән келтірілген, қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған тұлға (ҚР ҚІЖК 68-бабы).
Қылмыстық процеске қатысушы ретінде күдіктінің іс жүргізу дәрежесіндегі ерекшеліктері мынадай:
ол алдын ала тергеу кезеңіндегі қылмыстық іс-жүргізу ісіне қатысушы болып танылады;
күдіктіні ұстау сәтінен үш сағат өтпей тұрып хаттама толтырылады ҚР ҚІЖК 134-бабы);
ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 135-бабы);
күдікті уақытша ұстау изоляторында ұсталады (ҚР ҚІЖК 137- бабы);
қылмыстық ізге түсу органы күдікті деп танылған тұлғаны прокурордың санкциясына сәйкес жетпіс екі сағаттан 10 тәулікке дейін ұстауға құқылы, ал қылмысты болдырмау шараларын қолданудан айып тағуға дейінгі кезеңде 10 тәуліктен де артық ұстауға құқылы.
Күдіктіге қатысты мынадай қылмыс жолын кесу шаралары қолданылуы мүмкін:
—кетіп қалмау туралы қолхат, жеке кепілдік, бақылауға тапсыру немесе қорғау, кепілдеме алу, үйде тұтқынға алу, тұтқынға алу.
Күдікті өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуі қажет және өзінің іс жүргізу құқықтарын пайдалануы қажет (өтініш беру, қорғаушы талап ету, т.б.).
Ұсталған күдіктінің құқықтары:
1) телефон немесе басқа да тәсілдер арқылы өзінің тұрғылықты жеріне не жұмысына ұсталғаны жөнінде және ұстап отырған жері туралы тез хабар беруге;
өзінің не үшін күдікті болғаны туралы білуге құқылы және оған қарсы қозғалған қылмыстық іс туралы қаулының көшірмесін алуға немесе ұстау туралы, қылмыстың жолын кесу шараларын қолдану туралы қаулы хаттамаларының көшірмесін алуға құқылы;
оған қарсы қойылған күдіктерге қатысты дәлелдемелер мен жауап түсініктерді беруге немесе ол туралы тусінік пен жауап бермеуге құқылы;
айғақты дәлелдемелерді ұсынуға құқылы;
өтініш пен қарсылық білдіруге құқылы;
түсініктеме мен жауапты туған ана тілінде немесе өзі білетін тілінде беруге құқылы;
аудармашының ақысыз көмегін пайдалануға құқылы;
өзінің қатысуымен жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысуға және сол хаттамаға қатысты ескертпелер айтуға құқылы;
өзінің өтінішіне немесе қорғаушының, заңды өкілдің өтініші бойынша жүргізіліп отырған тергеу істеріне қатысты тергеушінің не анықтаушының шешіміне қатысуға құқылы;
10)соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға құқылы; оның өтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алу жүргізілуге құқылы.
Күдіктінің қорғаушысы немесе заңды өкілінің болуы күдіктінің қандай да бір құқығын шектеуге немесе жоюға негіз бола алмайды.
Айыпталушы - жауапқа тарту туралы қаулы шыққан не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам. (ҚР ҚІЖК 69-бабы).
Айыпталушы қылмыстық процестің негізгі қатысушысы болып танылады, оған қатысты қылмыстық іс қозғалады алдын ала тергеу ісі жүргізіледі және сот талқылауы жүргізіледі, сот үкімі шешіледі.
Айыпталушының құқықтары:
заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға құқылы;
өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы;
қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға құқылы;
қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінін құқықтарын және мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуіге құқылы;
бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы;
өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге құқылы;
айғақ беруден бас тартуға құқылы;
дәлел ұсынуға, өтініш пен қарсылық мәлімдеуге құқылы;
ана тілінде және өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге құқылы;
аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
қорғаушысы болуға;
ҚР КДЖК-нде көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға;
Тергеушінің немесе заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; осы әрекеттердің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге;
Сарапшының алдына мәселелер қоюға, сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға;
Тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;
Айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға;
Соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс-әрекеті мен шешіміне шағым беруге;
Ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге;
Жария сөз талқылауын талап етуге құқылы;
Сотталушының бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың қарауына қатысуға және тараптың барлық құқықтарын пайдалануға, сондай-ақ ақырғы сөз құқығына ие болуыға құқылы.
Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған сәттен бастап айыпталушы —сотталушы деп танылады, ал өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы —сотталған адам, өзіне қатысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы —ақталушы деп танылады (ҚР ҚІЖК 69-бабы).
Сотталған немесе ақталған адамның құқықтары:
сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;
соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағымдалған шешімдердің көшірмесін алуға;
іс бойынша келтірілген шағымдар мен қарсылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге; мәлімделген шағымдар мен қарсылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.
Іске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкілінің қатысуы айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшін негіз бола алмайды.
Қорғаушы —заңда белгіленген тәртіппен күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам (КР ҚІЖК 70-бап).
Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабында былай делінген: ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖӘБІРЛЕНУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ҚАҒИДАТТАРЫ ЖОСПАР
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қылмыстық процеске қатысушылар туралы ұғым
Қылмыстық іске қатысушы адамдар
Құқықтық қатынастың құрылымы
Әкімшілік процесс және әкімшілік іс жүргізу
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері туралы
Құқықтық қатынастар құрамы және олардың сипаттамасы
Қылмысқа қатысудың түрлері
Пәндер