Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалпы ережелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..3

§1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалпы ережелері ... ... ... ... .4
§2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің жүйесi және олардың қызметiн ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... .5
Қорытынды ... ... ... ... ... ...8
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ..9
Еліміздің жекелеген азаматтары ұлттық қауіпсіздік органдары атқарып жатқан қыруар еңбекті көз алдына елестете алмауы да мүмкін. Қазіргі таңда БҰҰ-ның ұлттар қауымдастығында өзіне лайық тарихи орынды иеленген Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ішкі және сыртқы функцияларды орындауда жетекші орын берілген. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы 13 шілдеде қол қойған Жарлығымен Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне алмастырылып, оған егемен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қорғау жүктелді.
Егер көптеген қылмыстармен күрес нысандары мен әдістері көпке мәлім болса Қазақстан үшін ұлттық ерекшелігі бар әрі жүз-жүз бен ру-руға, түрлі кландарға бөлініп, өз мүдделерін көздейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ай¬рықша мәселе болып табылады. Бұл ретте, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қылмыстық элементтер қолданып отырған қорғану мен жауапкершіліктен жалтарып кетудің құйтұрқы нысандары қарсылық көрсетуде. Сондықтан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ТМД және алыс шетел мемлекеттерінің барлық арнайы қызметтерімен өзара іс-қимылды күшейту бойынша тиісті шаралар қолдануда. Осы мақсатта ТМД қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшыларының кеңесі құрылды. Кеңес қызметінің құқықтық негізі 1999 жылғы 31 мамырдағы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы шарт және ТМД мемлекет басшылары бекіткен Ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қыл¬мыс түрлеріне қарсы бірлескен күр¬ес¬тің халықаралық бағдарламасы болып табылады. Күннен- күнге тран¬сұлттық сипат алып бара жатқан қылмыс белсенділігінің артуына орай АҚШ, Алмания, Ұлыбритания, Ресей және басқа да елдердің арнайы қызметтерімен арадағы ынтымақтастық өрістеуде. Осыған байланысты мемлекеттер арнайы қызметтерінің іс-қимылын үйлестіру үшін Терроризмге қарсы орталық құрылды. Осы Орталық шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге, экстремизмге, сепаратизмге және есірткі саудасына қарсы күрес бойынша ауқымды да мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуде. Мәселен, әр жылдары «Орталық Азия можахеттерінің жамағаты» террористік ұйымының, «Жихад ислам тобы», «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымы іс-әре¬кеттерінің жолы кесілді, сондай-ақ, Степногорскіде террористік топтың іс-әрекеті әшкереленді.
1. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995ж 21 желтоқсандағы № 2710 Заңы.
2. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы» заңы. «Егемен Қазақстан», 1998ж
3. www.ego.kz
4. www.zakon.kz
5. Жусипов Б.С. «ҚР-ның ішкі және сыртқы қауіпсіздігінің саяси аспектілері»
6. «Саясаттану» Оксфорд сөздігі «Қауіпсіздік кеңесі», «Ұлттық қауіпсіздік кеңесі» «Қазақстан» Алматы 2001ж. 249 б., 331 бет

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

§1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалпы
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
§2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің жүйесi және
олардың қызметiн
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...9

Кіріспе

Еліміздің жекелеген азаматтары ұлттық қауіпсіздік органдары атқарып жатқан
қыруар еңбекті көз алдына елестете алмауы да мүмкін. Қазіргі таңда БҰҰ-ның
ұлттар қауымдастығында өзіне лайық тарихи орынды иеленген Қазақстанда
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ішкі және сыртқы функцияларды орындауда
жетекші орын берілген. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың 1992 жылғы 13 шілдеде қол қойған Жарлығымен Мемлекеттік
қауіпсіздік комитеті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне алмастырылып, оған
егемен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қорғау жүктелді.
Егер көптеген қылмыстармен күрес нысандары мен әдістері көпке мәлім
болса Қазақстан үшін ұлттық ерекшелігі бар әрі жүз-жүз бен ру-руға, түрлі
кландарға бөлініп, өз мүдделерін көздейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
айрықша мәселе болып табылады. Бұл ретте, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
қылмыстық элементтер қолданып отырған қорғану мен жауапкершіліктен жалтарып
кетудің құйтұрқы нысандары қарсылық көрсетуде. Сондықтан, Ұлттық
қауіпсіздік комитеті ТМД және алыс шетел мемлекеттерінің барлық арнайы
қызметтерімен өзара іс-қимылды күшейту бойынша тиісті шаралар қолдануда.
Осы мақсатта ТМД қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшыларының
кеңесі құрылды. Кеңес қызметінің құқықтық негізі 1999 жылғы 31 мамырдағы
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы шарт және ТМД
мемлекет басшылары бекіткен Ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс
түрлеріне қарсы бірлескен күрестің халықаралық бағдарламасы болып табылады.
Күннен- күнге трансұлттық сипат алып бара жатқан қылмыс белсенділігінің
артуына орай АҚШ, Алмания, Ұлыбритания, Ресей және басқа да елдердің арнайы
қызметтерімен арадағы ынтымақтастық өрістеуде. Осыған байланысты
мемлекеттер арнайы қызметтерінің іс-қимылын үйлестіру үшін Терроризмге
қарсы орталық құрылды. Осы Орталық шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті терроризмге, экстремизмге, сепаратизмге және есірткі
саудасына қарсы күрес бойынша ауқымды да мақсатты бағытталған жұмыс
жүргізуде. Мәселен, әр жылдары Орталық Азия можахеттерінің жамағаты
террористік ұйымының, Жихад ислам тобы, Хизб-ут-Тахрир діни-
экстремистік ұйымы іс-әрекеттерінің жолы кесілді, сондай-ақ, Степногорскіде
террористік топтың іс-әрекеті әшкереленді.
Қазақстан, Ресей, Қырғыз және Тәжікстан арнайы қызметтерінің бірлескен
күштері тарапынан бірқатар халықаралық қылмыстық құрылымдарға тікелей
соққылар берілді. Осылайша шетелдік әріптестермен ынтымақтастық іс-шаралары
кеңінен жолға қойылуда. Дегенмен, шетел арнайы қызметтерімен арадағы жедел
байланыстың, сондай-ақ, іскерлік ынтымақтастықтың нығайтылуы қырағылықты
әлсіретуге әсте де жол бермейді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан
тәуелсіздігін алған уақыттан бері, оған шетел арнайы қызметтерінің назары
қатты ауып отырғанын және олардың соңғы уақыттары біздің аумағымызда өз
барлау қызметтерін едәуір кеңейткенін ескеруде. Оларды саяси, экономикалық
және қорғаныс сипатындағы мәліметтер қызықтыруда, сондай-ақ, олар қоғамдық
ұйымдарға, саяси партияларға, құпия тасымалдаушы – жеке тұлғаларға
қызығушылық танытуда. Шетел  арнайы  қызметтері кейбір еркіндік пен
қоғамның белсенділігін пайдалана отырып, анағұрлым батыл қимылдауда, сатып
алу, қызмет көрсету және материалдық тиімділікке қол жеткізу, шетел оқу
орындарында орын бөлу сынды және тағы да басқа әртүрлі әдістерді ұтымды
пайдалануда. Олар өз мүдделеріне заңды және заңсыз көші-қон арналарын кең
түрде қолдануда.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарсы барлау қызметі
бұрынғы жарты ғасырлық мол тәжірибесін тиімді қолдана отырып, ҰҚК
Академиясы мен Әскери институтында, сондай-ақ, басқа да елдердің арнайы оқу
орындарында жақсы даярлықтан өткен жас қарсы барлаушылардың тұтастай бір
буынын қалыптастырды. Олар шетел арнайы қызметтерінің жаңа жұмыс ағымына
қарсы тұра білуде. Біздің қарсы барлаушылардың білікті де қажырлы
жұмыстарының нәтижесінде соңғы үш жыл ішінде жиырмадан астам шетел арнайы
қызметтерінің агенттері мен кадрлық мамандары анықталып, олардың біздің
аумағымыздағы іс-әрекеттерінің жолы кесілді. Міне, осылайша қолға түскен
материалдар шетелдік арнайы қызметтердің Қазақстанға қарсы барлау және
бүлдіру іс-әрекеттерін жандандыра беретінін дәлелдеп отыр.

2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің жалпы
ережелері.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары- Қазақстан
Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi
болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның
және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк
егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және
қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан
Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы
мемлекеттiк органдар.[1]
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау ақпаратын iздеп табу;
3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ
жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан
келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және
тыю;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге,
тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және
өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;
5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған
қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери
құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен
қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, ұйымдарында,
Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шифрлау
жұмысын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды
қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;
2) осы Заң;
3) Қазақстан Республикасының осы Заңға қайшы келмейтiн және онымен
реттелмеген бөлiгiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлерi;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де
мiндеттемелерi;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының
нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi туралы Ереже құрайды.
 Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi принциптерi.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, баршаның
заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бiрлестiктер қызметiнен
тәуелсiздiк принциптерiнде құрылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары
мен бостандықтарының сақталуы:
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн жүзеге асырған кезде мемлекет
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi.
2. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тiкелей
көзделген ерекше жағдайларда және тәртiппен ғана шектелуi мүмкiн.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары заңмен белгiленген шектерде әрбiр
азаматқа оның құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен
танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың әскери қызметшiлерiнiң,
жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң iс-әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк
органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым
жасауға болады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың мемлекеттiк органдарымен
және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара iс-қимылы
және ынтымақтастығы:
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып
жүзеге асырады. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары,
әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қолбасшылығы ұлттық қауiпсiздiк
органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдем жасауға мiндеттi.
[2]
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының шет мемлекеттердiң арнаулы
қызметтерiмен және үкiметтiк байланыс органдарымен, халықаралық құқық
қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.

2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің жүйесi және
олардың қызметiн ұйымдастыру.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай
жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң
аумақтық және өзге де органдары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi,
арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және
басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
1) оны Республика Президентi құрады, таратады және қайта құрады және ол
Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесiне кiрмейдi;
2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына басшылық жасауды жүзеге
асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiппен ұлттық
қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарын, сондай-ақ ведомстволық
бағыныстағы ұйымдарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады және оларға
басшылық жасайды;
3) өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк актiлер шығарады және ұлттық
қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады;
4) оны Республика Парламентi Сенатының келiсiмi бойынша Республиканың
Президентi қызметке тағайындайтын Төраға басқарады; оны Республика
Президентi қызметтен босатады;
5) заңды тұлға болып табылады, оның нақтылы және шартты атауы, өзiнiң
рәмiздерi мен айырым белгiлерi тиiстi мөрлерi мен мөртабандары, шоттары,
негiзгi қорлары, әлеуметтiк-мәдени және медициналық мақсаттағы объектiлерi,
оқу орындары болады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi туралы Ережемен айқындалады.
2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының
ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті ұлттық қауіпсіздік
органдарының рәміздерін, айырым белгілері мен ведомстволық наградаларын
бекітеді.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары.
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк
органдарына олардың қызметiнiң жекелеген бағыттары бойынша жүктелген
мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитеті төрағасының
ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, таратады және
қайта ұйымдастырады;
2) директорлар басқарады, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) олар заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақты және шартты
атаулары, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары, шоттары, негiзгi қорлары болады.
[3]
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары:
1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстары, республикалық маңызы бар
қала және Республика астанасы бойынша аумақтық органдары мен оларға
бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдері, бөлімшелері)
тиісті аумақтарда ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске
асыру үшін құрылады.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қала
мен Республика астанасы бойынша аумақтық органдары заңды тұлғалар болып
табылады, олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлері мен мөртабандары,
шоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық мақсаттағы
объектілері болады.
3. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары оперативтiк
қызметтiк жұмысына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен олардың
лауазымды адамдарынан тәуелсiз болады.
Әскери қарсы барлау органдары:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде
және әскери құрамаларында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген
мiндеттердi шешу үшiн құрылады;
2) олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлерi мен мөртабандары болады;

3) жедел-iздестiру қызметiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң,
басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларының қолбасшылығынан тәуелсiз
болады.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi бейбiт кезде және соғыс
уақытында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға
арналған.[4]
Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер.
Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер террорлық актiлердi және жеке адамға, қоғам
мен мемлекетке аса қауiптi қол сұғушылықты тыю үшiн құрылады.
2.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің құзыретi.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде:
1) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының
Парламентiн, Қазақстан Республикасының Үкiметiн елдiң қауiпсiздiгiне төнген
қауiп туралы хабардар етуге;
2) Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау қызметiн жүзеге асыруға;

3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған
шет мемлекеттер арнаулы қызметтерiнiң, ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген
адамдардың барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу, тыю жөнiнде
қарсы барлау жұмысын жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге,
аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған
терроризм мен өзге де қызметтi анықтауға, алдын алуға және тыюға;
5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған
қылмыстарды анықтауға, тыюға, ашуға;
6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген
құрамалардың, басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк
одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ шет ел заңды
тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және
тыюда мемлекеттiк органдарға жәрдем көрсетуге;
7) мемлекеттiк органдарда, әскери құрамалар, бөлiмдер мен ұйымдарда
мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау
жөнiнде шаралар әзiрлеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі және оның конституциялық негіздері
ПАРЛАМЕНТТІК ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕПТІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қарулы Күштер тылы
Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
Төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарының маңыздылығы
Халықаралық парламент
Пәндер