Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану

Жұмыстың мазмұны

Кіріспе . . . 3-5-бет

І тарау. Құрмалас сөйлем - синтаксистің күрделі саласы

І. 1. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу тарихы . . . 6-8-бет

І. 2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары . . . 9-14-бет

ІІ тарау. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін оқытудың маңызы

ІІ. 1. Сабақтас құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер . . . 16-21-бет

ІІ. 2. Сабақтас құрмалас сөйлемді жаңа инновациялық

әдістермен оқыту… . . . 22-26-бет

Қорытынды . . . 27-бет

Әдебиеттер тізімі . . . 28-бет

Қосымша беттер . . . 29-37-бет

Ғылыми аппарат

Тақырыптың өзектілігі

Қай тілдің құрмалас сөйлемі болмасын, оның ең өзекті арнасы сабақтас түрі болып саналады. Өйткені құрмалас сөйлемдегі айқындалмаған мәселенің көпшілігі осы сабақтас түрімен байланысты келеді. Сабақтас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркология бойынша күрделі проблемалардың бірі саналады.

Тіліміздің баю сипаты, жай-күйі, әсіресе, қазіргі дамыған құрмалас сөйлем синтаксисінен айқын көрінеді. Құрмалас сөйлемнің қарамағына түскен жеке синтаксистік компоненттердің өзара байланысу жолдары, олардың бір-біріне деген мағыналық қарым-қатынасы қазіргі уақытта бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ұлғая, кеңи түсті.

Жұмыста дамыта оқыту технологиясы және оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімділігі көрсетілді. Ч. Темпл, К. Мередит, Д. Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының оқушының танымдық қабілеті мен ойлау белсенділігін арттырудағы орны нақтыланды. Сондай-ақ, деңгейлік оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері мен тиімділігі айқындалып, тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Зерттеудің мақсаты: оқушыларға қазақ тілінен сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін меңгерту жолдарына назар аудару, оқушылардың тілдік материалдарға деген қызығушылығын арттыра отырып, елжанды азамат тәрбиелеу мәселелерін қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.

2. Оқушыларға сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.

3. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау;

4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың инновациялық әдіс-тәсілдерін айқындау;

5. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу әдістемесінің тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің болжамы: Егер сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе; білім берудегі инновациялық технологиялар мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре, білім беру нәтижесі оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда оқушының бойындағы өмірге қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені қазіргі заманғы жаңашыл тәжірибелер оқушының ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, жан-дүниесінің ұлттық рухта зерделенуіне, өзіндік жеке пікір қалыптастыруына жол ашады.

Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.

Зерттеу нысаны: 8- сыныбы

Пәні: қазақ тілінің әдістемесі

Зерттеу орны: № орта мектеп

Зерттеу кезеңдері:

1. Тақырып таңдап алу, сол тақырып бойынша іздену.

2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.

3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.

4. Мемлекеттік практика барысында эксперименттік зерттеулер жүргізе отырып, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.

Кіріспе

Қазақ тілін оқыту әдістемесі - отандық білім беру саласындағы ең өзекті мәселе. Қазақ тілі - Қазақ елінің мемлекеттік тілі, Мәңгілік еліміздің тұрақтылығын қалыптастырушы басты дәйектеме. Қазақ тілі қазіргі таңда қоғамдық қатынастағы жоғары рөлге ие болып отыр. Қазақ тілі тек тілдік қатысымдық құрал ғана емес, мемлекеттік қызметкерлермен қатар қазақ мектеп оқушыларына, ЖОО-ға орнының қазақ бөліміне емтихан тапсыратын негізгі міндетті пән. Қазіргі таңда қазақ тілі - білім мен ғылымның тілі. Қазақ тілінің мәртебесіне лайық пәнді оқытудың отандық инновациялық әдістемесін қалыптастыру - тіл мамандарының басты мақсаты. Сабақтың негізін практикум мен зертханалық жұмыстар құрайды. Практикум тапсырмаларын, жаттығуларын, зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқытушы сапалы білім мен сапалы тәпбие беру ісін ұштастыра отыра жүргізуі қажет. «Қазақ тілінен дидактикалық материалдар мен көмекші көрнекі құралдарды қолданғанда сабақтың мазмұнына сай келетіндігін басты назарда болады. Қазақ тілін оқытудың методикасында педагогика ғылымының әрбір жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты алуан түрлі амал, тәсіл, әдістер және көрнекіліктер пайдаланылып, түрленіп отырылады»[1, 5] . Оқытудың прагматикасына сай тыңдаушыларды қажетті білім негіздерімен қаруландыру. Оларды өз бетімен ізденіп, дәрісханада алған білімін ары қарай жетілдіруге ынталандыратын өздік жұмыстарын жасау дағдыларын қалыптастыру. Креативтік ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында олардың дүниетанымын, эстетикалық, этикалық, адамгершілік қасиеттерін өркендетуге арналған шығармашылық жұмыстарды, тренингтерді ұйымдастыру үдерісінде тиімді әдістерді үйлесілуі қолдану арқылы білімнің сапасын арттырады. Практикалық сабақтың негізгі түрі оқытушының - білім алушылармен бірлесе жұмыс жасауы, олардың зертханалық талдау жұмыстарына жетекшілік жасауы болып табылады. Жекелеген тапсырмаларды, жаттығуларды тыңдаушыларға өз бетінше жеке орындауына беріледі. Өздік жұмыстар тыңдаушының білімін бекітуге үлкен септігін тигізеді. Мысалы, қазақ тілінің күрделі саласы - синтаксис бойынша оқыту кезінде жасалу жолдары бірдей құрмалас сөйлемдерді меңгертуге арнап бір мазмұндағы тапсырманы әртүрлі нұсқада беру арқылы тыңдаушылардың білімін пысықтау тиімді әдіс болып табылады.

І тарау. Құрмалас сөйлем - синтаксистің күрделі саласы

І. 1. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу тарихы

Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты құрмалас сөйлемдердің де өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Тілдік категориялардың ішінде ойды білдіретін бірден-бір көрсеткіш - сөйлем. Сөйлемге «біршама аяқталған ойды білдіреді» деп анықтама беретініміздің себебі де сол. Сөйлем мен ой - бір форма, екіншісі - соның мазмұны ретінде өзара тығыз байланыста, берік бірлікте болатын категориялар. Сөйлем ойдың формасы, ой сөйлемнің мазмұны болғандықтан, бұл екеуінің қалыптасу, даму тарихын да бірлікте қараған жөн. Ой дамып жетілмеген, күрделенбеген замандарда күрделі ойдың көрсеткіші болып табылатын сөйлемдердің, яғни құрмалас сөйлемдердің болуы да мүмкін емес. Құрмалас сөйлем адамның ой-өрісінің, дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып, дамуына байланысты, сол ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған.

Көрнекті ғалымдардың айтуына қарағанда, тіл дамуының көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі тіліміздегідей дәнекерлер, тәсілдер болмаған. Ол уақыттағы сөздер, сөйлемдер арасында қазіргі тіліміздегідей бірі екіншісіне меңгеріліп, жетектеп, өзіне тәуелді етіп тұру сияқты байланысу тәсілінің анағұрлым берік түрлері болмаған.

Тіл дамуының мұндай сатыдағы кезеңінде құрмалас сөйлемнің тек салалас түрі ғана, яғни мағыналары бір-біріне жақын жай сөйлемдердің өзара іргелесе, тіркесе айтылуы арқылы жасалған түрі ғана болған. Ғылымда құрмаластың бұл түрі паратаксис деп аталады. Паратаксис құрмалас сөйлем дамуының алғашқы, бірінші жолы деп есептеледі.

Қазіргі әдеби тілімізің барлық жанрында қолданылатын құрмалас сөйлемнің қалыптасып, дамуы бір күннің жемісі емес. Бұл жөнінде Төлекбай Қордабаев «Көрнекті ғалымдардың айтуына қарағанда, тіл дамуының көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі дәнекерлер, тәсілдер болмаған. Ол уақыттағы сөздер, сөйлемдер арасында қазіргі тіліміздегідей бірінен екенішісіне меңгеріліп, жетектеліп, бірі екіншісін меңгертіп, жетектеп, өзіне тәуелді етіп тұру сияқты байланысу тәсілдерінің анағұрлым берік түрлері болмаған. Сөздер, сөйлемдер арасындағы бұл тәсіл олардың тұрған орындарына, мағына желілерінің жақындықтарына қарай бір-бірімен қабыса, іргелесе байланысу тәсілі болған. Сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің бір-бірімен арақатынасы тығыз, берік болмағандықтан, оларды дербестік, бір-біріне тәуелсіздік күшті болған» дейді.

Бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің пайда болу жолдары туралы теорияның негізін А. Рифтин салғаны және оның А. А. Потебнянның кейбір дәлердеріне сүйенгені мәлім. Осы теорияға сәйкес бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің дамуындағы екі жол салаласу негізінде екі жай сөйлем бірігіп, нәтижесінде бағыныңқылы құрмалас сөйлем құрауы; жай сөйлемнің етістік тіркестері бағыныңқы сөйлемге айналып, бағыныңқы құрмалас сөйлем құрауы туралы көзқарас тілші ғалымдар арасында бір ауыздан мақұлданды деуге болмайды. Кейіннен Г. С. Кнабе бұл теорияны жоққа шығарады.

Ғалымдардың айтуынша, алдымен салалас құрмалас пайда болған да, соның негізінде сөйлемнің әр түрлі дәнекерлер арқылы байланысатын түрлері, соның ішінде сабақтаса байланысатын түрлері тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде пайда болған. Мұны «Құрмалас сөйлем және олардың даму жолдары» деген мақаласында Н. Сауранбаев айтқан еді: «Жеке сөйлемдердің бір-бірімен байланысуы түркі тілдерінің ескі дәуірлерінде басталған, яғни сөздердің бір-бірімен байланысуы сияқты жеке сөйлемдер де өзара байланысатын болған».

Құрмалас сөйлемнің бастапқы түрі болып саналатын көне заманға салалас құрмалас сөйлемді қазіргі тіліміздегі салалас құрмалас сөйлеммен тең дәрежеде қарауға болмайды. Оның қазіргі сөйлеммен салыстырғанда тіл құрылысы күрделеніп, жаңалану үдерісінен өткеніне көз жеткізуге болады.

Құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түркі болып табылатын паратаксистен кейінірек келе жай сөйлемдердің бір-бірімен сабақтаса құрмаласатын гипотаксис деп аталатын түрі пайда болған. Тіл дамуында, алдымен, сөздерді, жеке сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын дәнекерлер пайда болмайды, керісінше, алдымен сол дәнекерлерді қажет ететін мұқтаждық пайда болып, соның қажет етуінен барып әр түрлі жалғаушы дәнекерлер пайда болатыны айтылып жүр. Сөйтіп әрқайсысы өз дербестіктерін толық сақтап, компонеттері бір-бірімен нашар байланысатын құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрінің орнына компонеттері бір-бірімен тығыз байланыстағы жаңа түрі пайда болады.

Бұдан шығатын қорытынды: құрмалас сөйлемнің алғашқы түрі бір-бірімен мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан нашар байланысқан жеке, дербес жай сйлемдердің өзара салаластық негізде байланыса айтылуынан пайда болған да, кейінірек келе сол салаластың негізінде компонеттері әр түрлі дәнекерлер арқылы байланысқан жалғаулықты салаластар мен бір-біріне бағына байланысатын сабақтас құрмалас сөйлемдер қалыптасқан. Сөйтіп әрқайсысы өз дербестіктерін сақтап тұратын құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрінің орнына компоненттері бір-бірімен жымдасып, бірлікте тұратын жаңа түрі шыққан.

Асылы, құрмалас сөйлем туралы қазақ тілінде айтыла бастаған алғашқы пікірлерді жиырмасыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, яғни А. Байтұрсынұлы жазған «Тіл құралы» атты оқулықтан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Қазірде қолданылып жүрген басқа да көптеген лингвистикалық терминдер сияқты «құрмалас» сөзі де сол оқулықтан басталып еді. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесіне қатысты зерттеулер отызыншы жылдардың аяқ кезінен бастап молырақ көріне бастады. Олар туралы пікірлер әр салаға байланысты тиісінше баяндалып отырады. Бұл арада құрмалас сөйлемнің беделді зерттеушілері ретінде А. Байтұрсынұлы, Н. Сауранбев, С. Жиенбаев, С. Аманжоловтарды атаймыз.

І. 2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Сабақтас құрмалас сөйлем компонеттерін бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыратын негізгі тәсіл - бағыныңқы компонент баяндауыштарының формасы. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылуы, белгілі қалыпқа түсуі бағыныңқының баяндауышы арқылы жүзеге асады. Мұндай баяндауышты жетектеуші, келесі бөлікпен ұластырушы - түрліше грамматикалық амал-тәсілдер.

Түркі тілдерінің ішінде, солардың ішінде қазақ тілінде сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненттері басыңқы компонентпен өз баяндауышының етістіктің тиянақсыз формасында айтылуы арқылы құрмаласады. Бағыныңқы компонент баяндауышы қызметін атқарып, оны басыңқымен сабақтастыра құрмаластыратын етістіктің түрлеріне төмендегілер жатады:

  1. Көсемше формалы етістіктер.
  2. Есімше формалы етістіктердің кейбір септікті немесе шылаулы түрлері.
  3. Шартты рай формалы етістіктер.
  4. Кейбір септік жалғауында, болмаса септеулік шылауларға тіркесе айтылатын -у, -ыс, -іс формалы қимыл есімдері.

Жай сөйлемдердің көсемше арқылы құрмаласуы. Тіліміздің қазіргі даму сатысында көсемшелер - етістіктің ең бір тиянақсыз түрі. Құрмалас құрамына енетін жай сөйлемдерді құрмаластыруда көсемшенің үш түрінің үшеуі де қолданылады, бірақ олардың қолданылу дәрежесі және мағыналық құбылыстары біркелкі болмайды. Көсемшелер ішінде сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің баяндауышы қызметінде жиі қолданылатыны да, өзі баяндауышы болып келген компонентті тиянақсыз компонентпен неше алуан мағыналық қатынаста құрмаластыратыны да -ып, -іп, -п жұрнақты түрі. Тағы бір ескеретін нәрсе - баяндауышы келер шақтық (-ғалы, -гелі, -қалы, -келі), ауыспалы шақтық (-а, -е, -й жұрнақты) көсемшелерден болған бағыныңқы әрдайым кейінгі тиянқты компонентке мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да бағына, соның бір мүшесіне меңгеріле байланысады да, жай сөйлемдегі қалыпты пысықтауыш тәрізденіп тұрады. Ал өткен шақтық көсемше (-ып, - іп, -п жұрнақты) олай емес: ол өзі баяндауышы болып келген компонетті кейінгі тиянақты компонентке мағыналық жағынан меңгерте де, меңгертпей, теңдік қатынаста да құрмаластырады. Мысалы: Есік шалқасынан ашылып, бір топ адам сау ете кіріп келді. Өткен шақтық көсемшенің дәнекерлігі арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің бірсыпырасында тиянақсыз компонент сияқты компонентке тек тұлғалық жағынан ғана тәуелді болғаны болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтап, басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңгерілмей, онымен жарыса, салаласа айтылады. Мысалы: Ояң жерлер тіпті төмендеп, қыран жерлер тіпті биіктеп кеткендей. Мысалдағы тиянақсыз компонент басыңқы сөйлемнің белгілі бір мүшесіне меңгеріліп тұрған жоқ.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру қызметінде ауыспалы шақтық деп аталатын -а, -е, -й жұрнақты көсемше де қолданылады. Көсемшенің бұл түрі жоғарыда сөз болған -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеден гөрі тиянақсыз. Қазіргі әдеби тілімізде баяндауышы ауыспалы шақтық көсемшеден болған бағыныңқы компоненттер өз басыңқысымен мезгілдік, себептік, амалдық, шартты, қарсылықты мағыналық қатынастарда тұрады.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру функциясында -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақты көсемше де қолданылады. Көсемшенің бұл түрі түркітану әдебиеттерінде бірде мақсатты көсемше, бірде келер шақтық көсемше деп аталады. Баяндауышы келер шақтық көсемшеден болған бағыныңқы компонент басыңқы жай сөйлемімен екі түрлі мағыналық қатынаста тұрады: бірінші, басыңқы компонетте баяндалатын іс-әрекет, жай-күйдің қай мезгілден бері солай бола бастағанын, яғни оның басталу шегін білдіреді. Мысалы: Дәулет армияға аттанғалы, Марфуға Кеңтоғайға келмеген еді. Екіншіден, бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс-әрекет, жай-күйдің мақсатын білдіреді. Мысалы: Корен қалмақ алғалы, Қамап жатыр қалың топ.

Жай сөйлемдердің есімшелер арқылы құрмаласуы. Есімшелер мен көсемшелердің жай сөйлемдерді құрмаластыру жолы бірдей емес. Егер бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрған көсемшелер басқа бір қосымша тәсілдердің, формалардың көмегінсіз-ақ жай сөйлемдерді құрмаластыратын болса, есімшелерде ондай қасиет жоқ. Яғни жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметін есімше формаларының өздері атқармайды, оларға жалғанатын түрлі қосымшалар, тіркесе айталатын түрлі шылау сөздер атқарады. Есімшелер ішінде жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметінде жиі қолданылатыны да, мағыналық, формалық құбылыстарға байы да -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақты түрі.

Есімшенің бұл жұрнақты түрі шақтық мағынасына қарай, түркітану әдебиеттерінің кейбіреулерінде осы шақтық деп аталса, екінші біреулерінде өткен шақтық есімше деп аталады. Өткен шақтық есімше бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында мынандай формаларда, мынандай мағыналық қатынастарда қолданылады: 1) Өткен шақтық есімше жатыс жалғаулы формада тұрады да, мезгілдік және шарттық (Кіре айына сегіз оралғанда, табысы болады екен мың екі жүз сом, Егер еркек болғанда, болар ең тұтқа бір жұртқа) қатынастарда айтылады. 2) Өткен шақтық есімше көмектес септікте айтылып, бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады. Мұндай баяндауышы бар басыңқы компонент өз басыңқысымен тек қарама-қарсы мағыналық қатынаста ғана тұрады. 3) Өткен шақ есімше -ша, -ше жұрнақты формада тұрып, мезгілдік (Мен қорқыныш үнін шығарғанша, ол менің етімді әлденемен тұмшалап та үлгерді) және салыстырмалық қатынастарда қолданылады. Атау, кейде шығыс жалғаулы өткен шақ есімше соң шылауына тіркесіп, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауышта бағыныңқы компонент өз басыңқысымен түрлі мағыналық қатынаста тұрады да, басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің бағыныңқы компоненттегі іс-әрекеттен кейін болатындығын білдіреді. Мысалы: Молда маған орын нұсқаған соң, құтылғанына қуанғандай Әсел келді. Өткен шақ есімше сайын шылауына тіркесіп, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде басыңқы компоненттегі іс-әрекет бағыныңқы компонент болған сайын болып отыратындығы байқалады: Еркін қозғалған сайын, жаңадан ғана бурыл тартқан қаба сақалы секең-секең ете қалады. Шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше кейін шылауына тіркесе айтылып, сөйлемде басыңқы компоненттегі іс-әрекет әрдайым бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекеттен кейін болып отырады: Той - орысша, жаза, сөйлей білерлік қана дәрежеге жеткеннен кейін, Тілеміс оны әрі қарай оқытпайды. 4) Барыс жалғаулы өткен шақтық есімше шейін, дейін шылауларына тіркесе айтылып, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемдегі бағыныңқы компонент басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің қай уақытқа дейін болғандығын немесе болатындығын, яғни мезгілдік шегін білдіреді. Мысалы: Оспан жүріп кеткенге дейін, соның қасында бәйек боп жүрді. 5) Шығыс алғаулы өткен шақтық есімше бері шылауына тіркесіп, бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі әрекеттің басталу шегін білдіреді: Ол жұмысқа шыққаннан бері, қалтасынан дәрі-дәрмек арылмайтын. 6) Өткен шақтық есімше шақта, кезде, уақытта, мезгілде, сәтте, күні, жылы, сағатта, минутта деген мезгіл мәнді сөздерге тіркесе айтылып, сөйлемде басыңқы компоненттегі әрекеттің бағыныңқы компоненттегі әрекетпен мезгілдес болғандығы баяндалады: Көп жұрт Оспан жайлы алуан айтып жылаған шақтарда, Абпай өзі де ақын тілімен іштей әлденеше жырлар шерткен.

7) Өткен шақтық есімше -дай, -дей жұрнақты формада айтылып, бағыныңқылар басыңқыдағы іс-әрекетті екінші бір субьектінің іс-әрекетіне ұқсата, соған салыстыра баяндайды: 8) Өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрі гөрі шылауына тіркесе айтылып та бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Сабақтас құрмаластың мұндай түрінде бағыныңқы компоненттегі іс-әрекет, жай -күйдің болуынан гөрі, басыңқы компоненттегі жай-күйдің болуы керектігі баяндалады. 9) Өткен шақтық есімше -дық, -тан, -дік, -тен, қосымшалы түрде айтылып, бағыныңқы компонент басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің болу-болмауының себебін білдіреді. Мысалы: Жайлаудың бәрі жазықта болғандықтан, өрт алыстағы жайлаудан да, жақындағы жайлаудан да ауылдың қасында жанып жатқандай көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
Мектепте шет тілін грамматикалық-аудармалық әдіс бойынша оқыту
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі
Ой сыртқы дүниенің ең жоғарғы формасы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
12 жылдық білім беру бағдарламасы
Тіліміздің грамматикалық амалдары түрліше
Шығармашылық ойлауды дамытудың әдіс - тәсілдері
Шартты бағыңқы сабақтас құрмалас
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz