Тәрбие жоспары және қойылатын талаптар



Тарбиелік жұмысты жоспарлау тәрбиелеу процесін табысты ұйымдастырудың қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұжымының және жекелеген оқушылардың дамуын жобалайды. Ол тарбиелеу Mіндemmepін белгілеп қана қоймай, оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыру жолдары мен турлерін де көрсетеді.
Жоспарсыз сыныптағы тәрбиелік жұмыстың мазмұны, түрлері мен әдістepi кездейсоқ факторлармен анықталып, стихиялық сипатта болады.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыс жоспары - міндетті педагогтік құжат. Оның жасалуы мен орындалуына сынып жетекшісі мектеп әкiмшілігі алдында жауапты. Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді.
Сынып жетекшілерінің тәжірибесінде жиі кездесетін жұмысты жоспарлау кезіндегі неғұрлым көп таралған қателер:
• балаларды терең ғылыми зерттеу мен қалыптасқан психологиялық-педагогикалық жағдайға негізделген нақты белгіленген мақсат пен тәрбиелеудің белгілі бip стратегиялық міндеттердің болмауы;
• дәстурлі жоғарыдан нұскқулар, ұсыныстар, жарлықтар, нақты белгіленген «шаралар» күту, соның салдарынан сынып жетекшісінің босбелбеулікке жол бepyi;
• жоспарлаудың қарадүрсінділігі (кебіне кездейсоқ істер тізімінен тұратын шығарыпсалма жоспарлар);
• балаларды жоспарлауға тарта білмеу;
• балалар ғaнa емес, педагогтің өзін де қызықтырмайтын, қалай болса солай жоспарланған icтep (мысалы, «сөзсайыс еткізу», «балаларды адамгершілікке тәрбиелеу», «Көгілдір отты» өткізу, т. б.).

Сынып жетекшісі тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не icmeyi керек?
Бipiншіден, балалардың жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу шарттарын (қалалар мен ауылдар, накты аймақ мүмкіндіктеріне, мектептің ерекшеліктеріне орай), мектептің педагогтар ұжымының мүмкіндігін ескере отырып мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек.
Екіншіден, балалар мен сынып ұжымын (олардың түсініктері мен ұғымдарын, икемділіктері мен қажеттіліктерін, даму деңгейлерін, байланыстары мен қарым-қатынастарын, т.б.), сондай-ақ өмip тарихтары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зepттeyi тиіс. Бұл екі жолмен жүзеге асырылады:
1) психологиялық-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, диагностикалауды, сауалнаманы пайдалану арқылы;
2) бастапқы күндерден бастап сынып жетекшісінің жұмыстарын: «білім күні», жексенбілік жорық, «танысу күні», бipiншi ата-аналар жиналысы, кабинетті керкейту

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ТӘРБИЕ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Тарбиелік жұмысты жоспарлау тәрбиелеу процесін табысты ұйымдастырудың
қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұжымының және
жекелеген оқушылардың дамуын жобалайды. Ол тарбиелеу Mіндemmepін белгілеп
қана қоймай, оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыру жолдары мен турлерін де
көрсетеді.

Жоспарсыз сыныптағы тәрбиелік жұмыстың мазмұны, түрлері мен әдістepi
кездейсоқ факторлармен анықталып, стихиялық сипатта болады.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыс жоспары - міндетті педагогтік құжат.
Оның жасалуы мен орындалуына сынып жетекшісі мектеп әкiмшілігі алдында
жауапты. Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді.
Сынып жетекшілерінің тәжірибесінде жиі кездесетін жұмысты жоспарлау
кезіндегі неғұрлым көп таралған қателер:
балаларды терең ғылыми зерттеу мен қалыптасқан психологиялық-педагогикалық
жағдайға негізделген нақты белгіленген мақсат пен тәрбиелеудің белгілі бip
стратегиялық міндеттердің болмауы;
дәстурлі жоғарыдан нұскқулар, ұсыныстар, жарлықтар, нақты белгіленген
шаралар күту, соның салдарынан сынып жетекшісінің босбелбеулікке жол
бepyi;
жоспарлаудың қарадүрсінділігі (кебіне кездейсоқ істер тізімінен тұратын
шығарыпсалма жоспарлар);
• балаларды жоспарлауға тарта білмеу;
• балалар ғaнa емес, педагогтің өзін де қызықтырмайтын, қалай болса
солай жоспарланған icтep (мысалы, сөзсайыс еткізу, балаларды
адамгершілікке тәрбиелеу, Көгілдір отты өткізу, т. б.).

Сынып жетекшісі тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не icmeyi керек?
Бipiншіден, балалардың жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу
шарттарын (қалалар мен ауылдар, накты аймақ мүмкіндіктеріне, мектептің
ерекшеліктеріне орай), мектептің педагогтар ұжымының мүмкіндігін ескере
отырып мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек.
Екіншіден, балалар мен сынып ұжымын (олардың түсініктері мен ұғымдарын,
икемділіктері мен қажеттіліктерін, даму деңгейлерін, байланыстары мен қарым-
қатынастарын, т.б.), сондай-ақ өмip тарихтары мен отбасындағы тәрбиелерін,
оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зepттeyi тиіс. Бұл екі жолмен
жүзеге асырылады:

психологиялық-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістемелерін,
диагностикалауды, сауалнаманы пайдалану арқылы;
бастапқы күндерден бастап сынып жетекшісінің жұмыстарын: білім күні,
жексенбілік жорық, танысу күні, бipiншi ата-аналар жиналысы, кабинетті
керкейту және жарақтандыру сенбілігін өткізу, т. б. шаралар жүргізу. Бұл
шаралардың барлығы балаларды, оқушылар ұжымы мен ата-аналарды жаксырақ
білуге кемектеседі.
Үшіншіден, оқушыларды жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары жетіп жатыр:
сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар (оқушылардан сұрактарға жазбаша
жауап алу), ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы, т.
б.
Төртіншіден, алда тұрган оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін зерттеу.
Бесіншіден, барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін
экскурсиялар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер
өткізу, т. б. қажетігін анықтау.

Сынып жетекшісінің жыл бойы жүргізетін жұмыстарының циклограммасы.

Күнделікті
Сабаққа кешігіп келетіндермен жұмыс және сабақта болмағандардың себебін
аныктау.
2. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
3. Сынып белмесінде кезекшілікті ұйымдастыру.
4. Оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасау.
Апта сайын
1. Оқушылар күнделіктерін тексеру.
2. Жоспар бойынша сыныпта шаралар етшу.
3. Жағдайға байланысты ата-аналармен жұмыс.
4. Жағдайға байланысты пән мұғалімдерімен жұмыс.
5. Оқушылар денсаулығына байланысты анықтама бойынша мектеп дәрігерімен,
медбикемен кездесу.
Ай сайын
1. Өз сыныбының сабақтарына қатысу.
2. Мектеп психологынан кеңес алу.
3. Шаруашылык мәселелерін шешу (тамақтану, жол жүру билеттері т.б.)
4. Белсенді ата-аналармен кездесу.
5. Сынып белсенділерімен жұмыс жасау

Тоқсанда бip рет
1. Сынып журналын рәсімдеу.
2. Сынып жетекшілерінің семинары.
3. Тоқсан ішінде орындалған жұмыстарға талдау жасау.
4. Алдағы тоқсанның тәрбиелік жұмыстар жоспарына түзетулер енгізу.
5. Ата-аналар жиналысын еткізу.

Жылына бip рет
1. Ашық шара өткізу.
2. Оқушылардың жеке icтepiн рәсімдеу.
3. Сынып ұжымымен жасалатын жұмыстарды жоспарлау және талдау жасау.
4. Сынып жайлы статистикалық деректер жинау.

Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар.
• Жоспардың мақсаттылығы.
Мектептің басты мақсаты оқушыларды жан-жақты дамыту, оларды өміргe даярлау
болып саналады.
• Сыныптағы тәрбие жұмыстарының мазмұны, формасы мен әдістерінің
әртүрлілігі (пікірсайыстар, сөзсайыстар, викториналар, кездесулер, т. б.).
Кейде кейбір сыныптарда бірден-бір және әмбебап тәрбиелеу формасы сынып
сағаттары, ал жеке тәрбиелеу әдісі — артта қалушылармен көзбе-көз
әңгімелесу ғана болап келеді.
• Оқушыларды тәрбиелеудің жүйелілігі мен peттiлiгiнің, сабақтастығын
қамтамасыз ету.
Жоспарда белгіленген тәрбие шаралары — бірыңғай тәрбие процесінің
жекелеген буындары сиякты болып келеді. Әpбip кeлeci шара өткен шараның,
жалғасы сияқтанып, оның нәтижелеріне сүйенеді. Бұл оқушылардың, мудделілігі
мен белсенділігін қолдау үшін қажет.
• Жоспардың шынайылығы.
Жоспар жасау кезінде орындалмайтын міндеттерді қоймау керек. Жоспарланатын
жұмыс көлемі сынып ұжымының, мүмкіндігінен аспауы керек.
• Жұмысты жоспарлаудағы келісімділік.
Сыныптағы тәрбиелік жұмыс жоспарын жасауға кіріспес бұрын бүкіл мектептегі
тәрбие жұмысының, міндеттері ашылатын және жалпымектептік шаралар
белгіленетін жалпымектептік жоспармен танысып алу керек.
Жоспар жасаған кезде оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін ескеру керек.
Сондай-ақ сыныппен жумыс жасайтын пән мұғалімдерінің келісімін алған дұрыс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Балабақша тәрбиешісінің тәрбие жұмысын жоспарлау
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау
Білім беру мазмұны
Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру. Балабақша жұмысы тәжірибесінен іс-құжаттар, конспекті жинақтау
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Педагогика бойынша лекциялар
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі пәні. Лекция тезистері
Пәндер