Қазақстан Республикасының прокуратура органдары туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары

Қазақстан прокуратурасының құрылу және қалыптасу үрдісі Қазақстан Республикасының тәуелсiз және егемендi мемлекет болып қалыптасуымен тығыз байланысты.

1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздік алуы республиканың прокуратура органдарынан прокурорлық қадағалаудың жаңа жатыққан және тиімді тәсілдерін, оның сапалы жүзеге асырылуын талап етті.

Қазақстан Республикасының прокуратурасының қызметіндегі негізгі бағыттар - Конституция және заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, Конституцияны, Қазақстан Республикасының Президенті заңдары мен жарлықтарын және басқа нормативтік құқықтық актілерді дәл және бірыңғай қолдануды жоғары қадағалауды жүзеге асыруда адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстық прокуратуралар, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оған теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

Прокуратура қызметкерлері өз қызметінде Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, мораль және мемлекеттік қызметшінің іскерлік этикетінің нормаларын қатал түрде басшылыққа алуға міндетті.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмыстылықпен күрестің көптеген халықаралық мәселелері бойынша халықаралық, аймақтық конференциялардың, семинарлардың, мәжiлiстердiң тұрақты қатысушысы, ҚР прокуратура органдарының шет мемлекеттердiң құзырлы органдарымен, халықаралық ұйымдар мен қоғамдастықтарымен халықаралық ынтымақтастығын жүзеге асырып, заңдылықты қамтамасыз ету саласында халықаралық теориялық және практикалық шаралардың ұйымдастырушысы болып табылады.

1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.

2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.

Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002. 08. 09. N 346 Заңымен.

3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.

2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады.

3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.

4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.

5. Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.

4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен Мазмұны

Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және Президентiнiң Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:

1) Конституцияның, Заң актiлерiнiң және Республика Президентi актiлерiнiң бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;

2) жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;

3) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;

4) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;

5) заңда белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

6) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998. 07. 02. N 266, 2002. 08. 09. N 346 Заңдарымен.

5-бап. Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi Қызметi

1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерiстер жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;

2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;

3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;

4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.

3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.

4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.

5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп саяды.

6-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң құқықтық кепiлдiгi

1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

2. Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:

1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге;

2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге;

3) прокурорлардың қадағалау қызметiн қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар қолдануға мiндетті.

3. Прокурордың өз құзыретi шегiнде берген тапсырмасы анықтама мен тергеу органдары үшiн мiндеттi.

4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде берiледi.

5. Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бар.

6. Лауазымды адамдар мен азаматтар прокурордың талап етуi бойынша айғақтар беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн.

7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы. (520-522-баптарды қараңыз K010155; 321-1-бапты қараңыз K970167)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылуы мен даму тарихы
Қазақстан Республикасының прокуратурсы
Прокурорлық қадағалау пәні бойынша дәріс тезистері
Прокуратурадағы қызметті ашу
Прокурорлық қадағалаудың ұйымдық-құқықтық негізі
ҚР прокуратура органдарының конституциялық құқық негіздері
Прокуратура органдарын қаржыландыру
Қазақастан Республикасы прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары
Прокуратура жайлы
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz