Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері ... ... 9
1.1 Қылмыс объектісінің түсінігі ... ... ... ...9
1.2 Қылмыс объектісінің түрлері ... ... ...12
1.3 Қылмыс объектісінің қылмысты саралаудағы рөлі және маңызы ... ..15
2 Қылмыс объектісінің белгілері ... ... ... .21
2.1 Қылмыс объектісінің міндетті белгілері ... ... ...21
2.2 Қылмыс объектісінің факультативті белгілері ... ...27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... .31
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык катынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет [1, 5 б.].
Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің мемлекетіміз демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы, құқық қорғау органдарының маңызы ерекше.
Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері тұр.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы “Жеті жарғы”, 1999 – 424 бет.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Оқулық құрал – Алматы: ЖШС “Баспа”, 2000 – 176 бет.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжрибесі туралы” 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).
Негізгі әдебиеттер:
1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім – Алматы: Жеті жарғы, 2000 – 520 бет.
2. Бұғыбайқызы Д. «Қылмыстық құқық» Жалпы бөлім. Алматы 2003
3. ҚР қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы,2001
4. Т.Ә.Бапанов. ҚР қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім және Жалпы бөлім. Альбом схема. Алматы 2001.
5. Даубасов Ш. //Қылмыскерді ұстап беру бойынша көп жақты халықаралық құқықтық механизмдерге Қазақстан Республикасының қатысуы/Хабаршы №2, 2003 ж.
6. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001
8. Наумов А.В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.
Web-сайттар:
www.google.kz
www.zakon.kz
www.refkaz.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қылмыс объектісінің түсінігі мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1 Қылмыс объектісінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
1.2 Қылмыс объектісінің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

1.3 Қылмыс объектісінің қылмысты саралаудағы рөлі және маңызы ... ..15
2 Қылмыс объектісінің
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1
2.1 Қылмыс объектісінің міндетті
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 21
2.2 Қылмыс объектісінің факультативті
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .27
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз
демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады.
Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық
саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык
катынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға
бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет [1, 5 б.].
Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге
асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің мемлекетіміз
демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады.
Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы, құқық
қорғау органдарының маңызы ерекше.
Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде
құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу,
орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын
мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің
бір болып саналады.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде
құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды
міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да
жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды
жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан
айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды
жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық -
нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру
міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың
дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен.
Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі
тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз
өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық
қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең
басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып
табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар
көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі
бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің
мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс
беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық
нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды
реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың
мүдделерін ажыратады.
Қылмыстық құқық –бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пәні
болып табылады.Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде,оның құқықтары мен
бостандықтарын,қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.Қылмыстық құқық пәні негізгі
принциптерімен тығыз байланыста болады.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады.Бірінші жалпы бөлім – қылмыс
пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық
жауаптылықтың негізі және одан босату,қылмыс құрамының түсінігі,жаза
мақсаты және жүйелері және жазадан босату мәселелері зерттеледі.Екінші
бөлім –нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза
түрлері көрсетіледі.Осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты
құрайды.Қылмыстық құқық функциясы (құрылымы) құқық саласының жеке саласы
болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен бірге тығыз байланысты.Жалпы және
арнаулы функция.
Қылмыстық құқықтың міндеттері.Адам мен азаматтардың
құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін,меншікті, қоғамдағы тәртіп
пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚРКон құрлысы мен аумақтұтастығын,
қоғам мен мемлекет заңмен қорғалатын мүдделерін қылмысқа қол сұғушының
бейбітшілік пен адамзаттың қауыпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың
алдын-алу негізгі мендеттері б.т. Қылмыстық заң басты міндеттерінің бірі
қылмыстан сақтандыру б.т. Қылмыстық құқық жалпы арнаулы сақтандыру
функцияларын жүзеге асырады.Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез-
келген қылмысты істеуге тыйым салу, тақты қылмысты істеген адамдарға әділ
жаза тағайындауды белгілеу арқылы жүзеге асырады. Арнаулы сақтандыру
қылмыстық заң тыйым саған әрекет әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық
құқық нормалар арқылы белгілейтін тиісті ықпал ету шаранын қолдану ретімен
іске асырылады.
Қылмыстық құқықтың қағидалары.Заң шығарушыға,ғылымға, құқық қорғау
қолдануоргандары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы
қажетті,негізгі міндетті ережелердің көрінісі б.т. Оларға: заңдылық, жеке
жауаптылық,ізгілік азаматтың алдындағы қылмыстық жауаптылықтан
құтылмайтындық кіреді.
Заңдылық қағидасы- Парламентпен Президент қабылдаған қылмыстық заңның
құқық қолдану тәжірибесінде заң нормаларын қабылдау арқылы жүзеге
асырылады.
Жеке жауаптылық қағидасы- адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана
қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) үшін жауапқа тартылады.
Ізгілік қағидасы- ең алдымен қылмыстық заң арқылы азаматтардың жеке
басын, олардың өмірін, денсаулығын, құқығын қылмысқа қол сұғушылық қорғау
б.т.
Азаматтардың заң алдында теңдігі- ҚРКон заң мен сот алдында жұрттың бәрі
тең деп аталған.
Әділеттілік қағидасы.- ең алдымен қылмыстық заң өзінің әділ болуы
істеген қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның әділ болуы қажет.
Қылмыстық заң түсінігі- ҚР Конституциясына сәйкес Республика Парламенті
қабылдаған құқықтық акт болып табылады.Қылмыстық заң міндеттері
–бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін ,адам мен азаматтардың
құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін ,қылмысты алдын-ала алу болып
табылады.
Қылмыстық заңның кеңістіктегі әрекеті- қылмыстық кодексінің 6 бабы, 7
бабы, 8 бабына сәйкес жүзеге асырылады.ҚР қылмыстық заң күші Республиканың
кез-келген аумағында объектіде істелген қылмыстық іс-әрекеттің бәріне де
қолданылады. Қылмысты ұйымдастырушы ,айдап салушы немесе көмектесуші шет
елде,орындаушы ҚР аумағында іс әрекет істесе немесе қылмысқа қатысу ҚР
аумағында ал қылмысты орындау шет елде орын алса,қылмыс ҚР аумағында
істелген деп танылады.
ҚК 4 бабы іс әрекеттің қылмыстылығы және жазаланушылығы сол іс әрекет
жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді.Қоғамға қауіпті
әрекет жүзеге асырылған уақыт,зардаптың басталған уақытына
қарамастан,қылмыс істелген уақыт деп саналады.Яғни,зардаптың қашан
болғанына байланыссыз істелген іс-әрекеттің уақыты болып іс-әрекеттер
жүзеге асырылған жыл,ай,күндер және сағаттар есепке алынады.
Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт,
қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа
заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-
әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық
нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік
сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын
орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың
сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге
жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған
өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың
ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды
жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі
айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың
нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып,
заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта
заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл
түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде
қылмыстық қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда
қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып
табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық
істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады.
Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей
байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі
бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының
мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса,
екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған
сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып
табылады. Бұдан шығатын қорытынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде
құқықтық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты
қолдануда ерекше маңызға ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық
заңды түсіндіру әрдайым оны қолданумен байланыстырылады және заңды
қолданудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі ретінде қарастырылады.
Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі ұғымға сүйенеді және солар
арқылы көрініс табады: 1) қылмыстық заңды қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық
нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты саралау - яғни іс-әрекет белгілерінің
қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестендірілуі.
Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде бір
мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген
құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады.
Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын
мәселелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, негізгі бөлімнен,
қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын курстық жұмыстың
құрылымы жасақталған. Біздің курстық жұмысымыздың негізгі міндеттерінің
бірі қылмыс объектісінің мазмұнын ашып, жан-жақыт қарастырып, оның түрлері
мен қылмыс объектісінің қылмыс құрамын саралаудағы маңызын қарастыру,
қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы және оның қылмысты саралаудың заңды
негізі ретіндегі табиғатына талдау жасап, зерттеу жүргізу болғандықтан біз
қылмыс құрамының жекелеген элементтері немесе олардың белгілері турасындағы
қазіргі заманғы құқықтану ғылымындағы пікірталастарды тереңірек талдау
міндетін қойғанымыз жоқ. Сондықтан біз өз жұмысымызды орындау барысында осы
уақытқа дейін теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған,
зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған категориялар
мен концепцияларды басшылыққа алдық. Сондай-ақ, отандық авторлардың
еңбектерінен, интернет веб-сайттарының беттерінен мәліметтер қорын жинау
барысында ізденісімді арттырып, Қылмыс объектісі атты курстық жұмыс
тақырыбымның ауқымын аша түстім деп есептеймін.

1 Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
1.1 Қылмыс объектісінің түсінігі

Қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деп
аталады.
Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде қылмыс
ұғымымен қатар бір мәндес ретінде қылмыстық қол сұғушылық ұғымы да жиі
қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір
нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық
қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.
Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы
ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық
қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен
азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық
құрылысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат
қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол
сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол
қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік
жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды
қоғамдық қатынастар танылады.
Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және
саралау процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың
орындалысының барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін
ескеру қажет.
А) Жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік мән-жайлары,
қылмыстың жалпы құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект,
субъективтік жағы бойынша жүйеленеді және топтасырылады яғни аталған құрам,
нақты қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық
негіз қызметін атқарады.
Б) Жасалған іс-әрекетпен барынша ұқсас болып табылатын нақты
құрамның заңды белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары да аталған төрт
элемент бойынша жіктеледі.
Тек логикалық заңдарын, оның категорияларын және тәсілдерін
пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі
қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой
қорытудың жемісі болып табылады.
Қылмыстық заңнама өзінің нормаларымен қоғамдық қатынастарды
қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Кез-келген қылмыс қоғамдық
қатынастарға қол сұққандықтан қоғамға тұтастай қауіп төндіреді. Сонымен
қатар қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдар арасындағы қатынастар және адам
аталған қатынастардың қатысушысы болып табылады. Сондықтан адамның жеке
басына, меншікке, қоршаған ортаға қол сұға отырып қылмыскер осы
құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғады. Қылмыстық
құықтың көптеген теоректиктерінің пікірінше қол сұққаны үшін ҚК-те
Жауапкершілік қарастырылмаған қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып
табылады.
Басқаша айтқанда қылмыскер неге қол сұқса, не нәрсе қылмыстық
заңмен қорғалса неге залал келсе немесе залал келуі мүмкін болса қылмыс
объектісі дегеніміз сол болады. А.Н. Трайниннің айтуынша Еш нәрсеге қол
сұқпайтын қылмыстың табиғатта болуы мүмкін емес. Бұл аксиома – дәлелдеуді
қажет етпейтін айқын шындық.
Қылмыстық-құқылық теорияда қылмыс объектісінің үш мүшелік
жіктелуі қабылданған (жалпы, топтық, тікелей)
Уақыт өте келе бұл пікір Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов және М.И.
Федоровтармен сынға ұшырады. Олардың алғашқы екеуі оқулық және ғылыми
әдебиеттерде тікелей объект топтық объектімен қосылып кетеді деп негізді
түрде санады. М.И. Федоров керісінше – объектілерді сыныптау барысында
олардың санын азайтуды жақтады. Оның ойынша қылмыстың жалпы объектісі
ұғымынан тіптен бас тарту қажет себебі ол ешқандай мазмұны жоқ қоғамдық
өмірдің құбылысы болып ғана табылады. Сондықтан криминалистер үшін жалпы
объект ешнәрсе бермейді және қылмыстық юстицияда ешқандай маңызға ие
болмайды.
Объектілерді сыныптау мәселесінде Н.И. Коржанскийдің ұстанған
позициясы назар аударарлық жай. Ол Б.С. Никифоров пен Е.А. Фороловтың
объектілерді сыныптаудың үш мүшелік жүйесімен келіспей оны жарамсыз деп
санайды және объектілерді сыныптаудағы өз үлгісін ұсынады.
Атап айтқанда Н.И: Коржанский жазған қылмыс объектілерін
вертикал бойынша сыныптау төрт сатыға ие болады: 1) жалпы объект (құқық
тәртібі – қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы); 2) топтық объект
(қоғамдық өмірдің бір өрісін құрайтын біртектес қоғамдық қатынастардың жеке
тобы – меншік, жеке адам); 3) түрлік объект (бір түрдегі қоғамдық
қатынастар – өмір, жеке меншік); 4) тікелей объект (нақты қоғадық қатынас –
И.И. Ивановтың өмірі, Е.Е. Егоровтың жеке меншігі т.б).
Бұдан байқайтынымыз жалпы, топтық және тікелей объектілер
сыныптаудың үшмүшелік үлгісіндегіге ұқсас. Алайда қылмыстың жаңа объектісі
түрлік объект енгізілген

1.2 Қылмыс объектісінің түрлері

Қылмыстық құқық ғылымында мұндай бөлінудің негізгі (критериясы)
болып,1-ден іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі,2-ден қылмыс
құрамының сипатталу тәсілі ,3-ден қылмыс құрамының құрылысы есепке
алынады.Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрам
негізі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары болып бөлінеді.Қылмыс
құрамы тәсіліне қарай жай қылмыс құрамы,күрделі қылмыс құрамы және балама
қылмыс құрамы деп бөлінеді.жай құрам дегеніміз яғни,бір объектісі және
объективтік жағы ғана болуы мүмкін.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объектісі деп-қылмысты қол
сұғушылықтан заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір
істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян
келтіреді немесе зиян келтіру қауіпін туғызады.Сондықтан да қылмыстық құқық
ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы объектісі
деп таниды.Қылмыс объектісінің түрлері: жалпы,топтық,тікелей болып
бөлінеді. Қылмыстың жалпы объектісі деп,қылмыстық заң нормасы арқылы
қорғалатын қатынастардың жиынтығын айтамыз.Топтық объектісі деп,қылмыстық
қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас
қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады.Тікелей объектісі
деп,қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше
қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз.
Көп жағдайларда қандай қылмыс құрамын сипаттау барысында объекті ретінде
қоғамдық қатынастар емес, олардың материалдық көріністері немесе қоғамдық
қатынастарға түсушілердің белгілі бір құндылықтары және солар әлде қандай
қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылады. Қылмыстың тікелей
объектісі қылмыстың нақты құрамын түсіну үшін, бұзылған қоғамдық
қатынастардың мәнін, іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен
дәрежесін анықтау үшін маңызды мәнге ие болады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың тікелей объектісін негізгі,
қосымша және факультативтік қылып айырып, бөледі. Бұл өмірдің нақты
талабынан туындайды: көптеген криминалды әрекеттер немесе әрекетсіздіктер
бір уақытта бірнеше объектіге қол сұғады және олар белгілі бір шамада кейде
органикалық түрде өзара байланысты. Мысалы бұзақылықта қоғамдық тәртіпке
қол сұғу – негізгі объект, азаматтың денсаулығы ар-намысы факультативті
объект, қарақшылықтың барысында – меншік негізгі объект, жәбірленушінің
денсаулығы – қосымша объект болып табылады. Бұл жағдайда негізгі тікелей
объекті әрекетті ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен саралау үшін
бірінші кезекті және шешуші маңызға ие болады. Көрсетілген объектіні
анықтау қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастардан әлеуметтік – мемлекеттік
маңыздылығына сай жүргізіледі, қандай қоғамдық қатынастарға залал
келетіндігіне тәуелді болады және берілген қылмыстық әрекетпен қоғамдық
қатынастардың қай түріне әрқашан залал келтіретіндігі есепке алынады.
Қосымша және факультативтік объектілердің арасындағы айырмашылық
мынада: қосымша объект екі объектілі (көп объектілі) қылмыс құрамдарында
болады, ал факультативтік объекті (бірақ әрдайым емес) жай құрамды
қылмыстарды жасау барысында болады. Мысалы әрбір бұзақылық әрекеттің
барысында жеке адамға, меншікке қол сұғу бола бермейді.
Қол сұғушылықтың факультативтік объектісі жасалған іс-әрекетті
саралауға ықпал етпейді бірақ оның қауіптілігін арттырады және осы қылмыс
үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабының санкция-
шегінде жаза тағайындау барысында сотпен міндетті түрде есепке алынады.
Объектінің берілген түрі келтірілген залалдың орнын толтыру туралы мәселені
қарағанда да ескеріледі. Кей кездерде қылмыстың объектісін дұрыс анықтау
үшін қылмыстық заты маңызды рөл атқарады. Мысалы, дәріханадан дәрілік
құраладар ұрланған кезде ең алдымен қандай дәрілік құралдар ұрланғаны
жөнінде сұрақ қойылады: наркотикалық дәрілер ме, әлде басқа ма? Бірінші
жағдайда қылмыстың объектісі халықтың денсаулығы (ҚК 260 б.), ал
екіншісінде меншік (ҚК 175 б.) болды. Осындай жолмен ҚК-тің көрсетілген
баптарындағы қылмыс құрамдары бір-бірінен ең алдымен қылмыстың заты бойынша
ажыратылады.
Қылмыстық құқықтың теоретиктерінің көпшілігі қылмыстың затын құрамның
факультативтік белгілеріне жатқызады, себебі кейбір қылмыс түрлерін жасау
барысында қылмыстың заты қылмысты саралауға ықпал етпейді. Мысалы, ҚК-тің
258 бабы бойынша тағылық ретінде сараланатын әрекеттердің біреуі көліктегі
немесе басқа да қоғамдық орындағы мүлікті қасақана бүлдіру саналады.
Кінәліні ҚК-тің көрсетілген нормасы бойынша жауаптылыққа тарту мәселесін
шешу барысында қандай мүлік бөлінуге ұшырағаны маңызға ие болмайды. Кейбір
қылмыс құрамдарында қылмыстың заты тіптен болмайды. Мысалы адам өлтіру,
зорлау, жала жабу, сотты құрметтеу, қашқындық т.б. Қылмыстың заты объектіге
не қылмыс құрамының басқа да элементтеріне жатқызылмайды. Ол қылмыс
құрамының басқа белгілерінің арасында өзіндік орынға ие болады.
Кінәлі тұлға оған әсер ете отырып жеке адамға, қоғамға,
мемлекетке, қоғамдық қатынастардың субъектісінің қызметіне залал келтіретін
материалдық дүниенің нәрселерінен құралатын қылмыстың заты қылмысты
саралауға ықпал ете алады және қылмыстық жазаны тағайындау барысында есепке
алынады.

1.3 Қылмыс объектісінің қылмысты саралаудағы рөлі және маңызы

Қылмысты объектісі бойынша саралау басқа элементтері бойынша
саралау сияқты, бірінші кезекте аталған элементке кіретін белгілерді
анықтау қажет, олар іс-әрекетті саралауға қалай ықпал етеді және қандай
маңызға ие, яғни әрбір қылмыстық әрекет объективтік және субъективтік
ерекшеліктері бар әртүрлі белгілерге ие болады, алайда олардың барлығы
бірдей қылмыс құрамының тиісті белгісі болып табылмайды және қылмысты
саралау үшін маңызға ие болмайды.
Қылмыстық-құқықтық саралауды жүргізу процессінде қол сұғудың
жалпы объектісін анықтау жасалған құқыққа қарсы әрекет құқық бұзушылықтың
қай тобына жататындығын анықтауға бағыттылған.
Қылмысты саралау барысында қол сұғушылықтың топтық объектісін
анықтаудың маңызы жоғары. Ондай жағдайда нақты тұлғаға жасаған іс-әрекеті
үшін қолдануға қажетті ҚК-тің нормасын Қылмыстық кодекстің өн бойынан
іздеуге тура келмейді.
Топтық объектіні анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің ішінен
ұқсастықты табу қажеттілігін, теңдестіруді білдіреді. Кейбір құрамдарда
топтық және тікелей объектілер ұқсастыққа ие болады. Мысалы ұрлықта олар
меншік, бұзақылықта қоғамдық тәртіп болып табылады.
Қылмыс объектісінің маңызы мынада, оның көмегі арқылы басқа
жағынан ұқсастығы бар іс-әрекеттерді ажырату мүмкін болады. Мысалы судьяны
қорлау әділсот органдарының қалыпты қызметіне қол сұғу ретінде ҚК-тің 342
бабы арқылы жауаптылықты туындатса, ал өкімет өкілін қорлау басқару
тәртібіне қол сұғу ретінде 320 бап бойынша жауапқа тартылады. Келтірілген
мысалдан топтық объектіні анықтау барысында қылмыстан жәбірленуші тұлғаның
кім болғаныныңда маңызға ие екендігін байқауға болады.
Қылмыстық қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтауда қылмыс
субъектісінің белгілері де аз рөл атқармайды. Мысалы, денсаулыққа қасақана
орташа ауырлықтағы зиян келтіру ҚК-тің 104 бабы бойынша жауаптылыққа
тартылады. Бұл жағдайда қылмыстың топтық объектісі болып жеке тұлға
табылады. Бір әскери қызметшінің екіншісіне қатысты жасаған нақ сол
әрекеттері ҚК-тің 370 бабы бойынша жауаптылықты туындатады, аталған
жағдайда әскери қызметті өтеу тәртібіне қол сұғу орын алады. Ендеше өзара
ұқсастығы бар көрсетілген қылмыс құрамдары топтық және тікелей объектілері
бойынша айырмашылықтарға ие болады. ҚК-тің Ерекше бөлімінде осындай ұқсас
құрамды қылмыстар аз емес.
Тікелей объектіге қатысты айтсақ оны анықтау ҚК-тің Ерекше
бөлімінің тиісті тарауының ішіндегі қылмыстарды ажыратуға бағындырылып және
қызмет атқарады.
Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі.ҚК 78б.1.бөлігіне сәйкес
Кәмелетке толмағандар деп,қылмыс жасаған кезге қарай,жасы 14-ке
толған,бірақ 18 толмаған адамдар танылады.Яғни,қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу болып табылады.Кәмелетке
толмағандардың психологиясын ескере отырып,оған қылмыстық жауаптылықтың
ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-
бір жолы болып табылады.Кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы
жөнінен толық жетілмегендігін есекре отырып,оларды арнаулы қамқорлыққа
алуының көрінісі болып табылады.
Қылмыстық жауапкершіліктің есі дұрыс еместіктің критериялары
ҚК 16 бабында есі дұрыс еместіктің түсінігі берілген. Яғни психикалық
ауру,кемақылдығы немесе психикасының өзге дертке ұшырауы,т.б қылмыстық
жауаптылыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс объектісінің түсінігі
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыстық құқық объектісінің түрлері
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыс құрамының ұғымы
Контрабанданы үшін қылмыстық жауаптылық
Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар
Қылмыс объектілерінің түрлері
Қылмыс объектісі
Пәндер