Сөз тіркесінің түрлері



Маңызды мәселелердің бірі – сөз тіркестерін топтастыру мәселесі. «Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында» сөз тіркестері жаңаша топтастырылған. Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі және аралас сөз тіркесі болып үшке бөлінеді. Сөз тіркестерін бұлайша топтастыруда сөз тіркесінің құрамында сөздердің саны емес, оның қандай байланыстың негізінде жасалғандығы ескеріледі.
Жалаң сөз тіркесі деп сөздердің бір еселі, екі еселі немесе үш еселі байланысына негізделген тіркесін айтамыз. Жалаң сөз тіркестері екі мүшелі (мысалы: оқушыға беру, шөпті қораға тасу), төрт мүшелі (мысалы: шығарманы орысшадан қазақшаға аудару) болып бөлінеді. Мысалға келтірілген екі мүшелі, үш мүшелі, төрт мүшелі жалаң сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің бәрі де меңгеру арқылы байланысқан.
Жалаң сөз тіркестерінің негізінде күрделі сөз тіркестері мен аралас сөз тіркесі жасалады.
Күрделі сөз тіркестері екі немесе одани да көп жалаң сөз тіркесінің қосындысынан жасалады да, бір ғана ұйытқы сөзге келіп тірелетін әр басқа байланыстардың жиынтығына негізделеді. Мысалы: шығарманы қызығып оқу деген күрделі сөз тіркесі екі жалаң сөз тіркесінен (шығарманы оқу және қызығып оқу) құралып, бір ғана ұйытқы сөзге (оқу) келіп тірелетін екі түрлі байланыс – меңгеру (шығарманы оқу) мен қабысудың (қызығып оқу) түйісуіне негізделген.
Күрделі сөз тіркесі бір ғана ұйытқы сөзге тірелетін екі не одан көп әр басқа байланыс түрлерінің негінде жасалса, аралас сөз тіркесі әр басқа ұйытқы сөздерге тірелетін әр түрлі байланыстардың негізінде жасалады. Мысалы, мазмұнды шығарманы қызығып оқу деген аралас сөз тіркесі әр басқа ұйытқы сөздерге тірелетін әр түрлі байланытың негізінде жасалып, бірнеше сөз тіркестерінің түйісуінен құралған. Бұл аралас сөз тіркесінің құрамында мынадай сөз тіркестері бар: мазмұнды шығарма (қабыса байланысқан сөз тіркесі, ұйытқы сөзі – шығарма), шығарманы оқу (меңгеріле

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сөз тіркесінің түрлері

Маңызды мәселелердің бірі – сөз тіркестерін топтастыру мәселесі.
Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында сөз тіркестері жаңаша
топтастырылған. Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң сөз тіркесі, күрделі
сөз тіркесі және аралас сөз тіркесі болып үшке бөлінеді. Сөз тіркестерін
бұлайша топтастыруда сөз тіркесінің құрамында сөздердің саны емес, оның
қандай байланыстың негізінде жасалғандығы ескеріледі.
Жалаң сөз тіркесі деп сөздердің бір еселі, екі еселі немесе үш еселі
байланысына негізделген тіркесін айтамыз. Жалаң сөз тіркестері екі мүшелі
(мысалы: оқушыға беру, шөпті қораға тасу), төрт мүшелі (мысалы: шығарманы
орысшадан қазақшаға аудару) болып бөлінеді. Мысалға келтірілген екі мүшелі,
үш мүшелі, төрт мүшелі жалаң сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің бәрі
де меңгеру арқылы байланысқан.
Жалаң сөз тіркестерінің негізінде күрделі сөз тіркестері мен аралас
сөз тіркесі жасалады.
Күрделі сөз тіркестері екі немесе одани да көп жалаң сөз тіркесінің
қосындысынан жасалады да, бір ғана ұйытқы сөзге келіп тірелетін әр басқа
байланыстардың жиынтығына негізделеді. Мысалы: шығарманы қызығып оқу деген
күрделі сөз тіркесі екі жалаң сөз тіркесінен (шығарманы оқу және қызығып
оқу) құралып, бір ғана ұйытқы сөзге (оқу) келіп тірелетін екі түрлі
байланыс – меңгеру (шығарманы оқу) мен қабысудың (қызығып оқу) түйісуіне
негізделген.
Күрделі сөз тіркесі бір ғана ұйытқы сөзге тірелетін екі не одан көп
әр басқа байланыс түрлерінің негінде жасалса, аралас сөз тіркесі әр басқа
ұйытқы сөздерге тірелетін әр түрлі байланыстардың негізінде жасалады.
Мысалы, мазмұнды шығарманы қызығып оқу деген аралас сөз тіркесі әр басқа
ұйытқы сөздерге тірелетін әр түрлі байланытың негізінде жасалып, бірнеше
сөз тіркестерінің түйісуінен құралған. Бұл аралас сөз тіркесінің құрамында
мынадай сөз тіркестері бар: мазмұнды шығарма (қабыса байланысқан сөз
тіркесі, ұйытқы сөзі – шығарма), шығарманы оқу (меңгеріле байланысқан сөз
тіркесі; ұйытқы сөзі – оқу) және қызығып оқу (қабаса байланысқан сөз
тіркесі; ұйытқы сөзі – оқу). Орыс тілінде увлеченно читать интересную книгу
деген сөз тіркесі аралас сөз тіркесінен қатарына жатқызылады да, оның
құрамы былайша талданады: увлеченно читать, читать книгу, интересная книга.
Сөз тіркесіндегі ұйытқы сөздің қай сөз табынан болуына қарай, орыс
тіліндежалаң сөз тіркестері мен күрделі сөз тіркестері, етістікті сөз
тіркестері (ұйытқы сөзі – етістік), субстантивті сөз тіркестері (ұйытқы
сөзі – зат есім, есімдікті – зат немесе есептік сан есім), адъективті сөз
тіркестері (ұйытқы сөзі – сын есім, есімдікті – сын есім немесе реттік сан
есім) және үстеулі сөз тіркестері (ұйытқы сөзі – үстеу) болып бөлінеді.

Абайдың қарасөздері

90 жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен
жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген
өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық
түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөйлем
құрылымы, сөз саптау өзгешеліктері де осы мақсаттан туады. Көлемі шағын,
мазмұны, мағынасы мол, терең болып келеді. Кейбіркулері сұрау жауап
түрінде, өзімен өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.
Ақыры, ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ
ағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде – кім ішінен керекті сөз тапса,
жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры
осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Бірінші сөзінде Абай қара сөз жазудағы өз мақсатын осылай
түсіндіреді. Ол осы ойына келген нәрселер туралы жазуды соңғы өмірінің
мақсат мұраты тұтады. Сол арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл өнеге, өсиет, ғибрат
қалдыруды көздейді.
Абай қарасөздерінің жалпы саны 45. Олардың қайсысы болса да сол
дәуірдкгі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелерін сөз етуге арналады. Кейбір
сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін бірі толықтырып отырады.
Абайдың оқырманға ой тастап, тереңнен толғаған мәселесінің бірі
адамның адам болуға үйренуі, естілікке ұмтылуы, кәсіпке мойынсұнуы, дағдыны
дамыту жайлары.
Адам, – дейді ол Он тоғызыншы сөзінде, – ата анадан туғанда есті
болмайды: есітіп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды
дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің
айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке
өз іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе,
жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.
Адамның естіген, көрген нәрселерін есінде сақтап, өзіне өмір серігі
ете білуінің жолдарын ақын Отыз бірінші сөзінде айтады: Естілген нәрсені
ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ
керек. Екінші, сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек,
көңілденіп тұшынып ынтамен ұғыну керек. Үшінші сол нәрсені, ішінен бірнеше
уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші ой кесклді
нәрселерден қашық болу керек. Егер бір кез болып қалса, салынбау керек. Ой
кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір ғқайғыға салыну,
я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен
ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Ш.Уәлихановтың өмірі мен азаматтығы

Ш.Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын
бекетінде дүниеге келді. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат танығын ол
1847-1863 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды.
Шоқанның бүкіл келешегі ғылым, өнер жолында өз талантын ұштау болды.
Бұл онда әскери сабақтарға қоса жалпы Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс,
орыс әдебиеттері философиясы, физика, математиканы көп оқыған. Суретші де
бола білген. Бала Шоқанның сана сезімінің ерте оянып рухани өсіп жетілуіне
әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумасынан сезімтал дарынды балаға әжесі
халық даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Шоқан сурет салу өнерін
Құсмұрын бекінісіндегі тұрған орыстың суретші топографтары және
гедеозистерінен үйренген. Өз туған елінің табиғатынан ләззат ала білген. Ол
бала кезінде Ақмола, Баянауыл сахаралырын аралап, Баянауыл тауының
маңайындағы нағашыларына барады. Сол кездер есінен мәңгіге кетпестей болған
Шоқан корпуста оқып жүргенде досы Потанинге әңгімелеп береді.
Потаниннің айтқан пікірі: Шоқан өте алғыр да зерек, ойлы да күшті.
Ол таңдаулы ұстаздармен қарым қатынаста болып, бос уақытында түрлі орыс
әдебиетімен танысып, зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Ш.Уәлиханов және ауыз әдебиеті. Шоқан алғашқы әдебиетке араласқан
сәтінен бастап ақ қазақтың бай ауыз әдебиетінен сусындап өсті. Жай ғана
сусындап қоймай, ол осы қазынаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастыру
Есімді сөз тіркесі етістікті тіркес
Синтаксис жайлы түсінік, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Сөз тіркесі және ондағы өзгерістерді үйрету жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселелері
Сөз тіркесін зертеушілер
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселесі
Пәндер