Құқық социологиясының пәні


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

1 ТАРАУ ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Глоссарий (анықтама, словарь)

Агрессия - индивидтің, не топтың басқа бір индивидке, не топқа іштей жау болуы, іс әрекеттің дұшпандық типі.

Адамгершілік норма - бір әрекеттерді орындауды, екіншілеріне тиым салуды талап ететін мінез - құлықтардың жек дара формальды емес сиптта болатын топ. Топ мүшелерінің негізгі мақсаты өзара алмасу.

Аудитория - коммуникаторлармен өзара әрекеттестікпен біріккен адамдардың әлеуметтік қауымы.

Аутгруппа - қарым-қатынаста болғанда индивид ешқандай ұқсастық не қатыстық сезімін сезінбейтін адамдардың тобы.

Социология - қоғамның құрылымын оның элементтері мен өмір сүруі жағдайын сондай-ақ осы құрылымда жүріп жататын әлеуметтік процесстерді зерттейтін ғылым.

Әлеуметтен у - индивидтің өз тобынан нормаларының игеру барысында өзіндік «менмендік» қалыптасуы арқылы оның бірегей тұлғасы көрінетін процесі.

Әлеуметтік агрегация - белгілі бір физикалық кеңістікке жиналған өзара саналы әрекеттестікте болмайтын бірнеше адамдар.

Әлеуметтік аралық - әлеуметтік топтардың жақындасуы ажырасу дәрежесін сипаттайтын шама.

Әлеуметтік мобильдеу - индивидтерді не әлеуметтік нысанның, не болмаса адамның қызметімен жасалып, жетілдірілген құныдылықтардың бір әлеуметтік бағыттан екіншісіне көшу.

Әлеуметтік норма - әлеуметтік топ мүшелері ұстанатын және бірлесіп келісілген әрекеттер жасауға қажетті тәртіптің белгілі бір үлгісін құрайтын түсініктер жүйесі .

Әлеуметтік стереотип - топ мүшелерінің басқа топтың немесе категория адамдарының қалпын бөлісуі.

Блокада - адамның іс-әрекеті барысында үзіліс, кедергі арқылы туғызатын кез-келген іске араласушылығы.

Тақырып: 1. Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі.

1) Құқық социологиясы ғылым ретінде. Құқық социологиясының пәні.

2) Мемлекет пен құқық теориясы, құқық философиясы, құқық социологиясы.

3) Құқық социологиясының әдістемесі.

Құқық социологиясы отандық қоғам танудағы өмірмен, әлеуметтік тәжірибемен байланысты құқықтық жүйенің ғылыми бағыты. Ғылыми зерттеулерді тиімді ұйымдастыру әр түрлі ғылымдармен сапаландырылған зерттеудің жан жақты әдістерін кең қолдануды талап етеді.

Құқықта социологиялық зерттеу социология мен құқық шеңберіңде жүргізіледі, сондықтан мемлекеттік және құқықтық құрылыстың өзекті сұрақтарын шешуде кешендік мысал болып табылады. Бұл мәселелерді зерттеу үшін абстракті логикалық және эмприкалық, кешендік әдістер де қажетті.

Құқық социологиясының пәні құқықтың әлеуметтік функциясын, қоғамның әр түрлі әлеметтік қабаттарын ұжымдардың, топтпрдың және тұлғалардң әлеуметтік тәртібіндегі құқық нормаларының өзгеру процессінің құрылымын құрайды. Ал құқықтығы социологиялық зерттеудің пәні құқық жүйесі, оның институттары мен нормаларын құру мен қызметінің шеңберіндегі қоғамдық қатнастар. Олар құқықтың әлеуметтік тиімділігі мен әлеуметтік келсімділігінің зерттеуге бағытталған және құқықтық нормалар, құқықтыө қатнастар мен адамдардың қоғамдық қатынасы арасындағы өзара байланысты талдайды.

Құқықтық құбылsстың өзара әрекетінің әлеуметтік факторы, сондай ақ мұндай өзара әрекеттің заңдылығы мен механизмі құқықтық социологиясының пәнін құрайды.

Құқық социологиясының пәні туралы бұл түсінік қазіргі құқық социологиясының қалыптасқан әр түрлі мәселелік бағыттарын қолдануда нақтылануы мүмкін. Мысалы құқықтың әлеуметтік келсімділігін зерттеуге бағытталған зерттеудің пәні құқықтың қалыптасуы мен дамуына белгілі бәр деңгейде әсер ететін құқықтық емес сипаттағы әлеуметтік факторы болып табылады. Құқықтың жан жақты әрекетін зертеудің пәні қоғамдық қатнастардың дамуына құқықтық әсер ету деңгейі мен сипатын анықтау болып табылады. Құқықтың әсер етумеханизмін зерттеудің пәнін құқық пен реттелетін қоғамдық қатнастарға әсер ететін құқықтың және құқықтық емес факторлардың өзара байланысының механизмі құрайды.

Бұл зерттеулердің нәтижесінде құқық туралы әлеуметік білім құрылысы, яғни құқық социологиясы қалыптасады.

Ғылымда социология жеке білім саласы бола ма деген сұрақ туады? Болашақта құқықтың социологиялық теориясының мәні өседі. Бұл негізінен заңдық шешімдерді қабылдау концепциясының дамуынан, құқықтың деңгейінің көтерілуінен, құқықтық нориалардың тиімділігінен мүмкін болады. Құқықтануды әлеуметтендіру процессі заңдық тұжырымдама шеңберінде қойылмайтын жаңа мәселелерді шешуді ұсынады. Құқықтанудың дәстүрлі мәселелері социологиялық тұрғыдан қайта ойластырылады, бұл оның пәнін байытып, құқықтың жаңа әлеуметтік мәселелерін шығарады.

Сонымен құқық социологиясы құқық туралы әлеуметтік білімнің белгілі бір құрылымдық жүйесін қалыптастыратын жеке ғылым болып табылады. Социологиялық тұрғыдан қарау құқықтық феноменінің әлеуметтік заңдылықтарын шығаруда гносеологиялық негіз болып табылады. Құқықтанудың әлеуметтендіру оның қазіргі даму сатысында сәйкес, объективті қажет етілетін тенденция. Бұл мағнада құқықтың әлеуметтік сапасын түріне байланысты құқық теориясы да әлеуметтік болуы мүмкін емес деп бекітуге болады. Құқық теориясы мен құқық социологиясы бірлігінің болашағы қазіргі күнде жеткілікті түрде айқын көрсетіледі.

Әдебиеттерде құқық социологиясының мәселесі бір жақты көрсетілмейді. Біріншіден, құқық социологиясының мәселелерін позитивті және негативті зерттеулер құрайды. Екіншіден, құқықтағы социологиялық зерттеулердің мәні, «нормадағы» заң мен «өмірдегі» заңның өзара қатынасын іздеу. Үшіншіден, құқықтың әлеуметтік әрекетінің механизмі. Сонымен бірге құқықтың қызметі субъектілердің құқықтары мен міндеттері нормаларда қаншалықты нақты белгіленгендігін тәуелді деп көрсетіледі және оны анықтау нақ осы социологиялық зерттеулердің көмегімен мүмкін болады. Барлық жағдайда да құқық әрекетінің әлеуметтік мәселелері назарға алынады.

теориясы, құқық философиясы және құқық социологиясының өзара қатнасын қарастырайық. Бұл сұрақ бойынша әртүрлі көзқарастар бар. Біріншіден, құқық социологиясының өзіндікжеке сипатын жоққа шығарылады. Екіншіден, құқық социологиясы құқық теориясы ығыстырады немесе олар бір ғылымның бөлігі. Үшіншіден, құқық философиясы мен құқық социологиясын құқық теориясының ішіне кіреді. В. П. Казимирчук пен В. Н Кудрявцев қандай да бір құбылстардың бірлігі олардың сәйкестігін білдірмейді деп көрсетеді. Мемлекет пен құқықтың бірлігі мемлекет пен құқық теориясының сәйкестігін білдірмейді және олардың жеке ғылым ретіндезерттелуіне кедергі келтірмейді. Ғылыми білімінің дамуының қазіргі сатысы бір ғана объектіні зерттеу аспектілерінің атауымен сипатталады.

Сонымен бірге ғылыми пәндердің тоғысуында жаңа білім туындағанда ғылыми білімінің дамуы интеграция процессімен қатар жүреді. Бұл процесстердің өзара қатынасын өзара әрекетін дұрыс анықтау маңызды. Ғылымдардың өзара жақындасуымен араласуы, олардың ирстрациясы да ғылымның тағдырын анықтайды. Социология мен құқықтану ғылымдарының тоғысуынан жаңа ғылыми пән кешендік сипаты бар құқық социологиясы пайда болды десек қате болмас. А. Г. Здравомыслов социологиялық зерттеулерді белгілі бір мәселелрде қодануға арнайы дайындалған әдіс пен техниканың жиынтығы және алғашқы материалдарды қайта өңдеуге негізделетін, қандай да бір әлеуметтік мәселелерді жан жақты толық зерттеу деп анықтайды.

Жаңа ғылыми бағытты бөліп шығару үшін және оның дамуы үшін қолайлы ұйымдастырылған алғы шарттардың болуы, зерттеудің жаңа мәселелерін қоғамдық ойлармен қолдау, сонымен бірге сол ғылымның мәселесін жүйелі түрде қайта өңдеумен арнайы айналысатын, сол білімді тарататын және оның мақсаттарын насихаттайын оқымыстылар тобының

болуының маңызы зор.

Құқық теориясы мен құқық социологиясының ара қатынасы туралы айтатын болсақ, құқық теориясы, жеке ғылыми және оқу пәні ретінде өзінің зерттеу пәні, түсінігі мен категориясының жүйесі бар екенін есте сақтау қажет. Құқық теориясының мақсаты құқық мәнің ашу. Ал құқық социологиясы құқықтық қоғамға және қоғамның құқыққа әсерін зерттейді. Құқық теориясы мен құқық социологиясы бұл өзара үйлесімді, өзара байланысқан ғылыми талдау бағыты және сонымен қатар өзіндік ерекшеліктері де бар.

Құқық философиясы ерекше орын алады. Бұл сұраққа Д. А Керимовтың көзқарасын ұсынайық. Ол құқық социологиясы мен құқық философиясының айырмашылығын мынадан көрсетеді, құқық философиясы тану теориясы болып табылады, мемлекет пен құқықты тануда теориялық дүние танымдық иәселе тұрғысынан қарастырады, ал құқық социологиясы мемлекеттік құқықтық шындықтың ғылыми бейнесін көрсетеді. Бұл жағдайда құқық философмясы арнайы таным теориясы ретінде, яғни, гносеология, ал құқық социологиясы онтология, яғни белгілі бір нәрсе туралы ілім. Философиялық мәселе көптеген сұрақтарды қамтиды. Бұл құқықты тарихи логикалық тану, құқықтың ерікті табиғаты мақсатын тану, құқықтың мазмұны мен құрылымын ашу, еркінділікті тану және оны құқықпен жүзеге асыру және т. б. Құқық теориясы мен құқық философисы өзара әрекет етеді және өзара үйлесімді.

Құқықтық философиялық аспектіде зерттеуден айырмашылығы құқық социологиясы қоғамда құқықтың әлеуметтік келсімділігі, құқықтың әлеуметтік функциясы, оның қоғамдық әрекеттермен шарттары туралы сұрақтар құқық социологиясының пәні болып табылады. Бұл құқықтың құқықтық реттелуінің мақсатымен үйлесетін, адамның мінез құлқына ықпалын зерттеу деп айтуға болады.

Заңдық ғылым оның зерттеу объектілері, мемлекет пен құқық, әлеуметтік табиғаты көрсететіндіктен қоғамдық ғылымдар қатарын жатады. Құқықтану қазіргі ғылым жүйесінің элементі бола отырып, өз кезегінде құрамына тарихи теориялық, салалық, салааралық, қолданбалы және басқа ғылымдар енетін жүйе ретінде қарастырылады. Құқық социологиясы жалпы теориялық зерттеулердің бағытын көрсетеді және тарихи теориялық заңдық ғылымдардың тобына жатады. Құқық социологиясы барлық заң ғылымдармен бір бірін өзара толықтырады.

Тәжірибе көрсеткендей социологиялық зерттеулердің нақты әдістері зерттеленетін объекті туралы объективті және толық мәлімет алуға, информацияның көлемінің мазмұнда және толық болуына, әр түрлі топағы адамдардың көзқарастарын зерттеуге комектесуі тиіс. Сонымен бірге, оларды зерттеуші алдына қойған мақсаттары мен міндеттерге, зерттелетін объектінің ерекшеліктеріне және ұйымдастырылуының нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келуі керек. Социологиялық зерттеулерде мынандай әдістер сәтті қолдануда: бақылау, құжаттарды талдау, жалпы талқылау, ғылыми теориялық конференция, адамдардың тәжірбиелік қызметін талдау, интервью алу, анкета.

Кез келген әдістің тиімділігі зерттеушілердің алдына қойған міндеті мен мақсаты қандай, жағдайлар, ерекшеліктер зерттелетіндегінде. Мысалы егер, қоғамдық ойдың қызметінің таралу деңгейі зерттелсе, онда ең тиімді әдіс ол анкета жүргізу. Бірақ оның көмегімен үнемі толық информация алу мүмкін емес. Сондықтан жалпы бақылау, құжаттарды талдау және адамдардың тәжірибелік қызметін де қолдану қажет. Аталған әдістердің біреуін ең керекті, тиімді және ғылыми негізді деп атауға болмайды. Олардың әрқайсысы өзінше тиімді және нәтижелі.

Қоғамдық ойды зерттеуде қолданылатын нақты әдістердің ғылыми классификациясының маңызды теориялық және тәжірбиелік мағнасы бар.

Ғылыми классификацияда критери ретінде объектіні сипаттаушы жеке элементтер емес, әдетте объективті негізделген принциптер пайдалынады. Нақты әдістің ғылыми классификациясы процесстерінің және құбылыстардың ұқсатығы мен айырмашылығын, бағытын ашуға, жиналған фактілік материалдарды белгілі тәртіпке келтіруге және олардың белгілері бойынша айыруға мүмкіндік береді. Нақты әдістердің классификациясының критериелері ретінде зерттелетін объектінің әр түрлі жақтары мен сәттері пайда болуы мүмкін: оның әлеуметтік психологиялық құбылыс ретіндегі мәні, зерттеу сипаты, объектісі, міндеттері, құралдары, қызмет ету ерекшеліктері, техникалық алғышарттары т. б.

Егер объектінің сипаты тұрғысынан қарайтын болсақ, әдістер жалпы, жеке және локальдық болуы мүмкін. Ал зерттеуді кім жүргізетіндігі тұрғысынан қарайтын болсақ, онда нақты әдістерді қолдану керек : интервью, анкета, бақылау және т. б. Сондықтан да әрбір жеке критерий жеке әдістер классификациясының негізі бола алады.

Осылайша, нақты әдістердің классификациясы зертттеушіге зерттелуші объектілердің сипаты туралы, оның көлемі мен мазмұны бойынша қажетті ақппарат беруді қамтамасыз етуге қабілетті әдісттерді пайдалануға жағдай жасайды. Осы негізде кейбір авторлар қоғамдық ойды зерттеу әдістерінің екі негізгі тобын анықтайды.

Бірінші топқа сананың ішкі, объективті фактілерін талдау әдісі кіреді, яғни адамдардың процестерге, құбылыстарға, фактілерге қатынасы, әрекеті, мінез құлқы.

Екінші топтың сананың тікелей факторларын зерттейтін әдістері құрайды, яғни адамның әрекеті мен мінез құлқы объективті көрінісін таппаған ойлар.

Егер объектінің сипаты тұрғысынан қарайтын болсақ, әдістер жалпы, жеке және локальды болуы мүмкін. Ал зерттеуді кім жүргізетіндігі тұрғысынан қарайтын болсақ, онда нақты әдістерді қолдану керек: интервью, анкета, бақылау және т. б. Сондықтан да әрбір жеке критерий жеке әдістер классификациясының негізі бола алады.

Сананың объективті фактілерінің көрінісін зерттеу әдісі мынандай: бақылау-жаппай, стихиялық, ұйымдасқан, ашық, қайталанбайтын, қайталанатын; құжаттарды зерттеу жеке, қоғамдық; жалпы халықтық талдау аймақтық, ұжымдық, кәсіптік-демографиялық; теориялық конференциялар ғылыми-теориялық, теориялық-тәжірбиелік, насихаттық; адамдардың тәжірбиелік қызметін талдау жеке тұлғаның, ұжымның, ұйымның, топтың әрекеті мен мінез-құлқы.

Сананың тікелей фактілерінің көрінісін зерттеу әдістері: бақылау, интервью - еркін, жартылай еркін, стандартты, телефон арқылы; анкета жүргізу - тура, жанама.

Сипаты бойынша бақылау шындықты көрсететін күрделі, объективті психологиялық процесс.

Эмприкалық социологиялық зерттеулерді дайындау мен жүргізуді жүзеге асыру үш өзара байланысты кезеңнен тұрады:

  • дайындық, сынақтық зерттеу;
  • зерттеуді жүргізу;
  • алынған материалдармен жұмыс жасау.

Әр кезеңнің өзінің ішкі құрылым мен ерекшелігі болады. Нақты социологиялық зерттеуді дайындауға мыналар кіреді:

  • зерттеудің мақсаты мен міндеті қойылатын бағдарлама, онда қандай

ақпарат қамтамасыз етілуі керек екендігі, зерттеу объектісі мен субъектісі қандай болу керек екендігі, әртүрлі ұйымдастырушылық сұрақтар көрсетіледі;

  • алынған ақпаратпен жұмыс жасау тәсілі мен әдісі анықталатын жоб
  • ұйымдастырушылық және техникалық дайындықпен және сәйкес зерттеу жүргізумен байланысты сұрақтан тұратын ұйымдастырушылық жоспар;
  • зерттеу жүргізу үшін және нәтижені тіркеу үшін құжат.

Осылайша, дайындық сатысында нақты зерттеудің бүтіндей жоспары ойластырылады. Бұл сатыдағы маңызды және анықтаушы сәт бағдарлама дайындау.

Ғылыми гипотезаларды экспериментальды тексеру-теорияның дамуына нақты зерттеулердің әсер етуінің неғұрлым мағыналы формаларының бірі. Ғылымның кез-келген сатысында гипотезаны ұсыну және тексеру ғылыми білімнің дамуының қажетті шарты болып табылады. Гипотезалар - бұл әлеуметтік объектілердің құрылымы туралы, осы объектілердің элеметтерінің байланыс сипаты туралы, олардың қызмет ету механизмі мен дамуы туралы ғылыми негізделген ұсыныстар. Гипотезалар құқықтың нақты зерттелуінде ғылыми мәселені шешудің мүмкін әдісі ретінде бағдарламаны құрастыру сатысында шығады. Сонымен бірге гипотезаны ұсыну - зерттеушінің бағдарлама жасаудағы теориялық қызметінің қортындысы болып табылады.

Ғылыми гипотезаларды тексерудің күшті тәсілі - эксперимент болып табылады. Ғылымдағы эксперимент танымдық және тәжірбиелік қызметтің бірлігі ретінде саналады. Ғылыми тәжірибенің формаларының бірі ретіндегі эксперименттің ролі ғылымды қоғамның өндіруші күшіне айландыру жағдайында өседі. Эксперимент көп жағдайда құқық төңірегінде норма шығармашылығы процессінің компоненті ретінде роль атқарады. Жаңа нормативтік құқықтық актілердің концепциясын жасау, оларды жан-жақты және салмақты түрде эксперименттік тексеру мүмкін емес.

Эксперимент ғылыми процедура ретінде - бұл объект туралы оған басқарушы және бақылаушы факторлар арқылы ықпал ету жолымен білім алу болып табылады

Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)

Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімін қараңыздар. (1-4; 14, 28, )

Студенттердің өзін-өзі тексеруіне арналған тапсырмалар:

1. Құқық социологиясының пәні

2. Құқық социологиясының әдістемесі

Тақырып 2 Шет елдік құқық социологиясының негізгі белгісі

1) Құқықтың әлеуметтік концепциясы: әдістемелік аспект.

2) Құқық социологиясының европалық мектебі.

3) Құқық социологиясының американдық мектебі.

В. Н. Кудрявцев пен В. П. Казимирчук өздерінің «Қазіргі құқық социологиясы» деген кітабында әлеуметтік контекст тұрғысынан құқықты қарауды шет ел ғылымында 19ғ. аяғы және 20ғ. басында әлеуметтік ойлардың дамуымен байланыстырады. Осы кезеңде құқық теориясы өзінің монистік сипатын біршама жойды. Құқықтың «Құқық философиясына» және «Құқық социологиясына» бөлінуі басталды. Ғылым әдістемесін жаңартуда, онда жинақталған мәселелерді шешуге және жаңа техникалық аспаптар енгізуге назар аударылды. Мысалы, нақты -социологиялық зерттеулер криминология, отбасы және неке, сонымен қатар заң, сот, әкімшілік қызметтің факторларын зерттеу облыстарында қолданыла бастады. Мұнымен бірге, әлеуметтік-құқықтық зерттеулер процеске құрылымдық-функционалдық, жүйелік-құрылымдық және т. б. әдістерді енгізу арқылы баи түсті. Мұндай жағдай әсіресе АҚШ -қа тән болды, онда зерттеулер көпшілік жағдайларда қолданбалық сипатта болды. Олар жиі фирманың, коррупцияның немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады және нақты мақсаттарды шешу міндетін көздейді. Қазіргі батыстық, сонымен бірге американдық теорияға, әрбір құқықтық ағымның өзінің жақтастарының болуы тән. Сондықтан онда ешбір құқықтық доктрина басым бола алмайды, олардың ешқайсысы толығымен қабылданылмайды. Американдық ғылымдардың айтуынша: құқықтық ойлары ортақ концепцияның әсерінде болатын елдерден қарағанда, американдық құқық теориясы тиімді, шынайы, эмпиризмдік, позитивтік, моральдық болып табылады. Әдістемелік тәсілдерді осылайша будандастыру, американдық заңгерлердің құқықтық теориялар мен әдістерді абстрактілік тұрғыдан емес, ұлттық дәстүр мен тәжірбие қажеттілігінің маңыздылығын ескере отырып, АҚШ құқықтық жүйесін тарихи даму тұрғысынан қараумен ескерілген.

Батыс-Европалық елдерде іс өзгеше қарастырлыған. Францияда, Италияда, ФРГ мен Ұлыбританияда әрекет етуші құқық туралы жүйелік және біркелкі түсінік қамтамасыз етуде неопозитивтік бағыт басым тенденция алған. Атап айтқанда, қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқықтың жағымды жақтарын ескере отырып, құқық салалары бойынша курстар жазылуда. Ал кей жағдайларда хрестоматиялық құралдар жазылады.

Құқықтанудың қазіргі жағдайы үшін теория мен тәжірбие тұрғысынан үйлесімді бірлік құрып және қосылып әрекет етуге ұмытылу қажет.

Әдебиеттерде құқықты оқытуда төрт негізгі теориялық тәсіл көрсетілген. Позитивтік тәсіл - құқықты белгіленген жалпы позитивтік мағына жүйесінде жүйеленген, анықталған нормативтік жиынтық деп түсіндіреді. Позитивизм заңдық теорияны қорғаудан негізгі құқықтық категориялар мен түсініктердің өзгермейтінділігімен ерекшеленеді. Түсінік категориялары мен жалпы алғанда әлеуметтік қатынастың қабағы ретіндегі құқық формасын жетілдіруге басты тірек қойылады. Сонымен құқықтану жаратылыс және физика ғылымдарымен бір қатарға қойылады. Позитивистер әдістер төңірегінде шешуші мағынаны логикалық және логикалық-семантистік норманы түсіндіру, сонымен қатар Г. Кельзен идеясының рухындағы нормативтік талдауға береді.

Табиғи-құқықтық тәсіл құқықты жоғарғы ерік бейнесінде әділеттілікті абстрактілік тұрғыдан түсінетін дерек ретіндегі дәріптеу түрінде түсіндіреді. Сонымен негізгі әдістемелік әдіс болып ақыл, тарихи тәжірбие мен зерттелетін құқықтық құбылысқа генетикалық талдау табылады.

Табиғи құқық теориясы - адамдардың жаратылыс қасиетін құқық деректемесі және құқық шығармашылығының негізгі базасы деп қарастырады.

Жандану табиғи құқық теориясында (Рудольф Штаммер) шешуші рөл құқығы ақылмен тануға, оның принциптерінің тұрақты және бұзылмайтын ұжымды талдау жасауға беріледі.

Неотомистік-экзистенционамистік, тәсілде (Ж. Маритен, В. Катраин, И. Месснер) әлеуметтік табиғат пен құқық функциясы адамның нақты тұрмысының ерекше шартының көрінісі ретінде, адамның жекелік мәнінің тұрғысынан қарастырылады. Кез-келген құқықтық қатынас сферасында адамдардың мінез-құлқының салдары әр субъектінің өзіне тән рухани өмірі болып табылады. Бұл тәсілді жақтаушылар құқық пен құқықтық институттарды жеке және ұжымдық өмір қызметінің формасы ретінде, адамдардың бір-бірімен араласу тәсілі ретінде зерттеуді ұсынады. Сондықтан әдістемелік тұрғыда шешуші рөль құқықты қабылдаудың ішкі психологиялық анализіне және әлеуметтік құрылымның барлық деңгейінде құқықтық процесстерге субъективтік бағалауға береді. айтуы бойынша құқық адамдардың мінез-құлқын сыртқы факторлардың әсері деп қана анықтамайды, сонымен қатар адамгершілік қасиет мінезіндегі тұлғаның өзін көрсету формасы деп түсіндіреді. Осы негізден шыға отырып, құқықтық реттеуге қойылатын талап ортақ мүддеге мағыналы зиян келтірмей жеке мақсаттарды қанағаттандыру тәсілдерін қамтамсыз ету. Демек, жалпы әлеуметтік мәселелерді шешкенде жеке индивидтердің өзіндік пайдақор мүддесі толық қанағаттандырылса, шешім соғұрлым табысты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі
Жастар социологиясы
Жастар әлеуметтануы туралы
Социология түрлері
Еңбек социологиясы
Білім беру әлеуметтану жағдайы
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Құқық әлеуметтанушы
Діннің социологиялық құрылымы мен қызметтері
Құқық социологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz