Қазақ халқының діни танымының негіздеріне діни-философиялық сараптама жасау


Мазмұны
Қысқартулар тізімі . . .
Кіріспе . . .
І-Тарау Қазақы дүниетаным қазақ ақын жырауларының шығармаларында . . . 5-10
1. 1. Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы діни дүниетаным . . . 11-22
1. 2 . Қазақ ақын жырауларындағы діни таным . . . 23-35
1. 3. Қазақы діни дүниетаныммен исламдық таным арасындағы сабақтастық . . . 36-38
ІІ-Тарау. Қазақы діни танымның ерекшеліктері . . . 39-44
2. 1 . Түркілік дүниетанымның исламдық дүниетанымға трансформациялануы . . . 45-48
2. 2 . Түркі исламдық дүниетанымды қалыптастырудағы А. Ясауидің ролі . . . 49-52
2. 3 . А. Ясауи дүниетанымының негізі . . . 53-57
Қорытынды . . .
Сілтемелер тізімі . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе.
«Ұлт деп аталатын ақиаттың негізгі екі тұғырының бірі тіл болса, екінші тілдің негізгі тасушысы мәдениет. Мәдениет саласының ішіндегі адам мен қоғам үшін ең ықпалды әрі маңыздысы да дін екендігі мәлім».
Қазақ жұртшылығына белгілі түркі ислам мәдениетін қалыптастырған Ахмет Ясауи, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы секілді ұлы бабаларымыз бүкіл қазақ әлеміне өзінің шығармалары арқылы кеңінен танымал болғаны барлығымызға мәлім. Менің ойымша рухани-имандылық тәрбиеге сұраныс арта бастаған өлкемізде ұлы бабаларымыз Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Ясауидің және де көптеген ақын жырауларымыздың рухани адамгершілік және имандылық тәрбие мұрасын танып білу, оны жас ұрпаққа үйрету маңызды бір іс болып табылады. Сонымен қатар елімізде болып жатқан мәдени-этикалық, әлеуметтік және тағы басқа өзгерістер халыққа білім мен тәрбие беру жұмысын өзгертіп отыр. Мәдени-этикалық білім берудің негізгі мақсаты қалыптасқан рухани құндылықтарға әділеттілікті уағыздап, даналарды құрметтеу негізінде адамдарды тәрбиелеу болып табылады. Бұндай мақсаттар кейінгі жастарға тәрбие беру жүйесін толықтырып, жетілдіруді қажет етеді. Егеменді ел болуымыздан алдын діни тәрбие жүйесі Кеңес Одағы идеологиясы үстемдігінде болғаны анық. Ол кезде халыққа тек атеистік тәрбие ғана берілді. Жетпіс жыл көлемінде халыққа берілген мұндай тәрбие кері әсерлерін тигізді. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана рухани-имандылық тәрбие принциптері үйретіле бастады. Тәуелсіздікті нығайтуда жас ұрпақты осы айтылған адмгершілік және имандылық тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы Кеңес Өкіметі уақытында жоғалтқан имандылықты қайта жаңғырту маңызды бір іс. Мұндай жауапкершілікті қажет ететін маңызды істер бұрын қалыптасқан даналық бай рухани тәжрибеге сүйенуді керек етеді. Соның ішінде ұлы дана бабаларымыз Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, ислам дінін біздің түркі тілдес халқына барынша түсіндіруге тырысқан Ахмет Ясауидің рухани имандылық тәрбие мұрасы ерекше орын алады.
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ
топырағының көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл талай адамзаттарды бүкіл шығыс-араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Ахмет Ясауи. Бұл зерттеу жұмысымызда қазақ халқының діни танымының негіздерін қолға алып отырмыз. Біз бұл жұмысымызда қазақ халқының діни танымының негіздерін түсіндіру үшін алдымен оның қысқаша Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы және тағы басқа қазақ халқының дінге деген көзу ашуға үлкен үлестерін қосқан ағартушыларды да қарастырдық. Содан кейін түркі ислам мәдениетін қалыптастырған ұлы дана Ахмет Ясауидің діни дүниетанымын да қарастыруды жоспарладық. Біз қазақ халқының діни танымының негіздерін не үшін зеріттеуді мақсат етіп отырмыз және олардың дүние танымын зерделеп, оны жастарымызға танытуға тырысамыз? Себебі бұл біздің тарихымыз, өткеніміз және бүгініміз. Біз одан қол үзіп кете алмайтынымыз ахиқат. Адамзат әлемінде өз болмысы мен діни танымын таныта алмаған ұлт, ата-бабасының ізденістері мен еңбектеріне құрмет көрсетпеген ұлт болып табылады. Біз сол тұлғалар арқылы әлемге өз мәдениетіміз бен тарихи жетістіктерімізді таныта аламыз.
Қазіргі таңда барлық адамзат баласы бір түрлі рухани күйзеліс пен түрлі тауқыметтердің иірімінде малтығуда. Осындай бір кезеңде көңілдерге шипа тарататын діни көркемдіктер мен қасиеттерге деген қажеттілік әсте жоққа шығарылмайтын шындық. Өйткені, атеизмнің құрсауынан құтылған «бір жаралы құс» тәрізді, қоғамымызда адамдар рухани бостықты толтыруына талап танытып отыр. Расында материализмнен жалыққан шығыс пен батыс әлемінің адамдары Исламды ең алғашқыда үлкен сопылардың тартымдылығы мен әдемі қаситтерінің арқасында танып, сүйіп жатыр. Нәтижесінде бұл ұлық дінді жан тәнімен қабылдап, бекем ұстанып жатыр.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті Қазақ халқының діни танымының негіздеріне діни-философиялық сараптама жасау, оның қазіргі таңда жас ұрпаққа беретін пайдасын және ислам әлеміне қосатын үлесін анықтау, сонымен қатар оны тәрбие беру ісінде қолдануды мақсат ету. Себебі, қазақ халқының діни танымы адамды жоғары моральдық-этикалық құндылықтарды өз бойына қалыптастыруды басты мақсат етіп қояды. Қазақ халқының діни дүниетанымы ислам діни дүниетанымымен сабақтасып жатқанын байқауға болады. Яғни қазақ халқы қай заманда болмасын, ислам діні келген уақытта да өз салт-дәстүрін шариғат заңдарымен байланыстыра отырып, салт-дәстүрінің мағынасын ешқашан жоймаған.
Тақырыптың құрылымы.
Жұмыстың құрлымына келетін болсақ жұмыс екі бөлімден, алты тараудан тұрады. Бірінші бөлім үш тараудан екінші бөлім үш тараудан құралған. Соңында қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі мен аяқталады.
Бірінші бөлімде Абай Құнанбайұлы және Шәкәрім Құдайбердіұлының және де қазақ ақын жырауларының діни танымдары туралы кең көлемде мағлұмат берілген. Екінші бөлімде түркі исламдық дүниетанымның қалыптасуындағы Ахмет Ясауидің алатын орнын және Ясауи дүниетанымының ерекшелігіннің маңыздылығы туралы кең көлемде мағлұмат бердік.
І-бөлім. Қазақы дүниетаным қазақ ақын жырауларының шығармаларында
Ғылым саласында соңғы кездері жиі қолданып жүрген зар заман ақындар шығармаларында сопылық дүниетанымның негізгі мәні даналыққа жетелейтін «хәл ілімиіммен» сабақтасады. Түркі дүниесінде, әсіресе қазақ жерінде ақын-жыраулар, би-шешендер, жалпы руханият тереңіне барынша бойдап, сырларынажол салған кәміл кісілерде осы ілімнен нәр алған, бұл ілімнің көш басында күллі түркі халықтарынынң ұстазы Қожа Ахмет Яссауи тұр. Қазақ дүниетанымында кең орын алатындардың бірі қазақ жыраулары. Қазақ діни дүниетанымын ашық мән, мағыналы түрде айтып кеткен де осы қазақ ақын жыраулары. Қазақ жырауларын атап айтқанда Сүгір, Майлықожа, Ақтанбет жырау т. б. Олардың жырлары осы қазақ халқының діни дүниетанымын анықтап, көрсетіп беретін мағыналы өлеңдер десек артық айтқандық емес. Қай ақын жыршылардың өлеңін алып қарасақ та, онда қазақ дүниетанымын айқын аңғартады.
Діни таным дегеніміз-адамның дүниені діни тұрғыдан танып білуі, яғни Алланы, пайғамбарды, дінді танып білу. Мысалы, қазақ халқы пайғамбарды қалай таниды?! Қазақ халқы үшін Мұхаммед пайғамбардың с. а. у қандай тұлға! Хазіреті Мұхаммед с. а. у пайғамбарлық өмірі өз алдына бір төбе! Ол дара қасиетке ие. Оның өмірі махаббатқа, мейірімділікке, ерекшелікке, ақкоңілде сырластыққа толы өмір. Ол адамзатқа Алланың ең кемелді діні болған Ислдамды сыйлады, Алла құлдарына деген қайыр шапағатын ол арқылы тамамдады. Ол адамзатты тек бір Аллаға, иман төңірегіне топтауға шақырды. Махаббат пен мейірімділік арқылы өзара тоғысқан, қасиетті бір үмбет, бір Ислам жамағатын дүниеге келтірді. Оның ұлылығы ең тамаша тәсіл, тура жолмен адамзатты игілікке шақыруында жатыр. Шуақ пен бақыт, оның ізін қуғандардың ляззаты мен несібесіне тиді. Адамзат тілеген бас амандығы мен тыныштығын, іздегенін одан тапты. Ол адамзаттың ең соңғы жетекшісі және құтқарушысы. Оның өмірі Құран Кәрімнен жаңғырады, оның ахлағы, Құран ахлағы.
Хз. Мұхаммедті (ғ. с) рухы өлмейді деген қазақ халқында сенім бар. Хз. Мұхаммед денесімен де рухымен де тірі, жер жүзінде қалаған жеріне барады. Тірі кезінде қандай болса, қазірде солай. Періштелер сияқты көзге көрінбейді. Егер Алла қаласа, адамдар пайғамбарларды көре алады.
«Әркім өлім татады. Мұхаммед бір елші ғана, одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе, не өлтірілсе, сендер сонда іздеріңе айналасыңдар ма . . . » деген құранда айқын дәлелдер кездеседі.
Хз. Мұхаммед с. а. у Аллахтың нығметі және адамзаттың жаратылуының себепшісі. «Егер Хз. Мұхаммед болмағанда Алла адамзатты жаратпатын еді және нығметі де болмас еді». Пайғамбар Мұхаммед с. а. у. қазақ халқының дүниетанымында осындай дара тұлға болып танылған және ерекше тұлға болып қала береді.
Қазіргі таңда сырттан келген түрлі ағымдардың салдарынан, қазақтың дүниетанымы біраз өзгергені белгілі. Бұрынғы діни танымнан біраз ауытқығанын қазіргі өзгерген діни сенімдерінен аңғаруға болады. Адамның діни танымы өзгерсе, діни сенімі де өзгереді. Қазақ діни дүниетанымын бұрынғы қазақ ақын жырауларында айқын көрініс берген.
Майлықожа. Майлықожаның қосқан еңбектері де аз емес. Ол әлімсақтан бері айтылып келе жатқан, өмірдің өткіншілігіне білдірген адам баласы наразылдығының, өмір үшін, өлімге қарсы күрес идеясының көрінісі. Сөйтсе де ақын осы бір түлкі болған дүниені қызыға да, қызғана да жырлай біледі. Әдемі сурет жасайды. Осынысымен ақын толғауы біз үшін мәнді сияқты.
Дәурен өтер бір күні күмбірлетіп,
Сұлу сүйіп, жүйрік мін дүмбірлетіп . . .
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні . . .
Дүниеден байда өтеді, бекте өтеді,
Алыса екі арыстан кек кетеді.
Мерт қылса, екі арыстан бірін-бірі
Арада қасқыр, түлкі жеп кетеді . . .
. . . Ақылы көп ерлердің
Кеткенге дүниесі тарынбайды. ., -деген жолдардағы ақын ұсынар ақыл сыры айқын, дүниеқоңыздық емес, керісінше адамгершілік, қайырымдылық. Өмірдің, дүниенің қызығын тіршілікте көріп, санаулы өмірді адамның саналы, мәнді өткізе білуі, байлық үшін бақталас жасап, жөнсіз кектеніп, мінез көрсетіп, дұшпанға күлкі, досқа таба болмай, ел іреңін кетірмей өмір сүруі керек.
Бірақ, соған қарап, ақын өмір қайшылықтарын танымайды екен деп қорыта шығаруға да тағы болмайды.
Дүние, өмір туралы Майлы өлеңдерінен тағы бағы бір шындық-ол ақынның өмірден түңілмейтіндігі. Ол өлімді күтіп жатып алуға қарсы. Тіршілік қамы әр кезде де керек. Ол-адамды ілгері жетелеп отыратын күш.
. . . Бар қызығың алдыңда тұрғандай боп,
Жақсыны аңсап, көңілің желігеді . . .
Ақын өзінің «Ажал бір келмес болсайшы» өлеңінде өлімге қарсы тіршілікті, жастық жігерді қоя жыр шертеді. Өзінің дүниеге көзқарасының қаншалықты терең екенін білдіреді. Асылы, Майлы дүниетанымы көптеген тұтастарынан ілгері, қайғыға беріліп, қамығудан ада.
Майлықожа ақынның Алла сипаттарын жырлап, тілге тиек еткендігі басты ұстанымы-жүректі тазарту, сол арқылы екі ғаламның рухани байлығын қолға түсіру. Бұл оның барлық шығармаларынан айқын аңғарылады. Демек, Алланың есімдері адамның бойындағы құдайлық аманатты таза ұстаудың жолы ретінде санада, ойда, тәнде, жүректе орын алуы арқылы кемелдікке жеткізетін, сафтыққа тәрбиелейтін, шыншылдыққа апаратын, білімді тереңдететін қайнар көзі ретінде дәріптеледі екен.
Сопылықта алдымен, адамға махаббат қылып, содан кейін Аллаға ұласатын махаббатты ғашықтық дейді. Майлының көптеген сыр сөздеріне арқау болатын ортақ негіз ол-Құдайға, Құдайдың нұрына ғашық болу. Бұл қазақ сопы ақындарының шығармаларына жат еместігін ХХ ғасырда жыраулардың шығармаларында да кездеседі.
Рухани жәдігерлерді байыптап қарап отыратын болсақ, олардың, көбінесе жалғыз жаратушыға мінәжат, Аллаға мадақ сарынында, яғни Алланың есімдерін, сипаттарын құрметтеп ауызға алып, соған жыр арнайтынын аңғарамыз.
Майлықожа шығармаларында халықтық дүниетаныммен сабақтасып жатқан мұсылмандық ойлау формасымен барынша қабысқан сакральді сипат-Алла есімімен іс жасау, яғни, жырға «біссмілля» айтып, кірісу үрдісі қалыптасқан. Бұл Майлықожамен тұрғылас ғұмыр кешкен, сөз ұстаған көрнекті жыраулардың да шығармаларына тән құблыс. Қазақ топырағындағы қабырғалы тұлғалардың бәрі де бір осы сара жолдан жаңылыс кетпеген.
«Бісмілляә» деп бір Алла
Бере ме жыласақ тілекті.
Өкіміңізге разымыз
Қуантқай біздің жүректі.
Майлықожа есімнің арабша тұлғасын қолданған. «Бисмилляхир»-тұлғасының қазақша түсіндірмесі «Алланың атымен» дегенді білдіреді. «Бісміллямен» бастап, Алланың ұлық есімін жад етуден кейін, дін парыздарын насихат етуге ниет етіп, Жаратушының дүниеге қойған жолын ашықтап түсіндіруге ынта қойған ақын басқа толғауларында:
«Бісмілля» деп бастайын,
Бір Алланың өзінен
Басқа сөзді қоспайын,
Тумақ-сүндет, өлмек-хақ
Адам ата әзелден»
Әзел- «о баста, ежелде» деген мағына білдіретін сөз.,
«Бісмілля» деп сиындым,
Құранның аты Кәләмға.
Білген шайыр айтады
Лайық сөзді заманға»
Кәләм-Құранның бір есімі.
«Бісмілля» кәләм ұстадым,
Еш нәбилер қылмапты
Бісміллясіз істерін,
Алланың аты аталмай,
Еш бәндә таппас іс бабын»
Нәби-«Құдай аянын жеткізуші», пайғамбар.
«бісмілля», қалам алады
Жад етіп Жаппар дананы,
Нұсқаларда әр сөзде
Алланың намы жоғары»
Майлықожа ақын Құдайдың сипатына құштарлық арқылы, яғни Алла тағаланың есімдерін үздіксіз қайталау арқылы кеудедегі қаралықты тазартуға аса мән береді. Жүректі кірден ашу- рухани ілімнің иең маңызды саласы. Жүректі тазарту қажеттілігі жайында Майлықожа Сұлтанқожа көп жырлаған. Ол:
«Алланың аты ашады
Көңілдегіқараңды,
Нышаны дейді пейіштің
Жазғы соққан самалды», десе енді бірде:
«Алланың аты ашады
Көңілдегі қараңды,
Адамның бәрі молда боп
Қолына бір-бір нама алды», -деп, жүрек тазалығының маңыздылығын көрсетеді. «Нама»-Құран Кәрім. Осы жерде айта кететін бір маңызды мәселе, Алланың есімдері-зікір. Оларды қайталап айту арқылы адам кеудесін нұрландырып, жүрегін қара таттан аршиды.
Құранның бір аты зікір деп аталады. Қасиетті кітапта Алла тағала жиырма бес пайғамбарды еске алып, олардың ғұмыр жолынан хабардар еткен. Жүректі кірден тазарту-рухани ілімнің ең маңызды саласы.
Майлықожа шығармаларындағы сопылық дүниетаным мәселесіне келер болсақ, оған Майлының мына бір шумақ өлеңі дәлел:
Дүниеден аңқау да өтті, пысық та өтті,
Аңдысып тышқан да өтті мысық татті,
Мал дегенде жүгірді не сопылар,
Басынан сәлделері ұшып кетті.
Шындығында дүние, мүлік, атақ даңқ қуу о бастан сопылықтың табиғатына сай келмейтін құбылыстар.
Қорыта келгенде, Малықожа шығармаларында негізгі ұғым-Құдайға деген ғашықтық пен кемел рухтық. Ғалым Досай Кенжетай өз еңбегінде бұл туралы былай дейді: «Аллаға ғашық болу-нәпсілік қалауларды тәрбиелейді және көңіл кірлерінен арылтады, адамның көңіліне жақсылық, сұлулық, нәзіктік ұрығын себеді, жүрек көзін ашады және көңіл сарайын кеңейтеді. Махаббат адамның менмендігін, ішіндегі қатігездігін, кек пен жек көрудің тіпті қалдықтарына дейін күлін көкке ұшырып, нәзіктікке, сүйіспеншілікке, рақымдылыққа, әділдікке бастайды»»
Барлық іштарлық пен қызғаныш, кекшілдікпен пасықтық, мақтаншақтық пен ұялшақтық сияқты арзан қылықтардан арылып, саф көңілді бол, Құдайға махаббат қыл дейді. Майлықожа өзінің шығармаларында «Бүгінгі заманауи» өндірісте, өнер де адамдарды кемел рухты болуға, әлем бірлігін ұғыну құдіретіне ие емес, тек адамзат тарихындағы әулие-ғалымдардың ұлы көшінен үзілмей келе жатқан бабаларымыздың мұрасынан табатынымызды айтып, соған кейінгі жас ұрпақты жетелейді. [1]
Шәді Жәңгірұлы. Шәді Жәңгірұлының пайғамбар тұлғасы «Назым Сияр Шәриф» еңбегінде баяндалған. «Назым Сияр Шариф» - Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын, Ислам дінін тарату жолындағы әрекеттерін, кездескен кедергілері мен көрген азаптарын, ұлы мұратқа қажымай-талмай жеткенін, өзіне пікірлестер мен тілектестерді топтағанын, ақырында адамзат тарихында өшпес із қалдырғанын баяндайтын шығарма.
Қазақ халқының дүниетанымында барлығынан бұрын жаратылған Мұхаммедтің нұры туралы түсінік бағзыда қалыптасқан. Ауыз әдебиетінде, жазу мұраларында «Нұр Мұхаммед» ұғымы барынша терең талданып, кеңінен ашықталады. «Сиярда» осы жәйтті Шәді Жәңгірұлы былайша ашықтайды.
Шақырып пайғамбардың мейірі түсіп,
Құдайым көрсетемін нұрын депті.
Періште хабар алған бір құдайдан,
Нұры артық Мұхаммедтің күн мен айдан.
Пайғамбардың барлық ғаламға рақым иесі болып келгендігін Алла тағала Құран кәрімде жария еткен:
«Уамәә арсалнәкә илля рахматән лил ғаламин».
Мағынасы: «Мұхаммед «с. а. у) Біз сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік» (Әнбия сүресі, 107-аят) .
Осы аяттан бастау алған қағидалар халықтың өз тілінде, өз дүниетанымында көрініс тапты. Мәселен пайғамбардың рақымшылығын, мейірімділігін, көркем мінезін көрсетуге арналған жырларды, қисса дастандарды осыған жатқызсақ та болады.
Нұр туралы түсініктің кереметі сол, ата-бабалар нұрды тек жалаң ұғым шеңберінде ғана анықтап қана қоймай, оның кісі бойындағы көрінісіне баса назар аударған. Нұр қашан толық қырынан адам бойына дариды, сол кезде ғана адам бүкіл көркем сипат бойына жинақталған «кемел әл- инсан», яғни, «кемелденген тұлғаға» айналмақ.
Ислам дінінің келуімен бірге адам баласының одан бұрын қаншама ойланса да, ақылының күші жетпеген сұрақтарының жауабы да табылды. Ғаламның қалай жаратылғаны бұрын барлық халықтар үшін жұмбақ еді. Олар күн мен айды, қоршаған әлемді жаратқан Тәңірінің бар екенін білсе де, оның бір екеніне толық сене алмады. Ислам діні келгеннен кейін ғылымның арқасында Құдайдың даралық сипатына көптің көзі жетті. Он сегіз мың ғаламның бір ғана нұрдан «Мұхаммедтің нұрынан» жаратылғандығы және Алла тағаланың оны сүйікті досы Мұхаммед пайғамбар үшін жаратқаны бұрын ашылмай келген сырдың жария болуы еді.
Фарабитанушы Ақжан Машани өзінің әл-Фараби мұраларын, оның артында қалған еңбектерінзерттеп зерделеуге бағытталған «әл-Фараби және Абай» атты кітабында пайғамбардң нұры\ның бүкіл дүниенің жаратылуының себебі неде екендігін хадиспен бекітеді:
«Мұхаммед Расуалланың қасында жүретін Жабр б\ин Ғабдолла атты бір сахабасы сұраса керек: «Ия, Расул Алла! Тәңірің ең бірінші жаратқан не нәрсе» деп. Оған Мұхаммед Расул Алла айтқан: «Ия, Жабр! Алланың ең бірінші жаратқаны сенің пайғамбарыңның нұры», депті. Осы бір ауыз хадис бүкіл ғаламның кілті болып табылады.
Ақын жыраулар шығармаларында пайғамбар тұлғасының көрініс беру мәселесі қанша рет толассыз зерттесе де таусылмайтын сарқылмайтын тақырып. Олардың бізге берер тәлімінің елдік ұстынымызды нық қалыптастырып, мәңгіліккек ұлы дала төсінде ел болып тұруда мәні терең. [2]
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы . Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінен иман пайғамбар танымына қатысты біраз еңбекетері бар. Мысалы:
Көріппіз: иманға-дос, жанға-қасты,
Теріппіз: жалған істі, қойып расты.
Ертең түгіл, бүгінгі пайдасы жоқ,
Көрмессің сес жимайтын біздей масты!
Білместер орынсызға малын шашты,
Наданнан құрт-құмырсқа тозақ қашты.
Мақлұқат ғапілікке мұнан бетер
Тауып бақ-жердің үсті, көктің асты.
Білмеген қазақ та, бар ноғай да бар,
Ең әуелі иман ғылымын оңайлап ал!
Кітапты, пайғамбарды, періштені, -
Құр атын білуменен не пайда бар!
«Ең әуел керек нәрсе-иман!»-деген,
«Ақірет істеріне илан!»-деген.
«Құдай кешер!»-дегенмен іс бітпейді,
Иман шартын білмесе, айуан деген!»-деген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz