Оқудағы оқушылардың жас және ерекшеліктерін ескеру принципі



Жұмыстың мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ТАРАУ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін
есепке алу мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.2. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білімін анықтаудағы педагогикалық бағалау принциптері ... ... ... ... ... ... 10

ІІ ТАРАУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМІН, ДАҒДЫСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2.1. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2.2. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білімін
бағалау әдістері мен тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
КІРІСПЕ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа өткен құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз». Міне сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің маңыздылығы мен оның мәнділігіне көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуде нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс-шаралар айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды»-деген болатын.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп көрсетті. Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті,шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу- мақсаттың бірі болып отыр. [1]
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «Әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына,көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелді.
Мұндай міндеттерді шешу үшін мектептерде :
1. Оқушыға берілетін білім негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқыту.
2. Оқу-тәрбие үрдісін , білім мазмұнын түбірімен жаңарту
3. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру
4. Педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыру қажет.
Сабақ-оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы - бұл оқу барысында педагог дәл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шәкірттерге игерілуі тиіс пән негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен әдістерін қолданып, танымдық және басқа да іс-әрекеттерді ұиымдастырады, онымен бірге оқушыларды тәрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан -2030» үндеуі,1997.
2. ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы, 1996.
3. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
5. Педагогика. Дәріс курсы./ Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К және т.б. Алматы: Нұрлы әлем,2003.
6. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, Білім, 2003.
7. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы, Санат,2001.
8. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі./ред.басқар. С.Қалиев, т.б. Алматы,1999.
9. Методика воспитателной работы. / Под ред. Л.И. Рувинского. М,1989.
10. С. Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын, 2004.
11. Ә. Құтпанбаев, Е. Райымжанов. Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие. Алматы,2001.
12. Қожахметова К. Сынып жетекшісі. – Алматы,Әлем,2000.
13. Рожков М.И., Байбородова Л.В. Теория и методика воспитания. М, 2004.
14. Қалиев С. Үлгілі үйдің ұл-қызы. Алматы, Атамұра, 2001.
15. Қалиев С., Майғарапова Ш. Оқушылардың тұлғалық қасиетерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы,Білім,2001.
16. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. Алматы: РБК,1997.
17. Ильясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы, Мектеп, 1991.
18. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Алматы, Білім, 1995.
19. Құлмағамбетова, Исанова А, Исингарина М, Көккөзова М, Құрманғалиева М, Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Білім. 2000 жыл.
20. Кәтенбаева Б. Етістікті оқытуға байланысты грамматикалық таблица. А, 1980жыл.
21.Жаниязов Ә.Лексиканы оқытуға арналған таблица. А,1970жыл.
22.Қазақ тілі мен әдебиеті. 2. 2004жыл. 78-бет.
23. Айдосова.Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру.
23.Қанжанова Г.Ізденімпаздықтың жемісі. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003. 3. 19-бет.
24. Оралова А. Қазақ тілі сабақтарында тіл ұстарту. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004.5.
25. Әбдразаков Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі.-Шымкент, 1994 жыл.
26. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру.-Алматы, 1988жыл.
27. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. Мем. 1-1996 жыл.
28. Безкаравайный С. Жұмабаев А. Мектепте өткізетін тарихи-
әдеби кештер .- Алматы, Мектеп, 1968 жыл.
29.Бержанов Қ. Оқу- ағартудағы халықтар достығы.- Алматы,
1976 жыл.
30.Бабанский Ю. Педагогика.- Москва .1988 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмысы

Тақырыбы: Оқудағы оқушылардың жас және ерекшеліктерін ескеру принципі
Жұмыстың мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін
есепке алу мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білімін анықтаудағы педагогикалық бағалау принциптері ... ... ... ... ... ... 10

ІІ ТАРАУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМІН, ДАҒДЫСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2.1. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...16

2.2. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білімін
бағалау әдістері мен тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа өткен құндылықтар туралы айтты: Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз. Міне сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің маңыздылығы мен оның мәнділігіне көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуде нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс-шаралар айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды-деген болатын.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 бағдарламасында Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау- деп көрсетті. Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті, шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу - мақсаттың бірі болып отыр. [1]
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес Әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелді.
Мұндай міндеттерді шешу үшін мектептерде :
Оқушыға берілетін білім негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқыту.
Оқу-тәрбие үрдісін , білім мазмұнын түбірімен жаңарту
Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру
Педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыру қажет.
Сабақ-оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы - бұл оқу барысында педагог дәл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шәкірттерге игерілуі тиіс пән негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен әдістерін қолданып, танымдық және басқа да іс-әрекеттерді ұиымдастырады, онымен бірге оқушыларды тәрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Әр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар-жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың әрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-әрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан және сападағы көрініс береді.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайыңда білім беру сапасын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұңдай дәстүрсіз түрлсрі көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір-талас, панорама, компыотерлік сабақтарын жатқызуға болады.[2]
Бірақ, жоғарыда аталғап сабақтың дәстүрлі емес түрлсрі - оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданалатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын (конкурс, сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион, ойын, экспедиция)-сабақтың элементтерінен қарау керек.
Оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде. Жоғары сынып оқушыларына арналған еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру (НОТ) сабақтары, кітапхана сабақтары, библиографиялық конкурстар, саяси тақырыптарға арналған факультативтер, саяси клубтар, оқушылардың қызығулары бойынша ұйымдас-тырылған үйірмелер, арнайы семинарлар мен лекторийлер, ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру университеті, консультациялық бюролар, жас мұғалімдер үшін "Өздігінен білім алу мектебі" т.б. жұмыстар. Мұндағы көзделген мақсат - оқушылардың өздігінен білім алуға қызықтыру және бұл жұмысқа қажетті нақты қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу мәдениетін арттыру.
Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, индекс және жарыс сабақтары, лабораториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы және т.б. осы аталған сабақтардың әрқайсысын тиімді пайдалану арқылы оқушыларға тәрбие беруге болады.
Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор.
Тәжірибешіл мұғалімдердің осы талаптарға сай әр-түрлі сабақ түрлерін өткізудегі жаңалыктарын іс-тәжірибесінен байқауға болады. Өйткені, олардың оқыту жұмысының нәтижесі, асқан педагогикалық шеберлігі көзге түсіп бүкіл мұғалім жұртшылығына болымды әсер етуде. [4]
Тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістері көптеген баспа беттерінде, әсіресе Қазақстан мектебі журналында жазылып жүр. Солардың ішінде кейбір шебер мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақ түрлерін жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде өткізетіндігін көруге болады.
Сабақты оқушылар үшін тиімді және қызықты өткізе отырып, тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер (М.Н. Скаткин, М.И. Махмутов, В.Ф. Шаталов, Е.И. Ильин т.б.) белгілі жағдайлар керек. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемімен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық жағдай-бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізілді.

І ТАРАУ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында: Білім беру жүйесінің басым міндеттері - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту - деп көрсетілген. Мұнда бүгінгі таңда мектеп оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу - мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде ұстанатын ең басты қағидасы болу керек екендігін көздейді. Осыған орай, біз мұғалім өзінің кәсіби педагогикалық міндетін атқаруда оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың бойындағы дара қажет, қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір ерекшеліктерге тоқталамыз. [6]
Жалпы алғанда, оқу- оқушының өзіндік қызметі, қызметтің осы түрі арқылы оқушы білім алады, білік және дағдылар жүйесімен қаруланады. Оқу жас ұрпақтың бойына ес, зейін, қиял, логикалық ойлау және тағы сол сияқты қасиеттерді тәрбиелейді, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіреді, жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Мектептегі тың өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін зерделей отырып, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере оқыту, тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін ескеру арқылы оның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқу, жүзеге асырудың нәтижесінде көрініп отыр. Жаңа педагогикалық технологияларды қолданып оқытуды бастауыш білім беруді дамыту мен жетілдірудің негізгі құралы ретінде қарастыру керек. Әр баланың кейінгі және болашақтағы білімі бастауыш буындағы білімнің сапалылығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі - білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу үрдісін әр оқушының жеке бас ерекшелігін ескере отырып, бала талпынатындай және қызығатындай етіп ұйымдастыру керек. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін, оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру - мұғалім құзырындағы іс. [8]
Оқушыларды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігі тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемелік және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттен (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.
Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларын үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білім алу іс-әрекетіндегі маңызды әрекеті - бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді - енді келеді, Бұған дейін жасай алмадым-енді жасаймын, Бұрын қандай болдым - қазір қандаймын, міне, бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субьекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясына қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.
Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді. [14]
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.
Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқытудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.
Дидактикалық мақсаттарына және оқу процесіндегі орнына байланысты дәрісбаян: кіріспе, айқындау ағымдық қорытындылау және шолу түрлерімен ажыралады.
Оқу дәрістерін өткізу әдіс-тәсілдеріне орай дәрісбаян түрлері төмендегідей:
ақпараттық дәрісбаян - түсіндірме-көрнекілік әдіспен өткізілетін дәстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі:
проблемді дәрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мәселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процессі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, әрқилы көзқарастарды салыстыру және т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
көрнекілі (визуалды) дәрісбаян оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;
бинарлы дәрісбаян (диалогты дәрісбаян) оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі - практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;
-шатастыру дәрісбаяны (лекция провокация)-мұндай дәрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсаты оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға және көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дәрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;
дәрісбаян-конференция-ғылыми-практи калық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сәйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады әрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
кеңес дәрісбаяндар сұрақ-жауап не сұрақ-жауап-сөз-жарыс күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;
екеу дәрісбаяны (лекции вдвоем)-бір пән не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дәріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.
дәрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тәрбиелік, дамытушылық дәрісбаяндары ажыралады;
ықпал-әсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дәрісбаяндар қолданылуда. [12]
Мұғалім оқушылардың жас және жеке ерекшелігіне қарай үй тапсырмасын беруі тиіс.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
1. Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс - тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
2. Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірмен, олардың іс - тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.
3. Үй тапсырмасы бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.
4. Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
5. Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушылараға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.
6. Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
7. Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сипатына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.

1.2. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білімін анықтаудағы педагогикалық бағалау принциптері

Оқушыларды оқытуда жас және жеке ерекшелігін ескере отырып, сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіншіліктерінесәйкес таңдап алу, сол сияқты көрнекі және техникалық құралдарды күні бұрын дайындау сабақ мақсатының жемісті болуының негізгі шарттарының бірі. [9]
Келесі сабаққа дайындалу үшін бүгінгі өткен сабақты талдау қажет. Талдауда қандай мәселелерді еске алған жөн:
-тақырып мазмұнын оқушылар қалай игереді;
-сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
-сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі;
-сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктері;
-сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.
Сабақты осындай тәсілдерді пайдалана өткізу мұғалімнің ғылыми - әдістемелік, зор педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал, педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қалыптастыру:
- отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындаған, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника сласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қасиетттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен (спортпен) үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу. т.с.с.
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. [16]
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе жоғарғы дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша институтты бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескіреді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелермен таныс болуы, ғылыми семинарлармен конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой-өрісін кеңітеді. [14]
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі көзі.
Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өңірінде жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың ғылыми негіздерінің өмір және еңбекпен байланыстылығы; оқытудың политехникалық принципі; арнаулы факультативтік курстар; бағдарламалап және дифференциялық оқыту; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тәрбие жүйесінде алатын орны; кәсіптік бағдар беру, техникалық құралдарды, компьютерлерді, оқыту машиналарын кеңінен қолдану болып отыр. Осы мәселелерді іс жүзінде асыру мұғалімнің тікелей психологиялық және педагогикалық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан ол оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, физиология, психология және педагогика ғылымдарындағы құбылыстардың негізгі ұйымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен ережелерін және олардың табиғи байланыстығын, атақты физиологтар И.М.Сеченов, И. П. Павлов. белгілі психологтар А.А.Смирнов. А.Н.Леонтьев. А.А.Давыдов, дидактар Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин тағы басқа ғылымдардың еңбектерін қол үзбей оқып терең меңгереді. Сонда ғана мұғалім шығармашылық еңбектің тамаша шебері бола алады.
Қазіргі кезеңде білімнің беделі төмендеп, мәдениеттің, рухани байлықтың мәртебесі құнсызданып отырғанына қарамастан гуманитарлық білім беру мәселесін шешуде негізгі тұлға - мұғалім. Себебі, білім беруді гуманитарландыруда педагог-маманның мәртебесін көтеру елімізді өркениетті мемлекеттер деңгейіне жеткізудің басты шарты деп есептейміз. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым А.Байтұрсыновтың Ең әуелі мектепке керегі білімді, әрі педагогикалық әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім - деп баға бергені бұл күнде де өз мәнін жойған жоқ. [18]
Осыған орай педагог маманның моделін ұсынамыз:
- педагог-ол шын мәніндегі қоғамдық-әлеуметтік даму процесінің санасындағы күрделі жаңғыру барысына тікелей қатысы бар маман;
- педагогикалық процеске ие бола алатын әрекетті және тұтас толыққанды қасиеті бар, шығармашылық ойлау қабілеті жетілген, өзінің білім алуға өзін-өзі тәрбиелеу дағдысы қалыптасқан, гумандық қоғамдық еңбек қатынасын орната алатын маман;
- педагог қазіргі заманның өркениетті, прогресшіл бағытына сай ең жоғары мәдениетті маман. Мұғалімнің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық және т.б. бірнеше бағытта жүргізіледі: Ұйымдастырушылық бағыт мұғалімнің оқыту тәрбиелеу процесі жоспарлау және ұйымдастыруға құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ жүргізу барысын ұйымдастыру, т.б. Бұл үшін мұғалім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
-мектептегі педагог қызметті ұйымдастырудың негізгі формаларын;
-ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізі дидактикалық принциптері мен әдістері;
-оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге;
-оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін сынып деңгейіне байланысты таңдай білуге; Танымдық бағыт мұғалімнің оқушылардың ой-қызметін басқаруға байланысты құрылады.
Бұл үшін мұғалім:
-ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін білуге;
-білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасып қадағалауға;
-танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
-пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге;
-өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып логикалық шешімдер жасауға;
-оқушы бойында білім алуға өз еркімен ұмтылып тәрбиелеуге;
Эмоционалдық бағыт- мұғалімнің білімге деген көзқарасын асырып, оның оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген сезімін жоғарылату.
Ізденушілік бағыт-мұғалімнің оқу процесін жетілдіруі арқылы және профессионалдық шеберлігін көтеруі арқылы көрінеді.
Бұл мұғалімнің психологиялық-педагогикалық қызметін талдаумен және озат педагогтар тәжірибесін, жаңа педагогикалық технологияны әдістерді қызметіне ендіріп, білімін ұштастыруы.
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын өткізу әдістемесін білуі тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби шеберлігіне мына талаптар қойылады:
-оқу процесін бақылауға және талдауға;
-педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
-кез келген педагогикалық ситуацияға педагогикалық шеберлігін қолдана білуге;
-пән сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде болуға;
-сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға;
-өз еңбегінің жемісін болжай білуге;
-оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға;
-үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, оқушылармен сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті.
Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір пен тәртіп талабынан құрылады. Мынандай бағыттарға бөлінеді: фронтальды - мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы.
Жұмыс әр оқушының топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу. [18]
Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық және түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады. Бірақ, сабақтың бұл түрінде көптеген кемшіліктер бар, жұмыс барысында оқушылар әр түрлі деңгейде өз мүмкіндігіне қарай білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі бір мөлшерде оқшауланбайды, әсіресе, нашар үлгеретін оқушыға мұғалімнің көмегі үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады.
Сол себепті сабақтың тиімділігін арттыру үшін сабақтан басқа түрлері де пайдалану керек.
Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу.
Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқынын бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. [20]
Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:
оқу міндетін анықтау үшін сынап екі топқа бөлінеді;
әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген), ол топ ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді;
топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;
топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді; ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;
топтың және құрамның әр түрлі деңгейлікке орай оқушылардың қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзң оқушыларға байланысты.
Сабақтың топтық жұмыс түрінде оқушы саны көбейеді және жеке жұмыс барысында оқушыға не топ басшысының, не мұғалімнің көмегі қажет болып отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің оқушыға көмек беруі қиындай түседі, сондықтан олар жеке жұмысқа көшкенге дейін кезек күтуге мәжбүр).
Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде,ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі.
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгергіштігі субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. [22]
Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру түрлері оқушылардың сабақ барысындағы өзіне тән оқу-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре түседі. Олар өзара, бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді.

ІІ ТАРАУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМІН, ДАҒДЫСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2.1. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы

Елімізде бүгінгі жалпы білім беруді бастауы кеңес дәуірінің 30-жылдары басталған. Сол жылдары мектепте берілетін білім мазмұны пәндік ұстанымда жүйеленуі ғылымдар классификациясына сүйеніп, жеке пәндер оқытыла бастады. Нәтижесінде "Нені оқыту?" деген сұрақ аясында жеке пәндер бойынша берілетін білімнің құрамы мен құрылымы анықталып, көлемі белгіленді. Бұл үрдіс тарихи кезеңдерден өтіп, бүгінде дәстүрлі болған оқу пәндер жиынтығы қалыптасты. Әр пән аясындағы білім жылдар бойы толықтырылып, жетілдіріліп бүгінгі таңдағы көлемі айқындалды. Осы білім мазмұнын оқушыға жүйелеп, өңдеп дайын күйінде жеткізетін мұғалім болғандықтан. "Қалай оқытамыз?" деген сұрақ аясында әдістемелік ізденістер болды. Осы бағытта ұйымдастырылған білім беру жүйесінің соңғы нәтижесі жеке пәндер бойынша алынатын ББД болып табылады. Білім беруді ұйымдастырудың бұндай жолын шартты түрде жүйеге "кіруді" реттеу делінеді.
Әлемдік білім беру кешенінде өркениетті елдерде білім беруді ұйымдастыруда екінші жолы орын алған. Оны шартты түрде жүйеден "шығуды" реттеу дейді. Бұл жолдың ерекшелігі неде? Мәселе "Не үшін оқытамыз?" деген сұраққа жауап алудан басталады. Бұл сұраққа жауап ретінде алынатын соңғы нәтижелер нақтыланады. Бұл нәтижелерге жеке пәндер бойынша меңгерген ББД емес, өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мәселе "оқушыны оқуға қалай үйрету?" деген сұрақпен байланысты. Демек, мұғалім, негізінен, оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалды дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен (білік, тәсіл, т.б.) қаруландыралы. Осындай ұстанымда ұйымдастырған оқу үрдісінің нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды меңгеріп шығады. Сонымен білім беруді ұйымдастырып оның сапасын қамтамасыз етудің екі жолының өзара айырмашылығы құндылық, жүйе, үрдіс, нәтиже деңгейіндегі өзгешеліктермен байланысты. Бұндай әдіснамалық деңгейдегі айырмашылық жалпы білім берудің мазмұндық және процессуалдық негізін реттеудегі өзіндік ерекшеліктерге әкеледі. Бұл ерекшеліктер жинақталған күйінде төмендегі кестеде беріліп отыр. [25]
Жалпы білім берудің мазмұндық және процессуалдық негізін
реттеу жолдарының өзіндік ерекшеліктері
Кіруді реттеу
Шығуды реттеу
1. Мектепте берілетін білімнің мақсаты мен міндеттерін жалпылама түрде белгілеу.
2. Мектептің әр сатысының мақсат пен міндеттерін нақтылау.
3. Әрбір оқытылатын пәннің орнын оқу жоспарда анықтау.
4. Әр пәннің мақсат мен міндетін екі деңгейде анықтау:
- тұжырымдама;
- стандарт.
5. Оқу бағдарлама арқылы әр пәннің мазмұнын әр бір сынып үшін анықтау.
6. Әр пән бойынша оқулық және оқу - әдістемелік құралдар жасау.
1. Ұлттық деңгейде білімнің жалпы мақсатын мектеп түлектерінің басты құзырлықтарын сипаттау арқылы белгілеу.
2. Білім аяларының мақсатын күтілетін нәтижелер арқылы нақтылау.
3. Оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау.
4. Оқу жетістіктерін өлшейтін өлшеуіштер жүйесін дайындау.
5. Балама бағдарламалар, оқулықтар жасау арқылы нақтыланған мақсатқа жетудің әр бір жолдарын таңдауға мүмкіндік беру.
6. Білімге қатысушылардың жауапкершілікті өзара бөлісу жүйесінің қалыптасуы.

Бірыңғайлық білім беру жүйесі;
Оқу жүктеменің жылжымалы бөлігінің мазмұны
Білімнің мазмұндық процессуалдық негіздерінің шынайы баламалығы

Аралас сабақ-мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрі.Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе буындары алма кезек өзара ұштасып жатады. Сабақ үстіңде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, ол мұғалімнің оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсінуіне өте қолайлы. [16]
Аралас сабақ әсіресс бастауыш және орта сыныптарда, сонымен қатар тілге қатысты пәндерде көптеп қолданылады.
Сондай сабақтың бір вариантын профессор Р.Г.Лемберг өзінің "Дидактика-лық очерктер" деген еңбегінде ұсынады. Оның ерекшелігі, дәстүрлі сабақта ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілігі сабақты оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, мұнда оған керісінше жаңа оқу материалын енгізіп, түсіндіру жұмыстарына айрықша мән береді. Мысалы, оның құрылымы мынандай болып келеді:
Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру.
Үйге тапсырма беру.
Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру.
Өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа сабақты пысықтау.
Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсеңділігі жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады. Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе жоғары сыныптарда кеңірек қолданған дұрыс болар. Себебі. оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде түсіндіру және оны пысықтау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері
Оқыту процесіне ұйымдастыру педагогика ғылымының күрделі проблемасы
Оқытудың заңдылықтары мен қағидалары
Мектептегі информатика пәнін саралап оқыту әдістері
Білім беруді жетілдіру талаптары
Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу
Дидактика заңдылықтарының ерекшеліктері
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу негізінде орта мектепте информатиканы саралап оқытуды ғылыми негіздеу
Шетел тілдеріне оқыту әдістері
Оқытудағы оқушылардың жас және ерекшеліктерін ескеру принципі
Пәндер