Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері мен методологиясы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1.1. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің әдістері ... ... ... ...5
1.2. Мектепке дейінгі педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру ... ... ... ... ... .7

ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
2.1. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу әдіснамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуының педагогикалық зерттемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
КІРІСПЕ

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму «эстетикалық» барысында өмірге деген құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері мен методологиясын анықтау.
Курстық жұмыстық міндеттері:
 Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің әдістері;
 Мектепке дейінгі педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру;
 Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу әдіснамасы;
 Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуның педагогикалық зерттемелері.
Ғылыми жаңалығы: мектепке дейінгі білім беруде мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері мен методологиясы маңызды орын алады.
Зерттеу объектісі: Мектепте оқуға әзірленетін балалар
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу әдісі:
- педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау;
- тәрбиеші-педагогтардың озық іс-тәжірибелерімен танысып,зерттеу, байқау;
Теориялық және практикалық маңызы: Педагогикалық журналдарға әдістемелік жұмыс ретінде ұсынуға болады, студенттер көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ә. Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» - Алматы «РАУАН» 1992
20 – 46 беті
2. Ф. Н. Жумабекова «Мектепке дейінгі педагогика» Астана «ФОЛИАНТ» 2008 55 – 78 беті.
3. «Мектепалды даярлық» журналы № 6 2009жылы 19 – 20 беті.
4. «Мектепалды даярлық» журналы № 4 2009 жылы 11 – 12 беті.
5. «Республикалық ғылыми - әдістемелік журналы» № 3 2009 жылы 6 – 8 беті.
6. «Отбасы және балабақша» журналы № 1 2008 жылы 11 – 13 беті.
7. «Отбасы және балабақша» журналы № 5 2008 жылы 8 – 9 беті
8. Әбиев «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы 2005
9. В. С. Мухина «Балалар жас психологиясы» Алматы «РАУАНА» 1998 жылы 26 – 43 беті.
10. Т.Сабыров «Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері» Алматы 1977 124 – 131 беті.
11. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов «Бала бақыты» Алматы, 1979 жылы 25-28 беті.
12. Р. Қоянбаев «Тәрбиетеориясы» - Алматы, 1991 жылы. 68-74 беті
13. Е.Сағындықұлы «Педагогика» Алматы 1999 жылы 45-55 беті

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1.1. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің
әдістері ... ... ... ...5
1.2. Мектепке дейінгі педагогикалық зерттеулерді
ұйымдастыру ... ... ... ... ... .7

ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
2.1. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай
бөлу
әдіснамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуының
педагогикалық
зерттемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..36

КІРІСПЕ

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де,
болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып
қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы
кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда есті
болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды
дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, - десе,
француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның
үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол
сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, - деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі
болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің,
сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың,
салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің
жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму
процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның
психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер
болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке
адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы
дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық
көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен
ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның
жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық,
имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде
қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен
тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы
және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері
көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары
қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді:
айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен
қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген
құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын
қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін
қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп
қатерден сақтану қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу
әдістері мен методологиясын анықтау.
Курстық жұмыстық міндеттері:
✓ Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің әдістері;
✓ Мектепке дейінгі педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру;
✓ Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай
бөлу әдіснамасы;
✓ Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуның
педагогикалық зерттемелері.
Ғылыми жаңалығы: мектепке дейінгі білім беруде мектепке дейінгі
педагогиканың зерттеу әдістері мен методологиясы маңызды орын алады.
Зерттеу объектісі: Мектепте оқуға әзірленетін балалар
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу әдісі:
-  педагогикалық және  психологиялық әдебиеттерді талдау;
- тәрбиеші-педагогтардың  озық іс-тәжірибелерімен танысып,зер ттеу, 
байқау;
Теориялық және практикалық  маңызы: Педагогикалық журналдарға
әдістемелік жұмыс ретінде ұсынуға болады, студенттер көмекші құрал ретінде
пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МЕТОДОЛОГИЯСЫ

1.1. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің әдістері

Методология, басқаша айтқанда, әдіснама гректің методос – зерттеу
немесе таным жолы, теория, оқыту және логос – ілім, түсінік мағынаны
білдіретін сөзінен шыққан. Сөйтіп, методология: 1-шіден, теориялық және
практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру мен жүргізудің, құрудың принциптері
мен тәсілдерінің жүйесі; 2-шіден, танымның ғылыми әдістері туралы ілім; 3-
шіден, қайсы бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы болып табылады.
 Педагогика ғылымының методологиясы дегеніміз – таным процесі мен
педагогикалық шындығы түрлендірудің принциптері мен әдістері, формалары
туралы ілім.
Методологиялық білім құрылымдық жағынан төрт түрге бөлінеді:
философиялық, жалпы ғылымдық, нақты-ғылымилық және технологиялық.
Диалектикалық материализм – табиғаттың, қоғамның және ойлаудың
өзгеруінің, қозғалуы мен дамуының жалпы заңдары туралы философиялық ілім.
Диалектикалық  материализм философиясында табиғаттың, қоғамның және
ойлаудың сан мөлшері өзгерісінің сапа мөлшеріне ауысуы, қарама-
қарсылықтардың бірлігі мен
Күресі, терістеуді терістеу сияқты диалектиканың заң бойынша
дамитындығы тағайындалған.
Педагогикадағы диалектиканың материализм тұлғаның объективті және
субъективті қоғамдық қатынастар ретінде танылатындығынан көрінеді. Тұлға іс-
әрекетте көрінеді және іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Тұлғамен іс-
әрекет әрқашан бірлікте.
Жалпы ғылымилық деңгей зерттеушіден өмірдегі құбылыстарға өзіндік нақты
құрылымы бар және өзінің қызмет атқару заңы бар жүйе ретінде қарауды
ұсынады.
Жүйелік тұрғыдан қарау заттар мен құбылыстарды, процестерді және
олардың компоненттері үнемі өзара бір-бірімен байланыста, дамуда,
қозғалыста қарауды ұсынады.
Тұлғаның дамуының негізі, құралы және шешуші шартты іс-әрекет болып
табылады. Бұл іс-әрекетте тұлғаның белсенділігінің, оның өзін-өзі
жетілдірілген мұқтаждығының маңызы зор.
Нақты ғылымилық деңгей  нақты белгілі бір ғылым саласында қолданылатын
зерттеу әдістері мен принциптері мен жиынтығы болып.
Технологиялық деңгей зерттеудің әдістемесі мен техникасынан құралады.
Педагогикалық зерттеулердің әдістері.
Педагогикалық зерттеу әдістері деп педагогикалық құбылыстармен
педагогикалық процестер, олардың элементтері мен компоненттер арасындағы
заңды байланыстарды, қатынастарды,тәуелділіктерді тағайындау және ғылыми
теорияларды құру мақсатында ғылыми информациялар алу тәсілдерін айтады.
Зерттеулерде жалпы теориялық әдістер, әлеуметтік және психологиялық
әдістер; математикалық әдістер пайдаланылады.
Жалпы теориялық әдістерге анализ, синтез, салыстыру, индукция,
дедукция, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.
Әлеуметтік-психологиялық әдістерге сауал-сұрақ, интервью алу, треннинг
әдістері жатады.
Математикалық әдістерге рангілеу, шкалалау, корреляция әдістері жатады.
Педагогикалық зерттеу әдістері шартты түрде теориялық және эмпирикалық
әдістер болып екіге бөлінеді.
Теориялық әдістерге анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция,
абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.
Эмпирикалық  әдістерге бақылау, әңгімелесу, сауал-сұрақ, тестілеу,
бағалау, алынған мәліметтерді өңдеу (математикалық, статистикалық,
графикалық, кестелік), зерттеу нәтижелерін педагогикалық іс-тәжірибеге
ендіру жатады.
Ғылыми бақылау деп зерттелетін объектіні, процесті немесе құбылысты
табиғи жағдайда арнайы ұйымдасқан түрде қабылдауды айтамыз.
Педагогикалық эксперимент – дәлме-дәл ескерілетін жағдайларда, нақты
қолдан жасалған жаңа жағдайларда педагогикалық процесті түрлендіріп,
ғылыми тұрғыдан тәжірибе қоюды айтамыз. Екінші жағынан эксперимент
дегеніміз – бата қадағалауда болатын және эксперимент жасаушының өзін
мақсатты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыратын педагогикалық бақылау болып
табылады. Эксперимент мақсатына қарай үш түрге бөлінеді:
 1. Констатациялаушы эксперимент – күнделікті өмірде бар педагогикалық
құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
 2. Тексеруші, дәлірек анықтаушы эксперимент – педагогикалық мәселені
пайымдау процесінде жасалған ғылыми болжамды тексеру үшін жүргізілетін
эксперимент.
 3. Қалыптастырушы, жасаушы, түрлендіруші эксперимент – жаңа
педагогикалық құбылысты қалыптастыру, жаңа  педагогикалық идеяны жүзеге
асыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Эксперимент жүргізілетін орнына қарай екі түрге бөлінеді:
Табиғи эксперимент. Мұндай педагогикалық эксперимент кезінде жаңадан
ендірілетін педагогикалық идеяны, алдын-ала жасалған ғылыми болжамды
тексеру үшін жүргізілетін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған  тәжірибе оқу-
тәрбие процесінің осыған дейін қалыптасқан жағдайын бұзбастан жүргізіледі.
Яғни, оқу-тәрбие процесін осыған дейінгі табиғи қалпы бұзылмайды.
Лабораториялық эксперимент. Мұндай педагогикалық эксперимент кезінде
жаңадан ендірілетін педагогикалық идеяны, алдын-ала жасалған ғылыми
болжамды тексеру үшін жүргізілетін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған 
тәжірибе оқу-тәрбие процесінің осыған дейін қалыптасқан жағдайын өзгертіп,
экспериментті арнайы жабдықталған орында жүргізіледі.
Тест деген сөз ағылшын тілінен аударғанда сынау деген мағынаны
білдіреді. Тестілеу – мақсатты түрде жүргізілетін, әрі сынақтан 
өтушілердің барлығы үшін қиындығы мен күрделілігі бірдей деңгейде
берілетін, қатаң қадағалатын жағдайда өткізілетін, педагогикалық процестің
зерттелуге тиісті сипаттамаларын объективті өлшеуге мүмкіндік беретін
тексеру, бақылау, зерттеу формаларының бірі.

1.2. Мектепке дейінгі педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру

Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның
құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі
жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның
нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды
түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру. 
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды),
қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа
бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне
практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе
болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.
Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын
тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға
бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға
негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды
практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс. 
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге
орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема,
тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар,
қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы
негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне
практикалық маңыздылығы. 
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-
əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі
негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен
міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны
бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде –
зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды
деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары
жасалады. 
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы
жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың
қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру.
Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің
жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік
тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады.
Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше
жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен
практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз
ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы
айырмашылық деңгейін сипаттайды. 
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық
маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты
тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған
мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды. 
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нəтижесінде
ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым
құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап
беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды.
Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема. 
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі
келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы
немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы
мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды
қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан
есептелінеді. Танымдық процесс бағыттал-ғанның бірі- нысан. Зерттеу дені
(предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет
еткен нысанның теориялық не практи-калық тұрғыдан өте маңызды сапа-
қасиеттері, қырлары мен сырлары. 
Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны)
тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза –
бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар
жиынтығы. 
Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін
қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер
тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері,
мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне
практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді. 
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты
практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген
тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар,
көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің
теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа
ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында. 
Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне
орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу
уақытына да тəуелді келеді. 
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі
(динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-
теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет
етеді. 
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы
алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс
мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми
проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің
алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы
тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін
зерттеу гипотезасынан көрінеді. 
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні: зерттеу объектті
жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мəнін айқындап алу қажеттігі
арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық
деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің
дайындық жағдайларын жасау. 
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі
функционалдық жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар
қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады. 
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының
нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы
алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму
мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы
текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы
талаптардың объектив шешіміне негіз болу. 
Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі 
Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай
жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты
нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге
мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан
құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған
проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей
зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі
- бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми
ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның
нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет
жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ
жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық
тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3)
математикалық əдістер. 
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін
ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары.
Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер
қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар
педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін
проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу
барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью,
анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден
өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу. 
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай
да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті
түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала
белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге
бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект,
оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның
барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4)
байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды
өңдеу жəне дəйектеу. 
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың
мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына
тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы
бақылау. 
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ
емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің
тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан
толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші
болуы мүмкін. 
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында
түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша
қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша
күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп,
сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі
педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте
сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью
жауаптары анық жазылып, хатталады. 
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары
жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет
əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған
əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына
тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың
сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі
болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы
тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға
ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс. 
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де
алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне
бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы
бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық
қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне
дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін
қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта,
күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-
қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін
ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі
ақпараттармен қаруланады. 
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық
тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент
ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған
педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы
байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді
ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін
өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема
қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза
белгілеу); 
- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау,
бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау); 
- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау
(ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап
əрекеттерін бағалау); 
- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге
түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу. 
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне
зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар
түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп
жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған
педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не
қысқа мерзімді болуы мүмкін. 
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға
бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып
ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай
эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау
экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.
Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет,
бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі,
көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу
қабілеттілігі де маңызды келеді. 
Жоғарыда аталған əдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың
эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-
педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы
деректік материалдың мəн-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау
зерттеудің теориялық талдау əдісімен орындалады. 
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін,
ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді
талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, əрбіріндегі жалпылық пен
даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз. Талдауды
біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі
педагогикалық құбылыстың мəн-жайына енеміз. 
Индуктив жəне дедуктив əдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты
қорытындылаудың логикалық əдістері. Индуктив əдіс – ойдың жеке пікірлерден
жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға
қолданылады. 
Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп,
жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс
көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді: 
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер; 
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар; 
- педагогикалық мерзімді басылымдар ; 
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар; 
- педагогикалық анықтама құралдары; 
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен –
əдістемелік қолданбалар. 
Əдебиеттермен танысудың арқасында қай проблеманың қандай тараптары
жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау-дамайлы жəне қай мəселелердің
əлі тың жатқанын білуге болады. 
Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында
көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін
мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат
жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып
берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен
тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар;
аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу;
сілтеме (цитата) беру – əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды
өзгертпестен мəтінге ендіре жазу. 
Педагогикадағы математикалық жəне статистикалық əдістер сауалнама,
эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп
жатқан құбылыстар арасындағы сандық тəуелділіктерді анықтау мақсатында
қолданылып, эксперимент нəтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін
арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жəрдемдеседі. Математикалық
əдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу
(регистрация), ранжирование (тəртіпке келтіру), өлшемге түсіру
(декодирование). Статистикалық əдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа
сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау жəне
эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа
санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта
он екі оқушы болса, бағаның өсу дəрежесімен өрнектелген тізімде
алтыншысының бағасы - медиана ); таралу дəрежесі – дисперсия немесе орташа
квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті жəне т.б. 
Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама таблицалар
қабылданған. Осы əдістермен жинақталған көрсеткіштердің сандық
тəуелділіктері графиктер, диаграммалар, таблицалар түрінде өрнектеледі. 
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі
анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері
ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты –
ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық
жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін жете
білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың
да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның
нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары
ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.

ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

2.1. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай
бөлу әдіснамасы

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан
педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты,
өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын
қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-
жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Сана-сезімнің,
дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты.
Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары
дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу,
оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Жас ұрпақты
қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда,
баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік
орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам
алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің
эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның
табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Тәрбие ісінде балалардың жас
ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ
көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру
кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып
отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың
дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан
жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады.
Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар
кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Балаларға тәлім-тәрбие беру ісінің
табысты болуы олардың жас және даму ерекшелігін тәрбиешінің дұрыс біліп,
өмірін, іс-әрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алуына байланысты.
Қазіргі мектепке дейінгі педагогика, психология ғылымдары бала дамуының
бір қалыпты өтпейтіндігін ескеріп, балалық шақты жас шамасына қарай бірнеше
кезеңге бөледі. Психолог В.С. Мухина: туғаннан бастап мектепке барғанға
дейінгі кезеңде бала үш дағдырыс сәттерін: бір жаста, үш жаста, жеті жаста
басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл жастағы балалар өмірі үш кезеңге
бөлінеді: 1. Нәрестелік кезең – туғаннан бір жасқа дейін. 2. Сәбилік кезең
– бір жастан үш жасқа дейін. 3. Мектепке дейінгі кезең – үштенжеті жасқа
дейін. Бұл бағдармалар, әдестемелік құралдар, оқулықтар жасауда, оқу-тәрбие
мазмұнын айқындауда, күн тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруда нақты негіз
болып табылады. Бала тәрбиесімен айналасатын болашақ мамандарға, ата-
аналарға баланың даму кезеңдеріне сай психикалық жеке ерекшеліктерін білу
тәрбие ісінде жетістіктерге жеткізеді.
1. Баланың нәрестелік кезеңіне сипаттама жасайтын болсақ, бұл кезеңде
тез өсіп дамиды. Осыны ескеріп, мақсатты тәрбие, жақсы күтім жасалса,
нәрестененің денсаулығы, дене бітімі мен психикасы бірқалыпты дұрыс дамиды.
Ай сайын ол 600 – 700 г салмақ қосып, бойы 2 – 3 см өсіп отырады. Жарты
жылдан кейін бойының өсуі де, салмақ қосуы да сәл саябырсиды. Дегенмен әрі
қарай дамуы үдемелі қарқымен жалғаса береді. Бір жасқа толғанда салмағы 10
– 10,5 кг, бойы 74 – 75 см болады. Жаңа туғанда баланың миының салмағы 300
г болса, ай сайын 40 г қосып отырады. Ми қабығының жетілуі күнделікті
ұйымдастыратын қимыл-әрекетке байланысты дамиды. Жүйкесі орталық және шеткі
деп бөлінеді. Орталық жүйке бас миы мен жұлыннан, шеткісі жұлын мен ми
сүйегі және жүйке түйіндерінен тұрады.
Адам ағзасының айналадағы ортамен байланысы жүйке арқылы өтеді. Жаңа
туған нәрестенің жүйкесі толық жетілмеген, ол өсу барысында бірте-бірте
толысады.
Бірқалыпты дамып, дұрыс өсіп келе жатқан баланың 6 – 8 айлығында сүт
тісі шығады да, бір жасқа толғанда сегізге жетеді. Нәрестелік кезеңде
барлық сезім мүшелерінің қызметі дамып, жағымды эмоция көрініс табады.
Заттарға ұмытылу, ұстауға талпыну сияқты қимылдың оңай түрлерін игереді,
сөйлеуге икемделіп уілдейді, былдырлайды. Бұл шақта бала сезімтал келеді,
ауа райының құбылмалы сәттерін, тұрмыс жағдайының, күн тәртібінің өзгеру
әсерін тез сезінеді.
Бала өмірінің бір жасқа дейінгі нәрестелік шағының көзі бір-бірінен
сапалық айырмашылығы бар төрт кезеңге бөлінеді. Оның бірінші кезеңі:
туғаннан 2,5 – 3 айға дейінгі дамуы. Нәресте дүниеге шартсыз рефлекстердің
(тамақ, қорғаныс, бағдарлау) дайын жүйесімен келеді.
Тәуліктің 18 – 20 сағатын ұйқымен өткізеді. Әр 3 сағаттан кейін
тәулігіне 7 рет тамақтанады. Нәресте ұйықтау, тамақтану т.б.
қажеттіліктермен қатар алғашқы күннен бастап есту, көру, сезу және т.б.
әсерленулері болады. Егер нәрестенің мұндай тітіркенуді жеткілікті дәрежеде
қабылдамаса, ол психикалық дамуы жағынан артта қалған болып табылады. Бала
белгілі физиологиялық, генетикалық және жүйке қызметінің ерекшеліктерімен,
мидың құрылысы қалыптасқан түрде дүниеге келгенмен, ми жартысы қызметінің
дамуына сыртқы ортадан баратын импульстер әсер етеді. Мысалы, есту
анализаторының қызметі бала ана құрсағында жатқанда сыртқы дыбыстардың
әсерінен қалыптасады. Балаланың психикалық дамуы сыртқы ортамен
байланысымен, тәрбиенің әсерімен, оқытумен анықталатын ғалымдар дәлелдеген.
Олай болса нәрестелік шақта баланың қалыптасуының алғышарттары жасалып,
денсаулығының негізі қаланады. Жаңа туған нәресте көз тоқтатып қарай
алмайды, оны қимылдататын бұлшық еттердің әлсіздігінен қилы болып көрінуі
де мүмкін, тек 3 – 4 аптада ғана қарай алады.
Есту қабілеті әлсіз болғанмен, өте қатты дыбысты естиді. Күшті шу
шықса, емуін тоқтата қояды. Есту мен көздің арасындағы үйлесімділік ерте
пайда болады. Дыбыс шыққан жаққа басы мен көзін бұрады.
Дәм сезу едәуір ерте жетілген: тәттіні ынталана сорады, ащыға бет-
ауызын тыржитады.
Иіс сезімі онша жетіле қоймағанмен, өмірінің алғашқы аптасында-ақ иіске
әсерленеді, қимылы, демалысы өзгереді.
Нәрестенің алақаны, беті, табаны сезімтал келеді. Оның қуанышы езу
тартуы, уілі арқылы байқалады.
Екі айлығында басын біршама тік ұстап, айналаға көз қиығын салады. Үш
айлығында етпетінен жатқызса, басын көтеріп, қолын тірей алады. Бұл әрекет
баланың тыныс алуына, қан айналымын жақсартып, еңбектеуге даярлайды.
Осы кезде нәрестенің ересектермен қатынасы дамиды. Үлкен адам жылы
шыраймен сөйлессе, көңілді эмоция пайда болады. Адамды, ойыншықты көргенде
қуанады.
Енді 2,5 – 3 айдан 5 – 6 айға дейінгі екінші кезеңде нәресте тәулігіне
2,5 – 3 сағаттан 6 рет ұйықтайды, 1,5 – 2 сағаттан 4 мезгіл сергек жүреді.
Әрбір, 3,5 – 4 сағаттан кейін тәулігіне 6 рет тамақтанады. Тамақтану
кезінде екі қолмен ыдысты ұстайды, ауызына апаруға тырысады. Қою тамақты
қасықпен жеуге үйренеді. Қол созым жердегі ойыншықты ересек адамның қолынан
алады.
3 айда анасын, 6 айда таныс адамдарды ажырата алады. Бөтен адамдарды
жатырқайды.
Заттардың формасын, түсін ажырата бастайды. Өзіне арналған сөзді
түсінеді. Жылы сөйлессе, қуанады, зекісе, жылайды.
4 – айда ыңылдайды, уілдейді. 6 – 7 айда былдырлайды. Уілдің әуенді
дыбысты ұзақ уақыт іштен дем шығару арқылы айтылады. Бұл – баланың тілі
шығуы үшін дем алысының қалыптасуы. 3 – 4 айлық нәрестемен тілдескенде
ыңылдау әуенімен айтылатын дыбыстарды, 5 – 6 айлық нәрестемен тілдескенде
буындарды қолдану керек.
Нәрестенің көңілін музыкаға және музыкалық ойыншықтардың дыбыстарына,
әуезді үніне аудару, көбірек қуанту, күлдіру қажет. Баланың көру және сезу
қабілетін ойыншықтар арқылы жетілдіреді.
5 – 6 айдан 9 – 10 айға дейінгі үшінші кезеңде нәресте жаңа күн
тәртібіне көшеді, тәулігіне 2 сағаттан 3 рет ұйықтайды. Әрбір 2 – 2,5
сағатта сергек күйде болады, әрбір 4 сағаттан кейін тәулігіне 5 рет
тамақтанады. 7 айлығынан бастап тамақтанарда қолына нанның қабығын беруге
болады. 6 айлығынан бастап айналасындағы адамдарға, заттарға, жануарларға
зейін қоюы артады. Кейбір дыбыстарды қайталау құштарлығы оянады. Осы кезде
ересек адамның бет жүзінен, дауыс ырғағынан көңіл күйін сезеді. 6,5 айда
сөзді затпен байланыстыруды үйренеді. Егер заттын тұрған орнын ауыстырса,
таба алмай қалады, себебі ол үшін зат тұрған орнымен байланысты
қабылданған.
6,5 – 7 айлығында бала орнынан жер бауырлап, қозғалып, екі қолмен, екі
аяғымен еңбектей бастайды. Еңбектеу арқылы сүйек, бұлшық ет жүйесі дамиды.
Айналаны бағдарлау өрісі кеңейді. Еңбектеп үйренген нәресте өзі отыра
бастайды. Бала отырған күйінен жатуға, одан қайта отыруға үйренеді.
9 айлығында қолымен заттардан ұстап, тәй-тәй басады. 9 – 10 айлығында
затқа бұрылып қарайды, оларды көзімен іздеп табады. Қош бол, Алақан
соқ, Қолынды бер т.б. үйренген қимылдардың аттарын, отыр, жат деген
сөздерді түсінеді. 9 – 10 айдан 1 жасқа дейінгі төртінші кезеңдегі дамуында
нәресте жаңа күн тәртібіне көшеді, 1,5 – 2,5 сағаттан тәулігіне 2 рет
ұйықтайды, 2,5 – 3 сағат сергек жүреді. 10 айлығынан бастап түнде 1 рет
тамақтанады.
Бір жаста өзі жүре алады. Өзі жүретін нәрестенің қолы босап, заттарды
ұстап, тану өрісі кеңейеді. Соның арқасында саусақтардың бұлшық еті өсіп-
жетіледі, көз бен қол қимылының үйлесімділігі дамиды, көрнекі, әсерлі
ойлауы пайда болады, еркіндігі дамиды, ойын әрекетінің негізі қалыптасады.
Жыл аяғында айналасындағылармен қарым-қатынасы күшейеді, адамдарға
деген ынтасы артады.
Нәрестенің дұрыс дамуы үшін күн тәртібіне сай тамақ пен тазалық та
қажет. Жаңа туған балаға жарығы, жылуы мол арнаулы бөлме немесе бұрыш
белгілеп, сонда әлпештеп күту жөн. Бөлмені күніне бірнеше рет дымқыл
шүберекпен сүрту, жазда, қыста жиі желдетіп отыру талап етіледі. Бала
жататын бөлмеде шылым тартуға, кір жууға, жаялықтарды кептіруге болмайды.
Қорыта айтқанда, аталған ойын-сабақтардың, күн тәртібі, тазалық
талаптары мен күтімінің, тәрбие шараларының бәрі – нәрестенің дұрыс дамуы
үшін қажетті шарттар. Бала психикасының дамуы нәрестенің негізгі
ерекшеліктеріне байланысты. Атап айтсақ, 2,5 – 3 және 5 – 6 айлық баланың
қол қимылы дамуының қалыптасуы өзге дене мүшелеріне қарағанда басым келеді.
Осынын салдарынан нәрестенің психикалық дамуына туа біткен атавизмдік
рефлекстер: жармасу, итеру қимылдары емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда
болатын қармау ықпал етеді, ал еңбектеу итеруден емес, қолдың қозғалысынан
басталатынын, сол сияқты қармау мен еңбектеудің балаға қажетті қимылдарды
үлкендердің үйретуі мен жаттықтыруы негізінде қалыптасатынын ғалымдардың
зерттеу нәтижелері дәлелдеген.
Үлкендермен қарым-қатынас негізінде нәрестеде жандану процесі пайда
болады. Жандану дегеніміз баланың өзіне назар аударып қараған адамға көз
тоқтатуы, жымиып күлімсеруі, қол-аяғы қимылдатып, уілдеп дыбыс шығаруы.
Қарым-қатынас үстінде үлкендер баланың мінез-құлқын, іс-әрекетін мақұлдап,
бас изеп күлімсерейді, немесе дұрыс істемедің деп қабағын түйіп, басын
шайқайды. Бала оны түсінеді де бірте-бірте жақсы мінез-құлыққа әдеттенеді.
Сонымен, нәрестенің психикалық дамуы мен мінез-құлық сапалары
күнделікті тұрмыс жағдайында, тәрбие мен үйретудің әсер-ықпал нәтижесінде
қалыптасады.
2. Сәбилік кезең. Бала өмірінің екінші жылы бөбектік шақ деп аталады.
Бұл шақта дамуы біршама баяулағанмен, денесі мен психикасы жағынан жетілуі
одан әрі жалғасады.
Екі жастағы баланың салмағы 12 – 12,7 кг, бойы – 85 – 86 см, сүт
тісінің саны 20-ға жетеді. Қимыл-қозғалысы, дербестігі арта түседі. Ағзасы
әлі де әлсіз, кінәмшіл, ауыруға, тез ашулануға бейім келеді. Өмірдегі жаңа
жағдайға шабан көндігеді, өзін-өзі тежей алмайды, мида қозу процесі басым
болады. Ми қызметі мен жүйкенің әлсіздігінен бөбек лезде шаршайды.
Психикалық дамуында ілгері жылжуы, сенсорлық дамуының жылдамдығы
байқалады, сол себептен де зерттеуші Н. М. Шелеванов бөбектік шақты
сенсорлық дамудың алтын кезеңі деп көрсеткен. Ішкі сыртқы сезімі,
заттармен әрекеті, қимыл-қозғалысы, ойы мен жүйкесінің дамуы, адамдармен
қарым-қатынасы біршама қалыптасқанмен, әлі тұрақты емес. Дегенмен,
адамдармен қарым-қатынасы жаңа мазмұнға ие болған. Үлкендер күнделікті
тұрмыста үйрету, баулу арқылы бала үшін маңызды іс-әрекетті қалыптастырады.
Бөбектің жүруді игеріп, қолын босатуына байланысты айнала туралы түсінігі,
дүниетанымы кеңейіп, сөйлеген адамның бетіне қарап сөз тыңдауы, ойы, тілі,
затпен әрекет жасауы, зейіні, есте сақтау қабілеті, көңіл-күйінің дамуы
сенсорлық тәжірибенің артуына мүмкіндік тудырады. Ал көңіл-күй баланың
мінез-құлқынын қалыптасуына ықпал етеді. Бірақ бұл кезде баланың дамуы
біркелкі өтпейді, мінез-құлқы өзгермелі болады, өздері үлкендерге тәуелді,
олардың қарым-қатынасын қажет етеді.
Бөбектік шақ бір-бірінен сапалық ерекшелігі бар екі кезеңге бөлінеді:
Бір жастан бір жас 5 – 6 айға дейінгі кезеңде бөбектердің дамуында
елеулі ілгері басқандық байқалғанымен, ағзасы бір жастағы кезеңімен ұқсас.
Шаршағыш, жарақаттанғыш, денсаулығы да, ішкі сезім жағдайы да тез және жиі
бұзылғыш келеді. Жүруді үйренгенімен, нық басуы, қозғалысы жетіле қоймаған
көптеген артық қимылдар жасайды.
Негізінен тілді түсіну қабілеті жетіліп, заттың белгілерін сөз бойынша
ажырата алады. Киім кию, ойнау, тамақтану кезінде заттардың аты мен оған
байланысты әрекеттерді толық түсінеді. Сол сияқты есте сақтау қабілеті
едәуір жетіліп, білетін заттары мен құбылыстарының шеңбері ұлғаяды, сөзді
қасына жоқ нәрсемен де байланыстырып, есіне түсіреді. Сөздік қоры көбейіп,
активті тілді пайдаланып, сөз сөйлеуі белсенді сипат алады. Осы кезде 30 –
40 сөз жинайды, оның ішінде қысқарған сөз, біріккен сөздер де орын алады.
Бөбектер заттардың түрлі қасиеттерін танып, күрделі әрекеттерді
игереді. Бала сезімінің дамуына байланысты електеуі арта түседі. Қуыршақты,
күшікті, мысықты тамақтандырады, яғни не көрсе, соны істейді, қайталайды,
елестетеді. Бұл ойын әрекетінің басталуы.
Бір жарымнан 2 жасқа дейінгі кезеңде дербестікке ұмтылғыш, бірақ
қабілет дәрежесі жетілмеген болады. Дене бітімі шымырланып, жүрісі
қалыптаса бастайды. Осы шақта жаңа жағдайға оңай бейімделіп, қоршаған
ортаның әсерін қабылдауға қабілеті жетеді. Сенсорлық қабілеті артып,
заттардың түсіне, көлеміне қарай ұқсастығын белгілеп, салыстыра бастайды,
екі түсті шардан өзіне қажеттісін тауып алады.
Бөбектердің осы кезде көріп, қабылдауы да жетіле түсіде. Белсенді
сөйлеуінде үлкен секіріс болады. Екі жаста 200 – 300 сөз игереді. Екі-үш,
төрт сөзден тұратын сөйлем құрай бастайды.
Бөбектерде жаңа сұраныстар пайда болады, өзін қоршаған заттарды тез
білуге ұмтылады да, оның тілегі мен мүмкіндігінің арасында сәйкессіздік
туады, өйткені балада сезім мен тілек басым келеді. Үлкендер бөбектердің
онды ішкі сезімдерін реттеп, дұрыс қарым-қатынас жасамаса, теріс қарым-
қатынастан зиянды әрекеттер пайда болуы мүмкін.
Бөбіктердің дұрыс дамуы үшін тамақ, ойын, гигиеналық күтім қажет.
Сондықтан екі жасқа қараған баланы тазалыққа, ұқыптылыққа үйретуді
жалғастару: баланың денесін, киімін, төсек-орынын таза ұстау, тамақ ішер
алдында қол жуу, тамақ ішу кезіндегі ұқыптылық, дастарқан, сүлгі,
ыдыстардың таза болуы, баланың бет-ауызын, қолын тез сүртіп алу, су болған
киімін тез ауыстыру, қажет болағанда түбекке отырғызу т.б. яғни оны
гигиеналық талапқа сай қалыптастыру керек.
Ойын-сабақтар бөбектердің жан-жақты дамуына әсер етеді. Атап айтсақ:
қимылын жетілдіруді, тілін, ойын дамытуды, төңіректі болжау білуді,
заттармен әрекет жасауды, дидактикалық, құрылыс материалдарын,
ойыншықтардын пайдалану іс-әрекет мен қимыл-дағдыларын қалыптастыруды,
құбылыстар мен заттарды қарап көруді, ұстап сезінуді, музыка сазы, ырғағы,
әуенін естуді, сезінуді, сол арқылы эстетикалық тәрбие беруді,
адамгершілікке баулуды мақсат етеді.
Бөбектермен өткізілетін ойын-сабақтарға бірінші жартыжылдықта көңіл
көтеру ойындары, екінші жартыжылдықта ережелі, қимылды ойындар енгізіледі.
Ал сабақ мазмұны бірте-бірте күрделеніп отырады.
Бала өмірінің үшінші жылы (2-ден 3 жасқа дейін) бірінші сәбилік кезең
деп аталады, сәбилердің жетілу қарқыны бір-екі жасқа қарағанда, біршама
баяулағанымен, дамуы әрі қарай жалғасады. Сәбилік кезеңде кездесетін
өзгерістерге, жаңа жағдайға биімделуі оңай өтеді. Дегенмен, бұл шақта
сәбилер іс-әрекетсіз ұзақ отыруға дайын емес. Бірыңғай іс-әрекеттен тез
шаршайды, мида әлі де қозу әрекеті басым болады. Сондықтан да оның іс-
әрекетіне жиы тыйым салу оның ашуын шақырып, мінез-құлқын кенет өзгертеді.
Дағдылары әлі де тұрақты, берік емес.
Сәбилердің үлкендермен жиі қарым-қатынасының ойын-сабақтарда сөйлеуінің
нәтижесінде тілі мен ойы тез жетіледі. Ересектер сөзінің мағынасын жақсы
ұғады. Сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындай алады. Олар дұрыс болмаса
да барлық сөздерді пайдаланады сөздік қоры жетіліп, негізгі қатынас
құралына айнала бастайды. Ата-аналар мен тәрбиешінің сөздері айналадағы
ортану тану негізі болады, қазығуы артады.
Осы кезде бағдарлау әрекетінің негізгі түрі – бақылауы жетіледі, ұзақ
бақылайды, сұрақ қояды, ертегі, әңгіме тыңдауға әуестенеді, әңгімелеп те
береді, ырғақ шығаруды ұнатады. Сәби әрекетінің негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі педагогика жайлы
Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің әдістері
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс
Мектепке дейінгі педагогика
Педагогиканың салалары, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері
Педагогикалық тәрбие туралы ғылым
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Педагогика тарихының негізгі ұғымдары
Пәндер