ҚР Конституциясы ғылым мен ғылыми шығармашылық туралы



1. ҚР Конституциясы ғылым мен ғылыми шығармашылық туралы.
2. Ғылымның даму заңдылықтары.
3. Ғылымның жіктелуі.
4. Ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері, оның мақсаты мен міндеттері.
Педагогикалық іс-әрекет – шығармашылық іс-әрекет. Күнделікті үлкен және шағын мәселелерді шешіп отыратын әрбір мұғалім - зерттеуші, ізденуші. Осы тұрғыдан қарағанда ғылыми іс-әрекет, адамның басқа іс-әрекеті сияқты қандай да бір үлгілерді қайта тудырумен байланыстырылады.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жақандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы – білім беру жүйесін жетілдіру, елдің интеллектуалдық потенциалын көтеру.
Бұл өз кезегінде зерттеуді, зерттеу мақсаты мен бағдарламасын, оны ұйымдастыру принциптерін анықтайды.
Ғылыми- педагогикалық зерттеу мазмұны мен әдістерін меңгеру үшін арнайы көмекші құрал қажет етеді.
Ұсынылып отырған курста педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздерін, ғылыми аппараты мен логикалық құрылымын, зерттеу нәтижелерін өңдеу және ғылыми жұмыстарды безендіру, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және пайдалану, оны оқу – тәрбие процесіне ендіруге, оқытудың тиімділігін арттыруға себебін тигізеріне назар аударылады.
Сондықтан, педагог тарапынан ғылыми зерттеу принциптері мен зерттеу әдістерін меңгеру, пайдалану оның практикалық іс-әрекетін ғылыми практикалық іс-әрекетке айналдырады, ғылым мен практиканың нақтылы жағдайына талдау жасауға мүмкіндік береді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. ҚР Конституциясы ғылым мен ғылыми шығармашылық туралы.
2. Ғылымның даму заңдылықтары.
3. Ғылымның жіктелуі.
4. Ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері, оның мақсаты мен міндеттері.

Ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері, оның мақсаты мен міндеттері.

Педагогикалық іс-әрекет – шығармашылық іс-әрекет. Күнделікті үлкен
және шағын мәселелерді шешіп отыратын әрбір мұғалім - зерттеуші, ізденуші.
Осы тұрғыдан қарағанда ғылыми іс-әрекет, адамның басқа іс-әрекеті сияқты
қандай да бір үлгілерді қайта тудырумен байланыстырылады.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жақандану ағысына енген еліміздің
алдында тұрған міндеттердің бастысы – білім беру жүйесін жетілдіру, елдің
интеллектуалдық потенциалын көтеру.
Бұл өз кезегінде зерттеуді, зерттеу мақсаты мен бағдарламасын,
оны ұйымдастыру принциптерін анықтайды.
Ғылыми- педагогикалық зерттеу мазмұны мен әдістерін меңгеру үшін арнайы
көмекші құрал қажет етеді.
Ұсынылып отырған курста педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздерін,
ғылыми аппараты мен логикалық құрылымын, зерттеу нәтижелерін өңдеу және
ғылыми жұмыстарды безендіру, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және
пайдалану, оны оқу – тәрбие процесіне ендіруге, оқытудың тиімділігін
арттыруға себебін тигізеріне назар аударылады.
Сондықтан, педагог тарапынан ғылыми зерттеу принциптері мен зерттеу
әдістерін меңгеру, пайдалану оның практикалық іс-әрекетін ғылыми
практикалық іс-әрекетке айналдырады, ғылым мен практиканың нақтылы
жағдайына талдау жасауға мүмкіндік береді.
Педагогика және психологияң мамандықтарының мемлекеттік жалпыға
міндетті жоғары кәсіптік білім стандартына сәйкес болашақ маман
төмендегідей минимум білім, біліктілік пен дағдыны игеруі тиіс:
- ғылыми проблеманың пайда болуын;
- жаңа білімнің қажеттілігін;
- проблеманың шешілуі мәселелері жөнінде бағыт-бағдары;
- ғылым әдіснамасы жөнінде түсінігі;
- теория мен практиканың диалектикалық бірлігін;
- зерттеу логикасын түзе білуі;
- зерттеудің жұмысшы жоспарларын түзе білуі;
- педагогикалық эксперименттердің түзілімін;
- зерттеу аппаратын және зерттеу әдістемесін анықтауды;
- әлеуметтік зерттеу негіздерін пайдалануды;
- материалдарды өңдеудің математикалық тәсілдерін игеруді;
- әдебиеттермен жұмыс істей білуді;
- зерттеу мазмұнының жазылу тәсілдерін меңгеруді.
Жоғары оқу орындарында болашақ педагогика және психология мамандарын
дайындаудағы орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында дидактикалық
зерттеу әдістері, жалпы ғылыми таным мен шығармашылық методологиясы
жөніндегі мағлұматтар негізінде педагогикалық зерттеу бағыты мен оны
таңдау, зерттеу логикасын түзу, педагогикалық эксперименттерді жүргізу
әдістер, зерттеу нәтижелерін өңдеудің математикалық тәсілдерімен таныстыру
негізгі мақсат болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің курсы студенттерге педагогикалық
зерттеу негіздерін ұсынуға мүмкіндік беретін төмендегі міндеттерді шешуді
қарастырады:
- ғылыми педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері және
әдістерімен таныстыру;
- болашақ мұғалімдердің зерттеу іс-әрекетіне бейімділігін және оқу-
тәрбие міндеттерін шығармашылықпен шешу біліктілігін қалыптастыру;

- студенттерге ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін меңгерту;
- педагогикалық эксперименттерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу
дағдыларын қалыптастыру:
- зерттеу жұмысының нәтижелерін өңдеу және алынған деректер мен
мәліметтерді ғылыми жұмыс түрінде безендіру дағдыларын қалыптастыру
(баяндама, курстық және дипломдық жұмыстар, хабарлама, мақала жәнет. б.)
- студенттерді ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық
негіздерімен қаруландыру;
- студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемесімен
таныстыру, қаруландыру;
- студенттерде ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында әртүрлі
ақпараттық көздермен жұмыс жасауды, ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау
және өңдеу дағдыларын қалыптастыру;
Ғылым — адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің
бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында Ғылым сол қоғамның маңызды
әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның
басты мақсаты — Ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы
мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Ғылым дамуының негізгі бағыттары. Ғылым адамзат қоғамының ерте
дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы
ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл. Мысыр,
Үндістан. Қытай) болашақ Ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары
калыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады. Онда
алғаш қоршаған орта туралы бүтіндей тұтас жан-жақты танымдық жүйе
қалыптастыруға ұмтылыс болды.
Бірақ, бұл нақты теориялық білім болды, оның объективтілігі, логикалық
көңілге қонымдылығы бірінші орынға шықты. Ежелгі Грекияда дамыған Ғылым
(Аристотелъ және т.б.) қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет
тарихында ұлы рөл атқарды; олар тұтастай алғанда дүниетанымды білдіретін
бұрынғы абстрактілік ұғымдар жүйесіне танымдық кызмет тәжірибесін енгізді,
дүниетанымның объективті, табиғи заңдылыктарын тұрақты іздестіруді дәстүрге
айналдырды, Ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы
дәуірде натурфилософиядан білімнің кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі
грек Ғылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Евклид), механика (Архимед),
астрономия (Птолемей) жеке Ғылым салалары түріне бөлініп шықты. Орта
ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары елеулі
үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда калыптасқан ғылыми таным жетістіктерін
сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста
әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" деп таныды. Орта
ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда
философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т.б. Ғылым салалары
қауырт дамып, бұл қүбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды.
Ғылымның қалыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия мен астрология
дамуы болды.
Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе жасау арқылы зерттеп,
химияның қалыптасуының алғышартын жасады. Астрология аспан денелерін
зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал етті. Қайта өрлеу дәуірінде
діннің басымдылығы әлсіреді, Ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып,
дүниетанымның негізгі тірегіне айналды.
Сондай-ақ, Ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының
көкжиегін кеңейте түсті. 16-17ғ. Ғылымда болған терең өзгерістер алғашқы
Ғылым революцияға алып келді.
Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы рөлінің
артуы, жаңа дәуірде Ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде тануға көптеген
философиялық мектептер мен бағыттардың Ғылымға қарап бой түзуіне ықпал
етті. Қоғамдық өмір құбылыстарын тану саласындағы өзгерістер діннің "табиғи
бастауын" іздеу, құқық, мораль, т.б. "адам табиғаты" туралы түсініктер
бағытындағы ізденістерден көрініс тапты.
Механикадағы жетістіктер Ғылымның аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің
механикалы бейнесі туралы түсінік калыптастыруда шешуші рөл атқарып, кейін
әмбебап дүниетанымдық маңызға ие болды.
Ғылымның дамуына қазіргі кезеңдегі философиялық дүниетанымдық базасы
диалекті-логикалық тұжырымдама болып табылады.
Ғылымның "өсу нүктесі" оның ішкі даму логикасы мен қазіргі заманғы
адамзат коғамының көпқырлы әлеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты.
20 ғ-дың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты,
онда ДНК-ның молекулалық кұрылымы белгіленіп, генетикалық кодтары
айқындалды. 20 ғ-да Ғылымның даму қарқыны оның түрлі салаларының ұштасып,
қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарда шешуге бағытталған
мәселелерде (материалдар мен энергияның жаңа көздерін қалыптастыру, адам
мен табиғат қатынастарын тиімділендірудің үлкен жүйелерді басқару, ғарыштық
зерттеулер. т.б.) ерекше байқалады.
Ғылымның өз заңдарын ашуға бағытталған қызметі — түсін-діру мен болжау
болып табылады.
Заңды ашу жолындагы ізденіс зерттелу үстіндсгі нысанның маңызды емес,
екінші қатардағы қасиеті мен байланысынан алшақтауды, оған назар
аудармаудан талап етеді, басқаша айтқанда оны "таза" күйінде қарастыру
қажет. Ғылымдағы абстрактілеуді субъективті тәсіл деп ұғуға болмайды. Оның
Ғылымдағы рөлі зерттелудегі ақиқатқа кол жеткізуге жәрдемдесуімен
анықталады.
Ғылымды ұйымдастыру мен басқару. Ғылымды әлеуметтік институт ретінде танып,
ұйымдастыру ісі 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада алғашқы
ғылыми қоғамдар мен академиялар пайда болып, ғылыми журналдар жарық көре
бастауымен тікелей байланысты қолға алынды. Бұған дейін Ғылымды дербес
әлеуметтік құрылым ретінде сақтау және дамыту ісі, кітаптардың көмегімен,
дәріс беру арқылы, ғалымдардың қарым-қатынасы, өзара сұхбаты, хат алысуы
арқылы жүрді.
19-20 ғасырларда Ғылымды ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қалыптасты. Қуатты
техникалық базасы бар, ірі ғылыми институттар мен лабораториялар пайда
болды. Олар ғылыми қызметті қазіргі өнеркәсіптік еңбекке жақындатты.
Қазіргі заманғы Ғылым қоғамдағы барлық әлеуметтік қатынастармен жан-жақты
байланысып жатыр, бұл байланыс тек өнеркәсіп арқылы ғана емес. Саясат,
әкімшілік және әскери салаларда да көрініс тапты.
Жаратылыстану және техника ғылымдармен қатар, қазіргі қоғамда гуманитарлық
және әлеуметтік ғылымдардың да маңызы күннен-күнге артып келеді. Осының
негізінде жаратылыстану техникалық және әлеуметтік ғылымдардың жақындасуы
арта түсуде. Қазақстанда ғылымдарды ұйымдастыру алғашқыда әр түрлі ғылыми-
зерттеу мекемелерінде шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 ж. Қазақстан ҒА
құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институттарының бірыңғай тұтас жүйесі
қалыптасты. ҒА құрылғаннан бергі жарты ғасырдан астам уақытта онда үлкен
зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді;
ұйымдастыру құрылымы қалыптасты. Қазақстан Республи-касы Президенті
Н.Назарбаевтың 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен республика ғылым академиясы
Қазақстан Ұлттық ҒА болып кайта құрылды. Ұлттық ҒА-ның аймақтық төрт
бөлімшесі құрылған: оңт. бөлімше — Шымкентте, шығыс бөлімше — Өскеменде,
батыс бөлімше — Атырауда және орталық бөлімше — Қарағандыда. Қазақстанда
ғылымның соңғы он жылда даму ерекшелігі қалыптасқан экономикалық құрылыммен
байланысты болды. Ғ-ды мемлекет тарапынан басқару жүйесін жетілдіру,
еліміздің әлеум.-экон. өзгерістері тұсында оның рөлін арттыру, ғалымдарға
мемл. қолдау көрсету шаралары жүзеге асырылды. Тәуелсіз мемлекетте
сараптаудан конкурстық негізде өткен қолданбалы және іргелі зерттеулер
бағдарламалары мақсатты түрде қаржыландырылып келеді. Қазакстан
Республикасындағы ғылымды басқару мен ұйымдастырудағы бұл жаңа бастамалар
ғылымды басқару мен ұйымдастыруға қойылатын халықаралық стандарт
талаптарына үндеседі.
Ғылым республикалық ғылыми әдебиеттер баспасы. Қазақстан ҒА Төралқасының
шешімімен 1946 ж. Алматыда үйымдастырылған. 1992 жылға дейін "Наука"
баспасы аталған. Алғашқыда редакциялық баспа кеңесін Қ.Сатбаев басқарды.
Тұңғыш директоры — Б.Я. Нинбург. 1948 ж. 17 қарашада Қазақстан Ғылым
Академиясының дербес баспасы ретінде қайта құрылды. 1962 ж. Баспа,
полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік қызметке қарасты
ғылыми әдебиеттер шығаратын баспаға айналды.
Негізінен ғылыми монографиялар мен жеке және ұжымдық ғылыми-зерттеу
жұмыстарын, ҰҒА-ның журналдарын, ғылыми-көпшілік. көркемдік сондай-ақ,
танымдық әдебиеттер, әр түрлі салалық сөздіктер мен анықтамалықтар
шығарады. 1946 — 2000 жылдар аралығында "Ғылымнан" қазақ, орыс. ұйғыр және
басқа халықтар тілдерінде 31 млн. астам данамен 13307 кітап пен журналдар
жарық көрді. Абай, Ш.Уәлиханов. Қ.Сәтбаев, т.б. ірі тұлғалардың
шығармалары, ғылым және өнер қайраткерлерінің еңбектері, 10 томдық "Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі", "Дала уәлаятының газеті", т.б. сияқты іргелі
еңбектер — "Ғылым" баспасы жұртшылыққа ұсынған рухани құндылықтар. Баспа
шетел-дік әріптестерімен тығыз кәсіби байланыс орнатқан.

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері және ғылыми
ізденістің жалпы әдіснамасы.
Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жалпы идеясы педагогикалық еңбектің
ерекшілігіне сәйкес өзгереді, жаңартылады. Педагогикалық еңбек – бұл еңбек
түрлерінің бірі, мұндай еңбекте мұғалім мен оқушылар бірлесіп әрекет
жасайды.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру –бұл ынтымақтастық
педагогикасы негізінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істейтін жұмыстары
нәтижелі болу үшін жағдай жасау. Ал еңбек бұл нақты мақсатқа сәйкесті
адамның іс-әрекеті. Іс әрекетінің бастысы дене, ақыл-ой еңбегі,
материалдық және рухани еңбек, ойын, оқу т.б.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бұл қазіргі ғылым мен озат
практика жетістіктерінің нәтижесінде негізделген еңбекті ұймдастырудың
жетілдіру процесі.
Оқыту мен тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру және жетілдіру, еңбек
іс-әрекетінде уақытты, күштерді, әдістер мен құралдарды барлық
қатысушылардың толық және тиімді пайдалануы –педагогикалық ұжымның тікелей
міндеті. Бұл мәселелерді еңбек процесінде іске асыру интенсификациялау,
ізгілендіру мен гуманитарландырудың диалектикалық ұштасуы жағдайында ғана
мүмкіншілік алады. Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бұл
интенсифициялау, ізгілендіру мен гуманитарландыру бірлігі.
Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің бүкіл саласы қайта құру жағдайында
педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар
аударылуда. Солардың ішінде басты мәселелердің бірі мұғалім шығармашылығын
дамыту дәрежесі.
Педагогикалық шығармашылық -бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат
тәрбиені жасау, тұтас педагогикалық процесс проблемаларын шеберлікпен шешу,
оларды педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие процесін
шығармашылықпен іске асыру.
Халыққа білім беру жүйесіндегі озат оқу тәрбие мекемелерінің іс-
тәжірибесі еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мынандай негізгі бағыттарын
анықтап жүзеге асыруда:

1.Мектептің және басқа да оқу орындарының жоспарлау және есепке алу
жұмыстарын жетілдіру.
2.Мектеп басшыларының міндеттерін дұрыс бөлу. Мысалы: мектеп
директорының міндетіне педагогикалық ұжымға басшылық ету, кадрларды іпіктеп
алу, дұрыс орналастыру және тәрбиелеу, сыныптан және мектептен тыс
жұмыстарды бақылауды іске асыру, озат педагогикалық тәжірибе, кәсіптік
бағдар беру жұмысы, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ата-аналармен,
жұртшылық пен жұмыс істеу жатады. Сонымен бірге ішкі тәртіп ережесін,
қауіпсіздік техникасын қорғау мәселелерін де қамтамасыз етеді. Бұл
жұмыстарды демократиялық және жариялылық принципі негізінде басқарады.

Сонымен, халыққа білім беру жүйесіне еңбекті ғылыми ұйымдастыруды
кеңінен енгізудің барынша мүмкіншілігі және қажеттілігі арта бермек.

Мектеп жұмыстарының ішінде ең басты мәселердің бірі –педагогикалық
ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау қажет. Мектеп жұмысын
меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға директор және оның оқу-
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін
педагогикалық принцип негізінде іске асырады.
Мектептерде педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және
шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірбие оқыту мен
тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу обьектісі, фактілермен ғылыми мәнді
жинақтардың негізгі көздерінің бірі сондықтан педагогика озат тәжірбие оқу
тәрбие жұмысын дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай әр бір
мұғалім еліміздегі жаншыл ұстаздардың бай тәжірбиесін белгілі педагоктар
мен психолоктардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп өз ісінде шеберлікпен
пайдаланудың жолдарын қарастырады. Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен
әдістерін зерттеуде мұғалімнің өз тәжірбиелерден өзі зерттеп жинақтау ісі
әрі қиын әрі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойлайтындай зерттеп практикада
дәлелдеу өзіне байланысты мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты
мәселелерді таңдап алады да олардың тиімділігін сабақтардың немесе тәрбие
жұмысының барысында бақылап терең зерттейді. Зерттеу жұмыстарын
материалдарға талдау жасап қорытындылап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық кәсіп пен оның қазіргі қоғамдағы рөлі
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері, жүйесі
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандытары
Конституциялық құқық саласы ретінде
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі
Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Пәндер