Психолгтың қиын балалармен жұмыс әдістемесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Психолгтың қиын балалармен жұмыс әдістемесі

Қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселесі қазіргі кезеңдегі мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі бо-лып саналады. Осы мәселемен жұмыс жасай отырып, мектеп психологының қойған мақсаты: "қиын" балалармен жүмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға кұқықтық білім беру мен жоғарғы әлеуметтік-құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу.

Әуелі мына терминдерді ажырата білгеніміз жөн: "қиынбала", "тәрбиесі қиын" бала, педагогикалық назардан тыс қалған бала, әлеуметтік назардан тыс қалған бала, адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала. Осы түрғыдан қарай отырып, тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен дұрыс тәрбие жүргізу жолдарын анықтаймыз. "Халық айтса, қалып айтпайды" дегендей "қиын" балалар мен жұмыста сынып жетекшілерінің қағидасына айналған мақалдар бар.

1. "Баланы жастан" немесе "Баланы бесігінен түзе". Баланың тәрбиесі жай-лы алғашқы мәліметтің жоқтығынан бастауыш сынып мұғалімдеріне бірінші күннен бастап баламен мақсатты түрде жеке тәрбие жұмысын жүргізу қиынға соғады.

Сондықтан мектепке дейінгі баланың отбасындағы мінез-қүлқы жайлы, кейбір жеке ерекшеліктері жайлы мәліметтердің болғаны жөн. Бұл үшін арнайы сауалнамалар дайындалады. Тәртіп бұзушылыққа бейімділік белгілері көріне бастаған баламен бірінші күннен саналы тәртіпке және мінез-қлық мәдениетіне тәрбиелеудің жеке жоспары жасалады. Оқушы мінез-құлқындағы теріс белгілерін ең алғашқы көрініс біреуінен-ақ байқап, ауытқушылықтың алдын-алуға мүмкіндік береді.

2. "Өнер үйренсең қор болмайсың". Оқушының бос уақытын әр түрлі көпшілік іс шаралармен толтыру арқылы алдын алу шараларын қамтамасыз еттік деу бекершілік. Тек оқушының қызығушылығын туғызған көңілінен шығатын іс-шаралар болса басқаша. Мұндай істер қатарында әр түрлі үйірме жұмыстарын айтуға болады. Өйткені үйірмеге бала ешкімнің зорлығынсыз, өз еркімен келеді. Ал "қиын" балалар көбінесе сенім туғызатын әңгімеге мұқтаж. Жеке назардың, қамқорлықтың, мейірімділіктің жеткіліксіздігін ересек қылмыскерлер пайдаланып "қиын" балаларды өз тобына қосып алады.

3. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады". Тәрбие жұмысындағы тағы бір маңызды нәрсе баламен сөйлесе білу. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады" демекші, баланың көңілін таба білу оның сенімін туғызады. Жас ерекшелігін ескере отырып, жеткіншектермен, жасөспірім балалармен олардың өз тілінде сөйлесу керек.

Қиын балаларды сен "қиынсың" деп кеудесінен нұқымай жалпы балалар тобынан бөлудің қажеті жоқ. Бұл оларды одан әрі есіртіп жібереді, "көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады" деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп бәрі бір мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді. Осыдан барып еш нәрсеге құлқы жоқ, немқұрайлы болады.

4. "¥яда не көрсең, үшқанда соны ілерсің" келеңсіз отбасыларымен жұмыста тек түсіндіру шаралары арқылы оларға ыкпал ету жеткіліксіз. Бұл жұмыста қоғамдық ықпал ету, медициналық және кұқықтық шараларды қолданған жөн.

Жалпы "қиын" жасөспірімдермен жұмыс әдістемесі нені қамтиды?

1. Қолдау әдістемесі - ең әуелі олардың сабаққа деген құлшынысын қолдап отыру т. б ой- пікірлерін, ұсыныстарын қолдау

2. Жеке талап қою әдістемесі оқушының өзіне деген сенімін бекіте түсу үшін оның мүмкіндігіне қарай сабақ жүктемелерін беру.

3 . Жеке түлғалық қатынас әдістемесі . Өзінің мүмкіндігін ескере отырып, түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру арқылы дамуына ықпал ету.

4. Оқушының жетістігі жағдаяттарын туғызу әдістемесі . Бұл арқылы сынып ұжымында оқушының беделін, оның мектепке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Ал мектеп ішінде ерекше қадағалауды қажет ететін оқушылармен түзету жүмысы үшін мектепте психологиялық-педагогикалық консилиум құрылады. Осыған тоқтала кетейік.

Консилиум - оқушыларды зерттеудің ұжымдық әдісі.

Консилиумнің міндеттері:

1. Оқушылардың мінез-құлқы мен

оқу үлгеріміндегі ауытқу себептері мен сипатын анықтау

2. Дамудағы ауытқушылықтарға түзету мақсаттарындағы тәрбие шаралардың жоспарын қүру

3. Күрделі және нақты қақтығысты жағдайларды шешу үшін кеңес беру. Консилиум жұмысын үйымдастыру принциптері (қағидалары) .

- адамның жеке басын сыйлау;

- жақсы қасиеттеріне сүйену;

- зиян келтірмеу;

- психологиялықжәне әдістемелік білімдерді интеграциялау;

- диагностиканы барынша педаго-гикаландыру.

Консилиумның жұмысына қаты-сушылар қүрамы оның мақсатына байланысты құралады. Олар - сынып жетекшісі, психолог, мектеп дәрігері, жасөспірім.

Консилиум екі кезеңнен тұрады:

1-даярлық кезеңі. Бұл кезеңде оқушының диагностикалық картасы жасалады.

2-кезенде консилиум мәжілісі өткізіледі. Мәжілісті өткізу барысын-да:

- оқушының мінездемесі тындалады;

- оны консилиум мүшелері толықтырады;

- ата-аналары мен оқушыға сөз беріліп, олармен әңгіме жүргізіледі;

- педагогикалық диагноз қойылады;

- оқушыларды түзетуге байланысты ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, ше-шім шығарылады.

Консилиум мәжілісі хатталып тігіліп отырады. Аталған нақты әдістемелерге сүйене отырып, нақты қағидаларды ұстана жүргізілген "қиын" балаларды түзету жұмысы ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізудің кепілі болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психологтың қызметі
Қиын балалар ұғымының мәні
Қазіргі мектеп психологінің кәсіби сапасын анықтау
Жетім жеткіншектерді психологиялық диагностау ерекшелігі
12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик – психологтың әсері
Психологиялық оқыту
Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу себептері
Аудандық психологиялық центрдің психологының жұмысы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Үлгермейтін оқушылардың өзіндік типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz