Бастауыш мектептегі тәрбие процесі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім:
І. Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің педагогикалық негіздері
1.1.Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оның сипаттамасы ... ... ... ... ...
1.2.Тәрбие үдерісінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3.Балаларды тәрбиелеудегі мектеп пен жанұяның бірлескен іс.әрекетін ұйымдастыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4.Ата.аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшінің қызметі ... ...
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің педагогикалық шарттары
2.1.Тәрбие жұмысының формаларын таңдап алу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын ұйымдастыру әдістемесі ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі мектепте жағдай көптен өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көз қарастары, олардың өзара қарым – қатынасы , сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу техналогиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім –оқушы – ата- наға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшілік –командалық жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастырылу тәсіліне байланысты.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындақтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегіәрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн. Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл көтерушілік, спорттық-сауықтыру, енбек, шығармашылық.
Зерттелу мақсаты – Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттелудің міндеттері:
Тәрбие жұмысының формаларын таңдап алу әдістемесі
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын ұйымдастыру әдістемесі
Зерттеу жұмысының нысаны: тәрбие берудің педагогикалық шарттары.
Зерттеу жұмысының пәні: педагогика
Зерттеу әдістері:1) теориялық; 2) синтез; 3) салыстыру.
Практикалық маңыздылығы: курстық жұмысты орындау барысында бастауыш сыныпта тәрбие берудің педагогикалық шарттарын зерттеудің маңызын анықтадық.Соған байланысты білім жүйесінің даму жолдарын білу студенттерге,мектеп және жоғарғы оқу орындарының мұғалімдеріне маңызды болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын 2004
2. Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбырайымжанов. Жалпы бастауыш бәілім беру педагогикасы. Түркістан 2005
3. Сергеева В.П. Классный руководитель: планирование и организация работы отА до Я М.: 2001
4. Поляков С.Д. Технология воспитания. М.: 2003
5. Селиванов В.С. Основы общей педагогики, теория и методика воспитания.М.:2000
6. Байкова Л.А., Гребенкина Л.К., Еремкина О.В. Методика воспитательной работы. –М: «Академия» 2002
7. Рожков М.И., Байбородова Л.В. Теория и методика воспитания.М.: 2004
8. Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе: Москва, Владос 2001.
9. Қалиев С. Майғаранова Ш., Бейсенбаева З., Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы 1999
10. Щуркова Н.Е. Программа воспитания школьника. М.,2001
11. Максимов В.Г. Педагогическая диагностика в школе. Москва 2002
12. Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясы. Алматы. «Ғылым» 2003
13. Болдырев Н:И.Сынып жетекшісі. – А.,1980.
14. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі. –А., 1977
15. Капралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысы, -А., 1973.
16. Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу .- А.,1990
17. Макаренко А.С Ата-аналар кітабы. –А.,1985.
18. Оқушылардың тәрбиелеудің үлгі мазмұны .-А., 1978
19. Арнаутова Е.П., Иванова В.М. Общение с родителями: зачем? – М.,1993
20. Гаврилова Т. П. Учитель и семья школьника .- М., 1982
21. Заслуженюк В. С.Родители и дети. Взаимопонимание или отчуждение. –М., 1996.
22. Калейдоскоп родительских собраний /Под ред. Н.А Алексеевой.Вып. 1.2. –М.,2001.
23. Капустин Л. М. Работа школы с родитерьями. –М., 1980.
24. Петряевская Л. Г. Образование родителей и школа. – М., 1999.
25. Хямяляйнен Ю. Воспитание родителей. – М ., 1993.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім:
І. Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің педагогикалық негіздері
1.1.Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оның
сипаттамасы ... ... ... ... ...
1.2.Тәрбие үдерісінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
1.3.Балаларды тәрбиелеудегі мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекетін
ұйымдастыру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
1.4.Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшінің қызметі ... ...
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің педагогикалық шарттары
2.1.Тәрбие жұмысының формаларын таңдап алу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ..
2.2.Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың

... ... ... ... ... ...
2.3.Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын ұйымдастыру әдістемесі ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі мектепте жағдай көптен өзгеруде:
оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен
оқушылардың көз қарастары, олардың өзара қарым – қатынасы , сабақтың
ұйымдастыру формалары мен өткізу техналогиясы, көптеген оқу пәндерін
оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті
басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық
әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім –оқушы – ата- наға қатысты жағдай да жаңа
демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты
реттеп отыратын әкімшілік –командалық жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан
сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін
кеңейте молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыта
түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және
әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастырылу тәсіліне
байланысты.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері
теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындақтан, оның
мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегіәрекеттің
маңызына ерекше мән берген жөн. Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл
көтерушілік, спорттық-сауықтыру, енбек, шығармашылық.
Зерттелу мақсаты – Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің
педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттелудің міндеттері:
➢ Тәрбие жұмысының формаларын таңдап алу әдістемесі
➢ Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың
әдістемесі
➢ Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын ұйымдастыру әдістемесі
Зерттеу жұмысының нысаны: тәрбие берудің педагогикалық шарттары.
Зерттеу жұмысының пәні: педагогика
Зерттеу әдістері:1) теориялық; 2) синтез; 3)
салыстыру.
Практикалық маңыздылығы: курстық жұмысты орындау барысында бастауыш
сыныпта тәрбие берудің педагогикалық шарттарын зерттеудің маңызын
анықтадық.Соған байланысты білім жүйесінің даму жолдарын білу
студенттерге,мектеп және жоғарғы оқу орындарының мұғалімдеріне маңызды
болып табылады.

1.1.Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оның сипаттамасы
Жалпы педагогикалық үдерісте тәрбие жұмыстары да өз өрісін табады. Бұл
үдеріс, әдетте, дербес сипатты құбылыс ретінде қарастырылады, себебі ол өз
ерекшеліктеріне ие болуымен оқу үдерісіне де, даму үдерісіне де жанаса
бермейді. Тәрбие барысын зерттеуші педагогика саласы тәрбие теориясы деп
аталады. Егер оқу үдерісінің субъекттері мұғалім мен оқушы есептелетін
болса, тәрбие үдерісінің қатысушылары - тәрбиеші мен тәрбиеленуші.Бастауыш
мектепте оқуды да, тәрбиені де жүргізетін бір тұлға - маман педагог.
Тәрбие - мақсатты жүйеде тулға қалыптастыруга бағытталған үдеріс, яғни
арнайы уйымдастырылған, тәрбие мақсатын іске асыруға бағышталған тәрбиеші
мен тәрбиеленуші арасындағы басқарымды әрі бақылаулы өзара ықпалды іс-
әрекет қатынастары.
Тәрбие бірнеше ерекшеліктерге ие. Оның ең басты ерекшелігі - мақсатты
бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан күтілетін жоғары тиімділік оның алдына
тартылған мақсаттың балаға жақын әрі түсінікті болуынан. Мақсат бірлігі,
өзара қызметтестік осы заманғы тәрбие үдерісінің негізгі сипатын құрайды.
Тәрбие үдерісі - көп жағдаятты, оның құрамында субъектив және шынайы
себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт - тәрбиеші іс-әрекеті тек
шынайы заңдылықтарымен анықталып қалмайды. Себебі тәрбие - өнер, ал өнер
тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына
орай туындайды.
Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженің нақты ұстамға
келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде.
Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті
тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала
әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие
осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап,
олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір
күрделілік себебі оның өте қозғалмалы (динамичность) болуында, осыдан
тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.
Тәрбие үдерісінің айтарлықтай ерекшелігі - узақ мерзімділігінде, яғни
адам тәрбиесі - өмір бойы тоқталмайтын іс. К.Гельвеций: "Мен әлі
үйренудемін, менің тәрбием біткен емес. Ал ол қашан бітеді? Тәрбиеленуден
қалған күні, яғни мен өлгеннен соң. Менің бүкіл өмірім, шынын айтсам,
біртұтас ұзақ тәрбие". Адам санасында мектептегі тәрбиенің қалдыратын ізі
аса бедерлі, себебі адамның жас шағындағы жүйке жүйесі өте икемшіл әрі
қабылдағыш келеді. Дегенмен, мектептегі жақсы ұйымдастырылған тәрбие
үдерісінің өзінен де жылдам табыс күту жаңсақтық: тәрбие
өз нәтижесінің тікелей ықпал сәтінен біршама уақытқа созылуымен
сипатталады.
Тәрбие үдерісінің және бір ерекше сипаты - оның үздіксіздігінде. Мектеп
тәрбиесі -тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бірі екіншісімен ұштасып,
жүйеге келтірілген өзара ықпалды қатынас әрекеттері. Егер тәрбие үдерісі
үзіліске түссе, науқандыққа негізделсе, тұрақталып келе жатқан әдеттерді
бекіту орнына, бала санасында қайта-қайта жаңа "жолдар" қалыптастыруға
мәжбүр боламыз.
Тәрбие үдерісі - кешенді, яғни бұл сипат тәрбиенің мақсат, міндет,
мазмұн, форма мен әдістердің ажыралмас бірлігін аңдатады, оның тұлға
қалыптасуының біртұтастығы идеясына бағыныштылығын білдіреді. Тұлға сапа-
қасиеттері өзара бөлектенбей, бірлікте, бірігімді, бір уақытта кемелденіп
жата-ды, осыдан оған бағытталған педагогикалық ықпалдар да ке-шенді сипатта
болуы қажет. Айырым жағдайларда тәрбиеші талап деңгейіне сәйкес болмай
жатқан тұлға қасиетіне көбірек назар салғаны жөн. Мысалы, бастауыш сынып
оқушысында зейінділік, шыдамдылық, байқағы ш-тық ж.т.с.с. қасиеттерді
қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Тәрбиенің кешенділік сипаты бірқанша
маңызды педагогикалық талаптар орындау-ды, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер
арасындағы ықпалдасты әрекеттерді мұқият таңдап, ұйымдастыруды қажет етеді.
Нәтиже баламалылығы мен екіүштылығы да осы тәрбие үдерісін ерекшелейтін
сипат. Бір жағдайда теңдей тәсілдерді қолданғанның өзінде қолға кірер
нәтиже әрқилы болуы мүмкін. Мұның себебі - тәрбиеленушінің даралығы,
әлеуметтік тәжірибесі мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушілердің
кәсіби дайындық деңгейі, олардың педагогикалық шеберлігі,
тәрбиеленушілермен қатынас жасай білу ептілігі де - тәрбие барысы мен
нәтижеге күшті әсерін тигізеді.
Тәрбие - екі тарапты үдеріс. Мұның тосындылығы үдерістің екі бағытта
бірдей - тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден
тәрбиешіге (кері байла-ныс) қарай жүруінде. Үдерісті басқару, негізінен,
кері байланыс арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушілерден келіп түскен
ақпараттар негізінде оқу, тәрбие нәтижесі анықталып барады. Кері байланыс
ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешінің тәрбиелік ықпалы соғұрлым күшті
болады.
Тәрбие үдерісі қарама-қарсылықты керек етеді. Осыдан тәрбие
диалектикасы (дамуы) ішкі және сыртқы қайшылықтармен анықталады. Осы
қайшылықтар тәрбие үдерісінің үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді. Тұлға
қалыптасуының барша сатысында көрінетін ішкі қайшылықтар жаңа
қасиеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктері арасындағы айыр-машылықтардан
туындайды. "Білемін" және "білмеймін", "бар" және "жоқ" араларындағы
сәйкессіздік баланы белсенді іс-әрекет орындауға, тәжірибе өрістетуге, жаңа
білімдер мен қылық-әрекет формаларын игеруге, қалыпты талаптар мен
ережелерді тануға ынталандырады. Тәрбие қызметі - тұлға қалыптасуын дұрыс
бағытқа түсіру, ал бұл тәрбиеленушілерге қозғау салатын күштерді, олардың
қажеттерін, сеп-түрткілерін, өмірлікжоспарлары мен құндылықты бағыт-
бағдарларын терең білуге тәуелді.
Тәрбие үдерісінің бағыты мен нәтижесіне сыртқы қарама-қарсылықтар да
күшті ықпал жасайды. Мысалы, мектеп пен отбасы, педагог пен ата-аналар
арасындағы келіспеушіліктер осы сыртқы қайшылықтардың нақты дәлелі. Тәрбие
барысында кезігетін көптеген қиыншылықтар астарында халықтың "молданың
айтқанын істе, істегенін істеме" дегеніндей, адам аузынан шыққан лебіз бен
оныңжасаған қылығыныңжарасым-ды болмауы жатыр.
Тұлғаның әлеуметтенуінің, тәрбиеленуінің, дамуының жалпы жүйесіндегі
оның ерекшеліктері мен міндеттері, қызметтері.
Тәрбиеші міндеті - тәрбиелік ықпалдардың баршасын өз мойнына артып,
үдеріс басшылығын жеке өз қолына топтастыру емес. Керісінше, педагог іс-
әрекеті неғұрлым демократизм мен шығармашылық еркіндікке негізделсе, оның
ұйымдастыру және бағыттау күш-қуаты да әсерлі келеді. Үдеріске байланыс-ты
шарттар мен жағдайлар ескерілсе, өз әрекеттерінің сал-дарын мұқият талдап,
одан дұрыс қорытынды шығара алса, тәрбиеші қызметі әрқашан табысқа
кенеледі.
Оқу-тәрбие аймағындағы қайта құрулар, демократияластыру мен
гуманизациялау идеялары мектеп өмірінен шынайы орын тауып, қарапайым
адамилық сезімдердің - балаға қамқорлық, сүйіспеншілік пен мейірімділік -
үстем болған күнінде ғана іске асуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңдағы
тәрбиеші алдында тұрған аса маңызды міндет-тәрбиеленушіні педагогикалық
ықпалдарды шын көңілімен қабылдауға ойыстыру. Педагогикалық бағыттау өте
әдіпті, жайбарақат, елеу-сіз, мүмкіндігінше баладан жәсырын жүргізілгені
жөн. Бала тәрбиесіне төнген тоқпақ болмай, оған достық ниет, лебіз біл-діре
тәрбиелеу қажет.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болуы-жас ұрпақтар тәрбие
мәселелерін жаңаша ойлап жаңаша құруды талап етеді. Яки тәрбиенің мазмұнын,
мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңашалау қажеттігі
туып отыр.
Тәрбие мазмұны бойынша халықтың ғасырлар бойы жинақталған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтарға беру, оның жас ұрпақтарға,
қоғамға қажеттігін ескеру болып отыр.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер
бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырған уақытта отбасы тәрбиесінен бастап әрбір
баланы жеке тұлға ретінде танып, оның өзіне тән қасиетіне, санасын,
қабілетін ескере отырып, тәрбие жұмысында мына төмендегі міндеттерді жүзеге
асыруға тиістіміз.
Қазақ халқының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдетғұрпы арқылы жас
жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін тәрбиелеу.
Ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау,
олардың қабілетін дамытуға жан-жақты жағдай жасау.
Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру,
сұлулыққа, тазалыққа үйрету. Адамзат қоғамында бұрын-сонды жасалған мәдени
мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай
білуге тәрбиелеу.
Жас ұрпақтарға мемлекеттік белгілердің мәнін терең білуге, оны
қүрметтеп сыйлай білуге, "бостандық", "теңдік", "демократия" деген
сөздердің мағынасын жеке түсініп, оны өмір жүзіне асыруға ат салысуға
тәрбиелеу.
Қоғамдық тәртіпті, заң ережелерді бұзушыларға төзбестік білдіру, еңбек
дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, қазақ жастарынан техника тетігін
еркін меңгерген жұмысшы мамандарын тәрбиелеуге баса көңіл бөлу.
Ұлттық ойын, дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін
жолға қою.
Елін қорғай алатын, елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды
тәрбиелеу.
Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі
тәрбиелеуге дағдыландыру.
Жастардың бойына ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру,
озара сыйластық-достық негізде өмір сүруге тәрбиелеу.
Жоғарыда көрсетілгендей тәрбиенің мақсаты мен міндетгерін көрсетумен
қатар, оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру ірге тасын қалайтын
мынадай негізгі қағидалар ұсынылады.
Тәрбиенің мазмұны оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі-
адамгершілікке, имандылыққа арқа сүйеуі қажет. Үздіксіз тәрбиенің негізгі
ұлттық тәлім-тәрбие. Жас ұрпақтың тәрбиесін іс-әрекет пен қарым-қатынас
арқылы жүзеге асыру қажет.
Тәрбие жүйесінің барлық салалары, сатылар бір-бірімен сабақтас,
үздіксіз жүзеге асырылуын талап ету, қамтамасыз ету.
Осы аталған тәрбие мазмұнын, мақсатын, міндеттерін терең түсіне отырып,
негізгі қағидаларды басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру
тәрбиешілерді көздеген мақсатына жеткізеді.
1.2.Тәрбие үдерісінің құрылымы
Тәрбие үдерісі қапай жасалатыны, оның ішкі құрылымы қандай екенін білу
оңай емес. Себебі бұл үдерістің ете күрделілігінен оның құрылымдық өлшем-
шектеріде сан-алу-ан. Тәрбие құрылымын ажыратып тануда біз осы
үдерістің мақсаттары мен міндеттерін, тәрбие үдерісінің мазмұнын, оның өту
жағдайларын, тәрбиеші мен гәрбиеленуші ара-қатынастарын, тәрбиелік істе
қолданылған әдістер мен фор-маларды, үдерістің уақыт шектеріндегі даму
кезеңдерін арқау етіп жүрміз. Аталған құрылымдық негіздердің кейбірінің
сипат-тамасын берейік.
Тәрбие үдерісінің құрылымы өз мақсаттары тұрғысынан шешілуі
тиіс міндеттер бірізділігімен белгіленеді. Осы таңдағы бастауыш мектеп
тәрбиесінің бағыттары төмендегідей:
- жан-жақты, үйлесімді дамыған адам қалыптастыру;
- жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның адамилық сапаларын
тәрбиелеу;
- оқушыларды ғылыми, мәдени, көркем өнерлік құнды-лықтарға араластыру;
- қоғамда болып жатқан демократиялық жаңалану мен тұлға құқықтары
және міндеттеріне сәйкес өмірлік көзқарас, бағыт тәрбиелеу;
- оқушы мүмкіндіктері мен ниеттерін, қогам талаптарын бір-лікті
ескерумен оның бейімділігін, қабілеттерін және қызығу-ұмтылыстарын дамыту;
- жеке тұлғалық және әлеуметтік мәнді, көп түрлі қызмет, іс-
әрекеттерді ұйымдастыру;
- тұлғаның әлеуметтік аса маңызды қызметі - қарым-қатынасын дамыту.
Өз даму барысында тәрбие үдерісі белгілі сатылардан өтеді. Тәрбие
үдерісінің бірінші сәтысы - оқушылардың өзінен талап етілген қалыптар мен
әрекет-қылық ережелерін түсініп, угуы. Бұл талап орындалмай, көзделген
тұлғалық әрекет-қылық қалыптасуы мүмкін емес.
Гуманистік педагогика тұжырымы: балапарға нені, не үшін және не себепті
осылай істеу керектігін жалықпай, шыдам-мен түсіндіру қажет. Әрекет-қылық
қалытарын игерудің негізгі жолы осы.
Білімнің нанымга айналу қажеттігі - басқаша емес, нақты осы әрекет-
қылық типінің қажетгігін түсінуден. На-ным - өмірлік басшылыққа алынатын
белмлі принциптер мен дүниетанымға негізделген тұғырлы көзқарастар шоғыры.
Наным болмаған жерде тәрбие үдерісі қауқарсыз, дамуы баяу-лап, ұнамды
нәтижеге жете бермейді. Тәжірибе көрсеткендей, бала кіші жастыңөзінде көп
нәрсені біледі, мысалы, мұғаліммен сәлемдесу керек, бірақ кей балалар мұны
істемейді. Себеп: білік бала жанының азығы - наным деңгейінде меншіктел-
меген. Тәрбие алғашқы "білім" кезеңінде тоқырап, "наным" кезеңіне жетпей
қалған.
Сезімталдық тәрбиесі - тәрбие үдерісінің түпкілікті де аса маңызды және
бір элементі. "Сезімсіз адам - кесек, ма-хаббатсыз адам - есек" - деп ұлы
ғұлама А. Науаи айтқандай, адами көңіл шарпулары, яғни эмоция жұтаң ортада,
ақиқат ізденісі жоқ, тіпті болмайды да. Ал балалық шақтағы көңіл сезімі -
әрқандай әрекет-қылықтың қозғаушы күші. Сезімді әрлендіре, әрі оны арқау
етумен тәрбиешілер көзделген талап-тар мен ережелердің дұрыс та тез
қабылдануын қамтамасыз ете алады.
Алайда, тәрбие үдерісінің басты кезеңі - іс-әрекет қаншама ғанибет
сұхбат, кеңес, түсіндірулер мен уағыздар болғанымен, олардан түсер нәтиже
жоқтың қасы. Егер бала өз еркіндігін дербес жәрия ету мүмкіндігінен
ажыралса, егер ол қателесіп, сұріне "маңдайын жарға ұрмаса", егер ол іс-
әрекетке тікелей араласып тәжірибе топтамасы, әрекет-қылықтың көзделген
нұсқау-талаптарын ұқпайды. Осыдан да балаларға барын-ша мол ақылға сай
еркіндік беріп, олардың қылық-әрекетін іспен байланыстыра, білдірмей әрі
әдептілікпен түзетіп, рет-теп бару қажет. Тұрмыста, мектеп тәжірибесінде
бұл тәрбие кезеңі таза күйінде дербес өтпейді, ол әрдайым көзқарас, на-ным,
сезімдерді қалыптастыру істерімен бірге орындалып ба-рады. Тәрбие үдерісі
құрылымында педагогикалық мақсатқә сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылған
бала іс-әрекетіне, тәжірибелік жұмыстарына неғұрлым көп мән берілсе, тәрбие
тиімділігі соғұрлым арта түседі.
Сонымен, тәрбие үдерісі барша кезендерді өтуі тиіс, сон-да ғана ол
тиімді. Ал нәтижелілікке сүйеніш болар кезеңдер - білім, наным, сенім -
тұрмыстық іс-әрекетпен ажыралмас байланысты болуы заңдылық.
Білім беру технологиялары және оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу
жолдары.
Білім беру технологиялары жөнінде мынандай түсініктер бар
Білім беру технологиясы – бұл-
1. Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үрдісін суреттеу И.П.
Волоков
2. Оқу үрдісін жүзеге асырудын мазмұнды техникасы В.П.
Беспалько
3. Өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу
әдістерінің жиынтығы. В.М. Шепель және т.б.
Педагогикалық технология – ғылымда оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші
және оқытуда пайдаланатын әдістердің, принциптердің жүйесі, сондай-ақ
оқытудың нақты үрдісі ретінде қызмет атқарады.
Педагогикалық технологияның құрылымы:
1. Тұжырымдамалық негізі.
2. Оқытудың мазмұнды бөлімі.
3. Оқытудың жалпы және нақты мақсаты.
4. Оқытудың материялдық мазмұны.
5. Білім беру үрдісін ұйымдастыру.
6. Мектеп оқушыларының оқу қызметінің әдістері мен тәсілдері.
7. Мұғалімдердің жұмыс жүргізу әдістері мен формалары.
8. Білім беру және оны меңгерту үрдісіндегі мұғалімнің
басқарушылық қызметі.
9. Білім беру үрдісін диагностикалау.
Білім беру технологиясында негізгі объект және субъект баланың
жеке басы.
Жеке бас қасиетінің құрылымдық деңгейлері төмендегіше:
1. Темпераменттік деңгей.
2. Психологиялық ерекшелік деңгейі.
3. Жеке басының бағыттылық беңгейі.
Білім беру технологияларын енгізу жолдары:
1. Оқушылардың білім, білік, дағдысын, қалыптастыру.
2. Ақыл-ойын дамыту.
3. Жеке бастың эстетикалық- өнегелілік ортасын қалыптастыру.
4. Жеке бастың өзіндік басқару механизмін қалыптастыру.
5. Жеке бастың практикалық - әрекет ортасын қалыптастыру.

ұйымдастыру әдістемесі
В.А Сухамлинский оқушылардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына
ерекше назар аударып: “Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру
арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін”, - дейді.
Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал
ету факторларын жасайды. Сондықтан педагогикалық әрекетте мектептің жалпы
міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың
маңызы ерекше.
Бүгінгі мектептің ата-аналармен жұмысның кейбір дәстүрлі түрлері
өзінің маңызын жоюда: ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-
аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орнымен байланыс, баланың отбасына
бару т.с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы
тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер
мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып
отыр. Әсіресе мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен
ынтымақтастық қарым қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала
тәрбиесіне олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.
Сондықтан да ата –аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-
қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс,
өйткені , олардың өз балаларынтәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектп
ұжымдарының оқу тәрбие жұмыстарының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу –
тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы
мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата-анамен жүргізетін жұмысының осы екі жақтың байланысы мен
әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен
сынып – жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы
ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы
тәбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысна байланысты.
Мұндай жағдай да отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде
метеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан сынып жетекшісінің оы
бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өз-ара
қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікте, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол
үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй, мен жағдай жасау. Оны нітижелі шешу
мүмкіндігі, егерде тәрбие жұиысының негізінде сол ынтыақтастық әрекет оын
алған жағдайда ғана болады. Ол өзар сенім мен құрмет, өзара көмек пен
қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы
тиіс.
Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді
қажет етеді. Әсірее сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны
оқушылардың ата-аналармен тығыз болған жағдайда ған талапқа сай жұмыстар
жүргізуге болады. Сол үшінде ата-аналар өз тарапынан мектепке көмектесуге
міндетті.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық істеуі мақсатты түрде өте
ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол, үшін отбасыны және оның отбасы
тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан- жақты әрі жүйелі зерттеуді
қажет етеді.
Олай болса сынып жетекшісіеің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі
неде?
- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді
шеуде ортақ көз- қарастың болуы;
- баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін
тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
- баланың әлеметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын
ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды
жүзеге асыру үшін;
- баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді
және нәтижелі ұйымдастыруда;
- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналармен
жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;
- баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі
үшін,;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі
өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді бріктіру үшін;
- сынып жетекшісі, оқушылармен ата-аналардың жағымды көңіл- күйін,
өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда
т.с.с.
Осыдан барып мектеп пен жанұя жағымды факторларға негізделген өзара
қызметінің маңыздылығы түсінікті.
2.Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен
міндеттері.
1.Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасыны,
ондағы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін, жанұяның жеке
басқа ықралын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай- күйін
анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз
ету.
Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-бір мінез – құлық
нормаларын үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске
ұйымдастыру.
3.Ата-аналар қжымын құру. Бұл күрделі, әрә жаупкершілігі мол маңызды
міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау,
оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау
жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
4.Ата –аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі
арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын
ұйымдастыру. Бұл бағытта баспа сөз беттерінде, радио, көгілдір экран
арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда,
семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларда, ата-аналар
жиналыстарында педагогиалық білімдерді насихаттау.
1.4.Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшінің қызметі
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы
тиіс.
1.Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесімен және әдістемесімен
таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы
мәселеге байланысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.
Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы
және тәсәлімен, тәрбие жоспарымен таныстырды. Ата-анамен бірлесіп оны
жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ
беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін шақыру мүмкіншілігі
қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері ,
мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына
қатысты мәселермен ата-аналарды таныстырады.
2. Ата-аналармен педагогикалық психологилық ағарту жұмыстарын
ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және
психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы
мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі
мектеп жағдайында ата-анлардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл
олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктердің болмауына сенімдерін
орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық- психологиялық зерттеулер нәтжесі
ата-аналардың педагогикалық –психологиялық мәдени деңгейлерінің
төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және
ата-аналардың оған деген сұранысы күнннен-күнге артуда.
Осы орайда , әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар
және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау.
Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ат-аналармен педагогикалық және
психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі
формаларды атаймыз.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу
ортасын кеңейту, оқу тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан
тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әректтер барысында мұғалімдер, ат-
аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді.
Мекте тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың
формаларын қолданылады :
- сабақтан тыс әртүрлі шараларға қатыстыру (мәдени жорық,
саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.) ;
- жалпы мектеп көлемінде өтілетін дәстүрлі шараларға
қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы,
халықарлық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысын өткізу,
т.с.с.);
- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге , апталықтарға,
ата-аналардың ашық есік күніне т.б.
- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу ( еңбек
адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау
жұмыстары ) ;
- өздерінң мамандықтарына сай факультатив және үйірме
жұмыстарын ұйымдастыру;
- балалардың аула клубтарын құруға;
- мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына;
- мектептің және сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы
көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруғ;
- мектептің неиесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру
және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқыл материалдық көмек көрсету
т.б.
4.Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-сихологиялық
кеңес беру.
Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған
мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.
5.Ата-аналар белсенділермен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық
ұйымдармен, жұртшылықпенөзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы
жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір
бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңкс беру,
қолғабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық
жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға,
мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына
қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады.
Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің
осы бағыттағы жұмысына жатып жатады.
Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп
көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдармен де мектепке қатысты жалпы
мәселерлерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті
,кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.)
3. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен
әдістері
Ата-аналармен өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға
отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне
қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері
түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекісінің ата-аналармен
педагогикалық жұмыс жүргізуі , оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы
міндеттелінеді.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде “ата-аналарды тәрбиелеу” деген
Ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне
қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың
педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша
,әр елде , сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу
жұмыстарының нәтижесіне сай ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы
қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл-кеңестерін,
практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-
кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ған қажет емес, сонымен бірге
отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы
бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде ,
біріншіден, педагогикалық білімдерді жинауға, екіншіден, олардың өздерінің
тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың
тәрбиешілік өз әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын
міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін ,
ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен
дәрістер ұйымдастыру, мәслихат өткізу секілді жұмыстар барысында
атқарылады.
Ата-аналармен жеке кездесу
Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп
өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды шақыру
арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата –аналармен әңгімелесудің
барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен
бейімділігі, отбасы мүшелерімен ,жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік
алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі
,қоғамдық жұмыстарға белсенділігі кейбір қылықтары жайлы мәліметтермен
таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген
тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық еңес береді.
Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы зор. Ата-аналармен
сөйлесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды
,тәртібі де жамна емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ.
Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте
қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі
жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға
тура келеді.
Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық
кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының борышы,
нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні
олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті
педагогикалық кеңестер алады.

2.1.Тәрбие жұмысының формаларын таңдап алу әдістемесі
Тәрбие оқу проці секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі
процес. Егерде тәрби жұмысының формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі
педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: Тәрбие жұмысының
формасы, Тәрбие шаралары, тәрбие ісі т.б. Соған орай педагогикалық
энциклопедия сөздігінде форма ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме
берілген:
1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. Белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т.с.с.
Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы тәрбие жұмысның формасы деген
ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан
қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің
мазмұнда өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі
бір құндылық ретінде (зияттық, құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық,
адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы
әрекеттестіктің қарым қатнастары ашық жарияланады.
Тәрбие жұмысының формасы оқушылардың нақты тәрбие әрекетін
ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы
істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін ,
дайындық және өткізу технологиясын, пндогоикалық талдауын анықтайды.
Тәрбие шарасы топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие
жұмысын жеке бір актісі ретінде қарастырылады (Н.Е. Щуркова бойынша ).
Тәрбие ісі ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық
әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады – үлкендердің (мұғалімдер,
ата-аналар, жай қатысушылар) және тәрбиеленушілердің (И.П.Иванова бойынша).
2. Тәрбиені ұйымдастыру формасы.
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық –
бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің мақсаттылығы, мәні және
мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына
тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі
формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды
шығармашылыпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс
әрекеттері нақты мақсатты көздейді. Белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы
қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б.
Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас,
оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін
барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты
нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, Адамға музыка не үшін қажет? -
пікірталас, Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды- тәрбие сағаты,
Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым - дөңгелек үстел, Батыл да,
күшті, ептілер - спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы
қаншалықты әртүрлі болған сайын соншалықты мақсатқа жету және тәрбие
міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие
процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын
жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың
жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс әрекеттері
түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.

Сабақтан тыс тәрбие жүмысының танымдық әрекеті баланың танымдық
қызығушылығын, оқуға жағымды тудыру, оқу дағдысын жетілдіруді көздейді.
Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқадай формадақолданылады. Мысалы,
"Не? Қашан? Қайда?"- викторина ойыны немесе мұражайға, көрмеге саяхат
т.с.с.
Көңіл көтеру әрекеті. Ол балалардың құнды демалысын ұйымдастыру,
жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай көңіл күйі, жолдастық-
ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісуін болдырмау үшін нәтижелі.
Дегенмен де сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық және көңіл көтерушілік
әрекеттері өзара жиі байланыста болады. Мысалы: әртүрлі байқаулар,
конкурстар, викториналарды атауға болады.
Спорттық-сауықтыру әрекеті. Балалар үшін сабақтан тыс тәрбие жүмысының
осындай әрекеті олардың толыққанды денсаулығы хМен дене бітімінің үйлесімді
дамуы үшін қажет. Спорттық-сауықтыру әрекеті табиғатқа саяхат
жасау, спорттық, жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы
жүзеге асады.
Еңбек әрекеті. Ол еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс береді:
тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзіне-өзі қызмет көрсету.
Әрекеттің бүл түрі мүғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады. Дегенмен де
оның күш қайрат жұмсауы оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек
әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жүмысының нәтижесіне бағытталады.
Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін және өзін танып білуге деген
құштарлығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz