Құқық және мораль нормасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Құқық нормасы . . . 4

2. Мораль нормасы . . . 5

3. Құқық нормасы мен Мораль нормасының арақатынасы . . . 6

4. Қазақ ойшылдары мораль хақында . . . 8

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 11

КІРІСПЕ

Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық - нормативтік құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек - субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын" негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып тасталған.

Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі (әкімшілік құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы және т. б. ) - Құқықтық объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де жоққа шығарыл-майды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз - мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол - бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі. [1]

Құқық нормасы

Құқық нормасы (ағыл. rule of law; нем. Rechtnorm f ; лат. norma - улгі) - Құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп. Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т. б. ) құқық нормасының жиынтығы. Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді қарастырады. [1] Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күші мен қамтамасыз етілетіндігін де. Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм.

Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі- мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт. Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген . Демократизм азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны - олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.

Интернационализм - барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, үлтына, тіліне және т. б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы интернационалды күйым. Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз - адамдык, адамгер-шілік) - адамның жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адам-ның кадір-қасиеті мен кұқыктарын қадірлеуді қамтамасыз ету-ден тұратын басты күқықтық принциптердің бірі - оның игіліктеріне қамқорлык жасау. Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше адам өмірін қиюға хакысы жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сүғуға болмай-тыны женінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы женіндегі қағида орнықтырылған. Осылайща, кез келген күдік дәлелденгенге дейін айыпталушы түлғаның пайдасына шешіледі. [2]

Мораль нормасы

Мораль (латын moralіs - әдет-ғұрып) - адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т. б. ) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:

Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;

Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;

Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;

Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.

Мораль - тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп - белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль - ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.

Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол - бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі. Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол - бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі. Сондықтан Моральдық санада мотив, пиғыл, мақсат мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Моральдық сананың үш сатысы болады. Біріншісі, адамның ішкі тылсым дүниесін, яғни Моральдық қажеттіктер мен қабілеттерді, эмоциялар мен сезімдерді, т. б. қамтиды. Әдептік сананың екінші сатысына рационалды ақыл-ой елегінен өткен Моральдық түсініктер жатады. Рационалды Мораль, әдетте әр түрлі әдептілік ережелерінен, адамгершілік туралы этик. теориялардан тұрады. Моральдық сананың үшінші сатысы Моральдық интуиция (түйсік) болып табылады. Моральдың негізгі бөлігіне іс-әрекет, мінез-құлық жатады. Моральдық мінез-құлықта мотив-мақсатты, құрал мен нәтижені айыра білу қажет. Әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларына сәйкес кәсіптік, отбасылық, тұрмыстық, т. б. Мораль түрлері айқындалады. [2]

Құқық нормасы мен мораль нормасының арақатынасы

Құкық пен моральдын, өзара байланысы және езара шарттастығының арақатынасы қандай? Біздің құкыққа моральдың жоғары принциптері тән. Мораль да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір мақсатқа: әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі - мызғымас Қазақ мемлекеттілігінің құрылысына қызмет етеді. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі - функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар.

Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда . Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін - мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең сатылары:функция-орган-аппарат-мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.

Мемлекетқызметінің(функциясының) негізгібелгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және ;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;

- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлем де жүргізіледі;

- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады; Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі. Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше өзгеріске үшырап, толық-тырылып отыруы занды құбылыс.

Қоғамдық катынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек. Конституциялық құқық дегеніміз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін халықтың колындағы мемлекетгік билікті іске асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Конституциялык құқық, - кұқықтың жетекші саласы. Себебі оның басты қайнар көзі Конституцияның өзі болып табылады. Ол мемлекеттік билікті жүзеге асыру аясында калыптасқан маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді. Оның нормалары басқа құқық салалары үшін бастапқы негіз қызметін атқарады. "Қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз" деген жолдармен Конституциямыздың қабылдануы ұлттық мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болды әрі республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың бай тәжірибесін нығайта түсті. Мемлекет және жеке адам. Ата заңымызда Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылып, оларға кепілдік берілетіні жөнінде айтылған. Мемлекет өз қызметін азамат пен қоғамның мүддесінде жүзеге асырады. Біздің қоғамымыз - шынайы ізгілікті қоғам. Осыған байланысты бізде қоғам мен жеке адам арасындағы карым-қатынас мәселесіне елеулі мән беріледі. Конституцияда жеке адамның құқықтық жағдайы, оның қоғамда алатын орны, яғни құқықтық мәртебесі баянды етілген. Құқықтық мәртебе (латынша status - орын, жағдай) - Республика азаматының құқықтық жағдайы (құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы) . Республикадағы әрбір адам азаматтық алуға, оны өзгертуге құқылы. Азаматтық деген ұғым адамның белгілі бір мемлекетке құқықтық тиістілігін түсіндіреді. Азаматтыққа қарай адамға мемлекеттің заңдары, белгіленген азаматтық кұқықтар мен міндеттер тарайды. Азаматтық адамның тууына байланысты, Қазақстан Республикасының азаматтығына кабылдануына байланысты пайда болады. [3]

Қазақ ойшылдары мораль хақында

Қазақ мәдениеті түркілер өркениеті мен араб-мұсылман өркениетінің тоғысуында дүниеге келген. Қазақ халқының адамгершілік туралы ой-толғаныстарын осы екі мәдени кеңістіктің ықпалын өз бойында тоғыстырған қазіргі исі түріктердің ұстазы әл-Фарабиден бастаған жөн.

Әл-Фараби

Мәдениет тарихына қысқаша шолу жасап өтер болсақ, ортағасырлық Шығыстың, Батыс Еуропаның мәдени дамуынан әлдеқайда алда тұрғандығын білеміз. Орта ғасырлардың өзінде-ақ араб-мұсылман өркениетінің аймағында ренессанстық сипаттар пайда болған: біріншіден, қалалық мәдениет өркендеген; ғылым-білімге басты назар аударылған; антикалық мұра қолға алынып, аудармалар жасалынып, грек философтарының жолын қуушылар (перипатетиктер, неоплатониктер) пайда болған. Шырыс перипатетизмінің немесе Аристотельдің жолын қуушылардың бірі, дүние жүзі ғалымдарының "екінші ұстазы" атағына ие болған әл-Фараби этиканы -жақсылық пен жамандықты, ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Әл-Фараби грек этикасының орталық ұғымы - эвдемонаны өзінің этикалық шығармаларына арқау етіп алады. "Бақытқа жол сілтеу" трактатында ұлы ұстаз о дүниенің баянсыз бақыты туралы емес, тірі адамның шынайы өміріндегі бақыты туралы сөз қозғайды. Оған жету үшін адам өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, әл-Фараби адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Адам ақиқатқа, айналадағы дүниені танып-білу арқылы ғана жетеді деп түйін жасайды.
Әл-Фарабидің этикалық көз-қарасты танытатын тағы бір шығармасы - "Қайырымды қала тұрғындарының көз-қарасы". Онда философ полистің тұрғындары бақытты болуы үшін оны жақсы әкім басқаруы керек деп ұғады. Жақсы әкім сипаттамасы мынадай: әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар, батыл, жомарт жан. Жеке адамның бақыты жалпы қоғам бақытына ұласады деп есептеген Фараби эвдемоналық күйі де мүмкін.

Жүсіп Баласұғұни

Жүсіп Баласағұни - данышпан, ойшыл, философ. Оның шілік ұстанымдарын, түркілер дәуірінің талап-тілектері тұрғысына жататын "Құтты білік" поэмасының басты идеясы деген. Біріншісі - мемлекетті дұрыс, әділеттік ұстанымы; екіншісі - баққонсын деген тілек; үшіншісі - ақыл; ал төртіншісі - қанағат-ынсап мәселесі. Жүсіп аталған ұстанымдардың прототиптері патшаны әділдіктің бейнесі деп; оның уәзірі бақ-дәулет тұрғысынан; ақыл-парасат көрінген - Ұғдүлміш бейнесі; ал қанағат-ынсап мәселесін Дәруіш Одғұрміш арқылы көрсетеді. Дидактикалық, яғни тәлім-тәрбиелік сарында жазылған бұл "Құтты білік" шығармасында әдеіттілік, мораль мәселесі көп қозғалады.

Абай Құнанбаев

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормасы туралы мәселе
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау
Құқықтық нормалардың рөлі
Қоғамның әлеуметтік нормалары.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz