Тарихи этнодемографиялық жағдайын, халқымыздың ұлттық құрамының даму тарихын айқындау



КIРIСПЕ
1 Қазақстандағы 1930.жылдардағы демографиялық апат.
2 Демографиялық даму кезеңі
3 Қазақ халқының урбанизациялық дамуы
4 Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайы
Қорытынды
Қазақстан тарихи демографиясы – тарих ғылымдарының жас, бiрақ болашағы да, маңызы да күштi, әсiресе егемендiлiк жағдайында "халықтану" жолында күрт дамыған iскелең саласы. әрине, бұл ғылымның жетiстiктерiн революцияға дейiнгi және әсiресе кеңес замандағы тарихшы ғылымдарының, оның iшiнде . Бөкейхан, М. Шоқай, М. Тынышппаев олардан кейiнгi Б. Сулейменов, П.Голузо, Е.Бекмаханов,
Т. Елеуов, А. Нүсiпбеков, Г.Ф. Дахшлейгер және т.б. ғалымдардың еңбегiне сүйенiп одан әрі дамыту нәтижесiнде қол жеткенi түсiнiктi.
Дегенмен Кеңес дәуiрiнде жалпы демография, оның iшiнде тарихи саласы кеш дамығаны белгiлi. Бұның әр түрлi саяси – деректiк себептері де бар. Бiрақ әсiресе саясаттандырылған қоғамдық ғылымдар iшiнде тарихи демографияға көп зардаптар келтiрiлдi. Елдегi халық саны жоспарланған деңгейден 11 млн-ға кемiген соң, 1937 ж. халық санағы нәтижелерi қате деп табылып, жариялауға тиым салынды. Демографиялық апаттардың келтiрген зияны жөнiндегi мәлiметтер құпия болып пайдалануға берiлмедi. Ұлттық ерекшелiктер бар екенi мойындалғанымен, Кеңес Одағы республикаларының халықтары саны мен құрамындағы өзгерiстердi зерттеу «ұлтшылдық» деп саналады. Себебi: бұл ерекшелiктер уақытша нәрсе, кеңес халқы қалыптасқан тарихи қауымдық, бiрлестiк – ол бiртұтас және мәңгi ажырамас сипатты, кеңес азаматтары экономикалық, саяси, әлеуметтiк даму нәтижесiнде бұл бiрлестiк күшейе түседi – деген қағида үстем болды.
Егемендiлiк жағдайында Қазақстан тарихи демографиясын мұндай шектен тыс идеологияландыру, саясаттандыру жолынан шынайы ғылыми жолға ауыстыру, оның кезектi проблемаларын жаңа тұрғыдан, жаңа көзқараспен зерттеу мәселесi негiзгi мiндетке айналды.
1. Абланова Ғ Қазақстандағы қазақтардың миграциялық даму көрсеткіші (1959-1970) Қазақ тарихы. 1998 № 4-5
2. Асылбеков М.Х. Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық ахуалы. Қазақ тарихы 2001 № 5
3. Асылбеков М.К. Демографиялық өнімсіздіктің себебі не? Егемен Қазақстан 27 желтоқсан 1997
4. Асылбеков М.К. Қалың елдің қатарына қосылсақ. Егемен Қазақстан 6 қараша 2001.
5. Асылбеков М.К. Козина В.В Қазақстандағы бүгінгі демографиялық жағдай Ақиқат 1998 №2
6. Асылбеков М.К. Құдайбергенова А. Қазақстан тарихи демографиясының өзекті мәселелерін жаңаша концептуалдық пайымдау. Отан тарихы 2003 №1
7. Әділ Қ. Атажұрт деп соққан жүрегі … Қазақ елі 2003 №6
8. Әліқұлов К.У. Қазақстандағы әлеуметтік демографиялық процестер. Жаршы 2001ж №6
9. Баймолда Д. Алдымен ішкі демографияны дұрыстайық. Қазақ елі 2003 №27
10. Бейсенұлы Б. Үш апаттан да өттік (демографиялық қасірет туралы) Жас Алаш 1999 30 желтоқсан
11. Бекжанова Т. Халықтың көші-қон және демографияның құрамы ізденіс. 1998 №6
12. Ғали Ә. Миграция құпиясы ұлт мүддесінің екінші қаупі қазақ әдебиеті 2000 28 қаңтар.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
КIРIСПЕ

Тақырып көкейкестiлiгi. Қазақстан тарихи демографиясы – тарих
ғылымдарының жас, бiрақ болашағы да, маңызы да күштi, әсiресе егемендiлiк
жағдайында "халықтану" жолында күрт дамыған iскелең саласы. әрине, бұл
ғылымның жетiстiктерiн революцияға дейiнгi және әсiресе кеңес замандағы
тарихшы ғылымдарының, оның iшiнде . Бөкейхан, М. Шоқай, М. Тынышппаев
олардан кейiнгi Б. Сулейменов, П.Голузо, Е.Бекмаханов,
Т. Елеуов, А. Нүсiпбеков, Г.Ф. Дахшлейгер және т.б. ғалымдардың еңбегiне
сүйенiп одан әрі дамыту нәтижесiнде қол жеткенi түсiнiктi.
Дегенмен Кеңес дәуiрiнде жалпы демография, оның iшiнде тарихи саласы
кеш дамығаны белгiлi. Бұның әр түрлi саяси – деректiк себептері де бар.
Бiрақ әсiресе саясаттандырылған қоғамдық ғылымдар iшiнде тарихи
демографияға көп зардаптар келтiрiлдi. Елдегi халық саны жоспарланған
деңгейден 11 млн-ға кемiген соң, 1937 ж. халық санағы нәтижелерi қате деп
табылып, жариялауға тиым салынды. Демографиялық апаттардың келтiрген зияны
жөнiндегi мәлiметтер құпия болып пайдалануға берiлмедi. Ұлттық ерекшелiктер
бар екенi мойындалғанымен, Кеңес Одағы республикаларының халықтары саны мен
құрамындағы өзгерiстердi зерттеу ұлтшылдық деп саналады. Себебi: бұл
ерекшелiктер уақытша нәрсе, кеңес халқы қалыптасқан тарихи қауымдық,
бiрлестiк – ол бiртұтас және мәңгi ажырамас сипатты, кеңес азаматтары
экономикалық, саяси, әлеуметтiк даму нәтижесiнде бұл бiрлестiк күшейе
түседi – деген қағида үстем болды.
Егемендiлiк жағдайында Қазақстан тарихи демографиясын мұндай шектен тыс
идеологияландыру, саясаттандыру жолынан шынайы ғылыми жолға ауыстыру, оның
кезектi проблемаларын жаңа тұрғыдан, жаңа көзқараспен зерттеу мәселесi
негiзгi мiндетке айналды.
Қазақстанда көше-қондық мәселелер тарихын зерттеу ақтаңдақ беттерiн
ашу объективтiлiк пен шынайлылыққа, тарихи принциптерге негiзделген өзектi
мәселелерiн талдау бейнесiн ашу бағытында жүргiзiлуде. Жалпы әлемдiк тарих
ғылымындағы секiлдi Қазақстандық тарих ғылымында да көші – қон мәселесi
классикалық теорияның парадигмалық ұғымдарының таза пәндiк шекаралық
шеңберiнде зерттелуде. Дегенмен фрагментарлы нәтижелердi тұтастай теориялық
концепцияға айналдыру мәселесi шешiлген жоқ. Ресейлiк зертеушiлер
миграциология деп атаған көше-қондық теорияны қалыптастырмақшы болды.
Алайда оның қолдану аясы тар болып, халықтың көше-қондық орын ауыстыруларын
түсiндiргенiмен, көшi – қонның қоғам өмiрiне, әлеуметтiк қатынастарға,
ұлттық әлеуметтiк құрылымдар өзгерiсiне әсерiн талдауға қолайсыз
болғандықтан, тұтастай концепция ретiнде қолданылмады.
Сондай-ақ батыс зертеушiлерiнiң еңбектерiнде жаңа таптық (неоклассовый)
макро жґне микротеория, жаңа экономикалық көшi-қон жґне екi жақты еңбектiк
– рыноктың теория әлемдiк жүйе теориясы және т.б. көше - қон мәселесiн
зерттеуге арналған теориялар қалыптасуда. Яғни, әлi күнге дейiн көше -
қондық процестердi зерттеудiң нақтылы концепциясы қабылданған жоқ. Оның
себебi көше-қондық процестердiң алуан түрлiлiгi мен көп факторлылығына
байланысты жеке ғылыми теорияның ауықымымен түсiндiрудiң қиындығында.
Қазақстан тарихи демографиясының өзектi мәселелерiн қайта қарауда бiз
тарихшылдық, объективтiлiк, жан - жақтылық және басқа методологиялық
принциптерге сүйенемiз. Тiптi топтық принциптi де жоққа шығармай, орынды
қолдануға мүмкiндiк табамыз. Бiрақ топтық принциптi әсерi үстем етпей,
басқа принциптермен тығыз байланыстыра отырып бүкiл өркениеттiң ғылыми
нәтижелерiне сәйкес пайдаланамыз.
Себебi: адамзат қоғамының әлеуметтiк топтарға, құрылымға және топтарға
бөлiнетiнi, олардың әрқайсысының өз ерекшелiктерi болатыны, өз мүделерi
үшiн саяси, экономикалық және күрестiң басқа түрлерiне қатынасатыны
ежелден, марксизiмнен бұрын белгiлi, бұл жағдайды қазiргi батыс ғылымдары
да, әсiресе әлеуметтiк стратификация бағытында зерттеу жүргiзетiндерi де
мойындайтыны бәрiмiзге белгiлi емес пе?
Бұл принциптерге қоса демография ғылымының ерекшелiгi – жан-жақты
жүйелi демографиялық талдауды негiзге аламыз. Тарихи салыстырмалық,
диалектикалық, статистикалық және басқа тарих ғылымының әдiстерiмен қабат,
тарихи демографияның өзiне тән әдiс-тәсiлдерiн кеңiнен қолдануда. Олар:
демографиялық статистика, көлденең және тiкелей талдау, топ - топқа бөлу,
демографикалық кестелер құру және т.б.
Курстық жұмыстың мақсаты мен бұл зертеуiмдi өлкемiздiң ғасырлар бойы
қалыптасқан тарихи этнодемографиялық жағдайын яғни алғашқыда отарлық күштеп
бағындырудың әсерiнен, кейiнiрек, лениндiк ұлт саясатының бұрмаланып,
республикамызды әр түрлi ұлттардың миграциялық полигонына айналдырған
сталиндiк зұлматтың қияметтей болған қиындығынан өзгерiске ұшыраған
халқымыздың ұлттық құрамының даму тарихын айқындау.
Зерттеудiң мiндетi Егемендi ел болып iргемiздi бүтiндеп отырған
кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта
жанданып, даму үстiнде. Соның бiр жарқын көрiнiсi ұлттық демографиялық
санамыз бен демографиялық мiнез - құлқымызда орын алып отырған келесi
өзгерiстерден айқын байқалады. Кейiнгi жылдары демографиялық деректердi
бiлуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрiм-бұтағының өсiп - өнуi,
сандық және сапалық өркендеуiнiң аяқталуы қалай деген сауал әркiмдi де
ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнiң өркениеттi дамыған елдерiнен кешен
қалған қазақ халқы үшiн демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда
қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Сондықтан тәуелсiздiгiн әлем
таныған, БҰҰ-ның толыққанды мүшесi Қазақстан ұлысы дүниенiң төрт
бұрышындағы өзiнiң географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес
салмағын айқын түсiне бiлуiмiз керек.
Қазақстан халықының сан жағынан өсiп, құрамы бойынша ұлттық жас-
жыныстық, әлеуметтiк, бiлiм деңгейi және т.б. өзгерiстер дамуының бүкiл ХХ
ғ. бойы негiзiнен көшi-қон процестерiнiң, оның iшiнде сырттан келген
келiмсектердiң ұлттық құрамға әсерi – зертеуiмiздiң негiзгi нысанасы
болмақ.
Демографиялық статистика, халық статистикасы дегенiмiз – белгiлi бiр ел
территория халықтарының санын, құрамын орналасуын және қозғалысын немесе
оның жекелеген тобын сипаттайтын деректердi жинауға, өңдеуге, баяндауға
және талдауға статистикалық тәсiлдi қолданумен шұғылданатын есеп-қисап
саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуiн, некеге отыруын, бiр
жерден екiншi жерге қоныс аударуын зерттейдi. Халықтың саны оның құрамы мен
орналасуы жөнiндегi ең дәл және егжей – тегжейлi деректердi халық санағы
бередi. Салық аралығында халықтың саны оның топтық және жастық, жыныстық
құрамы ағымды есептеулер арқылы анықталады.
ХХ ғ. Басынан қазiргi таңға дейiн демография тарихы жөнiнде жазылған
еңбектер, тарихшылар мен жеке зертеушiлердiң шығармаларын және арнайы
ғылыми көпшiлiк, қоғамдық – саяси тарихи басылымдар беттерiнде жарияланған
мақалаларды, құжаттарды, сарапшылардың ғылыми – сыр пiкiрлерiн өз
зертеуiмде пайдаландым.

Қазақстандағы 1930-жылдардағы демографиялық апат.
Қазақ ұлтының тарихында 1930- жылдары ең қасіретті жылдар
болып саналады. Қазақстанның демографиялық жағдайына репрессиялар,
ашаршылық, эпидемиялар қатты әсер етті. Аталған жылдарда халық
санақтары өтті.(1937 мен 1939 жылдары). 1937 жылғы халық санағының
мәліметтері жарамсыз болып табылды. Алынған мәліметтер нақты емес
қайшы болып табылады.
1931-1932 жылдары мемлекетте ашаршылық басталды. М.К.Қозыбаев
Н.Е. Бекмаханова ғалымдардың пікірі бойынша эпидемия, ашаршылықтан
адам шығындары 1 млн 300 мың адамды құрады, басқа мәліметтер бойынша
1 млн 750 мың қазақтар қырылды. М.Б. Тәтімов – демографтың есебі
бойынша - 2 млн 300 мың адам немесе 51-52% РСФСР құрамындағы бұрынғы
автономиялық республика тұрғындары осы жылдардағы эпидемиялардың
нәтижесінде 250 мың адам славян халықтарының өкілдері көз жұмды,
бұл тұрғындардың -8-9% құрады.
Жаппай репрессиялар мен ашаршылық тұрғындардың жылжуына себеп
болды. Демограф – М.Б. Тәтімовтің есебі бойынша жер аударған
қазақтардың саны 900 мың адамды (18%) құрады .
Қазақтар Ресей, Орта Азия, Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран
мемлекеттеріне кетті.
А.В. Михайлов өз мақаласында Голощекиннің Кіші Қазан
төңкерісіндегі келесі мәліметтерді келтіреді. 1930 ж- 121,2 мың адам,
1937 ж -1млн 74 мың адам келген қазақ ұлтының үштен бір бөлігі жер
аударды. Б. Туленбаев және В. Осиповтың ойлары бойынша шет елдерге
көшкендердің саны 400-500 мың адам болады.
1926 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындары 6 млн 62 мың 910
адам,олардың ішінде 3млн 496 мың 361 (немесе 57,6%) қазақтар 1939 ж.
халық санағы бойынща республикада 6 млн 93 мың 507 адам тіркелді,
олардың ішінде 2 млн 315 мың 532 (немесе 38%) қазақ ұлты. Бұл жерде:

1850-1860ж.ж.-0,9%
1860-1870ж.ж.-4,7%
1870-1897-ж.ж.-1%
1897-1917ж.ж.-0,9% құрды.
Қазақ ұлтының табиғи өсу санына сапалық баға беру әр түрлі
ғалымдардың ой тұжырымдары. Н.Е. Бекмаханова және Н.В. Алексенко
орта жылдық табиғи өсімі – 0,4 – 1% төмен деп санайды.
Феодалдық Патриархалдық құлдырау кезінде, таптық күресті нығайту
кезінде табиғи өсімнің қарқындылығын биік деңгейде күту қиын,
сонымен қатар қазақтардың үштен екі бөлігі көшпелі өміо сүрді.
Қазақ ұлтының орта жылдық өсу коэффициентінің төмендігі осыған
дәлел. Ұлы ашаршылықтың соңғы жылын 1932 немесе 1933
жылдары деп әдебиеттерде белгіленеді.
Бірақ, М.Х. Ақылбеков және А.Б. Ғалидың ойларынша бұл – 1934.
Олардың есебі бойынша, 1933-1934 жылдарда қазақ ұлтының кемуі -
1 млн 610 мың адамды құрады. Бұл сан келесі есеппен алынды. 1926
ж. Халық санағы бойынша қазақтардың саны 3 млн 968 мың адам
болса, КСРО бойынша 3 млн 627 мың адамы қазақ автономиялық
республикасында тіркелді. 1933 жылы КСРО мемлекетінде 4млн 510 мың
қазақ тұру қажет еді. Бірақ, М.Б. Тәтімовтың есебі бойынша
мемлекетте -2 млн 900 мың қазақ өмір сүрді. Екі санның айырымы – 1 млн
610 мың адамды құрды.
1939 халық санағы бойынша республика тұрғындарының жалпы саны
6 млн 94 мың адамды құрады. Республиканың ең ірі этностары болып
қазақтар -2 млн 314 мың , орыстар- 2 млн 449 мың, украйндар – 657 мың ,
немістер – 93 мың, татарлар – 107 мың, өзбектер – 103 мың, белорустар -31
мың , ұйғырлар – 35 мың, кәрістер – 96 мың, әзірбайжандар –12 мың,
басқа ұлтар – 197 мың адам.
1926 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындардың жалпы саны 1939 жылы
– 105 мың (1,7%) адамға кеміді. Ұлттық үлес салмақ келесі түрде
санақ арасындағы тұрғындардың санының тұрақтылығы және қазақ ұлтының
екі санақ арасында бірдестен кеміп кетуі (1 млн 180 мың 829 адамға)
байқалады. Тұрғындардың сандық тұрақтылығы республиканың
индустриализациялымен түсіндіріледі, ұйымдастыру іс-шаралары
нәтижесінде басқа аймақтардан жұмысшылар отбасылармен келді. Ал
қазақтардың күрт кемуі – 1930 жылдардағы апаттың салдарынан болды
(ашаршылық пен жер аудару нәтижесінде) көшпелі қазақ халқы көп
азап шекті. Қазақтармен қатар өзге ұлттар да ашаршылыққа ұшырады.
Б.Түленбаев және В. Осипованың пікірлерінше Қазақстанда
ұйғырлардың саны екі есеге, дұнғандар - 25% , өзбектер - 20,5%, ал
украиндар - 3,4%-ға азайды .
1939 жылы халық санағы бойынша көрші республикаларда 410 мың
қазақтар өмір сүрді . Бұған деректің дәлелі болып - 1926 жылғы халық
санағының мәліметі бойынша көршілес республикаларда 341 мың қазақтар
тіркелді, ал 1939 жылғы халық санағы бойынша - 794 мыңға
көтерілді. Шекаралас республикада қазақтардың саны миграция есебінен
өсті. Ресей Федерациясында қазақтардың саны 2,3 есеге, Өзбекстанда –
1,7 есеге, Қарақалпақстанда – 2,5 есеге, Түркіменстанда – 6 есеге,
Тәжікстанда – 7 есеге, Қырғызстанда – 10 есеге көбейді. Көршілес
Республикаларда қазақтардың пайыздық саны 8 - 6% өсті. Жер аудару
нәтижесінде шет елдердегі қазақтардың саны екі есеге көбейді.
1930 жылдары қазан төңкерісіне дейінгі авторлардың пікірінше
- бұл кезең қазақтардың жойылу кезеңі ретінде танылды , бұл ойды
шетел зерттеушілері дамытты. Бірақ, кеңес үкіметінің тарихшылары бұл
тұжырымды жоққа шығарды. Қазақ ұлтының табиғи өсу қарқыны төмен
болғанмен жойылған жоқ. Статистикалық мәліметтер бойынша, қазақ
тұрғындарының отаршылдық өсімі – 1830-1850ж.ж. -0,8 % бейнеленді:
қазақтар – 55,7% төмендеді.
Сонымен қатар бірнеше этностардың көшіп келуіне байланысты,
олардың республикада жалпы саны келесі пайыздарға көтерілді: орыстар
- 92%, татарлар - 34 % , белорустар - 22% ,т.б.
1937 жылы Қазақстанға Қиыр Шығыстан Орта Азияға кәрістер
көшіріліп келді , олардың жалпы саны 180 мың адамды құрады,
олардың ішінде 95 мың 903 адамы Қазақстанда қоныстанды.
Республикада 57 колхоздар құрылды. Қызылорда, Алматы облыстарында
кәрістер қоныстанды.
1928-1939 жылдары Қазақстан қаларларының тұрғындары механикалық
өсу бойынша 1,8 млн адамнан астам болды, мигранттардың 57,6%
(немесе 150 мың адамды) қалаларда тұрақталды. Осыған байланысты қала
тұрғындары арасында орыстардың үлес салмағы 1939 жылы – 57,7% өсті,
1926 жылы – 57,7% болған қазақтардың үлес салмағы – 21,9% құрады.
Қазақстандағы келімсектердің үлкен ағымы және 1931-1933 жылдардағы
Голощекиндік геноциді нәтижелерінде республикада тұрғындарының
арасындағы үлес салмағы күрт төмендеп кетті 57,6% (1926 жыл) -
38,0% (1939 жыл) дейін. 1926 – 1939 жылдар аралығында қазақтардың
саны 1 млн 806 мың адамға азайды немесе 33,8% болды.

Демографиялық дүмпу кезеңі.
Демографиялық дүмпу бүкіл ғаламдық (глобальді) үрдіс
(компенсациялық эффект немесе олқылық толтыру мұқтажы) ретінде біздің қазақ
жұртына Ұлы Отан соғысы аяқтала салысымен біршама ерте келіп, ұзақ
құрғақшылықтан кейін насерлеп жауған жаңбыр іспеттес, тұл болып қалған
халқымызға қайтадан құт- береке алып келді. Алайда оның күш-қуаты 25 жыл
бойы өткен олқылықтарды толтыруға бағытталды(осы кезеңде апатқа ұшырамаған
көрені Орта Азия халықтары өз санын екі еседен астам өсіріп
үлгірді)жоғарыдаайтқанымыздай, қазақтың бұрыңғы ең көп саны қайта
жаңғырудың қаншалықты қуатты болғанына қарамастан 21 жылда, ал Қазақстанның
өз ішінде 31 жылда ғана әрең толды. Демографиялық дүшпудің біртіндеп күшейе
келе шарықтау шағы 1960 жылға сәйкес келсе, ал 1970 жылдан бастап біршама
саябырлай бастады. Осы кезеңнен демографиялық дүмпудің алғашқы қарқыны
біртіндеп саябырлай, екінші кезең-оның қайта жаңғыруы басталды. Олай
дейтініміз, 1946-60жылдар аралығында халқымыздың өсу қарқыны 1,5-2,0 – тен
4 пайызға дейін үдей түссе, 1960жылдан 1988 жылға дейін 28 жыл бойы бір
деңгейде сақталып қалған (1) Ол екінші жаңғыру әсерімен қалыптасқан жағдай.
Алғашқыда туу деңгейінің күрт төмендеулерін 70 жылдары туған балалардың
абсолюттік жалпы саны біршама азайғанымен, кейінгі 80-90 жылдары 20 жыл
бойы бір деңгейде сақталып қалмақшы. 90 жылдардың екінші жартысынан бұл
өсім қайтадан көтерле алады.
Демографиялық қайта жаңғыру деген 1970-2000 жылдардағы отыз жылдық
кезең бізге құнды.
Бұл кезең тек ғасырлар ғана ауысып қоймай, жаңа мың жылдық басталатын ұлы
күнтізбелік меже. Осы кезеңде, яғни 1990 жылдың ортасында әлемдегі барша
қазақтың саны қасиетті жеті нөлі бар 10 000 000 адамға жетті. Бұл цифрлар
қазақ халқы санының айторлықтай өсіп қалғанын білдіріп қана қоймай,
санамызды да біршама көтеріп тастады, ұлттық ынтымақтығымызды торыдай болып
шашырап кеткен халқымызға жаңаша сездірді. Санның санаға тікелей әсер
ететінін бәріміз куәгер болғандаймыз.
1970ж. қарай Қазақстан халқының саны 13 млн. адамнан астам болып, 40
пайыз жуық өсті (1), олардың ішінде қазақ 4234 мың (32,6 пайыз) орыс 5522
мың (42,5 пайыз), украин 333 мың (7,2 пайыз), неміс 858 мың (6,6), татар
288 мың (2,2), өзбек 216 мың (1,7), беларус 198 мың (1,5),ұйғыр 121 мың
(0,9), корей 81 мың (0,6), әзірбайжан 58 мың (0,4), басқа ұлттар 498 мың
болды.
Бұдан Қазақстандағы ең саны көп этнос 1939, 1959, 1970 жж. Халық санаға
арасында орыстар болып келді (2) 1939-1970 ж.ж арасында орыстар украиндар,
белорустар (қосып санағанда) халықтың басым көпшілігі болып келді.
Осыған қарамай 1969-1970 ж.ж. қазақ халқының демографиялық дамуында
бетбұрыс болды. Бұған бірсыпыра факторлар: салыстырмалы түрде табиғи
өсімінің жоғарылығы, көші-қоныс экспансиясы қарқынының төмендеуі,
келушілерден кетушілер санының артуы көмектесті.
Осының нәтижесінде қазақтардың жалпы санынның өсуімен бірге,
республика халқының құрамында олардың үлес санының да үнемі өсу тенденциясы
басталды. Оның үлес саны қазан төңкерісіне дейін-ақ үнемі кеміп келе
жатқаны мәлім, ал 1897-1959 ж.ж 81,1 пайыз – 30 пайызға дейін төмендеді.
Республикада қазақтардың жалпы саны 1959-1970 ж.ж 1446,9 мың адамға, яғни
51,9 пайызға көбейді. Сөйтіп ХХ ғ. 60 ж. қазақтардың біршама шапшақ табиғи
өсіп, болашақта өзінің этностық территориясында неғурлым саны көп халық
болуының негізгі қаланды.
1970 ж. қарай негізгі этностардың урбанизациялану дәрежесіндегі
алшақтықтар елеулі түрде азайды. Қазақтар мен орыстардың урбанизациялау
дәрежесінде 1970 ж. екі еседен астам айырма болды, ал бұл айырмашылық 1926
ж. 10 есе болатын. Мұндай айырмашылықтың шұғыл азаюына республиканы
индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, КСРО-дағы мәдени революция
көмектесті. Орыстар, татарлар, корейлер, негізінен қалада тұратын этностар
болып қалды да, қазақтар, кемістер, өзбектер, әзірбайжандар ауыл-селолық
этностар болды.
Егер республиканы тұтас алғанда қала тұрғындарының үлес саны 1959-
дан 1970 ж. дейін 6,5 дәрежеге өссе, орыстар (10,1 дәр), украиндар (13,4),
корейлер (17,9), әзірбайжандар (13,1 дәрежеге) неғурлым шапшақ
урбанизацияланды (2) Белорустар ғана бұрынғы урбанизациялану дәрежесін
сақтап қалды, қалған этностар қала халқын қалыптастыруда соңында қалды.
1989 ж. қазақтардың урбанизациялану 38,4 пайыз кемістер 49,1,
өзбектер 37,3 ұйғырлар 34,2 процентке жетті неғурлым урбанизацияланған ұлт
орыстар (77,8) украиндар (65,3), татарлар (77,2), белорустар (61,6),
корейлер (84,2) болды.
1979-1989 ж.ж бұрын аграрлық этностар болып келген қазақтардың
(53,3), ұйғырлардың (52,8) өзбектердің (30) урбанизациялану дәрежесі
неғурлым шапшақ өсті (1). Сөйтіп Қазақстан этностарының екі тобының
әлеуметтік – экономикалық даму жөнінен шапшақ теңесу тенденциясы бар,
дегенмен бұлардың арасындағы зор айырмашылық сақталып отыр. 1970-1989 ж.ж
ауылдық жердегі қазақ халқының этностық топтасқандығы сақталып қана қоймай,
ол күшейе түсті. Бұған ауылдық жердегі халықтың табиғи өсу дәрежесінің
жоғарылығы, Қазақстанның Оңтүстік – батыс, Оңтүстік – шығыс шөл және шөлент
аймақтарының ауа райы жағдайының КСРО – ның Еуропалық бөлігінен, Сібір мен
Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыздығы көмектесті.
Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталық ведомстволарының күш
салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі көлемде күрделі
құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстанушылар біберіліп жатты.
1951-1970 ж.ж жалпы алғанда КСРО – ның басқа аудандарынан
Қазақстанға көші-қоныс процесінің бәсендеуі байқалды. 1951 –1970 ж.ж ол 100
мың адамнан астам дәрежеден кетушілердің басымдылығына дейін өзгерді осымен
бірге қазақтар басқа республикалардан, сол сияқты 1955-1959 ж.ж және 1962
ж. қитайдан кері көшіп келіп жатты.
1970-1990. ж.ж республикааралық көші – қон процесінде келушілерден
артық болды. 1970 ж. Көшіп кетушілер 35 мыңнан 1988 ж. 95 мың адамға
жетті. 1985-1988 ж.ж республика аралық айырмашылық Қазақстандағы саяси
процестерді кейбір орыстардың өздері үшін қолайсыз деп санауы нәтижесінде
олардың көшіп кетуінің кобеюінен болды. Қазақстанда 1983-1987 ж.ж
халықаралық эмиграция санаулы ғана еді 1988 ж. Бастап КСРО – да
эмиграцияға шек қою тоқтатыла бастады. 1988 ж. Бұл процесс өсе түсіп, ол
92,3 мың адамға жетті. Еврейлер, гректер болды (1)
1989 – 1990 ж.ж республикаралық теріс көші-қоныс 1989 ж. 46,8 мыңнан
1990 ж. 36,6 мыңға дейін азайды.
Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990
ж.ж орыстар 53-55 пайыз, украиндар 9-12, немістер 6-8, қазақтар 6-9 пайыз,
республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48 пайыз украиндер 8,
немістер 5, қазақтар 20 пайыз болды.
Сөйтіп 1990 ж. Республикааралық көші-қоныста орыстардың саны 17,7
мың, украиндер 4,1 мың адамға азайды, қазақтар 16,6 мың адамға көбейді:
Қазақ этносының тарихи отанына жиналу процесі күшейді. 1989 ж. Бастап
қазақтардың Өзбекистаннан (әсіресе Қарақалпақстаннан), Ресейден,
Туркменистаннан көшіп келу процесі күшейді.
1991 жылдан бастап халықтың көші-қон процесінде жаңа құбылыс
басталды.
Ол Қазақстаннан қазақ емес халықтардың көшіп кетуінің азаюымен және
Өзбекстаннан (оның ішінде Қарақалпақстан бар), Туркменистан мен Ресейден
қазақтардың көшіп келуінің өсуімен сипатталады. 1991 ж. ТМД елдерінің
Қазақстанға келушілер кетушілерден 10 мың адам артық болды, Қазақстанның
Солтүстігі мен Шығысына бүкіл ТМД – дан орыстар жиналуда. 1991 ж.
Монғолиядан қазақтар келе бастады – 12,5 мың адам келді, олар тұрақты
орналаспақ. 1991-1992 ж.ж Монғолиядан 41 мың қазақ көшіп келді. Шығыс
Еуропа елдерінің келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ
ҚКР – дан табыс табу үшін қытайлар келіп жатыр.
1991 ж. Біздің есебіміз бойынша этностық көші-қон алмасының
нәтижесінде қазақтар 41,0 мың адамға көбейді, орыстар 24,0 мың адамға
азайды. Қазақстанға орыстар тек Солтұстік облыстарға келуі мүмкін,
оңтүстік, батыс облыстардан, сол сияқты Семей, Торғай, Жезқазған
облыстарынан орыс тілді халықтың көшіп кетуі байқалады.
1926-1979 ж.ж аралығындағы демографиялық процестер ағыны жалпы
тенденциясы алдымен демографиялық процестер сипатының теңесі бастағанын
және бір кездегі әр бағыттағы тенденциялардың бір сипаттығы айнала
бастағанын көрсетеді. Орыс, Украин, Белорус халықтары 20 жылдардың
ортасынан бастап, бала тууды азайту практикасын қалада ғанаемес, селода да
тарата бастады. Бұларда ол процесс бірінші және екінші бесжылдық кезінде,
әсіресе басқа республикадан келгендер арасында күшті болды.
Нақ осы жылдары халықтың көшіп-қонды шұғыл көбейді селодан қалаға,
қаладан қалаға, орталық облыстардан Сібірге Азияға, Қиыр Шығысқа ауысып
жатты.
Халықтың көші-қонысының көбеюі, әйелдердің қоғамдық еңбекке көбірек
тартылуы, халықтың урбанизациялануы, әлеуметтік – экономикалық тұрмыстың
шапшаң өзгеруі-міне осының бәрі бала тууды азайтуға әсер етті. 1939 жылдан
1955 ж.
Дейін баланы алдырып тастауға тиым салынғанына қарамай, бұл процесс
жүре берді. Бұл шара уақытша бала тууды өсіргенімен күткендей нәтиже
бермеді. Мұнан кейінгі жылдары 1959 ж. Қазақстанда халықтың негізгі
көпшілігі болып табылатын орыс, украин, белорусс халықтарының арасында бала
туудың азаюы күшейе түсті. Бала туудың төмендеуі этнос дамуының әлеуметтік
– экономикалық, сотылық, демографиялық заңдылықтарын белгілейтін
факторларға байланысты болды.
1979-1989 ж.ж этнографиялық құрамның ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989
ж.ж халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13,
немістердің үлесі 3 пайыз болды. Оның бер жағында Қазақстанда қазақтардың
өсуі 23,5 пайыз, орыстар 3,9 пайыз, немістер 6,4, татарлар 4,6 өзбектер
26,1, белорустар 0,6, ұйғырлар 25,3, корейлер 12,3 – ке өсті. Жанұядағы
бала саны қазақтарда үнемі төмендеп келеді. 1972 ж. 501 болса 1978 ж. 4,85,
1985ж. 4,27 қазақ әйелінің бала тууы 1979 ж. 5,787 болса, 1989 ж. 3,584,
бұл 1979 ж. Дәреженің 61,9 Қазақстанда қазақтардың табиғи өсуі 1962 ж. 110
мың адам.
1964 ж. 111 мың болған (43), 1970 ж. 107,7 мың (48,1), 1972 ж. 114 мың
(49,0), 1979 ж. 125 мың (52,1), 1989 ж. 162 мың адам (63,5) болған.
Қазақтардың арасында бала өнімі едәуір жоғары, адам өмірінің орташа
ұзақтығы орыстарға қарағанда төмен. Осымен бірге Қазақстандағы орыстардың,
Украиндардың , немістердің жас құрамы салыстыра қарағанда кәрі, қазақтарға
қарағанда туу көрсеткіші төмен, өнімнің жалпы коэффициенті жоғары, табиғи
өсімі төмен. Бұл процесс он тоғыз облыстың он бірінде этнодемографиялық
басым көрініс. 1980 ж. Бастап қазақтардың Қазақстанның Оңтүстігінен
солтүстігіне, сол сияқты батысынан солтүстігіне аусуы байқама бастады.
Осымен бірге қазақтардың бір бөлігінің Ресейден, орта Азиядан, Монголиядан
және басқа елдерден Қазақстанға қайтып келе беретіні ақиқат.

Қазақ халқының урбанизациялық дамуы

Қазақ халқының дүние жүзі бойынша урбанизациялық дамудың алдыңғы
қатарына әлі де болса шыға алмай жатқаны анық. Алайда, бүкіл Жер шарын
түгел қамтып жатқан осы ауқымды құбылыстың белді ортасына өлшем тұрғысынан
келсек, күні кеше кошпелі өмір кешкен халықтың әлі де болса ауылдық өмір
салтымен жан жақты дами түскені қажет.
Өзіміздің қалаға шоғырлану көрсеткішімізге назар аударсақ, қала
тұрғындарының үлес салмағы бүкіл қазақ халқы санында соңғы 92 жылда мына
төмендегідей жедел қарқымен артқан көрінеді: 1897 ж. – 1, 1926 ж. – 2, 1939
ж. – 16, 1959 ж. – 24, 1970 ж. – 27, 1979 ж. – 31, ал 1989 ж. – 40 пайыз.
Қаладағы қазақтардың саны 1897-1989 жылдар аралығында 40 мыңнан – 3 млн 280
мыңға дейін, яғни 82 есе көбейген. Ол әсіресе, дәстүрлі қазақ ауылы
ұжымдастыру мен ұлттық жұмысшы тобын жасанды түрде құрмақшы болған
индустриализация кезеңінде (1930-35 жылдары) Аш ауылдан – тоқ қалаға
қаратабан босқыншылық нәтижесінде, яғни қияметті қызыл қырғынның қолымен
қалаға қуып тығудың осы аз жылы ішінде ғана 6 есе өскен Қалалықтарымыз
осылай ерен өскенде, далалықтарымыз керісінше осы жылдары 2,5 есе күрт
кемігені де ақиқат. Бұл голощекингдік геноцид салдарынан демографиялық
дамуымыздың зордапты деформацияға ұшырағанын білдіреді. Қаласымақ
Казгородоктордың көбейіп кеткені де осы тус. Сол жылдары жүзге жуық
осындай жасанды қалашықтар пайда болып, олар нағыз өлім мен қырғын ордасына
айналған.
Бұл құбылыс енді бұрыңғы әкімшілік-әміршілік науқан қызу кезеңдегідей
жасанды түрде болмаса да, соңғы ауыл шаруашылығының тоқырау кезеңінде де
біршама үдей түскені байқалады. Мәселен 1979-89 жылдары республика бойынша
қаладағы қазақ тұрғындарының саны 53,3 процентке өссе, селода тек 10,2
процентке ғана көбейген. Жалпы алғанда соңғы 30 жылдың ішінде (1959-89
жылдар) қаладағы қазақтар саны 4 есеге жуық (селода 2 есе ғана) өскен.
Бұл қарқын енді бәсеңдей қоймас деген болжамдамыз. Бұған бір жағынан
қуанамыз, екінші жағынан қатты алаңдаймыз өйткені, миграция тек біржақты
жүріп жатыр. Ауылдағы тұрмыс дәреженің төмендігінен жастар арасында қалаға
кетушілік кеңінен тараған. Олар қалаға да тиянақты орналаса алмай,
әлеуметтік – экономикалық тығырықтарға жолығып, демографиялық мінез-
құлқымызбен бірге өсіп-өнуімізге де кері әсерін тигізуде. Жастарымыздың
ертерек отбасы болып, бала тәрбиелеуі барған сайын қиындар барады.Ол бір
жағынан, ауылды миграциялық эрозияға ұшыратса, екінші жағынан
урбанизациялық үрдісімізді біршама қиындата түсуде.
Қазіргі демографиялық даму сатымыз, халқымыздың жас құрылымы әлі
балаң болғандықтан, қалаларға шоғырлануымыздың күңгірт көріністері
болғанымен оның тиімді әсері де жоқ емес, Қазақ халқының орташа
арифметикалық жасы небәрі 23-2 те, яғни нағыз миграциялық жылжуға деген
бейім кезеңінде тур.
Соңғы кезде Қазақстан жоғарғы Кеңесі ауылды селолы мекендерге қолайлы
жағдай жасауды көздеп. Оларға жер, мал бөліп беру, әлеуметтік көмек жасау
үшін игілікті Заңдар қабылдады.
Бұл- қазақ халқын ауылда тұрақтандыру, оның дәулетін арттыру жолындағы
сенімді қадам. Ауыл шаруашылығы өз мәнінде дамыған кезде ғана, қала да,
далада да жақсы өмір сүрмек.
Соңғы жылдары халқымызға тән демографиялық дүмпу бәсеңдеп,
салбырлағаны анық. Демографиялық дүмпу шарықтап тұрған кезеңде, яғни оның
шыңындағы 1950-65 жылдары орташа жылдық өсім 4 процентке жақындаған. Ал
енді қазір оның орнына урбанизациялық үрдіс басталғанын біз зерттеуші
ретінде анық байқап отырмыз. Оның қарқыны 60 жылдарда үдей түсіп, соның
нәтижесінде урбанизациялық үрдестің жылдық жылдамдылығы 6 проценттен артқан
әрине ол миграция есебінен болып отырғаны сөзсіз. Миграциялық ағымдар
жылдам жүріп жатқан кезеңде халықтар арасында өзара тайталас тумас үшін,
көшіп келуді реттейтін заң арқылы Қазақстан (жылына 20-25 мың адам келуде)
тез арада тоқтатпасқа болмайды. Оны реттемеген жағдайда әр ұлтты
миграциялық ағымдар өзара соқтығысып қалуы мүмкін.
Дәл сондай жағдай жаңа өзенде болған. Онда Түркменистн мен
Қарақалпақстаннан келген репатрианттар Дағыстандық мигранттармен қақтығысқа
ұшыраған.
Алдағы 2000 жылдың басында-ақ еліміз бойынша қазақтардың шамамен 45-47
проценті қалаларда тұрмақ. Осы кезеңде қазақтың қала жұрты 4,5-5,0 миллион
адамға жетеді деп әбден күтуге болады. Бұл тек миграция нәтижесінде ғана
емес, қаладағы табиғи өсім мен кейбір ірі селолық елді мекендердің қалаға
айналуына да байланысты болмақ.
Сөйтіп, тек 2005-2008 жылдары қазақ халқының тең жартысы қалада
шоғырланатын болады да, осы қарқындағы демографиялық дамуымызда ұлттық
урбанизация негізгі құбылысқа айналады.
Дәл бүгінгі таңда Қазақстанда оның бойырғы халқы ауыл
тұрғындарының 60 пайыздан құраса, ал қалаларда барлық жүртшылықтың тек 30
процентін ғана құрайды. Қалалардағы тілдік ортаның екі есе селдір болуынан
ондағы өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың өзінің ана тілін жетік меңгермеуі
бізді қатты алаңдататды. Қаладағы үлес салмағымыз оның тұрғындарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Қазақ халқының саны
Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайды жөндеу мен негативті үрдістерді жоюының мүмкіндік жолдары
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Ұлтаралық келісімнің нығайуы
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Миграциялық процестердің Қазақстан Республикасының демографиялық эволюциялық дамуға әсері
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша көзқарастар
Зерттеудің деректік негізі
Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері
Пәндер