Қоғамдық шаруашылық және оның формалары


5- тақырып. Қоғамдық шаруашылық және оның формалары
- Тауарлы шаруашылықтың мәні, белгілері, типтері
- Тауардың мәні және қасиеттері
- Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері
5. 4 Ақша жүйесі: құрылымы және қолданылуы. Ақша айналымының эволюциясы
- Тауарлы шаруашылықтың мәні, белгілері, типтері
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың бірінші типі натуралды шаруашылық болып табылады. Натуралды шаруашылық адамдардың өнімді өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында өндіруі. Олар айырбастауға және нарыққа бет бұрмайды. Ол әмбебап қол еңбегіне негізделген алғашқы қауымдық кезеңде пайда болған. Өндірістік күштер жағдайы мен олардың ұйымдастырылуы едәуір қарапайым. Нені, қалай, кім үшін мәселелерін шаруашылық иелері өздері шешті. Натуралды шаруашылықта пайда болған әдістер мен көсемдердің шешімі ең маңызды рольді ойнады. "Өндіріс-тұтыну" принциптері арасындағы байланыс өте тұрақты болып келеді. Натуралды шаруашылықпен салыстырғанда едәуір күрделісі тауар шаруашылығы. Ол өндірілген өнімді сатуға бағытталған. Ал өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланыс нарық арқылы жүзеге асырылады.
Тауар өндірісін жасаудың негізгі алғы шарты-қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Мұнда өндірушілердің сапалы өнім өндіруі үшін мамандандыру жүреді. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихында үш саты қарастырылады: біріншісінде, мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлектенді. Нәтижесінде тайпалар арасындағы күнделікті айырбасқа жағдай туды; екіншісінде қолөнер егіншіліктен ажырап, тауар шаруашылығы өмірге келді. Үшіншісінде сауда өндірістен жекеленіп бөлінді. Бұл кезеңде нарықтық қатынастар күнделікті нақты сипатқа ие болды.
Тауар өндірісі алғашқы қауымдық құрылыс жойылып жеке меншік пайда болған кезде дүниеге келді. Тауар өндірісінің даму сатылары нарық пен айырбастың дамуына байланысты. Нарықтың келесі типтерін бөліп көрсетеді; дамымаған, еркін, тәртіптелген, деформацияланған.
Нарықтың әрбір типіне тауар өндірісінің ерекше моделі сай келеді:
- дамымаған нарықтың тауар өндірісі
- 2. еркін нарықтың тауар өндірісі3. реттелінетін нарықтың тауар өндірісі
- деформацияланған нарықтың тауар өндірісі
1. Дамымаған нарықтың тауар өндірісі- ол қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншікке, тауар өндірушінің жеке еңбегіне негізделген. Жай тауар өндірісі жағдайында нарыққа өндірілген тауардың бір бөлігі ғана келетін. Сондықтан ол бүкіл экономиканы қамти алмай, жалпылана алмады.
2. Еркін нарықтың тауар өндірісі- бұл ерекше жаңа сипатқа тән. Бұл кезде адамның жұмыс күші тауарға айналады. Өндірушінің жеке еңбегінің орнына жалдамалы еңбек келді. Қоғамдық өнімнің едәуір бөлігі жеке тұтынуға емес, нарыққа сатуға бағытталды. Тауар өндірісі бұл сатыда еркін бәсекемен сипатталады, сондықтан оны еркін бәсеке дәуірінің капитализмі деп те атайды. Шаруашылық өмірге мемлекеттің толығымен араласпауын "таза" капитализм деп атауға мүмкіндік береді.
3. Реттелінетін нарықтың өндірісі- экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен ерекшеленеді. Бұл екі сектор өндірісте, айырбаста, реттеуде, ресурстарды пайдалануда өз әсерін тигізіп отырады. Мемлекет нарытық экономикаға белсенді түрде араласады. Бірақ нарықтың реттеуші "көрінбейтін қолын" жоққа шығармайды. Мемлекеттік реттеудің негізгі формалары: заңдылық, салықтық және қаржылық реттеу. Реттелінетін нарықтың тауар өндірісі бірнеше модельмен ерекшеленеді:
1. әлеуметтік нарықтық шаруашылық;
- 2. аралас экономика; 3. корпоративтік экономика.
Әлеуметтік шаруашылық азаматтардың көзқарастарын қорғауға бағытталған. Аралас экономика кәсіпкерліктің дамуына қажетті жағдайларды жасауға, ал корпоративтік экономика ірі бизнестердің мүдделерін қорғауға бағытталған.
- 4. Деформацияланған нарықтың тауар өндірісі - әміршіл-әкімшіл экономикаға тән. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамыған жүйесін, дамыған машиналы өндірісті, әрдайым ұлттық экономиканың реттелуін қарастырады. Әміршіл-әкімшіл экономиканың екі моделі бар: жоспарлы және нормативті. Жоспарлы әкімшілдік жүйе шаруашылық әрекеттің толық орталықтандырылуына негізделген. Нормативті жүйе тауар өндірушінің өзара әрекеттесуінің кеңеюін растайды. Нарықтық экономика моделін таңдау - мемлекеттің ұлттық экономикаға араласу тәсілін таңдау. АҚШ-тың либералды экономикасы нарыққа қаржы жүйесі арқылы әсер етіп отырады. Әлеуметтік реттеуші нарықтық экономика белсенді бюджет-салық саясатымен әсер етеді.
Қорыта айтқанда, тауар өндірісі мен нарықтық экономика арасында абсолютті айырмашылық жоқ. Нарықтық экономиканың қалыптасу негізі тауар өндірісі болып табылады. Бірақ, тауар өндірісі нарықтық қатынасқа қарағанда әлдеқайда ерте шамамен бірнеше ғасыр алдын пайда болған.
5. 2. Тауардың мәні және қасиеттері
Тауар - тауар өндірісінің негізгі санаты болып табылады. Ол жөнінде әртүрлі түсініктер бар. Оның ішінде екеуіне назар аударайық:
1) . Тауар маркстік теорияда сатуға тағайындалған адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылған. Бұдан шығатыны, біріншіден, тауар - ол адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім; екіншіден, тауар - ол еңбекпен анықталатын өнім. Мысалы, ормандағы бүлдірген оны жинаушыларға тауар болып табылмайды, бірақ оны жинауға еңбектің жұмсалуына байланысты тауар болуы мүмкін. Үшіншіден, тауар - ол сатуға тағайындалған өнім.
2) . Тауар - австриялық экономикалық мектепте (өкілі- К. Менгер) айырбастау үшін өндірілетін ерекше экономикалық игілік ретінде анықталынады.
К. Менгер экономикалық қызметтің нәтижесі немесе обьектісі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстыру бойынша шектелген түрінде алуға болатындарды экономикалық игілікке жатқызады. Бұл анықтамалардың арасындағы ортақ жағдай тауар еңбектің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ерекше қызметтің заттай формасы жоқ, бірақ пайдалы әсері бар адамның қызметінің нәтижесі болып табылады. Тауар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін. Тауардың екі қасиеті бар:
- Адамның қандай да бір қажетін қанағаттандыру қабілеттілігі
- Басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі
Тауардың қандай да бір адамның қажетіліктерін қанағаттандыруы тұтыну құны деп аталады. Әрбір тауар тұтыну құнына ие. Ол тек өзінің өндірушісінің қажеттілігін қанағаттандырып ғана қоймай, басқа да адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық тұтыну құны болып табылады.
Тауар айырбасталатын үйлесім санын не анықтайды және айырбастың негізінде не жатыр деген сұраққа түрлі экономистер әртүрлі жауап берді. Еңбек құн теориясын жақтаушылардың ойы бойынша айырбасталатын тауарларда құнды анықтайтын еңбек шығындары. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың ойы бойынша айырбастың негізінде қажеттілік жатыр.
Еңбек құн теориясы XYIII-XIX ғ. ғ. арасында қалыптасты. Біз оның негізін тауар өндірісіне шығындалған, еңбекпен анықталған саяси экономикадағы классиктердің жұмысынан көре аламыз. К. Маркс пен Ф. Энгельс құнның негізінде қоғамдық абстрактылық еңбек жатыр деп есептеді. Маркстың ойы бойынша тауар өндірушінің еңбегі екіге бөлінеді: бір жағынан бұл белгілі түрдегі еңбек. Ол жұмысшылардың кәсіптік дағдыларымен және тұтыну құнымен, нақты нәтижесімен анықталған еңбек құралдарын қолданумен сипатталады. Сол себептен оны құратын еңбек нақты еңбек деген атқа ие болды. Екінші жағынан еңбек - бұл жұмыс күшінің шығыны, бірақ оның нақты формасына қатысты емес, жиынтық қоғамдық еңбектің бөлігі. Ол абстракты еңбек деп те аталады. Дәл осы құнды құрайды немесе әртүрлі тұтыну құндарын бір-біріне теңестіреді. Құн мөлшері де әртүрлі көзқараста болды. А. Смит құн мөлшеріне жұмыс уақытын қолданды. Д. Рикардо өндірістің нашар жағдайында тауар өндірісіне кететін уақытты қолданды. К. Маркс өндірістің қоғамдық қалыпты жағдайында өнім өндірісіне кететін қоғамдық қажетті жұмыс уақытын қолданды.
Шекті пайдалылық теориясы К. Менгер, Е. Бем-Баверк, Л. Вальрас, У. Джевонс және басқа да австриялық мектептің өкілдерінің еңбегінде анық көрсетілген. Бұл тұжырымдаманың жақтаушылары сатып алушылардың субьективтік бағалауларынан шығатын құнды анықтайды. Ал тауардың субьективті құндылығы екі факторға тәуелді болады:
- берілген игіліктің қосымша бірлігі
- ондағы тұтынудың тойындыру деңгейі
Мысалы, егер суы сирек шөл далада шөлдеп қиналсаңыз, онда сіз үшін бір ыдыс су қымбат. Шөлді қанағатандырған сайын әрбір келесі ыдыстың қажеттілігі сіз үшін қысқарады, яғни сіз үшін соңғы тұтынылатын судың қажеттілігі аз болады. Демек, шекті пайдалылық - бұл тұтынушының қосымша тауар немесе қызмет бірлігінен алатын қосымша пайдалылық. Осы теорияны жақтаушылардың ойы бойынша нақ осы, шектеулі пайдалылық теориясы тауар бағасының негізгі реттеушісі болып табылады.
Шығынды концепция құнды өндіріс шығындарына, еңбекке төлеуге және өндіріс құралдарына жұмсауға жатқызатын Джеймс, Миль, Мак-Куллох еңбектерінде көрсетілген. Бем-Баверк, А. Маршалл, Дж. Кларк, П. Самуэльсон бұл теорияны біріктіруге кірісті. А. Маршаллдың тұжырымы ең табысты болды. Ол жалғыз құн көздерін зерттеуден шыға отырып, шекті пайдалылық теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен біріктірді.
5. 3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері
Ақшаның ролі барлық кезеңдерде ғалымдарды қызықтырып келеді. Ағылшын экономисті У. Гладсонның байқағанындай, ақша ретінде бағалылығы тұрақты болып табылатын танымал айырбас заттары қолданылды. Оларға балталар, балық аулайтын қармақтар, маталар, терілер, пышақтар, семсерлер, найзалар, жебелер, ұлу қабыршақтары және т. б. жатады. Бұндай түрлілік кейбір экономистерге осылай айтуға мүмкіндік берді: «ақша бұл тауарлар және қызметтерге айырбасталатын жалпылама тауар». Ақшаның шығуын зерттеуде екі тәсіл бар: субъективтік және объективтік. Субъективтік тәсіл - адамдар арасындағы бұл туралы келісім нәтижесінде ақшаның пайда болуы. Объективтік тәсіл - ақша тауар - ақша қатынасы нәтижесінде, яғни барлық тауар массасына эквивалент ролін атқаратын процесс.
Берілген теорияға сәйкес ақшаның шығуы тікелей тауар айырбасының дамуына байланысты. Екі тауар айырбасында біріншісінің құны екіншісінің құнына теңестірілді.
Кейінірек көп тауар ішінен бір тауар ерекшеленді, мысалы, ірі қара малға басқаларының айырбасталуы. Осы жалғыз тауарда барлық тауар құны көріне бастады. Өндіргіш күштердің қарқынды дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі тереңдеуі жалпы эквивалент ролін әр елде әртүрлі тауарлардың атқару тәртібі қала бастады да оны бір ғана тауар, яғни ақша атқара бастады. Сөйтіп айырбастың ұзақ тарихи даму нәтижесінде спецификалық тауар - ақша пайда болып, эквивалент ролін атқара бастады. Бірнеше ғасыр аралығында көпшілік халықтарда акша ролін ірі қара мал атқарды. Біртіндеп ақша барлық тауарларға эквивалент бола бастады. Бұған оның ерекшеліктері әсер етеді:
1) . қазыналық бір қалыптылығы;
2) . сандық еркін бөлінуі;
3) . ықшамдылығы;
4) . сақталынуы.
Алтын - еңбек сыйымды және сирек металл. Кәдімгі тауар сияқты алтын құн және тұтыну құнына ие. Алтынның тұтыну құны алтын жалату, әшекейлі бұйымдарды жасауға, өнеркәсіпте қолдануға және т. б. қызмет етеді. Алтын құны еңбек құн теориясына сәйкес өндіріске жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталынады. Ақшаның негізгі концепциялары ХVII-ХVII ғғ. туындаған теориялардан шығады. Ең алдымен болған металдық, номиналдық және сандық ақша теориясына негізделеді.
Егер бұрынырақ ақшаның шығуы, мәні, құнының құрылуы мәселелеріне назар аударылса, қазіргі жағдайда ақша теориясы нарықтық экономиканың дамуындағы аймақтық зерттеуге ықпал етумен бағытталған.
Металдық ақша теориясы капитал жинағының бастапқы сатысында пайда болды. Бұл теория өкілдері У. Стаффорд, Т. Мен, Д. Норс және басқа да меркантилистер. Олардың ойы бойынша ақша қызметі қазына мен әлемдік ақшамен анықталған және бұның негізінде асыл металдар мен ақшаны теңестірді. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды. Номиналды ақша теориясын қалыптастырушылар римдік және орта ғасырлық заңгерлер болды. Кейінірек бұл теорияны дамытқан Ж. Беркли (Англия) және Ж. Стюарт (Шотландия) . Олар металлисттерді сынға ала отырып, ақшаның төлем және айналым құралы қызметін абсолюттаған. "Номиналистер": ақша - тауар айырбасын қамтамасыз ететін мемлекеттік билік өнімі, есептік бірлік деп санаған.
Сандық ақша теориясының қалаушылары Ж. Локк (ХҮІІғ. ), Ш. Монтескье, Д. Юм, Д. Рикардо (ХҮІІІ ғ. ) . Олар ақшаның құн негізін жақтады. Сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны және тауарлық баға деңгейі айналымдағы ақша санымен анықталады деп ойлады. Сандық теориясын жаңартуға И. Фишер (XX ғ. ), А. С. Пигу (XX ғ. ортасы) және басқалары өз үлестерін қосты.
Ақша түрлі қызмет атқарады. Классикалық саяси экономия ақшаның бес қызметін ерекше көрсетеді: құн өлшеу, айналым құралы, төлем құралы, қор жинау (қазына), әлемдік ақшалар. Қазіргі экономикалық ғылым құн өлшеу және айналым құралы қызметіне көңіл аударады.
Құн өлшеу ретінде ақша қызметі барлық тауар құнын өлшеу мүмкіндігінен тұрады. Бұл үшін нақты ақша болуы шарт емес, яғни құн өлшемі қызметін санадағы ойлы ақшалар да атқара алады. Тауар құнының алтын құнымен өлшенуін баға дейді. Тауар бағасы жоғары болған сайын алтынның көп көлеміне теңеледі. Яғни тауар бағасы тауар құнына тікелей байланысты
Т-А-Т формуласы бойынша тауарлар айырбасында делдал қызметін орындаған кезде атқарады. Ақшаның бұл қызметі екіге бөлінеді: сату (Т-А) және сатып алу (А-Т) . Айналым құралы ретінде ақша монета және қағаз ақша формасында болды. Монета - метал қоспасының ерекше формасы мен үлгісі. "Монета" сөзінің шығуы б. з. б. ІV ғ. Ежелгі Римдегі ақша белгілерін шығарған Юнона - Монета мешітінің атымен байланысты.
Қағаз ақшалардың өзіндік құны болмайды, сондықтан да құн өлшеу қызметін атқармайды, тек алтынның баламасы болып табылады. Қағаз ақша ең бірінші рет XII ғ. Қытайда, ал Ресейде 1769 ж. II Екатерина тұсында пайда болды. Айналымдағы қағаз ақшалардың саны айналымға керек алтын санына сәйкес болуы керек. Егер айналымдағы қағаз ақшалардың саны қажетті мөлшерден көбірек болса, онда олар құнсызданады, сатып алу қабілеті төмендейді, ал тауар бағалары жоғарылайды. Тауар бағаларының жоғарылауымен сипатталатын ақшаның құнсыздануы - инфляция деп аталады.
Ақша байлықтың абсолюттік сипаты және жоғары өтімділікке ие. Алтын қоспалар, монеталар, алтын мен күміс заттар формасындағы ақша қазына қызметін атқарады. Қазынаның массалық қалыптасуы тауар-ақша айналымының бұзылу уақытында болады. Керісінше тауар-ақша қатынастарының жандану уақытында қазына айналым құралына айналады.
Қазірде алтын - айналымдағы ақшаның массасын реттеу ролін біртіндеп жоғалтуда, өйткені ақша белгілерінің еркін алтынға айырбасталуы жоғалуда.
Мемлекеттік және жеке алтын қорлар ортақ байлықты құрайды. Қағаз ақшалар байлық бола алмайды, өйткені өзіндік құны жоқ, бірақ қор жинау кұралы қызметін көрсетеді.
Тауар өндірісінің дамуына байланысты несиеге тауарларды сату қажеттілігі пайда болады. Олар вексельдер, банкноттар, чектер.
Вексель -ұстаушының белгілі уақытта вексель соммасын төлеуге құкық беретін борыш міндеттеме қағазы. Ол айналымға жіберіледі және ақша қызметін атқарады.
Банкнот - банк векселі. Банкноттың қағаз ақшалардан ерекшелігі:
- қағаз ақшалар алтынмен қамтамасыздандырылған. Банкнот несиелік (коммерциялық вексельдер) және металдық (банктың алтын қорымен) қамтамасыздандырылады;
- қағаз ақшалар - мемлекетпен, банкноталар - орталық эмиссиялы банкпен шығарылады;
- қағаз ақшалар - айналым құрал қызметін, банкноталар - төлем құралы қызметін атқарады;
Чек - бұл арнаулы құжат, онда чекке қол қойған адамның ағымдағы шот есебінен белгілі бір соманы беру немесе аудару туралы банкіге берілген жазбаша құжат. Оның негізгі үш түрі бар:
- атаулы (таралуы шектеулі) ;
- ордерлі (чек ұстаушы оны индоссамент арқылы жаңа иеленушіге бере алады) ;
- ұстанушы (индоссаментсіз берілуі) ;
Әлемдік ақшалар ол ақшаның мемлекет аралық деңгейде барлық қызметті атқаруы. Әлемдік ақшалар үш түрлі қызмет атқарады:
1) . халықаралық төлем құралы;
2) . халықаралық сатып алу-сату құралы;
3) . қоғамның байлығын сипаттаушы құрал.
Сонымен, ақша тауар өндірісінің қажетті элементі. Оның тауарлар дүниесіндегі ерекшелігі: ақша жалпы эквивалент рөлін атқарады, бүкіл тауарлардың құн өлшеуіші.
5. 4. Ақша жүйесі: құрылымы және қолданылуы. Ақша айналымының эволюциясы.
Ресейдің ақша бірлігі сом. Ол кең тарихты қамтиды. Монғолдардың жорықтарынан бұрын орыс тілінде "ақша" сөзі болмаған еді.
XX ғ. ақша "кун" сөзімен аталынды, яғни "куница терісімен" байланысты. Бұл терілік ақшаның шығуына дәлел. Осы ғасырда монеталар шығарылды: злотниктер (алтыннан жасалынған) және серебрянниктер (күмістен жасалынған) Алтын және күмістерден алқалар жасалынды. Осындай алқаға 1/2 фунт күміс беретін еді. Сол уақыттан басталып алқа салмақ өлшеуде қолданылды.
Бірінші орыс сомы XIII Новгород қаласында пайда болды. Салмағы 200 граммға тең шетінен кесілген, ұзартылып келген бөлік. 1 сом 10 алқаларға теңелген. Бұдан орыс сандық ақша жүйесі қолданылған. Нәтижесінде бұл жүйе басқа мемлекеттерде де қолданыла бастады, ал АҚШ-та ХҮІІІ ғ. ғана қолданылды.
І534 ж. Иван Грозныйдың шешесі Елена Глинскаяның басқару тұсында біздің мемлекетімізде түңғыш ақша жүйесі құрылды. Сомнан ұсақ тиын мен ақшалар жасалына бастады. Жеңіл салмақты ақшада семсер мен салт атты адам бейнеленген. Ал ауыр салмақтыда найза мен салт атты адам бейнеленген.
Бірінші алтын орыс монеталар ХVІІІ г. басында Василий Шутской заманында шығарыла бастады. Елизавета тұсында 10 сомға теңелген алтын монета пайда болды - империал, 5 сомға теңелген жарты империал да болды. I I Петр тұсында күміс тиындар мен жарты тиындар, күміс сомдар шығарыла бастады. 1 Екатерина күміс ақшаларды мысқа айналдыруды ойлаған. Күміс мыстан қымбат болғандықтан мыс сомы 1. 6 кг салмақты құрады. Бұлар қолайсыз болғандықтан көп қолданбады. I Екатерина тұсында күміс ақшалар қағаз ассигнациялармен ауыстырылды - бұл бірінші орыс қағаз ақшалар болды. 1841 ж. алғаш орыс несие ақшалары пайда болды. Бірінші кеңес сомы 1919 ж. шыққан. 1922-1924 жж. 7. 742 грамм алтын құрайтын қағаз 10 сом шығарылды. 1937 ж. 0. 889 грамм алтын құрайтын сом, 1950 ж. 0. 222 грамм алтын құрайтын сом, 1961 ж. 0. 987 грамм алтын құрайтын сом болды.
Ақша жүйесі - әр елде тарихи қалыптасқан және заң жағынан мемлекетпен орнатылған ақша айналымын ұйымдастыру формасы.
Ақша айналымы - төлем мен айналым құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы. Ақша жүйесінің элементтері:
- ақша бірлігі, яғни ақша өлшемі;
- баға масштабы, яғни ақша бірлігі ретінде мемлекет рұқсатын алған металл ақшаның сандық салмағы;
- эмиссиялық жүйе, яғни құнды қағаздар мен ақша шығаратын мекемелер. Ақша белгілерінің түрлері, несие ақшаларының жүйесі.
- Ақша жүйесінің институттары, ақша айналымын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
Металл ақшаларының айналым жүйесі тарихта биметаллизм және монометаллизм арқылы қалыптасқан. Биметаллизм - қос металды, яғни алтын мен күміс заңды төлем құрал ретінде колданылды. Монометаллизм - бір металл жалпыға бірдей ақшаның негізі ретінде қолданылады. Оның үш түрі бар:
Алтын металл стандарты (1821 ж. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін), алтын монеталар қозғалысы және қағаз бен несие ақшаларының алтынға айырбасталуымен мінезделген. Алтын қоспалы стандарт (Ұлыбритания мен Франция Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдары) алтын қоспа стандарт бағасына сәйкес келетін алтынға белгі бағаның айырбасын қарастыру. Алтын ұранды стандарт (XX ғ. 20-ЗОжж. ) шетел валютасына айырбасталатын банкноталар.
1929-1933 жж аралығындағы дағдарыстан кейін алтынға банкноттың еркін айырбасталуы жойылған. 30 жылдардан бастап айырбасталмайтын несие ақшаны тіркелген.
Оның сипаты: алтын демонетизациясы, алтынға банкноттың айырбасталуына және оның алтын құрамына қарсылығы, несие-ақша жағдайының күшеюі. Ақша мен ақша айналымының эволюциясы - тауар өндірісінің объективті тарихи процесі.
Несие ақшалардың алтынды ығыстырып шығаруы, ақша қызметінің несие карточкалармен ауыстырылуына тікелей байланыстырылды. Несие карточкалардың түрлері:
- Жаңартылатын карточка. Дүкендерде, ресторандарда қолданылады.
- Бір айльқ карточка, туристік фирмаларда қолданады.
- Фирмалық карточкалар. Түрлі фирмалармен шығарылады (түрлі төлемдер үшін) .
- "Алтын" несие карточкалары. Жоғары табысы бар клиенттерге ғана беріледі. Несие карточкалары 1915 жылдан бастап қолданылды. Олар қарызды жазу формасында АҚШ-та тұңғыш пайда болған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz