Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері туралы
Мазмұны
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ Негізгі бөлім
1.Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. Тәрбиенің принциптері, заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3.Тәрбиенің әдіс тәсілдері, құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
4. Тәрбиенің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.Тәрбие дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.[1]
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналардың көптігімен бақытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді."Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
• тән саулығы - "дене тәрбиесі".
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ресми – құжаттық басылымдар:
1. ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы, 1996.
2. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.
3.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан -2030»
үндеуі,1997.
Кітаптар:
1. Ә. Құтпанбаев, Е. Райымжанов. Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие.
Алматы,2001.
2. Әбдразаков Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі.-Шымкент, 1994 жыл.
3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: «Дарын», 2004.
Бабаев С., Оңалбек Ж. Жалпы педагогика. Оқулық. Алматы, Заң әдебиеті, 2005.
4. Жаниязов Ә. Лексиканы оқытуға арналған таблица. А, 1970 жыл.
5. Ильясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы, Мектеп, 1991.
6. С. Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын, 2004.
7. С.Қалиев. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. /ред.басқар. т.б. Алматы,1999.
8. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Алматы, Білім, 1995.
9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
10. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.
11. Алматы, Білім, 2003.
12. Қалиев С. Үлгілі үйдің ұл-қызы. Алматы, Атамұра, 2001.
13. Қалиев С., Майғарапова Ш. Оқушылардың тұлғалық қасиетерін
дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы,Білім, 2001 ж.
Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. Алматы: РБК,1997.
14. Құрманғалиева М, Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Білім.
2000 жыл.
Мақалалар:
1. «Тәрбие құралы» журналы. №4, 2016 жыл.
2. «Тәрбие құралы» журналы. №2, 2014 жыл.
2. «Тәрбие құралы» журналы. №8, 2015 жыл.
Ғылыми конференция материалдары:
1.Педагогика. Дәріс курсы./ Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К және т.б. Алматы: Нұрлы әлем,2003.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері
Пәні: Педагогика
Мазмұны
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ Негізгі бөлім
1. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. Тәрбиенің принциптері, заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3. Тәрбиенің әдіс тәсілдері, құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 22
4. Тәрбиенің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 0
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .32
Тезаурус
Әдістемелік және теориялық негіз -- зерттеу негізіне жататын негізгі теориялар мен әдістемелік ережелер.
Әдістемелік зерттеулер -- зерттеу нәтижелері эмпириялық деңгейде тәжірибені жинақтаумен, ережелерді қалыптастырумен, педагогикалық қызмет нормаларын айқындаумен, деректер алумен, оны талдау және жүйелеумен айқындалады.
Әлеуметтік өлшем -- топтағы тұлға аралық қатынастардың сандық және графикалық құрылымын, оның мүшелерін өзара таңдау саны мен ерекшелігіне қарай айқындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік психология әдісі
Ғылыми болжам (гипотеза) -- құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді.
Ғылыми жаңалық -- бұрын басқалар зерттемеген және енгізбеген тың қорытынды, нәтижелер.
Деректерді таңдамалы тағайындау -- тәжірибеде өлшемге түскен немесе өткізілген психикалық диагностиканың ең аз шамадан ең үлкеніне қарай орналасуы.
Деректі талдау -- кез келген шама мен бағыттарды түзете жалдауға негізделген процедура немесе математикалық статистика әдісі.
Децентрализация- орталық басқару жуйесінін жергілікті жерге өз билігінін бөлігін беруі.
Жеке әдістемелік бақылау -- ғылыми қабылдау нысаны ретінде белгіленген пән бойынша нақты оқу үдерісі болуы мүмкін.
Жетекші идея -- зерттеудің белгіленген позициясы мен тұжырымды негізі.
Жобалы әдістеме -- жобалау нәтижелері психологиялық мағына беруде негізделген жеке тұлғаны тұтас зерттеу әдістерінің жиынтығы.
Зерттеудің ғылыми болжамды тұжырымдамасын анықтау мәселенің тұжырымдамасынан ғылыми болжам пайда болады. Ғылыми болжамдағы кейбір пікірлердің дұрыстығын өткізіліп отырғын тәжірибе арқылы дәлелдеу керек. Жалпы ғылыми болжамнан дара, бөлшек, нақты болжамдар тарайды.
Инновация- жаналық енгізу, жаңарту.
Зерттеу нысаны -- мәселелік жағдай тудыратын үдеріс немесе құбылыс.
Зерттеу объектісі - бұл нысан шекарасында болатын нәрсе, нысанның белгілі бір қасиеті, олардың арақатынасы нысан мен қасиетінің кейбір жағдайларға тәуелсіз
Зерттеу көздері -- ғылыми және арнайы әдебиет, мұражай құжаттары мен жасалған жұмыс қорытындылары.
Мониторинг- 1) жагдайды бақылау, болдырмау және болжау; 2) осындай басқару турі бар мемлекет.
Модернизация- қазіргі, жана жагдайга байланысты жанару, озгеру, икемделу.
Міндеттер -- зерттеу жүргізудің және ұйымдастырудың басынан аяғына дейінгі дәйекті кезеңдері.
Конференция -- тәжірибені зерттеу және жинақтау түрі. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетті оқиды және аз тәжірибе мәнін, сонымен бірге әріптестер тәжірибесін ұсынады.
Құзыреттілік - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар болу
Объективтілік- дуниетанымдық козқарас, бул нақты шындықты бақылауга байланысты болады.
Өз-өзін бақылау - өз-өзіне бақылау жүргізу.
Педагогикалық бақылау -- бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.
Педагогикалық оқулар мұғалімдерден жоғары жинақтау деңгейін, эмпириялық тәжірибені мұқият және терең зерттеуді талап етеді.
Педагогикалық тәжірибе -- кейбір әдістердің арнайы ұйымдастырылған тексеруі оның педагогикалық тиімділігін анықтау үшін жұмыстар қабылдау.
Рейтинг -- білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кез келген құбылысты субъективті бағалауға болады.
Сауалдар -- толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға арналған сұрақ парағы.
Сауалнама -- сауал арқылы көпшілік материал жинастыру әдісі.
Сұхбат -- ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.
Сұхбаттасу -- әңгіменің бір түрі; зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын ала дайындалған сұрақтарға сүйенеді.
Тәжірибелік маңыздылығы -- тәжірибелік қызметке арналған, алынған нәтижелер қорытындысы, ұсыныстар; оқу-тәрбие үрдісіне табысты әсер ететін дәрежелер.
Теориялық зерттеулер -- әдебиетке шолу мен сын; берілген мәселені шешуде, автордың теориялық болжамын бағыттайтын зерттеулер.
Тест жүргізу -- жеке тұлғаның салыстырмалы көрсеткіште психологиялық қасиеттерін, сонымен бірге білімін, дағды іскерлігін өлшеуге арналған стандартты тапсырмалар әдісі.
Ғылыми аппарат
Зерттеу жұмыстың өзектілігі:
Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау арқылы, тәрбиенің мақсаты мен міндетін анықтап, тәрбие жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні:
Педагогика
Зерттеу нысаны:
№76 мектеп-лицей
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Тәрбие - мәдени-тарихи феномен. Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы. Ақпараттық және білімділік ашық кеңістік құрылымындағы тәрбие. Тәрбие үдерісінің ізгілік және гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз қабылдау, оған тұрақты жағымды қатынас жасау; тұлғаға құрмет көрсету және әрқайсмысының өзіндік абыройы сезімін қолдау; тұлғаның өзгеге ұқсамау құқығын саналы түсіну және мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; баланың тұлғасын емес, оның іс-әрекеттерін, қылықтарын, ісін және т.б. бағалау. Тәрбиені технологиялық, құзыреттілік тұрғыдан қарастыру, тәрбиенің түрлерін қолдана білу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
2. Тәрбиенің принциптері, заңдылықтары
3. Тәрбиенің әдіс тәсілдері, құралдары
4. Тәрбиенің түрлері
Зерттеу жұмысының болжамы:
Егер тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздерін қарастыратын болсақ, педагогикалық тәрбие үрдісінде тәрбиенің түрлерін тиімді пайдалана аламыз.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу әдісі, эвристикалық әдіс, мақсатты әдіс.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспе
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. Тәрбие дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты -- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.[1]
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналардың көптігімен бақытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді. "Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
:: адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
:: заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
:: құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
:: тән саулығы - "дене тәрбиесі".
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні -- еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған. Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.
1. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Тәрбие мақсаты -- ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды. [5]
Тәрбие мақсаты -- бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты -педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсатылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде керінеді. Мақсат пен міндет бүтін және
бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді. Тербие мақсаты жалпы жене жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін керсетеді. Мақсаттылықа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Медениет деңгейі, тірбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның объективті даму зандылығына сүйену қажет. Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі зандылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады.
Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушьлардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін беліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қальштастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақын-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.
Екінші негізі, адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеу қоғам мен өкімет қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептеледі. Мұндай жағдайда баланың қызығушылығы екінші орынға шегеріліл отырды.
Бірақта, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіңдігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда.
Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуте болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тұлғаның дамуымен даралығын қальштастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады. [20]
Тәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушьлардьң өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикальщ басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы-ұтымдьі іс-әрекетіне, онда шешуші рөл білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позипияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді. Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат .
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды. Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ә) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
:: бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру.
:: эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
:: әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу;
Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау. Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.
Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
:: Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
:: Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
:: Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
:: Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды. Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы. Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттың құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудық құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дәрежесіне байланысты іріктеледі.
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.
Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу.
2. Тәрбиенің принциптері, заңдылықтары
Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі принциптер:
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
Жаңашыл ұстаз Құмаш Нүрғалиев "Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген. Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу керек.
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.
5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.
Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардық сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.
6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, өлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.
Педагог - тәрбиеші қосарланған ұғымына А.С.Макаренко қарсы болып, оны ұжымның жан-жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған.
Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді.
7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қатасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы да ұмытылуда.
Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.
Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілік сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ.
Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау.
8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлҚына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікірталастар өткізеді. [10]
Тәрбие принциптері - бұл тәрбие мазмұны мен оны іске асыру жолдарын анықтайтын тәрбиелік үдерісті ұйымдастырудың негізгі талаптары.
- Тәрбиенің адамгершілікке бағыттау принципі - адамаралық қатынастар жүйесінде баланы негізгі құндылық ретінде қарастыруды талап етеді. Осыдан әрбір адамға сыйластық қатынас жасап, оның ар-намыс, рухани сенімі мен көзқарас еркіндігі сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бұл принцип тұрғысынан баланың тән-дене, әлеуметтік және психикалық салауаттылығына қамқорлық - басты міндет. Бұл принциптің орындалу шарттары: баланың іс-әрекет, еңбекке араласу еркіндігі; мақсатқа жету жолында балаға болған сенім; тәрбие міндеттерін анықтауда тек жақсылықты көздеу; бала қызығулары мен даралық талғамын ескеріп, оның жаңа ұмтылыстарына дем беру; педагогикалық ықпалдардың болымсыз салдарының алдын алу; балаға өзінің әлеуметтік қорғанысты екенін сезіндіріп, оны өз мүдделерін қорғауға баулу.
- Тәрбиенің әлеуметтік жағдайларға сай келуі. Бұл принциптің іске асу шарттары: тәрбие міндеттері мен демократиялық қоғамның әлеуметтік даму міндеттерінің өзара байланысы; бала тұлғасына ықпал жасаушы әлеуметтік мекемелер әрекеттестігін үйлестіру; балаларға арналған әлеуметтік-педагогикалық жәрдемді қамсыздандыру; педагогикалық үдерісті қоғамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкестендіру; қоршаған әлеуметтік ортаның әрқилы жағдайларын (ұлттық, аймақтық, ауыл-қалалық, оқу-үйретім орны ерекшелігі және т.б.); сабақ барысында қабылданатын ақпараттарды реттеу.
- Тәрбиені дараландыру принципі: әрбір шәкіртің әлеуметтік даму бағытын айқындауды көздейді. Осыдан әр баланың жеке ерекшелігіне сәйкес арнайы міндеттер белгіленеді, бала өз мүмкіндіктеріне сай келетін қызметтерге қатыстырылады, тұлғаның оқу-үйренім, танымдық, сабақтан тыс білім топтау қабілеттері ескеріледі, әр шәкіртке өз мүмкіндіктерін танытып, оларды іске асыруға жол ашылады.
- Тәрбиелеуші орта түзу принципі тәлім мекемесінде бала әлеуметтігін қалыптастыратын қатынастар ұйымдастыруды талап етеді. Тәрбиелеуші ортаның түзілуі үшін педагогикалық үдеріске араласқандардың өзара жауапкершілігі, өзара түсіністігі, өзара жәрдемі, қиыншылықтарды бірлесе жеңу қабілеттері болуы тиіс. Бұл принциптің іске асуы келесі шарттарға тәуелді: ұжымдық мақсат басымдылығын көзде ұстау; ұжым мүшелерінің бәріне маңызды келетін жетекші іс-әрекеттер түрін анықтау; балалардың өзіндік басқарымын дамыту; балалар мен ересектердің ынталылығы мен дербестігін өрістету; әртүрлі балалар бірлестіктерін түзу; шығармашылыққа ұмтылыс қалыптастыру; мектеп бірегейлігін көрсете білу; өзара жауапкершілікті тәуелділік қатынастарының болуы. Бұл принцип педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың бірнеше ережелерінің орындалуынан көрінеді: мектеп бала үшін сүйікті орынға айналып, осыдан ол ондағы ұжым қуанышы мен күйзелісіне ортақ болуы, мектептің жалпы мақсаты әр педагог пен шәкірттің мақсаты ретінде қабылдануы тиіс; балаларға мейлінше сенім білдіру қажет; ұжымның әрбір мүшесі жаңа қатынастар мен жаңа істерге мұрындық бола білгені жөн; немқұрайлы педагог немқұрайлы шәкіртті жаратады.
- Тәрбиелік оқу-үйретім принципі. Бұл принципке сәйкес дұрыс ұйымдастырылған оқу-үйретім тұлға дамуы мен қалыптасуында шешуші қызмет атқарады, ал оның табысты болуы көбіне шәкірттердің еңбекке деген жауапкершілігін тәрбиелеуге, оларда тәртіптілік, жинақтылық және сенімді сапалардың қалыптасып баруына тәуелді.
Оқу-үйретім - аса маңызды тәрбиелік құрал. Ол білім, ептілік және дағдыларды қабылдатумен шектеліп қалмастан, нақты саясат, идеология, моральдық сапалармен қаныққан тұлға тәрбиелеудің бірден бір арқауы. Оқу-үйретім үдерісі тұлғаның тек ақыл-ес дамуын қамтамасыз етіп қоймастан, сонымен бірге ол дүниетаным мен адамгершілік болмыстың қалыптасуына, эстетикалық талғам мен тән-дене қасиеттерінің дамуына, әрекет-қылық дағдылары, әдістерінің орнығуына ықпал жасайды. Ғылым негіздерін меңгеру барысында шәкірттер тұрмыстық және өмірлік бағыттарын дұрыс таңдауға үйренеді, қауымдық бірлікті тіршілік ету қалыптары мен ережелерін игереді. Дәрістерде олар жақсы мен жаманды, адалдық пен арамдықты, достық пен залымдықты айырып, әділет және азаматтық борыш ұғымдарының төркінін түсінуге баулынады. Бұл үдерісте игерілген білімдер әрбір болашақ тұлға -азаматтың наным-сенімдерінің орнығуына негіз береді. [5]
Оқу-үйретім, негізінен, ұжымда жүргізілетіндіктен оның барысында шәкірттер көпшілікпен бірге жасауға және еңбектенуге дағдыланады, бірлікті өмір рухында тәрбиеленеді. Осыдан әр шәкірттің ұжымшыл, көпшіл болуға деген ықыласы арта түседі. Оның моральдық келбетінің тіктелуіне дәріс мазмұны ғана ықпал жасап қоймастан, бұл орайда оқу-үйретім әдістерінің, таным жұмыстарын ұйымдастырудың да мәні орасан. Даралап айтатын болсақ, олар келесідей:
- оқу-үйретім мазмұны тұлғаның адамгершілік пайымы мен бағамының орнығуына жанама ықпал жасайды, инабатты кемелденген тұлға қалыптасуына жәрдемін тигізеді;
- шәкірттің әрекет-қылық дағдылары мен әдеттерінің қалыптасуына оқу-үйретім әдістерінің әсері мол. Мектептің көздегені шәкіртің білімге деген қызығушылығын, әуестігін, белсенділігі мен ынталылығын көтеру, Осыдан тәлім ордасы жанжақты дамыған, рухани қуат беретін оқу-үйретімнің белсенді әдістері мен тәсілдерін мейлінше еркін әрі молынан пайдалануға ұмтылады;
- оқу-үйретімнің дамытушылық ролін жоғарылатуда пәнаралық байланыстардың маңызды болатыны дау тудырмайды. Пәндер арасындағы байланыстарды түсінген шәкірт сабақ материалын тереңдей ұғып игереді, өз санасында әлемнің тұтастай бейнесін қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл өз кезегінде жастардың диалектикалық-материалистік дүниетанымының негіздерін қалайды;
- оқу-үйретімнің тәрбиелік маңызының көтерілуіне мұғалімдердің өз тәрбие жұмыстарына зерттеушілік сипат бере білуі, шәкірттердің дербес өзіндік жұмыстарының жоғары деңгейде ұйымдастырылуы зор ықпал жасайтынын күнделікті тәжірибе дәлелдеп отыр. Кейінгі жылдары осыдан жоғарғы сыныптарға пікір - таластар, семинарлар, баяндама жасап, рефераттарды қорғау, қосымша әдебиеттерге шолу жасап, кабинеттер мен мектеп учаскелері және зертханаларында өзіндік ізденіс-зерттеу дәрістері кең қолданымға енуде. Мұндай қалыптан тыс оқу-үйретім жұмыстарының нәтижесінде күнделікті сабақта шәкірттердің жоғары интеллектуалдық сапа көрсетуіне жол ашылады;
- оқу-үйретімнің тәрбиелік ролінің артуына игерілген білім деңгейіне берілетін әділ баға да үлкен ықпал жасайды. Бұл шәкірттерді жүйелі оқу-үйретім еңбегіне баулиды, еркін нығайтып, мінезін орнықтырады, адал ниеттік пен мұнтаздық, жоғары талапшаңдық және жауапкершілік қасиеттерін дамытады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу-үйретім нәтижесін ғана бағалап шектелместен, баланың еңбек үдерісін де назарда ұстай отырып, тәлімге болған ынта-ықыласына да ден қояды;
- тәрбие міндеттерінің табысты болуы үй жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға да байланысты келеді. Оларды орындау барысында шәкірт өзбетімен жұмыс орындау дағдыларын меңгереді, өз еңбегін жоспарлауға үйреніп, уақытын үнемді де жемісті пайдалануға әдеттенеді, сабақ жұмыстарына орай кезігетін қиыншылықтарды жеңіп өту амалдарын табуға дағдыланады;
- оқу-үйретімнің тәрбиелік маңызын көтерудің өте пайдалы да қажетті шарты - бұл сабақ материалын игерудің ұтымды жолдарын іріктеу және оны оңтайластыру. Оңтайластыру мәні: нақты жағдайларда сыныптағы және үйдегі жұмыстарды орындауға бөлінген уақытты көбейтпестен, оқу-үйренім, тәрбие міндеттерінің тиімділігін мүмкін болғанша арттыра, шешімін табу. Яғни оқу-үйретім үдерісін оңтайластырудағы басты ниет - шәкірттердің даму деңгейіне сай келетін тәрбие нәтижелеріне қол жеткізу. Бұл орайда үлкен маңызға ие болатын талап - мұғалімдер мен шәкірттердің сабақ, еңбек, демалыс уақыттарын дұрыс жоспарлап, олардың күші мен қуатын үнемдей білу. Оқу-үйретімнің сапасы және тәрбие нәтижесі көп уақытты сарп етуден емес, оны саналы пайдалана білуден;
- оқу және тәрбие бірлігін қамтамасыз етуде факультатив дәрістердің үлесі айтарлықтай. Мұндай сабақтар білімдерді тереңдете түсіп, оларды күнделікті тәжірибеде, өмірде қолдануға көмектеседі. Факультатив сабақтар кейде жаңа оқу-үйренім пәндерін енгізумен байланысты келеді. Факультатив пәндер сонымен бірге шәкірттердің техникалық шығармашылығы мен ауылшаруашылық тәжірибе топтау мүмкіндігін дамытып, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке тартуға жәрдемдеседі. [4]
Педагогика тәрбие үдерісінің негізіне алынған жалпы заңдылықтарды ашып, біршама принциптерді нақтылайды.
Педагогикалық міндеттерді шешуде тиімді нәтижелерге қол жеткізуші педагогикалық үдерістің тұрақты әрі мәнді байланыстары - тәрбие заңдылықтары деп аталады.
Бұл заңдылықтар қатарына енетіндер төмендегілер:
1.Тұлға тәрбиесі сол тұлғаның іс-әрекетке араласу барысында іске асады. Әрбір адамның тәлім игеруі оның танымдық іс-әрекетке қатысуынан болады. Еңбекке араластырмай, тұлғаны аралық қатынастарға түсірмей, ұжымдық мәселелерді шешуге қатыстырмай, адамды еңбеккерлікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Осыдан тәрбие нәтижесі құрғақ уағыз, сөзбен емес, Өскелең әулет өкілін жасына сәйкес қоғамдық қатынастарға келтіріп, еңбек әрекетіне қосудан болады.
2.Тәрбие - бұл қалыптасушы тұлғаны нақты іс-әрекетте белсенділікке ынталандыру. Тұлғаның тиімді дамуы мен қалыптасуы оның нақты іс-әрекеттегі жоғары белсенділікке ие болуынан. Егер адам өз қызметіне селқостықпен қараса, нәтижеге жетуде енжарлық танытса, тәрбие ісі қай уақытта да ақталмайды. Ал белсенділік болу үшін тұлғаның қажетсіну аймағын дамыту керек. Қажеттікті сезінуден тәрбиеленуші іс-әрекетке өз белсенділігімен араласуға ынталы болады.
3. Тәлім және тәрбиенің ажырамас бірлігі. Тәлім, білім әрқашан адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуына бағытталады. Осының негізінде қоғам өкілі дамиды, қажетті білімдер мен қабілеттер орнықтырушы әлеуметтік тәжірибені игереді. Тәлім мен тәрбие әрекеттестігінен тұлға жетіледі. Тәлім игере отырып, адам дамиды. Даму барысында ол өз қызметтері мен қарым-қатынастары аймағын кеңейтеді, ал ол өз кезегінде жаңа білімдер мен ептіліктерді игеруге ынталандырады.
4. Тәрбиелік ықпалдардың біртұтастығы - тәрбие мақсаттарының мазмұны мен әдістерінің бірлігі, әлеуметтік ұстанымдар мен педагог талаптарының ұштастығы, тәрбиелік үдеріс субъекттері тарапынан қойылатын барша талаптардың өзара байланыстылығы.
5. Тұлғаға деген адамгершілік қатынас және сыйластықтың жоғары талаптармен бірлесе жүруі.
6. Тәрбие үдерісінде шәкіртке болашақтағы жетістігін аша көрсетіп, табыс қуанышына бөленуге жәрдемдесу.
7. Тәрбие үдерісінде жастардың ұнамды сапа қасиеттерін таба біліп, оларға арқа сүйеу. П.П. Блонский пікірінше, оқу-үйретімде кемшілігі бар шәкіртпен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz