Ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық, жалпы әдістемелік негіздері


ІШКІШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ, ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1. ІШЖО ұғымы, оның мақсаты мен міндеттері
Ішкішаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) - жерге орналастырудың негізгі түрлерінің бірі. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау объектісі ретінде ауылшаруашылық кәсіпорындарына, шаруа (фермерлік) қожалықтарға, серіктестіктерге, кооперативтерге және басқа шаруашылықтық құрылымдарға тұрақты (мерзімсіз) пайдалануға немесе жалға алу шартымен белгілі бір мерзімге бекітілген жерлерде ауылшаруашылық өндірісін территориялық ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі уақытта ауылшаруашыдық өнімі өндірумен әр түрлі ірі мемлекеттік кәсіпорындар (тұқым дайындайтын және басқа мамандандырылған шаруашылықтар), мемлекеттік емес (шаруа қожалықтары, ұжымдық кәсіпорындар мен кооперативтер, акционерлік қоғамдар және т. б. ) айналысады. . Олардың көпшілігі ә р түрлі шаруашылықаралық және агроөнеркәсіптік бірлестіктер қатарына кіргенмсн, бірақ барлығы да өз еріктілігін сақтайды және негізгі жер пайдаланушылықтар болып табылады. Сонымен қатар ішкішаруашылық жерге орналастыру объектісі ретінде ғылыми-зерттеу мекемелерінің және машина сынау станцияларының тәжірибелік шаруашылықтары жоғары оқу орындарының колледждердің оқу-тәжірибелік шаруашылықтары, өнеркәсіптердің, ұйымдар мен мекемелерлін қосалқы ауылшаруашылықтары болуы мүмкін.
ІШЖО-дың басты мақсаты - шаруашылықтық субъектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетінде ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шылын жұмсап, максимальды мөлшерде жоғары сапалы өнім алу, оны сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу.
ІШЖО-дың негізгі міндеттері - ауылшаруашылық айналымындағы әрбір жер учаскссін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін (өндірісті территориялық ұйымдастыру) территорияны ұйымдастыру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен антропогенді ессрлерден қорғау, сонымен қатар уақыт пен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина-трактор паркін өнімді пайдалану және еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Тсрриторияны ішкішаруашылық ұйымдастыру процесінде көрсетілген негізгі міндеттерден туындайтын немесе онымсн тығыз байланысты бірқатар басқа да маңызды міндеттер шешіледі:
• топырақтың құнарлығын сақтау және көбейту;
• ауылшаруашылық алаптардың пайдаланылуын жақсарту, өңделетін жерлердің қарқындылығын көтеру;
• топырақ эрозиясы салдарын жою және болашақта эрозиялық процестерді болдырмау;
• суармалы жерлердің тұздану салдарын жою, ирригациялық эрозия мен қайта тұздануды болдырмау;
• барларын сақтап, жаңа мәдени ландшафтарды құру;
• адамдардың дем алу, еңбек және тұрмыстық жағдайларын жақсарту.
Инженерлік бір стадиялы немесе екі стадиялы жобаларды жасау. оларды натураға көшіру және жүзеге асыру арқылы өтетін ішкішаруашылық жерге орналастырудың аумақты және толық мазмұны күрдслі міндеттермен сәйкес кследі. Демек, «Ішкішаруашылық жерге орналастыру» ұғымы бұл - еңбекті және ауылшаруашылық техникасын ұтымды пайдаланып, топырақ құнарлығы мен жердің басқа да пайдалы қасиеттерін сақтап, көбейтіп, ауыл тұрғындарының еңбек етуі мен өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес меншік формаларындағы әр түрлі шаруашылықтық құрылымдардың ауылшаруашылық өндірісін территорияда ұйымдастыру үшін жүргізілетін шаралар жүйесі.
Бақылау сұрақтары:
- Ішкішаруашылық жерге орналастыру дегеніміз не?
- Ішкішаруашылық жерге орналастырудың міндеті?
- ІШЖО-дың басты мақсаты?
2 лекция ІШЖО жобасы, оның мазмұны мен жасау әдістемесінің реттілігі
ІШЖО жобасының мазмұны жерге орналастырылатын объектінің табиғи және экономикалық жағдайларына, шаруашылықтың өндірістік типіне, меншік фирмасына байланысты. Дегенмен, ІШЖО жобасының негізгі алты түрлі құрамдас бөлігін атап көрсетуге болады. Олар:
- өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастыру;
- ішкішаруашылық жолдарды, су шаруашылығы мен басқа да инженер-лік ғимараттарды орналастыру;
- алаптарды ұйымдастыру;
- ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру;
- жеміс-жидек және жүзімдік көшеттерінің (бақша, жидектер, жүзімдік) территориясын орналастыру;
- мал азықтық алаптардың территориясын орналастыру.
Жобаның осы аталып өткен құрама бөліктерінің әр қайсысы күрделі мәселелелер кешенін шешуге арналған.
Көлемді есептеумен және шаруашылық массивтерінің (учаскелерді) немесе сызықтық контурларды орналастырумен тікелей байланысты бөліктер элементтерге біріктірілген. Құрам бөліктерге бөлу және әр түрлі мәселерді шешу кезінде олардың арасында тікелей немесе жанама байланыстар көп болғандықтан, әрқашан да дәл орындала бермейді. Дегенмен, маңыздылығы әр түрлі жобалық мәселелерді шешу кезінде белгілі бір әдістемелік жүйелікті қамтамасыз ету үшін ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасының барлық құрамдас бөлшектерін талдауға тура келеді.
1-кесте. Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасының құрылымдық бөліктері
Өндірістік бөлімшелердің құрамын, санын және өлшемдерін анықтау.
Шаруашылық орталықтарын орналастыру. Өндірістік бөлім-шелердің жер массивін орналастыру.
Ішкішаруашылық жолдарды орналастыру.
Су шаруашылықтық және басқа инженерлік қондырғылар обьектілерін орналастыру.
Жер алаптарын трансформациялау, жақсарту және реттестіру.
Ауылшаруашылық алаптарының құрамы мен ара қатынасын орнату, оларды орналастыру
Ауыспалы егістердің типін, түрін мазмұнын, санын және көле-мін анықтау.
Ауыспалы егіс массивтерін орналастыру және оларды шаруа-шылық-есептік және арендалық ұжымдарға бекіту.
Ауыспалы егіс танаптары мен жүмысшы учаскелерді орналас-тыру және оларды шаруашылық-есептік ұжымдарға бекіту. Танап қорғайтын орман жолақтарын орналастыру.
Далалық жолдарды орналастыру.
Дала қостарын орналастыру.
Тұқымдар мен сорттады орналастыру.
Кварталдарды (жүзімдіктер үшін клеткаларды) орналастыру, оларды шаруашылық есептік ұжымдарға бекіту.
Қорғайтын орман көшеттерін, жолдарды, қосалқы шаруашы-лық орталықтарын, су көздерін, суару және құрғату желісін ор-наластыру.
Жидектер территориясын орналастыру.
Жеміс және жүзім көшеттерінің территориясын орналастыру және реттестіру.
Жайылымдарды фермаларға, мал топтарына, шаруашылық-ес-ептік және арендалық ұжымдарға бекіту.
Жайылымдық ауыспалы егісті ұйымдастыру және олардың та-наптарын орналастыру.
Гурт (отар) учаскелерін орналастыру.
Кезекті мал жайылатын өрістерді орналастыру.
Жазғы лагерлерді орналастыру.
Мал айдайтын жолдарды орналастыру.
Су көздері мен суару пункттерін орналастыру.
Шабындықтық ауыспалы егісті ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру(танаптарды, жолдарды және т. б. орналастыру) .
Шабындық учаскелерін шаруашылық есептік және арендалық ұжымдарға бекіту.
Құрама бөліктің біріншісінің мазмұны шаруашылықтың қазіргі жағдай-ларына түзетулер енгізу немесе шаруашылық құрылымын жасау, өндірістік бөлімшелерге бекітілген жер массивтерінің көлемдері мен межелерін, ішкішаруашылықтың мамандандырылуын, сонымен қатар шаруашылық ор-талықтарының, фермалардың, кешендердің тұрған орнын анықтау.
Екінші құрама бөлік шаруашылық орталықтары және басқа да жерлермен байланыс жасау үшін пайдаланылатын ішкішаруашылық жолдарды орналас-тыруды қамтиды.
Жобаның үшінші орталық құрама бөлігі алаптарды ұйымдастыру болып табылады. Оның мазмұны әрбір жер учаскесін қазіргі кездегі талаптарға сай мелиорация, химизация және культуртехникалық шараларды қолдану арқы-лы пайдалануды көрсетеді. Алаптарды ұйымдастыру мазмұны екі элементке бөлінеді. Біріншісінің мақсаты − барлық жер алаптарын ауылшаруашылық айналымына енгізу арқылы, оларды жақсарту, мелиоративтік және басқа ша-раларды қолдану арқылы ауылшаруашылық алаптарын көбейту. Екіншісі − ауылшаруашылық алаптарын интенсивті пайдалануды көтеруге, экономика-лық тиімді және экологиялық ұтымды жыртылған жерді, жеміс-жидектік, жү-зімдік және басқа плантацияларды анықтауға, яғни ауылшаруашылық алап-тарын орналастырып, құрылымын жақсартуға бағытталған. Жобалық план мен алаптардың экспликациясында көрсетілген алаптарды ұйымдастыру нә-тижесінде жұмысшы жобалар жасалды.
Алаптарды ұйымдастыру кезінде анықталған жыртылған жердің, жеміс-жидек көшеттерінің, жайылымдар мен шабындықтардың ауданы, яғни құра-ма бөліктің үшінші бөлімінде жасалған жұмыстар олардың ішін реттестіруді талап етеді. Ол жобаның төртінші, бесінші және алтыншы құрама бөлігі бо-лып табылады.
Бақылау сұрақтары:
- ІШЖО жобасының мазмұны?
- ІШЖО жобасының құрам бөліктері.
- ІШЖО жобасын жасау әдістемесінің реттілігі.
3-4 лекция ІШЖО жүргізілетін іздестіру жұмыстары және олардың нәтижелерін жобалауда қолдану
Жан-жақты, толық негізделген ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау үшін материалдар мен құжаттар керек. Осы құжаттарда жер пайдаланушылық, шаруашылық салаларының қазіргі жағдайы мен болашақта дамуы, жобалық жұмыстар, территорияның ұйымдастырылуы, сипатталуы тиісті. Бұл мәліметтерді іздестіру процесінде алуға болады. Оның мақсаты жерге орналастырылатын шаруашылықтың жер қорын пайдалану, орналастыру және қорғау жөніндегі жобалық құжаттарды жасау үшін құқықтық, техникалық және экологиялық-экономикалық негізді жасап, бағалау жәнеоқып зерттеу болып табылады. Іздестіру кезеңі екіге бөлінеді: дайындық-камералдық және далалық.
Дайындық жұмыстары:
- планды-картографиялық, жер-кадастрлық, зерттеу материалдарын;
- салалардың экономиясын сипаттайтын мәліметтерді;
- шаруашылықтың орналасқан аймағының агроклиматтық жағдаларын;
- шаруашылықтың территориясының ұйымдастырылуын және өндірістің болашақта дамуын сипаттайтын бұрын жасалған немесе болжаулық жобалар жөніндегі мәліметтерді жинауды, жүйелендіруді, зерттеуді, талдауды және бағалауды қамтиды.
Планды-картографиялық материалдарға жер пайдаланушылықтың планы, әр түрлі зерттеулердің (топырақтың, топырақ-эрозиялық, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық және т. б. ) сызбалары жатады. Жер пайдаланушылық планы-жобаны құрудың техникалық негізі болып табылады. Әдетте, аэрофототүсіріс арқылы алынған планды материалдардың көшірмесі қолданылады. Ал кейбір жағдайларда жер бетіндегі түсірістердің мәліметтері пайдалануы мүмкін. Еліміздің аймақтары бойынша 1:5000−нан 1:5−дейінгі әр түрлі масштабтағы пландар пайдаланылады. Масштабты таңдау шаруашылық жүргізу әдісіне және формасына шаруашылықтың өндірістік типіне, жер пайдаланушылықтың өлшеміне, оның конфигурациясына, контурлардың бөлшектенуіне, бедердің күрделілігіне, алаптарды пайдалану интенсивтілігіне және т. б. байланысты.
Жиналған планды-картографиялық материалдар техникалық талаптарға сай болуы тиісті.
Ауданның және шаруашылықтың жер-кадастрлық кітабының мәліметтері бойынша мынадай материалдар жиналады:жер пайдаланушылықты тіркеу, жерді сандық және сапалық есепке алу, топырақты бонитировкалау және жерді экономикалық бағалау.
Шаруашылық территориясының табиғи жағдайларын зерттеу мақсатында планды-картографиялық материалдарға қоса, әр түрлі зерттеулер мен іздестіру (топырақтық, геоботаникалық, орман-мелиоративтік, сушаруа-шылықтық, жолдық және т. б. ) материалдары жиналады.
Топырақ зерттеу материалдары бойынша топырақ жамылғысының физикалық-химиялық қасиеттері, қалыңдығы және тұзданғандығы, сонымен қатар агроөндірістік топтастырылуы және оларды пайдалану және жақсарту жөніндегі ұсыныстар оқып зерттеледі.
Эрозия пайда бола бастаса қосымша топырақ-эрозиялық зерттеу материалдары зерттеліп, эрозияға ұшыраған және эрозиялық қауіпті жерлер, қажетті топырақ қорғайтын шаралар анықталады.
Геоботаникалық зерттеу материалдары бойынша, шабындықтар ман жайылымдардың шығымдылығы, олардың культуртехникалық жағдайлары, жайылымдардың мерзімділігі, оларды әр түрлі мал топтарына пайдалану жөніндегі ұсыныстар оқып зерттеледі.
Сонымен қатар планды-картографиялық және зерттеу материалдары бойынша гидрография желісі (өзендер, жылғалар, тоғандар және т. б. ) территорияның суландырылғандығы, жыра-сайларды құрғату және суландыру желісінің орналасуы оқып зерттеледі; жер асты және артезиан суларының жату тереңдігі, жергілікті пайдалы қазбалар (қиыршық, тас, құм, саз, және торф) қоры жөніндегі мәліметтер анықталады.
Метеорологиялық станцияның көпжылдық мәліметтері және климаттық анықтамалар бойынша шаруашылықтың орналасқан аймағының агроклиматтық жағдайларын сипаттайтын мәліметтер жиналып, талданады, яғни жыл кезеңдерінің ұзақтығы, температуралық режим, қар жамылғысы, жауын-шашын мөлшері, қайталап соғатын зиянды жел және т. б.
Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын зерттеу мақсатында соңғы үш жылғы есеп берулер бойынша шаруашылық саласының болашақта даму жағдайы мен жақын болашаққа жасалған планы анықталды. Нәтижесінде шаруашылықтың мамандығын, шаруашылықара-лық байланысын, ішкішаруашылық бөлімшелердің түрін және санын си-паттайтын мәліметтер алынады. Сонымен қатар егістік көлемі, құрылымы, дақылдардың түсімділігі, суармалы жерлердің пайдаланылуы, егіншіліктің жалпы өнімі мен оның таратылуы, мал басы мен түрлері, мал басына кететін мал азығының шығыны, мал азығымен қамтамасыз етілуі, мал өнімділігі, мал шаруашылығы өнімінің көлемі мен оның таратылуы, еңбек ресурсы және т. с. с анықталады.
Далалық жерге орналастыру бойынша іздестірулердің міндеті мыналар болып табылады: бұрын жасалған іздестірулер мен зерттеу материалдарын натурада анықтау; жеткіліксіз болған жағдайда қосымша зерттеулер жүргізу; бұрын жасалған жобалық жұмыстардың жүзеге асырылу деңгейін натурада тексеру; территорияның қалыптасқан ұйымдастырылуын, оның пайдаланы-луын, жер алаптарының жай-күйін натурада анықтау; елді мекендердің, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін азаматтарға жеке меншікке берілген жер учаскелерінің, басқа категория жерлерінің межелерін анықтау; алаптарды жақсарту және трансформациялау жөнінде алдын ала жасалған белгілерді, жерді болашақта пайдалану бойынша камералдық дайындық кезінде көздел-
ген жұмыстарды анықтау.
Сонымен бірге далалық іздестірулер процесінде: шаруашылықтың мамандандырылуы, оның шаруашылық ұйымдастыру құрылымы, ішкішаруашылық бөлімшелерінің түрлері, саны, өлшемдері, мамандығы анықталады; елді мекендері, өндірістік орталықтары, далалық қостары, жазғы лагерлері, қыстаулары зерттеледі; құрылыстар мен ғимараттардың құны, орналасуы, сыйымдылығы жөнінде қосымша мәліметтер алынады; оларды пайдалану мүмкіндігі, қосымша құрылыс көлемі, қажетті жер мөлшері анықталады; жолдар және ондағы ғимараттар, олардың жай-күйі, техникалық көрсеткіштері, әрі қарай пайдалану тиімділігі, бұрыннан барын жөндеу және жаңасын салу қажеттігі анықталып, зерттеледі; ішкішаруашылық жолдар сипатталады; мелиоративтік учаскелердің (суару, құрғату, сортаңданған жерлерді игеру) пайдаланылуы зерттеліп, олардың ауданын үлкейту мүмкін-дігі қарастырылады; ирригация желісі, оның жай-күйі, жөндеу қажеттілігі, су пайдалану жағдайлары, суару, суландыру мақсатында тоған, су қоймаларын орналастыру орындарының бар жоғы зерттеледі; ішкішаруашылық бөлімше-лердің жер массивтерінің орналасуы, олардың межелерін түзету қажеттілігі анықталады; көпжылдық көшеттердің орналасуы, оларды дұрыстау және кең-ейту жөніндегі шаралар зерттеледі; эрозиялық процестердің, эрозиялық қауіпті территориялардың пайда болуы анықталады: су жиналатын алаңдар, су айрықтар, су ағарлар бөлінеді; жыра, сайлар зерттеледі; шайылуды тоқтату жөніндегі шаралар, қорғайтын орман көшеттерінің орналасуы, тұқымдық құрамы, құрылымы анықталады; бұрыннан бар гидротехникалық ғимараттар зерттеліп, сипаттама беріледі; әсіресе камералдық дайындық процесінде трансформациялауға ұсынылған учаскелер мұқият зерттеледі, оларға топырағы, бедері, су және жел эрозиясының пайда болуы, сортаңданғандығы және тұзданғандығы бойынша сипаттама беріледі; қажетті мелиоративтік және культуртехникалық шаралар, бонитет балы көрсетіледі; осы жағдайларға байланысты ұсынылатын ауыспалы егістердің типтері және түрлері анықталады.
Соңында, территорияда жерге орналастырылған, элементтердің қайсысын сақтап қалу керек екендігі анықталады. Бұрын жасалған жобаның жүзеге асы-
рылуы дәрежесіне байланысты жаңадан жерге орналастыруды жүргізу қажеттілігі, немесе бұрынғысын түзетумен шектелу жөніндегі мәселе шеші-леді.
Іздестіру материалдары арқылы жерге орналастырылған жылғы алаптар-дың ауданы және жер-кадастрлық мәліметтер бойынша олардың сапалық сипаттамасы анықталады.
Жерге орналастыруды іздестіру сызбасында мыналар көрсетіледі: ішкішар-уашылық бөлімшелердің бұрынғы межелері және оларды өзгерту жөніндегі ұсыныстар; шаруашылық орталықтарының бұрынғы және жобалық орнала-суы; суармалы жерлердің межелері және оларды кеңейту жөніндегі ұсыныс-тар; көпжылдық көшеттердің, әр түрлі инженерлік ғимараттардың шамамен орналасуы; трансформациялауға және жақсартуға жататын массивтер; соңғы екі жылда егістіктің орналасуы, топырақ жамылғысы, жер бедері және терри-торияның эрозияға ұшырағандығы ескеріле отырып, ауыспалы егіс массивтерінің межелері; жыралық, жылғалық суреттегіш орман жолақтарын құруды, эрозияға қарсы гидротехникалық қондырғыларды салуды, қажетсінетін орындар; рекультивациялауға жататын бүлінген жерлер; эрозия процестерінің дамуына ықпал ететін сызықтық межелер; табиғат қорғау зоналары, қорықтар, қорғалатын территориялар.
Осы сызбаға қосымша топырақтың әр түрлілігі бойынша бонитет балы-ның, жердің жарамдылық категориясының және класының картасы жасала-ды. Күрделі бедерлі жағдайларда беткейдің еңісінің картограммасы құрыла-ды. Жерге орналастырулық іздестіру процесінде, территорияның нақты эро-зияланғандығы ғана емес, эрозияның мүмкін қауіптілігі де анықталуы тиіс. Ол үшін эрозияға қарсы неше түрлі шараларды қажетсінетін, эрозиялық қауіптілігі әр түрлі дәрежедегі жерлердің картограммасы жасалады.
Жерге орналастырулық іздестірулер материалдары және шаруашылық салаларының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары, сонымен қатар әр түрлі болжау жұмыстары ескеріле отырып, территорияны және өндірісті ұйымдастырудың негізгі шешімдері алдын-ала анықталатын жобалауға тап-сырма жасалады.
Жобалау тапсырмасында мыналар көрсетіледі: шаруашылықтың маман-дандырылуы, шаруашылықаралық байланысы; өсімдік және мал шаруашы-лықтарының жалпы және тауарлы өнімдерінің белгіленген көлемі; егістік ауданының шамамен құрылымы, ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығы және мал азықтық алаптардың өнімділігі; жоспарланған мал басы және малдың өнімділігі, азықтандыру нормасы; елді мекендердің әкімшілік шаруашылықтық бағыты; өндірісті ұйымдастыру және жол желісін жақсарту жөніндегі шаралар; трансформацияланатын жерлердің шамамен ау-даны, ауылшаруашылық алаптарының құрамы; ауыспалы егістердің түрлері, типтері, саны, шамамен өлшемдері, дақылдардың кезектелу схемасы, олардың шамамен орналасуы; ауыспалы жайылым және шабындықтардың түрлері, саны, олардың фермаларға және мал топтарына бекітілуі; көпжыл-дық жеміс-жидектер көшеттердің ауданын кеңейту және олардың террито-риясын орналастыру жөніндегі ұсыныстар; табиғатты қорғау бойынша жос-парланған шаралар.
Бақылау сұрақтары:
- Іздестіру кезеңі нешеге бөлінеді?
- Дайындық жұмыстары дегеніміз не?
- Далалық жерге орналастыру?
- Жерге орналастыруды іздестіру сызбасында не көрсетіледі?
- Жобалау тапсырмасында не көрсетіледі?
9-10 лекция. Ауыл шаруашылық алқаптарын реттестіру
1. Мақсат міндеттері, мазмұны жәнеи жалпы орындау реттілігі
Жобаның негізгі бөлігі алаптарды реттестірудің басты мақсаты- жерді жоғары қарқынды пайдалану және қорғау үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін алаптардың тиімді ара қатынасын орнатып, болашаққа орналастыру болып табылады.
Алаптардың құрамы, олардың құрылымы және орналасуы, жерге орналастырудың осы объектісінің табиғи және экономикалық жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасты. Осы жағдайлардың әр түрлідігіне байланысты алаптарды пайдалану деңгейі, құрылымы түрлі табиғи-шаруашьшықтық аймақтарда бір-бірінен ерекшеленеді. Әртүрлі аймактардағы территорияның игерілу деңгейі ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін жерді пайдалану коэффициентімен, яғни ауылшаруашылық алаптары ауданының жер пайдаланушылықтың жалпы ауданына қатынасымен сипатталады. Қазақстанның барлық облыстары бойынша Атырау және Қызылорда (77-78%) облыстарын қоспағанда, жер пайдалану коэффициенті өте жоғары (89-5%) . Жыртылған жердің үлес салмағының маңызы зор. Ол солтүстік облыстарда жоғары: Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында (35-65%), Алматы және Павлодарда (30-55%) ; оңтүстік облыстарда 11-12% шамасында. Атырау, Қызылорда облыстарында ең төмен - 0, 5-2%.
Оңтүстік облыстарда суармалы жыртылған жердің үлес салмағы жоғары. Мұнда ауылшаруашылық алаптарының ауданына 3, 5-4, 5% келсе, солтүстікте 0, 2-0, 3% аспайды.
Алаптардың құрылымы агроқұрылымдардың өндірістік типіне байланысты. Мысалы, Ақмола облысында ауылшаруашылық алаптарының
құрамындағы жыртылған жердің үлес салмағы, облыстың барлық шаруашылықтары бойынша орташа көрсеткіш - 35, 4% болғанда, төмендегідей: астық және шошқа шаруашылығы бағытындағы шаруа-шылықтарда - 50-70%, қой шаруашылығында - 7, 7%, етті және етті-сүтті бағыттағы шаруашылықта - 30-40%.
Мелиоративтік, культуртехникалық және басқа шаралар арқылы жер алаптарын пайдалану қарқындылығы жаксартылуы мүмкін. Оларды қолдану нәтижесіндс жер учаскелерін пайдалану түбегейлі өзгеруі мүмкін, яғни бұл учаскелерді алаптың бір түрінен басқа түріне ауыстыруды талап етеді.
Шаруашылықтағы алаптардың арақатынасы және салаларының үйлесімі өзара байланысты. Сонымен қатар, мәдени ландшафт құру үшін, экологиялық тұрғыдан алғанда, танаптардың, ормандардың, шалғындардың, судың тиімді арақатынасын орнату оте маңызды.
Демек, алап тұрақты және өзгермейтін нәрсе емес.
Алаптардың нақты құрылымынан жобалық кұрылымға ауысу оларды бірте-бірте трансформациялау, яғни алаптарды бір түрден басқа түрге ауыстыру жолымен жүргізілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz