Шаруашылық субъектінің қаржылық талду негіздері



1 Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты
2 Кәсіпорынның қаржы жағдайы
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылыгын жәнс оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды, жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтыгы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және бас-қаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бүл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатыкастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылыгын жәнс оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды, жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтыгы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің,
шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым
қаражаттарын және бас-қаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті.
Бүл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық
шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық
қатыкастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың
мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік
көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың
кәсіпорынның қаржылық жағдайыный тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу
шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі -
онда жоспарлық көрсеткіштер мей нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – шаруашылық субъектінің қаржылық
талду негіздерін қарастырып оны тәжірибемен үйлестіру. Осы мақсатқа жету
үшін келесідей міндеттер қойылады:
1. қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсатын зерттеу;
2. қаржылық жағдайды талдау әдістерін қарастыру;
3. қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негіздерін анықтау;
4. Казкоммерцбанк акционерлік қоғамның қаржылық талдауын көрсету;
5. Казкоммерцбанк акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының
жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Казкоммерцбанк акционерлік
қоғамы болып келеді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиет тізімінен тұрады.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл
ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады" деп жазған
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорын-ның қалыпты
өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы
ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату
және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруа-шылық субъектілерімен қаржылық
қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық түрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады
М. Н. Крейнина қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық
жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және
пайдалануын сипат-тайтын көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъекті-сінің қаржылық жағдайы -
бұл оның қаржы бәсекелес-тік қабілетгілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілет-тілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капи-талды
пайдалану, мемлекет алдында және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық талдаудың негіздері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ, ОБЪЕКТІСІ, ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Экономиканы талдаудың негідері
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Нарықтық экономикадағы факторингтік операцияның маңызы
Шаруашылық субъектінің қаржылық талду негіздерін қарастырып оны тәжірибемен үйлестіру
Ақша қаражаттар есебiнiң аудитi және талдауы
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні жайында
«Завод ЖБИ-25» жшс - нің өндіретін өнімдерінің түрлері
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Пәндер