Сөзжасамды оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары



Жұмыстың мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Негізгі бөлім
І. Сөзжасамдық тәсілдер
1.1. Синтетикалық тәсіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Аналитикалық тәсіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Лексика.семантикалық тәсіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ІІ. Сөзжасамды оқытуда жаңа әдіс .тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары
2.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді әдіс.тәсілдері ... ... .
2.2. Блум таксономиясы негізінде сөзжасамды оқыту тиімділігі ... ... ... ... .

Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке пән ретінде оқытылып келеді.
Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам мәселесі бұл кезеңге дейін мүлдем оқытылмады деуге болмайды. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған кезде, ол морфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге оқытылып келді. Бірақ, морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз таптарының сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасамның басқа мәселелері ол кезде зерттелмеді де, окытылмады.
Сөзжасам шетел тіл білімінде, орыс тіл білімінде тіл білімінің жеке саласы ретінде басқа салалардан кеш танылғанымен, қазақ тіл білімімен салыстырғанда, оларда жиырма шақты жыл бұрын танылды. Оқу жоспарына да пән ретінде бізден ертерек қосылды. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы 1989 жылға жатады. 1989 жылы шыққан «Казіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда сөзжасам казақ тіл білімінің жеке саласы деп дәлелденді.
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның өзіндік зерттеу нысанасы болуымен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б. толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді, яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі казақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер жасау арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік кұбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса, солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы зандылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.
Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып толықтырып отыру негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік қоры байып отыратыны көпшілікке таныс. Бұл — құбылыс қай тілге де жат емес жәнеертеден келе жатқан, белгілі жағдай. Алайда сөз байлығының толығу арнасы — тілдің сөзжасам жуйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты. Ал ол тілдің сөзжасам жүйесініңнегізгі құрылымлық мәселесі, сондыктан сөзжасам взект) мәселе болған жерде —оның сөзжасамдық тәсілдері сөз болмауы мумкін емес. Басқа тілден кірген сөздерді былай қойғанда, тілдің ішкі мумкіндігі арқылы создік қорды молайтып, тілге үнемі қосылып жаткан жаңа сөздердің бәрі де белілі жолмен жасалып, тілдің лексикалық қорынан орын тебеді. Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жактарын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар: 1)синтетикалық(морфологиялық), 2)аналитикалық(синтаксистік), 3) лексика-семантикалық тәсілдер,
Сөзжасам мен оның тәсілдерін оқытуда тиімді деп танып отырған сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен Блум таксономиясының әдіс-тәсілдерін қарастырып, соның негізінде жұмыс жоспарын ұсынып отырмыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Гуревич И.С. Сложные глаголы в китайском. 1965
2. Пашковский а.А. Классификация японских сложных слов. 1959
3. Мешков О.Д. Совообразование. 1976
4. Степанов М.Д. Словообразование немецкого языка 1953
5. Шанский Н.М Основы словообразовательного анализа 1953
6. Айдаров Ғ. Орхон Енесей ескерткіштерінің тілі. А., 1971
Севортян Э.В. Аффиксы 1962
7. Қоқышева Н.М. Қазіргі қазақ тіліндегі дене мүше атаулары негізіндегі сөзжасамдық ұялардың сөзжасамдық сатыларындағы туынды сөздер:А.,2001.
8. Байтұрсынов А. Тіл-құрал (Қазақ тілінің сарфы).-Орынбор, 1914.
9. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Ғылым, 1999-581 б.
10. Сәдуақасов Ж. Тілдік талдау түрлері, Қызылорда. 2008
Н.Оралбаева. Қазіргі қазақ тілінің сан есімнің сөзжасам жүйесі. А., 1988
11. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы: Ғылым, 1989.
12. Қазақ грамматикасы/ Ред. Басқ. М. Серғалиев. –Астана полиграфия, 2002
13. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 1989

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Сөзжасамды оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары

Оқу бөлімі: Күндізгі
Мамандық: Негізгі орта білім
Білімділік: - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Курс:
Топ:
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:

Ғылыми аппарат

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ тілі білімінің бір саласы- сөзжасамды оқытудағы жаңа технологиялар мен оның тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру. Сөзжасамдық тәсілдерді оқытуда қолданылған әдіс тәсілдерді қолданыста пайдалану, тәжірибедегі тәсілдерді синтездеу қорытындылау.

Курстық жұмыстың мақсаты: Сөзжасамды оқытудағы тиімді-әдіс тәсілдерді саралап, тиімдісін ұсыну.

Курстық жұмыстың міндеті:
Сөзжасам ұғымы мен тәсілдеріне тоқталу
Сөзжасамды оқытудағы технологиялар негіздерін көосету
Жаңа технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектеп

Курстық жұмыстың зерттеу базасы - мектеп

Зерттеу гипотезасы
Егер сөзжасамды оқытудың тиімді жолдарын ұсынатын болсақ, оны игеру мен тәсілдерін ажырату оңайға түседі.

Жұмыстың мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Негізгі бөлім
І. Сөзжасамдық тәсілдер
1.1. Синтетикалық тәсіл ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Аналитикалық тәсіл ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
1.3. Лексика-семантикалық тәсіл ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..19

ІІ. Сөзжасамды оқытуда жаңа әдіс -тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары
2.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері ... ... .
2.2. Блум таксономиясы негізінде сөзжасамды оқыту тиімділігі ... ... ... ... .

Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке пән ретінде оқытылып келеді.
Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам мәселесі бұл кезеңге дейін мүлдем оқытылмады деуге болмайды. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған кезде, ол морфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге оқытылып келді. Бірақ, морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз таптарының сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасамның басқа мәселелері ол кезде зерттелмеді де, окытылмады.
Сөзжасам шетел тіл білімінде, орыс тіл білімінде тіл білімінің жеке саласы ретінде басқа салалардан кеш танылғанымен, қазақ тіл білімімен салыстырғанда, оларда жиырма шақты жыл бұрын танылды. Оқу жоспарына да пән ретінде бізден ертерек қосылды. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы 1989 жылға жатады. 1989 жылы шыққан Казіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монографияда сөзжасам казақ тіл білімінің жеке саласы деп дәлелденді.
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның өзіндік зерттеу нысанасы болуымен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б. толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді, яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі казақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер жасау арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік кұбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса, солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы зандылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.
Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып толықтырып отыру негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік қоры байып отыратыны көпшілікке таныс. Бұл -- құбылыс қай тілге де жат емес және ертеден келе жатқан, белгілі жағдай. Алайда сөз байлығының толығу арнасы -- тілдің сөзжасам жуйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты. Ал ол тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі құрылымлық мәселесі, сондыктан сөзжасам взект) мәселе болған жерде -- оның сөзжасамдық тәсілдері сөз болмауы мумкін емес. Басқа тілден кірген сөздерді былай қойғанда, тілдің ішкі мумкіндігі арқылы создік қорды молайтып, тілге үнемі қосылып жаткан жаңа сөздердің бәрі де белілі жолмен жасалып, тілдің лексикалық қорынан орын тебеді. Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жактарын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар: 1)синтетикалық(морфологиялық), 2)аналитикалық(синтаксистік), 3) лексика-семантикалық тәсілдер,
Сөзжасам мен оның тәсілдерін оқытуда тиімді деп танып отырған сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен Блум таксономиясының әдіс-тәсілдерін қарастырып, соның негізінде жұмыс жоспарын ұсынып отырмыз.

Синтетикалық тәсіл
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі бұл атауынан басқа да бірнеше түрде айтыла береді. Солардың ішінен балама есепті жиі қолданылатыны морфологиялық тәсіл. Сөйтіп сөзжасам, байланысу т.б. амалдарда морфология мен синтетика сөздері синоним болып жұмсалады. Бұл тәсіл одан әрі аффиксті немесе суффиксті турі деп те айтылады. Қазақ тілі мектеп грамматикасы мен оқулыктарындағы жұрнақ қосылу арқылы жасалған туынды тубір немесе туынды сөз делінетіндер де осы амалды білдіреді Сөйтіп, сөзжасамның түркі тілдері, сонын ішінде қазақ тілінде, ең бір жиі қолданылатын бұл амалы жоғарыда санап өткендегідей түрліше аталып және солай баяндалып жүрген жағдай бар.
Синтетикалық сөзжасамның негізінде пайда болған бүтіндер де бірде туынды сөз, екінші бір жерде туынды түбір делінсе, оларлың қай сөз табына тән екендігі ескеріліп, туынды зат есім (ки-ім, тара-қ, же-нт), туынды етістік (бас-та, ақ-та, ескі-р, кеш-ік, бір-лс-с) т.б. осы тәрізденіп, жеке-жеке сөз таптары тұрғысынан ат тағылатын жағдайлар да бар.
Жалпы сөзжасам, оның түрлі амал-тәсілдері, олар арқылы пайда болған бүтіндер, сөз таптарына қатысымен қоса грамматиканың морфологиясы мен синтаксисінен бөлек өз алдына дара сала есепті танылып, солай сипатталатын болғандықтан да, синтетикалық тәсіл дегенге тоқталдық. Синтетика сиитез дегеннен жасалған. Синтез қосу делінетіндіктен саны екі немесе одан артық бүтіндер болуы шарт. Олай болса, тілдік екі единица, ретіне қарай одан да көп единицалар қосылып: бас-ты, бас-тық, бас-та, бас-та-ма, бас-та-у-ыш т.т. осылар тәрізді сөздер пайда болады. Осылардың әрқайсысы-өз алдына дербес лексика-грамматикалық единицалар.
Синтетикалық сөз жасамда ең түпкі мағыналы бөлшек түбірі болады. Ол түбір сөз немесе түбір морфема яки негізгі түбір делінеді. Бұған: бас,көз, қол, тіл, кел, кет, бір, үш, аһ, үһ тәрізді негізінен бір буынды болып келетіндермен қатар: әже, апа, бала, отыр, жүгір т.б. екі, үш буындылар да, өзге тілдерден, орыс тілінен де, енген: муғалім, клип, октябрь, революция, коммунист, самолет, космонавт т. т. мысал бола алады.
Қазақ тілі негізгі сөздік қорына енетін мыңдаған, әлденеше мыңдаған сөздер сөзжасамның барлық амалдарына, сондай-ақ синтетикалық түріне де ұйткы болады. Синтез амалының негізі, ұйткысы осылар тәрізді дербес мәнді сөздерден тұрады да, оларға аффикс(тер) қосылады.Қазақ тілі оқулықтарында қосымшалардың ішінен жұрнақтар тобы синтетикалық тәсілдің екінші бір шартты бөлегі болып саналады. Сонда: ақ-та, ағ-ар, ақ-шыл, ақ-си, ақ-си-т деп, жалаң түбір мен жалаң жұрнақ қосындысынан тұрып та, одан әрі: ақ-та-н, ақ-та-л, ағ-ар-аң, ағ-ар-аң-да, ақ-си-т тәрізденіп күрделене, саны көбейе түскен жұрнақтар түрінде келіп те синтетикалық сөз жасам тәсілінің шеңбері кеңейе береді.
Түбір морфема мен жұрнақ немесе жұрнақтар деп танып, талдауға келетін: жол-да-с, бас-шы, кеш-кі, кеш.-кісін, іш-кі-лік, іш-ім-дік, көр-ім-дік, біл-ім-ділік, біл-гір, біл-гіш т.т. синтетикалық тәсілдің нәтижелеріне жатады. Міне осылар,баска да мыңдаған тілімізге сіңісті туынды түбірлерге көңіл аударсақ, алдымен жасалу тегі деп танылатын негіз немесе негіз сөзге кездесеміз. Бір негіз, басқаша айтқанда, негізгі түбір -- синтетикалық амалдың ұйтқысы.
Бір түбірге сан жағынан жалаң, сондай-ақ екі, үш, одан да көп жұрнақ қосыла алады. Соңғы жұрнақтар сөздерінен бұрынғы жұрнактың ыңғайына сәйкестеліп қосылады. Мәселен, бас зат есімінен бас-та, бас-қар болып етістік жасалады. Тойды баста деген мен тойды басқар дегеннің іштей мәндері өзгеше. Соған сәйкес олар одан әрі бас-тау-шы, бас-қар-у-шы; бас-та-ма, бас-қар-ма; бае-та-у-ыш (сөйлемнің бастауышы; салыст: бастауыш мектеп, бастауыш партия ұйымы т.т.) т.т. синтетикалық сөзжасаммен өрбіп, жалғаса береді. Алғашқы ұйткы түбір бас болғанмен, соңғылары үшін баста мен бас-қар. Сондықтан түбірлес туындылар десек те, формалас (жұрнақтас) түбірлер десек те, мағыналарын негізге алу қажет болады. Жау--гер (жау-гер-шілік) мен жау-ын-гер дегенде түбірлес те, жұрнақтас та сияқтанып көрінгенмен, құрамдарының әртүрлі болуына сәйкес, бұлар дербес сөздер. Дыбысталуы бірдей -шы, -ші жұрнағын алсақ, түрлі түбір, түрлі сөз құрамында омоформа тобына жатып кетеді.
Мал-шы дегеннің өзінде: а) мал: мал-шы яғни мал бағушы мәнін беріп, зат есімнен зат есім жасайды; б) мал етістік болса, (қолыңды суға мал) мал-шы түрінде сол етістік қалпында қалып, оның өзінде: Қолын суға малшылап отыр дегендегі -ла аффиксті туынды тубірге негіз болады, Қолынды суға малшы! деп, өтіне де бұйыра айтылатын жағдаймен бірге, Осыдан аягыңды суға малшы, мен саған көрсетейін! -- деген қтынастық мәнді беретін, соңғы екеуінде де рай категориясының -шы аффиксі форма тудырушы қызметін атқарады, бұл, арадағы -шы сөз жасаушылар тобына енбейді. Соған қарамай, осылар т. б. жерлерде кездесетіндер омоформалар тобын құрайды.
Құрамдары басқа-басқа болып, өздсрі мағыналас келетін жұрнактар да бар. Олар синонимдік топ құрайды. Мысалы: бал-гер мен бал-шы, ыр-ғы мен ыр-шы, жылау-ық пен жыла-ғыш, кара-ла мен қара-й-т т.т.
Түбірлес деуге де келетін, жұрнақтас та тәрізді болатын көптеген туынды түбірлер бар. Олар бейнелеуіш сөздер тобын құрайды. Мысалға солардың ішінен бірсыпыра етістік сөздерді алайық:
а) бақ-ырай мен бақши, бағ-жи дегендердің түбірі бақ (бақсам, бақ-ыла, бағ-дар т.т. да түбірлесі екені нақты көрініп тұр. Осы түбірден деуге келетін баж-ырай етістігі тағы бар. Осылар тәрізді: ақ-ырай, аж-ырай; едірей, еж-ірей; күд-ірей, күж-ірей; без-ірей, бед-ірей; од-ырай, ож-ырай сияқтылар синтетикалық пен фонетикалық сөзжасамдар араласа қолданылып тұрғанына дәлел бола алатын сияқты.
б) Дене, бет-бейне, жүріс-тұрыс, қозгалыс т.т. құбылу процестерін білдіретін етістіктер жасайтын өзге де түрлі жұрнақтар бар. Олар: -ши, -ти, -тай, -пи, -қи түрінде бір келсе,-ақта, -екте, -лақта, -лекте т.т. күрделене қосылады. Бұлардың -аңда, -еңде, -алаңда, -елеңде т.б. түрлері де бар:
1) Қу-ши, бағ-ши, жым-пи, дөң,-ки, тың-қи:
2) тал-тай, шол-тай, шұн-ти, құн-ти;
3) елп-екте, елп-ілде, елп-електе;
4) сек-еңде, елп-еңде; елп-елеңде, қара-лаң-да т.т. т.б. осылар тәрізді синтетикалық сөзжасамның тіл-тілде әрқилы түрлері бар. Түркі тілдерінің өзінде үнемі бір сыдырғы бола бермейді.
Аффикс деген атауға жатқанымен олар префикс, ин-
фикс, интерфикс, суффикс сияқты түр-түрге топталады.
Осылардан қазақ тілінде аффикс деп айтып, қолдану ға-
на сөзжасам жүйесіне сай келеді.
Аффиксте сөзжасам өзге тәсілдерге негіз бола алады.
Бұған таулы-тасты, азын-аулақ, жетім-жесір, іркіс-тіркіс- т.т көптеген қос сөздердің әр сыңарына тау-лы, тас--
ты, аз-ын, жет-ім, тір-кіс сияқты морфологиялық талдап
барып та көз жеткізуге болады. Көзқарас, халықаралық,
бесжылдық, бүрсігүні,ендігәрі тәрізді біріккен сөздер
құрамында да жұрнақты сыңарлары нақты да, күңгірт-
тене де кірігеді.
Сөз тудыратын аффикстер аналитикалық формалар
құрамында да кездеседі. -а кел (тұр-а келді), -й бер (ой-
на-й бер), -п жібер (жыла-п жіберме) т.т. да көсемше
жұрнақтары аналитикалық сөзжасамның шартты сыңа-
ры есепті қызмет атқарады. Колхоз-шылық (колхоз-шылық қол тиейді-) дегенде қысқарған сөзге одан әрі-шы--
лық (тап-шылық, бар-шылық, адам-гер-шілік тәрізділер
сияқты) күрделі жұрнағы қосылып тұр.
Синтетикалық модельдер, типтері мен түрлері. Синтетикалық модельдер қазақ тіл біліміндегі түбір
морфема және қосымша морфема деп танылатындарды
қамтиды. Синтетикалық сөзжасам тұргысынан келгенде,
түбір морфема мен қосымша морфеманы одан әрі қарай
егжсй-тегжейлі зерттеп, нақпа-нақ сипаттау қажет бола-
ды. Өйткені лексикалық толық мәнде, соған сәйкес белгі-
лі сөз табына телінетін негізі түбірлер қосымшалар тә-
різді морфема деп есептелгенмсн, бұл екі түрлі морфема-
ның бірінен бірін ажыратып танитын ерекшеліктері ба-
сым түсіп жатады. Оның үстіне төрт деңгейлі қабаттан
тұратын тіл-тілдің морфемалық құрылымы тілді типо-
логиялық топтастырғанда, ең негізгі өзіндік сипаты бо-
лып табылады. Ол сырттан тигізетін экстралингвисти-
калық әсерлердің қандайына болса да бой бермей, өз
бастапқы қалпын сақтайды. Бұл жағына келгенде, әсіре-
се қосымша морфеманың жәнс бөлек. Қосымшалар, олар-
дың ішінде сөз тудыратын жұрнақтар, тіл даму тарихи
кезендерінің өте әріден келе жатқан категорняларының
қатарына жатады. Әрбір қосымша басында белгілі сөз
болған, одан бірте-бірте көмекші сөз -- шылауларға ай-
налып, тап бүгінгі жағдайына жеткен деген жалпы қағидаға сүйенгенімізбен, ертеден бері сақталып келе жатқан көне қолжазба нұсқаларының жеткіліксіздігінен, үздік-создық сақталғандарының өзі бертін келе өңделіп, оңдалып отырандықтан да, өзіміз куә боп, жаңадан жасалған қосымша мынау дерлік факті-жоқтың қасы.
Түбір морфемалар, олардың мағыналық және құрылымдық сипаты
Синтетикалық сөзжасамның тірегі де, ұйтқысы да -- түбір морфемалар. Әрбір түбір морфема деп танылған буын одан әрі лексика-грамматикалық единица есепті кіші бөлшектерге бөлшбейді.
1.Қазіргі қазақ тілі тұрғысынан келу мен тарихи негізде тереңге үңіле қараудың бұл арада белгілі мәні де, өзіндік өзгешелігі де бар. Күй (отқа күйді) меи күн-ді (күн шыжып кетті) жағылған оттың қалдығы күл-ді, басқа бірсыпыра түбірлес сөздерді ілкі түбірлеріне нсгіздеп:
й ай й н
Кү- л ұз- ар то- қ жа- қ
н ын л л-ын
ақ й
тағысын тағы осы тәріздендіріп, тұтас морфема деп танудан одан кіші морфтарға бөлшектеуге болады. Бірақ мұның қай-қайсысы да қазіргі қазақ тілі тұрғысында: күй, ұзай; ұзар, той, жан, жақ деген етістік түбірлері, күй, күн, күл, жай, жалын, жалқын, той деген түбір зат есімдер, ұзын, ұзак деген түбір сын есімдер болып табылады. Мұндай морфема есепті танылатын мыңдаған түбір сөздер ішінде:күй деген: дауыссыз+дауысты+дауыссыз (СГС) дыбыстардан тұратын бір буынды лексикалық единица: 1) Күн куйіп кетті, 2) нақақ күйме,3)домбырада күй тартты, 4) малдардың күйі жақсы еді деген тәрізді, іштей мағыналарына қарай одан саны әлдеқайда арта түсетін омонимдер тобын құрайды. Мұны: 1) той кызды, 2) тамаққа тойып ал, 3)қиянатты өмір тойдырды; 5) от жанды, 6)жаны тәтті, 7) жанына ұлын ертіпті, 8) Бақытжан келді, 9) жан қалтасына қол салды, 10)бір үйде он жан т.т толып жатқан омоним сөздер дәлелдей түседі.
2.Бұл келтірілген мысалдарға сырттай ұқсас (СГС) бірақ соңғы дауыссыз дыбысы орфема, морфтар да емес, фонема болып келетін; бау-ла, бау-лы, бай-ла, бағ-ын; саз (әсем сазбен), саз-ды, сай-ра, жаз, жай-ла-у, жад-ыра; сөз, сөй-ле түбірлері: бау- ̴ бай- ̴ бағ; саз-, сай-; жаз-,жай-, жад; сөз-, сөй түрлерінде үш дыбыстан құралатын бір буындыларға жатады. Көне түркң дәуірінен бері қарай сақтаған жазба нұсқаларды қазіргі тілдік фактілермен салыстыра зерттеген көрнекті ғалымдар сөз бастарындағы жер-йер, дурт-төрт, тарвуз-дарбыз, қарбыз-арбуз, ғана емес, сөз ортасы дыбыстарыың да; й-ж-з-д; г-у-й т.б түрлерде балама болып қолданылатынын дәлелдеп берген. Сөйтіп бір буын, үш дыбыстан тұратын түбір морфемалардың соңғы дыбыстары түрлі фонемалы болып келуіне қарамай, бау-ла мен бай-ла, сөз бен сөйле, аяқ пен адақ,ада, құй мен құдық, жаздық пен жай-ла-у тағысын тағы бірсыпыра сөздер өзара түбірлестер тобын құрайды.
Түбір морфемалардың басым көпшілігі: а) ал, ай, үй, ұқ, ек, аһ, үһ, аң, аз, ер, өрт, от, үн, ұқ т.т дауысты мен дауыссыздардан тұрады; б) же, де, мә, мө тәрізді дауыссыз және дауысты болып келетіндер де кездеседі.
3.Екі дыбысты негізгі түбірлерді ауызекі сөйлеуде үнемделіп барып, көбіне л дыбысы түсіп қалып: ке-, қа-, бо-, қы-, со-, бұ- т.б осы түрлерде жиі қолданылатындармен шатыстыруға болмайды. Бұл тәрізділерді толық түрлеріндегі: кел, қыл, қол, бол, сол, бұл деп, дыбыстарын нақтылап барып, СГС түбір морфема тобына қосып тану қажет болады.
4. Бір дыбыстан, оның өзінде дауыстылардан тұратын а,е,о,ы тәрізді одағайлар бар. Осылардың әрқайсысы қазақ тілі түсіндірме сөздігінің белгілі томдарында анықтамасы, мысалдармен дара да, сөйлем ішінде тұрақты тіркестер ретінде де сипатталады.
Бір дыбысты дегенде: барған е-ді, көрген е-кен, білген е-мес т.т еркін тіркестерде жиі қолданылатын е- көмекші етістігі жайлы да айта кету керек болады.Бұлар қазақ т.б туыс тілдерге ер- етістігінен қысқарып, жалаң дауысты дыбыс түрінде қалыптасқан.
5. Қазіргі қазақ тілінде жазылуына қарағанда өзі бір буынды: рет, шек, рай, рең, сек т.т санаулы түбір морфемалар бар. Шындығында бұлар: ірет, ішек, ырай, ірең.
6. қай сөз?, қай үй? тәрізденіп, тіркесе айтылуда сұрау есімдігі қай түбірінде, дербес айтылғанда, қайсы, қайсысы, қайда түріннде, мұнымен омоним етістіктер: қай-т, қай-ыр, қай-қай болып екі ұдай қолданылатын түбір морфемалар да бар.
7. Мен, сен, ол, сол, бұл есімдіктерін септелгенде: менің, сенің, оның, соның, бұның, мұның болып кететіндігін ескеріп, осылардағы - ның, -нің ілік жалғауы делінетін болса, онда түбірлері - ме, -се, -о, -бұ тәрізденіп қалады.
8. Жаз деген омоним сөздердің ішінен Саған не
жаздым дегендегі етістік түбірін алайық. Бұл арада
ол -- осы үш дыбысты, бір буынды түрінде толық
қанды лексикалық единица, негізгі түбір етістік морфе-
ма. Осы жаз етістігі Құлай жаздады дегенде -й жазда,
-а, -с жазда турінде аналитикалық формант, біртұтас
единица құрайды. Сонда ол: а) -а, -е, -й формалы көсем-
ше жұрнағы+жаз+да(-ла,-ле жұрнағының бір морфы)
деген үш бүтіннің қосындысынан тұрады. Осы арадағы
жаз-да аналитикалық бүтіннің сыңары есебінде біртұтас
морфема болып есептеледі. Ал туыс өзбек тілінде жаз (-ёз) морфемасы осы қалпында негізгі етістік болып та,
көмекшілік қызметте де (йиқила ез-дим) өзара омоним
жасап, қолданыла береді. Грамматикалық деңгейдің,
оның өзінде синтаксис шеңберіне енетін аналитикалық формат сыңары жаз-да етістігі сияқты жағдай -- жатыр етістігіне де тән.
9.Түбір морфемалардың бәрі бірдей лексика-грамматикалық дербес бүтін бола бермейді. Ондайлар, көбінесе: ың-жың, ың-ыр-сы, ың-ыл-да, ың-қыл-да дегеедердегі: ың-; қың-сы т.т дағы үлп-, елп-, тәрізділер де солай. Ретіне қарай белгілі тіркестерде, сондай-ақ сол сөз табындағылармен қолданылатын - ың, -ің,-ақ, -ек, -и, -ди, -пи т.т аффикстер күйінде зат есім жасайды.
10 . Мағыналы ең кіші бөлшек морфема дегендерге екі, үш, одан да көп буынды сөздер енеді.

Сөзжасамның аналитикалық тәсілі
Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау -- сөзжасам-
ның өте көне тәсілі және ол дүние жүзіпдегі түрлі сис-
темалы тілдерге кең тараған.
Қытай тідіндегі күрделі етістіктер туралы И. С. Гуре-
вич былай деп жазады: ...синонимдік етістік морфе-
малардың тіркестері еш нәрсемен бөлінбейді, сондықтан
оларды бір сөз деп санаймыз. [1]
Рас, аналитикалық тәсіл дүние жүзіндегі елдерге
кең тарағанымен, барлық тілде бірдей орын алмайды,
ол қытай, япон тілдерінде негізгі тісілге жатады, сон-
дықтан ол тілдердің лексикасында күрделі сөздер өте
көп. Ол жөнінде Л. Л Пашковсий былай дейді Күрделі сөздер түрлі тілдердің лексикалық системасынан
түрліше орын алады. Кейбір тілдерде сөздерді біріктіру
қосымша тәсіл болып, оның нәтижесң елеусіз болады да,
сөздіктің периферия бөлімінен орын алады. Келесі бір
тілдерде ол өте кең тараған, негізгі тақырыпқа жатады.
Соңғы топтағы тілдерге жапон тілі жатады. Лексикадан
алатын сөздердің типіне қарап, оны күрделі сөздің тілі
деуге болады, -- дейді. [2]
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің бір
үлкен тобына жататын ағылшын тіліндегі біріккен сөз-
дер туралы О.Д.Мешков былай деп жазған: Сөздерді
біріктіру маңызды тәсілдердің бірі, ол арқылы және
басқа да тәсілдер арқылы тіл өзінің сөздік құрамын
толықтырады, тілдің құрылысын жетілдіреді. [3]
Неміс тілінде де аналитикалық тәсіл сөзжасамда
кең қолданылатын өте өтімді тәсіл. [4]
Орыс тілінде де аналитикалық тәсіл сөзжасам жүйе-
сінен белгілі орын алатыны бізге таныс. Дегенмен ол
жөніндегі Н.М.Шанскийдің сөзін келтірейік: Екі я
одан да көп сөздердің бір сөзге бірігуі арқылы біртұтас
сөз жасалуын сөздерді біріктіру деп санаймыз", --
депді. [5]
Түркі тілдерінде де бұл тәсіл көне замандардан келе
жатыр. Орхон жазба ескерткіштерінің тіліндегі мынадай
күрделі сөздерді Ғ.Айдаров осы жазба ескерткіштердің
лексикалық қоры ретіндс келтірген. Йашыл угуз -- көк
өзен, күнтүз -- күдіз, беңгү таш -- мәңгі тас (жазулы
тас), Беш балық -- Бесбалық (кала аты) т.б -[6] Келтірілген мысалдар күрделі сөздердің көне заман-
дардан қолданылғанын білдірсе, екіпшіден, күрделі сөз-
дердің географиялық атаулар яғни өзен, көл, жер, қала
және кісі аттарында жиі кездескенін көрсетеді. Бұл жағ-
дай аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасаудың өзі түркі
тілдерінде жер-су, кісі аттарынан басталған ба деген ой
салады.Әрине, ол әлі де анықтауды, зерттеуді керек
етеді, қалайда ол өте көңіл бөлерлік жай. Қазігі түркі
тілдерінде де аналитикалық, тәсіл кең қолданылады. Ол
түркі тілдеріне арналған грамматикалардың бәрінде
көрсетіліп жүр. Оның бәрін атап беру мүмкін емес. Де-
генмен сөзжасамда фундаментальді еңбек қалдырған
3.В.Сенортян еңбегін атамауға болмайды. Ол түркі
тілдерінде сөзжасам тек жұрнақ арқылы ғана жасалып
қоймайды, басқа тәсілдер де көп қолданылады деген
болатын. Оны өз сөзімен келтірейік; Түркі тілдерінің
сөзжасам тәсілдері мен жолдары түрлі-түрлі. Олардың
ішіндегі негізгі -- қосымша арқылы жасалу. Бірақ ол
жалғыз тәсіл емес. Қосымшамен қатар қашаннан бері
басқа тәсілдер де белгіленді, олар жинақталып, сөзжа-
самның аналитикалық тәсілін құрайды, -- дейді. [7]
Жоғарыда келтірген үзіндіде 3.В.Севортян анали-
тикалық сөзжасамның өзі іштей түрлі тәсілдерден тұра-
тынын айтты. Бұдан біз аналитикалық тәсілдің іштсй
аумағы кең және де тармағы мол құбылыс екенін
аңғарамыз. Сөйтіп, түркі тілдеріндегі негізгі тәсілдердің
біріне жататын аналитикалық тәсілдің ішкі ерекшелік-
тері мол екені сөзсіз.
Енді қазақ тілінде жалпы аналитикалық тәсілге жа-
татын қандай тәсілдер барына тоқталайық. Тілгмізде
аналитикалық тәсілдің мынадай ішкі түрлері бар:
1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту.
1. Сөзқосым тәсглі арқылы қазақ тілінде екі я онан
да көп түбір сөздер біртұтас дыбыстық құрамға қосы-
лып, бір лексикалық мағына беріп, бір ұғымды білдіріп,
бір лексикалық единица жасайды, сондықтан сөздің
осылайша жасалуын сөзқосыи тәсілі арқылы жасалу деп санаймыз. Мысалы: баспасөз, өнеркәсіп, басқұр, бу-
гін, биыл, апар, әкел, қолғап, қолғанат, аққу, көлбақа,қ
осаяқ, көкқұтан т. б.
Келтірілген мысалда күрделі сөздердің компонентте-
рін байланыстырып тұрған ешбір элемент жоқ. Орыс
тілі сияқты тідердегі сөз бен сөзді байланыстырушы
элементтер мұнда жоқ, басқа да арнайы сөздер біріктіре-
тін морфемалар да жоқ. Мұнда күрделі сзөдердің ком-
поненттері ұзақ қолданыла келе, 6ірімен-бірі бірігіп,
қосылып кеткен. Осы ерекшелікке сай оны сөзқосым тә-
сілі деп атап отырмыз. Свзсосым тэс1л! аркылы жасал-
ган сөздер сөздіктерде дербес сөз деп танылады. Сөзоқ-
сым тәсілі де іштей ажыратылады, өйткені осы тәсіл ар-
қылы жасалған сөздер біркелкі емес. Компоненттерінен
дыбыстық құрамына қарап, бұл тәсілді екіге бөлуге бо-
лады: 6іріктіру, кіріктіру тәсілдері.
Біріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздердің ішкі
компоненттерің әрқайсысы өздерінің жеке не дербес
қолданылғандағы дыбыстық құрамын толық сақтай оты-
рып бірегелі. Мысалы: шекара, өнеркәсіп, айбалта, ақ-
сақал, көкқұтан, көкжөтел, орынбасар, аққу, аққұтан,
қаламсап, оттгі, сутегі, құсбегі атбегі, қолбасы, отағ
асы, бірқыдыру, бірқатар, біртоға, біржолата, т. б.
Кіріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздердің компо-
ненттерінің кейде 6іреуі, кейде екеуі де дыбыстық құра-
мын ықшамдап, өзгертіп бірігеді, сондықтан оларды кі-
ріккен сөздер деп атайды. Мысалы: бұл жыл -- биыл,
бұл күн -- бүгін, алып бар -- апер, алып кел -- әкел, ал-
ып бер -- әпер, қол қанат -- қолғанат, аға-іиі -- ағайын,
қара ала құс -- карлығаш, білек жүзік -- білезік, сахар
асы -- сәргсі, сегіз он -- сексен, тоғыз он -- тоқсан, іш
құр -- ышқыр, бел бау -- белбеу т. б.
Сөзқосым тәсілі тек түркі тілдерінің сөзжасам жүйе-
сіне ғана қатысты деуге болмайды. Бұл дүние жүзін-
дегі тілдерге өте кең тараған тәсіл. Әсіресе, ол жазуы
ертеден келе жатқан, жазу мәдениеті күшті елдерде көп
орын алады.
Ал 6іздің тілімізде бірсыпыра біріккен сөздер таныл-
май, бөлек жазылып жүр. Олардың бірде бірге, бірде
бөлек жазылуы да, ауытқуы, түрлі сөздікте түрлі берілуі
де бар, ол да -- өзінің шешімін күтіп тұрған мәселе.
2. Қосарлау тәсілі екі сөздің бір-біріне қосарлануы
я бір сөздің қайталануы арқылы сөз жасайды, ол тілде
көне замандардан келе жатқан тәсілге жатады. Ол түркі тілдерінің ең квне жазба ескерткіштері -- орхон жазба
ескерткіштерінде де болған тәсіл. Мысалы: арқыш--
тіркіш (караваны) керуендер, ічін-ташын -- (внутри-снару-
жи)-

т. б.
Сөйтіп, екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сзө-
дер қосарлама тәсіліне жатады. Бұл тәсіл қазақ тілінде
қазір де өте төімді. Мысалы: ага-іні, ата-ене, әке-шеше,
қыз-келіншек, жаман-жақсы, тау-тас, ыдыс-аяқ, ине-жіп,
бс\ес-алты, жақсылы-жаманды, ұзынды-қысқалы, бүгін--
ертең, көрпе-жастық ата-ана, туған-туысқан, сән-салта-
нат, ән-күй, ойын-той т. б. Қосарлама тәсілі арқылы сөз
жасаудың мынадай шарттары бар: олардың екі сыңары
мағыналас, мағынасы жақын, синоним сөздер болу ке-
рек: ата-ана, некен-саяқ, құрал-сайман, ата-ене, әя-күй,
ойын-сауық т. б. Ата және ене, ата мен апа -- 6іріне-6ірі
жақын заттардың аттары, ән-күй, ойын-той да сондай.
Ал некен мен саяқ, құрал мен сайман -- синоним сөздер.
Қосарлама тәсілі арқылы сөз жасалу үшін оның ком-
поненттері бір сөз табынан болуға тиіс: бес-алты -- екі
сыңары да сан есімнен жасалған, бүгін-ертең -- екі ком-
поненті де үстеуден, ата-ана -- екі компоненті де зат
есімнен, жақсылы-жаманды екі компоненті де сын есім-
нен жасалған, келіп-кетіп -- екі компоненті де етістік-
тен жасалған,
Қосарлама тәсілі арқылы жасалған қос сөздердің екі
компонентінің морфемдік құрамы сай келіп отырады:
ұзынды-қысқалы, барып-сайтьп т. б. Олардың компо-
ненттерінің буын саны да сай келуге тиіс: ата-ана, әке--шеше, жеті-сегіз т.6. Бұл заңдылық бұзылса, буын саны
аз компонент бірінші орында, буын саны көп компонент
екінші орында тұрады қыз-келіншек, тай-тулақ, бес--
алты т.б. Бұған қарама-қарсы жағдай өте сирек кез-
деседі. Мысалы: ойын-той т.б. Қосарлама тәсілі арқылы
жасалған сөздердің бәрінде жинақтау мағынасы болады.
Қайталама тәсіліне бір сөздің қайталануы арқылы
жасалған сөздер жатады. Мысалы: қора-қора, тау-тау,бетпе-бет, көзбе-көз,бір-біріне,өзді-өз,өзінен -өзі, қып-қы-
зыл, өзімен-өзі,өзі1-өзіне, ас-мас, шай-пай т. б.
Қайталама тәсілі арқылы сөз жасаудың шарттары.

1 Қос сөздің екі компоненті де бір сөзден құралады, ол не ешбір өзгеріссіз түбір қалрпында қайталанады: қора-қора, тау-тау, мая-мая т.б
2. Екі компонентінде де бір қосымша қайталанады: сұрап-сұрап, келе-келе, айтып-айтып т.б
3. Екі компонентінде де антоним қосымшалары болады: орынды-орынсыз, жөнді-жөнсіз. Кейде олар болымды-болымсыз формалардың қарама-қарсылығына құрылады: келіп-кетпей, айтып-айтпай т.б.
4. Екі компоненттің біріншісінде - ба,-бе қосымшасы қосылу арқылы жасалады: көзбе-көз, ауызба-ауыз т.б
5. Екі компоненттің біріне я екеуіне септік, біріне тәуелдік жалғауы жалғанады: өзінен-өзі, өзімен-өзі т.б
6. Екі компоненттің бірі, көбіне екіншісі, алғашқы сыңарының бірінші дыбысын өзгерту я дыбыс қосылуы арқылы жасалады: шай-пай, ас-мас, жігіт-мігіт т.б.
7. Қайталама тәсілі бір компоненттің буынын екінші компонентте қайталау арқылы да жасалады: қып-қызыл, жап-жасыл, қап-қара т.б
3. Тіркестіру тәсілі арқылы сөз жасалғанда, сөз тіркестері ұзақ уақыт қолданыла келе компоненттерінің мағыналары кірігіп, бір мағынаға көшеді. Бірақ олар өзінің сөз тіркесі кезіндегі бөлек жазылу қалпын сақтаған. Мысалы: кіріп шық, алып кел, алып бер. Кейін ол сөзжасамдық моделге айналып, сөз модель арқылы басқа сөздер де жасалатын болған. Мәселен, қазақ тілінде қара жол, жалғыз аяқ жол сияқты тіркестердің моделімен темір жол сияқты сөз жасалады. Ол-бұрын өмірде болмаған, жаңа пайда болған затқа қойылған ат.
Бұлар тілде дайын тұрған сөздер,әркім де оларды осы құрамда, бір мағынада, бір заттардың аты ретінде қолданылады. Сөйлемнің бір ғана мүшесі болады,сөз түрлендіруші қосымшалар олардың соңғы компонентіне ғана жалғанады. Бірақ олар дербес сөз болып танылмай жүр, өйткені сөз деп бірге жазылған, тұтас дыбыстық құрамдағы сөздер ғана алынып, күрделі сөздердің мағына бірлігі ескерілмей, сөздіктерде тіркес ретінде беріледі.
Тіркесу арқылы жасалған сан есімдер мен сын есімдер, күрделі етістіктердің жағдайы басқа сөз таптарындағы күрделі сөздерден гөрі тәуірірек. Олар грамматикаларда, оқулықтарда күрделі сөз деп танылады, Мысалы: он алты, отыз бір, жүз елу, екі жүз, алпыс бес, қара торы, күрең торы, қара қошқыл сияқты күрделі сөздердің әрқайсысы біртұтас лексикалық мағына береді, сандардың аты, сындық белгілері, түстің аты, қимылдың аттары.Бұндай күрделі сөздердің де компоненттері тұрақты, олардың орны берік, араларына басқа сөздер түспсйді. Күрделі сөздердің жеке компоненттері синтаксистік байланысқа түспей, олар тұтас бір сөз ретінде ғана басқа сөздермен байланысып, сөз тіркесінің бір компоненті болады,сөйлемде бір сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Осы белгілердің бәрі -- лексикалық единицаларды сипаттайтын белгілер.
Аналитикалық тәсілдің тіркесу түрінің тіліміздің әр сөз табының сөзжасам жүйесінен алатын орны әр түрлі. Мысалға қазақ тілінде тіркесу тәсілі сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл болып саналады. Сан есімде нақтылы сан атаулары тек қана бір санмен екінші санның тіркесуі арқылы жасалады. Бұл тәсіл сан есім сөзжасам жүйесінде әуел бастан-ақ қалыптасқан. Айталық санаудың бестік жуйесінде бестен жоғарғы сандарды санау үнін, бес санына беске дейінгі бірліктерді қосқан: екі -- бес, үш -- бес, бес -- төрт, бес -- бір т б. Жиырмалық жүйеде сексен дегенді төрт жиырма түрінде атаған. Осы тәсіл сан есімде негізгі тәсіл болып қалыптасып қалған. Сан есімде көне замандардан келе жатқан жиырма дара сан атауы бар. Оған миллиаон, миллиард, триллион сандары қосылады. Олар дара сандардың бір-бірімен тіркесуі арқылы тіліміздегі бай сандық ұғымдар аты жасалған. Сондықтан тілде күрделі сандар керемет көп. Сан есімдердегі ең көп сандар-күрделі сандар, тек миллионға дейінгі күрделі сандардың өзі миллионға жуық.
Мұның өзі сан есім сөз табының құрамы негізінен күрделі сандардан тұратынын білдірсе, соған орай осы сөз табының сөзжасамында аналитикалық тәсілдің тіркесуі түрінің алатын орнын көрсетеді.
Ал зат есім сөзжасам жүйесінде де аналитикалық тәсілдер кең қолданылады, бірақ зат есімде синтетикалық тәсіл де көп дамыған. Сондықтан зат есім сөзжасам жүйесінде аналитикалық тәсіл негізгі тәсілдердің бірі ретінде қолданылады. Ал мұның өзі зат есім сөзжасам жүйесінде аналитикалық тәсілдің мол орын алатынын көрсете алады. Оған зат есімдегі біріккен сөздер, қос сөздер, тіркесу арқылы жасалған күрделі зат есімдер, қысқарған сөздер толық дәлел бола алады.
Сол сияқты аналитикалық тәсілдің тіркесі түрі кең қолданылатын сөз табына етістік жатады. Етістік сөзжасамында тіркестірі тәсілінің алатын орыны мол. Мұнда 30-ға жуық негізгі түбір етістіктер өзінің алдынан түрлі етістіктерді тіркеп алып, олардан күрделі қимылды білдіретін күрделі етістіктерді жасайды. Мысалға бір кел етістігінің өзі300-дей күрделі етістік жасайды. Аталған 30 етістіктің әрқайсысы осы шамалы күрделі етістік жасағаннның өзінде тілімізде ең аз дегеннің өзінде мыңға жуық күрделі етістіктер бар деп шамалауға болады. Күрделі етістіктердің бәрі де тіркестіру тәсілі арқылы жасалады.
Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына біріктіру арқылы жасалған етістіктер де жатады, бірақ олар өте аз: әкел-алып кел, әпер-алып бер, әкет-алып кет т.б.
Тіркестіру арқылы сөз жасаудың әр сөз табында өзіндік модельдері бар.
Ол модельдер тірек компонентке құрылған. Сан есімдерде күрделі сөздің тірек компоненті түрлі орында келеді. Ондық пен бірлік араласқан сандарда тірек компонент бірінші орында тұрады. Мысалы:
бір үш
Он екі елу төрт
үш бес
алты
Жүздік, мыңдық пен бірлік араласқан санда тіреккомпонент екінші орында тұрады. Мысалы:
Бір екі
Екі жүз үш мың
Үш төрт
Тірек компонент бірнеше күрделі сөздің жасалуына негіз болады, сол күрделі сөздердің бәрінде тірек компонент бір мағынада қолданылады. Тірек компоненттің қызметін туынды түбірдегі негіз сөзбен салыстыруға болады. Туынды түбір сөздің мағынасы ондағы түбір сөздің мағынасына негізделеді де, екеуінің мағыналық байланысы анық көрініп тұрады. Сол сияқты күрделі сөздің тірек компонентінің мағынасы ол арқылы жасалғанбірнеше күрделі сөзге ортақ болады да, олардың мағыналық байланыстылығын туғызады. Мысалға ала тірек компоненті арқылы жасалған күрделі сын есімдерді алаық: қара ала, қоңыр ала, қызыл ала, сары ала. Осы күрделі сын есімдердің бәрі бір тірек компоненттен туып тұр, сол арқылы бұл күрделі сөздердің мағыналары байланысты. Сөтіп, туынды түбірлерде мағына байланыстылығы түбір сөзгк қатысты болса, күрделі сөздердің мағына байланыстылығы тірек компоненттерінің мағынасынан шығады. Мына мысалдар да осы тұрғыдан қаралу керек: боз торғай-суық торғай, қара торғай деген құс аталарының жасалуына торғай сөзі - тірек компонент болып тұр, ал ақ шұбар, қара шұбар, қоңыр шұбар, көк шұбар, қызыл шұбар деген күрделі сын есімдердің жасалуына тірек компонент болып тұрған сөз-шұбар. Сондықтан осы күрделі сөздердің бәрінің мағынасына ол тірек болып, қатысып тұр, сол арқылы оларда мағыналық байланыс туып отыр.
Сөйтіп, тіркестіру тәсілі екі онан да көп сөздердің тіркесіп, бір мағынаға ие болуы арқылы сөзжасамды іске асырады. Алайда тіркестіру тәсілінің тағы бір белгісі оның тірек компонент арқылы жасалуына байланысты. Тірек компонент күрделі сөздің бірінші, көбіне екінші компоненті болады.
Осы қағидаға сүйенсек, сары май, тоң май, жер май, балық май, мал қора, ат қора, сиыр қора сияқтыкүрделі сөздердің де жасалуына май, қора сөзері негіз болып тұр деп санау керек. Сонда номинацияға жататын бұл сөздердің жасалуына тірек компонент себеп болып тұр.
Осы сөздердің жасалуына негіз болып тұрған тірек компоненттерді ағылшын тілінде толып жатқан күрделі сөздің жасалуына негіз болған work жұмыс сөзімен салыстыруға болады. Мысалы: brazwork, carthwork, needlwork6 woodwork т.б сөздерге work деген сөз тірек компонент болып, олардың жасалуына негіз болып, оларда мағыналық байланыс тудырып тұр.
Қазақ тіліндегі жоғарыдағы май, қора сөздерінің қызметі дәл осындай, тек қазақ тілінде ондай күрделі сөздер бөлекжазылады. Басқа жағынан алғанда, олардың қызметінде айырма жоқ.
Мұндай тірек компоненттерді неміс тілінде полусуф-
фикс деп атау да бар. М. Д.Степанова олар күрделі сөз-
дің екінші компоненті ме, әлде полусуффикс не, тіпті
оны ажырату да қиын деп жазған [4]
Мұндай жағдай қазақ тілінде де бар. Қазақ тілінде қазір
-хана морфемасы жұрнақ саналып жүр. Бұрын ол
біріккен сөздің екінші компоненті де саналғаны белгілі.
Сол сияқты Ташкент, Жаркент, Шымкент дегендердегі
-кент морфемасы да бұрын толық мағыналы сөз еді,
күрделі сөздің екінші компоненп болатын. Қазір ол
жұрнақ болып танылып кетті. Тірек компоненттің жиі
қолданылуы оның мағынасының абстракциялануына
әкеліп, ол бара-бара көбіне қосымша қатарына да өтіп
отырады.
Тіркестіру тәсілі арқылы сөз жасау сөз таптарының
бәрінен де орын алады. Бірақ ол сан есімде негізгі тәсіл
болып саналады. Сан есімдегі 20 -- 23 негізгі түбір есеп-
тік сан атаулары арқылы қаншама санның аты олардың
бір-біріне тіркестірілуі арқылы жасалады.
Басқа сөз таптарындағы тіркестіру тәсілі синтетика-лық тәсілмен қатарласа сөзжасамдық қызметатқарады, дегенмен оларда синтетикалық тәсіл басым екенін мойындау қажет. Сөйтіп, тіркестіру тәсілі арқылы номинация қызметін атқарып жүрген сөздер тілде өте көп, олардың саны анықталып, сөз статусы танылса, тіліміздің сөз байлығын көрсетуде орасан зор қызмет атқаратыны даусыз.
Қысқарту тәсілі тілдің сөзжасам жүйесінен онша көп орын алмайды. Әр тәсілмен байланысты сөзжасамға қатысатын белгілі тілдік элементтер бар, онда біраз айырма болады. Мысалға сөзжасамның синтетикалық тәсіліне түбір сөздермен бірге сөз тудырушы, қосымшалардың қатысуы міндетті. Басқаша айтқанда, синтетикалық тәсілмен сөз жасағанда, оған қатысатын тілдік элеметтер түбір сөз бен жұрнақ.
Сол сияқты аналитакалық тәсілде де сөзжасамға қатысатын белгілі тілдік элеметтер бар. Олар-түбір сөздер. Сөзжасамның аналитикалық тәсілінде түбір сөздер бір-бірімен не бірігеді, не қосақталады, не тіркеседі, не қысқарып барып сөз жасайды. Қалай болғанда да, сөзжасамға түбір сөздер қатысады. Міне, бұл - сөзжасамның аналитикалық тәсіліне қатысты ерекшелік.

2.3. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі.
Сөзжасамның аффиксті және сөзтудырым тәсілдерінен басқа да жолдары бар. Ол - сөзжасамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Сөзжасамды оқыту тәсілдері
Сөз жасау тәсілі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сөзжасамдық тәсілдерін қарастыру
Естімейтін балалардың сөзжасамды меңгеру ерекшеліктерін анықтау
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Пәндер