Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
Жұмыстың мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3. бет
Негізгі бөлім
І Орта мектеп әдістемесі
1.1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.12 бет
1.2. Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалымдар ... ... ... ...13.15 бет
ІІ Етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
2.1. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.18 бет
2.2. Етістіктің шақтарын қарқынды оқыту технолгиясы
бойынша оқыту тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.20 бет
2.3. Етістіктің шақтарын ұжымдық оқыту технологиясы
бойынша оқытутиімділігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21.25 бет
2.4. Етістіктің шақтарын дамыта оқыту технологиясы
бойынша оқыту тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26.30 бет
2.5. Етістіктің шақтарын проблемалық оқыту технологиясы
бойынша оқыту тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31.36 бет
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37.бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38.39 бет
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40.42 бет

Кіріспе
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» - мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі – тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз.
Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. –Алматы: РБК, 1998. -96 б.
2. Подласый И. П. Педагогика. – М.: Владос, 2000. -573 с.
3 Пестолаций И.Т. Избр. пед. произв. В з т-х. Т.3. –М., –1965. -216 с
4 Гузеев В. От методик к образовательной технологий. //Народное образовоние. –1998. №7. С.84 -91.
5 Юдин В. Сколько технологий в педагогике? //Школьные технологий. – 1999. №3. С.34-40.
6 Кушнир А. Новая Россия подрастает.// Народное образование. –1997. №5. С.20-27.
7 Смирнов С. Еще раз о технологиях обучения. //Высш.обр.в Россий. –2000. №6. С.113-120.
8 Арстанов М.Ж., Пидкасистый П.М., Хайдаров Ж.С. Проблемно-модульное обучение: Вопросы теорий и технологий. – Алматы: Мектеп, 1980. -208 с.
9 Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. 2-е изд. – М.: Педагогика, 1984. -95 с.
10 Вихман. Метод сочетательного диалога. Опыт применения. (В порядке обсуждения). // За качеством кадров. – 1931. №6. С.26-35.
11 Китайгородская Г.А. 33 ответа на 33 вопроса. – М.: МГУ., 1993. -197 с.
12 Дьяченко В.К.Сотрудничество в обучений. – М.: Просвещение, 1971. -191 с.
13 Вихман 3. Опыт построения учебного материала для массового рабочего образования. //Революция и культура. – 1930. №15-16. С.55-63.
14 Дьяченко В.К. Общие формы организаций процесса обучения: Актуал. проблемы теорий и практики обучения. – Кросноярск: Изд. Кроснояр. ун., 1984. -185 с.
15 Дьяченко В.К.Еще раз о коллективных учебных занятиях. //Народное образование.– 1992. №1-2.С.12-17.
16 Арыстанов М. Проблемное обучение в учебном процессе вуза. – Алматы: Мектеп, 1975. -80с.
17 Пидкасистый П.И., Арыстанов М.Ж. Проблемно-модульное обучение: вопросы теорий и технологий.– Алматы: Мектеп, 1990. -207 с.
15 Гонтарь Г.М. Использование проблемного подхода при обучений второму иностронному языку.Автореф. ... канд.пед.наук. – М. – 1987. -16с.
16. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. Алматы, Мектеп, 1987 – 75б.
17. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі оқыту әдістемесі. Алматы. Ана тілі, 1996 – 20б.
18. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т.Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1999.
19. БектуровШ. БектуровА. Казахский яык. Алматы, Рауан.1994 -240б.
20. Аяпова Т. Қазақ тілі. Алматы, 1998.
21. Байсақалова Ұ. Қазақ тілі. Астана.Фолиант, 2007.

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Орта мектепте етістіктің шақтарын
оқытудың тиімді жолдары
Жұмыстың мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3- бет
Негізгі бөлім
І Орта мектеп әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 4-12 бет
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалымдар ... ... ... ...13-15 бет
ІІ Етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
2.1. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... .16-18 бет
2.2. Етістіктің шақтарын қарқынды оқыту технолгиясы
бойынша оқыту тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-20 бет
2.3. Етістіктің шақтарын ұжымдық оқыту технологиясы
бойынша оқыту тиімділігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1-25 бет
2.4. Етістіктің шақтарын дамыта оқыту технологиясы
бойынша оқыту тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-30 бет
2.5. Етістіктің шақтарын проблемалық оқыту технологиясы
бойынша оқыту тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31-36 бет
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37-бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...38-39 бет
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40- 42 бет
Кіріспе
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы - мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.
Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тіл - халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - ұрпаққа парыз.
Пәннің негізгі мақсаты - студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы - ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті.
1.1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
Адамзат баласының мәдени, рухани кеңістігіне назар ауарар болсақ, олардың биікке көтерілуінің, бойын түзеуінің, жоғары өрлеуінің басты шарты өнер мен білім екенін аңғарасыз. Елдің рухани өркендеуі, мәдениетінің биіктігі, ең алдымен, көкірек көзінің ашықтығымен, санасының саулығымен, білімділігімен де байланысты. Бүтін халық мәдениетінің биік деңгейі, тек ел арасынан шыққан ұлылардың үлкен тізімімен ғана анықталмасы анық. Сондай ақ, жалпы халықтың, сауаттылығы, таным - түсінігінің кеңдігімен де сипатталады. Осы орайда қазақ жұртының жалпы сауаттылығының деңгейін анықтайтын мектеп - медреселердің болуы, олардың ерекшелігі мен басты бағытын анықтаудың өзектілігі айқын.
ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу - ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі болғаны туралы нақты тарихи дерек жоқтың қасы. Дегенмен, қалалы жерлерде оқу ісінің белгілі сипаты болғанын ешкімжоққа шығара алмасы анық. Басқасын былай қойғанда, Әбу Насыр әл-Фараби ибн Синалардың, М.Қашқари мен Ж. Баласағунидің, А.Югнеки мен А.Яссауидың алғашқы білім алған жерлері осы түркілік топырақ екені баршаға белгілі. Тақыр жерге шөп шықпайды дегендей, бұл ғұламалардың өнген, өскен ортасында білім ошақтары болғаны рас. Мұның үлкен айғағы А.Яссауидың даналық мектебінің болуы, оның шәкірттерінің даналық жолды жалғастыруы дер едік.
Дей тұрғанмен ХІХ ғасырға дейінгі болған бірлі - жарым білім беретін орындар жалпы оқу ағарту жүйесінің құрылымын құрай алған жоқ. Бәлкім бұл халақтың әлеуметтік- экономикалық, мәдени өмірінің кешеуілден қалуымен де, көшпелілік өмір салта мен де байланысты болар. Көшпелілік тұрмыс оқытудың көпшілікке арналған түрінің қалыптасып дамуына жағдай жасай алмады. Есесіне халық ауыз әдебиеті, ауызша шығаратын ақындық өнер, айтыс өнері, шешендік өнер т.б. барынша дамыды.
Қазақстанда мектептердің жүйелі түрде ашыла бастауы, орыс үкіметінің ықпалымен байланысты.
ХҮІІІ ғасырда Ресей империясының күшейген, саяси үстемділікке қол жеткізу үшін, жан - жақты ықпалды қимылдар жүргізгені тарихтан белгілі. Қазақ елін, өзге де түркі тектес мемлекеттерді отарлық елге айналдыру мақсатында саяси, мәдени, экономикалық жағынан жан-жақты құрылған бағдарламаның негізінде көптеген іргелі әрекеттерді іске асырғаны да жасырын емес. Бұл туралы профессор Мекемтас Мырзахметов Әріптер неге өзгерген деген мақаласында былай деп жазады: Ұлы дала төсін жайлаған қазақ елі мен Түркістан өлкесіндегі түркітілді халықтарды отарға айналдыру және оларды рухани құлдықта ұстау үшін, біртіндеп ретіне қарай шоқындырып, орыстандыру арқылы бүтіндей бір саяси организмге айналдыру саясаты қолға алынып, жолға қойыла бастады. Түркістанда туған ойлар, 1998, 47 б.. Ғалым патшалық Ресейдің қазақ арасында қазақ - орыс мектептерін ашуының, қазақ қыздарын орысша оқытуды алдымен қолға алуының басты себептерін нақты ашып көрсетеді. Өйткені заман жағдайына байланысты тез арада арасын ажыратып бөлек ұстау үшін, алдымен қазақтарды орыс жазуына көшіру арқылы бір-екі ұрпағы алмасса - ақ болады, оларды көршілерінің діни, мәдени әсерінен аулақтататын, тезірек орыстандыра аламыз деп ой түйді сонда,51 б..
Осылайша, ХVIII ғасырдың аяғында, яғни 1786 жылы Омбы қаласында ең алғаш тілмаштар даярлайтын мектеп ашылды. Бұл мектептің ашылуының өзіндік ішкі қажеттіліктері болғаны да белгілі. Мұның өзі, түптеп келгенде, сол кезеңдегі орыс үкімтінің жүргізген саяси бағыттарымен байланыстырылады. 1789 жылы дәло осындай тілмаштар мектебі Орынборда ашылады.
ХІХ ғасырдың бірнші жартысында бастап қазақ байманаптарының, ауқатты адамдарының балалары Кадет корпустарына қабылдана бастайды. Ал 1867 жылы Түркістан өлкесі құрылғаннан кейін орыс үкіметі мен жергілікті өкімет орындары да ұлт мектептерінің ашылуына көңіл бөле бастайды.
1870 жылы 26 наурыз айында орыстың оқу Министірлігі Россиядағы орыс емес халықтарды оқыту жөнінде қарар қабылдайды. Осы қарар негізінде қазақ арасында көптеген оқу орындары дүниеге келеді. Заң жолының ырқымен ашылған мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыты әр түрлі бағытта болған.
Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Бұл мектептер, негізінен, орыс тілінде дәріс беріп, жалпы білім негіздерін үйретумен айналысты, тілмаштық іс жүйесін үйретті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ақмола мен Семей өңірінде мектеп-интернаттар ашылды. Кейін көп ұзамай олар ауыл шруашылығы училищелері болып қайта құрылды. Осындай мектептер кейін Орал мен Торғай аймақтарында, одан кейін Жетісу, Сырдария облыстарында ашылады. Жер - жерде екі кластық орыс - қазақ училищелерінде дәріс беріле бастайды. Ресми мәліметтерге қарағанда, 1911 жылы Қазақстанда 350 оыс - қазақ училищесі жұмыс істейді де, онда барлығы 6756 қазақ баласы оқиды. Орыс - қазақ мектептерінде бірінші жылы ана тілі, орыс тілі, арифметика, ән-күй, дін сабағы жүрген. Ал екінші жылы тарих, география, жаратылыс тану пәндері оқытылған.
ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары оқу жүйесінде К.Д. Ушинскийдің, Л.Н. Толстойдің, Н.Ф.Бунаковтың, В.И.Водовозовтың, И.Д. Тихомировтың, А.Я. Гердттің, Ы.Алтынсарин және И.Я. Яковлевтің оқулықтары кңінен пайдаланды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында А.В Васильевтің Букварь для киргиз - Қырғыздар үшін әліппе, А.Е Алекторовтың Русско - киргизская азбука - Орыс - қырғыз әліппесі, Киргизская хрестоматия, К мудрости ступенька, С.Н. Граменитскийдің Книга для чтения т.б. оқу құралдары пайдаланылды.
Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Мұндай мектептердің де өзіндік ролі мен орны, маңызы ерекшке болды. Халықтың қолдауының арқасында бұл оқыту жүйесі ауыл-ауылда кеңінен тарады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының үлкен тобының қалыптасуының негізі осы мектеп үлгісі десек қателеспеген болар едік. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің қазіргі аяулы тұлғалары, мәдениет корифейлерінің әуелгі ұстазы осы ауыл молда - мұғалімдері болған. Әптиектен бастап оқытып, олардың мұсылманша сауатын ашуына ықпал жасады.
Абай Құнанбаев - жас кезінде ауыл молдасынан сабақ алған соң, Ғабул-Жапардың, кейін Ахмет Ризаның медресесінде оқиды, Сәбит Дөнентаев - 1911-1912 жылдары Қасым қолжаның медресесінде оқыған; Сұлтанмахмұт Торайғыров - алдымен ауылда Әлі, Тортай, Мұқан есімді молдалардан, кейін - Әбдрахман молданың медресесінде екі-үш жылдай оқиды; Бейімбет Майлин - алғаш Әбдархман Сатыбалдин деген татар мұғалімінен сабақ алған, кейін Арғынбаев деген кісінің медресесінде екі жылдай оқыған; Мұхаметжан Қаратаев - алғаш Әбіласан, Әбдікәрәм деген кісілерден сабақ алған. Әбіласан - заманындағы өте білімді мұғалімдердің бірі болса керек. Жаратылыс тану мен әдебиеттен, мәдениеттен көп тағылым бере алған. Кешеге дейін Қорғасын атты мекендегі мектеп Әбіласан атында болып келген.
Ауыл молдаларының негізгі білім тірегі - Құран Кәрім болғаны аян. Жалпы адамзаттық дамуда ерекше маңызға ие болған ұлы Құран Кәрімнің негізгі аяттары мен сүрелерінің мән-мағынасының түсінігінің ел ішінде таратудың, оның халық өміріндегі маңызын айтудың, түсіндірудің жеңіл іс еместігін атап айту қажет. Қай заманда болса да адам баласы өмірдің мәнін түсінуге, оның жұмбақ кілтін іздеуге, тануға талап қылған. Өмірдің мәнін іздеге біреулер философияға ден қойса, енді бірулердің бағы өнерде жанған. Өмірдің өз болмысының күрделі ғажайыптары мен жұмбақ әлемін алдына жайып салмаса да, дала баласының ойына ойлану нұрын сеуіп, Аланның бірлігі мен барлығы туралы ұлы тұжырымдарды түсіндіруі, Құранның түсінігін пайымдатуы ауыл молдасының ағартушылық еңбегі екендігін атап өту қажет.
Дала заңының өзіндік ұстанымдары болды, тәңірлік діннің ерешелігі мен айырмашылығы бола тұра, дүниетанымдық ерекшеліктерін ислам діні ұстанған парыздармен ұштстыра білді. Осында йекі түрлі дүниетанымның сабақтаса, ұштаса, бірлесе қимыл бағдар жасауына ауыл молдаларының қосқан үлесі мол.
Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер. Мұндай мектептерде білім салалары толық оқытылып, халықтың дәстүрлі мен салты негізінде білікті кәсіби мамандар сабақ берді.Жәңгір мектебі, Айғаным медресесі, Мамания мектебі және Ы.Алтынсарин ашқан мектептерде тарих, география, есеп, қазақ тілі, ескіше оқу, дін сабағы сияқты іргелі, негізгі пәндерден дәрістер берілгені белгілі.
Бөкей ордасыныңатақты ханы Жәңгірдің бастамасымен 1841 жылы қазақ жерінде тұңғыш зиялы мектеп ашылады. Басқа да мектептер сияқты мұнда да жергілікті халыққа білім нәрін берумен саналы түрде айналыса бастайды. Ғылымның негізгі салаларынан дәрістер оқытылады. Оқытушылар әр жерден шақырылып, таңдап алынады.
Дарынды деп танылған мектеп бітірушілер өз білімдерін Ташкент пен Бұхара қалаларында жлғастыруға мүмкіндік алады.
Қазақ даласындағы рухани ойдң оянуына өз үлесін қосып, далаға өркениеттің дүбірін жеткізуге себепші болған мектеп - ұяның бірі - Мамания мектебі. Жетісудің текті руларының бірінен шыққан атақты маманбай өз өз қаржысына мектеп ашып, ел балаларына тегін білім беру деңгейіне көтерілген. Оқу орны 1899 жылы Қарағашта ашылып, негізін қалаушы Маман байдың есімімен аталды. Зерттеушілер мамания мектебіне сол кездің алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлерінен құрылған оқытушылар сабақ бергенін жазады. Мәселен, Ғ.Мұсабаев, М.Малдыбаевтар осы мектепте дәріс береді. Атақты ғалым М.Тынышпаев пен Петербор университетінің түлегі Б.Сырттанов мектеппен іскерлік қарым-қатынас болған.
Мектептің салыну жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы Ғалия медресесі үлгісінде құрылған. Сабақтар ана тілінде жүрген. Математика,физика, география,табиғаттану, тарих, ана тілі, араб және орыс тілдері, құран оқытылады. Мектеп түлектеріне тек негізгі пәндерден білім беріліп қана қойәмай, мәдениет пен өнер түрлерінен де сабақтар өткізіледі. Қазақ ақыны Иляс Жансүгіров өз білімінің бастауын осы мектептен алады. Осындағы театрлық қойылымдарға қатысады.
Қазақстанда оқу- ағарту ісінің шыңдап дамуы, алға басуы кеңес өкіметі кезеңінде бастағаны анық. Қалай десек те, Қазан революциясы Ұлы далаға ұлы дүбір, толағай табыстар әкелгенін айту парыз. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінде РСФСР халық комиссарлар кеңесі мен халық ағарту комиссарияты жаңа мектеп құру жөнінде бірнеше құжаттар қабылдайды. Соның ішінде аз ұлттардың тілінде мектеп ашу жөнінде арнаулы қаулы қабылданады.1918 жылы 21 қаңтарда Шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден бөлу жөніндегі декрет қабылданады. Ал осы жылдың 16 қазанында Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже шығады. Бұл құжаттардың сол кезеңдегі оқу-ағарту орындарын құру және оның бағыттарын белгілеудегі маңызы мен ролі ерекше болған.
1919 жылы 26 желтоқсанда РСФСР халқының сауатсыздығын жою туралы декрет шығады. Бұдаң соң елде түгелдей сауатсыздықты жою күресі басталып кетеді де, жер-жерде Қызыл отау, Қызыл бұрыштар құру ісі басталады. Қазақстанда бұл жағдай 1921 жылы Сауатсыздықты жою жөніндегі арнаулы төтенше комиссия құрылғаннан кейін жүзеге аса бастайды. Қызу да қарқынды жүргізілген жаппай сауаттандыру ісінің нәтижесі ресми түрдегі мәліметтерде былайша сараланады. 1930 жылғы мағлұматтар бойынша ерлердің 95,2 пайызі әйелдердің 66,3 пайызы хат таныған (Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтама,Алматы, 1980, 396-бет ).
Алғашқы кездегі мектептің жалпы сипаты екі сатыдан тұрды. Бірінші сатыдағы мектептер бір жылдық, екі жылдық, үш жылдық және төрт жылдық болып бөлінді. Екінші сатыдағы мектептер жеті жылдықтан жоғары болды. 1920-1921 оқу жылдарында мектепте барлығы 144 мың бала оқыды.
1931-1940 жылдары Қазақстанда мектепте біім беру ісі ерекше қарқынмен жүргізіледі. 1930 жылы Жаппай міндетті бастауыш білім беру, 1931 жылы Бастауыш және орта білім туралы қаулылар шығады. Бұл қаулылар мектеп санының өсуіне ондағы оқу сапасының жоғарлауына ерекше ықпал етеді. Енді екі - үш жылдық мектептер төрт жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылады. Егер 1930 жылы мектеп жасындағы балалардың тек 22 пайзы ғана мектепке барып сауаттарын ашса, 1937 жылы олардың 96 пайызы мектеп мектеп табалдырығын аттайды. Заман ағымында күрделі де қасіреті мол оқиғалар болып жатты, дегенмен мектепте қазақ жастарын оқыту ісі осылайша ілгері қадам басты. Кеңес мектептеріндегі оқыту ісінде жүргізілген саяси бағыт пен көзқарас туралы әңгіме өзінше бөлек тақырып. Қалай болғанда да, мектептің саны мен сапасының өсіп - өркендегені тарихи факт.
Аталған кезеңде мектеп үйлерін салу мен оның материалдық базасын жақсартуға да көп көңіл бөлінеді. 1933 жыл мен 1939 жылдар арасында 280 мың орындық 2614 мектеп үйі мемлекеттің қаржысының есебінен салынады. Мектептегі оқулар негізінен ана тілінде жүргізіледі. 30- жылдары мектептегі барлық пәндер бойынша оқу бағдарламалары бекітіледі. Көптеген оқулықтар жазылып, жарық көреді. Орыс тілінің пән ретінде оқытылуына ерекше мән беріледі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау - дей отырып, басым міндеттердің бірі ретінде жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту - деп көрсеткен [1].
Ата-бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы өшпей, жалғасып келе жатқаны - тіл құдіреті мен танымының тереңдігінің көрінісі. Адам баласының өз тіршілігінде көрген-білгенінен тоқып-түйгенін ойлап-толғап, қорытып, келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны - табиғи заңдылық. Бабаларымыздан қалған мәдени мұраларымыз бен баға жетпен құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын табуда ана тіліміздің ролі зор. Еліміздің егемендік алып, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуына орай барлық жоғары оқу орындарында, мектептерде, колледждер мен лицейлерде қазақ тілін ана тілі ретінде, екінші тіл ретінде оқыту жұмыстары жүргізіле бастады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі өзіндік тарихы бар ғылым саласы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов болды.
Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбеав т.б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші-ғалымдардың бірі - М.С.Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан Очерки по методике казахского языка в русской школе деген еңбегінде жарық көрді [2]. Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді қамтиды. М.С.Лапатухинның еңбегі орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұңғыш үлгісі.
Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі - Телжан Шонанов. Т.Шонанов - қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты Учебник казахского языка для русской школы деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты [3].
Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым - Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен 1941 атты еңбегін жазып [4], натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігінтәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы Методика преподавания казахского языка в русской школе атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды [5]. Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым кандидаты болды. Ғалым орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін салумен қатар, осы еңбегі арқылы оқытудың тәжірибесіне де көңіл бөлді. өз еңбегінде ғалым тілші сан әдісті қолданып, оқу материалдарын оқушының сапалы, жүйелі, тиянақты түрде меңгеруіне жол ашты. Ш.Сарыбаевтың ғылыми-әдістемелік мұрасын А.Ә.Орынбаев зерттеп, Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасының көп қырлылығын дәлелдеген [6].
Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. С.Жиенбаев бірнеше оқулықтар мен әдістемелік кітаптардың авторы.
1930 жылдары оқулықтармен қатар қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуға арналған бағдарламалар да шығарылды. Ол жөнінде әдіскер-ғалым К.Жақсылықова нақтылы дерек береді: Выявлено, что первые программы и разработки уроков по казахскому языку были составлены в 1930 годы видными учеными-языковедами С.Аманжоловым, Ш.Сарыбаевым, Т.Шонановым, и многими другими.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелеріне қатысты ғылыми мақалалар да жазыла бастады. Бұл ретте де алғаш ой-пікір білдірген ғалымдар - Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев.
1987 жылы Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы үкімет қаулысы қабылданып, 1990 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін қазақ тілін оқытуға көзқарас өзгере бастады. Қазақ тілін үйренуге көңіл бөлініп, бұл мәселенің зерттелуі, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазу қолға алынды. Оқу орындарының барлығында қазақ тілін оқыту мәселесі де қолға алынды. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқулықтарды, оқу құралдарын, тілашарлар мен сөздіктерді, бағдарламалар шығару сексенінші жылдардың аяғынан бастап қоғамдық саяси сипатқа ие болды. Қазақ тілін дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады.
Осы уақытқа дейін қазақ тілін өзге ұлт дәрісханаларында оқытуға арналған бірнеше бағдарламалар жарияланды. Бағдарламалардың алдыңғы қатарында тұрған 1987 жылы профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан Қазақ тіліні үйрену курсының программасы болып табылады [7]. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы Ана тілі баспасынан Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі атты оқулық жарық көрді [8]. Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы жарық көрген Н.Оралбаева, К.Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі пәні, оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Сонымен қатар мұнда тілдік материалды ғылыми принцип негізінде таңдау және сұрыптауда: 1) сөздердің қолдану жиілігі; 2) сөздердің жеңіл-қиындығы; 3) сөздердің синонимдік қасиеті; 4) сөздердің тақырып қажеттігіне сәйкестігі: 5) екі тілге ортақ сөздерді санатқа кіргізбеу; 6) сөздердің сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің дыбыстық ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі; 9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша практикалық және лабораториялық сабақтарды жүйелі топтастырудың алғашқы баспалдағы ретінде Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденовалардың авторлығымен шыққан Қазақ тілін оқыту әдістемесі атты еңбегін атауға болады [9]. Кітапта практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, сабақты ұйымдастырудың үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми-практикалық жағынан жан-жақты талданып көрсетіледі. Еңбек оқытушыларға әдістемелік жағынан көмек бере алады.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осында қалыптасқан тілдік ортаға байланысты тілді үйренушілердің өзі - бастауыш топ, жалғастырушы топ болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық - Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың Қазақ тілі оқулығы[10].
1998 жылы Т.Аяпованың Қазақ тілі деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы шықты. Автордың пікірі бойынша бойынша оқулық АҚШ-та басылған 70 қадам арқылы қазақ тілін үйреніңіз атты оқулықтың жалғасы болып саналады. Кешенді оқулықтың мақсаты - бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету [11].
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арналған Ұ.С.Байсақалованың Қазақ тілі оқулығы Фолиант баспасынан 2007 жылы шықты. Мемлекеттік тілдің үйретілу мақсаты, міндеті, оған қойылатын талаптар ескеріліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім стандарты басшылыққа алынған. Кешеннің мақсаты мен міндеті түсініктемесінде айқын көрсетілген. Әр тараудың соңғы нәтиже сабақтар және пысықтау сұрақ- тапсырмалармен түйінделген. Нәтиже сабақтарын оқытушы өз қалауы және оқушылардың білім деңгейіне сүйеніп, өзі құруы керек. Бұл оқулық қазіргі кезде кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарын а қол жетімді. Сондықтан осы оқулықты басшылыққа ала отырып, жаттығулар жинағын, тест жинағын, жұмыс дәптерін, сынақ тапсырмаларын құрастырдық. Болашақта сөздік құру да ойымызда бар. Оқулық қарастырылып отырған мәдениеттанымдық бағытта зерттеу жұмысын жүргізуге де қолайлы[12].
Тіл - мәдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті де өмір сүре береді. Тілді оқытудың негізгі мақсаты - тілді шынайы да толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде үйрету. Әрбір тіл үйрену сабағы мәдениеттер тоғысуы, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір сөз сол елдің өмірі мен мәдениетін, қоғамдық ой-пікірін, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Демек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің қазақ тілін оқып, жазу және мұғалімнен, оқулықтан алған білімдері қазақ елі жайлы жарнама емес, керісінше қазақ халқының көзімен қарау қабілетін дамыту негізі болып табылады. Ол қазақ тілін үйрету сабақтарында елтанымдық мәліметтерді енгізе отырып жүргізгенде жүзеге асады.
Қорыта айтқанда мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесінде тіл үйренушілерге тек қана тіл үйретіліп қана қоймай, сол тілді тұтынушы халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихы, географиялық жағдайы, саяси-экономикалық даму бағыты, өнері, ғылым-білімі және қоғамдық ой-пікірлері мен рухани құндылықтары жайлы мәлімет бере отырып, сол халықты таныту болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында көптеген әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде танымдық мәліметтер бағытында оқыту әдістемесі арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Біздің мақсатымыз қазақ тілін тіл үйренушіге ауызекі қатысым құралы ретінде ғана үйретіп қоймай, тіл үйренушіге үйренім жатқан тілдің ұлттық реалилерін таныта отырып, сол тілде еркін ойын жеткізе алатын, пікірталасқа түсе алатын, танымы кең тұлға ретінде қалыптастыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалымдар
Өз заманының әрі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог - жазушы, қазақ балалары үшін дүниетанымдық ғылымдар негізін оқытатын алғашқы білім ордасын ашушылардың бірегейі - Ыбырай Алтынсарин екені белгілі жайт. Қазақ елін қараңғылықтан алып шығып, көкірек көзін ашқан, халық рухының қамқоршысы болған Ыбырай Алтынсарин еңбегінің жалпы қазақ мәдениетінде алатын орны ерекше.
Ы. Алтынсарин ауыл шаруашылығы мамандарын, өнеркәсіп мамандарын даярлап, шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, осындай игілікті істің негізін салуды арман етті. Ы. Алтынсарин Қазақ халқының тарихында бірінші рет педагогикалық білімнің іргесін қалады. Алтынсарин Қазақ хрестоматиясын орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинскиймен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгілерінде құрастырды.
Қазақ тілінің төл оқулығын ана тілінде алғаш рет жазып, оның әуелгі терминологиясын қалыптастырған айтулы ғалым - Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлына дейін жазылған қазақ тілі туралы бірлі-жарым орыс тіліндегі оқу құралдары болғанмен, қазақ тілінде бұл мәселе көтерілмеген еді. Қазақ тілінің грамматиксына тыңнан түрен салған, оның барлық салалары бойынша алғашқы терминдерін жасап негізгі жүйесін қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлы болды.
1926 жылы А.Байтұрсынұлы Жаңа Әліп-би еңбегін жазады. Бұл Мемлекеттік білім кеңесінің ұсынған бағдарламасына сәйкестендіріліп, суреттермен безендіріліп, толықтырылып шығарылады.
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармашылығы - халықтың рухани қазынасы, әлемдік мәдениеттің байлығы. Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында да атқарған ғылыми қызметі мол. Ақынның Педагогика, (1922), Ана тілі, (1923), Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы(1925), Сауатты бол(1926), Ересек шала-сауаттылар программасы (1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы Педагогика атты ғылыми еңбегін жазады
Қазақ ойының биігін танытатын замана суреткері Жүсіпбек Аймауытов тек көркем сөз шебері ғана емес, қазақ мектептерінде ана тілін оқытудың жай жапсырын айтқан, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым да. Халық ағарту жүйесінде ұзақ уақыт еңбек еткен Жүсіпбек Аймауытов жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу , оның дұрыс өсіп, қанат жаюына көмек көрсету мәселелеріне талдау жасаған. Автордың 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындары студенттеріне арнап жазған Тәрбиеге жетекші, 1926 жылы Орынборда жарық көрген өнер таңдау ,1929 жылы Қызылордада басылып шыққан Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері атты кітаптары кезінде педагогикалық оқу орындарында оқулық қызметінде қолданылған. Ал педагогика мен психологияғылымдары терминологиясының ұлттық сипатта қалыптасуының бірден бір негізгі, тұғыры болды десек қателеспейміз.
Әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі - Ғали Бегалиев. 1924-1930 жылдары КазПИ-де қазақ тілінен және қазақ тілінің оқыту әдістемесі пәндерінен сабақ береді. Қазақ ССР оқу министрлігінде инспектор болып жұмыс та істейді. 1931-1933 жылдары ол Мәскеудің әдіскер - тілшілер даярлайтын педагогикалық ғылыми зерттеу институтының аспирантурасында оқып, филология ғылымының кандидаты атағын алады.
Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары 1930 жылдары жарық көреді де, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың қыр сырын ашуға талаптанады. Ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестер жазады. Әдіскер-ғалымның Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы (1940), Әріп, дыбыс, буын, Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы(1950), Грамматика таблицалаларына нұсқау, Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал (1959) сияқты әдістемелік еңбектерінің өз кезеңінде қазақ тілін оқыту жүйесі үшін маңызы зор болғанын атап өту қажет.
Ұйықбаев Иманбай Қабышұлының еңбектерінде әр сөздің ұғымы мен мағынасын оқушыларға түсіндірудің қыры мен сыры ашылады. Мектеп грамматикаларында сөздердің мағыналары олардың лексика-семантикалық сипаты арқылы емес, грамматикалық жүйедегі қай сөз табына жататынына байланысты анықталады. И.Ұйқыбаевтың еңбектерінде де негізгі мәселелер осы құрылымдық бағытта жазылды.Сондықтан да автор былай деп ой түйіндейді: Сөз таптарының морфологиялық белгісі - әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, ол формалардың грамматикалық ерекшелігіне қатысты (Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері,Алматы, 1957).
Әдістеме ғылымының теориялық тереңдікке бой ұрып, оның жеке сала бойынша өркендеп дамуына үлес қосқан ғалымдарының бірі - Хасен Қуандықұлы Арғыновтың 1971 жылы Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері деген тақырыпта докторлық диссертация жазған.
Ғалым еңбегі негізінен қазақ тілінің синтаксисін орта мектептерде оқыту жүйесіне арналады.
Қазақ тілі грамматикасын оқытудың әдістемесі туралы терең ғылыми пікір айтқан, зерттеу ұмыстарын жүргізген ғалымдардың бірі - Қажым Басымов. Автор 1938 жылы Грамматика оқыту жөнінде дген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталады.
Қазіргі кезде қазақ тілін мектепте оқыту мәселесі төңірегінде еңбектердің авторы қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген, профессор - Әмір Рақыш. Ғалым қазақ тілін қазақ, орыс мектептерінде оқытуға қатысты бағдарламалар дайындайды. 1-4 сыныптарға арнап М.Балақаевпен, А.Асқарбаевамен, Ұ.Асыловпен, У.Жиенбаевамен, К.Бозжановамен, О.Бекбосыновамен бірлесе отырып жаңа оқулықтар шығарады. әдістемелік құралдар дайындап, мақалалар жазада. Р.С.Әмір 1958 жылы орыс мектептерінің 2-4 сыныптарына арнап шығарған Қазақ тілі оқулығы тілді үйретуде практикалық жолға қоюдың алғашқы үлгісі болды. Орыс мектептеріне арналған басқа сынып оқулықтары да осы бағытпен жазылды.
Қазақ тіл білімімен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалымның бірі- Маманов Ыбырайым Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалымның Етістік, Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы атты зерттеулерінің қазақ тіл білімінің теориялық тұрғыда дамуы үшін маңызы ерекше деп білеміз.
Ы.Мамановтың Д. Әлімжановпен бірігіп жазған Қазақ тілін оқыту әдістемесі деп аталатын оқулығы орта мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналып, 1965 жылы жарық көрген. Еңбек Орта мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәелелері, Қазақ тілінен білім берудің методтары мен оқу жұмыстарын жүргізудің жолдары, Грамматиканы оқыту методикасы деп аталатын үш тараудан тұрады.
Мектепте қазақ тілін оқытудың нгізгі міндеттері мен мақсаттары анықталатын бірінші тарауда әдістеменің өзге пәндермен байланысы көрсетіліп, орта мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламаларының негізгі принциптері баяндалды
Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкенн үлес қосқан ғалымдардың бірі. Шын аты - Дәулетияр.
Д.Әлімжановтың негізгі әдістемелік еңбектері:
Қазақ тілінің грамматикасы. Бастауыш мектептің 3-класына арналған. А., 1983 (авт. бірі); Некоторые вопросы принципа наглядности в преподаваний казахского языка. АКД., А., 1954.
Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965 (авт.бірі);
Қазақ тілін оқыту методикасының программасы. А., 1961;
Фонетикалық таблица. А., 1962.,
Қазақ тілін оқыту методикасының бақылау-пысықтау жұмысы. А., 1964,1968,1969.
Қазақ тілі методикасының мәселелері. А., 1969 (авт.бірі);
Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері. А., 1972.
Қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалымның бірі - Айтбай Айғабылұлы. 1976 жылы белгілі ғалым К.Ахановтың жетекшілігімен Қазақ тіліндегі бау-бақшаға байланысты кәсіби сөздер тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды.
Оқұытудың негізі - сабақ, ондағы қолданылатын метод, әдіс, түрлі жолдар десек, осы төңіректе тәжірибеде жаңа әдіс, ескі әдіс деп сабақ беру дәстүріміздегі тәжірибенің өзін бөле-жара әңгіме ету кетек деген ойлар ұсынды.
2.1. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Біздің аяқ басқан ХХI ғасырымыз өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуы кезеңі. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үрдісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеті адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылатындықтан, қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Сондықтан оқыту мен білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр.
Осы тұрғыда баса айтатын құжаттың бірі - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" [2,3]. Бұл бағдарламада білім беру, оқыту сапасын көтеру және тілдерді оқытуда белгілі бір нәтижеге берілген уақытта жетуге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын практикаға енгізу қажеттігі айқын көрсетілген. Осы орайда біраз технологиялар практикаға енгізіліп, пайдаланылуда. Атап айтар болсақ, бұлар - А.М.Берг, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы, Л.В.Занков, А.С.Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А.Аманашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, В.М.Монаховтың модульдік оқытуы, В.Дьяченко, К.Я.Вазиналардың ұжымдық оқытуы т.б.
Бұл оқыту технологияларының барлығы да оқытуда белгілі бір нәтижеге жету мақсатын, яғни, оқытуды кепілді нәтиже беретін өндірістік-технологиялық үрдіске айналдыру мақсатын көздеуден туындаған оқыту технологиялары. Осы оқу үрдісін "технологияландыру" мәселесіне орай педагогика ғылымының лексиконына "педагогикалық технология", "оқыту технологиясы", "білім берудегі технология" ұғымдары еніп, әр түрлі түсіндiрілуде.
"Технология" ұғымы педагогика ғылымына өндіріс саласы арқылы енді. "Технология" ұғымының қалыптасуы мен дамуының тарихында "технология" ұғымының мәні әр түрлі аспектіде қарастырылған. Оны техникалық құралдардың көмегімен оқыту және оны ғылыми тұрғыдан түсінуге байланысты пікірлер мен көзқарастар бар.
"Технология" ұғымы ең алғаш химия саласында пайда болды. А.О.Бондаренконың еңбектеріне жүгінсек, "технология" термині ең алғаш рет Европада (Германия) пайда болды [3,9].
"Технология" терминi бір деректер бойынша 1772 жылы пайда болды делінсе [4,39], екінші бір деректерде 1777 жылы пайда болды делінген [5,87]. Ал Ресейлік ғылыми әдебиетке бұл ұғым 1807 жылдан бастап ене бастаған. Ол жөнінде А.О.Бондаренко:"И.Л.Двигутскийдің "Начальные основания технологий или краткое показание работ на заводах и фабриках производимых" деп аталатын химиялық технология бойынша жазылған оқулығының бірінші бөлімінің жарыққа шығуымен байланысты болды"- деп көрсете [3,9] отырып, басқа ғылымдар мен адамдар өмірінде "технология" ұғымын "өнер", "іс", "кәсіп" сияқты терминдер алмастырады, алғашқыда тауар өнімдерін өндіру үрдісі кәсіп деп аталды. Тек XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басында инженерлік іс-әрекеттердің туындауына байланысты "кәсіп" ұғымын алдымен "іс"одан кейін "өнер" ұғымдары алмастырса, ал химия саласында ғана оны "технология" деп атады деген пікір айтады [3,10]. Яғни, химия саласында қолданыс тапқан "технология" термині одан кейін басқа да өндіріс, ғылым салаларында қолданылып, оған әр түрлі түсінік беріле бастады. Ол анықтамалардың барлығының негізгі түйіні "өнімді өндіру үрдісінде шикізаттың қалпын, күйін өзгерту, жаңарту әдістерінің жиынтығы" дегенге саяды. Яғни, технология - адамның басқаруымен технологиялық құралдарды пайдалану арқылы сапалы өнім алу үрдісі.
Үстіміздегі ғасырдың 30-жылдары АҚШ-та алғашқы аудио-визуалдық оқыту бағдарламасының енуі технологиялық білім революциясының бастамасы ғана болып қоймай, сонымен бірге күні бүгінге дейін жаңа педагогикалық технологияның маңызы, мәні, тұжырымдамасы, ұстанымы туралы пікірталасты да туғызды.
"Педагогикалық технология" ұғымы туралы 50 жыл бойы жүрген пікірталас көптеген авторлардың, педагогика ғылымдары саласындағы комиссиялардың әр түрлі анықтамаларында көрініс тапты. Алғашқы анықтамалар мен тұжырымдамалардың барлығында да "педагогикалық технология" оқу үрдісінде техникалық құралдарды пайдаланумен байланыстырылды.
Кейбір ғалымдар педагогикалық технологияны педагогикалық ғылым деп қарастырса, кейбір ғалым-педагогтер оны ғылым мен практиканың аралық кезеңі деп қарастырды. Мәселен, осы көзқарасты жақтаушылардың бірі - Н.Ф.Талызинаның пікірінше, нақтылы педагогикалық үрдісті құру үшін педагог ең алдымен оны қалай істеу керектігі жөніндегі қажетті мәліметтерді жинау керек. Яғни, кез келген оқытушыға технологиялық деңгейде берілетін оқу үрдісі жөніндегі білімдер жүйесі қажет. Бұл үрдістің заңдарын бірнеше ғылым салалары (физиология, психология, социология, әлеуметтік психология, логика, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz