Тәрбиенің түрлері



Мазмұны


Кіріспе ... ... ..3

І Тәрбиенің түрлері
1.1 Педагогикалық тәрбие ... 6
1.2. Ұлттық тәрбие ... ... ..9

ІІ Тәрбиенің дәстүрлі түрлері
2.1. Этникааралық толеранттылыққа тәрбиелеу, көпмәдениелік тәрбиесі ... ..12
2.2. Экономикалық, экологиялық, азаматтық. патриоттық тәрбие ... ... .16
2.3. Құндылық қатынасты қалыптастыру, ұлттық құндылық бағдар беру ... ..21
2.4. Денсаулыққа және салауатты өмір салтына бейімдеу тәрбиесі ... ... 23
2.5. Адамгершілік, ақыл.ой, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ..31
Кіріспе

Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.
Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
— қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
— тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
— таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
— оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ресми – құжаттық басылымдар:
1. ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы, 1996.
2. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.
3.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан -2030»
үндеуі,1997.
Кітаптар:
1. А.Айтбаева.Педагогика.Сызба,кестелер және тірек конспектілер.Алматы,2012
2. Айдосова М.«Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру. Алматы, 2012
3. Ә. Құтпанбаев, Е. Райымжанов. Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие. Алматы,2001.
4. Әбдразаков Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі.-Шымкент, 1994 жыл.
5. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: «Дарын», 2004.
6. Бабаев С., Оңалбек Ж. Жалпы педагогика. Оқулық. Алматы, Заң әдебиеті, 2005.
7. Жаниязов Ә.Лексиканы оқытуға арналған таблица. А,1970жыл.
8. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
9. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, Білім, 2003.
10. Қалиев С. Үлгілі үйдің ұл-қызы. Алматы, Атамұра, 2001.
11. Қалиев С., Майғарапова Ш. Оқушылардың тұлғалық қасиетерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы,Білім, 2001 ж.
12. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. Алматы: РБК,1997.
13. Құрманғалиева М, Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Білім. 2000 жыл.
Мақалалар:
1. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі./ред.басқар. С.Қалиев, т.б. Алматы,1999.
2. «Тәрбие құралы» журналы. №6, 2012 жыл.
3. «Тәрбие құралы» журналы. №3, 2014 жыл.
4. «Тәрбие құралы» журналы. №4, 2016 жыл.
Ғылыми конференция материалдары:
1.Педагогика. Дәріс курсы./ Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К және т.б. Алматы: Нұрлы әлем,2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Тәрбиенің түрлері
Пәні: Педагогика

Мазмұны

Кіріспе ... ... ..3

І Тәрбиенің түрлері
1.1 Педагогикалық тәрбие ... 6
1.2. Ұлттық тәрбие ... ... ..9

ІІ Тәрбиенің дәстүрлі түрлері
2.1. Этникааралық толеранттылыққа тәрбиелеу, көпмәдениелік тәрбиесі ... ..12
2.2. Экономикалық, экологиялық, азаматтық- патриоттық тәрбие ... ... .16
2.3. Құндылық қатынасты қалыптастыру, ұлттық құндылық бағдар беру ... ..21
2.4. Денсаулыққа және салауатты өмір салтына бейімдеу тәрбиесі ... ... 23
2.5. Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ..31

Тезаурус
Адамгершілік-адам бойындағы гуманистік құндылық,әдәп ұғымы.
Әдістемелік және теориялық негіз -- зерттеу негізіне жататын негізгі теориялар мен әдістемелік ережелер.
Әдістемелік зерттеулер -- зерттеу нәтижелері эмпириялық деңгейде тәжірибені жинақтаумен, ережелерді қалыптастырумен, педагогикалық қызмет нормаларын айқындаумен, деректер алумен, оны талдау және жүйелеумен айқындалады.

Әлеуметтік өлшем -- топтағы тұлға аралық қатынастардың сандық және графикалық құрылымын, оның мүшелерін өзара таңдау саны мен ерекшелігіне қарай айқындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік психология әдісі.

Ғылыми болжам (гипотеза) -- құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді.

Ғылыми жаңалық -- бұрын басқалар зерттемеген және енгізбеген тың қорытынды, нәтижелер.

Деректерді таңдамалы тағайындау -- тәжірибеде өлшемге түскен немесе өткізілген психикалық диагностиканың ең аз шамадан ең үлкеніне қарай орналасуы.

Деректі талдау -- кез келген шама мен бағыттарды түзете жалдауға негізделген процедура немесе математикалық статистика әдісі.

Децентрализация- орталық басқару жуйесінін жергілікті жерге өз билігінін бөлігін беруі.

Жеке әдістемелік бақылау -- ғылыми қабылдау нысаны ретінде белгіленген пән бойынша нақты оқу үдерісі болуы мүмкін.

Жетекші идея -- зерттеудің белгіленген позициясы мен тұжырымды негізі.

Жобалы әдістеме -- жобалау нәтижелері психологиялық мағына беруде негізделген жеке тұлғаны тұтас зерттеу әдістерінің жиынтығы.
Зерттеудің ғылыми болжамды тұжырымдамасын анықтау мәселенің тұжырымдамасынан ғылыми болжам пайда болады. Ғылыми болжамдағы кейбір пікірлердің дұрыстығын өткізіліп отырғын тәжірибе арқылы дәлелдеу керек. Жалпы ғылыми болжамнан дара, бөлшек, нақты болжамдар тарайды.

Инновация- жаңалық енгізу, жаңарту.
Зерттеу нысаны -- мәселелік жағдай тудыратын үдеріс немесе құбылыс.

Зерттеу объектісі - бұл нысан шекарасында болатын нәрсе, нысанның белгілі бір қасиеті, олардың арақатынасы нысан мен қасиетінің кейбір жағдайларға тәуелсіз.

Зерттеу көздері -- ғылыми және арнайы әдебиет, мұражай құжаттары мен жасалған жұмыс қорытындылары.

Мониторинг- 1) жагдайды бақылау, болдырмау және болжау; 2) осындай басқару турі бар мемлекет.

Модернизация- қазіргі, жана жагдайга байланысты жанару, озгеру, икемделу.

Міндеттер -- зерттеу жүргізудің және ұйымдастырудың басынан аяғына дейінгі дәйекті кезеңдері.

Конференция -- тәжірибені зерттеу және жинақтау түрі. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетті оқиды және аз тәжірибе мәнін, сонымен бірге әріптестер тәжірибесін ұсынады.

Құзыреттілік - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар болу

Объективтілік- дуниетанымдық козқарас, бул нақты шындықты бақылауга байланысты болады.

Өз-өзін бақылау - өз-өзіне бақылау жүргізу.

Педагогикалық бақылау -- бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.

Педагогикалық оқулар мұғалімдерден жоғары жинақтау деңгейін, эмпириялық тәжірибені мұқият және терең зерттеуді талап етеді.

Педагогикалық тәжірибе -- кейбір әдістердің арнайы ұйымдастырылған тексеруі оның педагогикалық тиімділігін анықтау үшін жұмыстар қабылдау.

Рейтинг -- білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кез келген құбылысты субъективті бағалауға болады.

Сауалдар -- толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға арналған сұрақ парағы.

Сауалнама -- сауал арқылы көпшілік материал жинастыру әдісі.

Сұхбат -- ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.

Сұхбаттасу -- әңгіменің бір түрі; зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын ала дайындалған сұрақтарға сүйенеді.

Тәрбие- жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Тәрбие түрлері- Педагогикалық тәрбие және Ұлттық тәрбие.

Толернанттылық-(лат.tolerantia-төзі мділік, көнбістік)- басқа ойға, көзқарасқа,наным-сенімге,іс-әрекетк е,әдет-ғұрыпқа,сезім-күйге,идеяларғ а төзімділік,жұмсақтық корсете білу қасиеті.

Тәжірибелік маңыздылығы -- тәжірибелік қызметке арналған, алынған нәтижелер қорытындысы, ұсыныстар; оқу-тәрбие үрдісіне табысты әсер ететін дәрежелер.

Теориялық зерттеулер -- әдебиетке шолу мен сын; берілген мәселені шешуде, автордың теориялық болжамын бағыттайтын зерттеулер.

Тест жүргізу -- жеке тұлғаның салыстырмалы көрсеткіште психологиялық қасиеттерін, сонымен бірге білімін, дағды іскерлігін өлшеуге арналған стандартты тапсырмалар әдісі.

Ғылыми аппарат

Зерттеу жұмысының өзектілігі
Тәрбие және тәрбие түрлері әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала - тұлға, өзінше бір әлем, ал әр педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс - әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады. Оның басты құралы тиімді таңдалған тәрбие түрлері.
Зерттеу нысаны
№76 мектеп
Бастауыш сынып оқушылары
Зерттеу пәні
Педагогика
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Педагогикалық үдерісте тәрбие мен тәрбиенің түрлерін қарастырып, оны тәрбиелеу мақсатында дұрыс қолдана білу жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Педагогикалық және ұлттық тәрбиені қарастыру;
2. Этникааралық толеранттылыққа тәрбиелеу, көпмәдениелік тәрбиесін айқындау;
3. Экономикалық, экологиялық, азаматтық- патриоттық тәрбиенің мағыздылығын ашу;
4. Құндылық қатынасты қалыптастыру, ұлттық құндылық бағдар беру;
5. Денсаулыққа және салауатты өмір салтына бейімдеу тәрбиесінің негізін ашу
6. Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесінің тиімділігін анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы
Егер тәрбиенің түрлерін қарастыратын болсақ, өзгермелі қоғамда жан- жақты жетілген , бәсекеге төтеп беруге қабілетті, тәрбиелі тұлға қалыптастыра алатынымыз сөзсіз.
Зерттеу әдістері
Жинақтау әдісі, синтездеу әдісі, эвристикалық әдіс.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

Кіріспе

Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.
Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
-- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
-- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
-- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
-- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы тетігі сияқты құрал, форма әдістердің оқу кезінде және оқудан тыс кезде қолдану аясына қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу процесінде негізгі әрекеттің түрі таным болып табылады. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрлері (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) оқу кезінде қолданылмасада керісінше әр түрлі іс-әрекет түрлері оқушының тұлғалық интелектісіне ғана әсер етіп қоймайды. Оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын элементтерімен, өнер құралдарымен, қарым-қатынаспен сабақтасып жатады. Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ғана емес, оқушының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы педагогикалық технология, ұжымдық танымдық іс-әрекет мысал бола алады.
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
Тәрбие жүйесі -- жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі -- адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады. Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) -- жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады
Сабақ -- оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогикалық технологиялардың дамуы оқыту формаларын айтарлықтай байытуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар көңінен қолданылуда.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданьшуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардын ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әр түрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.

І Тәрбиенің түрлері
1.1. Педагогикалық тәрбие
Педагогика өзінің атауын гректің "раіdаdodas"-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақгардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның "тәрбиенің" қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін - делдал - ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты , белглі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді, ұылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана -- ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән-бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс - әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады. [11]
Ал педагогака пәні -- индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып . табылады. ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның алыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.
Бір элементтен көп элементтер қосылу барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықта бұл "ұстаздар -- оқушылар" жүйесі, ол сол жетекші бөлігі (элементі) (ұстаздар) бойынша педагогикалық жүйе деп аталады.
Қандай да болмасын жүйе (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. "ұстаздар (педагогтар) - оқушылар" жүйесі жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен окушылардың өзара әрекетінде (процестің қызметінде) тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады.
Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесiнен туындайды.
Қоғамның экономика мен саяси жүйесiндегi жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетiлдiру мәселелерi үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiнің ғылыми негiзiн анықтаумен байланысты шешiледi.
1. Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi - үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасау.
2. Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократиялан - дырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.
3. Қоғам өмiрiндегi тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнің бiрi.
4. Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.
5. Сондай-ақ маңызды мiндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалiмнің әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың ролi мен маңызын көрсету және iлiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудің мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.
6. Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, ролiн көрсету және оның педагогикалық процесте жұзеге асырылу жолдарын айқындау. [19]
Адам бүкiл өзiнің өмiрi бойында тәрбиеленедi және қайта тәрбиеленедi.
Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерiнде, анықтамалықтар мен энциклопедиялық сөздiктерiнде педагогика ғылымына берiлген әр түрлi анықтамаларды кездестiремiз. Ең көп кездесетiнi: педагогика тәрбие туралы ғылым; педагогика жас ұрпақтар туралы ғылым; педагогика адам тәрбиесi туралы ғылым деген анықтамалар.
Педагогикалық ұғымдардың бiрi - тәрбие. Тәрбие дегенiмiз - адамдарды қоғамдық өмiрге және өнiмдi еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжiрибенi беру процесi болып табылады. Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейiнi мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.
Тәрбие - белгiлi жоғары мақсатқа бағытталған процесс: а) жас ұрпақтың рухани дене күштерiн дамыту; ә) ғылыми-материалистiк дүниетануды қалыптастыру; б) қоғам өмiрiне, қоғамдық өндiрiстің белгiлi саласына қатысуға дайындығы болу мiндетiн қамтиды. Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихы тәжiрибенi беру процесi. Бiлiм беру - бұл ғылымдар жүйесiнен бiлiм алу және танымдық, iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру, оның негiзiнде жеке бастың көз қарасын, адамгершiлiк тағы басқа қасиеттердi қалыптастыру, адамның шығармашылық күшi мен қабiлетiн дамыту.
Оқыту - бұл оқушы мен мұғалiмнің мақсатты тұрде өзара әрекет жасау процесi. Бұл процестің барысынды бiлiм беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның бiлiм алуы жүзеге асырылады. Бiлiм беру - оқыту мен тәрбие жұмысын бiрiктiретiн және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Педагогиканың анықтамасының құрамына: "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту" ұғымдарымен қатар "өздiгiнен бiлiм алу" ұғымын да аламыз.
Өздiгiнен бiлiм алу - бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы мiндет көздеген жұмысы, өздiгiнен бiлiм алу адамның өзi қызығатын мәселеген байланысты iзденiп, қажеттi бiлiмдi меңгеруi, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы бiлiмiн жетiлдiру болып табылады.
Сонымен бiрге адамның "жетiлуi", "дамуы", "өзiн-өзi тәрбиелеу" ұғымдарымен бүгiнгi педагогика өзiнің зерттейтiн проблемаларының шеңберiн толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл iшкi және сыртқы, басқаратын, басқармайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетiлу процессi. Жеке адамның дамуына, жетiлуiне мақсатты түрде жүргiзiлетiн тәрбие мен оқыту шешушi роль атқарады.
Жеке адамның қалыптасуына өзiн-өзi тәрбиелеудің маңызы зор. Өзiн-өзi тәрбиелеу - адамның сапалы түрде белгiлi бiр мақсат көздеп өзiнің бойына қалыптастыратын қасиет, мiнез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.Педагогикада бұл негiзгi ұғымдардан басқа көптеген түсiнiктер мен тұжырымдар бар. Мәселен, бiлiм, iсркелiк, дағды, әдiс, тәсiл, құралдар, жұмыс формалары, қағида т.б. Тәрбие педагогикалық кең мағынада - бұл мақсат кезделiнген процесс, қоғамның арнайы бөлiнген адамдары - мұғалiм, педагог, тәрбиешiлерiнің басқаруы мен жүргiзiлетiн процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысы ұйымдастырады. Жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын кешендi факторларды пайдалана отырып ерекше әдiс-тәсiлдердi қолданады.
"Тәрбие" терминi тар мағынада жеке тәрбиелiк мiндеттi шешуге, жеке адамның белгiлi бiр қасиетiн қалыптастыруға, мәселен адам тiршiлiгiн немесе эстетикалық талғамым тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
1. Кең мағынада деген ұғымда бүкiл сыртқы әсерлердің адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтiк ортаның - қоршаудың сонымен бiрге тәрбиешiлердің арнайы бағытталған iс-әрекеттерiнің ықпалымен адамды қалыптастыруды айтамыз.
2. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Тәрбие - адамды қоғам өмiрiне сай қоғамдық еңбекке дайындауды әлеуметтiк қажеттiлiктен туған объективтi процесс. Сондықтан да тәрбие ежелгi заманна бастап қоғамдық еңбек сипатында болып келедi. Іоғамның дамуы, қоғамдық қатынастардың өзгеруi тәрбиеге өз әсерiн тигiзiп отырады.

1.2. Ұлттық тәрбие

Қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы - халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет - оқушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлерi көп. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы -
отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз.
Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз. [21]
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дарыту - қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.Ұлттық сезім - өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай алмайды. Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады.Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт-дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет.
Ұлттық тәрбие - ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып
келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше, ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу қажет. Баланы жастан демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы - салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болды.
Қазіргі кезде халықтық педагогика элементтерін бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, дене шынықтыру сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика сабағында ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында түрлі әуендермен, дүниетану сабағында табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін ойындармен танысады. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.
Ұрпақ тәрбиесі-адамзат баласының асыл мұраты. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында әр ұстаз адамгершілік, ізгілік кішіпейілділік, қарапайымдылық, отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелейді. Бұл ретте мектептегі тәрбиенің мақсаты: ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,парасатты, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеу.
Тәрбие - өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, жеке тұлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзат тарихындағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі үдеріс. Бізге бұрыннан белгі болып келген тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы, ата-ана, балабақша - тәрбиеші, мектеп - мұғалім. Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға мұғалім - тәрбие көзі. [12]
Қазіргі жаһандану дәуірінде өркениетті қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, қазіргі таңдағы еліміздің әлемде дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы білімге, мәдениетке және ұлттық тәрбиеге байланысты. Ғұлама жазушы М.Әуезовтың: Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім, - деп атап көрсеткеніндей білімді елдің жастары тәуелсіздікті нығайтады, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ болашақты гүлдендіреді. Білімнің қуатына тең келетін рухани күш, қуат көзі жоқ екенін жақсы түсінеміз. Білім - биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың құрамдас бөлігі, ілгерілеудің қайнар көзі. Ал, оған қол жеткізудің алғы шарттарының бірі - ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу. Ұлттық тәрбие - адам өмірінің алтын арқауы. Одан тәрбиеден нәр алған адам - рухани құндылықтарды бойына сіңіріп биік дәрежеге көтеріледі. Оның ең маңыздысы адамды ойлануға бағыттайды, жеке тұлға болып қалыптасады. Тұлға болғаннан кейін қоғамдағы орнын терең сезінеді, ұлттық сана мен мүдде, ұлттық идея мен мінез қалыптасады.
Өз Отанын, елін сүю, өз елінің патриоты болуы - әр азаматтың қасиетті борышы. Қазіргі заманда әрбір жас ұрпақтың өзінің ұлттық, әлеуметтік тегін зерттеу, туған шежіресіне деген қызығушылығы байқалады. Сондықтан өз әулетінің тегін зерттеу кезінде балаға терең мағыналы қағидалардың мәнін түсіндіру өте маңызды:

Кесте-1
Ұлттық тәрбиенің маңыздылығы
Әр адамның тамыры-отбасының, өз халқының тарихы мен салт-дәстүрінде, өлке мен елінің бұрынғы және осыған дейінгі тарихы;
Отбасы-әлеуметтік ұйым, ұлттық салт-дәстүрлердің сақтаушысы;
Отбасы бақыты-халықтың, қоғамның, елінің амандығы;

Ұлттық салт-дәстүрлер ұлттық дүниетанымның қалыптасуына жол ашады;
Ұлттық дәстүр - қазақ халқының өзіндік дәстүрлерін бойына сіңіре білетін, салт-дәстүрлерімізді ұғына білетін тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді;
Ұлттық әдет-ғұрып бала бойына жастайынан өз халқының әдет-ғұрыптарынан әсер ала біліп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра білетін тұлғаны қалыптастырады;
Ұлттық киім - қазақ балалары өз ұлтының ұлттық киімдерінің ұлттық ерекшеліктерін айыра білетін, ұлттық киімдеріміздің әсемдік, (сұлулық) ою-өрнектік сәнділігімен бағалы екендігін түсіне білу;

Ұлттық мерекелер арқылы халқымыздың ұлттық мереке күндерінің мазмұнын, қадірін сезініп қолдай білуге талпынатын тұлға даярлау;

ІІ Тәрбиенің дәстүрлі түрлері
2.1. Этникааралық толеранттылыққа тәрбиелеу, көпмәдениелік тәрбиесі

Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.
Индивид пен қоғамның мәдениетінің даму деңгейінің сипаттамасы ретінде, адамның өзімен және өзгелерімен үйлесімді қатынаста өмір сүруін сипаттайтын мәселе - толеранттылық болып табылады. Қоғамның еркін дамуы мен жалпы өмір сүруіне деген күреске қажетті принциптер мен құндылықтарды алға қою бүгінгі таңда толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелерімен тікелей байланысты.
Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта. Отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу жолдарына келетін болсақ, М.И.Рожков пен М.А Ковальчук толеранттылыққа тәрбиелеуде оқушылармен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының сәтті шешу үшін педагог-психологқа субъектілік, тепе-теңдік, жекелеу, рефлексивтік көзқарас, толерантты орта жасау принциптерін ұсынды.
Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан "біз қазақ деген мал баққан елміз" деп басталып, "досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз", "...берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!" деп аяқталатын сөздері өзара сыйластыққа шақырады. [20]
Қарама-қарсы беталыс, бағыт, пікір, идеялар қай мемлекет пен қоғамда да бар. Халықтың даналығы, ел басқарудың өнері осы үрдістерді белгілі мәмілеге келтіріп, асауға тұсау салып, үйлесім, жарасым таптыруда. Толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді: күніге, ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, ешкімге бұра тартпай, шынайы жанашырлықпен, халықпен ақылдаса отырып, олардың шешімін табуды талап етеді. Сондықтан "толеранттылы", "тұрақты қоғам" деген ұғымдар шартты түрде ғана қолданылып, жайбарақаттылыққа жол берілмеуге тиіс.
Толеранттылық XXI ғасырда экономикалық дамудың маңызды факторы және әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан алып шығушы тұтқа болып отыр. Қазақстанда бұл тәсіл уақытпен тексеріліп, сынақтан өткізілген, сондай-ақ оның тиімділігі тарихпен дәлелденген. Қазақстан осында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың шынайы Отаны бола білді. Олардың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Басқа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біріктіре алады.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", "патриотизм", ұғымдары өмір сүріп отырған заманның наным - сенімінен туындайды. [17]
Этникалық толеранттылық басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алу қабілеті ретінде көрінеді. Яғни этникалық толеранттылық - ұлтаралық өзара сыйластық, ынтымақтастық деген ұғымды білдіреді.
Жетекші сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазақстандық қоғамдағы қалыптасқан толеранттылықтың негізінде бірнеше фактор жатыр.
Бірінші фактор - адамдардың елдің болашағына сеніммен қарауы. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясы нақ өмірлік болашаққа деген сенімділікті, түсінушілікті арттырған құжатқа айналып, қоғамымыздың қарқынды түрде дамуын алға жетелеудің болжамды жоспарын ұсынды. Ал Стратегияда айтылған жоспарларды сатылай жүзеге асыру ел азаматтарының әлеуетін жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер береді.
Екінші фактор - еліміздің өткен тарихы. Халқымыз бірде кең байтақ елінің ен даласынан көз алартқан сырт дұшпанға ұлтарақтай да жерін қимай, жауымен қасық қаны қалғанша шайқасатын қаһарлы қазақ болса, енді бірде табалдырығын аттаған қонағын құдайдай күтіп, оған дастархан боп жайылуға, төсек боп төселуге дайын дархан қазақ. Толеранттылық сөзінің бір синонимі "қазақы мінез" болар, сірә.
Үшінші фактор - мемлекет құраушы жергілікті халықтың өзіндік ерекшелігі. Қазақтар мыңдаған жылдар бойы сыртқы жағдайлардың өзгеріп тұруында өзіндік бейімделу мүмкіндіктерін көрсете алған ұлы көшпенділер мәдениетінің мұрагерлері. Қазақ жері арқылы өткен Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығыс өркениетін байланыстырушы алтын көпір іспеттес қызмет атқарып, керуен жолдары мәдениет және біліммен екі бағытты да сусындатты. Көне қазақ жеріне өзіндік зор ықпалын тигізді. Жалпы, Жібек жолының қазақ жерінен өтуінің өзі мәдениет әртүрлілігін, басқалар мәдениетіне, тіліне және діни көзқарасына деген түсінушілігін қалыптастырғаны белгілі.
Төртінші фактор - қазақтың ұрпағын кек сақтамайтын етіп тәрбиелей алу қасиеті. Қазақ басынан тағдырдың талай қатал сынын кешірді. Беріден қайырғанның өзінде, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы, Ресей империясының езгісі мен кешегі Кеңес өкіметі заманындағы зобалаң аштықты басынан кешіріп, саяси қуғын-сүргіннің де құрбаны болған халық. Алайда, қылышынан қан тамған замандарда таңдары азаппен атса да, басқадан кек алу мақсатында қылышын қайрамаған, тағдырдың ауыртпалығына қайсарлық танытқан халық. Өткенге бой ұсынбай, келешекті аңсап ел бірлігі мен молшылығын бата тілегіне қосып ұрпағына аманат ретінде қалдырып отырған халық.
Бесіншіден, жазба әдебиеті кешірек дамығанмен, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жеткен, сарқылмас мол қазына болып табылатын ауыз әдебиеті, батырлар жырлары, Қазтуған, Шалкиіз толғаулары мен Доспамбет, Бұқар жырау, Дулат, Махамбет сынды жауынгер ақын-жыраулардың отаншыл шығармашылығы арқылы бүгінгі ұрпағына Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеп, қазақ болып туғанын мақтанышпен ауыз толтыра айтуға мүмкіндік беріп отыр. Тарихы бар халық қана - ұлы халық.
Алтыншы - халықтың ұлылығын танытатын тағы бір белгі - оның тілі. Сонау ХІХ ғасырда қазақ мәдениеті мен тілін зерттеген Еуропа ғалымдары түркітанушылар В.Радлов, П.Мелиоранскийлер "түркі тілдерінің ішінде ең таза тіл - қазақ тілі" екенін атап кетеді. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынов қазақ тілін былай деп бағалайды: "түркі тілін ХХ ғасырға дейін аздырмай, қаз-қалпында сақтап келген алғыс пен абырой қазаққа тиіс". Тілге деген бұдан асқан баға болмаса керек. Қандай қиын кезеңдерді бастан кешірсе де, қиыннан қиыстыра алатын тілінің байлығын, оның тазалығын кейінгі ұрпағына жеткізе алған халық ұлы халық емес пе?!
Жетінші - жаугершілік замандарды басынан кешіріп, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында болған қазақ "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін танытып, бауырына сан ұлттың баласын басып, дастарқанын бөлісіп, талайға баспана беріп отыр. Бүгінгі көп этносты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен қазақтың ұлылығын танытса керек.
Мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы елдегі этносаралық бірлік пен келісімнің сақталуына қалай жауапты болса, басқа этностар да мемлекеттің алдында өз жауапкершілігін соншалықты сезінуі қажет деп ойлаймыз. Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін-өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады.
Ұлтаралық тілдесуде тұлғаның көпмәдениетті компетенттілігі маңызды орын алады.Оны жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білімдердің, сондай-ақ көпұлтты ортада саналы тіршілік пен өзін-өзі ұстауды іске асыру әдістерін меңгеру сынды туған халқыңның және басқа халықтардың құндылықтары туралы білімдердің жиынтығы ретінде түсінген дұрыс. Осыған орай, көпмәдениетті компетенттілік белгілі бір этникалық топтың өкілі ретіндегі тұлғаның өзін-өзі анықтауын; өз еліндегі әрі бүкіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Отбасылық тәрбие стилдері
Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі спорт өнерінің қалыптасуы
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері туралы
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде
Тәрбиенің мақсаты, мазмұны
Тәрбие құралдарына түсінік беру
Тәрбиенің әдістері мен формалары
Пәндер