Қызметтік жалғандық үшін қылмыстық жауаптылық


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
1. 2. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІК
ЖАҒЫ
1. 3. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ СУБЪЕКТІСІ
1. 4. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
1. 5. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
2. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ
КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2. 1. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
2. 2. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСТАРЫНА МҮМКІНДІК ТУҒЫЗАТЫН СЕБЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
2. 3. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық реформаның талаптарына сай кәсіпқойлық негіздегі мемлекеттік қызмет институты дүниеге келіп, қанатын кең жая түсуде. Мемлекеттік қызметшілер жіті тазартудан өтіп және жаңартуға ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жолдауында «Зандар бір орында тұрып қалмауы тиіс, ол қоғамның даму ырғағына сәйкес келуі, тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық ахуалға ілесіп отыру керек»1 деп қойған міндеті де өмір талабынан туып отыр.
Осы тұрғыдан егеменді еліміздің қылмыстық-құқықтық нормативтік актілерін қабылдауымен қатар, қазіргі кездегі қоғамымыздың дамуына қарай мемлекеттік органдардың жұмысына, оның лауазымды адамдарының азаматтар мен адам құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі жұмыстарына деген сенімсіздік және олардың мемлекеттік қызмет субъектілері бола отырып көптеген құқық бұзушылықтың алдын алу, оның жасалу себептері мен ерекшеліктерін анықтау, қылмыстық жауапкершіліктерін жетілдіру мәселелеріне байланысты ғылыми ізденістер қажеттілігі туындап отыр.
Жағдайдың шиеленісуі мемлекет тарапынан осы аталған процестерге қажетті деңгейде құқықтық әсер ету аясын жетілдіруді тиісінше қамтамасыз ете алмағандығынан да көрініп отыр. Заңдылық базасының тұрақсыздығы (көптеген ақтандақтар мен қарама-қайшылықтар және т. б. ) жергілікті жерлердегі құқықтық негелизм, заң шығарушы және жергілікті билік пен басқару органдарының бәсекелестігі, құқық қолданушылық тәжрибесі тиімділігінің төмендеуі де әсерін тигізіп отыр.
Егеменді еліміздің өркендеп-гүлденуіне және жоғары дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға кедергі жасайтын мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттері мен жеке басының мүддесі «мемлекет» мүддесінен жоғары қоятын лауазымды адамдар мен лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілер де жоқ емес. Олар тек қана тікелей материалдық зиян келтіріп қоймай, сонымен бірге азаматтардың билік пен басқарудың мемлекеттік институттарына деген сенімсіздікті туғызады.
Зерттеліп отырған тақырыптың маңыздылығы бірнеше фактор себеп болып отыр, олар атап айтқанда:
- біріншіден, жоғарыда аталған проблемалар тез арада қылмыс-тық-құқықтық шараларды жетілдіруді және одан әрі дамыту-ды талап етеді;
- екіншіден, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстаржүйесіндегі, қызметтік жалғандық жасау субъектісі ретінде қа-ралатын лауазымды адам мен лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілердің қылмысымен және қылмыстық-құқықтық мәселелерініңжаңа қылмыстық заң негізінде кешенді түрде осы уақытқажеткілікті деңгейде зерттелмегендігі.
Зерттеу тақырыбының өңделгендік деңгейі. Лауазымдық қылмыс мәселелері Кеңес Одағының түрлі қоғамдық даму сатыларынан өту кезендерінде ғалымдар көңілінен тыс қалған жоқ. Осы ілімді зерттеп, жетілдіруге іргелі ғылыми еңбектерін арнаған ғалымдар көптеп саналады, олардың қатарында А. А. Жижиленко, Б. В. Здравомыслов, В. Ф. Кириченко, А. В. Кузнецов, Н. И. Коржанский, А. К. Квициния, М. Д. Лысов, В. И. Ляпунов, Ш. Г. Палиашвили, В. Р. Смолицкий, А. Н. Трайнин, С. И. Тихенко, Б. С. Утевский және басқалар бар. Бірақ бұл ғалымдардың ғылыми еңбектері Кеңес дәуірінің қылмыстық құқықтық заңдылықтарын жетілдіру мәселелеріне арналғаны белгілі. Ал, қызметтік жалғандық жасау қылмысына байланысты В. Е. Мельникованың, Б. И. Пинхасовтың, Т. Л. Сергееваның, және т. б. ғылыми еңбектерін атап өтуге болады. Қазақ ССР-нің Қылмыстық кодексіне байланысты, жалған құжаттар арқылы жасалынған талан-таражды саралау мәселелеріне арналған Е. А. Алауовтың ғылыми еңбегінде осы санаттағы қылмыстармен күрестің криминологиялық шаралары жүйелі түрде қаралған. Л. А. Ағыбаева «Уголовная ответственность за подлог документов» 2 атты жаңа Қылмыстық кодекске байланысты ғылыми еңбек дайындады. Бұл еңбекте құжаттар жалғандығына байланысты, кодексте қылмыстық жауаптылық көзделген барлық нормаларға талдау жасалынып, бірнеше ұсыныстар жасалған.
Сонымен бірге аталған авторлардың еңбектерінде қаралған мәселелердің көбісі лауазымды адамдардың қылмыс жасау мәселелеріне арналған және лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық іс-әрекеттеріне байланысты мәселелерді толығынан қамтымайды. Оларда берілген қортындылар мен ұсынымдарда талқылауды қажет етеді.
Зерттеу мақсаты. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар жүйесіндегі, қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектісі болып саналатын лауазымды адам мен лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілердің жасайтын қылмысымен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминолоғиялық мәселелері жан-жақты зерттеу. Яғни, лауазымды адам мен лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық жауаптылығы көзделген ҚР ҚК-нің 314-бабының тарихи дамуын, құрамын, жаза тағайындау тәжірибесін талдай отырып, осы қылмыс үшін жауаптылықты қарастыратын норманы жетілдіру. Сондай-ақ, қызметтік жалғандық жасау қылмысының қазіргі жай-күйін, динамикасын, бұл қылмыстарды жасайтын адамдардың криминологиялық сипатын зерттеу және оны жасауға мүмкіндік беретін факторларды анықтай отырып, осы қылмыстың алдын-алу шараларын жетілдіру. Сонымен, зерттеудің түпкілікті мақсаты қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектісі болып саналатын лауазымды адам мен лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілер қылмыстық іс-әрекеттерімен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шараларын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделінген ұсыныстарды өңдеу.
Зерттеу міндеттері . Қарастырылып отырған проблеманың өзектілігін және зерттелу дәрежесін ескере отырып, алға қойылған мақсатқа сүйеніп, автор зерттеудің алдына мынадай негізгі міндеттерді қоюды жөн деп санады:
- мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар жүйесінде-гі қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектісі болыпсаналатын лауазымды адам мен лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын көздейтіннақты норманың тарихи даму жолдарын зерттеу арқылы, оныңқалай қалыптасқанын және өзгергендігін сипаттау;
- Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтардағы мемлекет-тік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар жүйесіндегі қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектісі болып санала-тын лауазымды адам мен лауазымды адам болып қызметшілердің қылмыстық іс-әрекеттерімен кү-ресудің криминологиялық және қылмыстық-құқықтық мәсе-лелері мен қылмыстық-құқықтық күрестің тәжрибесін талдау;
- қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектісі болыпсаналатын лауазымды адам мен лауазымды адам болып табыл-майтын мемлекеттік қызметшілердің қылмыс жасауға мүмкін-дік жасайтын факторларды анықтау және механизмін зерттеу;
- лауазымды адам мен лауазымды адам болып қызметшінің қызметтік жалғандық жасағаныүшін жауаптылық көзделген қылмыстық заңды қайтадан тал-дап оның нәтижесі мен тиімділігін арттыру;
- қызметтік жалғандық жасаудың қылмыстық жауаптылығыкөзделген норманың жаңа конструкциясы туралы ғылыми не-гізделғен ұсыныстарды жетілдіру.
Бітіру жұмысының зерттеу обьектісі болып қызметтік жалғандық жасау қылмысына байланысты қоғамға қауіпті, заңға қайшы іс-әрекеттер табылады. Сондай-ақ, зерттеудің объектісіне олармен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шаралары, яғни құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қарастырылып отырған қылмысты анықтау жөніндегі қызметі мен олардың жүргізетін алдын алу шаралары кіреді.
Зерттеу пәні қызметтік жалғандық жасау қылмысын жасаушы лауазымды адам мен лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық әрекеттер мен күрес жүргізуі бойынша құқық қорғау органдарының қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңның іс жүзінде қодануын бір мақсатқа, яғни мемлекеттік қызмет мүдделерін қорғауға бағытталған іс қимылы құрайды.
Зерттеу барысында қолданыған әдістерін жалпы философиялық әдістер қолданылды. Оларды қолдану мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы жасалатын қылмыстардың анағүрлым кең етек жаю жолдарын зерттеуге мүмкіндік берді. Дипломдық жұмыста, мұнымен қоса ғылыми әдістер де, яғни диалектикалық-логикалық, тарихи, жүйелі-талдау, салыстырмалы-құқықтық және нақты-әлеуметтік әдістер қолданылды.
Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы , оның тұжырымдары мен ұсыныстары қызметтік жалғандық қылмысты жасаушы субъектілер лауазымды адам мен лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық іс-әрекеттеріні сәйкес және тиімді шараларын өңдеу үшін қажетті алғышарттарды құрады. Зерттеудің түжырымдары мен ұсыныстары:
- мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы, оның ішінде қызмет-тік жалғандық жасау қылмысын жасаушы субъектілер лауаз-ымды адам мен лауазымды адам болып табылмайтын мемле-кеттік қызметшілердің қылмыстармен қылмыстық-құқықтықкүрес саласында қылмыстық заңды одан әрі жетілдіруге мүм-кіндік береді;
- қызметтік жалғандық жасау қылмысын жасаушы субъектілерлауазымды адам мен лауазымды адам мен лауазымды адам бо-лып табылмайтын мемлекеттік қызметшілердің қылмыстарменқылмыстық-құқықтық күрес жүргізетін құқық қорғау орган-дары, ұқсас, бәсекелес құқықтық нормалдарды дұрыс айырабілуі және оларды дұрыс қолдану үшін қылмыстық-құқықтықбазаны теориялық тұрғыдан толықтырады;
- жоғары оқу орындарының заң факультеттерінде оқитындар үшін қосымша мәліметтер алу мақсатында қолданылуы мүмкін.
Қорғауға шығарылатын ережелер.
Дипломдық жұмыс материалдары және қаралып отырған мәселелер төңірегінде белгілі қашдалармен салыстырыла отырып, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі ретінде, мемлекеттік қызмет мүдделері, яғни мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған
лауазымдық өкілеттіктерін атқару жөніндегі мемлекеттік қызметші-
лердің заңды қызметін санау.
Ал, қызметтік жалғандық жасау қылмысының негізгі тікелей объектісі - мемлекет және мемлекеттік органдардың қызметтік мүддесі, оның ішінде ресми құжаттар мен құжаттың заңды айналымы; қосымша тікелей объектісі - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалған мүдделерінің елеулі түрде бүзылу мүмкіндігі ретінде қарау.
2. Сот-тергеу тәжірибесінде қаралып отырған қылмыстың қажетті
белгісі ретінде саналатын ресми құжаттың әртүрлі анықталуына және
қылмыстық занда ұғымдық сипаттамасының берілмеуіне байланыс-
ты, Қылмыстық кодекстің 314-бабының ескертуінде былай деп көр-
сету: «Осы кодекстің баптарында ресми құжат деп заң шығарушы, ат-
қарушы және сот билігі органдары мен жергілікті мемлекеттік басқа-
ру органдарынан шығатын және лауазымды адам мен лауазымды
адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметтінің өзінің қызметтік
міндеттерін орындауына байланысты беретін, сонымен бірге заң не-
гізінде белгілі бір құқықтар мен міндеттердің пайда болуын, өзгеруін
немесе тоқтатылуын анықтайтын, заңдылық мәні бар фактілерді рас-
тауға байланысты толтырылған және мемлекеттік органдардың (меке-
ме, кәсіпорын және ұйымдардың) мөрімен (куәландырылған) құжат
тар саналады» деген ұсыныс.
3. Зерттеу нәтижелерінің қортындысы бойынша ҚК 314-бабының
объективтік жағының белгілері мен интеллектуалдық және материал-
дық жасалу әдістеріне қарай екі жаңа нормаға бөлу және олардың
ұғымы:
а) «Қызметтік жалғандық жасау, яғни лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлметерді енгізуі, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, егер бүл әрекет пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалса және адамның, азаматтардың немесе заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекет-тің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде бұзуға әкеп соқса».
б) «Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің әдейі жалған немесе қолдан жасалған ресми құжаттарды заңсыз беруі және пайдалануы, егер бүл әрекет пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалса және адамның, азаматтардың немесе заңды тұлғалардың құқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде бұзуға әкеп соқса».
- Қылмыстық кодекстің 314-бабы бойынша қылмыс субъекті-лерінің яғни, лауазымды адам және лауазымды адам болып табыл-майтын мемлекеттік қызметшінің міндеттері мен функцияларыныңәр түрлі болуына қарамастан қылмыстық жауаптылықтарының бір-дей дәрежеде бекітілуіне және жауапты мемлекеттік қызмет атқара-тын адамның осы норма бойынша қылмыстық байланысты жеке тармақтарда қарастыру жөнін-дегі ұсыныс.
- Қызметтік жалғандық жасау субъектісі ретінде саналатынлауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшіні, сот-тергеу тәжірибесінде дұрыс анықтау мақсатында және оның норма-тивтік құқықтық актілерде анықталмауына байланысты: «Лауазымдыадам болып табылмайтын мемлекеттік қызметші - бұл мемлекттікоргандарда зандарда белгіленғен тәртіппен ақы төленетін лауазымдықөкілеттік пен лауазымдық міндеттерді жүзеге асыратын, мемлекеттікорганның тағайындалуына қарай заңдылық мағынасы бар әрекеттердіқамтитын өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асырмайтын, мемлекеттік органдарда немесе мекеме, ұйымдар, кәсіпорындарда ұйымдасты-рушылық-өкімдік етушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызмет-терді орындамайтын мемлекеттік қызметші саналады» деп анықтаутуралы ұсыныс.
6. Қылмыстық кодекстің 314-бабында көзделген қоғамға қауіпті
қылмыстық әрекеттердің сот-тергеу тәжірибесінде, бірнеше мәртеқылмысқа қатысудың әртүрлі нысандары арқылы жасалуының орын алуына байланысты, оларды «бірнеше рет», «адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы», және «ұйымдасқан топ жасау» және «ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекет» деген сараланған белгісін енгізу туралы ұсыныс.
7. Мемлекеттік қызметшілердің қылмыс жасау қауіптілігі дәрежесіне және олардың қызмет өткеру мәселелерін реттейтін және де басқа да құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты белгілейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі және азаматтардың басқару тәртібіне қарсы жасайтын қылмыстар санатына кіретін құжаттар жалғандығын жасау үшін белгіленген қылмыстық жазалар түріне қарағанда төмен болуына байланысты, қылмыстық жаза түрлерін жетілдіру туралы тұжырым. Қызметтік жалғандық жасау қылмысы үшін белгіленген айыппұл, түзету жұмыстары мен бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазалардың маңызы зор.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі - 71бет.
1. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
Қызметтік жалғандық жасау қылмысының объектісі. Қызметтік жалғандық жасау қылмысының объектісі, осы қылмыс үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық-құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, жасалған қоғамға қауіпті қол сұғушылықты заңға сәйкес саралау, қылмыстық қол сұғатын қоғамдық қатынастардың шеңберін және мазмұнын дәл анықтауға және қылмыстың объектісін дәл белгілеуге мүмкіндік береді. Қылмыс объектісі - қылмыс құрамның бір элементі, сондықтан, оның болмауы, қылмыстың болмауын да көрсетеді
Қаралып отырған қылмыс, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар жүйесіне жатқызылған. Сондықтан ғылыми әдебиеттердегі осы қылмыстар жүйесіне байланысты, топтық объектінің анықталуына бірнеше қөзқарас бар. Олар лауазымдық қылмыстардың топтық объектісі «мемлекеттік аппараттың дұрыс қызметі»3 деп анықтайды. Бірақ, «дұрыс қызмет» және «бірқалыпты» деп беру, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы бағытталған әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін нақты ашпайды. Өйткені, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған, сонымен бірге «мемлекеттік қызмет мүдделерін» қылмыстық заң қорғауына алып отыр.
Сондықтан, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі ретінде, мемлекеттік қызмет мүдделері, яғни мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерін атқару жөніндегі мемлекеттік қызметшілердің занды қызметі деп санаймыз.
Қызметтік жалғандық жасау қылмысы да белгілі бір объектіге қол сұғады, оған байланысты қылмыстық-құқық әдебиеттерінде көптеген көзқарастар бар.
А. А. Пионтковскийдің пікірі бойынша «лауазымды адам жасаған құжаттар жалғандығының объектісі болып мемлекеттік аппараттың қызметі саналады . . . ». 4
Ал, А. Н. Трайнин «құжаттар жалғандығының объектісі болып, сол ресми құжаттар саналады» деп атайды, сонымен бірге ол бүл көзқарасын өзгертіп, бұл қылмыстың объектісі болып «мемлекеттік немесе қоғамдық мекеме және кәсіпорыннан шығатын құжаттардың шынайылығы және шындығы» деп түйіндеді5.
РКФСР-дің Қылмыстық кодексі түсіндірмесінің авторлары былай деп жазады «мемлекеттік немесе қоғамдық мекемеден шығатын қандай да болмасын құжат - куәлік, анықтама, мандат, хаттамадан көшірме, қаулы, бұйрық» лауызымдық жалғандықтың объектісі болып саналады. 6
Т. Л. Сергеевтің кеңестік Қылмыстық кодексі бойынша құжаттар жалғандығымен күреске арналған жұмысында, құжаттар жалғандығының нақты объектісін анықтай отырып былай деп жазады; «Құжаттардың шынайылығы және шындығын бұза отырып, қылмыскер өз әрекетімен заңдылық мағынасы бар оқиғалар мен фактілерді жазбаша актілермен растау үшін кеңестік социалистік қоғамда бекітілген қатынастар жүйесіне қол сұғады. 7 Осындай социалистік қатынастың тектес жүйесі, қандай да болмасын құжаттар жалғандығына қол сұғудың тікелей объектісі болып саналады. В. Ф. Кириченконың пікірі бойынша «Лауазымдық жалғандығы-ның нақты объектісі болып, жасау немесе жасыру үшін лауазымдық жалғандық жасалынатын сол лауазымды қылмыстың нақты объектісі саналады»8 .
Б. И. Пинхасовтың көзқарсы бойынша, қызметтік жалғандықтың объектісі: «мемлекеттік немесе қоғамдық мекемелер, кәсіпорындар немесе ұйымдардың дұрыс қызметі» болып саналады. 9 Бүндай пікірді Л. А. Ағыбаева да қолдайды .
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі түсіндірмесінің авторлары, қызметтік жалғандықтың объектісі болып, «мемлекеттік қызметтің мүддесі саналады»10 деп жазады.
Аталған пікірлердегі кемшілік, топтық объектіге кіретін қоғамдық қатынасты, тікелей объектінің құрамдас бөлігі ретінде берілуінде және қызметтік жалғандық жасау қылмысы субъектілерінің іс-әрекетіне байланысты басқа да қоғамдық қатынастарға зиян келтіру қауіпі қаралмаған.
Автордың пікірінше, қызметтік жалғандық жасау қылмысын жасаушы субъектілер (лауазымды адам немесе лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметші) бірнеше объектіге қол сұғады, атап айтқанда:
- біріншіден, көрінеу жалған мәліметтер енгізілген ресми құжат-тар және жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бойыншасол мемлекеттік органның қызметтік мүдделеріне қиянат жа-салынады;
- екіншіден, қаралып отырған қылмыс арқылы қиянат жасау-шы, ең алдымен мемлекеттік органдардан шығатын ресми құ-жат және құжатқа диспозицияда көрсетілген әрекеттерді жасауарқылы, халық алдында мемлекеттік органға деген сенімсіздіктуғызады;
- үшіншіден, көрінеу жалған мәліметтер енгізілген ресми құжат-тар және жалған немесе қолдан жасалған құжаттар арқылыбасқа да қылмыстық құқықтың қорғалуына алынған қоғамдық қатынастарға қиянат жасалынады;
- төртіншіден, ресми құжаттар мен құжаттардың заңды айналы-мына қол сұғылады;
- бесіншіден, көрінеу жалған мөліметтер енгізілген ресми құ-
жаттарға және жалған немесе қолдан жасалған құжаттарға
иеленген қоғамдық қатынас субъектілері, ресми құжат және
құжаттың заңға сәйкес болуына қажетті процедураларды сақ-
тамай, белгілі материалдық, заттық, мүліктік, басқа да игіліктер мен құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіншіліктер туғызады.
Сонымен, қызметтік жалғандық жасау қылмысының бірнеше қоғамдық қатынастар аясына зиян келтіруі анықталып отыр, оның құқық қорғау органдарының құқық қолдану қызметінде ескерілуі де өте маңызды.
Қылмыстық құқық теориясында қалыптасқан тікелей объектінің негізгі, қосымша және факультативті тікелей объект болатынын ескеріп, біздің ойымызша қызметтік жалғандық жасау қылмысының негізгі тікелей объектісі - мемлекет және мемлекеттік органдардың қызметтік мүддесі, оның ішінде ресми құжаттар мен құжаттың занды айналымы; қосымша тікелей объектісі - жеке және занды тұлғалардың құқықтары мен занды мүдделері не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалған мүдделерінің елеулі түрде бүзылу мүмкіндігі; факультативті тікелей объектісі - мемлекеттік органдардың істеріндегі ресми құжат жөне құжаттың заңды айналымына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесінің бұзылуына зиян келтіру қауіпі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz