Алаш арыстары



1 Құдайбердіұлы Шәкәрім
2 Мағжан Жұмабаев
3 Жүсіпбек Аймауытов
4 Байтұрсынұлы, Ахмет
5 Міржақып Дұлатұлы
Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсету де Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Құдайбердіұлы Шәкәрім
Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы,
композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік
әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-
саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам
табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсету де
Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың
Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес
жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті
жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей
тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының
төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес,
оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады.
Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: Әкеміздің бір шешесінен туған
Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша
ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі
еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып,
насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім. Кезінде арнайы оқу
орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының
жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ
арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс
тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды
мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен
түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе
түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі
түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері
тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан
адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып
өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы
адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.
Шығармалары
Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер,
Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Нартайлақ-Айсұлу сияқты оқиғалы
дастандар, Әділ-Мәрия романы жөне басқа да прозалық туындылар,
аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911
ж. Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі, 1912 ж. Семей қаласындағы
Жәрдем баспасынан Қазақ айнасы, Қалқаман-Мамыр, Жолсыз жаза яки кез
болған іс, Енлік-Кебек, Үшанық, Мұсылмандық шарты, Ләйлі-Мәжнүнт.
б. шығармалары жарық көрді. 1978 ж. Ленинградта шыққан Поэты
Казахстанадеген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде
басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. Жалын баспасынан жарық көрді.
Шәкәрімнің бір өлеңі:

Біреу сені мақтаса, қуанасың,
Жамандаса, жабырқап суаласың.
Мақтаған кім, сөккен кім — онда ісің жоқ,
Бәрібір сен де елірме дуанасың.

Дос мақтасса, не пайда онан саған,
Дұшпан сөксе, не кемдік көрдің жаман?
Шын сөзбенен мақтаса иә боқтаса,
Мақтау — пайда, зиян ба жамандаған?

Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі.
1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде
туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен Мағжан төрт жасынан хат
таниды. Қызылжардағы М.Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы
бітіреді.
1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды.
1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың
көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң Мағжан
Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен
үздік аяқтайды.
Семинарияны бітірген соң "Алаш" партиясын құруға қатысады.
Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында шығармашылық өнімді еңбекпен
шұғылданады. Әйгілі "Батыр Баян" поэмасын жазады, баспасөзде біраз
дүниелері жарық көреді.
1923-1927 жылдары М.Жұмабаев Мәскеуде жоғарғы әдеби- көркемөнер
институтында оқиды. Бұл жылдары орыс, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп
оқиды.
Бостандық
Жер жүзін қан басқанда,

Көбігі шығып аспанға,
Жын жолдас боп адамға,
Туралық, теңдік ұмытылып,
Інжід, құран жыртылып,
Жатқанда жерде - табанда.
Қызыл қанға мас болып,

Жүрегі қара тас болып,
Айрылып естен адамзат,
Ұмытып мейрімді иесін,
Сойып салық түйесін,
Тәңірісі боп Лат, Манат,
Жүргізіп ібіліс әмірін,
Жауыздық жайып тамырын,
Өршіп өтірік, дұшпандық...
.Көк есігі ашылды,

Жұмақ нұры шашылды,
Келді ұшып бостандық.

Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті
жазушысы,драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы
Қызыл ту, қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Шығармалары
Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-
1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш арыстарының әдеби және ғылыми мұрасының қазіргі рухани жаңғырудағы маңызы
Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны
Алаш арыстары және әдебиет
Алаш идеясы бастау алған Алаш қоғалысын зерттеу
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
АТАҚТЫ “БЕСЕУДІҢ” БІРІ ТУРАЛЫ
«Қызыл қырғын» құрбандары
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН - АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ
Пәндер