Қазақстандағы ұжымдастыру туралы ақпарат



1 Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты
2 «Кіші Қазан» курсы
3 Отырықшыландыру, қазақ байларын тәркілеу
4 «Қазақ ұлтшылдарын» жазалау
5 Пайдаланылған әдебиет
Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді. Ал 1921— 1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың мұндай сипат алуы 1923 жылы 17—22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясында анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті.
Бұл іс жүзінде Қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде орталықтан берілген нұсқау еді. Сонымен бірге ұлт мәселесінде «ұстамдылыққа» шакырған орталық, оның есесіне тапаралық қатынастар мәселесінде ымырашылдыққа жол бермеуге, қазақ кедейлерінің «әлі оянбаган таптық түйсігін» шайқап, оларды байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл казақ қоғамында үлес салмағы болар болмас (0,5%-ға да жетпейтін) байлар табына және олардың меншігіне «қызыл гвардиялық шабуылға» өтуге жасалған даярлықтың көрінісі еді.
1. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы ұжымдастыру
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу

Мазмұны
1 Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу
саясаты
2 Кіші Қазан курсы
3 Отырықшыландыру, қазақ байларын тәркілеу
4 Қазақ ұлтшылдарын жазалау
5 Пайдаланылған әдебиет

Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты

Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер,
бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да
орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан
қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп
кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының
шамамен бестен бір бөлігі еді. Ал 1921— 1922 жылдардағы ашаршылық қазақ
қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың
санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып
жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-
ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси
мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың мұндай сипат алуы
1923 жылы 17—22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия
ұйымының III конференциясында анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы
Орталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының
орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде
ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас
тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап
етті.
Бұл іс жүзінде Қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде
жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және
басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде
орталықтан берілген нұсқау еді. Сонымен бірге ұлт мәселесінде
ұстамдылыққа шакырған орталық, оның есесіне тапаралық қатынастар
мәселесінде ымырашылдыққа жол бермеуге, қазақ кедейлерінің әлі оянбаган
таптық түйсігін шайқап, оларды байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл казақ
қоғамында үлес салмағы болар болмас (0,5%-ға да жетпейтін) байлар табына
және олардың меншігіне қызыл гвардиялық шабуылға өтуге жасалған
даярлықтың көрінісі еді.
Орталық пен оның Қазакстандағы өкілдерінің мұндай ұстанымына ашық қарсылық
көрсеткен жеке қазақ басшылары аз болған жоқ. Солардың бірі — Смағұл
Сәдуақасов қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтармен тым әуестенушіліктің
жағымды нәтиже бермейтіндігін, қазақ шаруаларының сол тарихи кезеңде таптық
қанаудан емес, жұмыссыздықтан, шаруашылығын жандандыруға қажет қаржының
жоқтығынан азап шегіп отырғандықтарына, яғни ендігі уақытта елдің
революциялық сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж екенін түрлі дәреже-
деңгейде дәлелдеуге тырысты.
Сондай-ақ С.Сәдуакасов қазақ байларымен күресті төтенше революциялық
шаралар арқылы емес, бейбіт әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуді ұсынды.
С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, Ы.Мұстанбаев, Ж.Мыңбаев, С.Қожанов сияқты қазақ
саяси қайраткерлерінің бұл ортак ұстанымын большевиктік басшылық
социалистік құрылысқа қарсы көрсетілген жергілікті ұлтшылдардың қарсылығы
ретінде қабылдады. Ал ұлт қайраткерлері болса ендігі уақытта мұндай
ұстанымдарының ұлтшылдық пиғылдан емес, жергілікті өмір ерекшеліктерінен
туындап отырғандығын, соған байланысты өздерінің шынайы интернационализм
ұстанымынан ауытқымағандықтарын ылғи да дәлелдеп отыруға мәжбүр болды.

Кіші Қазан курсы

Голощёкин Филипп Исаевич
1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан
құрамына Сырдария және Жетісу облыстарының енуі, Орынбор қаласы мен
губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік құрылымына
өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і Адай уезі, Ақтөбе,
Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губернияларынан,
Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР Орталық атқару
комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы шешімімен астана Орынбордан Ақмешітке
көшірілді. Жаңа астанада 15—19 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V
съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалык билік тұсында бұрмаланып
қырғыз аталғанын ескеріп, халыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты
Қырғыз АКСР-і ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасы аталатын болды. Республиканың жаңа астанасы Ақмешіт каласының
аты (бұрынғы Перовск) Қызылорда болып өзгертілді.
Қазақ қоғамына алаш зиялыларының ықпалының артуынан қауіптенген орталық
билік республикадағы саяси тәртіпті қатаң бақылауға алу жолына түсті. 1925
жылдың 29 мамырында И.В.Сталин партияның Қазақ Өлкелік Комитетінің бюро
мүшелеріне Ақ жол газетінің саяси ұстанымына байланысты хатын жолдады.
Онда И.Сталин өзінің Ақ жол газеті материалдарымен танысып, жарияланған
материалдардың мазмұн жағынан шетелдерде жарық көріп жатқан Мұстафа Шоқай
мақалаларымен сабақтас, жақын екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік
басылымдарда орын берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді.
И.Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жөнінде болды. Кеңестік
басшы партияда жоқ ұлт зиялыларын саяси және идеологиялық қызметтерден
біржола аластатуды ұсынды.
И.Сталин хатынан соң Қазақстандағы саяси билікке ұлттык кадрларды тек
таптық тегіне қарап тарту кең етек алды. Сонымен бірге бұқара арасынан
іріктелген қызметкерлердің өзін ұлттық сезімі мен ұстанымына байланысты
жіктеу орын ала бастады.
1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді
жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге
арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге
емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес
салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ
бұқарасына казақша қызмет жасауға, сондай-ақ үлкен саясатқа емес, калың
қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек
екендігін тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған Кіші Қазан концепциясы
осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды.
Қазакстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн
беруге күш салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев,
Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған Кіші Қазан бағдарламасын қазақ
ауылында азамат соғысын тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ
қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов,
т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси
мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс,
негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.
Ф.Голощекин бастаған саяси басшылық казақ ауылын кеңестендіру жолында
тұрған негізгі кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20
мамырда Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі
аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы заң
қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы жылдың маусым және
шілде айларында бастап кетті.
Шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті:
жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық
кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін
жеткізуге мүдделі қызметкерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жеріндегі ашаршылық ерешеліктері
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Ашаршылық жылдары жазылған хаттар мен құжаттар
Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты
Солтүстік Қазақстанның өңірі ұжымдыстыру жылдарында
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Пәндер