Қытай мәдениеті мен ғылымы



І. Кіріспе ... ... ... ... ...3

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ұлы Қытай қорғаны ... ... ... ... ... ... 6
2. ХІХ ғ. Қытай мәдениеті мен ғылымы ... ... ...13
3. Мәдени мұралары ... ... ... ... ..14
4. Қытайдағы гугун мұражайы ... ... ... 15
5. ХІХ ғ. Хыфей . Қытайдың туристік қаласы ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... 18
Осыдан 55 жыл бұрын Қытай Халық Республикасы құрылды. Осы жылдардың басым көбі оның халқы үшін қиындыққа толы болды, және елдің жойылып кету қаупіндегі дағдарысты жағдай бірнеше рет туындады. Алайда теперішті көп көрген халык өз партиясына — яғни барлық дағдарыстарды жеңе біліп, когамды дамудың жаңа ағымына шығара білген билік басындағы Қытай Коммунистік партиясына (ҚКП) адал берілгендіктерін танытты. Осы ретте көбінесе бұрынғы басшылықтың валюнтаристік саясатынан туындаған бөгеттермен күресе отырып, Қытай біртіндеп өз күшін еселей бастады. Бәлкім, қазіргі күндегі жетістікке жету үшін осынау күрделі жолдан өту де керек болған шығар — жүріп өткен жолдағы тәуекелдер мен қателіктердің тәжірибесінсіз қытай халқы мен оның билеуші элитасы бүгінгі күндегі дамуға жұмыла алмасы сөзсіз еді.
Бұл елдің ресми тарихнамасындағы 1949 жылы Қытай Халық Республикасы (КДР) орнаған сәтінен бастап, Қытайды «жаңа» (Xin Zhongguo) деп атау кабылданған. Дегенмен біздің ойымызша, ең біріншіден, мұндай анықғамаға Дэн Сэопиннің бастамасымен реформалар мен ашықтық курсы бастау алған кезең лайықты секілді. XX ғасырдың 70-жылдарының аяқ шенінен бастау алған реформа¬лар елді танымастай өзгертті және бүгінгі күндегі «жаңа» Қытай барлық қырынан көзге шалынды. Бүгінгі Қытайдың шын мәніндегі жаңа ел екендігін Қытайда 11-шақырылымдағы ҚКП Орталық комитетінің 3-пленумына (1978 жылғы желтоқсан) дейін болған адамдар айтады. Міне, осының барлығы қытай мемлекетінің бүгінгі даму аралығы оның осыған дейінгі үш мыңжылдық, тарихынан мүлдем ерекшелігі туралы айтуға мүмкіндік береді.
1.З.В.И. Ленин. Полн. собр. соч. Т.23. 146-6.
2.Г. Ефимов. Очерки по новой и новейшей истории Китая М,; 1951, 178б.
3.Сунь Ятсен. Избранные произведение М,;1985 25-6.
4.Общественно- политическая мысль в Китае М,; 1988,125-6.
5.Непомнин О.Е. Кризис китайского общества начала хх века: истоки и особенности.
6.Государство и общества в Китае. М,; 1978, 56-6
7.Г.С. Матвеева. Отец Республики. Повесть о Сунь Ятсене. М,; 1975.96-6.
8.Нүсіпхан Айтан. Қытайдың қилы саясаты // Егемен Қазақстан. 1993 ж.
13 қазан.
9.Л. П. Делюсин. Спор о социолизме. Из истории общественно-политической мысли Китая вначале 20 годов. Из.2е, исп. и доп. М,;1980

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ұлы Қытай
қорғаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .6
2. ХІХ ғ. Қытай мәдениеті мен
ғылымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..13
3. Мәдени
мұралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 14
4. Қытайдағы гугун
мұражайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
5. ХІХ ғ. Хыфей – Қытайдың туристік қаласы ... ... ... ... ... ... ... . 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...17

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Кіріспе

Осыдан 55 жыл бұрын Қытай Халық Республикасы құрылды. Осы жылдардың
басым көбі оның халқы үшін қиындыққа толы болды, және елдің жойылып кету
қаупіндегі дағдарысты жағдай бірнеше рет туындады. Алайда теперішті көп
көрген халык өз партиясына — яғни барлық дағдарыстарды жеңе біліп, когамды
дамудың жаңа ағымына шығара білген билік басындағы Қытай Коммунистік
партиясына (ҚКП) адал берілгендіктерін танытты. Осы ретте көбінесе бұрынғы
басшылықтың валюнтаристік саясатынан туындаған бөгеттермен күресе отырып,
Қытай біртіндеп өз күшін еселей бастады. Бәлкім, қазіргі күндегі жетістікке
жету үшін осынау күрделі жолдан өту де керек болған шығар — жүріп өткен
жолдағы тәуекелдер мен қателіктердің тәжірибесінсіз қытай халқы мен оның
билеуші элитасы бүгінгі күндегі дамуға жұмыла алмасы сөзсіз еді.
Бұл елдің ресми тарихнамасындағы 1949 жылы Қытай Халық Республикасы
(КДР) орнаған сәтінен бастап, Қытайды жаңа (Xin Zhongguo) деп атау
кабылданған. Дегенмен біздің ойымызша, ең біріншіден, мұндай анықғамаға Дэн
Сэопиннің бастамасымен реформалар мен ашықтық курсы бастау алған кезең
лайықты секілді. XX ғасырдың 70-жылдарының аяқ шенінен бастау алған
реформалар елді танымастай өзгертті және бүгінгі күндегі жаңа Қытай
барлық қырынан көзге шалынды. Бүгінгі Қытайдың шын мәніндегі жаңа ел
екендігін Қытайда 11-шақырылымдағы ҚКП Орталық комитетінің 3-пленумына
(1978 жылғы желтоқсан) дейін болған адамдар айтады. Міне, осының барлығы
қытай мемлекетінің бүгінгі даму аралығы оның осыған дейінгі үш мыңжылдық,
тарихынан мүлдем ерекшелігі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Бұл жерде реформа патриархының тұлғасы өзінің тарихи рөлін ойнағаны
сөзсіз: Дэн Сяопиннің саяси ержүректілігінің, прагматизм мен қанағат-
шылдығының арқасында қытайдың қайта құрылуына сенімді жол көрсетілді.
Қыркүйек айында бүкіл қытай осынау қайраткердің 100-жылдық мерейтойын атап
өтті және Компартия бұл шараны нақты идеологиялық міндеттерді шешу үшін
жемісті түрде пайдаланатындығын сеніммен айтуға болады.
Одан бөлек, реформаларды бастауға басқа да алғышарттар бар еді.
Біріншіден, Қытайдың 70-жылға жуық республикалық тарихында (1911 жыл-ғы
Синьхай революциясынан кейін) XX ғасырдың 70 жылдарының соңына таман
қоғамды басқарудың дәстүрлі тетігінің тиімділігі төмендеді, бұл біршама
дәрежеде аталмыш тетіктен аса маңызды Аспан Ұлы элементінің түсіп қалуымен,
сонымен қатар коммунистердің ағартушылық қызметтерімен байланысты болды.
Екіншіден, қоғамда Қытайдың ұлылығын қайта түлетуге шақырған барлық кезде
күшті сақталған патриоттық көңіл-күйлер қайтадан көтеріле бастады. Ал
оларды қанағаттандырмаған жағдайда ел басшылығы бұқаралық тұрғыдағы
диссиденттік қозғалыспен ұшырасар еді, және ол оның бастапқы үнін жекелеген
бейресми саяси өкілдер түрінде ала бастады.
Бүгінгі тандағы Қытайдағы елдің ұлылығын қайта түлетуге ұмтылып
отырған коммунистік басшылықтың бұған қол жеткізудегі оның алдындағы
кезектерден ерекшелігі — мұндағы негізгі назар дәулетті, және ең бастысы,
жаңа елдің тұғыры мен кепілі болуы тиіс дербес халықты қалыптастыруға
қойылып отыр. Мұны, мәселен ҚКП ОК 2003 жылғы қазан айындағы пленумында
қабылданған және осы жылдың наурыз айында халық өкілдерінің Бүкілқьітайлық
жиналысы сессиясыңда мақұлданған Конституцияға енгізілген соңғы қосымшалар
дәлел бола алады.
Біріншіден, Негізгі заңға енгізілген 13 түзетудің бірқатары адам
барлығының негізі ұранына орнатылып отырған қытайдың ішкі саясатындағы
жаңа курс туралы айтуға мүмкіндік береді. Мәселен, Конституция Мемлекет
адам құқығын сыйлайды және кепілдендіреді (33 бап) деген фраза-мен
толықтырылды. Әрине, бүгінгі Қытай тұрғындарының барлығы бірдей аталмыш
ереженің мәнін жоғары бағалайды деп айтуға бола қоймас — өйткені
тұрғындардың құқықтық санасы әлі төмен деңгейде қалып отыр. Алайда қытай
саясаткерлерінің аталмыш қадамын артық бағалауға да болмайды: Пекин
демократиялық, құқықтар мен бостандықты жиі бұзуға орын береді деп санайтын
Батыс елдері тарапынан болатын сындар жиі естілетін болғанымен, біз бұдан
осынау конституциялық озгерістердің қабылдануының басты себебін көре
алмаймыз. Елдегі жүз миллиондаған азаматгар үшін түсініксіз осынау фразаны
мемлекет пен қоғамның өзара қатынасындағы негізгі ереже ретінде бекіте
отырып, қытай басшылығы азаматтардың саяси мөдениетінің деңгейін көтеру,
және сонымен қатар елдің халыкаралық аренадағы беделін нығайту міндеттерін
шеше алады.
Екіншіден, Конституция преамбуласы марксизм-ленинизм, Мао Цзэдун
идеялары мен Дэн Сяопин теориясымен бір қатарда тұрған маңызды үштік
өкілдік идеяларының жетекші рөлі туралы ережемен толықты. Осыдан төрт жыл
бұрын Цзян Цзэминнің ұсынған осы идеясының мәні мынада: компартия 1)
алдыңғы қатардағы өндіруші күштердің, 2) алдыңғы қатардағы мәдениет
мүдделерін және 3) қытай халқының кең бүұқарасының негізгі мүдделерін
көрсетуі тиіс. Коптеген сарапшылар үштік екілдікті капиталистерді
Компартия қатарына жіберу қажеттілігін идеологиялық дәйектеу ретінде
бағалады. Осы ретте, аталмыш теория тәжірибе жүзінде капиталистердің
Компартияға мүшелігінен басқа да маңызды салдар алуы мүмкін. Осы орайда
үштік өкілдікке бір-қатар ішкі партиялық пікірталастардан кейін
конституциялық статус берілді, және осының нәтижесінде түпнұсқада үшінші
орында түрған кең халық бұқарасының негізгі мүдделерін көрсету үндеуі
алдыңғы және басты орынға шыққандығы белгілі.
Үшіншіден, бұдан былай жеке бизнес (қоғамдық емес меншік экономикасы)
тек жетекшілікке ғана емес, сонымен қатар мемлекет тарапынан мақтау мен
қолдауға сүйене алады. Жаңа түсінік адам құкығын саяси ұғымнан заңдық
ұғымға айналдырды, ал адам қүқығын сыйлау мен сактау енді партия мен
үкіметтің еркіне тәуелді болмайды, қайта халық пен мемлекет еркінің
көрінісі болып табылады.
Қытайдың саяси жүйесіндегі елдегі билікке коммунистік партияның
монополиясы, сонымен қатар мемлекеттің авторитарлык элементінің сақталып
отыруы, шетелдік саяси күштерге адам құқықтары, қоғамды
демократияландырудағы шаралардың жеткіліксіздігі туралы мәселелер арқылы
Пекинге қысым жасауға теориялык тұрғыда мүмкіндік береді. Елдегі партия мен
мемлекет функцияларының толығынан анықталуына дейін әлі алыс, ал тек осы
ғана жақында қабылданған конституциялық өзгерістсрдің шынайы жұмыс атқаруын
қамтамасыз ете алар еді; мемлекет де алдағы жақын болашақта шынайы
көппартиялық жүйені, биліктің жоғары деңгейлеріне сайлауды енгізуге немесе
тәуелсіз БАҚ-тардың қызмет атқаруына келісуге дайын емес. Дегенмен, Қытай
жағдайында оның мемлекеттілігінің үзақ өмір сүріп келе жаткандығы мен
тиімділігін ескере отырып, асығыс тұжырымдар жасаудың керегі жоқ.
Қазіргі уақыттағы қытай қоғамында саяси құрылыстың түбірлі тұрғыда
өзгеруінсіз, немесе, тіпті басқару элитасының алмасуынсыз-ақ, шынайы
әлеуметтік революцияның жүзеге асып жатқандығының дәлелі көп. Қытайдағы
саяси модернизация оның элеуметтік-экономикалық жетістіктері тәрізді көзге
бірден шалынбағанымен, қытай социумын бақылай отырып, осы саладағы белгілі
бір прогрессті байқамауға болмайды.
Бұл жерде бүгінгі күнде партия мен мемлекеттік басқаруды конструктивті
сынға алу қудаланбайды, керісінше қабыл алынады. Қытайлық жастар өзде-рінің
қоғамдық-саяси көзқарастарын білдіруде айтарлықтай еркін сезінеді. Әсіресе,
елдің саяси истиблишментінде өтіп жатқан процестер айтуға тұрарлық. Олар
Қытайдың бүгінгі билеуші элитасын кәсіби, білікті, өзара алмасып отыратын
және бәсекеге төтеп бере алатын менеджерлер тобына айналдыруда. Оның
арсеналындағы коммунистік риторика ұлттық колоритке ұқсап барады, ал оның
практикалық мәнділігі — қоғамды біріктіру, оны идеологиялық толтыру және
өзекті. міндеттерді шешу үшін жұмылдыру. Одан бөлек, оның көмегімен
мемлекеттің әлеуметтік құрамдас бөлігі табысты жүзеге асырылуда, және осы
ретте коммуниста идеологиядан үзілді-кесілді бас тартып, оны өзгермелі
жағдайларға сай бейімделмеген бұрынғы социалистік блоктағы елдерден көрі
Қытайдың шведтік үлгідегі әлеуметтік мемлекетке тез қол жеткізетіндігін
сеніммен айтуға болады.
Ал Қытайда бұрынғысынша бұқаралық және тым оппозициялық саяси
қозғалыстар үшін мүмкіндіктің болмауы бұл баска мәселе. Алайда, үстемдік
құрып отырған қоғамдық көңіл-күйді ескерген кезде, осындай қозғалыстар үшін
бүгінгі Қытайда жағдай жасаудың дәйектілігі туралы қар-сы сауал туындайды.
Бір жағынан, Қытайдың саяси жүйесінде өмір сүріп отырған сегіз саяси
партияның қытай социумындағы саяси белсенді азшы-лықтың мүдделерін
қанағаттандыра алуы мүмкін. Екінші жағынан, өзінің күрделілігі тұрғысынан
қоғам алдында тұрған ауқымды проблемалар, біршама дәрежеде осы ситуацияны
айқындайды тек Қытайдың қарсыластары немесе қытай шынайылығын мүлдем
білмейтін адамдар ғана қоғамды де-мократияландыруды қалай да болмасын
жеделдетуге шақыра алады.

1. Ұлы Қытай қорғаны

Қытайдың көрнекті орындарының арасында Ұлы Қытай қорғаны алғашқы болып
ауызға түседі. Бізде Ұлы қорғанда болмаған адам, өмірінде ештеңені де
көрмеген, деген сөз бар қытайлықтарда.
Ұлы қорған ирелеңдеген тас соқпақты жолдың қалтарысында күтпеген жерден
алдыңнан шыға келіп, алып тұлғасымен көз алдыңа тұра қалады. Оның 15
метрлік тіс тәрізді дуалдары таудың құзар шыңдарына өрмелеп, біресе
шатқалға құлдилай, оны кесіп өтеді де, қайтадан қайқаң етіп, өрге
көтеріледі.
Осылайша ұлы ғажайып ескерткіш Қытайдың шығысынан батысына қарай алты
мың километрден астам созылып жатыр.
Ұлы Қытай қорғаны – адамзаттың ақыл-ойымен жасалып, ғарыштан да айқын
көрінетін аз ғана алып құрылыстардың бірегейі. Әрине, біздің заманымызға
дейінгі ІІІ ғасырда салынған бұл құрылыс көне замандардан сыр шертеді,
бірақ та оның бірқатар бөліктері сақталмаған. Ал Бейжіңге таманғы бөлігі
туристер үшін жаңғыртылып, қайтадан қалпына келтірілді.
Қорған құрылысы Цинь Шихуан императорға дейін ежелгі қытай кінәздіктерін
жауынгер көшпелілерден қорғау үшін салыныпты. Қорғанды салу Цинь әулетінің
билігі құлағаннан кейін де жалғаса берген. Алайда тарих осы құрылыстың салу
идеясын Цинь әулетінің негізін салған император Цинь Шихуанның есімімен
байланыстырады.
Мынадай бір заңдылық бар: мемлекет күшті болса, оған мыз-ғымас
дуалдардың қажеті жоқ, оған батылы барып, көрші елдер шабуыл жасай алмайды.
Ал, мемлекеттің күші әлсіресе, оған ешқандай қорған да, берік қамал да дауа
бола алмайды. Қорғанның іргесі қанша мықты болып, қат-қабат қоймалармен
жасақталып, терең құдықтарымен жау алмастай бекісе де, уақыт өте келе,
әлсіздіктің, сатқындықтың, жел сорып, үңгудің, жарылыстың, шапқыншылықтың
және басқа да себептердің әсерінен бүліншілікке ұшырайды. Батыйдың күшіне
төтеп бере алмаған Рязань құлады, Вавилонның, Иерихонның да күлі көкке
ұшты, Мажино мен Зигфрид желілері де шыдас бермеді... Ұлы Қытай қорғаны –
қытай императорларының есепсіз байлығынан, өркөкіректігі мен қуатынан,
қытай шеберлерінің еңбек сүйгіштігі мен шыдамынан сыр шертетін қайғылы
ескерткіш, бірақ та осыншама құрбандықтың өтеуі болмады, қарымтасы
қайтпады, қорған өзінің атқарар рөлін ақырына дейін орындай алмады.
Ежелгі және орта ғасырларда Солтүстік және Батыс Қытайдың далалары мен
шөлдерін ер мінезді де өршіл көшпелілер мекендеді.
Қытай империясы күшейген кезеңдерде оның әскерлері аздаған уақыт осы
жерлердің тұрғындарын өздеріне бағындырды, бірақ Қытайдың күші әлсіреп,
өзара жаулас-қан облыстарға бөлініп кетті, шаруа көтерілістері оны одан әрі
титықтатты. Енді солтүстік және батыс көшпелілері, әсіресе, чжоу және ғұн
тайпалары қайтадан күш алып, ішкері дендей еніп, адамдарды тұтқынға алды,
малды айдап кетті, ал кейде астананы да басып алып, билік басына өз
адамдарын қойды. Моңғол және мәнжүр әулеттері осылайша қалыптасты.
Дейтұрғанмен, Қытай жеңімпаздарды өз бойына сіңіріп, миллиондаған
қытайлықтардың ішіне мидай араластырып, өз мәдениеті мен дініне үйретіп,
бірнеше ондаған жылдардан кейін қайтадан дәуірлеп, тәуелсіздікке қолы
жетті.
Көшпелілер әуелде қалаларға шабуыл жасау тәсілдерін жетік білмеді.
Олардың өз кенттері мен қалалары болған жоқ және ат үстінде ұрыс салуға
машықтан-ған болатын. Олар кейіннен азиялық және еуропалық орыс
мемлекеттері мен кінәздіктерінің бекіністерін жаулау кезінде біраз
жаттығып, асу бермес қамалдардың іргесін сөгудің айла-тәсілдерін үйреніп
алды. Олардан сескенген Қытай мемлекеттерінің билеушілері біздің
заманымызға дейінгі ІV және ІІІ ғасырларда көшпелілер өтетін асулар мен
дәстүрлі жолдар бойына бекініс қабырғаларын тұрғыза бастады. Әуелде
топырақтан үйілген дуалдардың ұзындығы кейде ондаған километрге созылып
жатты. Алғашқы кезде көшпелілер жасақтары бұл дуалдардың алдында ошарылып
қалғанымен, кейіннен қорғанның осал тұстары да белгілі болды: өйткені,
қорғаусыз әрі иесіз қалған еді. Өзара тартысқа бой алдырған Қытай
билеушілері батыс шекараларын қорғауды ұмытып кетті. Дуалдардың тағы бір
әлсіздігі: оларды айналып өтуге болатыны еді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 246 жылы Цинь мемлекетінің тағына Чжэн
отырды, ол жас мемлекетті нығайта отырып, Қытайдың соңғы тәуелсіз
кінәздіктерін бағындырғаннан кейін өзін “тұңғыш Цинь императоры” деп
жариялады. Ол тарихқа Цинь Шихуанди деген атақпен енді. Цинь Шихуанди
ерекше жігерлі әрі даңққұмар адам болатын. Оның тұсында аса ірі құрылыстар
салынды. Өзіне тірі кезінде биіктігі 500 шынтақ, айналасы 5 мың шынтақ
болатын кесене тұрғызды, оның төбесіне жұлдыздар бейнеленді.
Қытай империясының осы қатал билеушісінің есімі көптеген аңыз-әпсанаға
негіз болды. Ол тұңғыш рет қырық ру болып, бөлшектелген кінәздіктердің
басын қосып, біртұтас мемлекет құрды, бүкіл ел үшін бірыңғай салмақ өлшемі
енгізіліп, арба жолдары салынды. Оның әмірімен миллиондаған адамды
қасіретті құрбандықтарға ұшыратқан Ұлы Қытай қорғаны тұрғызылды.
Мұндай құрылыс орасан көп жұмыс күшін талап етті. Бұл проблеманы да
Цинь Шихуанди өзіне тән кең құлашпен, қарапайым әдіспен шешті. Бұдан екі
мың жыл бұрын пайда болған осынау құрылыс жөнінде астрономиялық есепсіз
деректер келтіріледі. Айталық, кесене салуға жеті жүз мың адам
жұмылдырылған. Сарай құрылысына, суландыру жүйелеріне және Ұлы қорғанға –
миллиондаған адам құмырсқаша жабылған. Мұндай орасан көп адамды табуға
императорға соғыста қолға түскен тұтқындар (жүздеген мың соғыс тұтқындары)
және мемлекетті “у” және “ши” етіп бөлуі көмектесті. Егер бір адам заң
бұзып, қылмыс жасаса, ондаған отбасы құлдыққа түсті. Сөйтіп, жазықты болған
ондаған отбасы Цинь Шихуандидің ұлы құрылыстарына айдалып кете барды. Онда
адамдарды сүліктей сорды: кесене, сарайлар, арналар, соның ішінде, ең
алдымен Ұлы Қытай қорғаны азап шеккен миллиондаған жұмысшылардың қаңқасы
үстінде тұрғызылды. Күніне мыңдаған, он мыңдаған адам қаза болды, олардың
орнын жаңадан келгендер басты.
Цинь Шихуанди Ұлы Қытай қорғанының негізін қалауға үлгіріп кетті.
Бірақ та осыншама күш пен қисапсыз адамның ажал құшуына себепкер болған қор-
ған діттеген мақсаттан шықпады, оған кеткен құрбандықтарға бірде-бір соғыс
шығыны тең келмейді. Алғашқы кезде Ұлы Қытай қорғаны бұрын салынған бірнеше
дуалдарды біртұтас қосты. Сонымен қатар, оның әр жерінен мұнаралар
тұрғызылды. Міне осы көптеген километрлерге созылған құрылыс Ішкі Қытай
қорғаны деп аталады.
Цинь империясы құлағаннан кейін құрылыс уақытша тоқталып,
көшпенділердің шабуылы тоқталмайтыны және олардың қорғалмаған оңтүстік және
солтүстік жағынан айналып өтетіні белгілі болғанда, келесі императорлардың
тұсында қайтадан қолға алынып отырды. Сөйтіп мың жылда қорған күрделі
тармақталған түрге енді. Қытай қорғаны туралы айтқанда, біз кейінірек
салынған Ішкі Қытай қорғанын мегзейміз, ол ХVІ ғасырдың ортасында Мин
әулеті тұсында аяқталды.
Қытай билігіне бірнеше жүз мыңдаған адамды құрылысқа тарта алатын неғұрлым
күштірек әулет келген бойда қорғанға қайтадан керуендер ағылып, құлдар мен
барлық провинциялардан күштеп әкелінген шаруалар бейнетті де опасыз осы
іске арамтер болып, қайтадан жегілді, құрылыс басы қан сасып, мыңдаған
пақырлар аштық пен аурудан өліп жатты. Ал, арасында жұмыс тоқтаған кездерде
қорған қараусыз қалып, қытай жеріне VІІ ғасырда алтай түркілері, ХІІІ
ғасырда – моңғол жасақтары басып кірді, сондай-ақ 1449 жылы моңғолдың ойрат
тайпасының көсемі Эссен бастаған шапқыншылар ат ойнатып, Бейжің қорғанына
таяу келді.
Соңғы соғыс Мин әулеті императорларын қорған құрылысын аяқтауды
тездетуге мәжбүр етті. Императорлар егер қорған оның қанаттарын айналып
өтуге болмайтындай неғұрлым ұзын болса, Қытайға қауіп төнбейді деген
алдамшы ойға шүбәсіз сенді. Сөйтіп, оның ұзындығы екі мың жеті жүз
километрге жетті, ал қапталдас дуалдары мен тамақтарын қоса есептесек, алты
мың километрге жетеді.
Алайда, оның толық аяқталғанына жарты ғасырға да жетпейтін уақытта
император армиясының азғындауын және шаруалар көсемдерінің күштері
бірікпеуін өз мақсаттарына ұтымды пайдалана білген мәнжүрлер қорғанды бұзып
кіріп, Бейжіңді басып алды. Қытайды түбегейлі бағындырғанға дейін де
мәнжүрлер Ұлы қорғанды бірнеше рет кесіп өтіп, мыңдаған тұрғындарды
тұтқынға алып, малдарын айдап кеткен болатын. Осындай шапқыншылықтардың
бірінде олар төрт миллион адам мен жарты миллион малды олжалады.
Егер Ұлы Қытай қорғанында болмасаң, сен нағыз қытай емессің...
Мао Цзе Дунь
Қытайлар - жалпы, аңыздарға құрметпен қарайтын ырымшыл, сенімшіл
халық. Ерте кезден Қытай елі аса қадір тұтатын, қасиетті жануар айдаһар
болып саналады. Айдаһар - көптеген аңыздардың негізгі кейіпкері. Ол әрқашан
халықтың немесе жеке шаңырақтың тыныштығын сақтап, бұларға қауіп төндіретін
жын-жыпырларды алыстан үркітіп тұрады екен. Тағы бір аңыздарда жын
тежейтін қабырға ұғымы кездеседі. Сенім бойынша, қытай жындары тек тіке
бағытта қозғалады және көбінесе солтүстікті мекен етеді. Яғни сол жақтан
шабуыл жасайды. Сондықтан да қытайлар аулаларының кіреберіс бетін
оңтүстікке қаратып салып, солтүстік бетке үлкен қабырғалар орнатып қояды.
Бұл қабырғалар жындардың шабуылын тежейді деп есептеледі. Әлемнің атлас
картасын алып, Қытай территориясына қарасақ, ирелеңдеген айдаһар бейнелі,
ең үлкен жын тежегіш қабырғаны байқауға болады. Ол - әлемнің сегізінші
ғаламаты болып саналатын Ұлы Қытай қорғаны...
Егер Ұлы Қытай қорғанында болмасаң, сен нағыз қытай емессің....
Бұл сөздің авторы - атақты қытай көсемі Мао Цзе Дунь. Дәл осы сөйлем алып
қорғанның кіреберісінде ілінген тақтайшада жазылған. Дүниежүзіне белгілі
бұл қорғанның мыңдаған жылды қамтитын тарихы бар.
Ұлы қорғанның іргетасының қалануы шамамен б.з.д. III ғасырда басталып, үш
кезеңде (бірінші, екінші және үшінші қабырғалар) салынған делінеді
деректерде. Бұл қорған Соғысушы патшалықтар (шамамен б.з.д 475 -221 жж.)
дәуірінің ескерткішіне жатады. Осы дәуірде Қытай бірнеше патшалықтарға
бөлініп, Аспан асты елі мазасыз күндер өткізіп жүрген кез еді. Сол кездегі
ең қуатты империя Цинь империясы екен. Цинь империясының басшысы, тарихта
аты жиі аталатын Ши Хуаньди атты император баршаға танымал болыпты. Бұл
император Шың елінің тұрғындарына көбінесе өзінің қаталдығымен,
жауыздығымен және ырымшылдығымен аты жайылған. Ол Қытай тарихындағы ең
қатал император болып саналады. Өзінің ырымшылдығына байланысты көбінесе
даосизмді жақын тұтып, атақты философ, ұлттың ұстазы Конфу­цийдің екпінді
қарсыласы болған екен. Конфуцийге жанының жылымағаны соншалықты, ол
философтың жолын қуған талай шәкірттерін жазықсыз өлім жазасына кестірген.
Ол аз болғандай, империя ішіндегі Конфуций ілімі жинақталған талай
кітапханаларды өртеп, күл-талқанын шығарған. Жалпы, қатыгез император өзіне
сәл қарсы келген немесе императордан ойы бөлек кісілерді де аямай
жазалаған. Ши Хуаньдидің билік құрған кезінде талайлар жазықсыз жазаға
тартылып, біразы жерлерінен айы­рылып, елдің жасы мен қаны судай ағыпты.
Қысқасы, император бұйрығы үнемі бұлжытпай орындалатын болған.
Ши Хуаньдидің түсі
Ши Хуаньди түс көргіш болған екен. Көрген түстерінің айнымай
келетініне сенген империя басшысы қасындағы уәзірлеріне өзіне жағымды әрі
тиімді етіп жорытып алатын көрінеді.
Ұлы Қытай қорғанының салынуына да сондай қызық жұмбақ пен астыртын мағынаға
толы түстердің бірі түрткі болыпты. Түсінде ұйықтап жатқан императордың
жаны аспанға ұшып кетеді. Аспанда олай-бұлай айналған Ши Хуаньди айдың
басына қонады. Айда отырып, жерге көз салады. Сонда ғана өзінің
империясының кішкентайлығына оның көзі жетеді. Сонымен қатар оның айналасы
ұсақ-түйек қыбырлаған, паразиттер секілді жәндіктерге толы екенін аңғарады.
Ұйқысынан ояна сала билеушіге Қайтсем де империямды қоршап алуым керек
деген ой келеді. Осы оймен жүрген күндердің бір түнінде әлгі түстің басқаша
нұсқасын көреді. Түсінде екі ақ қоян жемге таласып жатыр екен. Екеуі ары
тартып, бері тартып, олжаны тең бөлісе алмайды. Екеуіне де олжа толығымен
керек. Сөйтіп, екі ақ қоян өліспей беріспеуге бел буады. Ұзақ уақытқа
созылған таластан кейін бірін-бірі әбден жұлмалаған қос қоян әлсіреп
қалады. Кенет, күтпеген жерден үшінші қоян шыға келеді де, әлгі екеуін жан-
жаққа шашып тастап, олжаны тақымына басып, жорта жөнеледі. Бұл қоян­ның
екеуінен айырмашылығы - қара түсті екен...
Түкке түсінбей, ұйқыдан мазасыз күйде оянған император дереу
кеңесшілері мен министрлерін қасына шақырып алып, бұл түсті жорып беруді
бұйырады. Сол кезде императорға ұнамаған болжамдар айтқан біраз шенеуніктің
басы кетеді. Тек жалғыз министр билеушінің түсін дәл жорып, мұндай жағдайда
қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Ежелгі Шығыс мәдениеті туралы мағлұматтар
Ислам мәдениеті жайлы мәлімет
Көне қытай мәдениеті
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері туралы ақпарат
Қытай мәдениеті туралы
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
Пәндер