Қиял жайлы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қиял

1. Қиял туралы жалпы ұғым.

2. Қиял түрлері.

3. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары.

4. Қиялды дамыту жолдары.

Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды сүреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда (мәселен, алыстағы Африка, Австралия, Индия т. б. ) бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процессінің жемісі болып саналады. «Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады. » ( М. Жұмабаев ) .

Бес жасар Асан үстелдің үстіне шығып алып, көзін қолымен көлегейлеп, үңіліп, алысқа қараған болады. Ол өзін дауылды асау теңізде жүрген үлкен кеменің ысылған капитанымын деп есептейді. Бұл секілді көріністерді Асан талай рет теледидардан көрген, мамасы да осы жөнінде әңгіме айтқан. Міне, енді оның өзі көрген білгендерінің негізінде, өзінше қайтадан өңдеп, бір елес тудырып тұр.

Адамның өмір тәжірибесі, білімі неғұрлым мол болса, қиял елестері де соғұрлым айқын және толық болатындығы, ал бұл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады. Мәселен, біз төртінші сынып оқушыларына қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылының өмірі тұралы әңгіме айтқанымызда, кейбір оқушылар сол кездегі қазақ ауылына тән өзіндік өмір көріністерін, байлардың сән-салтанатты, кедейлердің ауыр тұрмысы, сол кездегі адамдардың тұрмыс, салт ерекшеліктерін онша ажырата алмайтындықтарын көрсетті. Балалардың осы секілді елестерінің солғындығы оларда Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылындағы өмірді бейнелейтін нақты материалдардың жетімсіздігінен туған болып шықты. Кейін осы тақырыпқа қайта оралып, көрнекілік жағына ерекше мән берілгенде (оқушыларға осы жөнінде әңгіме айту, түрлі суреттер көрсету, мұражайларға, театрға апару) оқушылардың Қазан төңкерісіне бұрынғы қазақ ауылы өмірі жөніндегі түсініктері нақтылана бастады.

Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: « . . . барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сезімдік заттарды модельдендіре алады. » ( әл-Фараби) . Адамда қиял пайда болған кезде ми қабағында бұрын жасалған

Уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рол атқарады.

Адамдарпдың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығуларымен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

2) қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ерсек адамның қиялымен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қошауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында, - деп жазады М. Жұмабаев, - меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен біргеөріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әректке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуіде мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял - мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;

5) адам қиялы еңбек процессінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіріп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным түсінігі әр түрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам

қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметке ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында.

Айдахардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша бейнелейді: « Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламыз, оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы - әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.

Қиял процессінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын

зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.

Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайды өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер борлатын жалғыз ғана ұлы болыпты, - өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді . . . өзі ақылды болыпты . . . оның бір ғана кемшілігі - шылым тартады екен . . . Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлитіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қамалған . . . ». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: - Мен енді шылым тартпаймын . . . - деді» . . .

Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық « Қыран жетпеген жерге қиял

жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы К. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұнғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың және басқалардың ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.

Ұйқы екезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жакғдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші» пункттердің біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйеснің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Бұндай образдарды А. С. Пушкин « Евгений Онегинде» Татьянаның түсі арқылы тамаша көрсетіп берген.

Ұйқы кезіндегі ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан құралған. Бұлардың негізі - адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген -көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. ұйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің ( жүрек, өкпе, асқазан т. б. ) жұмысына бір жайсыздық түссе, бұл да адамның түсіне қай -қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бұдан ол ентігіп, бұлығады.

Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер» кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есту т. б. ) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінрек пайда болса, онда сол адамның түсіне бұрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, - деп жазды И. П. Павлов, - бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Түс көруді ұйқыдағы мидың фантазиясы деуге болады. Мұндай қиялды әдейілеп туғызу және оны саналы түрде басқарып отыру мүмкін емес. Сондықтан түс көру қиялдың ең пассивтік түрі болып табылады.

Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның ояу кезінде де туып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады. Мәселен, адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы түрлі көленкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Леонардо да Винчи: қабырғадағы даққа, үйілген күлге, бұлтқа қарап, осылардан адамның пішінін, табиғат көріністерін табуға болады дейді. Бұл айтылғандардың бәрі - ырықсыз қиялдың мысалдары.

Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталынады. Бұл - қиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның творчестволық әрекетімен тығыз байланысып жатқан түрі. Актив қиял кейде ырықты қиял деп те аталынады. Актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бөлінеді.

Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын, қайта жасау қиялы деп атайды.

Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түіне білумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы қажет. Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің басты жолы - көркем әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек оқи бергенмен қиял өспейді. Мәселен, үстіртін, тек «қызық» жерін теріп оқудан қиял дамымайды. Қиялды өсіру үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны көргендей, естігендей болып отыру қажет. Мәселен, Мұхтар Әуезовтың «Абай» романын қиялы бай адам оқитын болса, ондағы кейіпкерлер мен түрлі оқиғалар оның көз алдына елестеп, галереядағы суреттей жайнап тұрады. Бұл - қайта жасау қиялының көрінісі. Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын көз алдында тұрғандай көріп, тіпті сөйлеген сөздерін естігендей де болады. Өзін романның кейіпкерлері мен бірге жүргізіп, онымен бірге тұратындай сезінеді. А. С. Пушкин Полтава соғысын тамаша суреттеп бере алған. Осы жолдарды оқыған адам қиялымен соғысты көріп, ондағы адамдардың қимыл-қозғалысын көріп отырғандай болады.

Көркем суреттеулер адамда қиялдың бірнеше түрлерінің (көру, есту, иіс т. б. ) қатарынан жұмыс істеуін қажет етеді. Қайта жасау қиялының екінші шарты, оның тамаша мектебі - географиялық карталарды оқып үйрену. Картаның бетінде саяхат жасау бала қиялына планетаның түрлі түпкірлерін елестетеді, балаға талай алыс жерлерді көргізіп отырады.

Эксперименттік зерттеулердің бірінде географиялық картамен жұмыс істеу оқушылардың ой белсендігіне, түрлі объекттердің арасындағы (байланыс-іліктестікті) ұқсастық, айырмашылықтарды іздей түсуге, түрлі кеңістіктен бағыт-бағдар іздестіруге себепші болатындығы, сөйтіп қайта жасау қиялы адам психикасын активтендіре түсетіндігі анықталған.

Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитродың т. . б. қилы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын - жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс -әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К. С. Станиславский: «Артистің көкірегінде өзі бейнелеп тұрған адамның ой - толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолда жасағаннан келмейді», - дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындауышы Ольга Книппер - Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас алады екен. Мұндайда актёр сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықытың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бұл - творчестволық қиялы өте бай адамның қолынан келетін қасиет.

Ақын - жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардың мінез - құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын - жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян - қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңіл жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға ұқсататындығы соншалық, - өз жеңіні де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.

Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы алдын - ала орасан зор жұмыстар істей білуге қабілеттілік адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақысы ақын шығуы мүмкін емес.

Ғалым үшін де творчестволық қиял аса қажет. Творчестволық қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жұмысын ұйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жұмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің еңбегі емес, ғылымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейілінше берілушілік - нағыз ғалымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның «сәулетті шыңына шаршап - шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтары мен тырмасып өрлей беретін адам ғана шыға алады».

Творчестволық қиял әрекеттің кез - келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмау мүкін емес. Қиялдың бұл түрі, әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.

Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы.

Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екндігі қатты ескерілуі қажет.

Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840 - 1868) шындықпен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бұл келешектің қиялы болмай, бос лағу, құрғақ қиял болар еді. Мәселен, А. И. Куприннің «Жекпе - жек» повесіндегі подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, сүреңсіз, құрғақ қиял: «Ромашов өзінің бұл дүиеде өмір сүргеніне қапаланатын. Ол офицерлердің өктемдігінен қорланатын, солдаттардың қорғалақтаған кейпін, бастықтардың ақырып - жекірген жүзін көргенде, жаны түршігетін. Тек қайдағы бір жоқ қиял басын айналдыратын кезде ғана оның жаны біраз тыншитын. «Түкте емес. Өмір әлі алдымда!» деді ішінен Ромашов, сүйтті де өз өміріне масаттанған ол аяғын нығырақ басып, кеудесін кере дем алып, ілгері қарай жүріп кетті. Ерігістіргенде ертеңнен бастап кітпқа отырамын да, дайындалып академияға түсемін. Еңбек! О, еңбек етсең ойың алғаныңа қолың жетеді, тек өзіңе - өзің берік болсаң болғаны. Күні - түні жаттаймын демей, жынданған адамша жаттаймын. Жұрт ойламаған жерден емтиханды үздік тапсырамын. Сонда жұрттың бәрі -ақ: «таң қалатын несі бар бұған? Мұның өнері осындай болатынын күні бұрын - ақ білгенбіз. Өте қабілетті, сүйкімді, өнерлі жас жігіт емес пе?» - дер. Ромашов қолма - қол өзін бас штабтың келешегі мол, оқымысты офицерімін деп санады, оның аты академиядағы алтын тақатға жазылған . . .

Осы үзіндіде енжар селсоқ адамның психолгиясы өте шебер суреттелген. Мұндай адам жарқын болашақ үшін күреспеді, тек мойнына су кеткен кісідей мүлгіп отырады да қояды. Қиыны да, қызығы да мол өмір ондайларды қызықтырмайды, олар күрес ауыртпалықтарын, қайғы - қасірет дегендерді білмейді. Қиял дағдысын тілегі орындалғанға ұқсатып жүре береді. Ромашов секлді адамдарды «құрғақ қиялданушылар» деп атайды.

Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білу қажет. Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске талпындырады. Сондықтан да халық: «Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ» деп өте тауып айтқан.

Қиял түрлі елестеулердің өзегріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемлар мен суреттердің акцентировка (образдың типік басты белегілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия - танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана - суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады.

Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай - ақ Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.

Қиял юейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі - гипербола.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертегі - қиял жемісі
Ертегілер жинағы
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ертегілері негізінде рухани адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
Оқыту процесіндегі қиял
Қиял ғажайып ертегілер жайында
Әлеуметтік қиял
Мектеп жасындағы балаға ертегі арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Сейіт Қасқабаев - фольклортанушы ғалым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz