Алтын Орда мекендеген территориясы


Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар
және
Әлем тілдері университеті
ЖОБА
Алтын Орда
Орындаған: Абжамилов Н.,
107 топ, ПФИЯ
Тексерген: Акынжанов М. А.
Алматы, 2009
Алтын Орда
І. Мекендеген территориясы
ІІ. Халқының этникалық құрамы, шаруашылығы
ІІІ. Ішкі-сыртқы саяси жағдайлары
ІV. Мәдениеті
V. Ыдырауы
Алтын Орда - орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. Тарихи әдебиетте «қыпшақ ұлысы» деп аталады. Оның себебі, бұл территорияны мекендеген халықтардың басым көпшілігі қыпшақтар еді. Бұл туралы Әл-Омари: «Бұл мемлекет бұдан бұрын да қыпшақ елі атанып келген еді» 1. 1 деп атап көрсеткен.
Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мәдениеті өркендеген кезеңде (XIII-XIVғ. ) мемлекет жерінің көлемі 10 млн. км 2 -ден асты. Жошы ұлы Бату (Батый) хан тұсында (1227-1255жж. ) Алтын Орданың құрамында Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Бұлғарстан, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді (1236-1242жж. ) . Бату қолы Орта Азия қыпшақтарының қарсылығын жойған соң Мәскеу (1238), Киев (1240), Краков (1241), Бреслау (1241), Будапешт (1241) қалаларын алып, Орталық Еуропа, Тракия өңірін, Австрия, Чехия, Словакияны бағындырады.
Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Сондықтан да Алтын Орданың жағдайы өзге ұлыстардың қай-қайсысынан да күрделі еді. Онда негізінен көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданған далалы өңір, отырықшы егінші аймақтар, мәдениеті марқайған қалалар қатар өмір сүрді. Отырықшы аймақтар мен қала-кенттерінде Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды.
Алтын Орданың кең-байтақ далалы өңірлерін қыпшақ, найман, қоңырат, арғын, алшын, керей, дулат, үйсін, уақ, т. б. түркі тілдес тайпалар мекендеп, негізінен мал шаруашылығы кәсібімен айналысты. Алтын Орда халқы этникалық әркелкі болғанымен, оның негізгі тұлғасы осы түркі тілдес тайпалар, негізгі әскери күші - қыпшақтар болды. Бұл түркі тілдес тайпалар алғашында жеке-жеке одақтасып Шыңғысханға қарсыласып көрді, нәтижесінде бәрі де жеңіліске тап болды. Бұлар ақырында жаппай бағында да, оның жорығына қатынасты. Әсіресе батысқа аттанған қалың қолдың басым көпшілігі түркі тілдес тайпалар еді. Ол кезде «қыпшақ» деген сөз жоғарыда аталған түркі тілдес тайпалардың жалпы аты ретінде де қолданылатын. Сол заманда өмір сүрген әйгілі араб тарихшысы, моңғолдар туралы жазба хаттардың авторы Әл-Омари Дешті қыпшақ жайында былай дейді: «Ертеде бұл мемлекет қыпшақтар болған еді. Ал оларды моңғолдар билеп алғаннан кейін қыпшақтар солардың қол астына қарап қалды. Сонан кейін олар (моңғолдар) бұлармен (қыпшақтармен) араласып, туысып кетті, осыдан келіп моңғолдар қыпшақ жерінде мекендеп қалды. Бұлармен неке қиысып, осылардың (қыпшақтардың) жерінде тұрып қалды. » 1. 2
Алтын Орда мемлекеті өз құрамына енген түркі тілдес тайпалар мен халықтардың ежелден келе жатқан ел басқару жүйесін өзгертпей бұрынғы қалпында қалдырды. Жергілікті басқару орындарының қызметін бұрынғыша жергілікті феодалдар атқарып отырды. Алтын Орда хандары жергілікті халықты өз феодалдары арқылы басқарды. Түркі тілдес тайпалар мен халықтардың феодал-шонжарлары да өзінің халық бұқарасына үстемдігі мен төтенше құқығын сақтау және нығайту үшін Алтын Орда үстемдігіне ынтасымен қызмет етті. Жергілікті түркі тілдес тайпалардың феодал-шонжарлары мен моңғолдардың әскери феодал-шонжарлары арасындағы ауыз жаласқан одақ барған сайын күшейіп, олар өзара құдаласып қыз алысты. Моңғол шонжарларының түркі тілдес тайпалардың қызынан туған балалары отбасында аналарының тілін үйреніп түрікше тілі шықты, бұл жағдай жаулап алушылардың жергілікті халыққа сіңіп кетуін тездетті. Келе-келе моңғол хандары мен шонжарлары да қыпшақ тілінде сөйлейтін болды. Сөйтіп, Алтын Орда мемлекетінің ресми әдеби тілі - бұрыннан осы өңірде қалыптасқан қыпшақ тілі болды.
1227 ж. Шыңғысхан қаза болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату (Батый) басқаратын болды. Батый әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін монғол феодалдары иеленді. Бату әскері 1236 жылы Камадағы Булғарияны, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.
1239 ж. басында Бату хан Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. Монғолдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді көшпенді империяның жері батыста - Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Батый иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет орыс жылнамаларында «Алтын Орда» деп атанды. Алғашында Алтын Орда Шыңғысхан империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал 18 ғ. 60-жылдарынан кейін ол дербес ел болып бөлінді.
Алтын Орданың орталық аймағы - Еділ бойы (қазіргі Саратовтан Астраханьға дейін ) астанасы Берке сарайы (немесе Сарай-әл-Жадид), негізгі әскери күші - қыпшақтар. Астана Сарай-Батудан Сарай-Беркеге көшірілді де, кейін Сарайшық қаласы Кіші Астана болды.
Алтын Орда өзін билеген хандары - Бату (Батый) 1241-1256; Берке -1257-1266; Мөңке-Темір-1266-1280; Төде-Мөңке-1280-1287; Төле-Бұқа -1287-1291 жж, Тоқа-1291-1312 жж; Өзбек-1312-1342; Жәнібек-1343-1357жж. хандар тұсында қуаты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға белгілі дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді.
Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет еді. Алайда, Алтын Орда мемлекетінде өмір сүрген халықтардың даму дәрежесі әркелкі болды. Оның Еділ алқабы, Бұлғар, хорезм, Қырым және солтүстік Кавказ қатарлы отырықшы-егінші аймақтарында феодалдық қатынастар үстем болды. Ал далалық мекенді мекендеп, негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған түркі тілдес тайпалар мен түріктенген моңғол тайпалары арасында жартылай патриархалдық, жартылай феодалдық қатынас өмір сүрді.
Алтын Орданың мемдекеттік құрылымы әскери негізде болды. Билеуші хан ондағы барлық қарулы күштердің бас қолбасшысы саналды. Мемлекет билігінің белді ұйымы - әскери феодал-шонжарларлар мен алпауыт бектердің құрылтайы болды. Шешуші кезеңдерде осы құрылтайлар ашылып, мемлекет тағдырына қатысты, маңызды саяси, әскери мәселелерді ақылдасып шешіп отырды. Алтын Орданың қарулы күштері оң қол (баронғар), сол қол (жұңғар) деп екі қолға (қанатқа) бөлінді. Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы хан өлген соң (1227), оған мұрагерлік еткен Жошының екінші ұлы Бату (Батый) хан қарулы күштердің оң қанатын тікелей өзі басқарды да, сол қанатын ағасы (Жошының үлкен ұлы) Орда Еженнің басқаруына берді. Қарулы күштердің әр қанаты: түмендік, мыңдық, жүздік және ондықтарға бөлінді, оларды тиісінше түмен басы, мыңбасы, жүзбасы және онбасылар басқарды. Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшылық міндеттерін хан тұқымынан шыққан ханзадалар, әскери феодалдық-шонжарлар - нояндар атқарды. Олар өз қол астындағы әскерді басқарумен қатар сол әскер алынған ру-тайпаларды да биледі. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді басқаруға әмірлер, дарғы бектері белгіленді. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері - бақауыл (бөкеуіл), тұтқауыл, жасауыл, бітікші, тамғашы, тартынақшылар отырды. Алтын Ордаға бағынышты шеткері аймақтарды басқару үшін өкіл әкімдер - дарғы бектері (даруғабектер) мен тамғаш және басқақтар тағайындалды.
Олардың басты міндеті - жергілікті халықтарды билеп-төстеу, олардан хан қазынасына алым-салық жинау еді.
Алтын Орданың алғашқы мезгілдерінде оның құрамына кірген халықтардың көпшілігі мұсылман болғанымен, билік басындағылар моңғол ақсүйектері өздерінің байырғы діні шаманизм нанымындағы лама дінін ұстанып келген еді, уақыт өте олар жергілікті халықтардың ислам мәдениетін қабылдады. Берке хан тұсында Алтын Орданың билік басындағы ақсүйектері арасында ислам діні ене бастады. 1312-1342 жылдары Алтын Орданы билеген Өзбек хан тұсында ислам діні Алтын Ордада үстем дінге айналды. Ол ислам дінін жарлық арқылы жалпыластырды. Қазақтың «өзбектен дін қалды» деген мақалы осыдан шыққан. 2 Алтын Ордада алғашында «Жасақ» («Яса») заңы жүргізілсе, ислам дінін қабылдау байланысымен шариғат ережелері енгізіле бастады.
Алтын Орда мемлекетінде көне ұйғыр жазуы қолданылды, хан жарлықтары осы жазумен жазылды. Ислам діні үстем орынға өтіп, араб жазуы қолданылғаннан кейін де бұл жазу араб жазуымен қатар қолданылып XVI ғасырға дейін жетті.
Алтын Орда мемлекеті құрылу қарсаңындағы жойқын жорық шайқастарды табанды қарсылық көрсеткен қалаларды қиратып, отырықшы өлкелерді ойрандап, жергілікті халықтардың шаруашылығына, мәдениетіне ауыр зардабын тигізді, алайда, ол Алтын Орда құрамына қосылған халықтардың шаруашылығын, мәдениетін жоя алмады, қоғамдық даму тарихын үзіп тастай алмады. Сұрапыл соғыс тұманы айыққан соң халық шаруашылығы қайта жанданып, өркендеп, мәдениет гүлдене бастады.
XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда дербес күшті мемлекетке айналып, оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен және жер жүзінің марқа мәдениетті елдерімен қарым-қатынасы күшейді. Алтын Орда мемлекетінің Үндістанмен, Мысырмен, кіші Азиямен және Батыс Еуропамен сауда-саттық қарым-қатынасы өркендеді. Еділ сағасындағы Алтын Орданың астанасы - Сарай-Берке қаласы Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды. Отырықшы өңірлерде егіншілік қайта өрледі, бұрынғы көшпенді тайпалардың бір бөлігі отырықшылыққа айналды, олардан шыққан хандар мен ханзадалар және тайпа шонжарлары сарайларда тұратын болды. Енді олар қалаларды қиратушы емес, қайта қалаларды құрушы, қорғаушы және қала мәдениетін көркейтушілер болды. Еділ сағасындағы Сарай-Бату, Сарай-Берке (Сарай әл-Жадид) қалаларын осы Алтын Орда хандары салдырды. Соғыста ойрандалған қала-кенттер бірте-бірте қалпына келе бастады. Қала мәдениеті гүлденді, далалық өңірді мекендеген көшпенділердің егіншілік өңірімен, қаламен байланысы нығайды. Бұлар сауды мен қолөнердің өркендеуіне, ғылым, әдебиет, көркемөнердің көркеюіне қолайлы жағдай жасады.
Осы негізде Алтын Ордаға қарасты жерлерде, әсіресе, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Керіш, Үргеніш, Сығанақ, Хорезм сияқты қала-кенттерінде сауда мен қолөнер өркендеп, ғылым, мәдениет, әдебиет көркемөнер көркейді. Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетінен: Әл-Фараби, ибн-Сина, Әл-Бируни, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетін үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшілігі түркі ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яғни солтүстік диалектісінде жасалды. Бұл дәуірде жазба әдебиеттің асыл-мұралары жарыққа шықты. 1233 жылы Алтын Орда ақыны Әли «Қиса Жүсіп» дастанын жазды. 1303 жылы қыпшақ тілі сөздігі және әдеби мұра «Кодекс Куманикус» жазылды. 1310 жылы Забғұзи «Қиса сұл әнбие» жинағын жазды. 1341-1342 жылдары қыпшақ ақыны Құтбтың «Хұсрау - Шырын» дастаны дүниеге келді. 1357 жылы Махмұт Әлиұлы Кердері Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында өзінің прозалық көркем әдебиет шығармасы «Наһжи ұл-фарадис» кітабын жазды. 1359 жылы Ахмет Хорезмидің лирикалық махаббат дастаны - «Мухаббатнаме» жарыққа шықты. 1391 жылы Алтын Ордадағы әйгілі қыпшақ ақыны Саиф Сараи кесек тұлғалы туынды «Гүлстан би-т-Турки» («Түрікше Гүлстан») еңбегін жазды. 1409 жылы Дүрбек ақын «Жүсіп - Зылиха» дастанын жазды.
Қазақ халқының қырыққа тарта батырдың ерлігі жырланған отызға жуық дастаннан тоғысқан кесек тұлғал эпосы «Қырық батыр жыры» осы Алтын Орда дәуіріндегі ірі оқиғалардан басталған. Бұл эпоста тізбектеле жырланған дастандардың басты кейіпкерлерінің бірқыдыруы Алтын Ордада өмір сүрген тарихи адамдар. Мысалы: «Орақ-Мамай» дастанындағы бас кейіпкерлер Орақ пен Мамай Алтын Орданың әйгілі қолбасылары. Мамай - 1361-жылдан соң, Алтын Орданы билеген хан, 1380-жылы Куликов даласындағы орыс князьдарымен болған зор шайқасқа қатысқан Алтын Орда әскерлерінің қолбасшысы. «Едіге батыр» жырындағы бас кейіпкер Едіге 1352-1419- жылдары жасаған тарихи адам. Алтын Ордадан бөлінген Ақ Орданың әмірі, ол Алтын Орданың ханы Тоқтамысқа қарсы күрескен, «Асан қайғы» жырларындағы Асан - Алтын Орданың 1445-жылы қайтыс болған ақырғы ханы ұлы Мұхамедтің (Орманбет) қасындағы ықпалды билердің бірі, Сарай және Қазан қалаларында билік басында болған әйгілі жырау және философ. Ол Алтын Орда ыдыраған соң қазақ ханы әз Жәнібектің қасында болғандыңы мәлім. Бұдан «Қырық батыр» эпосының алғашқы нұсқасы Алтын Орда дәуірінде туғандығын аңғарамыз.
Алтын Ода дәуірі - өз кезінде Алтын Орда мемлекетінің құрамына енген түркі тілдес тайпалар мен халықтардың, соның ішінде қазақ халқының да әдебиет, мәдениетінің қалыптасу және дамуындағы аса маңызды белестердің бірі болғанын көреміз. Бұл тарихи, мәдени мұралар Алтын Орда ыдыраған кезде одан бөлінген халықтардың мәдениет қорына қосылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz