Сын есімді оқыту барысында ұлт жандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері



Жұмыстың мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І тарау

1.1. Сын есімнің зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Сын есімнің лингвистикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары ... ... ..

ІІ тарау

2.1. Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс.тәсілдер ... ... ...
2.2. Кешенді жұмыстар жүйесі арқылы сын есімді оқыту
барысында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Жұмысының өзектілігі: Тіл біліміндегі жетістіктер мен әдістемелік өзгерістер қоғам дамуымен байланысты. Еліміздің егемендік алуы, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, соның нәтижесінде оның ғылым мен техниканың әр саласына дендеп енуі қазақ тілін зерттеушілер мен ұстаздардың алдына зор міндет қойып отырғаны белгілі. Ана тілімізді әр қырынан зерттеп, табиғатын айқындай түсуге мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта әлеуметтік сұраныс қазақ тілін оқытып үйретудің қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабын қойып отыр. Ана тілінің қоғамдағы қатысымдық рөлін күшейту үшін оны оқытудың сапасын көтеру қажет. Бұл қазақ тілін оқытуды жаңаша қырынан қарауды қажет етеді. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуда жаңа технологияны көптеп және ұтымды қолдану сабақтың сапасын арттырады. Заттың әр түрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, сөз таптарына ұйытқы бола алатын сын есімдер зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл орайда Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, Ғ. Мұсабаев, М.Балақаев, Ж.Шәкенов, Р.Әмір, Ә.Төлеуов, Ф.Оразбаева, Г.Мамаева т.б. еңбектерді ерекше атауға болады.
Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметіне біршама көңіл бөлінді. Тіліміздегі сын есімдердің мағына жағын сөз еткенде оны сапалық және қатыстық сындарға бөледі.
«Білім беру жүйесінің міндеттері: ...азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, ...әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді меңгеру»- делінген.
Педагогиканың тарихында ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие және оған мұғалімдерді дайындау туралы алғаш пікір айтқандар қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов т.б. болған.
Қазақстанда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени-ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғырту мұғалімдерге жаңа талаптар қояды.
Қазақ мектептеріне сын есімдерді оқыту барысында ұлтжандылыққа тәрбиелеу − ел болашағының негізі. Оқушыларға білім берумен қатар ұлттық тәрбие беру де бүгінгі күннің басты талабы. Зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген ғылыми еңбектерге, оқу-құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарға талдау, сараптау жасау барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру жеткілікті дәрежеде жүзеге аспай жатқандығы байқалады. Осы мәселелердің шешімін табу үшін қазақ тілі сабақтарында сын есімді оқыту барысында оқушылардың бойына ұлтжандылықты қалыптастыруды нысана етіп алдық.
Зерттеу нысанасы. Сын есімді оқыту барысында ұлтжандылыққа тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерін айқындау, оны оқушыларға меңгерту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп оқушыларына сын есімді оқыту барысында ұлтжандылық тәрбие беруді жетілдіру, дамыту.
- Сын есімдердің сөз тіркесі синтаксисі тұрғысынан зерттелу тарихына шолу жасау;
- Сын есімдердің семантикалық топтарын бере отырып, олардың сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшеліктерін көрсету;
- Қазақтың ағартушы-педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беру және оған мұғалімдердің ой-пікірлерін және ғалым-педагогтардың этнопедагогикалық еңбектерін мазмұндық талдау арқылы мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориялық негіздерін жасау;
Зерттеудің міндеттері:

- Сын есімнің зерттелу тарихы мен Сын есімнің лингвистикалық негіздеріне тоқталу;
- Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары;
- Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру;
- Кешенді жұмыстар жүйесі арқылы сын есімді оқытубарысында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу жолдарын ұсыну.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, Мектеп, 1997-95-63 б.
2. Баялиева Г. ХІ-ХІІ ғасырдағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі сын есімдер. Алматы, 2003-26б-11-12б.
3. Баялиева Г. ХІ-ХІІ ғасырдағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі сын есімдер. Алматы, 2003-26б-10б.
4. Шәкенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы, Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикасы, 1961 -80б-3б.
5. Шәкенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы, Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикасы, 1961 -80б-5б.
6. Шәкенов Ж. 6-7 б.
7. Баялиева Г. 7б.
8. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004 №1. 99 б.
9. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиеті. «Хабаршы». №3, 2004 -205-193 б.
10. Хабаршы. Алматы, 2004, №3. 194 б.
11. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, Мектеп, 1988. 264-179 б.
12. Шәкенов Ж. 1961,80б-3б.
13. Баялиева Г. 26б-12б.
14. Қазақ тілі мен әдебиеті. №11. 81 б. 2000 ж.
15. Хабаршы. Алматы, 2004, 205 б-194 б.
16. Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, Мектеп, 1982. 128-45 б.
17. Қазақ тілінің грамматикасы. І том. Морфология. Алматы, 1967, 261-67-68 б.
18. Төлеуов Ә. 47 б.
19. Қазіргі қазақ әдеби тілі. Алматы, Ана тілі, 1991. 216 б-34 б.
20. Қазіргі қазақ әдеби тілі. Алматы, Ана тілі, 1991, 216 б-32 б.
21. Қазіргі қазақ әдеби тілі. Алматы, Ана тілі, 1991, 33-34 б.
22. Сыздықова Г. Қазіргі қазақ тіліндегі қатыстық сын есімдердің семантикалық және стильдік сипаты. Астана, 2000. 25 б-8-9 б.
23. Сыздықова Г. 14-16 б.
24. Сыздықова Г. 20-21 б.
25. Жолшаева М. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдердің тіркесу қабілеті. Алматы, 2001. 24 б-13б.
26. Қараев М. Қазақ тілі: фонетика, лексикология, морфология, синтаксис. Алматы, Ана тілі, 1993, 216-98б.
27. Тәрбие хрестоматиясы. Алматы, Ғылым, 331 б-298 б.
28. Тәрбие хрестоматиясы. Алматы, Ғылым, 150б.
29. Тәрбие хрестоматиясы. Алматы, Ғылым, 126б.
30. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2000, №8, 27 б.
31. Сағындықұлы Е. Ұлттық ойындарды оқу тәрбие ісінде пайдалану. Алматы, 1993. 76-4-46б.
32. Қазақ тілін қазіргі заманға сай жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту семинары бойынша материалдар. Ақтөбе, 2002, 76б-50б.
33. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2000, №8, 25-29 б.
34. Қазақ тілін қазіргі заманға сай жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту. 18-21 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Сын есімді оқыту барысында ұлтжандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Оқу бөлімі: Күндізгі
Мамандық: Негізгі орта білім
Білімділік: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Курс:
Топ:
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:

Кіріспе

Жұмысының өзектілігі: Тіл біліміндегі жетістіктер мен әдістемелік өзгерістер қоғам дамуымен байланысты. Еліміздің егемендік алуы, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, соның нәтижесінде оның ғылым мен техниканың әр саласына дендеп енуі қазақ тілін зерттеушілер мен ұстаздардың алдына зор міндет қойып отырғаны белгілі. Ана тілімізді әр қырынан зерттеп, табиғатын айқындай түсуге мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта әлеуметтік сұраныс қазақ тілін оқытып үйретудің қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабын қойып отыр. Ана тілінің қоғамдағы қатысымдық рөлін күшейту үшін оны оқытудың сапасын көтеру қажет. Бұл қазақ тілін оқытуды жаңаша қырынан қарауды қажет етеді. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуда жаңа технологияны көптеп және ұтымды қолдану сабақтың сапасын арттырады. Заттың әр түрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, сөз таптарына ұйытқы бола алатын сын есімдер зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл орайда Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, Ғ. Мұсабаев, М.Балақаев, Ж.Шәкенов, Р.Әмір, Ә.Төлеуов, Ф.Оразбаева, Г.Мамаева т.б. еңбектерді ерекше атауға болады.
Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметіне біршама көңіл бөлінді. Тіліміздегі сын есімдердің мағына жағын сөз еткенде оны сапалық және қатыстық сындарға бөледі.
Білім беру жүйесінің міндеттері: ...азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, ...әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді меңгеру- делінген.
Педагогиканың тарихында ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие және оған мұғалімдерді дайындау туралы алғаш пікір айтқандар қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов т.б. болған.
Қазақстанда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени-ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғырту мұғалімдерге жаңа талаптар қояды.
Қазақ мектептеріне сын есімдерді оқыту барысында ұлтжандылыққа тәрбиелеу − ел болашағының негізі. Оқушыларға білім берумен қатар ұлттық тәрбие беру де бүгінгі күннің басты талабы. Зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген ғылыми еңбектерге, оқу-құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарға талдау, сараптау жасау барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру жеткілікті дәрежеде жүзеге аспай жатқандығы байқалады. Осы мәселелердің шешімін табу үшін қазақ тілі сабақтарында сын есімді оқыту барысында оқушылардың бойына ұлтжандылықты қалыптастыруды нысана етіп алдық.
Зерттеу нысанасы. Сын есімді оқыту барысында ұлтжандылыққа тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерін айқындау, оны оқушыларға меңгерту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп оқушыларына сын есімді оқыту барысында ұлтжандылық тәрбие беруді жетілдіру, дамыту.
Сын есімдердің сөз тіркесі синтаксисі тұрғысынан зерттелу тарихына шолу жасау;
Сын есімдердің семантикалық топтарын бере отырып, олардың сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшеліктерін көрсету;
Қазақтың ағартушы-педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беру және оған мұғалімдердің ой-пікірлерін және ғалым-педагогтардың этнопедагогикалық еңбектерін мазмұндық талдау арқылы мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориялық негіздерін жасау;
Зерттеудің міндеттері:

- Сын есімнің зерттелу тарихы мен Сын есімнің лингвистикалық негіздеріне тоқталу;
- Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары;
- Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру;
- Кешенді жұмыстар жүйесі арқылы сын есімді оқыту барысында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу жолдарын ұсыну.



Жұмыстың мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І тарау

1.1. Сын есімнің зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Сын есімнің лингвистикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары ... ... ..

ІІ тарау

2.1. Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер ... ... ...
2.2. Кешенді жұмыстар жүйесі арқылы сын есімді оқыту
барысында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І тарау
1.1 Сын есімнің зерттелу тарихы

Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, академик И.И.Мещанинов өзінің Сөйлем мүшелері мен сөз таптары (М., 1945) атты еңбегінде былай деді: Сөйлемде зат есім - бастауыш немесе толықтауыш, сын есім - анықтауыш, үстеулер - пысықтауыш, етістіктер - баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сын есім сөйлем мүшесі болу арқылы бөлініп шықты, жасалынды. Сын есім сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасты. Бұл ойды тіл білімінің өкілдері А.А.Потебня мен В.М.Жирмунскийлер де жан-жақты қарастырған. Мәселен, А.А.Потебня: Сын есімдер зат есімдерден бөлініп шықты. Зат есімнен сын есімнің бөлініп шығуы дегеніміз зат есімнің атрибутивті мүше (анықтауыш) ретінде қолданылуы - деп жазды өзінің 1899 жылы шыққан Из записок по русской грамматике деген еңбегінде. Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк әрі зат есім, әрі сын есім болуы сол көне құбылыстың ізі екенідігін көрсетеді 1,63.
Құдадғу билиг пен Һибат-ул хакайиқ тіліндегі сын есімдер. Ж.Баласағұнның Құдадғу билиг (Бақытқа бастайтын білім) дастаны мен А.Йүгінекидің Һибат-ул хакайиқ (Ақиқат сыйы) дастандарының көптеген ғалымдар тарапынан зерттеу тарихын жасаған. Аталған ескерткіштерде сын есімдердің шығу тегіне, мағыналық арақатынасына, олардың қалай қолданылатындығына назар аударған. Олардың есептеуі бойынша, екі ескерткіштегі сын есімнің жалпы саны - 284. Бөліп айтсақ Құдадғу билигте - 176, Һибат-ул хакайиқта - 96 сын есім бар. Екі ескерткішке ортақ сын есімдер сыны - 12. Ортақ сөздердің мағыналарынан алшақтық байқалмайды, қазіргі тілдегі мағыналарымен көпшілігі сәйкес келеді. Құдадғу билиг және Һибат-ул хакайиқ ескерткіштері тілінің сөздік қоры - жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер. Ескерткіштердегі сын есімдерді қазіргі қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырғанда, мағыналық жағынан басым бөлігі болып келеді. Олар сондай-ақ, қазіргі туыстас түркі тілдерінде де осылайша өз мағынасын сақтап қалған 2-11-12.
Сын есімдердің морфологиялық сипаты. Академик В.В.Виноградов сөз табын морфологияның нысаны, сонымен тығыз байланысты, оған тікелей қатысы бар екендігін айтады. Олай болса, сын есімнің грамматикалық белгілерінің сырын ашпай, сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін дәлелдеу мүмкін емес. Сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда керекті бір белгі - сөздердің формалық белгісі. Бірақ тіл фактісінде бұл барлық тілдерде бірдей дәрежеде бола бермейді. Қазақ тіліндегі сын есімдердің аффикстерін шолғанда, назар аударатын бір ерекшелік − есім түбірден сын есім жасайтын қосымшалардың қазіргі тілімізде түгелге жақын өнімді тәсіл есебінде сақталуы 3,10.

Сын, сапаны білдірудің лексикалық грамматикалық тәсілдерінің қалыптасуы. Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат есімдер сөз, сөйлем құрамында субъективті мен объектіні ғана білдірмей, атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметінің бір түрі ретінде қалыптасты. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категорияның қалыптасу бір затты екінші зат арқылы ұғынуға негізделді. Екінші сөзбен, заттарды өзара салыстыру жолымен, бір-бірінен айырым белгілері мен салыстырма артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Түркі тілдерінің үлкен ерекшелігі − сын, сапа категориясын білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе қалыптасқан жоқ. Түркі тілдері сөздердің ондай грамматикалық класын басқа жолмен қалыптастырды: есім, етістік туынды түбірлер қолданыстың барысында сын, сапаны білдіретін тобы болып тұрақталды. Сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есім синкретизмінен басталды, етістіктің есім тұлғаларымен толықты. Соның барысында сын есім жасайтын біршама аффикцация жүйесі қалыптасты.
Негізгі сын есімдер. Қазақ тілінде, жалпы түркі тілдеріндегі сияқты, байырғы түбір қалпындағы сын есімдер көп емес. Байырғы сын есімдерді салыстыра қарағанда, олардың дамуында екі түрлі ерекшелікті байқауға болады. Біріншіден, кейбір сын есім сөздер әрі тура мәнде (сын есімдік), әрі заттық мән береді. Қазіргі тіліміздегі көк, қара сөздері сондай. Мұндай сөздердің көне дәуір ескерткіштерінде де осындай екі қилы қолданысы бар. Тіл білімнің зат пен оның сын-сипаты жайындағы ұғым бір дейтін тезисі осындай фактілерге негізделеді. Бұл тезис қазіргі тіліміздің фактірлерімен де дәлелденеді. Кейбір сын есімдердің сын есім тобына ауысып отыруы − о бастағы осындай генезистік бірліктің заңды жалғасы.
Түркі тіліндегі сын есімдер мен зат есімдердің бір-бірінен саралануы көне дәуірде болған процесс. Енисей-Орхон жазбаларының тіліндегі сын есімдер соншалық көп болмаса да сараланған, дербестелінгендігі байқалады. Ол тілде бірсыпыра туынды сын есім жасайтын аффикстер де өз алдына жіктелген топ есебінде көзге түседі. Сын есімдер дамуының екінші бір ерекшелігі − байырғы түбірдің мағынасының кеңеюі, жүктеліп саралануы, сөйтіп бір түбірдің бірнеше мағыналық мәндерге ие болуы. Мысалы, көк сөзі. Көне түркі тілінде осы сөз заттың түсі мағынасында екі түрлі мәнерді (синий, голубой, көк түрк), сонан ара жігі айқын байқалады, бір-бірінен оңай бөлінеді. Бұл ретте етістік түбірден тікелей сын есім жасалуы емес, етістіктен туынды есім, сол туынды есімнен басқа бір аффикс арқылы сын есім жасалуы туралы ғана айтуға болады. Мұнда туынды сын есім үш сатылы жолмен пайда болады: етістік түбір − туынды есім − туынды сын есім.
Күрделі аффикстер. Сын есімдер дамуының қашан да зат есімдерге байланысты болуының тағы бір дәлелі әдетте күрделі аффикстер деп аталады.
Қазіргі тіл нормасы тұрғысынан байырғы сын есімдер деп қаралатын сөздердің барлығы бірдей тарихи тұрғыдан тек қана түбір бола бермейді. Тарихи тұрғыдан жіктеуге келмейтін түбір сөздер тілімізде көп емес. Қазіргі грамматика оқулықтарында байырғылар тобына жатқызылып, негізгі деп аталатын сын есімдердің едәуір бөлігі не түбір не қосымшаның тарихи кірігіп, жымдасуынан жасалғандығы немесе басқа сөз табынан ауысып сын есімнің мәні мен қызметіне ие болғандығы (адъективация) байқалады. Айталық жатаған, тебеген, сүзеген (сиыр), кебу (отын), ауру (кісі) т.б. сөздер о баста есімше, тұйық етістік болған, қолдану ерекшелігіне байланысты сын есімдер тобына ауысқан 11,179.
М.Оразов: Әр түрлі заттардың түрлі формасын білдіретін сөздерде нақтылы мағына болмауы мүмкін емес дейді. Сондықтан сын есімдерге заттардың түр-түсін, табиғатын, сыртқы, ішкі қасиетін білдіретін мағыналық түрмен бірге, оған баға беріп айтушының көзқарасын білдіретін реңк те бар. Соған қарамастан, сапалық және қатыстық сын есімдер бір-бірінен ерекшеленеді 12,3.

1.2 Сын есімнің лингвистикалық негізі

Грамматикалық тұрғыдан қарағанда, лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекше бөлініп жататын сөз табының бірі − сын есім. Жалпы түркі тілінде, оның ішінде қазақ тілінде, сын есімнің орыс тіліндей морфологиялық көрсеткіші болмауы (жақсы бала, жақсы оқиды) − оның мағынасы мен морфологиялық жағынан ажыратуды қиындата түседі. Мәселен, жоғарыда көрсетілгендей, етістіктің алдында тұрған сын есім (жақсы оқиды) үстеу функциясын атқарып тұрғандай көрінгенімен (орыс тілімен салыстырғанда) оны үстеу деп қарамай, сын есім деп қараймыз. Мұның өзі - сөздің морфологиялық немесе тұлғалық құрылысы (структурасы) тілдің бәрінде бірдей болмай, әр түрлі болатындығын көрсетеді. Сонымен, жақсы бала, жақсы оқиды дегенде, екі жақсы сөзінің лексика-семантикалық, грамматикалық ерекшелігіне қарап, екеуін де сын есімге жатқызатын болсақ, осы сияқты қарт сөзін сөйлем ішінде алып қарасақ, оның да екі түрлі қызметін аңғарамыз: қарт келеді десек, мұнда қарт сөзі − субстантивтену арқылы сындық мағынадан заттық мағынаға ауысып, сөйлемнің бастауышы болып тұрса, үйге қарт кісі келді десек, онда ол сөз − өз мағынасында (қарт - сын есім) қолданылып, сөйлемнің анықтауышы болып тұр. Бірақ мұнан сын есім зат есімнен бөлінбеген категория деп қарауға болмайды. Сын есімнің кейбір жалпылық жақтарын (қайшылықтарын) былай қойғанда, өзіне тән семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері − мұны басқа сөз таптарынан (зат есім мен үстеуден) бөліп жатады. Сын есім сөйлем ішінде зат есімдермен тіркесе келіп, оның сынын, қасиетін, түсін көрсетеді. Бұл екі категорияның арасындағы бірлік − ертеден келе жатқан тарихи тіркес арқылы қалыптасқан. Мәселен, үлкен сөзінің соңына үй, кітап не тағы басқа осы сияқты сөздердің бірі тіркесу арқылы ол сөз түсінікті болады. Үлкен деген сын есім мағыналық жағынан жеке тұрғанда тиянақты емес, ол зат есіммен тіркесе келіп, заттың сынын, сапасын, сипатын, көлемін көрсету арқылы оның мағынасын анықтайды.
Егер затты айтпай, тек сынды білдіретін сөздердің өзін айтсақ, ол сапа қай заттікі екені мәлімсіз болатындықтан, оны үй деген сөзбен тіркестірсек, үлкен үй деген ұғым туып, үйдің қандай көлемде екенін анықтау арқылы ойымыз тиянақталады: сезгіш адам, төзімді адам, тапқыр адам, ашық күн, ыстық күн, жаңбырлы күн, әдемі бөлме, жылы бөлме, жарық бөлме 16,45.
Сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын өзіне тән мынадай белгілері бар:
1. Қазақ тіліндегі сын есімдер өз мағыналарында септелмейді, оларға көптік, тәуелдік жалғаулары да қосылмайды. Егер бұл қосымшалардың бірі есімге қосылса, онда ол заттанып, субстантивтеніп кетеді. Септік, көптік, тәуелдік категориялары − сын есімге емес зат есімге тән құбылыс.
2. Қазақ тіліндегі сын есім категориясының өзіне тән ерекшелігінің бірі − олардың морфологиялық формаларының шырай жұрнақтарының болуы. Бұл формалар тек сын есімнің жеке өз басына тән.
3. Сын есімнің үшінші бір ерекшелігі − түркі тілдерінде олардың қап-қара, сап-сары тәрізді күшейтпелі формасының болуы. Бұл күшейтпелі форма сөз таптарының ішінен тек сын есімге ғана тән. Сондықтан күшейтпелі үстеме буын сын есімді сөз таптарынан ажырататын белгінің бірі болып есептеледі.
4. Сын есім өзінің семантикасы арқылы да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. Заттың сынын білдіре отырып, сын есім кейде қимылдың сынын көрсететін үстеумен астасып келеді. Бұл жағдайда бұл сөз табының бір ерекшелігі − сын есім үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды, яғни соның өзінде сын есім болып тұрады 17,67-68.
Сын есім құрамы және жасалуы. Сын есім, ең алдымен, құрамына қарай негізгі және туынды түбірлі болады. Бұл екеуі − жалаң сын есім түрін құрайды. Әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, жұрнақсыз ақ, қара, сары, торы, сұр, тар, кең, жұқа, таза, лас, тік, ұзын, үлкен, кіші, жаңа, көне, жаман, әдемі, сұлу т.б. сөздері − негізгі түбірлі сын есімдер кейбір зат есім және етістіктермен тұлғалас − омоним ретінде келеді. Мәселен, көк зат есім (көк шықты), көк - сын есім (көк сия), қара - зат есім (қара көрінді), қара - сын есім (қара сия), қара - етістік (маған қара). Кейбір грамматикаларда қызыл, жасыл, суық, жыртық, ашық, жабық сөздерін негізгі сын есім деп жүр. Бірақ бұлардың жасалу, қалыптасу этимологиясы оны растамайды. Қыз-у (етістік), қыз-ыл (-ыл - жұрнақ). Осы сияқты жас - негізгі түбір (жас-ыл) туынды түбір, (-ыл - жұрнақ), ашық, жабық болып қалыптасуы − сөздердің бәрі бір заманда емес, әлденеше ғасырлар бойы тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қорының бірлігі арқылы туып, қалыптасқандықтан туынды сын есімдер негізгі түбір сияқтанып кеткен 18,47.
Сын есім, негізінен, екі түрлі тәсілмен жасалады:
1. Морфологиялық немесе синтетикалық тәсіл.
2. Синтаксистік немесе аналитикалық тәсіл.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалғанда, сөздерге тиісті жұрнақтар жалғанады да, синтаксистік тәсіл арқылы жасалғанда, дара сын есімдер бір-бірімен тіркесе түседі 19,34.
Сапалық сын есім. Заттың, нәрсенің, құбылыстың тұрақты қасиеттерін білдіретін сын есім сапалық сын есім болып табылады. Адал достық алтыннан да қымбат. Жақсысы емес, жарасқаны жақсы (орыс мақалдары мен мәтелдері).
Өмір, өмір, өмір жолы ирелең,
Күнделікті таусылмайды күйбелең (С.М).
Сапалық сын есімнің өзіне тән, демек, сын есімнің екінші түрі − қатыстық сын есімнен өзгеше ерекшеліктері бар.
Біріншіден, сын есімнің бұл түріне жататын сөздер шырай формасына өзгеріп отыруға, яғни шырай категориясын жасауға бейім: жақсы - жақсырақ - жақсылау - өте жақсы - жап-жақсы; қымбат - қымбатырақ - қымбаттау - өте қымбат т.с.с.
Екіншіден, мұндай сын есім сөздер өзара антонимдік қатынас жасайды: жақсы-жаман, жоғары-төмен, жомарт-сараң, кең-тар т.с.с.
Үшіншіден, бұл тәріздес сын есімнен абстрактылы мағыналы зат есім жасауға болады: жақсы-жақсылық, жаман-жамандық, жоғары-жоғарылық, төмен-төмендік т.с.с.
Әрине, бұл айтылған жай сапалық сын есімге жататын сөздердің барлығына тән қасиет емес, өйткені жоғарылық немесе төмендік деген сөздерді автордың стильдік ерекшелігі ретінде қабылдауға болар еді, дегенмен көпшілігінің осындай -тық, -тік, -дық, -дік, -лық, -лік жұрнақтары арқылы зат есім тудыратынын тілдің фактілері дәлелдеп отыр. Тілдің ұлттық ерекшелігіне байланысты түске қатысты сын есімнің қолданылуы әр түрлі болып келеді. Айталық, түсі бір қарағанда қызыл көрінгенімен, малға байланысты түрлі-түрлі сөздер қолданылуы мүмкін: қызыл сиыр, бірақ жирен ат (жирен сиыр емес), сондай-ақ аққа байланысты айтар болсақ, ақ сиыр деуге болады (бірақ көк ат), көк сиыр болса, тура сол мағынасында айтылады. Сол сияқты, сапалық сын есімнің лексика-семантикалық сипатта қолданылуы тек малға қатысты емес, әр жағдайда әр түрлі болып отырады. Мәселен, ыстық, суық, салқын сөздері көп жағдайда отқа, ауа райына байланысты, ал алыс, жақын, қысқа (жол), ұзақ (жол) сөздерін қашықтыққа , кеңістікке қатысты жұмсайды. Сондай-ақ ауыр, жеңіл сөздері салмаққа байланысты қолданылса, ащы, тұщы сөздерінің тағамның дәмін байқау үшін қолданылатыны белгілі. Қалай болғанда да, сапалық сын есім болатын сөздер өздерінің лексикалық мағынасы арқылы қасиетті, белгіні, сапаны білдіреді. Қатыстық сын есімнен оның (сапалық сын есімнің) ең басты айырмашылығы ретінде мәселенің осы жағы есте болуы керек 20,32.
Қатыстық сын есім.Қатыстық сын есім заттың, нәрсенің қасиетін тікелей емес, басқа заттарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге қатынасы арқылы білдіреді.
Күлегештің тісі кіл алтын (орыс мақал-мәтелдері). Терезені қағады көктем, жаңбырлы саусақтарымен (С.М). Алдыңғы үйде ештеме жоқ. Төрге кіріп келгенде, көз алдыма қып-қызыл, шұбар болып кетті (С.С).
Қатыстық сын есім болатын сөздердің заттарға қатынасы түрлі-түрлі болып келіп, мекен, қонысты білдіреді: селолық дәрігер, астаналық студент, үстіңгі қабат; оқиғаның болу мезгілін танытады: кешкі спектакль, түскі тамақ; мерзімді аңғартады: кварталдық жоспар, апталық программа; адамға тән белгіні білдіреді: балалық аңқаулық, жігіттік намыс; затқа, құбылысқа тән белгілерді танытады: кітаби тіл, әскери тәртіп; адамның көңіл-күйіне байланысты қасиеттерді көрсетеді: ашуланшақ әйел, көңілді қыз, тартымды мінез т.с.с.
Қатыстық сын есім белгіл бір заттың, адамның немесе басқа құбылыстың белгісін қалай болса солай білдіріп қана қоймайды, соларға тән тұрақты қасиеттерді бейнелейді. Сондықтан сын есімнен басқа сөздермен алмастырғанда да, әлгі қасиеттер байқалып отырады: селолық дәрігер - селода қызмет істейтін дәрігер; кешкі спектакль - кешке болатын спектакль; әскери тәртіп - әскерде қалыптасқан тәртіп т.б.
Қатыстық сын болатын сөздер өздеріне қатысты сөздермен матасу арқылы да байланысады: кварталдың жоспары, аптаның бағдарламасы, баланың аңқаулығы, жігіттің намысы т.б. Мұндайда өзіне тән аффикстің болмауына байланысты сын есім болуға тиісті сөздер зат есім қызметін атқарғанымен, ол екі сөздің байланысы анықтауыш пен анықталушы сөздің байланысы күйінде сақталады.
Көркем әдебиетте морфологиялық қолданыстың көп болуына сай қатыстық сын есім заттың тұрақты емес, тіпті оған тән емес қасиеттерін танытуы әбден мүмкін. Мәселен, жоғарыда келтірген С.Мәуленовтің өлеңіндегі көктемнің жаңбырлы саусақтары деуі тек қана бейнелілік үшін қажет. Саусақтың жаңбырлы болатыны белгілі, бірақ сол саусақтарды жаңбырға телуі - поэзия жолдарына лайық.
Қатыстық сын есімдер зат есім, үстеу, етістік сияқты сөз таптарынан тек жұрнақ жалғану арқылы ғана жасалады. Демек, түбір күйінде кездеспей, тек қана жұрнақтың көмегімен сын есім болуы − қатыстық сын есімнің ең басты морфологиялық белгісі.
Шырай категориясы сапалық сын есімдермен тығыз байланысты болғанымен, қатыстық сын есімдердің шырай категориясының жұрнақтарын жалғайтын кездері болады немесе шырай категориясына сәйкес түрленеді: көрікті - көріктілеу - өте көрікті; көңілді - көңілдірек - сондай көңілді т.с.с. Сондай-ақ кітаби - кітабилеу - нағыз кітаби (шығарма) деуге болатынына қарағанда -ды (-ді), -ты (-ті) немесе көне -и жұрнақты қатыстық сын есімдер сапалық сын есімдерше түрленуге бейім де, басқа тұлғадағы қатыстық сын есімдер бұлайша өзгере бермейді: алдыңғы, алдыңғылау немесе тыс алдыңғы деп айтудың қиындық келтіретіні сияқты, балалық, балалықтау, өте балалық деу де қисынға келе бермейтін сияқты 21,33-34.
Қатыстық сын есім жасауға негіз болатын синтетикалық тәсіл оның мағыналық, құрылымдық сипатын анықтауға да мүмкіндік береді.
Түбірге жұрнақ қосылу арқылы сын есімнің жасалуы − қазақ тілінде қатыстық сын есім жасаудың ең бір өнімді жолы.
Сөз жасаудың мұндай тәсілі тіл білімінде синтетикалық тәсіл деп аталатыны белгілі.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған қатыстық сын есімдердің семантикалық негізі оның зат, құбылыс және қимыл атауына қатысын көрсетеді. Мысалы, Батырбек дәрменсіз күйге түсіп, қайтадан орнына отырды (А.Жақсыбаев Бөген). Оның өз сөзінде тұрмайтын құбылмалы мінезін елдің бәрі біліп алған (Б.Нұржекеев. Таңдамалы). Мұндағы дәрменсіз, құбылмалы қатыстық сын есімдері зат есім (дәрмен) мен етістіктен (құбыл) синтетикалық тәсіл арқылы жасалған. Олардың мағынасы түбір сөздердің мағынасымен тығыз қарым-қатынаста. Ал ол қатынас белгілі бір грамматикалық көрсеткіштермен, яғни сын есім тудырушы жұрнақтармен байланысты.
Қатыстық сын есімдерде сөз табына тән категориялық мағынамен қатар, оның негізінің (түбірі) мағынасы да сақталады. Оған Е.М.Вольфтың: Чаще всего относительные прилагательные характеризуются по их семантическим отношениям к производящей основе, т.е. в словообразовательном плане, например, происходящие от имен лиц, животных, предметов, действия. С.Исаевтың: Қатыстық сын есімдер тұлғалық құрамы жағынан туынды түбірлі болып келеді де, оның мағынасы сол сөздің түбірі білдіретін мағынаға байланысты деген пікірлерін келтіруге болады.
Қатыстық сын есім жасайтын жұрнақтардың ішінде тарихи жағынан көнесі, қолданылуы жағынан өнімдісі -лы, -лі, -ды, -ді. Бұл жұрнақ тек қазақ тілінде ғана емес, барлық түркі тілдерінде де кездеседі. Қазақ тілінде -лы, -лі... жұрнақтары өзі жалғанған сөздерді бір-бірінен семантика-стилистикалық қызметіне қарай ажыратып, әр түрлі мағыналық сипатты білдіреді. Мысалы, Шаралы көзі бадырайыңқырап, дөңгелек жүзін жүдеу көрсетеді (Б.Нұржекеев. Таңдамалы). Мұңды, сезімді бейтаныс ән елді бірден баурап әкетті (Б.Нұржекеев. Таңдамалы). Қатыстық сын есімдер -лы, -лі... жұрнағының кейбір етістік түбірлі сөздерге жалғанған -у, -ма, -ме... жұрнақтарының құрамында келген түрлерінен де жасалады. Мысалы, ...кілттеулі есікті қолын орамалға жүре сүртіп кеп ашты (Б.Нұржекеев. Таңдамалы). Досымжанның айналмалы креслода шайқалып, әлдекіммен телефонмен жайбарақат сөйлесіп отырғанын көргенде, Батырбектің ашуы келді (А.Жақсыбаев Бөгет)
Қатыстық сын есім жасауда өнімді қызмет атқаратын жұрнақтардың бірі − сыз, -сіз. Бұл жұрнақ мағыналық жағынан -лы, -лі аффиксіне қарама-қарсы, яғни белгінің жоқтығын, болымсыздығын білдіреді. Мысалы, Айсыз ашық аспанда шақырайған жұлдыздар аңди қараған бадырақ көздер іспетті (Б.Нұржекеев. Таңдамалы).
Қатыстық сын есімдердің жасалуында өнімді тұлғалармен қолданылатын өнімсіз жұрнақтар да бар. Солардың бірі - -ы, -і, -и жұрнақтары. Бұл жұрнақтардың арасындағы байланысты С.Исаев былай түсіндіреді: Тілімізде ел, жер, халық т.б. атауларына жалғанып қатысын көрсететін -ы, -і қосымшасы - парсы нисбеті (қатыстық сын есім) -и тұлғасының қазақтың сөйлеу тілде қалыптасқан қарапайым нұсқасы. Мысалы, Мен сағынатын қазақы қылық сол, Ереке (Б.Нұржекеев. Таңдамалы). Үлкен арабы иттер ауылды айнала жортып, бейсауат адамды маңайға жолатар емес (Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы).
Жалпы қатыстық сын есім тудырушы жұрнақтардың құрамы, қызметі, өнімді не өнімсіз қолданылуы жөнінде Ә.Төлеуов, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев т.б. ғалымдар зерттеген.
Қатыстық сын есімдердің есім және етістіктерден синтетикалық тәсілмен жасалуы оның тілімізде сапалық сын есімдерден сан жағынан әлдеқайда мол болуына әсер етеді. Сондай-ақ қатыстық сын есімдердің семантикасына да ықпалын тигізеді. Мысалы, Кешеден желігіп жүрген сауықшыл жастардың бәрі де басылып қалды (Х.Есенжанов Жүнісовтар трагедиясы). Мұнда да ұлы Әмірдің ...бәйбішесінің бастауымен сауыққай сұлулардың көптен күткен мархабат кеші елшілер керуенімен арнайы келген... тамашаға ұласпақ (Е.Тұрысов Қыран тауы). Берілген сөйлемдердегі сауық зат есіміне -шыл, -қой аффикстері жалғануы арқылы бір түбірден өзара мәндес қатыстық сын есімдер жасалған. Қатыстық сын есімдердегі мұндай құбылыс -шең, -уар, -шіл, -гіш, -гер, -қой т.б. жұрнақтарға тән. Мәселен, сөзшең - сөзуар, тершең - тершіл, білгіш - білгір, заңқой - заңшыл т.с.с. Бірақ сөз құрамында сын есім тудырушы аффикстердің бірін-бірі ауыстыруы әр уақытта мүмкін бола бермейді. Мәселен, Әділбек ағасына қарағанда бойшаң жігіт көрінеді (Х.Есенжанов Жүнісовтер трагедиясы). Мұндағы қатыстық сын есім тудырушы -шаң аффиксін жоғарыдағы аффикстердің ешқайсысымен ауыстыруға болмайды. Ол сын есім жасайтын жұрнақтардың қолданылу ерекшеліктеріне байланысты.
Қорыта келгенде, басқа сөз таптарынан қатыстық сын есім жасауда -қы, -кі, -ғы, -гі, -дай, -дей, -тай, -тей, -ыңқы, -іңкі, -қалақ, -уық, -уік т.б көптеген жұрнақтар қызмет атқарады. Олардың шығу тегі, табиғаты, қолданылуы әр түрлі. Қатыстық сын есімдер тудырушы жұрнақтар тек сын есім жасаушы қызмет қана емес, сол сияқты оларды түрлі семантикалық топтарға жіктеуге де негіз болады.
Сын есімнің шырайлары. Басқа түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де шырай категориясы бар екенін және бұл категорияның сын есімді ерекшелейтін қасиет екенін тіл мамандарының ешқайсысы теріске шығармайды. Алайда сапаның немес қасиеттің қай дәрежеде көрініс табатынын білу процесінде шырайды таптастыру мәселесінен бір ауыздылық болмай келе жатыр. Кейбір зерттеушілер жай шырай болмайды дегенді айтады. Шындыққа келгенде, атау септігі деген септік те жоқ, бірақ өзге септіктердегі тұлғалық ерекшеліктерді ажырату үшін атау деп аталып, қалыптасып кеткен септіктің еш зияндығы жоқтығы әркімге аян. Ендеше, сапаның, қасиеттің табиғи қалпын танытатын жай шырайдың барын мойындаған жөн. Ал басқа шырайлардың жайы басқа. Қысқасы, біздің түсінігімізде қазіргі қазақ тілінің материалдарына қарағанда мынадай шырайлар бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.
Жай шырайға арнайы тоқталудың қажеті бола қоймас, себебі оның даралағыш морфологиялық көрсеткіші жоқ. Бұл шырайдың негізгі қызметі − түбір күйінде барлық шырайға негіз болатын сын есімді танытуы. Мәселен, биік дегенде белгілі бір заттың немесе хайуанаттың тігіне қарағандағы көлемі жайында ұғым аламыз, ал сол заттың немесе хайуанаттың сол деңгейден сәл аласа болуы немесе одан тым зорайып көрінуі, қалай болғанда да, осы сөзбен салыстыру арқылы білінеді. Дәл сол сияқты, стол үстіндегі қағаз қызыл делік. Екінші бір қағаз да қызыл көрінгенімен, дәл алғашқы қағаздың түсіндей әсер бермейді, демек ол түстің тым ашықтығы немесе сәл де болса әлсіздігі (жетіңкіремей жатқаны) туралы сөз болғанда, бәрібір, алдыңғы қызыл деген сөз беретін ұғыммен салыстыра айтамыз. Сондықтан тұлғалық ерекшелігі болмаса да, жай шырайдағы сын есім басқа шырайдағы сын есім басқа шырайдағы сөздердің мағынасын айыру үшін қызмет атқарады.
Салыстырмалы шырай. Заттың бір тектес сапасы мен белгісінің арасындағы сәл кем немесе сәл артықтығын білдіретін шырайды салыстырмалы шырай деп есептейді. Салыстырмалы шырайдың тұлғалық көрсеткіші -рақ (-рек), -лау (-леу), -дау (-деу), -тау -(теу), -ғылт, -ілдір, -шыл (-шіл), -қы (-кіл), -аң (-ең) жұрнақтары болып табылады. Турашыл дос тұрақты. Сөз қаталдау, бірақ оның себі бар (орыс мақал-мәтелдері). Еркегі көбірек ауыл ат беретін түрі жоқ және жылқылары да шамалырақ, кедейлеу ел екен (С.С). Өзі - денелі, ортаданбиігірек бойлы, бетінде сақал-мұрты аз, көгеріңкі, қара сұр екен (С.С).
Бұл аталған жұрнақтардың алдыңғылары мүмкіндігінше көбірек қолданылады да, кейінгілері олардан сирек ұшырасады. Мәселен, -ғыш қосымшасы тек қана сары сөзіне жалғанады: сары-сарғыш. Сондай-ақ жұқа, қарт сөздеріне -ақ (жұқалаң, қартаң, босаң) жалғанады, соған қарамастан, жұрнақтардың түгелдей алғанда, жұмсалу шегі бар.
Күшейтпелі шырай. Шырайдың бұл түрінде заттың бастапқы, қалыпты сапасы күшейе түседі. Күшейтпелі шырайлы сын есімнің жасалуы да басқа шырайға ұқсамайды. Ділірек айтқанда, сынның күшейтіле көрсетілуінің морфологиялық сипатына келетін болсақ, тек еселеме буынды болып отырады: үп-үлкен, қап-қара, ап-айқын, жап-жасыл. Мысалы, Зембілде жатқан Николай Васильевичтің жүдеу жүзі құп-қу болып кетіпті (Ә.Нұршайықов). Сақалының әрбір қылы айғырдың қылындай болу керек, қырған жалпақ иегі қап-қара, қара көк екен (Ғ.Мүсірепов).
Асырмалы шырай. Бұл шырайдағы сын есім заттың алғашқы, қалыпты сапасын тым асыра, көтере немесе кеміте көрсету үшін жұмсалады. Көп жағдайда жай шырай түріндегі сын есімнің алдында аса, тым, өте сияқты үстеулер келіп отырады: аса қымбат, өте ауыр, тым биік т.б. Ең тәтті де - тіл, ең ащы да - тіл (орыс мақал-мәтелдері). Сенің Айтжаның тым сыпайы ғой, бабаңды білмеген шығар (Ғ.Мұстафин).



Білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасында білім мазмұнын кезде бекер айтпаған. Ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті зор болғанда ғана жеке оқушыларға ықпал етіп, оқушылар ұжымының қарым-қатынасын жолға қойып, жалпы іске жұмылдыра алады. Оқу-тәрбие ісі қарым-қатынас арқылы іске асырылатын процесс. Әр оқушының өмірге деген көзқарасы көргені арқылы ұжымдық қарым-қатынаста толысып қалыптасатыны белгілі.
Сондай-ақ, жеке бастың қарым-қатынас ұжым мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігіне, ынта-ықыласына негізделетін фактор. Мысалы, бір сыныптағы екі оқушы қатар сын есімдер туралы көрнекілік жасауға ынта білдіреді. Бірлесе жұмыс істейді де, екеуі өзара қарым-қатынасқа түседі. Сол арқылы оларда көзқарас, ынта-ықылас, пікір бірлестігі пайда болып, бір-біріне құрметпен қарайды. Міне, осындай пікір көзқарас бірлестігінен өзара жолдастық қарым-қатынас күшейіп, кейін ол бір пікірлес топтар құруға мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, жеке оқушылардан топтар бірлестігінен сынып ұжымы құрылады.
Сондықтан оқушылардың білім және тәрбие алуы үшін оны оқу және қоғамдық істермен шұғылдануға белсене қатыстыру қажет 36,6-9.
Оқыту - терең шығармашылық еңбек. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі мүмкіндігі мен күшін айқындап, жүзеге асыру - негізінен мұғалімнің ар-ожданымен өлшенеді.
Мұғалім қандай болу керек? Бұл кең мағыналы, терең мазмұнды сұрақ.
Мұғалім ақылымен, парасатымен, білімімен, адамдығымен, адалдығымен, шешендігімен көзге оқшау көрініп тұратын, шоқтығы жоғары Адам болуы керек.
Мұғалімнің өзі өмір талабынан төмен тұрса, шәкіртінің күні не болмақ?
Оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс шынайы құрметке, сыйластыққа, сенімді жолдастыққа негізделі керек. Мұғалімге өз пәнін жетік білумен ғана шектелуге болмайды, ол үнемі шәкірттерінен белсенді қолдау тапқанда ғана өз еңбегінің нәтижесіне жетеді.
Мұғалім - мектепте шешуші тұлға. Мұғалімнің білімі, өз ісіне сүйіспеншілігі, шығармашылық ізденімпаздығы жан-жақты көрінетін кезеңі - сабақ процесі. Оқу-тәрбие процесінде сабақтың алатын орны айрықша. Мұғалім сабақ процесін тәрбие талабымен ұштастыра жүргізу қажет.
Кез келген пән мұғалімі пән ғылымының мазмұны арқылы да шәкірттерін тәрбиелейді. Шәкірттерге тәрбиелік әсер ету жағынан оқыту арқылы өнерге, мәдениетке, ғылымға оқушылардың ақылына, біліміне сай берілген тапсырмаларды талапты орындауға тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке баулып үйретеді.
Мәдени мінез-құлықты оқушы бойына қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бірі - жаттықтыру. А.С.Макаренко тәрбие ісінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибелерін байытудың маңызына ерекше тоқтала келе, баланың бойында жақсы әдет, дағдыларының мықтап орын алуы үшін оны үнемі жаттықтыру керек дейді.
Әрбір оқушының санасы, рухы ұлттық білім мен тәрбие беру арқылы дамытылады.
Сонымен, сын есімді оқытуда оқушыларға нақыл сөздер арқылы тәрбие беруге болады. Нақыл сөздерде сын есімдер өте көп кездеседі. Тәрбиелік мәні мол сөз қазынасының бірі - нақыл сөздер.
Мысалы,
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй (Абай).

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар (Абай).
Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан (А.П.Чехов).
Мұндай сөздерді әр кезде, уақыт талғамай-ақ оқушылар санасына сіңіре беру, тәрбие мақсатында жүйелі түрде пайдаланып отыру қажет.
Осындай нақыл сөздер арқылы оқушыларды әділдік деген асқақ адамгершілікке тәрбиелеуге болады 298.
Мақал-мәтелдерден сын есімді оқытуда да оқушыларға тәрбие беруге болады. Сурет арқылы Отан туралы, Ана тақырыбына арналған бір-бір мақалдардан оқушыларға айтқызып, туған жерге деген ыстық ықылас, сүйіспеншіліктерін арттыру да өте тиімді тәсіл.
-Ана жайында қандай ән білісіңдер?
-Халық сүйіспеншілігінен туған мақал-мәтелдер ше?
-Ана құрметідеген ұғымдықалай түсінесіңдер?
Ана туралы әннің, мақал-мәтелдердің ішіндегі сын есімдерді табайық деп оқушылармен бірлесе отырып анықтап, түсініксіз сөздерді тақтаға жазғызып, олардың мағынасын ашып және қолданылуы жөнінде түсініктеме беруі керек.
Оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті салаларының бірі - еңбек. Еңбек тәрбиесі барлық оқу үрдісімен ұйымдастырыла жүргізілу керек. Оқушыларға еңбек тақырыбында мақал-мәтелдер айтқызып, олардың сын есімді тапқызудың да маңызы бар.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өмірге бейім етіп тәрбиелеп, өзіне өзі қызмет ете білуге үйретеді. Өйткені өзіне өзі қызмет ету оларды еңбекке тәрбиелеудің еңбек дағдыларын дамыта түсудің алғашқы басқышы болып табылады.
Ынтымақ-бірлік туралы мақал-мәтелдердің ішінен сын есімді тапқызып, бірлік болмай тірлік болмайтынын, ынтымақтықпен, көппен бірге жұмыла көтерген мәселенің жеңіл болатынын ұғындыру арқылы да оқушыларға тәрбие беру болады. Мысалы,
Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.
Мұндай мақал-мәтелдер сын есімді оқыту арқылы мұғалім оқушыларды көпшіл болуға, бас бірлігінің көп болуына, кейін өркениетті ел болуларына қалыптастырып тәрбиелеуге болады. Мұндай оқыту процесінде тәрбие беру сын есімнен алған білімдерін пысықтауға, мақал-мәтелдердегі ойлардың мағынасын ашып көрсете білуге тәрбиелейді. Сөздік қорларын байытып, мағыналы да мәнді сөйлей білуге тәрбиелейді.

1.3.Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары

Ата дәстүрін ардақтау - қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. Егер жеті атасына дейін ата тегін, тарихын білмейтін ұрпақ болса, оны жеті атасын білмейтін жетесіз деп халық кінәлайды, айыптайды, жазғырады, жазалайды. Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы деп, халық атадан балаға келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата-бабаны құрметтеп солардың алдында ұрпақтық борыштарды өтеу - кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтың борышты: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата-дәстүрін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрді жалғастыру адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбіне отбасында сөз болып, ата-ана балаларын ата-ананы, ата-бабаны сыйлауға тәрбиелеу керек. Сонда бала ата дәстүрін ардақтайды 37,64.
Оқушыларға білім бере отырып, ұлттық тәрбие дәстүрінде тәрбиелеу. Айт мерекесін өз мәнінде мерекелеу, айтшылау сияқты салттарымызды оқушыларға уағыздау тиімді.
Ал, енді балалар айт күнін мұсылман халқы ерекше Мерекелеген, бір-бірінің үйіне кіріп құран оқып, айттарымен құттықтаған, есіктерін айқара ашып, қонақтарын ерекше қарсы алған. Қане, қазақ халқының қонақжайлығы туралы, қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Жаман сөздің жауабы болмайды, жаман үйдің қонағы болмайды.
Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.
Дос түгіл қасына
Қазағым бір арман.
Жыланның басына
Ақ құйып шығарған.
Біздің халқымыз үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарған. Бұл үйіне қонақ болып дұшпаның келсе де, одан барыңды аяма деген сөз. Өйткені қазақ халқына жомарттық, кендік тән 38,41.
Оқушылардың бойына әдептілікті дарыту жолдары.Оқушының адамдық болмысы қалыптасқан соң оның бойына адами мінез-құлық пен адамгершілік қасиеттерді себу үшін, игі әрекеттер үйретіледі. Ол әрекеттерге бала әдеттеніп, әдет өмірлік қолданысына айналып, баланың санасы әдет-ғұрыпты игере бастайды да, ол әдет-ғұрып әдепке (әдептілікке) дамып қалыптасады. Әдеп ұлттық қолданысты мәдени дәстүрге айналдырады. Дәстүр ұлттық өмір қолданысында салтқа (заңдылыққа) айналып, содан салт-дәстүр пайда болады. Салт-дәстүрдің ұлттық санадағы көрінісі салт-сана (яғни салттың ұлттық санаға сіңуі) деп аталады. Бұл үрдістер игі іс-әрекеттің мәдени сәулеті деп аталады. Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту жолдары осылай дамиды. Мысалы, үлкенді сыйлау әдетін үйрететін, дағдыланған бала әдеп (этника, этика) қалыптастырады да әдепті болады, одан әрі қарай сондай адамдардың әдептілігі дәстүрге, салт-дәстүрге айналады. Міне, осы сабақтастықтан, салт-сана (ұлттық санаға сіңген әдеп) пайда болады 39,49.
Қазақ мектептерінде оқушыларға сын есімді оқыту барасында ұлттық тәрбие беру жайының нашарлығы бәрімізге анық. Оны жақсартудың бірден-бір жолы мұғалімдерді этнопедагогикалық дайындықтан өткізу қажет. Біз ол үшін мынадай анкета сұрақтары бойынша мұғалімдердің оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлық деңгейлерін тексеру керек:
Өз пәніңізді оқытуда оқушыларға ұлттық тәрбие бере аласыз ба?
Арнайы ендірілген Қазақ халқының салт-дәстүрлері, Әдеп және жантану, Ұлттық мәдениет тарихы пәндерін оқыта аласыз ба?
Атамекен бағдарламасымен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып, өткізе аласыз ба?
Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, әдеп, өнер ұғымдарына түсінік беріңіз.
Қазақ халқының тәрбиелік дәстүрлерін қалай түсінесіз?
Қазақ тәлім-тәрбиесі тарихымен таныссыз ба?
Жоғарыда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриоттық және интернационалдық тәрбие ұғымдарының мәні
Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Адамгершілік құраушы сапалық қасиеттерін анықтау және оларды қазақтың салт - дәстүрі арқылы жастардың тәрбиесіне ықпалын жетілдіруге ұсыныс беру
Сын есімді оқыту барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру
Мeктeптe пaтриоттық тәрбиeлeудeгі музыкaның рөлі
Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
Туған өлкенің тарихы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Технология мен әдістеменің ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Пәндер